Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері туралы ақпарат



1 Жергілікті бюджеттің экономикалық мәні және рөлі
2 Жергілікті бюджет қатынастарын мемлекеттік реттеу қажеттілігі
3. Республикалық бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
4.Республикалық бюджет құрылысы
5. Республикалық бюджеттің құрамы мен құрылымы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет − бұл түсімдер мен бюджет тапшылылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюжет бағдарламаларын қаржыландыруға
арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік аймақтық бірліктердің бюжеттері) − обылыстық бюжеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы), аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюжеттері .
Табыс бюджеті − облыс бюджетінің қалалар мен аудандардың арасындағы өзара өтеу операцияларыды есептемеген жиынтығы.
Қаржы жылына арналған республикалық бюжет Қазақстан Республикасының заңымен жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай−ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемелекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы және жариялылығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық − экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО − ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінеді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқытардың берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді. Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекет шығыстарының бірлігінде көрінеді. Бұл қағидат бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметтік−экономикалық болжаумен өзара байланысына кепілдік береді. Бюджет бірілігі қағидатының міндеті Парламент тарапының бюджеттік қаражаттардың қозғалысына тиімді бақылауды белгілеу болып табылады. Бюджет бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемелекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс−қимылына, төменгі деңгейдегі бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай−ақ ішнара қайта бөлудің мақсаты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.
1. Назарбаев Н.А. На пороге ХХI века. - Алматы. 1996. –с 159
2. Современный Казахстан: цифры и факты // Алматы 1998. – С. 38
3. Қазақстан Республикасының Парламенттінің Жаршысы. 2003. №23. -3-5 бет
4. Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің мәліметтері бойынша 2005
5. Оңтүстік Қазақстан облысының салық комитетінің есебі 2004
6. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б. Жылқышиевтің есебі – Келген жылдан үміт көп, өткен жылға өкпе жоқ. – 2005. қаңтар №4. 1-2 бет
7. Бюджетке жаңаша қарау қажет. Қаржы-ақпарат. №5. (70) 03.2002
8. Салық және бюджетке түсетін басқада міндетті төлемдер туралы Салық кодексінің жобасы / Егеменді Қазақстан. 02.11.2000
9. Закон Республики Казахстана о бюджетной системе 1.04.99. и нормативные акты по финансам 2001.04
10. Жанибеков С. Бюджеттің орындалуын қадағалау маңызы Қазақстан қаржысы – 1997. №11.
11. Иманбердиев Б.Ж. Қазақстан Республикасындағы экономикалық саясаттың экономикалық өсу нәтижелері // Статистика есеп және аудит – 1999. №2

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1 Жергілікті бюджеттің экономикалық мәні және рөлі
2 Жергілікті бюджет қатынастарын мемлекеттік реттеу қажеттілігі
3. Республикалық бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
4.Республикалық бюджет құрылысы
5. Республикалық бюджеттің құрамы мен құрылымы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1 Жергілікті бюджеттің экономикалық мәні және рөлі

Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет − бұл түсімдер мен бюджет тапшылылығын
қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген
міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюжет
бағдарламаларын қаржыландыруға
арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған
ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік аймақтық бірліктердің бюжеттері) −
обылыстық бюжеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы),
аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюжеттері .
Табыс бюджеті − облыс бюджетінің қалалар мен аудандардың арасындағы
өзара өтеу операцияларыды есептемеген жиынтығы.
Қаржы жылына арналған республикалық бюжет Қазақстан Республикасының
заңымен жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара
байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау
тәртібімен, сондай−ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемелекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы
және жариялылығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық − экономикалық орталықтандырудың
дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО − ның бюджет жүйесінде неғұрлым
толық көрінеді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік
алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқытардың
берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді. Бюджеттердің бірлігі ел
аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің жалпы жүйесінің өмір
сүруінде, мемлекет шығыстарының бірлігінде көрінеді. Бұл қағидат бюджеттік
жоспарлаудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуының бірлігіне, оның
әлеуметтік−экономикалық болжаумен өзара байланысына кепілдік береді. Бюджет
бірілігі қағидатының міндеті Парламент тарапының бюджеттік қаражаттардың
қозғалысына тиімді бақылауды белгілеу болып табылады. Бюджет бірлігі
бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен
Қазақстан Республикасы егеменді мемелекетінің жалпы экономикалық және саяси
негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық
деңгейдегі бюджеттердің өзара іс−қимылына, төменгі деңгейдегі бюджеттердің
теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай−ақ ішнара қайта
бөлудің мақсаты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.

2 Жергілікті бюджет қатынастарын мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
Республика үшін бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейтесті
проблемаға айналып отыр. Бюджетаралық қатынастардың жетілмеуіне байланысты
әртүрлі деңгейдегі билік органдарының көптеген қаржылық мәселелері өршуде.
Қаржыларды орталық бюджетке шоғырландыру барлық деңгейлер бюджеттері
арасында қарсы қаржылық ағымдардың болуы, жергілікті бюджеттің меншікті
кірістері деңгейінің төмендігі. Осылардың барлығы жергілікті билік
органдарының халықтың өмірлік маңызды проблемаларын шешу мүмкіндігінен
айырады.
Қазіргі таңда бюджетаралық қатынастың басты құралы трансферттер болып
табылады. Бюджетаралық қатынастар екі принцип негізінде жүргізіледі:
- реттеуші салықтардың нормативтік аударылымдар арқылы;
- түрлі формадағы республикалық бюджеттен тікелей аударылымдар арқылы.
Жоғарыда айтылғандай орталық пен аймақ арасындағы бюджетаралық қатынас
маңызды ол, 1-ден, аймақтарды бюджеттік қолдау мемлкеттік көмектің негізгі
формасы ретінде көрінеді; 2-ден, бұл қордаланған үлкен қарама-қайшылықтағы
облыстарға нақты қаржылық реттеу формасында көмек көрсетудің жалғыз сенімді
көзі бола алады; 3-ден, макроэкономикалық саясаттағы бюджет тапшылығын
көрсету мүмкіндігі бар трансферттердің экономикалық механизмінің
жеткіліксіздігі.
Аймақтарды дотациялау арқылы теңдестіруге бола ма, не болмаса салықтық
аударылымдардың нормативтерін нақты және ұзақ мерзімге бекіту тиімді ме?
Бұдан шығатын қорытынды бойынша соңғысы дұрыс сияқты, аймақтардың қаржылық
ресурстары қежеттілігін есептеу үшін сенімді база бола алатын басқалай жол
жоқ немесе субъективті тәртіп нормасымен бір қоржыннан екінші бір қоржынға
салудан, оны алған қоржында толмайды, оны берген қоржын да байымайды.
Сондықтан бюджеттік емес қорлар мен коммерциялық құрылымдардың жеке
кірістерін жасыру орын алады және ол керісінше республикалық көмекке
қажеттілігін арттырады.
Аймақтарды қаржылық қолдау қорын құрудың да көмек беруі екіталай, ол
елдегі аймақтарға тағы да үлкен республикалық трансферттерді бөліуіне алып
келеді. Көмекті “қажет ететін” және “ерекше қажет ететін” аймақтар санының
артуына алып келеді. Мұнда ол алғашқы варианттан еш айырмашылық болмайды.
Қаржылық тұрақтандыру және бюджеттік тапшылықты қысқарту
бағдарламасының шеңберіндегі бюджетаралық қатынасты реформалауда келесі
өзара байланысты екі мәселелерді шешуге алып келеді, жергілікті және
аймақтық билік пен басқару органдары үшін халық шаруашылығының субсидиялы
саласын қысқартуға ынталандаратын жүйені құру, сонымен бірге территориялық
бюджеттен тауарлар мен қызметтердің әлеуметтік және экономикалық ақталмаған
дотациялық бағаларды қысқарту: республикалық бюджет тапшылығын экономиканың
төменгі деңгейіндегі бюджет жүйесінде туындайтын тиімді қолдану әдістерін
табу.
Бюджетаралық қатынастар реформаларының негізгі мақсаттары ретінде
келесілер бөлінеді;
- бюджет жүйесінің қаржылық ресурстарын пайдалану және басқару
тиімділігін жоғарылату;
- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру үшін жағдай
жасау;
Қызмет ететін жетіспеушіліктерді жою және бюджетаралық қатынастарды
реформалау мақсатында келесілерді шешу қажет;
- аймақтық бюджеттік жүйелердің қызмет ету тиімділігін жоғарлату,
аймақтық қаржыларды сауықтыру;
- жоғары қаржылық ағымдарды төмендету;
- қаржыларды бөлу шарттылығы және оларды аймақтарда пайдалану үшін
жауапкершілікті және бақылауды жоғарылату;
- дотациялық аумақтарға қосымша қаржылық қолдауды қамтамасыз ету;
Аумақтық проблемалар келесідей жолдармен шешілуі мүмкін:
- меншікті кірістерді ұлғайту есебімен, яғни елдің салық жүйесінің
жиналуына қарай нақты және ыңғайлы аумақтық салықтар енгізу;
- бюджеттік жүйе үзбелері арасында жалпы мемлекеттік кірістерді
тұрақты нормативтік негізде тарату жолымен;
- әрбір аумақтық бюджеттік кірістер мен шығыстарды жыл сайын реттеу
есебімен.
Кірістерді сенімді және тұрақты нормативтік негізде қалыптастыру
қажет. Индустриялды немесе аграрлы бағыттағы аумақтардан табыстарды жаңа
меңгеріліп жатқан аумақтарға аударылу кезінде әлеуметтік-экономикалық даму
деңгейі әртүрлі облыстар, топтар арасында салықтық бөлулердің
дифференциациясы болуы керек.
Жергілікті бюджеттерді нығайтудың негізгі бағыты реттеуші салықтардың
үлесін жергілікті бюджеттерге көбірек бөлінуін заңдық ретпен бекіту. Бұл
олардың меншікті кірістерінің мөлшерін жергілікті деңгейде реттеуші
салықтарды жинаудағы, мүдделілікті жоғарылатар еді, бюджет жүйесінің
біртұтастығын нығайтар еді.
Осы арқылы бюджетті орталықсыздандыру проблемасы билік органдарының
басқару процесінде кірістерді қайта бөлу қызметімен, оларды жоспарлау,
бағдарламалау тетіктері арқылы белсенді қолдануда ғана бюджетаралық
қатынастың тиімділігін сақтайды.
Орталықтандыру мен орталықсыздандыру диалектикасы, аймақтағы
экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бюджетаралық
қатынастардың өзгеруі арқылы көрінеді. Қаржылық ресурстарды басқарудағы
қайта ұйымдастыру қажеттілігі нарықтық қатынас мазмұндағы және аймақтық
жүйе қызметінің тиімділігін арттыруға негізделген. Басқаруды
орталықсыздандыру идеясын тиімді орындау жергілікті билік органдары
бюджетінің қаншалықты көлемде болғаны мен қабылданған шешімге толық
жауапкершілікте болу мүмкіншілігіне байланысты.

3. Республикалық бюджеттің экономикалық мәні мен ролі

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде
мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастар болып табылады.
Мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар және халық арасында пайда болатын
қаржылық қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Қаржы қатынастарының
негізгі бөлігі ретіндегі бұл қатынастардың ерекшелігі олардың, біріншіден,
қоғамдық өндіріс процесінде пайда болуынан, және, екіншіден,
орталықтандырылған қаржы ресурстарының қалыптастыру, бөлу және пайдалануға
бағытталуынан көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең
алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет
қатынастарының бөлгіштік сипаты, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады,
мақсатты ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланумен қосарлана
жүреді.Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік
тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1. мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және
оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2. құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес
сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық
шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономикалық секторлары, қоғамдық
қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3. қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан
белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық
өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен
тығыз байланыста болады 7,21.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы,
мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен
айқындалады.
Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық
өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жұргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанның жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен 10%-ы және жалпы ішкі өнімнің 20%-ы бөлінеді.
Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет
бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық
табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және
ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша
қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау
жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.
Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде,
олардың қоғамдық өндіріс дамудың қажеттіліктеріне сай келетіндігінде,
бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінен
көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан-қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға
болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық
процестер бейнелетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары –
салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыздар
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір
жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған
қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі
қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды
орнын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының
бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заң).
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Мемлекеттік бюджет негізгі қаржы категорияларын кіріктіре отырып
(салықтар, мемлекеттік несие, мемлекеттік шығыстар) қандай да болмасын
мемлекеттің қаржы жүйесінің басты құраушысы болып табылады және қазіргі
қоғамда маңызды экономикалық, сонымен бірге саяси рөлді атқарады.

4.Республикалық бюджет құрылысы

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болу керек. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы
– бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
өзара қатынастары мен байланыстарының ұйымдық нысандары, бюджет
құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді .
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
- мемлекеттік, федералдық немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
- федерация мүшелерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры
Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері
Мемлекеттік қаржы және қаржы құқығы
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні және оның теориялық негіздері
Бюджеттен тыс қорлар және олардың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері
Бюджеттің экономикалық мәні және ролі
Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Жергілікті өзін өзі басқарудың теориялық негіздері
Пәндер