“Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау аясындағы заңнамалардың орындалуы туралы”


“Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау аясындағы заңнамалардың орындалуы туралы”республикалық семинар-ке
Балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында осы санаттағы балалардың құқықтарын қорғау саласына қажетті нормативтік-құқықтық база жасалынды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір бала отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқылы. Отбасы - қоғамның негізгі бөлшегі болып табылады, адам баласы отбасында ғана ананың аялы алақанын, махаббатын сезінеді, қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады, өз халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін бойына сіңіреді, дүниетанымы мен діни көзқарастары қалыптасады, яғни отбасы адамның белгілі бір қоғам мен өркениеттің бір бөлшегі ретінде өмірден өз орнын табуына ықпал етеді. Сондықтан да мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, әр баланың отбасында тәрбиелену мүмкіндігін қамтамасыз етуге барынша жағдай жасау қажет. Осы заманғы әлемдік қауымдастықтың дамуы мемлекеттер арасында шекараның ашықтығын, әр түрлі елдердегі адамдардың, ұлт өкілдерінің, этникалық топтардың бір-бірімен еркін қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, соның арқасында біздің елімізге деген қызығушылық артуда, соның бірі - халықаралық бала асырап алу мәселесі. Дегенмен, бүгінде республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 205 мекемеде 17486 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің 26 балалар үйінде - 2134 бала, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 19 мүгедек балалар үйінде - 1249 бала, білім беру жүйесінің 160 ұйымында - 14103 бала. Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңы қабылданған күннен бастап (1998 жылдың желтоқсан айы), 30 мыңнан астам бала асырап алынды. 20 мыңнан астамы - Қазақстан Республикасы азаматтарына, 7 мыңнан астамы - шетелдік азаматтарға, оның ішінде 400-ге жуығы - Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде тұратын шетелдік туыстарына берілді. Қазақстан Республикасы азаматтарына баланы асырап алуда басымдылық беріледі, яғни олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мәртебесіне ие болғаннан бастап баланы асырап алуға құқығы бар. Халықаралық бала асырап алу баланың отбасында тәрбиелену құқығын қорғау тәсілі ретінде Қазақстанда да дамып келеді. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын қазақстандық азаматтарға немесе азаматтығына қарамастан балалардың туыстарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайда ғана шетелдіктердің асырап алуына рұқсат етіледі. Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, семинарға қатысушылар соңғы жылдары қазақстандық азаматтардың бала асырап алуы 21, 9 пайызға өсіп, халықаралық бала асырап алу 17, 1 пайызға азаюы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде жағдайдың жақсаруы мемлекетіміздің демографиялық проблемаларын шешудің бір жолы екенін атап өту керек деп есептейді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды әрі қарай жетілдіру, облыстардың, Астана, Алматы қалалары қорғаншылық және қамқоршылық органдарының балалардың құқықтарын қорғау аясындағы заңнамаларды сақтауды бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында республикалық семинар-кеңестің қатысушылары келесі ұсынымдарды қабылдады:
1. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім департаменттері:
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыруға қажетті шараларды қолдану;
бала асырап алуды қалайтын қазақстандық отбасыларды анықтау жұмыстарын жалғастыру;
отбасы үлгісіндегі балалар үйінің санын арттыру және аталған отбасыларды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат құру;
дер кезінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебін жүргізу және балалар туралы ақпаратты тек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бастапқы және аймақтық деректер банкісін жасау үшін ғана пайдалану;
уақытылы және толық көлемде асырап алынуға жататын балалар туралы нақты сауалнамалық мәліметтерді Республикалық деректер банкісіне жіберу;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, үнемі аталған санаттағы балалардың әлеуметтік мәртебесін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізу (ата-аналардың ата-аналық құқықтарын қалпына келтіру, хабар-ошарсыз кеткен ата-аналарды қайтыс болды деп тану т. б. ), дер кезінде республикалық деректер банкісіне өзгерістер енгізіп отыру;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің әкімшілігі тарапынан балалардың саны және олар туралы мәліметтерді тарату, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың балаларды суретке және бейнетаспаға түсіру жағдайларының алдын алу шараларын күшейту;
кездейсоқ өзгеру, жойылып кету немесе жоғалу, ұрлану, жалған жасалу немесе бұрмалануды болдырмау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпараттың құпиялылығын үнемі қамтамасыз ету;
Қазақстан аумағындағы бала асырап алу мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың басқа да нысандарын дамыту жұмыстарына қоғамдық бастамаларды тарту және некенің артықшылығын, отбасы мен көп балалы отбасы құндылықтарын насихаттайтын әлеуметтік жарнамалармен барынша қамтамасыз ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану;
қазақстандық азаматтарға бала асырап алуда басымдылық беру үшін қажетті жағдайлар жасау;
қорғаншылық және қамқоршылық органдары, құқық қорғау органдары мен прокуратураның отбасыны нығайту, оның ішінде проблемалы отбасыларға көмек көрсету және баланың өз отбасын сақтау мүмкіндігін қамтамасыз етуге байланысты өзара іс-қимылын жақсарту;
мемлекет ішінде баланы отбасына орналастыру мүмкіндігі таусылған жағдайда ғана мәселені халықаралық бала асырап алудың пайдасына шешу;
баланы асырап алғанан кейінгі есептердің, қорытынды ақпараттардың Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне 2008 жылдың 1 наурызына дейін тапсырылуын тексеруден өткізу;
Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде тұратын шетелдік туыстарының, сондай-ақ 1993 жылы Қазақстан Республикасы ратификациялаған “Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы” Минск Конвенциясы бойынша ТМД елдері азаматтарының бала асырап алуы рәсіміне қорғаншылық және қамқоршылық органдары өкілдерінің міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың баламалы нысандары жөніндегі есепті дер кезінде Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жіберу (2006 жылғы 16 наурыздағы №12-1-3-2/50 хат) ;
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Комитеттің құқықтық статистика және арнайы есебі бойынша территориалдық органдарына дер кезінде №1-У формалы статистикалық есептерді тапсыру (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Бас Прокуратурасының бірлескен бұйрығына сәйкес) .
2. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының балалардың құқықтарын қорғау департаменттері:
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау аясындағы заңнамалардың орындалуы мәселелеріне байланысты семинар-кеңес өткізіу;
жүйелі түрде бөбектер үйі, балалар үйі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттары басшыларының балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өз міндеттерін орындауын жүйелі түрде қадағалап отыру;
мамандарды (оның ішінде интернаттық мекемелердің қызметкерлерін) отбасы құлдырауының алдын алу мен туған отбасыларды қайта табыстырудың әдістері мен технологияларына үйретудің бағдарламасын әзірлеу, осындай қызметтің әлеуметтік стандарттары мен тиісті оқу бағдарламаларын жасау жөнінде ұсыныстар енгізу;
әр өңірде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен балалар туралы деректер банкісін құру;
әлеуметтік серіктестікті дамыту, тұрмысы қолайсыз отбасылар және балалармен жүргізілетін жұмыстарға қоғамдық бастамаларды тарту бағдарламасын әзірлеу.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті:
мүдделі министрліктер және ведомстволармен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жұмысын жалғастыру;
отбасы үлгісіндегі балалар үйінің санын арттыру және аталған отбасыларды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат құру жөнінде жұмыстар жүргізу.
құқық қорғау және сот органдары өкілдерімен бірлесе отырып, бала асырап алу мәселелерімен айналысатын мүдделі органдардың мамандарына арналған оқыту семинар-кеңесін өткізу (Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары) .
Іздеу нәтижелері: “Жетім балалар туралы материалдар”
Жетімін жылатпаған ел едік
«Жетімді жылатудан қатты сақтаныңдар, өйткені, түнде адамдар ұйықтап жатқанда олардың зары жүреді, ал таң сәріде Раббысына көтеріледі де жылатушы үстінен шағым жасайды. Сонда Алла тағала жылатушының тиісті жазасын береді. Сондықтан жетімнің жылауынан мейлінше сақтаныңдар». Пайғамбар (с. ғ. с. ) хадисі, міне, осылай дейді. Бірі өмір есігін аша салысымен-ақ «тастанды» атанған, енді бірі ата-анасының аялы алақаны мен қамқорлығынсыз қалған [ . . . ]
2 наурыз 2013 Басты мақалалар, Замана Толығымен »
Қазыналы өңір ертеңіне сеніммен қарайды
Атырау өңірі туралы әңгіме қозғалса, алдымен жер астындағы табиғи байлықтың бірі - мұнай-газ өнеркәсібінің өркен жаюы тіл ұшына оралады. Өйткені, қазақ жеріндегі «қара алтын» қайнарының алғашқы тамшысы дәл осы өңірде алынған. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың тұрғындармен есепті кездесуінде де осы мәселелер негізгі әңгіме арқауына айналды. Шындығын айту қажет, жыл ішінде мұнай өндіру көлемі азайды. Тек [ . . . ]
27 ақпан 2013 Билік Толығымен »
Ботагөз
Жұмбақ жалау Кезекті почтаны ақтарып отырғанымызда арасында кеңестік заманнан соң ұмыт қалған «авиа» конверт жүрді. Қазақстандікі емес. Той-томалақтың асабасын былай қойғанда әріптестеріміз аты мен затынан жиі шатасатын мекеме мен қызметімізді орысша толық және қатесіз көрсетіпті. Бәрі тасқа басылмай, қолмен жазылған. Мектептің оқушысы жазғандай. Салып жіберушінің мекенжайы Ресейдің сонау Томск облысынан болып шықты. Стрежевой қаласынан. Ондай [ . . . ]
27 ақпан 2013 "ЕТЖЕҢДІ", Басты мақалалар Толығымен »
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1659
2012 жылғы 21 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды [ . . . ]
23 ақпан 2013 Ресми бөлім Толығымен »
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы №620
2012 жылғы 21 қараша Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» Заңның 21-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» Заңның 19-бабына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 9-бабының 1-тармағына, «Білім туралы» Заңға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 [ . . . ]
16 ақпан 2013 Ресми бөлім Толығымен »
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының бұйрығы №590
2012 жыл 20 желтоқсан, Астана қаласы Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 10-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан [ . . . ]
23 қаңтар 2013 Ресми бөлім Толығымен »
Шарайна
Актерге азаматтық беретін болды Ресей президенті Владимир Путин танымал актер Жерар Депардьеге Ресей азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жөнінде Кремльдің сайтында хабарланған. Сайтта хабарлағанындай, актерге азаматтық ел Конституциясының 89-бабына сәйкес беріліп отыр. Осы бапта президент «Ресей Федерациясының азаматтығын және саяси баспана беру мәселелерін шешетіндігі» көрсетілген. Жерар Депардье 2012 жылғы желтоқсанның басында Франция президенті [ . . . ]
4 қаңтар 2013 Әлем Толығымен »
«Біз болашаққа сеніммен қараймыз»
Кеше ғана тарих қойнауына ұзатып салған 2012 жыл - ел шежіресінде ерекше орын алатын жыл. Бұл жылда біз, бүкіл дүниені дағдарыс буып тұрғанына қарамастан, өзіміздің жасампаздық жолымызды жемісті жалғастырдық, экономикамыз дамып, халықтың әл-ауқаты арта түсті. Бұл жылда біздің спортшыларымыз Айды аспанға шығарғандай ерен көрсеткішке қол жеткізді - Лондон Олимпиадасында жеті бірдей алтын медаль тағынып, жалпыкомандалық [ . . . ]
1 қаңтар 2013 Басты мақалалар Толығымен »
«Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Мазмұны І. Қалыптасқан Қазақстан - мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы 1. Қуатты да табысты мемлекет 2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі 3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың [ . . . ]
15 желтоқсан 2012 Басты мақалалар, Замана Толығымен »
Бюджет қабылданды. Іске сәт!
Парламентте еліміздің басты қаржылық құжаты - «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң қызу талқылаудан өтіп, қабылданды. 2013 жылы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, атап айтқанда ішкі жалпы өнімнің нақты өсуі - 6 пайыз, 2014 жылы - 6, 1 пайыз, 2015 жылы - 7, 6 пайыз, ал инфляция деңгейі осы жылдары 6, 0 - 8, 0 пайыз шеңберінде болады деп жоспарлануда. [ . . . ]
14 желтоқсан 2012 Басты мақалалар, Саясат Толығымен »
Неміс байларының бірі көз жұмды
Саяси күрес ережелерін атады Ресей президенті Владимир Путин Федералды жиналысқа жолдауында өз саясатының негізгі қағидаттарын атап көрсетті. Ол үнқатысу заң аясында іс-қимыл танытатын саяси күштермен ғана мүмкін екенін мәлімдеді. Сөйтіп, мемлекет барлық партияларға БАҚ-тарға теңдей қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылатын болады. «Саяси бәсекелестік - ел үшін сөзсіз қажет нәрсе. Сонымен бір мезгілде, бізге ізгілікті саяси бәсекелестік [ . . . ]
13 желтоқсан 2012 Әлем Толығымен »
Қасиетімізді қастерлейік, халайық
Қоғам ауысқан сайын оның өзіне тән құндылықтар мен тәрбие жолдары өзгеретіні белгілі. Қазақ халқы өзіне лайық ұрпақ өсіруді, оның бойына адалдық, тазалық, қоғамның болашағына еңбек етуге құштарлық сияқты мінез-құлықты дарытуды, ата-ана мен дәстүрді сыйлауды әуелден-ақ өзіне мұрат тұтқан. Алайда өзгеріп жатқан заман, қоғам жаңалықтары жас ұрпаққа әр қилы ықпал ететіні, содан тәрбиенің міндеттері де күрделене [ . . . ]
9 желтоқсан 2012 Жаңалықтар, Ретро Толығымен »
Мектеп формасы балалардың теңдігін және бірыңғайлығын қамтамасыз етеді
Қазіргі кезде Қазақстандағы оқушылардың жалпы саны 2, 5 млн. баланы құрайды. Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық мақаласында балалардың, жасөспірімдер мен жастардың рухани-парасаттылық тәрбиесінің тәсілдері жеткіліксіздігін атап өтті. Тәрбие, тәртіпті көтеру, оқуға ынталандыру, балалардың тең құқығын сақтау құралдарының бірі киім үлгісіне талабы болып табылады. Мектеп формасы Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Канада сияқты елдерде кеңінен тараған. Сингапур, Жапония және Түркияда [ . . . ]
8 желтоқсан 2012 Парламент Толығымен »
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығы № 370
2012 жылғы 23 тамыз Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау Қағидасын бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 9-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қосымша берілген «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына» мемлекеттік мекемесіне қабылдау Қағидасы бекітілсін. 2. [ . . . ]
8 желтоқсан 2012 Ресми бөлім Толығымен »
Сары “қазақ”
1. Александр Сергеев 1998 жылы еліміздің тәуелсіздік алғанына жеті жыл толу қарсаңында Қазақстан Жазушылар одағында айта қаларлықтай бір салтанат болып өтті. …Ұлы Отан соғысында жаумен күресте екі мәрте Кеңес Одағы батыры атағын алған ұшқыш Талғат Бигелдинов ерлігіне кім қызықпаған, кімнің ол жөнінде қалам тартқысы келмеген. Талайлар жазған. Алайда оларға оқырман қауымның да, жә, батырдың өзінің [ . . . ]
4 желтоқсан 2012 Жаңалықтар, Ретро Толығымен »
Мұзтау
Көңілім сенген соңғы жылдарғы бір шындық - Мұзтаудың қадіріне біздің қазақ әлі күнге жете қоймапты. Сүтпен еніп, сүйекке сіңген ежелгі енжарлау мінезіміз бұл ретте де өз әсерін тигізген сияқты… Ел жақтағы “менмін” деген азаматтардың қайсыбірінен Мұзтау туралы сұрай қалсаң: “е, көріп жүрміз ғойдан” әріге аспаған. -Жайлауда малда жүргенде анадайда жарқырап жататын, -десті елдің ақсақал үлкендері. -Бірде [ . . . ]
18 қараша 2012 Жаңалықтар, Ретро Толығымен »
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы №561
2012 жылғы 8 тамыз, Астана қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі 21-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық [ . . . ]
17 қараша 2012 Ресми бөлім Толығымен »
Ғұлама
Тарих тағылымдары Адамзаттың шынайы рухани тірегі имандылыққа негізделгенін бүгінгі жаһандану деген қым-қуытқа толы өмір айқын көрсетіп отыр десек, шындықты жасырғанымыз да, асыра бағалағанымыз да емес. Өйткені, кешегі атеистік қоғамның жұртты имандылықтан айырып, адамдардың рухани азғанына баршамыз куәміз. Кейбіреулер: «Қазақта дін болмаған, біз көшпенді едік», десе, екінші бір топ тағы бір уәж айтып, ат төбеліндей халқымызды: [ . . . ]
31 қазан 2012 "ЕТЖЕҢДІ", Басты мақалалар Толығымен »
Бірлескен бұйрық №447, №255
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 24 шілде №447 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 21 тамыз №255 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ «Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел [ . . . ]
24 қазан 2012 Ресми бөлім Толығымен »
Өндірісі өрлеген, өмірі өркендеген өлке
Аймақтың құрылғанына үш жылдан соң 80 жыл толады. БОАК президиумының 1936 жылғы 28 шілдедегі қаулысы бойынша Қазақстанда жаңадан отау тіккен аймақтар ішіне Қарағанды облысы да кірді. Құрамына Ақмола, Баянауыл, Вишнев, Еркіншілік, Жаңаарқа, Қорғалжын, Қарсақбай, Қоңырат, Қу, Новочеркасск, Нұра, Тельман, яғни 14 аудан енген ұлан-байтақ өңірдің аумағы сол кезде Балқаштан Ұлытауға, Баянауылдан Ерейментауға дейін ұласқан Сарыарқаның сауырын [ . . . ]
19 қазан 2012 Басты мақалалар Толығымен »
Жасампаздық жолындағы Жамбыл
Жамбыл облысы 1939 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы - Тараз қаласы. Өзінің 2000 жылдық тарихында қилы-қилы дәуірлерді бастан кешірген көне шаһардың аты Талас, Янги Талас, Тараз, Әулиеата, Мирзоян және Жамбыл болып, талай рет өзгеріске ұшыраған. Қазақ елі КСРО империясының бұғауынан босап, дербес мемлекетке айналғаннан кейін, яғни 1997 жылы облыс жұртшылығының тілегіне орай, Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н. [ . . . ]
17 қазан 2012 Басты мақалалар, Экономика Толығымен »
Жер жәннаты - Жетісу
Қасиетті Хантәңірінен бастау алатын жер жәннаты Жетісу жерінің басым бөлігін Балқаш, Алакөл, Сасықкөл - жалпы қырыққа жуық су қоймалары алады. Оңтүстігінде Күнгей Алатау, Теріскей Алатау, Кетпен қыраттары, оңтүстік-шығысында - Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Жоңғар қақпасы орналасқан. Алматы облысының аумағынан үлкенді-кішілі ондаған өзен ағып өтеді. Бірінші кезекте Іле (811 шақырым, онда алаңы 11, 5 шаршы шақырым Қапшағай [ . . . ]
16 қазан 2012 Басты мақалалар Толығымен »
Ұлы іс ар-ұяттан басталады
Халқымыздың думанды мерекесі - жылдың басы Наурыз күні адамдар бір-біріне береке және адалдық, арлылық қасиеттер тілейді. Абай айтқандай, “тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақмақшылық”. Өмірдегі барша іс-әрекет - ел билеу, білім, тәрбие, саясат ар-ұяттан айналып өтпейді. Ар-ұятты сақтай білу, өмірдің [ . . . ]
14 қазан 2012 Жаңалықтар, Ретро Толығымен »
Қос құрлықпен қауышқан Батыс Қазақстан
Батыс пен Шығыс аралығын жалғаған Көпті көрген көнекөз тарихтың тілсіз куәсіндей көрінетін бүгінгі Батыс Қазақстан облысы аумағында күллі Еуразияны қабағымен жасқап, қаһарымен ықтырған Алтын Орда, Ақ орда, Дешті-Қыпшақ және Ноғай ордасы сияқты орта ғасырлық мемлекеттік бірлестіктер ту тіккені тарихтан белгілі. Жайық өзеніне қатысты тарихи сипаттамалар да дәл осы тұстан бастау алады. Оның көне атауын тарих [ . . . ]
13 қазан 2012 Басты мақалалар Толығымен »
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы №154
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz