Азаматтық құқықтың қабілеттілігі


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Азаматтық құқық қабілеттілігі
Қабылдаған:.
Орындаған:Нурсахатова М.
Тобы:СЗК-211дж.
Түркістан - 2013 ж.
Жоспар
- Азаматтық құқық қабілеттілігі
- Азаматтық әрекет қабілеттілігі
- Азаматтың аты-жөні және тұрғылықты жері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Азаматтық құқық қабілеттілігі
Тұлғаның екі түрі бар. Олар, яғни құқық субъектілері - адамдар /жеке тұлға/ және ұйымдар /заңды ұйым/. Жеке тұлға дегеніміз - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, бірлестіктерді, қорларды және т. с. с. айтамыз.
Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері азаматтар, ұжымдық құрылымдар және мемлекет болуы мүмкін. Осы көрсетілген субъектілер азаматтық құқықтық қатынасқа қатысуы үшін азаматтық құқық қабілеттілігі болуы керек, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігі болуға тиісті.
Сонымен азаматтық құқықтық қабілеттілік - бұл тұлғаның азаматтық құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігі. Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқык қабілеттілік - кез келген азаматтық құқық субъектісінің әрекет ету мүмкіндігімен сипатталады. Азаматтарға азаматтық құқық қабілеттілігін қолдануда екі түрлі бағыт сипат алады. Жалпы кең мағынада азаматтық құқық қабілеттілігі азаматтық заң мүмкіндік беретін кез келген құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігі.
Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады. Яғни ол ана құрсағынан тірі туылып адам беинесіне келуі тиіс. Мәселен, түсік тірі туа тұрса да тұлға саналмайды, ал айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға болып саналады. Құқық қабілеттілік адам өлгеннен кейін тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес барлығы ұлтына, тілі мен дініне, тегіне тұрғылықты жеріне, қызметіне қарамастан сот және заң алдында тең. Яғни барлық азаматтардың құқық қабілеттілігі бірдей, тең. Бұл теңдік қағидасы кейбір азаматтарға тиесілі субъективтік құқықтардың да міндетті түрде тең болуы керек деген емес. Өйткені әрбір субъектінің белгілі бір құқықтарды иелену мүмкіндігі әр түрлі. Мысалы, меншік иесінің үйге, автомашинаға, т. б. мүлікке құқығы.
Тең құқық қабілеттілікті, заң ешкімге қандайда бір басымдық құқық бермейді, ешкімге белгілі бір субъективтік құқықты иеленуге тыйым салмайды дап түсіну керек. ҚР Азаматтық кодексінің 18-бабында заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды делінген. Заң бойынша құқық қабілеттілікті шектеу тек қана азамат қылмыс жасағаны үшін жаза ретінде соттың үкімімен жүргізіледі. Бұл ретте азаматтың құқық қабілеттілігі толық жойылмайды, ол сол заңда көрсетілген реттермен шектеледі. Сонымен азаматтық құқық қабілеттілік мазмұны азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы құрайды.
Конституцияның тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Осыған байланысты тұжырым жасайды. Онда құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек деп нақтылы көрсетілген.
ҚР Президентінің "ҚР-да шетел азаматтарының құқықтық жағдайы" туралы заң күші бар жарлығында (1995 ж. 19 маусым) шет ел азаматтарының ҚР-да Конституциясында заңдар мен халықаралық шарттарда көрсетілген құқықтар мен міндеттердің барлығын тек қана заңдарда көзделген реттерді қоспағанда иеленетіндігі көрсетілген. Бұл жарлықта шет ел азаматтары ҚР-да тіліне, дініне, ұлтына, біліміне, мүліктік жағдайына қарамастан заң алдында тең екендігі көрсетілген.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі
Азаматтық әрекет қабілеттілік дегеніміз - азаматтың өз әрекеті арқылы азаматтық құқықтарды иелену және оны жүзеге асыру, өзіне азаматтық міндеттерді қалыптастыру және оны жүзеге асыру мүмкіндігін айтамыз. Азаматтық әрекет қабілеттілігін азаматтық құқық қабілеттілігінен айырмашылығы бар. Құқық қабілеттілігі азамат дүниеге келген сәттен пайда болып, ол өлгеннен кейін тоқтайды. Ал, әрекет қабілеттілігі болу үшін азамат белгілі бір жасқа толуы қажет. Әрекет кабілеттіліктің белгілі бастамаларының бірі - ол азаматтың өз әрекетіне толық жауап бере алатындай физиологиялық жетілуі. Яғни ол өз еркін ұстай алатын белгілі бір жасқа жеткен қалыпты психикалық жетімділікте болуы тиіс (АК-тің 17-бап) .
Азаматтық әрекет қабілеттілік - бұл тиісті азаматтың нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігі. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың әрекет қабілеттілігі мен оның көлемі Қазақстан Республикасының азаматтық заңымен анықталады. Ал Қазақстан Республикасының азаматтарының шет мемлекеттердегі әрекет қабілеттілігі сол мемлекеттің заңдары мен халықаралық келісім нормалары арқылы анықталады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара /толық емес/ шектеулі деп бөлінеді. 18 жасқа толған азаматта толық әрекет қабілеттілік болады. Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды. Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Олар екі топқа бөлінеді.
а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар;
б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар, 14 пен 18 жас аралығында заңда көрсетілген әртүрлі мәмілелер жасай алады.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге құқығы бар:
1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа да кірістеріне билік етуге;
2) интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
- ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
- банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқа мәмілелерді, ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-бабы, 1-тармағы) .
Мәміленің бұл түрлері бойынша (заңды өкілінің келісімімен және келісімінсіз) жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді. Жасы кәмелетке толмағандар келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянныың тиісті бөлігін, оның ата-аналары немесе қамқоршысы өтеуге тиісті.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді. АК-тің 23-бабына сәйкес, жасөспірімдер өздерінің жасына лайықты жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтык іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады (АК-тің 27-бабы) .
Азаматтың аты-жөні және тұрғылықты жері
Құқықтар мен міндеттерді иелену және жүзеге асыру үшін азамат тиісті тәртіппен дараландырылуы қажет. Даралану барлық уақытта азаматтың есімі арқылы жүргізіледі. АК-тің 15-бабы, 1-тармағында көрсетілгендей азаматтың есімі болып оның өз фамилиясы, өз есімі сондай-ақ қаласа әкесінің аты болып табылады.
Азамат өз құқығы мен міндетін өз есімі арқылы иеленіп жүзеге асырады. Басқа біреудің есімі арқылы құқықтар мен міндеттер иеленуге тыйым салынады. Бірақ заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін. Есімді өзгерту оның бұрынғы құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз бола алмайды. Есімін өзгерткен адам өзінің бұрынғы есіміне рәсімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы.
Азаматтың есімін ол дүниеге келген кезде әке шешесі береді, ал әке шешесі жоқ болса, оның қамқоршыларының біреуі береді. Баланың фамилиясы әке-шешесінің фамилиясымен анықталады. Егер әке-шешесінде ортақ фамилия болса, балаға сол фамилия беріледі. Ал ортақ фамилия болмаса оны өзара келісіп шешеді.
Әке-шешесінің қалауы бойынша балаға әкесінің немесе атасының есімі негізінде фамилия берілуі мүмкін. Егер бала асырап алынса оның бұрынғы есімі мен фамилиясы және әкесінің есімі сақталады. Асырап алушының өтініші бойынша оның есімі мен фамилиясы өзгертілуі мүмкін. Бірақ бұл жағдайда асырап алынушы бала 10 жастан аспауы тиіс. Бұл мәселе Неке және отбасы заңының 86-шы бабында жан-жақты айтылған.
Заңдарда көрсетілген тәртіппен азамат өз есімін өзгертуге құқылы. Есімді өзгерту жалпы тәртіп арқылы немесе кейбір жағдайларға байланысты арнайы отбасы және неке заңының негізінде жүргізіледі.
Жалпы тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының азаматы он алты жасқа толғаннан кейін есімін, фамилиясын және әкесінің атын өзгерте алады. Бұл өзгертүді өтініш білдіруші азаматтың өтініші негізінде облыстық немесе соған теңестірілген әділет басқармасының рұқсаты арқылы азаматтардың хал актілерін жазу органы жүргізеді. Мұндай өзгерту жүргізу үшін оған себепті жағдай болуы қажет.
Есімді өзгертудің арнайы тәртібі отбасы және неке заңдарына сәйкес некеге тұру және некеден ажырасу кезінде жүргізіледі. Некеге тұру кезінде жұбайлар екеуінің бірінің фамилиясын таңдап алады немесе әрқайсысы өздерінің фамилиясында қалады немесе өз фамилиясына жұбайының фамилиясын қосып алады.
Жұбайлар ажырасқанда неке кезіндегі фамилияда қалуға немесе некеге дейінгі фамилиясын қайтып алуға құқығы бар. Некеге байланысты өз есімі мен әкесінің есімін өзгертуге болмайды.
Біздің елімізде 1992 жылдан бастап ұлттық дәстүрге байланысты ата-аналардың келісімі бойынша балаларына фамилияны әкесінің немесе атасының атынан қоюға болатындығы анықталды. Туылған кездегі фамилиясын есімін және әкесінің есімін өзгерту тек қана заңда көрсетілген негіздер арқылы жүреді. ҚР Президентінің 1996 жылғы 24-сәуірдегі "Қазақ ұлттарының фамилиясы мен әкесінің есімін жазу кезіндегі кейбір мәселелерді шешу туралы" Жарлығында қазақ ұлттарының өз фамилияларын өз еркімен қазақ тіліне келе бермейтін жалғауларды негізгі түбірін сақтай отырып өзгертуге болатындығы көрсетілген. Әкесінің атынан кейін "ұлы" немесе "қызы" деп жынысына қарай жазылады.
Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. Тұрғылықты жердің бірқатар құқықтық маңызы бар. Мәселен, азамат хабар-ошарсыз кетті деп немес өлді деп жариялау сол тұрғылықты жерінде белгілі бір мерзімде ол туралы мәлімет болмауына байланысты тұрғылықты жерінде жүргізіледі. Бірқатар міндеттемелерді орындау сол несие берушінің тұрғылықты жерінде орындалуы қажет. Сотқа құқықты қорғау туралы талап арыз құқық бұзушының тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. Мұра сол мұра қалдырушының соңғы тұрғылықты жері бойынша ашылады.
Азаматтың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бір-біріне сай келеді. Бірақ өзі бір жерде тұрып, екінші бір жерде жұмыс істейтін жағдайлар да болады. Мұндай жағдайда оның тұрғылықты жеріне басымдық беріледі. Бір қалада бірнеше тұрғын үйі болғанда азамат тұрғылықты жерін өзі таңдайды және оның қайсысында көп тұратындығы ескеріледі.
Қамқоршылық және қорғаншылық
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі жоқ кезде оның құқықтары мен міндеттеріне ие болу мүмкіндігі қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен жүзеге асырылады. Қорғаншы өзінің әрекеттерімен қорғауындағыға құқық және міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет жасайды. Ал қамқоршы адамдар ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп, бақылауына алады, сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қияннатардан қорғап жүреді.
Дене- мүшесінің кемістігінен өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және қорғай алмайтын, сонда да әрекет қабілеттілігі толық деп танылатындарға да, қамқоршы адам тағайындалады. Мұндағы қамқоршының қызметі сол мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жүзеге асыруына қажетті әрекеттерін орындап отыру болып есемтеледі. Кәмелетке толған әрекетке қабілеті бар адамның қамкоршысын қорғаншы және қамқорлық жасаушы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.
Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы орган қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады. Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін. Егер қорғаншылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншының немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады.
"Неке және отбасы туралы" Заңның 108-бабында көрсетілгендей, қорғаншылар мен қамқоршылар бола алмайтындар мыналар:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектелген деп таныған адамдар;
- сот шешімі бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе шектелген адамдар;
- өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдар;
- егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушылар;
- денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар.
Қорғаншылыққа алынушы 14 жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Қамқоршылық кәмелетке толғандарға тоқтатылады.
Қорғаншы мен қамқоршы органның алдын-ала берген рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен айыру жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле жасауға келісім беруге, соның ішінде қамқоршылықка алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға, немесе оның атынан кепіл шартын жасауға, оны жалға, тегін пайдалануға немесе кепілдікке беруге, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерліктен тиесілі құқықтарынан бас тартқызуға әкеліп соғатын мәмілелер жасауға, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Аталған мәмілелер нәтижесінде қорғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиіс екенін қорғаушы және қамқоршы орган белгілейді.
Азаматты өлді деп жариялау және хабар-ошарсыз кетті деп тану
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz