Қазақстан Республикасындағы банк ісін ұйымдастыру


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 108 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

  1. Банк жүйесінін қүрылымы . . . 5
  2. ҚР Ұлттық банкі - банктердің банкі . . . 7
  3. Ақша-несие саясаты . . . 14
  4. Ашық нарықтағы операциялар . . . 17
  5. Қазақстан Республикасындағы Банк ісін ұйымдастыру . . . 23
  6. Банк қызметін реттеу әдістері . . . 33

PR жобасы . . . 106

Қорытынды . . . 107

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 108

Кіріспе

Банкілер - ақшалай қаражат пен қорлануды шоғырландыратын, несие беретін, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен осы айырысуды делдалдықты жүзеге асыратын, ақша мен бағалы қағаздар шығаратын алтынмен, шетелдік валютамен операцияларды және басқа міндеттерді жүзеге асыратын мекеме. Сонымен қатар банк- қоғамдық пікір мен көпшіліктің іскерлік қарым-қатынасынан туындайтын ең нәзік және сезімтал институт болып табылады. Банктік ҚБ-ң ерекшелігі банк өзінің қызмет шарттарымен ерекшелінеді.

Олар жаратылысынан заттай әлпеті жоқ, бұл жерде ұсыныс қызмет олардың банк маркасы алға жылжығанда ғана жүзеге асады.

Банктік ҚБ-ң басты міндеті - банк стратегиясының алға жылжу жағдайын жүзеге асырады. Олардың іскерлік әдістері мен міндеттемелері баяғы бір мәселе емес, содан басқа нақты мақсатын көрсетеді және оның жетістіктерге жетуіне қандай құралдарды пайдаланғанын анық түрде көрсетуі тиіс. Әлемдік тәжірибе банк жүйесінің дамуын көрсетеді. Банк дамуындағы жеке сұрақтарды негізінен ешбір қазбалаусыз шешуге болмайды және оның стратегиялық қызметі ұзақ уақыт бойы маңызды шарттар қатарынан шықпауы үшін - банк ауқымы, оның құрамындағы иелер, әр түрлі нарықтағы операциялар мінездемелері және т. б. мынандай жағдайда жоғарғы жетістіктерге жете алады: қаржыгерлер мен мамандар күшімен ұйымдастырылған сауатты шешімі сыртқы ортаға жағымды бейнесін қалыптастыру шарты іске асырылмауы тиісті.

Банк жүйесінін қүрылымы

Елімізде қабылдамған банктік заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.

Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдық тарихы бар. Бүл жүйенін қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын смес. Бүл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу кажеттігі ұсынылады.

Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы банк жүйесі туралы мәліметтер 1-кестеде беріледі. [5]

І-кесте

Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі туралы мәліметтер кезеңнін соңына

Несие жүйесінің элементтері: Несие жүйесінің элементтері
12. 2000: 12. 2000
12. 2001: 12. 2001
12. 2002: 12. 2002
06. 2003: 06. 2003
Несие жүйесінің элементтері: Екінші деңгейдегі банктердің барлығы:
12. 2000:

48

11

12. 2001: 44
12. 2002: 38
06. 2003: 35
Несие жүйесінің элементтері: оның ішінде:
12. 2000:
12. 2001:
12. 2002:
06. 2003:
Несие жүйесінің элементтері: мемлекеттік
12. 2000: 1
12. 2001: 2
12. 2002: 2
06. 2003: 2
Несие жүйесінің элементтері: мемлекет аралық
12. 2000: 1
12. 2001: 1
12. 2002: -
06. 2003: -
Несие жүйесінің элементтері: Шетел капиталының
12. 2000:
12. 2001:
12. 2002:
06. 2003:
Несие жүйесінің элементтері: қатысуымен.
12. 2000: 16
12. 2001: 16
12. 2002: 17
06. 2003: 16
Несие жүйесінің элементтері: оның Ішінде:
12. 2000:
12. 2001:
12. 2002:
06. 2003:
Несие жүйесінің элементтері: - 100%/50%-дан аса,
12. 2000: 9/7
12. 2001: 9/6
12. 2002: 9/6
06. 2003: 10/4
Несие жүйесінің элементтері: оның ішінде
12. 2000: 12
12. 2001: 11
12. 2002: 11
06. 2003: 10
Несие жүйесінің элементтері: еншілес банктер
12. 2000:
12. 2001:
12. 2002:
06. 2003:

* Сандық мәліметтер ҚҰБ-нің статистикалық бюллетенінен алынған N6 2003 маусым.

"ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңы. 31. 08. 1995

1-кестеден көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін (06. 2003 ж. ) қысқарды. Жалпы банктер қатарында мемлекеттік банктер (мемлекеттің 100% қатысуымен қүрылған) саны - 2. Қазақстанның банктік секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны - 16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады.

ҚР Ұлттық банкі - банктердің банкі

Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жұргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.

Ұлттық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлык, кассалық резевтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе асыра отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады. Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдык, бағалықтардан тұратын муліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі келесідей қүқылық формалары кездеседі:

- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан) ;

- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда) ;

- орталық банктің функцияларын біртүтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та) .

АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады.

Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиеслі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

2004 жылдан бастап, "Ұлттық банкі туралы" ҚР заңына жасалған соңғы толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті - еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сол сияқты, Үлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі;

- мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;

- төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

- қаржы жүйесінін тұрақтылығын қамтамысыз ету;

- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:

- меншікті қаражат есебінен;

- басқа банктерден тартылған және Үлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай каражаттар есебінен;

- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;

- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

Ұлттық, банктің басқару құрылымы.

Қазақстанның Ұлттық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі біртүтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді.

Басқарма және Басқарма болып негізгі қызметтер Ұлттық банктің басқару органына: директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.

ҚҰБ-нің жоғары басқару органы табылады және басқармаға келесідей жүктеледі:

- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;

- банк қызметтіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;

- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;

- банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;

- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;

- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;

- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау

және Президенттің бекітуіне беру;

- ҚҰБ-нің жылдық балансын және табыс мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;

- ҚҰБ туралы нүсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік қүқықтық актілерді бекіту;

- банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;

- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;

- ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да үйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;

- Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;

- бухгалтерлік есептін. қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;

Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің Басқармасының қүрамына:

- ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалары,

- ҚР Президентінен бір өкіл;

- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.

Ұлттық банктің оперативтік басқару органы директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.

Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:

- Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрғасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;

- ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ терағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.

- ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Прзеиденті бекітеді;

- Ұлттық валютаның - теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді;

- ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сүрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отыруы.

Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жүмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілсттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.

Ұлттық банктің функциональдық қүрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілетіліктері мен ұйымдары кіреді.

Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес басқармалары бар:

• зерттеу және статистика департаменті;

• шетел операциялары департаменті;

• ішкі операциялар басқармасы;

• монетарлық операциялар департаменті

• сыртқы байланыстар бөлімі;

• заң қызметі департаменті;

• әкімшілік департаменті;

• қолма-қол ақшалармен жүмыс женіндегі басқарма;

• инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;

• бухгалтерлік есеп департаменті;

• есептеу жүмыс орталықтарының департаменті;

• операциондық басқарма;

• төлем жүйесі басқарамсы;

• бақылау және аудит департаменті;

• персоналдармен жүмыс жасау басқармасы;

• халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;

• мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.

Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына мынадай дербес белімшелер де кіреді:

• Мемлекеттік сақтау қоймасы;

• Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттігі;

• Банкноттық фабрика;

• Монета сарайы;

• Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) ;

• Қазақстан ипотекалык компаниясы;

• Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры;

• Процессинттік орталық;

• Актуарлық орталық;

• Банктік сервистік бюро;

• Ұлттық ақпараттар технологиясы;

• Автобаза.

2004 жыддан бастап, Үкіметтің қаулысымен Ұлттық банктің құрылымынан қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметіне бақылау және қадағалау жөніндегі Қаржы агенттігі бөлініп шықты.

Оның қүрамына: банктің қадағалау, бағалы қағаздар нарығын реттеу және сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу департаменттері кіреді.

Осындай өзгерістерге сәйкес Ұлттық банктің атқаратын қызметтері де қысқарып, яғни тек қана классикалық қызметтер қалды.

Ұлттық банк мынадай классикалық қызметерді атқарады:

- ақшаны эмиссялау;

- ақша-несие саясатын жүргізу;

- төлем жүйесін үйымдастыру;

- төлем балансын құру;

- валюталық реттеу және валюталық бақылау. Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:

- бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;

- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

- депозиттік ссртификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады жөне сатады.

- депозиттік жөне есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да қүндылықтарды сақтауға жөне басқаруға қабылдайды;

- қаржы қүралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

- қажет кезінде банктерде жөне қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

- чектерді жазып вексельдерді береді;

- жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.

Ақша-несие саясаты

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты - ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен

басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтама-сыз етуді көздейді.

Ақша-несие саясаты - бул айналыстагы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге багытталган шаралар жиынтыеы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады: І. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялык ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің нвсиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кецейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесініц тәмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жыддардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

• Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;

• Ең төменгі міндетті резевтер нормасын белгілеу;

• мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашык, нарықтағы операцияларды жүргізу;

• банктерге және үкіметке несиелер беру;

• валюталык, нарықта интервенциялау;

• кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған қүралдардың ішінде іс-жүзінде қодданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

- ресми есептік (дисконттык) мөлшерлемесі;

- РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

- "овернайт " займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

- күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттык} мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сүраныс пен үсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мелшерлеме жыддық пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері - жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мелшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мелшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

"Овернайт" заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі -Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ш корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды 'дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері -Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Ең төменгі резервтік талаптар. Ақшалай нарықтағы тепе-тендікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар ашық нарықтагы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процессін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген "ҚР коммерциялық кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы" нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды.

Ашық нарықтағы операциялар

Ашық нарықтағы операциялар - бұл Ұлттық банктің айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің етімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы өдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мөні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссия-лауын шектеуді біддіреді.

Ұлттық банк нарықта бағалы кағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Несиелік операциялар Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банктің қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджеттің тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен берілетін несиелерді беру және көсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын қарастыру болған жоқ. Ұлттық банктін несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкарачық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.

Валюталык, интервенция

Ұлттық банктің валюталық интервенциясы - деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенция дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтап келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын-ала анықтау тәжірибесіне көшті жөне әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк псн ҚР Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсет-кіштерге көшу.

Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындагы саясатына толық жауап береді жөне сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенемін қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфляцияның мақсатты керсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық банктің тәуелсіздігі, Орталық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың ашықтығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялар
Банк ісі, банктердің пайда болуы, банктердің негізгі операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы
Қазақстандағы банктік жүйе
Ұлттық банк: оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту
Республикасында дамуы
Коммерциялық банк: табиғаты және ерекшеліктері
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz