Қазақстан Республикасындағы жер мәмілелерінің аясындағы қоғамдық қатынастар


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасында жер реформасын жүзеге асыру жерге айырықша мемлекеттік меншікті жою, жер учаскелеріне жеке меншікті орнықтыру, жерді сату - сатып алуды, жер нарығын, ипотеканы дамыту және басқа да шаралар жаңа жер қатынастарының пайда болуына және жер туралы заңнаманың міндеттерінің өзгеруіне алып келенді. Қазақстан Республйкасының жер құқығы заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орындарында дербес құқық саласы ретінде оқытылуға міндетті жаңа оқу пәніне айналды. Жер реформасын жүзеге асыру жер қатынастарының мүліктік сипатын жоймайды, керісінше оның мемлекет байлықтарын табиғи ресурс ретінде ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтті.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі . Мүліктік емес сипаттағы жер қатынастары да өз ерекшеліктерін жоғалтпады, қоғамдық қатынастардың бұл саласы да сақталып қалды және олар болашақта одан әрі дамып, бұрынғы жер қатынастарына, сабақтас құқық салаларына соның ішінде, азаматтық құқықтың жер - мүліктік қатынастарына қарағанда өзіндік ерекше сипаттары мен айрықша ерекшеліктеріне ие болады. Бұрынғы жер қатынастарының мүліктік сипаты жерге айрықша мемлекеттік меншікпен шектелсе, бұл ереженің жойылуымен жер - мүліктік құқықтық қатынастарының ауқымы кеңейді. Соған қарамастан, ол өзінің табиғатпен және табиғи ортамен байланысын жоғалтпады. Жер - мүлік қатынастарының басқа мүліктік қатынастардан басты айырмашылығы осы.
Жер құқығы саласы өз шегінде барлық жер қатынастарын реттейді, жер нарығын қалыптастыруға, реттеуге және нарықтық жер құқығы қатынастарын одан әрі де дамытуға белсенді түрде қатыса алады. Бұл мақсатта ол нақты құқықтық негіз бен жалпы мемлекеттік деңгейдегі қайнар көздерге ие. Оларда нарықтық эканомика жағдайында қазіргі кезгі жер қатынастарының дамуына шын мәнінде әсер етуге қабілетті, кез келген жағынан алғанда салыстырмалы түрде жаңа жер құқығы саласының ұйымдастырушылық - нормативтік алғышарттары көрніс тапқан.
Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеумкттік эканомикалық реформалар кезеңінде жер туралы заңнаманың одан әрі де жылдам қарқынмен дамып, өзгеруі заңды құбылыс. Қазақстан Республикасының Жер кодексін қабылдау жер қатынастарын реттеудің ерекше орнын сақтап қалды. Сол себепті де мемлекеттік жер ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану мемлекет қызыметінің айрықша бағыты болған және солай болады да. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституцияның саяси құқықтық ережелеріне және республиканың алға қойған міндеттеріне сай келеді.
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар жағдайында аталған мәселені жан -жақты қарастыруға бағытталған арнайы ғылыми зерттеулер жүргізілген жоқ сондықтан да дипломдық жұмыс жер құқығы ғылымында орын алған осы мәселелердің шешімін табуға бағытталған шығармашылық талпыныс болып табылады.
Жер құқығы саласында құнды еңбектер жазған А. Е. Бектұрғанов, Ж. Х. Қосанов, Л. Қ. Еркінбаева, А. Х. Хаджиев, Е. Ш. Дусипов, Ә. Ералы, Ж. Қ. Орынтаевтың және т. б. Қазақстандық - ғалым зангерлерді ерекше атауға болады.
Жер құқығындағы жер құқық қатынастары мен азаматтық құқық қатынастарының арақатынасын ашып көрсеткен маңызды еңбектердің ішінен Б. Р. Алимжанов, Г. Т. Нурахметова, Ш. Б. Серикбаеваның еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады.
Б. Р. Алимжановтың «Правовое рынка земли» атты заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дессертациясында «жер айналымы» деген түсінікке өте ұқсас болып келетін жер нарығы ұғымының түсінігі мен мазмұны, қалыптасу мен даму ерекшеліктері, « жер нарығының» құқықтық реттеудегі негізгі мәселелерге талдау жасалып, жер нарығын мемлекеттік реттеудің мәні, құқықтық тетіктері мен оларды дамытуды құқықтық қамтамасыз етілуі зерттелген.
Г. Т. Нурахметованың «Правовое регулирование сделок в сфере земельных отношений» атты ғылыми еңбегінде жер айналымының негізі болып келетін жер қатынастары саласындағы мәмілелердің құқықтық реттелуі жан жақты зерттелген.
Атап кететін мәселе, жер айналымы мәселелері жер айналымын құқықтық реттеуге арналған жеке зерттеу жоқ. Жер айналымына қатысты құқықтық мәселелерді зерттеуге арналған кешенді зерттеу жүргізуді қажет етеді,
Дипломдық зерттеудің мақсаты. Жер құқық қатынастары ең алдымен жер; экологиялық және экономикалық қоғамдық қатынастары болып табылады. Жерге қатысты тұындайтын қатынастардың барлығы жер туралы заңнаманың нормаларымен реттеле бермейді. Тек жер құқығының нормаларымен көзделген және реттелген қатынастар ғана жер қатынастары болып табылады.
Жер қатынастары экономикалық болып табылады, өйткені, жер мемлекет меншігі болып саналады және де заңмен белгіленген негіздерде, жаідайларда және шектерде жеке меншікте болуы мүмкін.
Дипломдық зерттеудің оъбектісі . Қазақстан Республикасында жер мәмілелерінің аясындағы эколоғиялық және қоғамдық қатынастар құрайды.
Дипломдық зерттеудің пәні болып жерге меншік құқығына, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалануға, оны басқару мен қорғауға қатысты туындайтын жер қатынастарының кешені сақталады.
Дипломдық зерттеудің нормативтік негіздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Жер және Азаматтық кодексі, өзге де нормативтік - құқықтық актілері, сондай-ақ Ресей Федерациясы, Германия, АҚШ елдердің жарлықтары құрайды.
Дипломдық зерттеудің әдістемелік негізі. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі ретінде жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, арнайы логикалық, нақты тарихи, салыстырмалы, диспозитивті, императивті, құқық беруші, әлеуметтік ғылыми әдістер құрайды.
Дипломдық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасындағы жер мәмілелерінің аясындағы қоғамдық қатынастарына арналған дипломдық жұмыс болып табылады.
Жер мәмілелерін екі тұрғыдан анықтама беруге болады. :
Азаматтық құқықтық тұрғыдан: жер мәмілелері - жер учаскесінің, айналымнан алынып тасталмаса және айналымға шек қойылмаса, бір адамнан екінші адамға сату мен сатып алу, жалға беру, жалдау, кепілге салу, айырбастау, сыйға тарту мен мұрагерлікке қалдыру арқылы еркін өтуі мен берілуі.
Жер құқығы тұрғысынан: жер мәмілелері - бұл жер қатынастары субъектілерінің арасында айналым қабілеттілігі бар жерлердің меншік құқығы және жер пайдалану құқығы негізінде берілуі.
Жер мәмілелері аясында туындайтын қатынастарға біз жер учаскесін сатып алу -сату, жалға беру-алу, кепілдікке беру, сыйға тарту және басқа да қатынастарды жатқызамыз. Аталған қатынастардың объектісі болып Қазақстан Республикасы жер қорының барлық жерлері бола алмайды. Сол себепті қазақстан Республикасы жер қорының жерлерін «айналым қабілеттілігі бар» және «айналым қабілеттілігі жоқ» деп бөлу қажет.
Жер мәмілелері аясындағы қатынастардың жүзеге асырылуының негізгі заңды нысаны болып шарт табылады. Жер қатынастарындағы шарттың белсенді қолданылуы жер айналымының объективті қажеттіліктерінің көрнісі болып табылады. Жер айналымындағы міндеттемелердің қалыптасуының шарттық нысаны жер айналымының даму қажеттіліктеріне біршама жағдай жасайды. Осыған сәйкес жер мәмілелерінің көптеген міндеттемелер шарттық типке жатқызылады.
Дипломдық зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы . Дипломдық жумысының қорытындылары, ұсыныстары мен тұжырымдары нарықтық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жүйесін жетілдіруге арналған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен жалпы сипаттамасына негізделген. Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР МӘМІЛЕЛЕРІНІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қазақстан Республикасында жер мәмілелерінің дамуы мен қалыптасуы
Қазақстан Республикасында жер мәмілелері өз бастауын 1991 Кеңес Үкіметі құрылғаннан кейін біздің еліміздің егемендікке қол жеткізуінен кейін алған.
Кеңес дәуірі кезінде жер тек мемлекеттік меншікте болғанын айта кеткен жөн. Мысал келтіретін болсақ 1990 жылғы 16- қарашада ҚазССР-нің қабылдаған Жер кодекісінің 3- бабына сәйкес ҚазССР-дегі жер тек қана республика меншігінде болады деп көрсетілген болатын.
Нарық экономикасының қалыптасуына байланысты алғашқы кезеңде жалға берілген мемлекеттік ғимараттар мен қатар азаматтардың тұрғын жайлары, пәтерлері жекешендіріліп, қозғалмайтын мүлік нарығы қалыптасты. Қозғалмайтын мүлік тауар айналымына түсіп, кәсіпкерлер үшін аз да болса пайда әкеле бастады. Кәсіпкер азаматтар санасына «жеке меншік» ұғымы үлкен өзгеріс енгізіп, жеке басының әлеуметтік экономикалық тәуелсіздігіне, еңбегіне сәйкес өмірлерін де жақсарта түсетініне көздерін жеткізді.
Бастапқы, қозғалмайтын және қозғалмалы мүліктердің жекешендірілуі кәсіпкер азаматтарының санасына «жеке меншік» ұғымын зат пен мүлік қасиетінебағыттап, отандық кәсіпкерлердің шетелдік кәсіпкерлермен іскер байланысқа түсулері «жеке меншік» ұғымын өздерінің жеке меншіктеріндегі қозғалмайтын мүліктері орналасқан жер учаскелеріне ауысуына талап етті. Экономистер айтқандай: «сатып алушының ынтасы мен мүмкіндігі сұраныспен сәйкес келді».
Егемендік алғаннан кейін Қазақстандық жер қатынастарына жаңа дәуір басталды. 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Егеменді Қазақстанның алғашқы Конституциясы жерге мемлекеттік меншікті бекітті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылдың 24 қаңтарындағы «Жер қатынастарын реттеудегі кейбір мәселелер туралы» және 1994 жылдың 5 сәуірінде жарық көрген «Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы». Жарлықтарының жарық көруі, біздің еліміздің тарихында бұрын соңды болмаған нарықтың жаңа нышандарын енгізді, жерге деген құқықтық нарықтық айналымға салуға мүмкіндік берді.
Аталған мәселелер бойынша мыналар белгіленген болатын:
-Азаматтар, өзіне тиесілі тиісті өмірлік мұрагерлік жолмен берілген жер учаскелерін сатуға, сыйлауға, жалға және кепілдікке, басқа азаматқа немесе заңды тұлғаға сатуғу мүмкіндік алды;
-Заңды тұлға өздеріне тиісті жер учаскесін пайдалануға, жалға беруге, сатуға және жер пайдалану және жалдау құқығын басқа азаматқа не заңды тұлғаға жалға, не кепілдікке беруге құқылы;
-Азаматтар өздеріне тиісті өмірлік иелену құқығын, жер учаскесін пайдалану және жалдау құқығын серіктестікке, кооперативке, шет елдердің қатынасуымен болатын, сондай-ақ, акционерлік қоғамның жарғылық капиталына төлем ретінде беру мүмкіндіктерін алды.
Жарлықта сонымен бірге жердіңбарлығы нарық айналымына түспейытіні айтылды. Жарлықта пайдалану құқын немесе жалға алу құқын сатуға жатпайтын жер санаттарының төмендегідей қатары көрсетілген.
- Жалпы пайдаланудағы алаңдар, көшелер, парктер т. б. жерлер;
- Көлік және байланыс жерлері;
- Ұлттық және дендрологиялық парктердің, ботаникалық бақтардың, заказниктердің, табиғат және архитектура ескерткіштерінің жерлері;
- Сауықтыру, реакциялық және тарихи мәдени мақсаттағы жерлер;
- Орман немесе су қорларының жерлері, құрылыс мұқтажы үшін берілген жерлер;
1995 жылы 30 тамызда ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданған болатын. Жаңа Конституцияға сәйкес жерге жеке меншік құқығы енгізіліп, жер мемлекеттік меншікте азаматтар мен заңды тұлғаның жеке меншік объектісі болып, жерге мемілекеттің айрықша меншік қағидасы күшін жойған болатын.
Жердің мұндай жаңа жеке меншік мәртебесі жаңа қағидаларды белгілеуді талап етті. Жердің бұрынғы құқықтық жағдайына үлкен өзгерістер енгізілді. Жер айналымының одан әрі дамуы мен жетілдіруі «Жер туралы» Жарлықта көрніс тапқан. Жерді пайдалану мен қорғауды құқықтық реттеудің жаңа бағдары тиімді айқындаған құжат болатын «Жер туралы» Жарлық 1995 жылдың 22 желтоқсанында қабылданған. Жер туралы жарлықтан кейін нарық жағдайын талап еткен Қазақстан Республикасы президентінің 1995 жылдың 23 желтоқсанында «Жекешелендіру туралы» жарлығы қабылданған болатын. Жарлықтың 1- бабына сәйкес: «Жекешелендіру дегеніміз- меншік иесі ретінде мемлекеттің еркімен мемілекеттік мүлікті шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне сату», Жарлықтың 11 - бабына сәйкес: «Жылжымайтын мүлік жекешклендірілген кезде сатып алушыға жер заңдарына сәйкес жер учаскесіне меншік құқығы көшеді. Жер учаскесінің құныжекешелендіру объектісінің бағасына кіреді» - деп бекітілді. 1995 жылғы 25 желтоқсанда ҚР-сы Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемілекеттік тіркеу туралы» Жарлығына қол қойылған болатын.
Жерге жеке меншік құқығы мемілекеттік тіркеуден өткен кезден бастап, меншік иесіне мемлекет атынан меншік құқығын жүзеге асырушы уәкілді органмен берілген мемлекеттік құжатқа сәйкес заңды болып табылады.
Жер - мүлік немесе зат емес, табиғи жаратылыс, бірақ қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық қатынасқа байланысты жерге заттық құқық ретіндегі меншік құқығы заңмен бекітілген, осыған байланысты жер немесе жер учаскесі тікелей нарық айналымына түспейді, керісінше жерге заттық құқықты меншік құқығын растайтын мемлекеттік тіркеуден өткен құнды немесе бағалы құжат арқылы жерге - заттық құқық ретіндегі меншік құқығы туседі.
Заңға сәйкес жерге меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өтіп, қолына сол жер учаскесіне жеке меншік - заттық құқығын растайтын мемлекеттік акт алған соң, жерге меншік құқығының объектісі ретінде жеке меншік құқығының субъектісі, өзінің меншік құқығы ретіндегі заттық құқығына мүлік ретінде өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын сонымен қатар меншік құқығын жүзеге асырады. Шартқа сәйкес жасалған мәмілелер тіркелген сәттен бастап жасалған болып саналады.
«Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының жер учаскелерін өмір бойы мұраға қалдырып иелену құқығын, пайдалану құқығын жалға алу құқығын сатып алу - сату» тәсіліне сәйкес жерді иелену, пайдалану құқығын, жалға алу құқығы арқылы болғандығы белгілі, бұл нарық экономикасының негізгі талабы болатын. Жер учаскелерін өмір бойы мұраға қалдырып иелену, пайдалану құқығына сатылып алынған нормалары 1995 жылы 22 желтоқсанда Жер туралы жарлықтың 122 бабының 1және 2- тармақтарына сәйкесбылай бекітілді: «Жарлық күшіне енгенге дейін жеке қосалқы шаруашылық, бау шаруашылыгы, тұрғын үй салу мен оны қамту, саяжай құрылысы үшін жерді өмір бойы мұраға қалдырып иелену құқығы мен жер учаскелері берілген Қазақстан Республикасының азаматтары осы Жарлық күшіне енген күннен бастап, жер учаскерлерінің меншік иелері болады» .
Баптың 2 - тармағы : «Жарлық күшіне енгенге дейін жер учаскелері құрылыс салуға немесе жерге нақтылы байланысты өндірістік және басқа да обьектілер салынған жерлер, оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғанда, тұрақаты пайдалануға берілген азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар, егер тұрақты пайдалану құқығын олар ертерек сатып алған болса, жер учаскелерін- ің иелері болады ». Жарлық 1995 жылы 26 желтоқсанда, жарияланған күннен бастап күшіне енді. Жарлық қабылданғанға дейін 1995 жылдың 1 -ші шілдесіне дейін Республикада жер учаскесін иелену және пайдалану құқығын сатып алу тәртібі мен «1, 2 млн. Мемлекеттік құжат берілген» Міне осыдан байқауға болады, жерге меншік құқығының нарық жағдайындағы ерекшелігі оның ақылы болуында.
Нарық қатынасына байланысты 1995 жылы екінші мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Жарлығына сәйкес қозғалмайтын мүлік орналасқан меншік құқығандағы жер учаскесіне заттық құқықты шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына белгілі бір проценттік салым есебінен салуға болады. Мұндай жағдайда «шаруашылық серіктестік қатысушыларының талабына және заңға сәйкес меншік құқығындағы жер учаскесі ораналасқан қозғалмайтын мүлікпен бірге салым есебіне сәйкес проценттік құнына байланысты аудиторлық қортындылауға жатады. Аудиторлық қорытынды жерге меншік құқығын растайтын құжаттар мен қатар мемлекеттік тіркеуден өткен куәліктің нәтижесінде жасалынып беріледі».
Жерге жеке меншік құқығының нарық қатынастарына байланысты ерекшкліктерінің бірі, 1995 жылы 23 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Жарлығына сәйкес несиеге қаражат беретін банкілік құрылымдарға, қозғалмайтын мүлік ретінде жерге меншік құқығын кепілдікке салу арқылы проценттік қайтарым есебімен ақшалай қарыз қаражатын алу болып табылады. Себебі, «Жер туралы » Жарлықтың 33 бабы 2 тармағына сәйкес жерге меншік құқығы құрылыс салынатын және құрылыс салынған жер учаскелерімен қатар баптың 1 - тармағына сәйкес, жер учаскелеріне жекеменшік құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылық, бақ өсіру және саяжай құрылыс жүргізу үшін беріледі.
2001 жылдың 24 - ші қаңтарында Қазақстан Республикасының «Жер туралы» заңы күшіне енген болатын. Заңның қабылдануына азаматтық заңнамадағы, жылжымайтын мүлікті және онымен жасалатын мәмлелерді мемлекеттік тіркеу бойынша заңнамадағы, ипотека туралы заңнамадағы өзгерістер себеп болды .
«Жер туралы» жаңа заңында республикамыздағы жер қатынастарындағы орнатылған принциптілік ережелерін жузеге асырылуы жер қорының тиімді пайдалануын жақсартуға мүмкіндік беретін болатын. Негізгілері мынандай: -Жер қатынастарын реттеу саласында, әрекет етуші заңнамалық актіллердің шегінде, жергілікті өкілді органдар мен өзін өзі басқару органдарының өкілеттіктері туралы нормалар енгізілген болатын.
- Шаруа (фермер) қожалығын жургізу үшін ұзақ мерзімді жер пайдалануда бола алатын жер учаскелерін ің көлемдері белгіленген болатын.
- Ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану мерзімі 99 жылдан 49 жылға дейін қысқартылған, қысқа мерзімді жер пайдалану 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылған болатын.
2003 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының жаңа жер кодексі қабылданған болатын. Кодекістің ең басты жаңалығы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншікке берілуі мен жерге жеке меншік жағдайында аграрлық секторда жер қатынастарының реттелуі болатын.
Заң аграрлық сектордың әлеуметтік факторларын ескере отырып, жер учаскелерін жеке меншікке беру кезінде икемді шарттар жүйесі бекітілген болатын:
-Толық кадастырлық бағасына беру;
- Жеңілдетілген бағаға беру;
- Бөлшектеп төлеу арқылы беру;
Шетелдіктер азаматтығы жоқ тұлғалар бұл жерлерді тек жалдау шарты негізінде 10 жылға уақытша жер пайдалану құқығы бойынша ала алатын. Бүған қоса жер кодексі екінші рет жер пайдалану құқығы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін субаарендаға беру құқығы, алыныа тасталған болатын. Осы жерлерді жалдау құқығымен алаяқтыққа жол бермеу үшін жасалған болатын.
Жаңа жер кодекісінде көрсетілген жерлерге менші нысанының ерікті таңдауы қарастырылады. Заң барлық қалаушыларға - Республикамыздың азамттарына, шаруаларға, жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға жол ашады.
Республикамызда жер реформасын жүзеге асыру барысында жерге меншіктің әртүрлі нысандарына, жерді пайдалану құқығының көптеген түрлеріне, жер учаскелерімен жер пайдалану құқығының нарық қатынастарына енгізілуіне, жерді пайдаланудың ақылы болуына негізделген шын мәніндегі жаңа жер құрылымы құрылған. Жерлердің толық қанды нарықтық және шаруашылық айналымын, аграрлық сектордың барлық субъектілеріне жеке меншік саласына ешбір қиындықтарсыз және әділетті кіруін, көзделген өзгертулердің нақты жетістіктерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ауылшаруашылық жерлерге жеке меншік құқығы енгізілген болатын.
Қазақстан Республикасы Жер кодексі мен оны дамуына қажетті нормативтік актілердің қабылдануы, жер қатынастардың өзгеруі мен оларды жүзеге асырудың экономикалық ынталандыру механизмдерін енгізу арқылы жерде қаланған нормалардың тәжірибеде жузеге асырылуына, мемлекеттің жер ресурстарын пайдалану мен қорғаудың басты мәселелерін шешуге, Қазақстан Республикасы жер ресурстарын үлкен потенциалының тиімді қолданылуын жоғарлатуға мүмкіндік беруде
1. 2 Жер мәмілелерінің түсінігі мен оны құқықтық реттеудегі ерекшеліктері
Жер мәмілелері және оның құқықтық реттелуі- саяси дебаттар мен ғылыми - териялық дауларда бірдей ең ащы тақырыптардың бірі болып келеді.
Бұның бәрі кездейсоқ емес, себебі бұл тақырыпты қарастыру - бұл құқықтық ғана емес, Қазақстан Республикасының дамуының ең жайлаған мәселелерін қарастыру болып табылады.
Қазіргі заманғы қазақ қоғамындағы көптеген әлеуметтік топтар жердің қалай пайдаланып, қандай жолмен бөлінгеніне шексіз қызығушылық танытуда.
Адамдардың көпшілігі жердің алғашқы әдемілігін сақтап, жерді пайдалануда экологиялық аспектілерге көп көңіл бөлген болса, басқалары жерді қымбат және жер айналымына қажетті болатын тауар ретінде қарап, оны қызу пайдалануға тырысуда.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін басты мақсат жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу болды. Нарықтық экономиканы қалыптастыру оңай болған жоқ және ол көптеген түбегейлі өзгерісті қажет етті. Нарықтық экономиканың негізі жеке меншікке негізделгенін ескере отырып, алдымен қоғамда мемлекеттік меншікпен қатар, жеке мкншікті қалыптастыру қажеті туындады. ҚР- ның Жекешелендіру туралы заңына сәйкес мемлекет меншігіндегі мүліктердің басым бөлігі жекешелендіріліп бұрын азаматтық айналымда болмаған ауыл шаруашылығы техникасы, зауыт, фабрикалар жеке меншік объектісіне айналып еркін азаматтық айналымға ене бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz