Ауыз әдебиеті үлгілері және олардың балалар бақшасында пайдалану



1) Ауыз әдебиеті үлгілері және оларды балалар бақшасында пайдалану
2) Ауыз әдебиеті көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі.

3)Ауыз әдебиетінің түрлері.

4) Балаларға табиғатты сөз арқылы таныстыру.

5) Көркем шығарманы қолдану арқылы балаларды таңғажайып әлемге жетелеу.
Ауыз әдебиеті – халқымыздың ауызекі шығарып, ауызекі тарап отыратын асыл мұрасы. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлігі, батырлық қимылдары, халықтың әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты өз өнерімен кестеленген.
Ауыз әдебиеті – талай-талай ғасырлар жемісі. Халық оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазыны ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірбиесінң қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер,ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ-жаңылтпаштар бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланатын дүниелер.
Балалар бақшасының жаңа бағдарламасында ана тілі сабақтарында ауыз әдебиетінің үлгілерін оқытуға баса назар аударылған. Онда оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеп беруге үйрету,ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап-тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу талап етілген. Сәбилердің ой өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері- ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтінінің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болуы керек.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман-үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі- ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын түсінбеген адамдар әр нәрсені қиял еткен,өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұд жөніндегі ұғым-түсініктерін,сезім күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Осы негізде ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері пайда болған.
1. Н.Игісінова. «Мектеп жасына дейінгі балалардың бағдарлы іздену әрекеттері» // Қазақстан мектебі 12,2006

2. Мухина В.С. « Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы». Алматы-1986

3. « Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы». Алматы,1989

4. Р. Жұмағожина « Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану» Алматы, Мектеп,1981

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

1) Ауыз әдебиеті үлгілері және оларды балалар бақшасында пайдалану

2) Ауыз әдебиеті көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі.

3)Ауыз әдебиетінің түрлері.

4) Балаларға табиғатты сөз арқылы таныстыру.

5) Көркем шығарманы қолдану арқылы балаларды таңғажайып әлемге жетелеу.

Ауыз әдебиеті үлгілері және олардың балалар бақшасында пайдалану
жөнінде

Ауыз әдебиеті – халқымыздың ауызекі шығарып, ауызекі тарап
отыратын асыл мұрасы. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген
тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлігі, батырлық қимылдары,
халықтың әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың
кіршіксіз пәк махаббаты өз өнерімен кестеленген.

Ауыз әдебиеті – талай-талай ғасырлар жемісі. Халық оны сонау ықылым
заманнан рухани асыл қазыны ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп,
бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.

Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен
таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып
саналады.

Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар,
өмір тәжірбиесінң қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер,ойға түрткі салатын
сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ-жаңылтпаштар бәрі де
балалар бақшасында кең пайдаланатын дүниелер.

Балалар бақшасының жаңа бағдарламасында ана тілі сабақтарында ауыз
әдебиетінің үлгілерін оқытуға баса назар аударылған. Онда оқылған ертегі,
әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеп беруге үйрету,ертегі
мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен
диалогтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге, екі
адамның диалогында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап-тілектерді білдіретін
сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу талап
етілген. Сәбилердің ой өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын
молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері- ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың,
халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті
үлгілерімен балаларды таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін,
мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтінінің мазмұны балаларды
қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болуы керек.

Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман-үмітін, өткен өмірін кеңінен
танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі- ертегілер.
Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу өнері болмаған кездің өзінде-
ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша
жеткізіп келеді.

Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының
еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс
құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын
түсінбеген адамдар әр нәрсені қиял еткен,өздерінің ауыр еңбектерін
жеңілдету жайын қарастырған. Бұд жөніндегі ұғым-түсініктерін,сезім күйлерін
әңгімелеп айтатын болған. Осы негізде ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері
пайда болған.

Бертін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық қарым-қатынастардың
алға басуы, адам баласының дүние танудағы ой-өрісінің, сана-сезімінің
ұлғайып, өсуі жалпы халық ауыз әдебиетіне, соның ішінде ертегілерге көп
әсер еткен. Осы негізде ертегілердің лғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге
түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс-
салты, күнделікті өмірдегі іс-әрекеті басты орын алады,қоғамдық мәні бар
мәселелер көтеріледі.

Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп суреттеп, образдар
арқылы бейнелейді.

Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүние
танымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа,
ыждахаттылыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын
алады.

Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел арасын арандататын
алаяқ қулар т.б халық ертегісінде жиіркенішті түрде орын алады. Оларға
халық өз арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік
үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.

Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілердің де өзіндік құбылысы,
көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке
құрылады,оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі
баяу басталыпб оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы
қайшылықтар өрістей келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен
аяқталып отырады. Әсіресе, адам өміріне байланыстыіс-әрекеттер өткір сықақ-
мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала
жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады.
Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты тартымды, бала санасына лайықтай
жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты. Ертегілер мазмұн
ерекшеліктеріне қарай бірнеше түргн бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:

1. Қиял-ғажайып ертегілері. 2. Хайуанаттар жайындағы ертегілер. 3. Тұрмыс-
салт ертегілері. 4. Аңыз ертегілер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға
осы аталғандардың бастапқы екі түрі оқытылады. Ол ертегілер Балалар
бақшасындағы тәрбие бағдарламасында атап көрсетілген.

Бақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда да өтіледі.
Оқу жұмысы балалардың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер ( 3-4
жас) тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересек балалар (5-6
жас) тобында оқығанда тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.
Мұндағы мақсат-ертегіні ауызекі әңгімелеуге төселдіре отырып, оқылғанды
шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.

Ертегімен таныстырмас бұрын, тәрбиеші ьалаларға ертегіайтып
беретінін, ертегі деп не себептен аталатынын түсіндіреді. Оқиға өте ертеде
болған, оқиғаны баяндаушы да өте ертеде өмір сүрген, сондықтанертегілер
көбіне Ерте, ерте, ертеде , деп басталады деп әңгімесін одан әрі
жалғастыруына болады.

Күннің екінші жартысында ( түскі ұйқыдан соң) айтылған ертегінің
мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен түрлі көңіл
көтеру ойындарын өткізуге болады.

1.Ойыншықтармен ойын көрсету (қуыршақ театры).

Ойыншықтар ойынында ертегінің мазмұны қуыршақтар мен ойыншықтар арқылы
қайталанады. Ойыншықтар ойыны тартымды шығуы үшін тәрбиеші көп дайындық
жұмысын жүргізеді. Қажетті ойыншықтар алдын ала дайындалады, ойыншықтардың
тартымды, сәнді болуы ескеріледі. Ертегі бойынша қажетті ойыншық бөлек бір
столға қойылады. Бет орамалмен жабылады. Екінші столға тәрбиеші ертегінің
мазмұнына қарай ойыншықты рет-ретімен қойып көрсетіп, ертегіні мазмұндап
береді. Ал ересектер тобы мен мектепке даярлайтын топтың балалары ертегінің
мазмұнын өздері айтып бере алады.

2.Көлеңке театры (теневой театр)

Ертегінің мазмұнын көлеңке театры арқылы көрсетуден бұрын оқиғаға
қажетті көріністі бейнелейтін суреттер алдын ала картон қағаздан қиылып
жасалынады. Олар қара бояумен боялады, сөйтіп оқиғаның ретімен төрт бұрышты
кергішке керілген дәкенің сыртынан көрсетіледі

3.Ертегіні драмалау

Оған ересек және мектепке даярлайтын топтың балалары қатысады.
Өздерінің қалаған ертегісін кейіпкерлендіреді- сөзін жатқа айта отырып, өзі
қалап алған кейіпкерлерінің мінез-құлқын, іс әрекетін беруге тырысады.
Қажетті костюм жасауға көмектеседі.

Алдын ала магнитофонға жазылып алынған ертегіні тыңдатуға болады.
Магнитофонға радио арқылы бернілетін ертегілер, көркем сөз шеберлерінің
оқыған, тәрбиешілердің айтқан ертегілері.

Жұмбақтар

Жұмбақ- халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі. Халық ауыз
әдебиетінің зерттеудің негізін салушылардың бірі- ғалым жазушы М.Әуезов
жұмбақтың өмір танытқыштық, тәлім- тәрбие берерлік, маңызын көрсете отырып,
былай дейді: Сырт қарағандасоңғы уақыттарда жазба әдебиеттің күшеюімен
қатар, жұмбақ азайған шығар , жаңадан жасалмайтыни шығар деген ойлар болушы
еді. Анығында, бұл теріс боп шықты. Жұмбақтар қазақ халқының арасында да
және Союздың барлық басқа халықтарының арасында да әлі тыңнан туып,
молайып, дамып келеді. Олай болса, халықтың жұмбақ деген фольклор қорын
жинап басып, тексеріп тану- ғылымдық зор міндет болады,

Жұмбақтың көлеміне кіретіндер: табиғат жайы, адамның денесі, хайуанат
пен өсімдік, бақташы, егінші елдің еңбек процесі, еңбек құралы, азын -аулақ
техника жайы сияқтылар Әдетте бір затқа жұмбақталған заттың мынадай
белгілері, қасиеттері салыстырылып, ұқсатылады Бірінші- заттың сыртқы
тұлғасы мен түр- түсі: Екінші- заттың тұрақты саны мен көлемі (мөлшері):
Үшінші- заттың қызметі (функциясы) мен қимылы: Төртінші - заттың неден
жасалатындығы, қайдан шығатындығы: Бесінші- заттың даусы, дыбысы т.б.

Жұмбақтар балаларға олардың дүние тану қабілетін дамыту, тапқырлыққа
баулу мақсатымен үйретіледі.

Жұмбақ оқу және сабақ түрінде емес, баланың білімін тиянақтау үшін
сабақ процесінде оқылады. Әсіресе, зат таныту сабақтарында қолдану тиімді.

Балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды. Олай болса, бақылау
кезеңі мазмұнды, нәтижелі өтуіне баса назар аудару керек, Балалар мекемесі
тәжрибесінде көп байқалып жүрген жай: тәрбиешілер көбіне серуеннің
бақылау кезеңін үстірт өтетіндігі. Мысалы, Балалар, қараңдаршы, бүгін қар
жауыпты, ол аппақ. Балалар, Иә,- деп жауап береді. Әңгіме одан әрі ой
жалғаспайды. Осы ретте қардың түсіне ғана көңіл аударып қана қоймай, қардың
суық болатындығы, күннің көзіне шағылысып тұрса, оны ақша қар деп атайтынын
айтып, қарды ұстауға болады. Оны қолға ұстағанда еритініне де көңіл аударту
керек. Балалар, қар қолға ұстағанда ери бастайды екен, себебін кім айта
алады екен Иә, қол жылы, жылылықтан қар ериді. Бөлмеге апарып қойсақ та
ериді, мына ыдысқа қарды толтырып салайық, бұл әзір далада тұрсын, серуен
біткен соң, бөлмеге апарып қоямыз. Артынан не болғанын көреміз. Бұдан кейін
тәрбиеші қар туралы тақпақ айтып беруге болады.

Келесі серуенге шыққанда, тәрбиеші қар туралы балалар
білетінжұмбақты айтқызып, шешімін сұрайды. Сонда 3-4естіген жұмбақ туралы
алғашқы түсінік беріледі, осылай түрлі іс-әрекет кезінде жатталады. Жұмбақ
оқу, шештіру жеке сабақ ретінде емес, тіл дамыту сабақтарында, экскурсия,
бақылау, ойын т.б. жұмыстарға қоса жоспарланады.

Мысалы, тәрбиеші найзағай туралы жұмбақты балаларға айтуы керек болды
делік :

Жөңкиді бұлттар дүркіреп,

Жауады жауын күркіреп.

Аспанның жүзі жарқ етті,

Ақ найза жерге сарт етті. ( Найзағай)

Мұндай жағдайда мынадай дайындық жұмыстары жүргізіледі: бақылау
кезінде аспанда бұлт болатыны, ол бұлттың әр түрлі болатыны: қою бұлт,
сұрғұлт бұлт, ақ бұлт, олардың қозғалып отыратындығымұқият бақыланады. Ақша
бұлт күні жаңбыр жаумайды, бұлт қоюланғанда, арты нөсер жаңбырға айналатыны
сөз болады. Мұның бәрі бөлмедегі табиғат календарында шартты белгілерімен
көрсетіледі.

Бұдан кейін бұлт туралы, жаңбыртуралы тақпақтарды айтуға болады.

-Бұлт-ау, көктен төнесің, Қайдан қалай жаралдың

Қайдан көшіп келесің -Теңіз,мұхит, суданмын,

-Мұхит жақтан келемін, Бу боп содан туғанмын

Жел үрлесе, желемін Ай бірге жүреді

-Қайдан, қайтіп нәр алдың. Жүзіме үңіліп күледі,-

Дейді. Енді мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер жақсылап тыңдап,
жауабын беріңдер:

Әдемі түнде

Мен жүрсем, бірге жүреді,

Ол не

Кәне балалар, ойланыңдар.

Балалардың көбі Жаңағы оқыған- Ай туралы,-деп жауап береді. Балаларды
осылай жұмбақпен таныстыруға болады. Бұдан кейінг мектепке даярлық тобы
балаларының өздеріне жұмбақ құрастыруға, олармен жұмбақ кештерін
ұйымдастырып тұруға болады.

Жаңылтпаштар

Халық ауыз әдебиетінің бір саласы- жаңылтпаштар. Жаңылтпаштар
балалар бақшаларында ана тілі сабағында және сабақтан тыс уақыттарда тіл
ұстарту, сөздің дыбысталуын нақышына келтіредұрыс, тез, шебер айта білуге
жаттықтыру, сөздің мағынасын түсіне білу мақсатымен пайдалынылады. Мына
төменде берілген жаңылтпаштардың ішінен балалардың жас шамаларынақарай
іріктеп алып үйретуге болады.

Шөмеленбеген шөпті Пеш үстінде бес мысық

Мен шөмелемей Пеш ішінде бес мысық

Кім шөмелейді. Бес күзетші-бес
пысық

Бес түп алма Төртті алған

Бестік алғандікі Бес түп алмайды

Төрт тұп алма Бестік алған

Төрттік алғандікі Төрт түп алмайды

Үш кіші ішік піштім Бір ақ шымшық

Бес кіші ішік піштім Үш ақ шымшық

Неше кіші ішік піштім Төрт ақ шымшық

Мақал-мәтел, нақыл сөздер

Мақал-мәтел, нақыл сөздер-халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-
әрекеті, мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздер. Бұларды
тәрбиешілер балалардың түрлі іс-әрекетіне, мінез-құлқына байланысты тәрбие
құралы ретінде пайдалануына болады. Мысалы, бақшадағы балалар ойын еңбек
процесінде бір-бірімен келісе алмай тәрбиешіге шағым жасайтын кездері
болады. Мұндайда тәрбиеші баланың шағымын мұқият тыңдап алып, сөзінбала
түсінетіндей мәнерлі, бір ырғақты етіп: Шағымжасау-шалдуарлық,- деп, бала
өзінің теріс істеп тұрғанын сезінетіндей үн ырғағын, дауыс екпінін өзгерте
айтады, немесе тентектіктің дәлелі көп деген сияқты мақал- мәтелдерді
балалардың іс-әрекетіне тұжырым жасау, ескерту ретінде айтуға болады.

Осы мақсатты көздей отырып, төменде біраз мақал-мәтел, нақыл сөз
үлгілерін тәрбиешілердің балалар бақшаларында пайдалануына ұсынып отырмыз.
Тәрбиеші ауыз әдебиетінің осы үлгілерін тақырып-тақырыпқа бөліп, тәрбие
ісінде орынды қолдана білгені жөн.

Әдептілік, ар-ұят- Ақылың болса,
арыңды сақта.

Адамдықтың белгісі Ар-ұят керек әр
уақытта.

Білім таппай мақтанба, Адам жерге нәр береді

Өнер таппай баптанба Жер адамға нан береді

Түйе ұрлағанда ұры Білекті бірді жығады

Түйме ұрлағанда ұры Білімді мыңды жығады.

Сәбилер тобында да бөбектерге Бөбектер жыры, Тұсау кесер жырларын
айтудың мәні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің маңызы
Баланың тілін дамытуда көркем әдеби шығарманың алатын орны
Бесік жырының тәрбиелік мәні
Халықтық педагогика - ұлттық тәрбиенің негізі
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Сөз – халық педагогикасындағы тәрбиенің құралы
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы
4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Пәндер