Бокстың шығу тарихы



1 Бокс
2 Кәсiби бокс
3 Шоқыр Бөлтекұлы
Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi.
Ал жақында археолог ғалым бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен.
Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған бұл спорт түрi олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып қосылған (б.д. дейінгі 688 ж.). Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген, кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiле бастайды. Тұңғыш рет чемпион кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi.
Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын жазған екен. Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап, оған жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мадақтап жазады.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бокстың шығу тарихы.

Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол
кезеңдегi ең танымал қолғап иесi — Тезей болған көрiнедi.
Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы
Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған
бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де
дәлелдейдi.

Ал жақында археолог ғалым бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын
салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр.
Бiр қызығы, ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi.
Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула
сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша
төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл
Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын
бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен.

Алайда, Рим мен Грекияда белгiлi дәрежеде беделдi болған
бұл спорт түрi олимпиадалық ойындарға мейлiнше кеш, тек 23-ойында барып
қосылған (б.д. дейінгі 688 ж.). Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен
жүргiзiлген, кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi. Одан соң
көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiле бастайды.
Тұңғыш рет чемпион кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi.

Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өлеңiн Пиндар есiмдi ақын
жазған екен. Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап,
оған жыр арнайды. Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын
тiстеген Тайсонның әрекетiндей емес. Мәселен, Эуридиамас есiмдi боксшы ойын
үстiнде жағы сынады да, мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн, сынған сүйектi жұтып
қойып, төбелестi жалғастыра түседi. Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мадақтап
жазады.

Ал ерте Грекияның ең танымал боксшысының есiмi — Тагенес. Тарихшылар
оның 1425 рет шаршы алаңнан жеңiмпаз боп қайтқанын айтады. Тагенес
рекордының қаймағы бүгiнге шейiн бұзылмаған.

Алайда Рим империясының бiздiң дәуірімізге дейiнгi I ғасырда құлағанынан
кейiн бокстың қалай дамығаны жайлы деректер де сақталмаған. Мiне, осы
деректердiң жоқтығынан да ағылшындар боксты өздерiне телiп жүр. Бокс
(boxing) ресми аты да Англиядақалыптасқан. Джеймс Фигг алғаш бокс мектебiн
ашып, жастарды былғары қолғап өнерiне баулиды. Бокстың алғашқы ережелерi де
Фиггтiң отанында пайда болған екен. Бұл ережелерде рингтiң аумағы, раунд
ұзақтығы және қолғап салмағы айтылады. 1908 жылы бокс ресми түрде олимпиада
бағдарламасына енгiзiлiп, оған тек ағылшындықтар ғана қатысады. Бiрақ бұдан
кейiн тағы да бағдарламадан тыс қалады да, 1920 жылдан берi қайта тұрақты
түрде өткiзiлiп келедi.

Кәсiби бокс алаңында Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Джордж Формен,
ағайынды Спайкстер, Флой Патерсонның есiмдерi ерекше аталады. Олимпиада
тарихында боксшылары ең көп алқа тағынған ел — АҚШ. Бiрақ
бүгiнде кубалық спортшылар алғы шепте келедi. 1992 жылғы Барселонада өткен
олимпиадада кубалық боксшылар 12 алтын алқаның жетеуiн қанжығаға байлап
кеткен. Ал 1996 жылыАтланта Олимпиадасында 4 алтын, 3 күмiс медальды жеңiп
алды. Олимпиада тарихында екi боксшы ғана 3 мәртеден жеңiмпаз атанған. Олар
— венгриялық Л. Папп пен кубалық Т. Стивенсон.

Бүгiнде әлем бойынша кәсiби боксқа аса көңiл бөлiнiп
келедi. Қазақстан бойынша жұдырығының өнерiн кәсiп қып жүрген боксшылар
санаулы ғана. Олардың алғы шебiнде Василий Жиров, Геннадий
Головкин және Марат Мәзiмбаевтар тұр.

Бокс. Осы бір төрт қана әріптен тұратын ағылшын сөзі миллиондаған
спорт жүйелеріне жақсы таныс. Жер бетінде бокс десе ішкен асын жерге
қоятын, шаршы алаңдағы шиеленіскен жекпе жектердді көрмей, дегбірі
басылмайтын жандар аз емес.
Бокстың тарихы біздерді алыс заманалардың түкпіріне жетелейді. Ежелгі
Мысыр, Крит-микен, вавилон дәуірлерінің тасқа қашаған мұраларында
жұдырықтасып жатқан адам бинелері бар.
Артына өшпес Илидп жырын қалдырған грек философы Гомер өз заманындағы
жұдырықтасу туралы анық та дәл мәліметтер қалдырған. Бастапқы кезде
жұдырықшылар қолдарын өгіздің мойын терісінен жасалған май сіңген термен
булап, біліктерін артып бойлайды екен. Жеке-жек екі жұдырықшының біреуі
қашан құлап түскенше өте беретін көрінеді. Шегінген, жалтарған төреші
эфефтер ортаға айдап отыратын болған. Біздің дәуірімізден бұрынғы 688-жылы
өткен дүниедегі жиырма үшінші олимпиядалық ойындардан бастап бокс яки
жұдырықтасу жарыстың бағадарламасына енген. Атақты ғалым Пифагор, фиософ
Платон. Қолбасшы Алкивиад жұдырықтасуымен айналысқан. Қазіргідегідей ол
кезде де жұдырықшылардың жекпе-жегін тамашалаушылар өте көп болған. Атақты
жұдырықтаушылардың даңқы ауыздан –ауызға ілігіп, айдай әлемге жария болып
отырған.
Халық оларды ерекше құрмет тұтып, энге, жырға қосқан, эпостардың
қаһарман еткен, олимпадалық ойындарда жеңіске жеткендеріне көздері
тірісінде ескерткіш орнатқан.
Ежелгі дүниедегі олимпиадалық ойындар тоқтаған соң да бокс саябырсыған
жоқ. Көптеген даулы мәселелер жұдырықтың күшімен шешілетін. Бертін келе
осыны тәртіпке келтіру мақсатымен жекпе –жек өткізудің ережесі ойлап
шығарылады. 1743 жылы шыққан бұл ереже ағылшын Джеміс Браутонның есімімен
тікелей байланысчты. Сөйтіп Брауонның отаны Англия қазіргі бокстың кіндігін
кескен ел болып шыға келеді.
1867 жылы кәсіптік бокс дүниеге келді. Бірақ алғаш рет чемпионаты
ұйымдастырылғанша ол өзінің даму жолынан өтті. Бұл заңдылықтан ешқандай
спорт түрлі қашып құтыла алмайды ғой. Миллиондаған адамдардың жүрегіін
баурап, сан елді, сан халыықты өзінің құшағына орау үшін уақыт керек. Сол
уақыт Ресейге өткен ғасырдың аяғында, ал осы ғасырдың отызыншы жылдарының
басында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ боксы
Бокс
Боксердің техникалық және физикалық дайындығы
Бокс - спорт түрі
Қазақ боксының тарихы
Бокстың әдіс тәсілдері
Бокстың жалпы ержелері
Сегіз салмақ дәрежесі
Қазақстандағы бокстың дамуы
Жас боксшыны ұрысқа дайындау
Пәндер