Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің түрі, формаларының проблемалары мен оны шешу жолдары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2-3

І Кәсіпкерліктің мәні, түрлі көрсеткіштері мен бағалау тәсілдері……… . . . 4-13

ІІ Қазақстан республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің орны

мен ролі . . . 14-20

ІІІ Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің түрі, формаларының

проблемалары мен оны шешу жолдары. 21-36

Қорытынды . . . 37

Әдебиеттер . . . 38

Қосымша әдебиеттер . . . 39

Кіріспе

Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж. ) мән берді. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: « Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу ». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 жж. ) былай деген: « Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдас- тыратын адам».

«Кәсіпкерлік» терминін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 жж. ) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.

Кәсiпкерлiк екi мағынада пайдаланылады:

1) белгiлi бiр iстiң түрi;

2) сол iспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.

Кәсiпкерлiк дегенiмiз - белгiлi бiр iстi iстей бiлу. Iс iстеу - адамның белсендiлiгi және iскерлiгi. Белсендiлiк және iскерлiк - адамның еркiн өмiр сүру түрi. Белсендiлiк және iскерлiк - адамдардың мiнез-құлқы типтерiмен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтерi белсендi, iскер болар екен? Өздеріңіз ойланыңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе? Cан есебiнен алғанда белсендiлiк өте азғантай энергетикалық шығыннан, шамадан тыс энергия шығынына дейiн, кейде қоғамдық идеалды iске асыруға дейiн баруы мүмкiн. Мысалы, Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистiк революциясы. Сапа жағынан спонтандық белсендiлiк (iшкi себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен болмаған), өмiрдiң шектелген түрi және ерiксiз белсендiлiк (қайғы- қасiрет шегу), сонымен бiрге еркiн белсендiлiк. Адамдардың бел- сенділігі әртүрлi болады: саяси, әлеуметтiк, экономикалық, әскери, тарихи, айуандық т. б. болып бөлiнедi.

«Кәсiпкерлiк» деген ұғым өмiрде экономикалық белсендiлiкке қолданылады. Антогонистiк қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсiпкерлер табы қанаушы тап болады.

Экономикалық белсендiлiк - бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндiрiсiмен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндiрiсте, айырбаста шектелген белсендiлiгiн емес, адамдардың жан-жақты белсендiлiгiн (iскерлiгiн) талап етедi. Сондықтан экономикалық белсендiлiк, iскерлiк ерiксiз немесе еркiн болуы керек.

Кәсiпкерлiк - ежелден келе жатқан адамдардың iскерлiк белсендiлiгi, қабiлетi. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнерi қызметкерлерi. Кәсiпкерлiктiң алғашқы дамуында кәсiпкер құрал жабдықтарға иелiк ете отырып, өздерi сол кәсiпорында қолдап жұмыс iстеген. Бұл тауарлы өндiрiстiң бастапқы жабайы түрi.

Кәсіпкерлік сұрақтарға қатысты барлық нормативтік құқықтық актілерді жалпылама эксперттеу мақсатында әрбір мемлекеттік органда Эксперттік одақты құру ұсынысы өңделінді.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатын жүзеге асыру нәтижесінде шағын бизнес секторы облыс экономикасында өз орнын тауып, экономиканың өркендеуіне қолайлы жағдайлар жасауда сонымен бірге, кәсіпкерлердің белсенділігі артуына байланысты жергілікті ресурстарды пайдалану және жаңадан жұмыс орындарын құру, рынокта тауарлар мен қызмет көрсетулерді дамыту нәтижесінде бәсекелестік ортаны қалыптастыруға өз әсерін тигізуде.

Кәсіпкерлік қызмет - жеке тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының тиімді тәсілі. Ол сондай-ақ, адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Экономикалық мағынада кәсіпкер ірі өндірістік немесе құылыс жобаларын басқарушы. Шағын және орта бизнестің, яғни кәсіпкерліктің негізі адам қызметінің экономикалық танымында жатыр. Кәсіпкердің іс әрекеті өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті пайдалануға негізделеді.

І. Кәсіпкерліктің мәні, түрлі көрсеткіштері мен бағалау тәсілдері.

XYI ғасырдың ортасынан бастап акционерлiк капитал пайда болды, акционерлiк қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 ж. Ост-Индия сауда компаниясы. XYII ғасырдың аяғында акционерлiк банктер iске қосылды.

Ресейде, Қазақстанда кәсiпкерлiк ерте заманнан келедi. Қазақстанның көшпелi шаруашылық жағдайында кәсiпкерлiк еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр I патшалық ету кезеңiнде кәсiпкерлiк ерекше дамыды, бiрақ крепостной қоғам тежедi. Капитализмнiң дамуымен кәсiпкерлiк те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейiн темiр жол құрылысы, ауыр өнеркәсiп салалары орын алды.

Кәсiпкерлiктiң субъектiсi - жеке адамдар, сонымен бiрге, заңды тұлғалар, бiрiккен серiктестер (партнерлер) : арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлiк қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлi бiрлестiктер (корпорациялар) .

Кәсiпкерлiктiң ерекшелiктерi:

- дербестiк және тәуелсiздiк;

- экономикалық ынталылық;

- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершiлiк;

- жаңашылдық.

Экономиканың негiзiн екi фундаменталды ақиқат құрайды және олар шын мәнiнде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.

Бiрiншi ақиқат : қоғамның материалдық қажеттiлiгi шексiз немесе тойымсыз.

Екiншi ақиқат : экономикалық ресурстар шектi немесе сирек. Экономикалық ресурстар дегенiмiз не? Бұл - тауар өндiруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндiрген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлi жабдықтар, инструменттер, өндiрiстiк тауарлар мен ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiруге қолданылатын машиналар; әртүрлi транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндiруге қатынасатын алуан түрлi еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен екi категорияға бөлiнедi:

1. Материалдық ресурстар - жер оның табиғи байлығы және капитал;

2. Адамдар ресурсы - еңбек және кәсiпкерлiк қабiлеттiлiк.

1. Жер. «Жер» деген түсiнiкке барлық табиғи ресурстар жатады -өндiрiсте қолданылатын барлық «табиғаттың әншейiн байлығы». Оған мынандай ресурстар кiредi: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т. б.

2. Капитал немесе «инвестициялық ресурстар» - барлық өндiрiлген өндiрiс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика-зауыттар, қойма, транспорт, құралдарының барлық түрлерi және тауар өткiзу торабы. Құрал жабдықтарды өндiру және қорландыру процесiн инвестициялау дейдi.

Тауарлар екiге бөлiнедi: 1. Инвестициялық тауарлар (капитал), олар тұтыну тауарларын өндiрудi қамтамасыз етедi;

2. Тұтыну тауарлары қоғамның қажетiн тiкелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кiрмейдi. Ақша ештеңе өндiрмейдi, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша - бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.

3. Еңбек - бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндiру және қызмет көрсетудегi күш ақыл-ой қабiлеттiлiгiн бейнелейдi.

4. Кәсiпкерлiк қабiлеттiлiк - адамдардың ерекше талантты- лығы. Оны түсiну үшiн кәсiпкердiң төрт функциясын түсiну керек.

1. Кәсiпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбектi өнiм өндiру процесiне қосу ынтасын өз жауапкершiлiгiне алады, яғни өндiрiстiң қозғаушы күшi, себебi iстеген iсi пайда беретiнiне сенедi.

2. Кәсiпкер өндiрiс процесiнде барлық негiзгi шешiмдердi өз қолына алады және фирманың (кәсiпорынның) iс бағытын айқындайды.

3. Кәсiпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негiзде жаңа тауар өндiрудi, жаңа технологияны енгiзу, бизнестi ұйымдастырудың жаңа формаларын енгiзуге аянбай жұмыс iстейтiн кiсi.

4. Кәсiпкер - бұл тәуекелге баратын кiсi. Тәуекелге бару үшiн iстелетiн iстiң егжей-тегжейiн айқын талдап, қорытындысында не болатынын бiлген жөн (капитализм совет өкiметi емес, ешкiм әншейiн көмек көрсетпейдi) . Кәсiпкер тек қана өз уақыты, еңбегiн, iс қабiлеттiлiгiн тәуекелге салмайды, сонымен бiрге өндiрiске кеткен өзiнiң және өзiнiң серiктестерiнiң немесе акционерлердiң қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсiпкерлiк iстiң қозғаушы күшi - мол пайда табу.

Ресурстарға төлем. Жоғарыдағы көрсетiлген ресурстар, яғни өндiрiс факторлары жеке кәсiпорындарға ақшалай табыс ретiнде берiледi.

1. Материалдық ресурстар бергенi үшiн капиталға пайыз алады.

2. Жер, су бергенiне рента алады.

3. Жұмыс күшiн жалдағаны үшiн еңбек ақы алады.

4. Кәсiпкерлiк табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкiн.

Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиiмдi пайдалану жөнiндегi ғылым екенiн кәсiпкер жете түсiнуi керек. Экономикалық тиiмдiлiк - бұл «шығын-өнiм» мәселесiн қамтиды. Экономикалық тиiмдiлiктiң критериясы (өлшемi) әрбiр өнiм бiрлiгiне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық ресурстарды тиiмдi пайдаланып неғұрлым көп өнiм өндiруге талаптанады. Ол үшiн ресурстарды толық iске қосып толық қамтуға және өндiрiс көлемiн толы қамтамасыз ету қажет. Сондықтан толық қамтылу деген экономикалық терминдi түсiндiрiп кетелiк.

«Толық қамтылу» деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды iске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егiске жарамды жерлер, күрделi жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды iске қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс iстесе шығын көбейедi; жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т. б. яғни ел байиды, нарық тауарға толады, адамдардың әлеуметтiк тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы бар «шығын болмай, тығын болмайды» деген. Қоғамның өмiр сүру негiзiн материалдық өндiрiс, яғни адамдарға қажет байлықты өндiру құрайды.

Шын мәнiнде, кәсiпкер өндiрiстiң негiзгi үш факторын iске қосып, өзi төртiншi фактор болып ресурс иелерiне төлем төлеудi қамтамасыз етедi; жұмыс күшiне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелерiне рента; кәсiпкерлерге кәсiпкерлiк пайда.

Социализм мен капитализмнiң экономикалық айырмашылығы: бiрiншiсiнде жұмыс күшiнiң өндiрген қосымша құны бүкiл қоғам мүддесiне жұмсалады, ал екiншiсiнде - қосымша құн үшке бөлiнедi: пайызға рентаға және кәсiпкерлiк пайдаға.

Қоғамның өндiрген таза пайдасын осылай бөлудi қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк органдар құрылады, оны қорғауға полиция, қарулы күштер ұйымдастырылады.

Қазақстанда қоғамдық меншiкке негiзделген экономиканың жеке меншiк экономикасына ауысуы ұзақ мерзiмдi, ақыл-ой, парасатты жұмысқа негiзделген экономикалық күрделi шараларды қолдануды талап етедi.

Жаңа қоғамның негiзiн тұрақты, тиiмдi құру үшiн кәсiпкерлер табын даярлау керек. Кәсiпкерлiк қабiлетi қаражаты бар тапты құру үшiн, бiрiншi бiлiм керек, екiншi өкiмет экономикалық саясатын түбегейлi қайта қарауы қажет. Елдiң болашақ тағдырын бiлiктi кәсiпкерлер шешедi және олар өз елiнiң гүлденуiне аянбай жұмыс iстейтiн, өзiнiң де пайдасын табатын, iскер азаматтар болуы керек.

Аш - жалаңаш елде кәсiпкер де, халық та байымайды.

1- кесте. ОҚО бойынша 2007 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында тіркелген өндірістік кәсіпорындар.

Аудандар аты: Аудандар аты
Барлығы: Барлығы
Оның ішінде: Оның ішінде
Аудандар аты: Ірі және орта кәсіпорындар
Барлығы: Шағын кәсіпорындар
Оның ішінде: Қосалқы кәсіпорындар
Аудандар аты: Облыс бойынша барлығы
Барлығы: 684
Оның ішінде: 166
412
106
Аудандар аты: Шымкент
Барлығы: 264
Оның ішінде: 52
196
16
Аудандар аты: Арыс
Барлығы: 19
Оның ішінде: 7
10
2
Аудандар аты: Кентау
Барлығы: 26
Оның ішінде: 13
11
2
Аудандар аты: Түркістан
Барлығы: 36
Оның ішінде: 11
16
9
Аудандар аты: Бәйдібек
Барлығы: 7
Оның ішінде: 1
6
-
Аудандар аты: Қазығұрт
Барлығы: 25
Оның ішінде: 3
14
8
Аудандар аты: Мақтарал
Барлығы: 45
Оның ішінде: 18
21
6
Аудандар аты: Ордабасы
Барлығы: 19
Оның ішінде: 4
6
9
Аудандар аты: Отырар
Барлығы: 14
Оның ішінде: 3
3
8
Аудандар аты: Сайрам
Барлығы: 75
Оның ішінде: 10
51
14
Аудандар аты: Сарыағаш
Барлығы: 45
Оның ішінде: 13
25
7
Аудандар аты: Созақ
Барлығы: 16
Оның ішінде: 7
4
5
Аудандар аты: Төлеби
Барлығы: 47
Оның ішінде: 8
26
13
Аудандар аты: Түлкібас
Барлығы: 36
Оның ішінде: 11
18
7
Аудандар аты: Шардара
Барлығы: 10
Оның ішінде: 5
5
-

2- кесте. Облыстың аудандары бойынша 2006 жылдың желтоқсан-қаңтар айларына барлық өндірістік кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі

Аудандар аты: Аудандар аты
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: Өнімнің физикалық көлемінің индексі %
Аудандар аты: Есептік мерзім
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: Өткен жылдың сәйкес мерзімі
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: Өткен жылдың мерзіміне сәйкес есептік мерзім
Аудандар аты: Жыл басына
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: Жыл басына
Аудандар аты: Облыс бойынша барлығы
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 142547590
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 144047718
111. 8
Аудандар аты: Шымкент
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 79781116
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 77955263
113. 8
Аудандар аты: Арыс
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 1436372
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 1279408
126. 3
Аудандар аты: Кентау
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 4253225
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 3320834
116. 8
Аудандар аты: Түркістан
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 3764435
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 3177451
141. 4
Аудандар аты: Бәйдібек
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 585081
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 530714
104. 6
Аудандар аты: Қазығұрт
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 1611889
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 1413974
110. 1
Аудандар аты: Мақтарал
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 15738157
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 17703456
108. 2
Аудандар аты: Ордабасы
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 1330605
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 1173947
109. 3
Аудандар аты: Отырар
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 932575
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 1186393
101. 1
Аудандар аты: Сайрам
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 6511185
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 5200596
115. 9
Аудандар аты: Сарыағаш
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 8239352
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 7822850
106. 8
Аудандар аты: Созақ
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 8351590
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 14479306
100. 1
Аудандар аты: Төлеби
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 1788945
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 1533434
113. 2
Аудандар аты: Түлкібас
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 3801359
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 1717741
2. 1р
Аудандар аты: Шардара
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 4421704
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 5552651
100, 2

3- кесте. Қызметкерлер саны 50-ден артық кәсіпорындардың 2007 жылдың желтоқсан-қаңтар айларына өндірген өнім көлемі

Аудандар аты: Аудандар аты
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: Өнімнің физикалық көлемінің индексі %
Аудандар аты: Есептік мерзім
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: Өткен жылдың сәйкес мерзімі
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: Өткен жылдың мерзіміне сәйкес есептік мерзім
Аудандар аты: Жыл басына
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: Жыл басына
Аудандар аты: Облыс бойынша барлығы
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 116497954
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 121840917
112, 1
Аудандар аты: Шымкент
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 72184355
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 71452924
113, 9
Аудандар аты: Арыс
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 949995
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 899701
129, 5
Аудандар аты: Кентау
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 3831093
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 2949746
119, 3
Аудандар аты: Түркістан
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 2331222
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 1935095
148, 8
Аудандар аты: Бәйдібек
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 29913
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 29174
102, 3
Аудандар аты: Қазығұрт
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 354693
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 359734
103, 5
Аудандар аты: Мақтарал
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 13157999
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 15274085
109, 6
Аудандар аты: Ордабасы
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 206899
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 218878
112, 7
Аудандар аты: Отырар
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 342041
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 657417
91, 3
Аудандар аты: Сайрам
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 2744236
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 2340345
115, 8
Аудандар аты: Сарыағаш
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 5414776
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 53259994
105, 1
Аудандар аты: Созақ
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 7879255
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 14051147
99, 3
Аудандар аты: Төлеби
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 566796
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 485543
118, 6
Аудандар аты: Түлкібас
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 2699612
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 879106
3, 5р
Аудандар аты: Шардара
Ағымдағы жылдағы кәсіпорындардың көтерме құны бойынша жүзеге асырылатын өнімдері: 3805069
Өнімнің физикалық көлемінің индексі %: 4982028
99, 5

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатын жүзеге асыру нәтижесінде шағын бизнес секторы облыс экономикасында өз орнын тауып, экономиканың өркендеуіне қолайлы жағдайлар жасауда сонымен бірге, кәсіпкерлердің белсенділігі артуына байланысты жергілікті ресурстарды пайдалану және жаңадан жұмыс орындарын құру, рынокта тауарлар мен қызмет көрсетулерді дамыту нәтижесінде бәсекелестік ортаны қалыптастыруға өз әсерін тигізуде.

Кестедегі деректер бойынша кейінгі жылдары кәсіпкерлік субьектілердің санының өсу қарқынының тұрақтылығы байқалады.

2007 жылғы 1 қыркүйекке облыс бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 112, 6 мың бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлға статусымен тіркелген 13, 5 мың бірлікті құрады, онда 65, 4 мың адам жұмыс істейді, жеке тұлғалар мен шаруа қожалықтарының саны 99, 1 мың бірлікті құрады, онда 234, 7 мың адам жұмыспен қамтылған. 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырсақ кәсіпкерлік құрылымдарының саны 1, 3 пайызға өскен.

1- сурет. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілердің

1999-2007 жылдары аралығындағы өсу динамикасы (бірлік)

Барлық тіркелген кәсіпкерлік субъектілердің жұмыс істеп тұрғандарының саны 108, 8 мың бірлік немесе 96, 6 пайызын құрайды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда 309, 2 мың адам жұмыспен қамтылған немесе облыстағы экономикалық белсенді халықтың 30, 8 пайызын құрайды.

2-сурет.

Кәсіпкерлік секторының құрамына талдау жасайтын болсақ: 12 пайызы - заңды тұлғалар, 37, 3 пайызы - жеке кәсіпкерлер, 50, 7 пайызы - шаруа қожалықтары. Ал, сала бойынша аграрлық секторға 54, 1 пайызы, сауда саласы, автокөліктер және үй тұтынатын бұйымдарды жөндеуге 44, 4 пайызы, өнеркәсіп өндірісіне 1, 5 пайызы келеді. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша кейінгі жылдары бұл арасалмақ сақталуда. 2007 жылдың басынан шағын кәсіпкерлік субъектілері 46433, 0 млн. теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндірген. 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4, 1 пайызға өскен. Бюджетке түскен салық түсімдері алдын ала деректер бойынша 3, 9 млрд. теңгені құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1, 4 пайызға өскен. Орташа есеппен әрбір жұмыс істеп тұрған заңды тұлға 2982, 2 мың теңгеге өнім өндірген, ал бюджетке түскен салық төлемдері 318, 4 мың теңгені құрады.

3-сурет.

Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдаудың және оны ары қарай дамытудың бірден-бір жолы бюджеттен бөлінетін жеңілдетілген кредиттік ресурстар беру болып табылады. Кәсіпкерліктің даму кезеңінде бөлінген кредиттік қаражаттар олардың өзінің ғана емес, сонымен қатар салықтық төлемдері, жаңадан жұмыс орындарының құрылуы арқылы бүкіл ел экономикасының өркендеуіне үлес қосатыны айқын.

Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджеттен аталған бағытқа 1999 жылдан бастап 2007 жылдың 1 қыркүйегі аралығында 822, 8 млн. теңге бөлінді.

4-сурет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны, қағидалары және даму шарттары
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономикалық даму негізі
Шағын және орта бизнес дамуының теориялық негіздемесі
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму жолдары
Қазақстанның шағын бизнесін қолдау инфрақұрылымы
Шағын бизнестің: мән – мазмұны, ерекшеліктері
Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері
Экономика пәнінен дәрістер жинағы
Кәсіпкерлікттің ұйымдық – құқықтық түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz