Қазіргі таңдағы Моңғолия


Жоспар
Кіріспе
Қазіргі таңдағы Моңғолия
- 1970-2007 жылдар аралығындағы Моңголияның саяси-экономикалық
дамуы.
- Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы қатынастар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
ХІХ ғасырдың аяғы - 20-ғасырдың басында Моңғолия империалистік мемлекеттердің Қиыр Шығыстағы талас объектісіне айралды. Басты бәсеке Жапония мен патшалы Ресей арасында болды. Ұлыбритания, АҚШ, Германия да Моңғолия қызықты. 1905-1907 жылдардағы Орыс революциясы және Қытайдағы революция қозғалысының өсуі Моңғолияда төнкерістік ситуацияның (өсуіне) өрістеуіне себепші болды. Сыртқы Моңғолиядағы Қобда өлкесінің өңтүстік-батыс бөлігіндегі Маньчжурларға қарсы арат Аюша басқарған қозғалыс өріс алды. Елдегі саяси режимге наразылық әр жерде бұрқ-бұрқ етіп, белең ала бастады. Кеңестік үкіметке қарсылық Моңғолияның ішкі жағдайын шиеленістіріп жіберді. Сухэ-Батар және Х. Чой болсан басқарған ораттардың алдынғы қатарлы өкілдері мен халықтың басқада топтары күресе білді. 1930-40 жылға дейін елдің әлеуметтік жағдайы құрт өсті.
Мал шаруашылығының 36 % дәрежесі көбейді. Елдегі сауда, тауар айналымы 1934-39 жылдар мен салыстырғанда 2, 5 есе, экспорт 2, 3 есе, импорт 2 есе артты. 40-жылға қарай МХР-дің әлеуметтік құрылымы өзгерді. Феодал тобы жойылып, ораптар ерікті ұсақ тауар өндірушілер болып алды, ұлттық жұмысшы тобы қалыптасты.
1940 ж. 8-ші маусымда 8-Ұлы халық туралында МХР-дің жаңа конституциясы қабылданды.
Дүние жүзілік соғыс кезінде (1939-45) МХР Кеңес Одағына зор моральдық, материалдық көмек көрсетті. 1945 ж. 10 тамызда МХР Жапонияға соғыс жариялап, жапон агрессорларын талқандауға тікелей қатысты. 1944 ж. Моңғолия КСРО-ға одақтас республика ретінде кіру өтінішін қабылдамайды және статус-ква сақталуын қолдайды.
Кеңес-Қытай келіссөздердің нәтижесінде, 14 тамыз 1945 ж. Қытай үкіметі Сыртқы Монголияның тәуелсіздігін мойындайды. Соғыс аяқталған соң МХР-ніп халықаралық жағдайы нығайды. Қытайдің гоминьдандық үкіметі МХР-нің мемлекеттік тәуелсіздігін тануға мәжбүр болды. 1946 ж. ақпанда қойниған КСРО мен достық және өзара көмек туралы шарт МХР-на сырттан шабуыл жасау қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
60-70 жылдары елдегі Социалистік өндірістік қатынастар халық шаруашылығының барлық салаларында үстемдік алған соң елді индустрияландыруды жалғастыру, ауылшаруашылығын техникаландыру қажет болды. Кеңес-Моңғол қарым-қатынасының арқасында қуатты кең-байыту комбинаты “Эдэнэт” салынды. Өнеркәсіптің ұлттық табыстың үштем бір бөлігін береді.
Өнеркәсіп орындарының едәуір бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатты өндеумен айналысады. Халық шаруашылығын басқару өндірістік коллективтердің дербестігін ұлғайту, шаруашылық есепті енгізу арқылы жетілділе түседі. 70 жылдары МХР-сы елмен дипломатиялық қатынас, 20-дан астам елден сауда қатынасы орнатқан. 62 халықаралық, оның ішінде 19 үкімет ұйымдарымен байланыс жасады.
ХХ ғасырдын басында Моңғол Халық Республикасы тарихи туралы жарық көрген ғалымдардың көптеген зерттеу жұмыстары бар. Соның ішінде нақтылы осы тақырыпта байланысты зерттеулер ішінен ерекше атап ететін еңбек көп. Л. С. Васильевтің “История востока” атты зерттеуі 2001 жылы жарық көрген еңбегі мемлекеттің қалыптасуы, дамуы туралы, халықаралық қатынастар, экономикалық мәселелерін қарастыруда. “Всемирная история. Даты и события” В. Г. Васиненко жұмысында қолданысқа еңгізілген, көптеген нақтылы деректер орыс зерттеушілерінің еңбектерінде кездеседі. Сонымен қатар ішкі және сыртқы жағдайларының өзекті мәселелерін “Новейшая история стран Азии и Африки” под редакций А. Родригестың еңбегінде толықтырылған.
Қазіргі таңдағы Моңғолия
1. 1970-2007 жылдар аралығындағы Моңғолияның
саяси-экономикалық дамуы.
Социалистік өндірістік қатынастар халық шаруашылығының барлық салаларында үстемдік алған соң елді индустрияландыруды жалғастыру, ауыл шаруашылығын техникаландыру қажет болды.
Кеңес-моңғол ынтымақтастығы арқасында қуатты кең-байыту комбинаты “Эрдэнэт” салынды, оның өнімі моңғол экспортының едәуір бөлігін құрайды. МХР-де елді энергиямен, халық тұтынатын заттармен, экспорттық тауарлармен қамтамасыз ете алатын түрлі өнеркәсіп салаларын қалыптастыру аяқталды. Өнеркәсіп ұлттық табыстың үнемін бір бөлігін берді, бірақ әзірге жабдық пен станоктар негізінен басқа елдерден сатып алынды. Өнеркәсіп орындарының едәуір бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатты өңдеумен айналысты. Халық шаруашылығын басқару өндірістік кооперативтердің дербестігін ұлғайту, шаруашылық есепті енгізу арқылы жетілдірді.
Ауылшаруашылығында жаңа саяси-егіншілік құрылды, алайда халық сирек қоныстанған аудандарда көшпелі, жайылымдық мал шаруашылығы негізгі кәсіп түрі болады.
Экономиканы дамыту ісінде енеулі табыстарға жеткеніне қарамастан, МХР даму дәрежесіне қарай европалық елдерден әлі де болса артта қалды.
Жан басына шаққанда от көп тұтынылған мен қант, көкөніс, азық түлік, жеміс-жидек жетіспеді.
Қоғамда басшылық рөл атқаратын МХРП социалистік демократияны өркендету, жариялылықты ұлғайту, халықты партияның саясатынан хабардар ету бағытын жүзеге асырды. МХР-ның еңбекшілері мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арқылы ел басқаруға қатысты. Өкіметтің жоғарғы органы Ұлы халық құралы болып табылады.
МХРП-нің 16 съезі (1971ж. маусым) МХР еңбекшілерінің материалдық, мәдени дәрежесін көтеру, елді социалистік жолмен дамытуда, жеңіске жету жолындағы жарты ғасырлық күресінің қорытындыларына жан-жақты баға берді. Съезд халықшаруашылығымен мәдениетті өркендетудің 1971-75 жылдарға арналған 5-жылдық жоспары жасауды бекітті. 70-жылдардың ортасында 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынас (1973), 20 дан астам елмен халықаралық, оның ішінде 19 үкімет ұйымдарымен байланыс жасайды. 1909 жылдан бері Қорусыздандыру жөніндегі комитеттің мүшесі.
Моңғолия Республикасының 1990-2007 жылдар аралығындағы жалпы саяси, экономикалық жағдайына тоқталар болсақ қазіргі таңда Моңғол Республикасы Ресей, Оңтүстік және Солтүстік Қытай Халық Республикасымен шектесіп жатыр. Халқының саны 2, 832 мың адамды (2006 жылдың шілдесі) құрайды. Елде 85 % монғоп ұлтты өмір сүретін болса, 7% -ы қазақтар мен қырғыздар, 4, 6 % -ы дүрбеттер және 3, 4% -ы басқада этникалық топтар (хомнигандар, цаатандар, ұйғырлар мен уренкойлар, тивалар, орыстар мен қытайлықтар) 5 млн. жуық моңғолдар өз отандарында өмір сүрмейді (соның ішінде 4, 8 млн. Қытайда) Мемлекеттің тілі Монғоп тілі көптеген ірі қалаларында орыс тілінде сөйлесуге, түсінісуге болады. 85% -дан астамы өздерінің ана тілі монғоп тілінде сөйлеседі.
1921-1990 жылға дейін Моңғолия социалистік мемлекеттердің бірі саналып келді. 1952-1984 ж. аралығында елді Чайболсан басқарды, одан кейін Ж. Батмунх 1990 жылы Кеңес Одағының әлсіреуінін кейін елде бірнеше реформалар жүргізіле бастады. Моңғолия парламенттік республика. 1992 ж. 13 қантар күні Моңғолияның Ата заңы қонституция қабылданды. 1991 жылы Ұлы Халық құрамы мемлекеттік атын өзгертіп, Моңғол Халық Республикасы деп аталуын өзгертіп, Моңғолия деп аталды. (1992 ж. 12 ақпан) Елді президент билейді. Оны халық 4 жылға сайлайды. Елде тек Ұлы Халық құрамы заң шығарушы парламентке негізделген. Оның құрамында 76 депутат жұмыс атқарады.
Моңғолия Ұлан Батордан бастап және 26 аймаққа бөлінеді: Ара-Хантай, Баян-Улэгэй, Баян-Хангар, Булган, Батыс Гоби, Батыс Гоби-Алтай, Гоби-Сумбэр, Дархан, Озабхан, Кобдос, Орхан, Селенга, Солтүстік Гоби, Сухэ-Батор, Убсунур, Увэр-Хангай, Хубсугуль, Хэнтэй, Орталық, Оңтүстік Гоби.
Экспортқа: мыс, мал шаруашылық өнімдерін, жүн шығарады. Импорт: жағармай, көлік құралдары, машиналар, әсіресе сауда саттықтағы партнерлары Ресей, Қытай, АҚШ болып табылады. Жалпы сауаттылығы 90% -ды құрайды.
96 пайызы буддизм дінін ұстанады. 6% жергілікті қазақтары, ислам дінінің суниттік бағытын ұстанады. Одан басқа шаманизм, христиандар кездеседі.
2. Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы қатынастар
1992 жылдың 22 қантарынан бастап Монғолия Халық Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1997 жылдың мамыр айынан бастап Монғолияның астанасы Ұлан-Батор қаласында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы өзінің қызметін атқарып келеді. Монғолия мен Қазақстан арасында саяси қатынастарға тоқталар болсақ. Қазақстан мен Монғолияның саяси қатынастары 1993 жылдың қазандағы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Ұлан-Баторға ресми сапарынан басталды. Бұл сапар барысында екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастағы шарт-құқықтық негіз қаланған болатын.
Монғолияның Президенті Н. Багабандидің 1998 жылы Қазақстанға сапары және ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1999 жылы Монғолияға сапары екі-жақты қарым-қатынасқа тың серпіліс берді.
1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР мен Монғолия арасында 40-тан астам келісім шарттарға қол қойылды.
Сонымен қатар екі жақты қарым-қатынастар халықаралық алаңда да белсенді дамып жатыр. Ұлан-Батор Астананың аймақтық қауіпсіздікті нығайту және ядролық қару-жабдықты таратпау сияқты жұмыстарға қолдау көрсетіп жатыр.
Монғолия АӨСШК-тің толық мүшесі. 2002 жылдың 4-6 маусым айында Алматыда өткен АӨСШК-тің самитінде Монғолияның Президенті Н. Багабанди қатысқан болатын. Ұ. ж. 17 маусымда Алматыда өткен АӨСШК-тің Екінші самитіне Монғолияның Вице Премьер-Министрі М. Энхсайхон бастаған делегация қатысты.
Қазіргі таңда Монғолия-Қазақстан сауда-экономикалық ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысын жемісті атқарып жатыр.
Үстіміздегі жылдғы 13-14 сәуірде Ұлан-батор қаласында комиссия өзінің кезекті 4-ші отырысын өткізді. Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша тараптар Хаттамаға көп қойды. Екі мемлекет арасында 2005 жыл ішінде тауар айналымы 47, 4 млн. доллар құрды, ал 2006 жылдық бірінші жартысында тауар айналымы 15, 09 млн. доллар құраған болатын. Қазақстан экспортқа негізінен бидай, мұнай, өнімдерін және темекі мен құбырлар шығарады. Импортты ет, жүн және плавикалық шпот құрайды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық бағытындағы басымдылық бағытты. ҚР Шығыс Қазақстан облысы мен Монғолияның батыс аймағы арасындағы екі жақты қатынас болып отыр. Экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін 2006 жылдың 16-17 мамыр айында КР Шығыс Қазақстан облысынын әкімі В. В. Храпунов бастаған делегация Монғолияның астанасы Ұлан-Батор мен Баян-Өргей аймағына іс сапары болды. Іссапардың нәтижесі ретінде екі жақты хаттамаға қол қойылды. Ресей Федерациясы Алтай айиағы Қос-ағаш ауданы арқылы малды айдап өткізетін трассаны қалпына келтіру үшін және тірі малды Қазақстанға айдап өткізу мақсатында Монғолия Ресей Федерация Алтай өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Мәдени-гуманитарлы салада ҚР мен Монғолия арасында 8 келісім-шартқа қол қойылды.
Үкімет аралық келісім негізінде жыл сайын екі мемлекет студенттермен алмасып отырды. Монғолияның жоғарғы оқу орындарында қазіргі таңда Қазақстанның 12 студенті оқиды.
ҚР мен Монғолияның Білім министрліктерінің қабылдаған шешімі негізінде Монғолияның Баян-Өркей аймағында Шығыс Қазақстанның мемлекеттік университетінің филиалы ашылып, өз жұмысын 2001-2002 оқу жылынан бастаған болатын.
Монғолиядағы қазақ диаспарасының балаларына 2003 жылы ҚР білім және ғылым министрлігі 9600 дана оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды берген болатын.
Монғолияда білімді, әр алуанды мәдениетті, көп тілділікті әрі қарай дамыту үшін ЮНЕСКО-ның халықаралық кластерлі жобаның шеберінде Баян-Өргей аймағының орталық кітапханасына ҚР Ұлттық кітапханасы 2006 жылдың наурызында гуманитарлы акция ретінде кітаптар тапсырған болатын.
Монғолия аумағындағы көне түрік ескеркіштер зерттеу және тарихи-этнологиялық жұмыстарды іске асыру үшін ҚР Ш. Үәлиханов атындағы тарих және этнология институты жыл сайын этногеографиялық экспедицияларды ұйымдастырып келеді.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz