Қазақстан Республикасындағы бюджеттің тапшылығы және бюджет балансы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қазақстан Республикасындағы бюджеттің тапшылығы және бюджет балансы
1.1 Бюджет тапшылығы мен оның қаржыландыру көздері ... ... .5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрлымы ... ... ... ... ... ... ... 11
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қарыздары және оларды басқару
2.1 Мемлекеттік қарыздардың пайда болуы ... ... ... ...14
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік борыштарын басқарудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қортынды ... ... ... ... ... ..24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... .26

Курстық жұмысымды қорғамас бұрын, мен оны елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауына тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын. «Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сенімен ілгерілеп келеді. Бүгінгі экономика өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді. Осы жоғарыда айтылған жетістіктерімізге қол жеткізуге үлкен ықпал тигізген біздің қаржыгерлеріміз және бюджет саласындағы қызметкерлеріміз десек қателеспеген болар едік»
Менің бүгінгі қорғағалы жатқан курстық жұмысымның тақырыбы «ҚР-дағы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік қарыздарды басқару» біз алдымен тақырыпқа кіріспес бұрын «бюджет» дегеніміз не?
Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бұл енді ресми анықтама болса, қарапайым тілмен айтқанда бюджет мемлекеттің «әмияны» деп айтсақ артық айтпаған болар едік. Ал енді мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәніне келетін болсақ оның мұнда аса ауқымды қызмет атқаратын айта кеткеніміз жөн.

1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» - Астана 2004
2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодесі. – Алматы 2004
3. Салық кодексі – «Бюджетке салықтар мен басқада міндетті төлемдер жөнінде» - ҚР-ның Заңы – Алматы 2003
4. Н.Қ.Мамыров, М.Ә.Тілеужанова. «Макроэкономика». Оқулық. Алматы, «Экономика». 2003.
5. «Экономикалық теория негіздері». Оқулық. Алматы, «Санат». 1998.
6. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер». Оқулық. Алматы, «Экономика». 2005.
7. Райымқұлов С. «Экономикалық теория негіздері». Шымкент 2005ж.
8. Құлпыбаев С. «Қаржы» - Алматы, 2003. 426-440 бет.
9. Жүнісов Б. А. «Нарықтық экономика негіздері» -Ақтобе, 1993.
10. Қазақстан – цифрларда. 2005 жыл. Статистикалық жинақ. Алматы, 2005ж.
11. Алехин Б.Н. «Рынок ценных бумаг» 1991.
12. Аяпов Ж.Н., Арынов Е.Н. «Русско-казахский толковый словарь» 2003.
13. Әубакіров Я. «Экономикалық теория негіздері»
14. Байделдинов «Экономическая социология» 1997.
15. Жүнісов Б.А., Мамбетов У.Е., Байжомартов «Нырқты экономика негіздері» 2000.
16. Кулигин П. «Социалистік экономикадағы нарық» 1996.
17. Кабдиев Д.К. «Развитие экономической мысли в Казахстане» 2001.
18. Калиев В.Д. «Учебник по основам экономической теории» 1995.
19. «Қазіргі заман нарық табиғаты және дамуы» Дунаев. 1999.
20. Кондратев Н.Д. «Проблемы экономической динамики» 1989.
21. Мадешов Н. «Нарықты экономика негіздері».
22. Нүреев Р.М. «Экономика теория негіздері» 1996.
23. Райымқұлұлы С. «Экономика теория негіздері».
24. Оразалин К.Ж., Жантасов М.М. «Русско-казахский толковый словварь по современной экономике» 2001.
25. Сабырбаев Б. «Экономикалық термандердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі» 2000.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қазақстан Республикасындағы бюджеттің тапшылығы және бюджет балансы
1.1 Бюджет тапшылығы мен оның қаржыландыру
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қарыздары және оларды басқару
2.1 Мемлекеттік қарыздардың пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік борыштарын басқарудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қортынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе
Курстық жұмысымды қорғамас бұрын, мен оны елбасымыздың Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауына тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен
құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға
әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе
отырып, алға қарай нық сенімен ілгерілеп келеді. Бүгінгі экономика өз
мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа
кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын
тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси
және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді. Осы жоғарыда айтылған
жетістіктерімізге қол жеткізуге үлкен ықпал тигізген біздің қаржыгерлеріміз
және бюджет саласындағы қызметкерлеріміз десек қателеспеген болар едік
Менің бүгінгі қорғағалы жатқан курстық жұмысымның тақырыбы
ҚР-дағы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік қарыздарды
басқару біз алдымен тақырыпқа кіріспес бұрын бюджет дегеніміз не?
Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске
асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бұл енді ресми анықтама болса, қарапайым тілмен айтқанда
бюджет мемлекеттің әмияны деп айтсақ артық айтпаған болар едік. Ал енді
мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәніне келетін болсақ оның мұнда аса
ауқымды қызмет атқаратын айта кеткеніміз жөн.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығын жеке ортақ
ерекшеліктермен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру мен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек,
мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу
процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында
пайда болған экономикалық қатынастарды білдіреді.қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық қоғамдық өнімнің
құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің
басқа қатысушылары арасында пайда болған экономикалық қатынастарды
білдіреді. Ал енді курстық жұмыста басты қарастырылып отырған мәелелердің
бірі бюджет профицитіне тоқталатын болсақ, бюджет профициті – таза
бюджеттік несие беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар
бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең тапшылық
(профицит). Теріс белгімен алынған шама – бюджет тапшылығы, ал оң белгімен
алынған шама бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығына жол
берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзіміді
жоспарымен белгіленеді.
Ал мемлекеттің қарыздарына келетін болсақ – Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ҚР-ның Үкіметінің, ҚР-сы
Ұлттық банкінің борышына немесе мәслихаттардың шешімдерімен жергілікті
атқарушы органдарының борышына жатқызылған алынған (игерілген) және
өтелмеген мемлекеттің қарыздардың белгілі бір күнге сомасы болып табылады.
Ал енді осы айтылған және де мемлекеттік бюджеттің басқа да қырларына
толығырақ тоқтала кетейік.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет тапшылығы және бюджет
балансы
1.1Бюджет тапшылығы мен оның қаржыландыру көздері
Республикалық бюджеттің және жергілікті бюджеттердің
теңгерушілігі бюджеттік қаржы саясатының басты мақсаты. Сондықтан мемлекет
қашанда болмаса бюджеттің теңгерушілікті болуына тырысады, яғни тапшылықсыз
бюджетке. Бюджеттік тапшылық маңында мемлекеттік шығыстардың мемлекеттік
кірістерден арттыруы қарастырылады. Негізінде тұрақты бюджеттік тапшылық
болатын бұндай арттыру әртүрлі жолдармен өтелуі тиіс, яғни немесе заемдарды
жұмылдыру арқылы немесе ақшалық эмиссия арқылы немесе мемлекеттік
шығыстарды қысқарту арқылы, немесе салық салуды ұлғайту арқылы.
Бюджетті құру, бекіту және атқару барысы бюджеттің тапшылығын
қысқарту қажеттілікке негізделеді, яғни бюджетте қарастырылған шығыстар
мөлшері бюджет кірістерінің сомасы мен оның тапшылығын қаржыландыратын
көздер түсімдеріне сәйкестік болуы тиіс. Бірақ бюджет кірістері мен
шығыстарының қашанда теңдік болуы мүмкін емес, сондай-ақ тапшылық болса да
ол төтенше жағдай деп есептелмейді, себебі бүкіл әлемде бюджеттік
тапшылықсыз бір де бір ел жоқ.
Сонымен бірге бюджеттік тапшылық пайда болуының негізін айыру
қажет, себебі ол, негізі әртүрлі болады және тапшылықтың сапасын
сипаттайды. Тапшылықтың шығуы, біріншіден, ел экономикасының әрі қарай
дамуын мемлекеттік реттеу үшін оған бірталай мемлекеттік салымдар жасау
қажеттілігіне байланысты болуы мүмкін. Екіншіден, тапшылық төтенше
жағдайлар себебінен шығуы мүмкін, үшіншіден, экономиканың дағдарысына
байланысты, яғни экономика құлауда, ал үкіметтің қаржы ахуалын басқаруға
қабілеті жоқ болған жағдайда.
Бюджеттік тапшылық (профицит) мынадай жағдайда орын алады –
егерде бюджет шығыстарының (кірістерінің) мөлшері оның кірістері
(шығыстары) көлемінен басым болса. Ал тапшылықтың (профициттің) мөлшері
таза бюджеттік несиелеуді минустап алынған операциялық қалдық пен қаржы
активтері бойынша операциялар қалдығы араларындағы айырмашылық ретінде
анықталады және оның шекті мүмкін мөлшері елдің әлеуметті-экономикалық
дамуының орташа мерзімді жоспарында белгіленеді. Бұл айырмашылық
қаржыландырылуы тиіс, яғни бюджет тапшылығын өтеуді қамтамасыз ету үшін
құралдар қарастыру қажет. Осы мақсаттар үшін Үкімет шеттен алып пайдалануды
іске асырады, қайсысы профицит болған жағдайда Үкіметтік борышты қайта
қаржыландыруға пайдалануы мүмкін. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі
алынған заемдар сомасы мен бюджет құралдарының қозғалысы қосындысының
заемдар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан арттыруы мөлшерінде
тағайындалады.
Бюджеттің теңгерушілігі бюджеттік тапшылықты өтеуді әр түрлі
әдістер пайдалану негізінде іске асырылады. Бұл арада бюджеттік тапшылықты
өтеудің негізгі көзі болып ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану болып
табылады, себебі басқа әдісті – ақша эмиссиясын пайдалану инфлияциялық
процестерді дамытуға алып келуі мүмкін. Мемлекеттік шеттен алып пайдалану
республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылықтарын қаржыландыру
мақсатта ғана әрекеттенеді және Бюджеттік кодексте белгіленген нормамен
шектеледі.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері ішкі және сыртқы көздерге
бөлінеді. Мемлекеттік құнды қағаздар эмиссиясы мен мемлекеттік мүлікті
жекешелендіруден түскен табыс, мемлекеттік кірістердің шығыстардан арттыруы
мен мемлекеттік заемдар облигацияларын өткізуден түскен сомалар және
қазынашылық міндеттемелер қаржыландырудың ішкі көздеріне жатады. Ал
халқаралық қаржы ұйымдары ұсынатын сыртқы несиелерді бюджеттік тапшылықты
қаржыландыру үшін жұмылдыру сыртқы көздерге жатады. Үкімет және жергілікті
атқарушы органдар бюджеттер тапшылығын қаржыландыру үшін жұмылдырылатын
ішкі және сырқы көздер заемдық құралдар топтарына жіктеледі.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар тиісті бюджеттердің
тапшылығын өтеу үшін пайдаланылатын заемдық құралдардың ішкі көздері үш
топқа бөлінеді. Мысалы, мемлекеттік құнды қағаздар тобы мемлекеттік қысқа
мерзімді облигациялар тобына, құралдар жұмылдыру тобына және берешектің
негізгі сомасын өтеу тобына бөлінеді. Республикалық бюджеттің тапшылығын
өтеу үшін Үкімет пайдаланатын заемдық құралдардың сыртқы көздері екі топқа
бөлінеді. Мысалы, халықаралық қаржы ұйымдардың несиелері несиелер алу
тобына және қарыздың негізгі сомасын өтеу тобына бөлінеді.
Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни
баланстаған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі
мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай күйіне
жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін
түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін
кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын профицитті құрайды. Ол
мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың
(республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін.
Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан
бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы
органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты
ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға
пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл құжаттарды пайдалану
туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден
асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едеуір
әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге
қатысты 2-3% мөлшерлі саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік
қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама
жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едеуір және созылмалы тапшылығы кезінде
қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни
тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамыз етіледі, бұл
инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның
құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің
төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның
болуы себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаның шектен тыс шығуы;
4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін
едеуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы;
5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару
шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) көлеңкелі экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) Ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық екі еседен жылдамырақ
төмендейді)
Тапшылықты қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын
іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлеуметтік-экономикалық
салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы
айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде
мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге
өткізу арқылы тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің
резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында
айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
2. Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары
бар компаниялар, банктер және тағы басқалар.
3. Шелелдік қарыздар. Оларды дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық
қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге
өзінің активтерін сатады.
Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың
әдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға,
бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы
шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу
және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай
жасайды, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға
негізделеді:
1.Жыл сайынғы теңестірілетін бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін
фискалдық саясаттың мақсаты деп есептеледі. Алайда бюджеттің мұндай жай
күйі фискалдық саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын
азайтады. Бюджетті теңгеру тіпті экономикалық циклдың аутқуын ұлғайтуы
мүмкін. Жұмыссыздықтың болу және халықтың табысының құлдырауы кезінде
салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру
үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруға, не мемлекеттің
шығыстарын қысқарту, не бұл екі әрекетті де жүзеге асыру қажет.
Қортындысы жиынтық сұранымының қысқаруы және өндірістік одан сайын
құлдырауы болып табылады. Бюджетті теңгеру саясаты сонымен бірге
инфляцияны үдету мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың
артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. бюджеттің артығын жою
үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың
мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл
екі шаралардың ұштастырылуын пайдалануы тиіс.
2.Цикілдік негізде теңгерілетін бюджет: Бұл тұжырымдамаға сәйкес
бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдің барысында теңгеріледі.
Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай
отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі
өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады,
ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды
өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және
экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен
өрлеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойыша бірдей болмайтындығы, мұның өзі
бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз
буыны болып табылады.
3. Қаржының функциялық тұжырымдамасының – мақсаты
макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды
қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл
тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады,
бюджет тапшылықтар мен мемлекеттік қарыздардың да, бюджет артығының
болуына да рұқсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық
жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал
микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, бұның
нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан
басқа, мемлекет салықтармен іс-жүзінде шексіз айла-шарқы жасай алады және
бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге
тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты қалыпты экономика
үшін қауіпті емес деп шамаланады.
Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында теңгерілетін
бюджеттің тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының
жай күйін есепке алатын, бюджет тапшылығын қалыптасуына бақылауды,
мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды
қамтамасыз ететін қаржылық шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін
қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.
Бюджет тапшылығы (профициті) – таза бюджеттік несие беруді және
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп
тастағандағы операциялық сальдоға тең.
Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң белгімен
алынған шама бюджет профициті болып табылады.
Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-
экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру – қарыз алу және бюджет
қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз
ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары
қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі
ретінде белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және
бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.
Бюджет профицитін пайдалану – қарыздар бойынша негігі борышты
өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос
қалдықтарын жұмсау. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу
сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы
сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.
Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді
және бюджет профицитінің шамасына сай келеді.
1.2Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрлымы
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша
қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды
жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттік түсімдер
кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін
сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның
шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу,
қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және
шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің
құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және
салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
айқындалады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрлымы мына бөлімдерден
тұрады:
1) кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі
капиталды сатудан түскен түсімдер; ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік несие беру: бюджеттік несиелер; бюджеттік
несиелерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо: қаржы
активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан
түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар
түсімі; қарыздарды өтеу; бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы;
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді
түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттік кірістер – салықтық және басқа міндетті төлемдер
(салықтар бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер,
мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және
мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге
тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін
міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа,
бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін
түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті,
мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер
учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер
пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан
түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің – түсімдері бұл бюджеттің бір
деңгейінен екіншісіне ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің
түсімдері.
Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысанала
мақсаты болмайды.
Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне сәйкес республикалық
бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:
- салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті төлемдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
- ресми трансферттердің түсімдері;
Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен несиелерді өтеуден,
республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік
қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.
Бюджеттік шығындар – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет
қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет түрлері мынандай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты
шығындар;
3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясаты іске
асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына
арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін
қызметкерлерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай
төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне
сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты
шығындар;
5) заңды тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық
бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және
қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ
Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді
орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Бюджеттің шығыстары – бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын
негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету;
- қорғаныс, қоғамдағы тәртіп, қауіпсіздік;
- құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі;
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;
- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер
қатынастары;
- өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрлысы мен қызметі;
- көлік және коммуникациялар;
- экономикалық қызметті реттеу;
- басқада бағыттар;
Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті
ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің
экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады.

2.1 Мемлекеттік қарыздардың пайда болуы
Мемлекеттік несие қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш яғни
қарыз түзіледі.
Мемлекеттік қарыз – бұл аланыған және белгілі бір күнге өтелмеген
мемлекеттік қарыздардың сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса).
Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірістің және қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының
бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты
мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру
рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік
борыш мемлекеттің ішкі және сыртқы борышы болып бөлінеді. Сондай-ақ күрделі
және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.
Күрделі мемлекеттік борыш – деп мемлекеттің шығарылған және
өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер
бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады.
Ағымдағы борыш – бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері
бойынша несиегерлерге табыс төлеу және мерзімді келген міндеттемелерді өтеу
жөніндегі шығыстар.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей
Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған
кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Егер, борышты несиегерлердің түрлері
(типтері) бойынша өзара бөліске салсақ көбінесе Дүниежүзілік банкке,
Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспортты қаржыландыратын
ұйымдарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz