Италиядағы «Маттеотти дағдарысы»


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Муссолинидің үкімет басына келуі
  2. Италиядағы «Маттеотти дағдарысы».
  3. Италияның сыртқы саясаты.

Пайдаланылған әдебиеттер

Италия (1918-1939 жж. )

Соғыстан кейінгі Италиядағы буржуазиялық-парламенттік жүйедегі дағдарыс. Бірінші дүниежүзілік соғыстан Италия жеңген ел қатарында шықты. Италия соғыста өзінің негізгі бақталасы Австрия-Венгрияға соққы берді. Соғыста жеңген ел қатарында шыққанымен, Версаль бітімінде Франңия мен Ұлыбритания, Италияға толық еркіндік бермеді. Бірақ та соғыста жеңген ел ретіндегі Италия қозғалысында ұлы державалық саясат үстем болды. Италия буржуазиясы Балқан түбегінде және Жерорта теңізінде өзінің үстемдік саясатын жүргізуді көздеген еді. Балқан түбегінде Антанта елдері Италияның емес, Сербияның үстемдігін қолдады. Бірінші дүниежүзілік соғыс Италия буржуазиясын саяси дағдарысқа әкелді. Ұлы держава құру идеясы іс жүзіне аспады. Франция мен Ұлыбритания жеңген ел ретінде өздерінің Куропадағы билігін нығайту үшін Италия буржуазиясын менсінгісі келмеді. Италияда ұлы державалық ойды жүзеге асыру үшін күрес жүргізетін буржуазиялық саяси партиялар жоқ болды.

Соғыстан кейін халықтың арасында беделді бірден-бір саяси партия - Италия социалистік партиясы (ИСП) болды Италия парламенттік Республика болғанымен, ИСП-ы парламентте көпшілік болды да, ұсақ буржуазиялық (либерал, республика, радикалдар) парламентте айтарлықтай саяси күшке айнала алмады. Сондықтан Италия парламенті шынайы демократиялық институтқа айнала алмады. Италия парламенті ұсақ буржуазия алдында толық әшкерленді. Саяси дағдарыс ірі буржуазия мен католик шіркеуінің бірігуіне жол ашты. Бұдан былай елді басқара алатындай саяси партия құру қажет болды. Сөйтіп, 1919 жылы Италияда Халық партиясы құрылды. Бұл партияның әлеуметтік тірегі католик шіркеуі ықпалындағы буржуазия және шаруалар болды. ИХП-ның құрылуы Ватиканның католиктерге саяси жұмысқа араласуына рұқсат беруін білдірді. Бірақ Ватикан мен Италия үкіметіндегі қарама-қарсылық толық жойылған жоқ болатын. Либералдар католик шіркеуіне деген сенімсіздігінен бас тартпай, антиклерикалық саясатын жалғастырып, ИХП-ына қарсы болды.

Соғыстан кейін Италия парламентіндегі саяси топтар демократиялық сайлау жүйесін енгізді. Парламенттегі депутаттар мандатының алған дауыс санына сәйкес бөлінуі принңипі енгізілді. 1919 жылы жаңа сайлау заңы негізінде парламент сайлауы өтті. Сайлау барысында ИСП мен ИХП депутаттар палатасында 154 және 94 депутаттық орын алды. Ал либералдар және басқа ұсақ буржуазиялық партиялар 181 депугат өткізе алды. Саяси күшгер сайлаудан кейін біріккенімен, ұсақ буржуазия мен соғысқа қатысқан әскери топтар Италияның соғыста жеңіп шыққанын малданын, өздерін жеңуші ретінде бағалап, содан ұлы державалық, шовинистік пиғылдағы адамдар саны көбейе бастады. Ұсақ буржуазия мен майданнан келген топтар арасында «ұлттық шовинизм» рухы жоғары болды. Сөйтіп, Италияда көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар Италияны ұлы державаға айналдыруға бағыт ала бастады.

Саяси-қоғамдық ұйымдардың арасында фашистер әлдеқайда белсенді болды. Ұлттық шовинизм кең етек алып Версаль бітімінің шешіміне қарсы шығып, қайта қарауын талап етті. Италияның Фиулле аралын аннекциялау талабын Алтанта елдері қолдамай, 1920 жыны аралды Югославияға бергізді. Антанта елдерінің мұндай шешімі фашистік ұйымдардың қарсылығына, ұлттың намысын оятуға негіз болды.

1919-1920 жылдардағы саяси дағдарыс, сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер италияндықтардың шовинистік ойларын күшпен орындауға шақырды. Италия армиясында бүлікке шақырушылар көбейе бастады. Олар Адриат теңізінің жағасына. Албанияға әскер жіберуді талап етті, Италия әскерлерінің арасында бүлік шығып, либерал партиясы үкіметтен полиция мен жандармерияның санын көбейтуді талап етті.

1920 жылдан бастап Италияда саяси күштердің ара салмағы ұлтшыл шовинистік топтарға қарай ауысты. Елдегі буржуазия дәрменсіздік білдірді. ИСП-ы революциялық жолды қолдап, Кеңестік Ресейді қолдап, халықты революцияға шақырып жатты. Экономикалық дағдарыстар, революциялық толқулар Италия буржуазиясының террорлық саясатқа көшуіне жағдай жасады. Фашизмнің халық арасында беделі өсті. Фашизм Италияда ірі әлеуметтік күшке айналып, жаңадан әскери ұйымдар мен құрылымдар құрып, Италияны дағдарыстан алып шығатын бірден-бір күш деп жарияланды. Елде саяси үкіметтік дағдарыс жалғасты.

Муссолинидің үкімет басына келуі .

Либералдың үкімет революциялық толқулардан соц террорлық қимылга көшті. Буржуазия дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, фашистік қозғалыс кең етек алып, халық арасында жаңа беделге ие бола бастады. Фашистік топтар күштерін біріктіріп, 1919 жылы «әскери одақ» (fasci di combattmento) құрды. «Әскери одақ» фашистік ұйым ретінде құрылып, оның жетекшісі Бенито Муссолини болды. Фашистер елде өздерінің шовинистік, ұлтшылдық үгіт-насихатын кең түрде жүргізді. Италия үкіметінің дәрменсіздігін сынға алды. «Ұлттық мүлде», «Ұлы ұлт» идеясын таратты. Жұмысшы табының арасында таза экономикалық саясатты, ереуілдік қозғалысты қолдап, жұмысшы табының мүлдесін қорғады. Шаруалар арасында «жерді кім өндесе, жер соныкі» ұранын тастады. Италияда фашизмді негізгі әлеуметтік топтар, халықтың кедейленген саласы қолдады.

Фашизмнің негізгі тірегі қалалық ұсақ буржуазия болды. Олар өз меншіктерін қорғау үшін үкімет қолдап отырған ірі буржуазияны қатты сынға алып, фашизмнің ұрандарын насихаттады. Фашизмнің шабуылы күшейген кезде халық арасында ықпалы бар дәстүрлі Италия Социалистік партиясы оқшауланып, тек қана социалистік идеяны уағыздаумен шектеліп қалды. Жұмысшы табы реакциялық буржуазия жағына шықты.

1920 жылдың аяғында Солтүстік және Орталық Италияда фашистер ашық террорға шығып, коммунистер ықпалындағы жергілікті ұйымдарды талқандап, большевиктерден елді құтқаруға шақырды. Жұмысшы табын әлсіретіп, ұсақ буржуазия ықпалын күшейту бағытын ұстанды. Италия үкіметі де біртіндеп фашизмді саяси жағынан қолдап, 1921 жылы соғыс министрі И. Бономи әскерлерді фашистік ұйымдарға көмекке жіберіп, фашизмнің қарулануына жол берді. Италия премьер-министрі либерал Дж. Джолити парламенттегі 35 фашистік депутаттармен бір блокқа кіріп, ИСП мен ИКП депутаттық тобына қарсы күресіп отырды. Италияның ірі буржуазиясы елдегі либерал-парламенттік саяси күшті сақтай отырып, фашизмді ашық қолдады. 1921-1922 жылдарда антифашистік күштер өте әлсіз болды. Италияның ұлылығын қалпына келтіретін бірден-бір саяси күш фашизм деп түсінді. Фашизмнің үкіметті өз қолына алуына жол ашылды.

1922 жылдан бастап фашистер парламетті таратып, диктатуралық билікті орнатуға шақырды. Фашизм Ватиканмен тығыз байланыс орнатып, католиктер де фашизмді қолдай бастады. Италияда саяси тұрақсыздықтан 1921 және 1922 жылдарда үш рет үкімет ауысты.

Италия социалистік партиясының реформалық тобы, үкіметті қолдап, елде фашизмге қарсы тойтарыс беру үшін жұмысшы тобын көтеріп, ереуілдер ұйымдастырып, Парме қаласында фашистердің қарулы құрамдарына қатты соққы берді. ИСП-ның максималистік тобы реформистерге қарсы шығып, партиядан бөлініп, Унитарлық Социалистік партия (УСП) құрды. Бұл жұмысшы табын әлсіретіп, олардың арасында жік туғызды. Фашизмге үкіметті өз қолына алуға толық жол ашылды. Олар 1922 жылы Неаполь қаласында өткен фашистер съезінде, үкіметке ашық ультиматум қойды. Фашистер әскерлерін мобилизация жасады. Сөйтіп, Неаполь қаласынан Римге жорық ұйымдастыруға кірісті. Үкімет амалсыздан отставкаға кетуге мәжбүр болды. Италияда төтенше жағдай жарияланды. Король үкіметтің кетуін қолдамай, Муссолиниді шақырып, үкімет құруға шақырды. 1922 жылдың 22 қазанда фашистік отряд салтанатты түрде Рим қаласына келіп, Муссолини үкімет басына отырды. Италияда фашистік диктатура орнады. Еуропада тұңғыш рет фашизм үкімет басына келді. Италияда соғыстан кейінгі либералдық-парламенттік жүйе тарады. Саяси дағдарыс, революциялық күштердің жеңілуі, антифашистік қозғалыстың әлсіздігі, Италия буржуазиясының фашизмді қолдауы, Италияда демократияның жеңіліс табуына әкелді.

Италиядағы «Маттеотти дағдарысы».

Италияда фашистік диктатуранң ең құрылуы, буржуазиялық демократияның кейбір басқару жүйесінің уақытша сақталуына әкелді. Парламент сақталды, саяси партиялар ашық жұмыс істеді. Муссолини үкіметі құрамында либералдар да сақталды. Бірақ та фашистік диктатура біртіндеп өзінің саяси құрылымын өз қолдарына ала бастады. 1923 жылы жаңадан сайлау реформасын жүргізді. Бұрынғы демократиялық сайлау орнына, мажоритарлық жүйесін енгізді. Сайлауда 25% дауыс алған партия депутаттардың - орнын қамтамасыз ете алатын болды.

Италия парламентінің орнына құрылған Улкен фашистік кеңес (ҮФК) заң шығарушы институтқа айналды. Оның Төрағасы Муссолини болып тағайындалды. 1923 жылы Ұлттық қауіпсіздік милиция - ерекше фашистік қарулы ұйымга айналды. Олардың мүшелері Корольге және Муссолиниге таза жұмыс атқаруга уәде берді. Жергілікті басқару жүйесі префект әкімшілігінде фашистік партия өз бақылауын орнатты.

Фашистік үкімет буржуазияны қолдап, көптеген жеңілдікке барды. Ірі өнеркәсіп иелеріне субсидиялық көмектің мөлшерін азайтқанымен, банктен кредит алуды жеңілдетіп, салық жүйесіне реформа жүргізді. Ұсақ буржуазия фашизмнің әлеуметтік тірегі болудан қала бастады. Экономикалық реформа ірі буржуазия мүлдесіне сәйкес жүргізілді. Капитализмнің уақытша тұрақтану кезінде Италия экономикасы дами түсті. 1922-1924 жылдарда Италияда акционерлік қоғам саны 5951-ден 8822-ге жетті. Ұлттық капитал - өсті. Өнеркәсіп өнімдерін көптеп шығара бастады. Еңбекші халықтың тұрмыс жағдайы біртінден жақсара түсті.

1924 жылы сәуір айының 6-ы күні Италияда парламент caйлауы болды. Сайлау мажоритарлық жүйе арқылы өткізіліп фашистік партия депутаттардың - орнын алды. Оппозициялық партиялар -1/3 орынға ие болды. Алғашқы парламент отырысында унитарлық социалистік партиясының депутаты Джакомо Маттеоти сайлау қорытындысын қатты сынға алып, фашистердің террорлық жолмен жеңіске жетіп отырғанын дәлелдеп сөз сөйледі. Бұл оның соңғы сөзі еді, оны 1924 жылы маусым айының 10-ы күні көшеде кетіп бара жатқан жерінен ұстап алып, өлтіріп тастады. Маттеотидың өлтірілуі елде саяси дағдарысты тереңдетті. Антифашистік қозғалыс кең етек алды. Парламенттегі оппозициялық партиялар депутаттары шығып кетіп, бөлек Авентиндік блок құрды. Ежелгі Римдегі плебей топтары кезінде патрицийлерге қарсы болып, Авентин жотасында жиналып, содан өздерін авентиндер деп атаған еді. Авентин блогы антифашистік қозғалыстың орталығына айналды. Бірақ та Авентин блогын социалистік партияның оң қанаты қолдамады.

Италия коммунистік партиясы да авентиндік блокты толық қолдамады. Оппозицияда бірлік болмады. 1925 жылдан бастап фашистер шабуылға шыға бастады. 1925-1926 жылдар аралығында фашистік диктатура ашық террорлық әдіспен, буржуазиялық демократияға қарсы шықты. 1926 жылы қараша айында төтенше заңдар қабылдады. Барлық оппозициядағы партияларға тыйым салды. Антифашистік баспасөзді жауын, цензура орнатты. Муссолини мен Король өміріне қастандық жасағандарға өлім жазасы қолданылатын болды. Төтенше заң шыққаннан кейін елде жаппай тұтқындау басталды. Италия коммунистік партиясының басшысы А. Грамши тұтқындалып, партияның ары қарай өмір сүруіне тыйым салынды.

1927 жылы Италияда жаппай қудалау жүргізетін Төтенше трибунал және жасырын полиция әкімшілік мекемелері құрылды.

Төтенше трибунал мемлекеттің қауіпсіздігін қорғап отырды. Премьер-министр Муссолини Король алдында ғана жауап беретін болды. Парламенттің беделі түсті.

1927 жылы Үлкен фашистік кеңес Еңбек Партиясы деген заң қабылдады. Бұл заң экономиканы корпорациялауға негізделді. Мемлекет корпорациялау арқылы өнеркәсіп иелері мен жұмысшы арасында келісімге келу «ұлттық мүлдені» көтермелеуге сәйкес өнеркәсіп салалары мемлекеттік қолдауға сүйеніп жұмыс істейтін болды. Италия да басқа елдер сияқты мемлекеттік-монополиялық жолға түсе бастады. Бұл, бір сөзбен айтқанда, экономиканы мемлекет арқылы реттеу деген сөз еді. Корпоративтік буржуазия үстем бола бастады.

1930 жылы үкіметтің шешімімен Ұлттық корпорация кеңесі құрылды. Бұл кеңестің міндеті елдегі экономиканы мемлекет арқылы басқаруға негізделді. Кеңеске 22 ұлттық корпорация кірді. Ол еңбек пен капитал арасындағы қайшылықты реттеп отырды. Еңбекші халықтың мүлдесін қорғайтын корпорациялық кәсіподақ ұйымы өмірге келді. Италиядағы еңбек арасындағы дау жанжалды, өнеркәсіп иелерімен жұмысшы арасындағы келіспеушілікті реттеу үшін кәсіподақ федерациясы құрылды. Корпорациялық Кеңес 1933 жылы әлеуметтік салада көптеген шаралар енгізді. 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеп, жұмыссыздықты азайтты. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін, астық тапшылығын жоюда көптеген шаралар жүргізді. Eгіс көлемін көбейтіп, суармалы егіске көп көңіл бөлінді. 1929 жылы Италияда 81 млн тонна астық алынды. Сөйтіп, Италия өзін-өзі астықпен қамтамасыз етті. Бұл бұрын-соңғы болмаған жеңіс еді, барлығы 4 млн га жер жаңадан игерілді.

Италияның саяси дамуына айтарлықтай ықпал жасайтын жағдай мемлекет пен Ватикан арасындағы қатынас еді. 1929 жылы Италияның фашистік үкіметімен Ватикан арасындағы Латеран сарайында келісім болды.

Бұл келісім бойынша: 1. Рим папасы Италия үкіметінен алатын 1750 млн лир компенсаңиясынан бас тартты. 2. Италия үкіметі Ватиканның тәуелсіздігін мойындап, қасиетті Петр шіркеу айналасындағы ауданды мойындады. 3. Ватикан шіркеуінің жанұя және неке мәселесінде толық еркіндігін мойындады. Мектептерде католик шіркеуі өз ықпалын жүргізуге келісім алды.

Италияның фашистік диктатурасы бұл келісім арқылы өз идеологиясында католик ықпалын қалыптастырды. Мұның Италия қоғамы үшін маңызы өте зор болды.

Италияның сыртқы саясаты .

Италияда фашистік үкімет орнағаннан кейін-ақ, сыртқы саясатта ұлтшылдық бағыт ұстады. Муссолини үкіметі жерорта теңізінде үстемдік орнату, Балқан түбегіндегі елдерге ықпал жасау саясатын іске асыру үшін күресті. 1924 жылы Италия мен Югославия арасындағы келісім бойынша Фиум аралын өзіне қайтарды. 1924 жылы қаңтар айында Италия Кеңестік Ресейді мойындап, елшілік қатынас орнатты.

30-жылдары Италия сыртқы саясатта империалистік бағытты ашық жүргізе бастады. Бұл экономикасының тез дамуы жаңа соғысқа дайындалу үшін қару-жарақтың жаңа түрлерін шығарып, қарулануға мүмкіндік туғызды. Италияда фашистік үкімет соғысқа дайындалуды негізгі мақсат етіп қойды, империялық көзқарас идеологияның негізгі үгіт-насихатына айналды.

Мемлекеттік аппарат ұлы державалық сыртқы саясатты жүзеге асыру үшін жұмыс істеді. 1933 жылы Муссолини елдегі әскери басшылықты өз қолына алды. Халықты соғысқа дайындап, жаппай қарулану күн тәртібіне қойылды. Тіпті 1934 жыны Муссолини Австрияны жаулап алуға дайындалды. 1934 жылдың соңында стратегиялық маңызы зор, Африкадағы Эфиопия елін жаулап алуға дайындық жүргізе бастады. Франция мен Германия арасындағы келіспеушілікті пайдаланын, 1935 жылы қаңтар айында Италия мен Франция арасында жасырын келісімге қол қойынып, Франция үкіметі Италияның Эфиопияны жаулап алу ойын қолдап, сенім білдірді. 1935 жылы қазан айының 3-і күні 500 мың әскерімен Италия Эфиопияға соғыс жарияламастан шабуыл жасады. Италия - Эфиопия соғысы басталды. Италия өзінің агрессиялық саясатын тұңғыш рет жүзеге асырды. Әскери күш жағынан Эфиопиядан бірнеше есе көп әскерімен 1936 жылы ол елді жаулап алды. 1936 жылы мамыр айының 9-ы күні Муссолини Италияның Эфиопияны толық басып алып, жеңіске жеткендігін Венециан сарайының балконынан халыққа жариялады.

Италия - Эфиопия (Абиссиния) соғысын империалистік елдер Франция мен Англия қолдады. Эфиопия королі Хасан I Ұлттар лигасына хат жолдап, Италияның жаулап алуын айыптауға шақырды. Ұлттар лигасы 1935 жылы қараша айында Италияға экономикалық санкция жариялады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИТАЛИЯ МЕН ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИЗМ
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы
Италияның басқа
Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері
ИТАЛИЯ 1918-1945 жылдары
Фидель Кастро - коменданте
ФАШИСТІК ИТАЛИЯНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
Кариб дағдарысы – «қырғи қабақ соғысының» шырқау билігі
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz