Алтын Орданың құрылуы және нығаюы



Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Алтын Орданың құрылуы және нығаюы
2. Алтын Орда хандарының ішкі және сыртқы саясаттағы жеңістері
3. Алтын Орда ханы Тоқтамыстың 1382ж. Мәскеуге шабуылы және оның қорытындысы
4. Алтын Орда ханы Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы соғыс және ол соғыстың Мәскеу княздығына тигізетін әсері
5. Ахмед хан тұсындағы Алтын Орда мемлекеті және оның құлауы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Алтын Орда Мемлекеті тарихи әдебиетте «қыпшақ ұлысы» деп аталды. Оның себебі бұл территорияны мекендеген халықтардың басым көпшілігі қыпшақтар еді. «Бұл мемлекет бұдан бұрын да қыпшақ елі атанып келген еді».
Осы қыпшақ ұлысын еншісіне алған Жошыхан 1227-жылы қайтыс болды. Орнына Жошының екінші ұлы Батый (Бату) хан отырды. Әкесінен қалған мұраны місе тұтпаған Бати хан 1236-жылы қалың қолды бастап Жайық өзенінен (Орал өзенінен) өтіп, Еділ өзені алқабындағы бұлғарларды бағындырды. 1237-жылы қалың қолды бастаған Бати хан орыс княздықтарына шабуыл жасады да, ол кезде Рязань, Владимир, Москва сияқты қырық иелікке бөлініп қырқысып отырған орыс княздықтарын бірін-біріне қоспай талқандап, жаулап алды.
Онан соң, маңғол армиясы үздіксіз ілгерілеп Киев қаласын алды, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны, тағы басқаларды ойрандап, Еділ сағасына қайта оралды.
Батый хан 1242-жылға дейін жасаған жаулап алу жорықтары арқылы Алтын Орданың территориясык кеңейтіп, Ертіс өзенінен Дунай дариясына дейінгі ұлан-байтақ өңірді қол астына қаратты. 1243-жылы Еділ сағасынан Сарай қаласын салдырды, бұл қалада алтынмен аптап, күміспен күптелген сән-салтанатты хан сарайы төңіректің төрт бұрышынан қелген саудагерлер жиналатын сауда алаңы болды. Бати хан өзіне арнап астана құрып, сарай салдырғанымен уақыттың көбін Дунайдың төменгі ағысындағы ұлан-байтақ қазақ сахарасындағы жайлауларда өткізіп отырды. Алтын Орданың астанасы алғашқы кезде Сарай-Бату қаласында (қазіргі Астрахань маңында) болды. Кейінірек Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай-Батудан. жоғарырақ) көшірілді.
1. Ч. Мусин. «Қазақстан тарихы». Алматы. «Дәуір» 2005ж.
2. К.Р.Аманжолов. «Түркі халықтарының тарихы» 1 - кітап. Алматы.
«Білім». 2002ж.
3. Қазақстан тарихы.. «Ғылым» 1984. V том
4. www.kazref.kz
5. www.bankreferatov.ru
6. www.google.kz

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Алтын Орданың құрылуы және нығаюы
2. Алтын Орда хандарының ішкі және сыртқы саясаттағы жеңістері
3. Алтын Орда ханы Тоқтамыстың 1382ж. Мәскеуге шабуылы және оның
қорытындысы
4. Алтын Орда ханы Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы соғыс және ол
соғыстың Мәскеу княздығына тигізетін әсері
5. Ахмед хан тұсындағы Алтын Орда мемлекеті және оның құлауы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Алтын Орда Мемлекеті тарихи әдебиетте қыпшақ ұлысы деп аталды. Оның
себебі бұл территорияны мекендеген халықтардың басым көпшілігі қыпшақтар
еді. Бұл мемлекет бұдан бұрын да қыпшақ елі атанып келген еді.
Осы қыпшақ ұлысын еншісіне алған Жошыхан 1227-жылы қайтыс болды.
Орнына Жошының екінші ұлы Батый (Бату) хан отырды. Әкесінен қалған мұраны
місе тұтпаған Бати хан 1236-жылы қалың қолды бастап Жайық өзенінен (Орал
өзенінен) өтіп, Еділ өзені алқабындағы бұлғарларды бағындырды. 1237-жылы
қалың қолды бастаған Бати хан орыс княздықтарына шабуыл жасады да, ол кезде
Рязань, Владимир, Москва сияқты қырық иелікке бөлініп қырқысып отырған орыс
княздықтарын бірін-біріне қоспай талқандап, жаулап алды.
Онан соң, маңғол армиясы үздіксіз ілгерілеп Киев қаласын алды,
Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны, тағы басқаларды ойрандап, Еділ
сағасына қайта оралды.
Батый хан 1242-жылға дейін жасаған жаулап алу жорықтары арқылы Алтын
Орданың территориясык кеңейтіп, Ертіс өзенінен Дунай дариясына дейінгі ұлан-
байтақ өңірді қол астына қаратты. 1243-жылы Еділ сағасынан Сарай қаласын
салдырды, бұл қалада алтынмен аптап, күміспен күптелген сән-салтанатты хан
сарайы төңіректің төрт бұрышынан қелген саудагерлер жиналатын сауда алаңы
болды. Бати хан өзіне арнап астана құрып, сарай салдырғанымен уақыттың
көбін Дунайдың төменгі ағысындағы ұлан-байтақ қазақ сахарасындағы
жайлауларда өткізіп отырды. Алтын Орданың астанасы алғашқы кезде Сарай-Бату
қаласында (қазіргі Астрахань маңында) болды. Кейінірек Сарай Беркеге (Еділ
бойымен Сарай-Батудан. жоғарырақ) көшірілді.

1. Алтын Орданың құрылуы және нығаюы
Жаулап алу жорықтарының нәтижесінде Шыңғыс хан негізін қалаған Монғол
империясының батысында оның құрамына енетін үш ұлыс қалыптасты. Олар біраз
уақыт монғолдардың Қарақорымдағы ұлы ханына тәуелді болып келіп, кейіннен
дербес мемлекеттерге айналып кетті. Шыңғыс хан құрған Монғол империясының
құрамындағы батыс үш ұлыстың бөлінуі оның ыдырай бастауының басы болды.
Шыңғыс ханнын екінші ұлы - Шағатайдың ұлысына Орта Азиядағы Жетісу мен
Мауараннаһр жерлері енді. Қазіргі Түрікменияның, Иранның, Закавказье мен
Евфратқа дейінгі Таяу Шығыс аймақтары Шыңғыс ханның немересі Хулагудың
ұлысы 1265 жылы дербес мемлекет болып бөлініп шықты.
Монғолдардың батыстағы ең үлкен ұлысы Жошы (Шыңғыс ханның үлкен ұлы)
ұрпақтарының ұлысы болды. Оның құрамына Батыс Сібір (Ертістен бастап), Орта
Азиядағы Солтүстік Хорезм, Жайық бойы, Орта және Төменгі Еділ бойы,
Солтүстік Кавказ, Қырым, Ертістен бастап Дунайдың сағасына дейінгі далалық
кеңістіктердегі қыпшақтардың және басқа да көшпелі түркі халықтарының
жерлері енді. Жошы ұлысының шығыс жақ бөлігі (Батыс Сібір) Жошының үлкен
ұлы Орда-Еженнің Ордасына (үлесіне) айналып, кейіннен ол Көк Орда атанды.
Ұлыстың батыс жақ бөлігі Жошының екінші ұлы Батыйдың үлесіне тиді, ол
орыстың жылнамаларында Алтын Орда деген атпен мәлім. Бұл мемлекеттердің
негізгі жерлері Моңғолдар жаулап алған, табиғаты көшпелі мал шаруашылығы
үшін қолайлы еді. Орта Азиядағы, Каспий және Солтүстік Қара теңіз бойындағы
жерлерде тоқыраушылықта дамыған егін шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығымен-
алмастырыла бастады, сонымен бірге - мұндағы елдің қоғамдық-саяси және
мемлекеттік құрылысы -анағұрлым көне формаларға қайта оралды. Алтын Орда
Батый Еуропаға жорық жасап қайтқаннан кейін - 1243 жылы құрылды. Оның
алғашқы астанасы 1254 жылы Еділ бойында салынған-Сарай-Батый қаласы болды.
Алтын Орданың жеке мемлекетке айналуы үшінші хан Мөңке-Темірдің
тұсында (1266—1282 ж.) хан аты жазылған ақша соғып шығару арқылы орнықты.
Ол өлгеннен кейін Алтын Ордада ішкі феодалдық соғыс өрті тұтанып, көшпелі
аристократия өкілдерінің бірі - Ноғай алға шықты. Осы феодалдық соғыстың
нәтижесіңде алтын ордалық аристократияның ислам дінін ұстанған және қаланың
сауда топтарымен байланысты болған бөлігі жеңіске жетті. Олар Мөңке-
Темірдің немересі Өзбекті таққа отырғызды (1312—1342 ж).
Өзбектің тұсында Алтын Орда орта ғасырлық аса ірі мемлекеттердің
біріне айналды. Өзбек хандық құрған бүкіл 30 жыл бойы ол билік тізгінін өз
қолына берік ұстап, бағыныштыларының дербестікке талпыну ниеттерін аяусыз
басып тастап отырды. Жошы ұрпағының көп санды ұлыстарыңдағы ханзадалар,
оның ішіңде Көк Орданың билушілері де Өзбектің талаптарын екі айтқызбай
орындап жүрді. Өзбектің қолыңда 300 мыңга дейін жауынгер болды. ХІV
ғасырдың 20 жылдарында Алтын Ордалықтардың Литваға жасаған бірнеше
шапқыншылық жорықтары литвалықтардың шығысқа жылжуьш уақытша тоқтатып
тастады. Өзбектің тұсыңда Алтын Орданың Руське жүргізген билігі бұрынғыдан
да күшейе түсті.
Алтын Орда алғаш құрылғанда оның мемлекеттік құрылысы тым қарапайым
еді. Ол Батыйдың аға-інілері немесе жергілікті әулеттердің өкілдері
басқарған жартылай дербес ұлыстарға бөлінген. Бұл бағынышты ұлыстардың хан
әкімшілігімен байланысы тым әлсіз болған еді. Кейіндеп Алтын Орданың
тұтастығы аяусыз жазалауға негізделді. Басқыншылардың негізгі ұйтқысы
болған моңғолдар көп кешікпей өздері жаулап алған түркі тілдес халықтардың,
ең алдымен қыпшақтардың қалың ортасыңда қалды. ХШ ғасырдың аяғына қарай
моңғолдардың қатардағы қалың бұқарасын былай қойғанда, олардың көшпелі
ақсүйектерінің түркіленгендігі сонша, тіпті қыпшақ тілі монғол тілін ресми
құжаттардың өзінен ығыстырып шығарды.
Мемлекет басқару төрт әмірден құрылған Диванның қолында болды.
Жергілікті жерлерді басқару тікелей Диванға бағынышты жергілікті әкімдердің
қолына берілді.
Басыбайлы адамдарды, көшпенділер мен құлдарды аяусыз қанаудың
нәтижесіңде моңғолдардың көпшелі ақсүйектері орасан кең жерлердің, өте көп
мал мен басқа да байлықтардың иелеріне айналды. XIV ғасьгрда араб жазушысы
Ибн Баттута олардың табысын 200 мың динарға, яғни 100 мың сомға дейін
жетеді дейді.
Салық бастапқы кезде заттай жиналды, кейіндеп ақшамен (күміспен)
ауыстырылды. Қаладағы және ауылдағы әрбір шаруашылыққа салынатын алым-
салықтың белгілі бір өлшемі болды. Тұрақты берілетін алымның ауыртпалығы
хандардың жиі-жиі қосымша ірі сомалар ("сұратулар" деп аталатын) жіберіп
тұру жөніндегі талаптарымен күшейе түсті. Сауданың баж салығынан алынатын
жарнасы да хандардың пайдасына түсіп отырды. Жәмшік және көлік борышы,
жолаушы жүрген ордалық шендегілер мен олардың нөкерлерінің "күнкөрісі" де
шаруалардың иығына түскен үлкен ауыртпалық еді. Хандар алым жинауды
толығымен мұсылман көпестерінің ("бесермендердің") билігіне берді. Ал олар
халыққа өз ойларынан шығарған қосымша салық салды. Шаруалар мен қала
тұрғындарын өсімқорлықтың шырмауына түсіріп, қарызды төлеуге шамасы
жоқтарды шығыстық базарларда құлдыққа сатты.
ХШ ғасырдың аяғында орыс жерлерінен салық жинау орыс князьдарына
тапсырылды да, орыс қалаларындағы өкілдер кері шақырылып алынды. Бұл Орданы
орыс жерлерінің ішкі саяси өміріне тікелей араласу мүмкіндігінен айырды.
Русьтің мемлекеттік саяси бірлігі үшін болған күрестің үлкен маңызы болды.
Жеке князьдардың күшеюіне жол бергісі келмеген Алтын Орда хандары орыс
жерлерінің бөлшектелуі және князьдардың арасында қырқыстың өрши түсуі үшін
қолдан келгеннің бәрін істеді. Хандар тіл алғыш князьдарды Ордаға қауіпті
және жақпаған князьдармен қақтығыстырып, соңғыларды хан ордасында өлтіру
немесе жазалаушы әскерлер жіберу арқылы құртып отырды. Хандар жарлық беруді
князьдардың арасындағы күндестік пен сауда объектісіне, оларға саяси қысым
жасау құралына айналдырып, "тақты" мұра етудің Русьте қалыптасқан тәртібін
әдейі бұзыды.
1243 жылы Батыйдың ордасына Ситъ өзеніңде қаза болған Владимирдің ұлы
князы Юрий Всеволодовичтің бауыры Ярослав шақыртылып, ол Ордаға бағынышты
екенін ресми түрде мойындағаннан кейін хан оны Солтүстік-Шығыс Русьтің "ең
үлкен" князы деп танып, оған Владимирде ұлы князьдық құруға жарлық
(грамота) береді. Ярославтің ізінше басқа да орыс князьдары Ордаға келіп,
ханға бағынышты екенін тйға таңба басқандай етіп көрсететін жарлықтар алып
қайтты.
Өз князьдықтарында билік жүргізуді князьдардың өз қолдарына беріп,
олардың бағыныштылық сипаттағы іс-әрекеттерін бақылап отыруға өкілдер
жіберумен шектелді. Өкілдердің міндеті князьдардың іс-әрекеттеріне қатаң
бақылау жасау болды. Өкілдердің жеткізуі бойынша бір нәрседен "жазықты"
болған князьдар Ордаға шақырылатын немесе олардың жерлеріне жазалаушы әскер
жіберілетін. Қалай болғаңда да Русь өз мемлекеттігін сақтап қалды, орыс
халқына моңғол-татарлар жағынан ассимиляция қаупі төнбеді. Моңғолдар орыс
халқына өзінің тілі мен мәдениетін таңа алмады.

2. Алтын Орда хандарының ішкі және сыртқы саясаттағы
жеңістері (1227-1359 ж.)
Жошының екінші ұлы, Шыңғыс ханның немересі Батый хан тұсында монғолдар
орыс елінің көп жерін басып алды (1236—41 ж.). Польшаны, Венгрияны,
Дальмацияны, шапты Грузияны жеңіп, Кавказдың басқа да кейбір халықтарын
бағындырды. Алтын Орда шекарасы Ертістен Днестрге дейін созылды. Шығыс
Еуропада оған Еділ булғарларының жері, Дешті Қыпшақ, Қырым және Дербентке
дейінгі Солтустік Кавказ (кейде Бакуге дейін), Орта Азияда Үргеніш
қаласымен, қоса Солтүстік Хорезм, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аймақ
түгел қарады.
Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласында болды; көп
кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда
орталығына айналды.
Алтын Орда ХПІ—XIV ғасырларда күшті мемлекет болып тұрды. Елдің ірі
қалаларында мәдениет, өнер, ғылым өркен жайды, түркі текті рутайпалар мен
халықтардың мәдениеті, Әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әл-Бируни, Ас-Сығанақи,
бин Искак, Фирдауси, Низами, Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани тәрізді
ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану мен ілгері дамыту он әсерін
тигізсе, екіншіден, көрші елдер мәдениетінен үйренудің ізгі ықпалы болды.
Алтын Орда хаңдары Батый (1256 ж. өлді), Берке (1257—66 ж). Мөнке-
Темір (1266-80 ж.), Туда-Мөңке (1280-87 ж.); Төле-Бұқа (1287-91 ж), Тоқты
(1291- 1312 ж), Өзбек (1312-42 ж), Жәнібек (1342—57 ж) хандар тұсында Алтын
Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошы мен Батый
Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бас иген болса. Беркеден бастап
Алтын Орда хандары өздерін толықтай тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс
Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттығы
өркеңдеді, әр түрлі кәсіпшілік пен қолөнері дамыды. Берке тұсында Алтын
Ордаға ислам діні ене бастап, Өзбек тұсыңда ол үстем дінге айналды. Саяси
өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған
әскери феодалдық алпауыт-бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекеттік
құрылыс әскери негізде болды, шет аймақтарды әскери әкімшілік биледі.
Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-оғландар:
түменбасы. мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік
кызметгерді атқаруға билеуші топтьщ өз адамдары— оғландар. эмірлер, даруга-
бектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың
дуан білікшілері, талғамшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды
басқару үшін губернаторлар - жаруғашылар басқақтар тағайындалды. Олардың
негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскер күшімен алым-салық
жинау еді. Алтын Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әр келкі
болды. Көшпелі халықтардың, шаруалардың жағдайы мейлінше ауыр болды - олар
екі жақтан бірдей қаналды: ханға жергілікті ірі алпауыттарға да алым-салық
төледі. Бастапқыда салықтың дені хан қазынасына түсті. Кейіннен Алтын Орда
хандары жергілікті билеушілерге тархаңдық1 жарлық үлестіруді кеңінен
қолданды. Жеке меншікті қорғау үшін мемлекеттік заң және мемлекеттік
идеология қалыптасты. Ол туралы Лев Гумилев "Мені Евразиялық деп атайды"
атты еңбегінде: "Жошы ұлысына қарайтын бүкіл елге - Еділдегі" Алтын
Ордадан, Тюменьдегі Көк Орда мен Ертістегі Ақ Ордаға дейін ислам дінін
қабылдауға мәжбүр етілді'", — дейді.
Аңғал да, ақкөңіл көшпенділер өздерінің хандарына қалт-қысыз сенді, ал
хандар болса. ақылды әмірлерге зәру еді. Әмірлер сауда орталығы болған
қалалардың тұрғындарымен тығыз байланыста болып, жүз жыл ішінде шынайы
мұсылманға айналып шыға келді. Ал бұл Шыңғыс тұқымының жауына айналды деген
сөз еді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы
аймақтарда Еділ булғарлары қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер,
ежелгі хазар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді
негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес кыпшақ, қанды, арғын,
найман, коңырат, керей, уақ т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ аймағы
мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар мүлде аз болды.
Монғолдар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Алтын
Орданың орталық аймағы - Еділ бойы (қазіргі Саратовтан Астраханға дейін),
басты астанасы - Берке сарайы (немесе Сарай-әл-Хадид), негізгі әскери-
феодалдық күші қыпшақ тайпалары болды.
Алтын Ордада 132 жыл үстемдік еткен Батый династиясы (1227—1359 ж.)
(Берке ханның 9 жыл жүргізген билігін қосқанда) сыртқы қақтығыстағы
жеңістері мен данастия ішіндегі тыныштықты сақтауда өздерін Алтын Орда
хандығының ішіндегі ең белсендісі екенін көрсетті. Сарай тағындағы Батый
ұрпағының сонуы мұрагері өлгеннен кейін Жошы ұлдары Орда-Ежен, Шайбан
(Шайбани) және Тоқа-Темір арасында қайшылықтар басталды.

3. Алтын Орда ханы Тоқтамыстың 1382 жылғы Мәскеуге
шабуылы және оның қорытындысы
Тоқтамыс 1381 жылы Алтын Орданың ханы болғаны белгілі. Алтын Орданың
салты бойынша орыс князьдары ханмен көрісу үшін Сарайға келуі тиіс еді,
бірақ олар келмейді. Сол салт-рәсімді орындату үшін Тоқтамыс жеті жүз
қыпшақ әскерін бастатып Аққожа деген төресін Мәскеуге — ұлы князьға
аттандырады. Мұны естіген орыстарды қайтадан қорқыныш билеп: "Біз Дон
бойында татарларды жуықта ғана жеңдік және ол жерде көптеген христиандардың
қаны төгілді", дей отырып, князь Дмитрийге Аққожаға қарсы қатаң жауап
қайтаруды өтінді. Дмитрийдің өзі де осы пікірде еді. Дмитрий Нижгород
қаласында Аққожаға: "Егер сіз Мәскеуге келіп халық тарапынан жәбір көріп
қалсаңыз, ол үшін мен жауапты болмаймын", деп хабар жібереді. Мұны естіген
Аққожа қыпшақ әскерлерін Мәскеу түбінде қалдырып, өзі сарайға - хан
ғұзырына қайтып кетеді. Тоқтамыс Аққожаның бұл қорқынышынан Куликово
соғысында қыпшақ әскерінің жеңілуінен кейін орыстардың көнілі тасып
тұрғандығын сезеді.
Аққожаның кері қайтып кеткенін естіген Мәскеудегі ұлы князь Дмитрий
мәз-мейрам болады. Мұны ол Орда күшінің әлсіреуі деп ұғып, өзінің ішкі
істерін ретке келтіруте құлшына кіріседі.
Тоқтамыс хан енді тез арада өзі барып, ұлы князь Дмитрийді тәртіпке
шақырып, тәубесіне келтіріп қоюға шешім қабылдайды. Сөйтіп 1382 жылы
әскерін алып Мәскеуге аттанады.
Бұл хабарды естй сала Нижгород князы жақсы көріну"'-үшін және өз
князьдығын сақтап қалу мақсатымен өз ұлдары Василий мен Семенды тарту-
таралғысымен Тоқтамыс хаңды күтіп алуға жібереді. Рязань князы Олег те осы
мақсатпен Ока өзені бойында Тоқтамыс ханның алдынан шығып, өткел көрсетіп,
жол сілтейді.
Куликово шайқасында жеңіске жеткенімен, Дмитрий көп байлығынан, орасан
мол әскерінен айырылған болатын, дәл қазір Тоқтамыс ханға карсы түрар күші
жок еді. Сол себепті Тоқтамыс ханның келе жатқанын ести сала әскер жию
сылтауымен Кострома және Ярославль қалаларына жүріп кетеді. Шын мәнісінде
бүкіл отбасын ертіп қашып бара жатады. Бұл тұста Мәскеуге көмектесу үшін
Литва князы Ауст келмекші болады.
Тоқтамыс хан Серпухов қаласын алғаннан кейін, Мәскеуде: "Қаланы тастап
қашамыз ба, әлде бекініс құрып қаламыз ба?" деген қарама-қайшы пікірлер
туындайды (Брокгауз). Ақырында кейбіреулер қалып, кейбірі қаланы тастап
қашады. Митрополит Копрян Качав Тверь қаласына кетеді. Осы кезде Мәскеуде
аштық басталып, ұры-қарылық, кісі тонау секілді жағдайлар өріс алады.
1382 жылғы тамыздың 23-інде Орда әскерлері Мәскеуге кіреді. Кремльдің
қасына келіп мұсылман төрелері: "Ұлы князь Дмитрий осында ма?"— деп айқай
салады. Содан соң қаланы жаулап алуға кіріседі. Соғысуға қолайлы орындарды
белгілеп, ертесі қалаға Тоқтамыстың өзі келісімен соғыс басталады. Дешті
Қыпшак әскерлері бекіністі атқылауға кіріседі. Сатымен көтерітген олар
бекіністің үстінде ұрыс жүргізеді. Орыстар да ыстық су шашып, тас лақтырып,
бөренелерді кұлатып қарсыласып бағады.
Соғыстың төртінші күні дегенде Тоқтамыс ханның көп өскері қойма жанына
келіп: "Хан қазіреттері Дмитрийді тәртіпке шақыру үшін келмекші, сіздерді
өзінің жақтастары деп біледі. Ешқандай қинау ниеті жоқ. Егер кімде-кім адал
ниетімен қарсы алса, хан оның кінәсін кешіреді. Қайтып кетеді",— дейді.
Осыдан соң Тоқтамыс хан Мәскеуді басып алған бүкіл әскерімен Ордаға қайтып
кетеді.
Дешті Қыпшақ әскері кеткен соң, қашып кеткен князь Дмитрий Мәскеуге
қайтьп оралады. Қаланың көп жері қираған, өртелген, тек Кремль мен оның
мұнарасы ғана аман қалған. Мұны көрген Дмитрий қатты қайғырады. Өліктерді
көмдіріп, қаланы тазартуға кіріседі. Әрбір сексен өлікті көмуге бір сом
береді. Осы бойынша есептегенде жиырма төрт мың өлік көмілгені белгілі
болады. Көрнекті орыс тарихшылары Соловьев пен Карамзин осылай жазады.
Бірақ өліктің бәрі орыстікі емес еді. Әрине, оның ішінде хан әскерлері де
бар екені анық. Мәскеуде берекесіздік басталғанда басшысыз қалған қала
халқы ішкілікке салынып, жүгенсіздік танытады. Тоқтамыс әскері қаланы
қоршау кезінде Мәскеу халқы шетінен мас болып жүрген. Ішкілік таусылған соң
да Мәскеуліктер ханға қарсы соғысуға күш біріктіре алмай, қала қақпасын
ашады. Ішке бірінші болып елшілер, одан кейін татарлардың бүкіл әскері
кіреді. Сәлден соң-ақ қала көшелерінде 20 мың адамның өлігі жатады. Бұл
жайттардың бәрі жылнамаларда баяндалған. Осыншама кісі өліміне Тоқтамыс
қана кінәлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.)
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Қазақ хандығының тарихы
Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
Ақсақ Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолостан шапқыншылығы
Алтын Орданың құрылуы және нығаюы (XIII—XV ғ.)
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар
«Түрік» этносы және этнонимі
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ МЕН МОҒОЛСТАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
Пәндер