Қарақшылықпен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
Кіріспе
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:

Біздің еліміздің қазіргі даму кезеңінде жаңа қоғамның өркендеп әрі қарай дамуы үшін заңдылықтың күшеюі, еліміздің азаматтарының құқықтары мен өмірлерін қорғауының күшеюі басты міндет болып отыр. Бұл туралы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халқына деген «Қазақстан-2030 Жолдауында», халқымыздың негізгі Заңы Конституцияда, басқа да құқық қорғау заңдарында көрсетілген, яғни қылмыстылықпен күресуде барлық республикалық заңдарды қолданып, құқық бұзушылықтың жіберілмеуін және де әрбір қылмыскер өзіне тиісті жазасын алатынын айтқан болатын . Сондықтан да еліміздің әрбір азаматына құқықтық саласы бойынша біліммен сусындата отырып, оларды тәрбиелеу. Құқықтық тәрбие үрдісінде көптеген жан-жақты мәселелер қарастырылады, соның бірі құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары. Қоғамымызға, мемлекетімізге қауіпті заңға қайшы әрекеттерді болдырмау шаралары құқық қорғау органдарының көмегімен жүзеге асады. Құқықтық тәрбиелеу практикасы — адамзаттың өркендеу кезеңінде қалыптасқан үрдіс. Оған дәлел ежелгі мемлекеттердегі заңдардың болуы, халықтың жаппай заң нормаларына бағынуы және осы заңдар негізінде адамдардың тәрбиеленуі.
Адамдар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу шараларын дамыту мәселелері қазіргі заманның өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтан да әрбір азаматтың жан-жақты білімін, санасы мен мәдениетін тәрбиелей отырып, өз Отанын сүйетін, заң нормаларын сыйлайтын, ұғынатын; өз құқықтары мен бостандықтарын білетін; заңды міндеттерін бұлжытпай орындайтын құқықтың, демократиялық мемлекеттің үлгілі азамат тұлғасында қалыптастырып, дамытады. Құқықтық дамыған адам — құқықтық білімді; өзін тұлға ретінде ұстай білетін; заң нормалары мен құқыққа оң көзқарастағы адам болып табылады. Құқықтық білімді азамат кез келген тәртіп бұзушылыққа немесе қылмыстарға бармайды.

Қолжазба құқығында
Жарылғапұлы Асқар
Қарақшылықпен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
6N0301 - Құқықтану
Құқық магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Астана, 2011
Диссертациялық зерттеу жұмысы Қазақ гуманитарлық заң университеті
қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасында
орындалған
Ғылыми жетекші заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Жақсыбекова Ф.С.
Ресми оппоненті заң ғылымдарының докторы, профессор Смагулов
А.А.
Диссертация 2011 жылдың ____ _________ сағат ____ Қазақ гуманитарлық
заң университетінде қорғалады.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қорғалжын
шоссесі, 8 ғимарат.
Автореферат 2011 жылы ___ ______________ таратылды
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Біздің еліміздің қазіргі даму кезеңінде жаңа
қоғамның өркендеп әрі қарай дамуы үшін заңдылықтың күшеюі, еліміздің
азаматтарының құқықтары мен өмірлерін қорғауының күшеюі басты міндет болып
отыр. Бұл туралы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халқына деген
Қазақстан-2030 Жолдауында, халқымыздың негізгі Заңы Конституцияда, басқа
да құқық қорғау заңдарында көрсетілген, яғни қылмыстылықпен күресуде барлық
республикалық заңдарды қолданып, құқық бұзушылықтың жіберілмеуін және де
әрбір қылмыскер өзіне тиісті жазасын алатынын айтқан болатын . Сондықтан да
еліміздің әрбір азаматына құқықтық саласы бойынша біліммен сусындата
отырып, оларды тәрбиелеу. Құқықтық тәрбие үрдісінде көптеген жан-жақты
мәселелер қарастырылады, соның бірі құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары.
Қоғамымызға, мемлекетімізге қауіпті заңға қайшы әрекеттерді болдырмау
шаралары құқық қорғау органдарының көмегімен жүзеге асады. Құқықтық
тәрбиелеу практикасы — адамзаттың өркендеу кезеңінде қалыптасқан үрдіс.
Оған дәлел ежелгі мемлекеттердегі заңдардың болуы, халықтың жаппай заң
нормаларына бағынуы және осы заңдар негізінде адамдардың тәрбиеленуі.
Адамдар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу шараларын дамыту
мәселелері қазіргі заманның өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтан да
әрбір азаматтың жан-жақты білімін, санасы мен мәдениетін тәрбиелей отырып,
өз Отанын сүйетін, заң нормаларын сыйлайтын, ұғынатын; өз құқықтары мен
бостандықтарын білетін; заңды міндеттерін бұлжытпай орындайтын құқықтың,
демократиялық мемлекеттің үлгілі азамат тұлғасында қалыптастырып, дамытады.
Құқықтық дамыған адам — құқықтық білімді; өзін тұлға ретінде ұстай білетін;
заң нормалары мен құқыққа оң көзқарастағы адам болып табылады. Құқықтық
білімді азамат кез келген тәртіп бұзушылыққа немесе қылмыстарға бармайды.
Қылмыстық құқық нормасы бойынша меншік иесінің құқығы меншік
нысандарына қарамастан қылмыстық құқыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады.
Меншік нысандарының барлық түрлерінің қылмыстық құқықтық қорғалуы үшін
қылмыстық заң олар үшін қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін және
қолданылатын санкцияның түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысанының
тең қорғалуы үшін: қылмыстық заң біріншіден - әртүрлі меншік нысандарында,
қол сұғылатын ұқсас іс-әрекеттерді біріңғай саралауды белгілеген; екіншіден
– меншікке оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін – қылмыстың
ауырлататын немесе жеңілдететін нысандарын ескере отырып, оған қылмысты қол
сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Осы саладағы ғалымдардың зерттеулерінің теориялық және практикалық
маңызының жоғары екендігін айта кеткен жөн.
Аталған қылмыстармен күресу проблемелары төменде көрсетілген
ғалымдардың еңбектерінде зерттеліп, қарастырылған: А.Н. Трайнин, А.Н.
Кардана, Г.Л.Кригер, В.А.Владимиров, А.Н. Ағыбаев, Р.Т. Нұртаев, У.С.
Жекебаев, С.М. Рахметов, Е.И. Қайыржанов, Е.О. Алауханов, А.В Наумов, И.И.
Рогов, Р.Н. Орымбаев, Б.В. Здравомыслов, В.И. Новоселов, Е. Тұрлымбеков
және т.б.
Зерттеу жұмысы барысында Ресей және Қазақстан ғалымдарының
әдебиеттері, Қазақстан қылмыстық заңдары негізге алынды.
Зерттеудің объектісі. Мемлекеттің, жеке тұлғаладың және ұйымдардың
меншік құқығын қорғауды негізге ала отырып, меншік құқығы саласындағы
қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеудің пәні. Өзіміздің теориялық деңгеймен байланысты қылмыстық
құқықтық заңдылықты және криминологиялық ілімді зерттеп, анықтау және
кемістіктер орын алғанда оларды көрсету. Қарақшылық қылмысының ұғымы, оның
құрамы, оның негізгі сараланатын түрлеріне талдау жасау, қарақшылылықпен
күресу мәселелері болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты қоғамымызда орын алған қарақшылық қылмыс
құрамына жан-жақты талдау жасап, зерттеу болып табылады.
Жұмыстың міндеттері:
- қарақшылық қылмысының құрамына заңи талдау жасау, яғни тонаудың
объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын
анықтау;
- қарақшылық қылмысын өзге де ұқсас қылмыстардан айырмашылығын ашып
көрсету;
- қарақшылық қылмысының сараланған және аса сараланған құрамдарын
талдау;
- қарақшылық қылмыссының себептерін анықтап, алдын алу шаралары анықтау
болып табылады.
Зерттеудің эмпирикалық базасы болып Қазақстанның әртүрлі облыстарында
орын алған қылмыстар туралы істер, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық
статистика және арнаулы есеп Комитетінен алынған статистикалық есептердің
мәліметтері табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу жұмысына
арқау болып отырған тақырыптың өзектілігі жоғары болса да, қарастырылып
отырған мәселе бойынша зерттелмеген жақтары да баршылық. Бұл зерттеу жұмысы
Қазақстан шеңберінде жүргізілген қылмыстық-құқықтық және криминологиялық
тұрғыдағы ғылыми жұмыс болып табылады. Қазақстан Республикасында қарақшылық
қылмысы меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі өте қауіпті түрі болып
табылады, бұл жұмыс осы саладағы қылмыстылық мәселесін тереңдеп зерттеген
кешенді ғылыми еңбек болуымен анықталады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 179-бабының 3-
тармағының санкциясын қатаңдату қажет. Яғни мүлкі тәркіленіп сегіз жылдан
жиырма жылға дейін бас бостандығына айырылуға жазалануы тиіс.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-
тармағына қарақшылықтың саралаған түрі ретінде ірі мөлшерде ұрлау
тармақшасын енгізу қажет, тиісінше осы баптың 3-тармағындағы ірі мөлшерді
ұрлауды аса ірі мөлшерде ұрлау деп көрсету қажет.
3. Меншікке қарсы қылмыстар тарауындағы ескертудің 2-тармағын мына
редакцияда берілуі тиіс: Осы Кодекстің 184, 184-1-баптарын қоспағанда, осы
тараудың баптарында iрi мөлшер немесе iрi залал деп қылмыс жасалу сәтiне
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айлық есептi көрсеткiштен
бес жүз есе асып түсетiн мүлiктiң құны мен залалдың мөлшерi, ал аса ірі
мөлшер немесе аса ірі залал деп айлық есептi көрсеткiштен бір мың есе асып
түсетiн мүлiктiң құны мен залалдың мөлшерi танылады.
Зерттеудің әдістемелік негізі: Зерттеу жұмысының тақырыбын жан-жақты
ашып, мүмкіндігінше ауқымды көлемде игеру мақсатында түрлі әдістер
қолданылды. Тақырыпты зерттеу барысында тарихи талдау, салыстармалы
құқықтану, жүйелі құрылымдық талдау әдістері пайдаланылды. Қарақшылық
қылмысының криминологиялық аспектілерін зерттеуде статистикалық және нақты
әлеуметтік әдістерге жүгіну орын алды. Мерзімді баспасөзде жарияланған
материалдар қолданылды.
Зерттеу жұмысының деректік негізі: Диссертациялық зерттеудің деректік
негізі мен тұжырымдары Қазақстан Республикасының Конституциясына,
қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және Қазақстан Республикасының басқа да
заңдарына, Республикалық Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына
негізделеді.
Зерттеу жұмысынан практикалық құндылығы мен теориялық маңыздылығы.
Бұл диссертацияда келтірілген ұсыныстар қарақшылықпен күрес жүргізуде және
құқық қолдану қызметінде қылмыстық нормаларды жетілдіруде пайдаланылуы
мүмкін. Сонымен қатар, диссертация материалдарын жоғарғы оқу орындарының
заң факультеттерінде қылмыстық құқық және криминология пәнінен лекция және
семинар сабақтарын өткізгенде, ғылыми зерттеу жұмысын жүзеге асырғанда
пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы жалпы зерттеу логикасына сәйкес жасалаған, яғни
кіріспеден, жеті бөлімді қамтитын екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Диссертацияның бірінші бөлімі Қарақшылық қылмысының қылмыстық-
құқықтық сипаттамасы деген атаумен берілді. Ол үш бөлімшеден тұрады.
Бірінші бөлімше – Қарақшылықтың түсінігі мен құрамы деген тақырыппен
көрініс тауып, онда қарақшылық қылмысының түсінігі ашылып, қылмыс құрамы
зерттелген.
Қазақстан Республикасының 1997жылғы 16 шілдеде қабылданған жаңа
Қылмыстық кодексінің 197-бабында қарақшылық бөтен мүлікті ұрлау мақсатында
шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш
көрсетумен немесе тәкелей осындай кш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан
шабуыл жасау ретінде анықталған.Диспозициядан көрініп тұрғандай,заң
шығарушы мемлекеттік немесе қоғамдық мүлік және азаматтардың мүлігі
түсінігін бөтен мүлік деген жалпы түсінікпен ауыстырған. ҚР
Конституциясының 6-бабына сәйкес: Қазақстан Республикасында мемлекеттік
меншік пен жеке меншік танылады және бәрдей қорғалады. Бұл ереже заң
шығарушыға мемлекеттік және жеке меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан
қорғауды теңестіруге мүмкіндік берді. Бөтен мүлікретінде меншіктілігі бұл
мүлікті немесе мүлікке құқықты заңсыз иемденіп алған тұлғаның атына заңды
рәсімделмеген мүлікті түсіндіруге болады, яғни аталған тұлғада оссы мүлікті
иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге заңды құқық болмайды.
Қарақшылықтың ерекшелігі, оның ұрлаудың басқа нысандарына қарағанда
аса қауіпті қылмыс екендігінен көрініс табады. Бұл оның, ең алдымен, екі
объектілік сипатымен байланысты. Қарақшылық кезінде тікелей объект болып
меншік қатынастары табылса, қосымша объект болып тұлңаның денсаулығы
табылады. Қылмыстық құқық ғылымында бұл қылмыстың қосымша объектісі адамның
өмірі мен денсаулығы деген қате тұжырымдар кездесіп жатады. Себебі, адам
өмірі қарақшылықтың объектісі болып табылмайды,және де адамды өлтәру
қарақшылықтың шеңберінен шығып кетеді және қосымша айқындауды қажет етеді.
Қарақшылықтың ерекшелігі оны жүзеге асырудың тәсіліне де байланысты.
Ұрлаудың өзге нысандарына қарағанда,қарақшылықтың қауіптілігі меншік
қатынастарына қол сұғушылықтан ғана емес, сонымен қатар мұндай қол
сұғушылықтың тәсілінен де – күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш
қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасаудан көрініс табады.
Қарақшылық күрделі объектілі қылмыстардың қатарына жатқызылады.
Қарақшылық тек қана мүлікке ғана емес,жәбірленушінің тұлғасына да қол
сұғады. Сонымен, қарақшылықтың тікелей объектісі болып,
біріншіден,меншіктің нақты нысаны, екіншіден, шабуылға ұшыраған адамның
денсаулығы табылады. Өмір - бұл қылмыстың объектісі болып табылмайды және
адам өлтіру қарақшылықтың шеңберінен шығып кетеді және қосымша айқындауды
қажет етеді деп санайтын авторлардың пікірі дұрыс . Адамның өмірі басқа
ауыр қылмыс-адам өлтірудің объектісі болып табылады.Сол себепті де,
қарақшылықты жоғарыда аталған екі баптың жиынтығымен саралау қажет.
Қарақшылықтың объектісін анықтаған соң, осы қылмыс пәнінің
сипаттамасына тоқталайық. Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстың объектісі
мен пәні – бірдей ұғымдар емес. Объект пен пән – бұл құбылыстардың бір
жазықтығында жатқан өзара байланысты санаттар. Бұл құбылыстарды зерттеуде
оларды бір-бірінен ажырата қарасиыруға болмайды,өйткені эаттар мүліктік
қатынастардың материалдық алғышарттары болып табылады,ал адамдар арасындағы
қатынастар материалдық әлемнің заттарына қатысты туындайды.
Заттар олардың иесінің қажеттіліктерін не тікелей (азық-түлік
өнімдері, жиһаз, автокөлік, киім және т.б.), не шартты түрде (ақша, бағалы
қағаздар және т.б.)қанағаттандыра алады. Бірақ кез келген жағдайда мүлік
белгілі бір тұтынушылық құнға ие, адамның қандай да бір материалдық немесе
рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға қабілетті заттардың жиынтығын
білдіреді. Осы сипаттамадан мүліктің экономикалық қасиетті көрініс табады.
Қарақшылықтың объективтік жағы жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына
қауіпті күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен
ұштасқан шабуылдан көрініс табады. Қарақшылық әрекеттерді бұлайша
анықтаудан заң шығарушының шабуыл және күш қолдану сөздерін қатар
қолдануы осы түсініктердің әртүрлілігінде деген пікір қалдырады.
Қарақшылықты зерттеуге арналған қылмыстық құқықтық әдебиетте аталған
түсініктердің әрқайсысына дербес анықтама беру ұмтылысы байқалады.
Қарақшылық кезіндегі шабуылды әлдеқайда кең түсіну қажет.Ол
жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін кез келген күш
қолданып әсер етуден көрініс табуы мүмкін. Егер бұлар заң нормасында
көзделген белгілі бір мақсатпен жасалса, жәбірленушінің еркі мен санасынан
тыс оның ағзасына қатты ісер ететін улы, есеңгірететін заттарды күштеп
енгізу, қарақшылық шабуыл деп танылатын арқадан ұрудан,тығылып отырған
жерден атудан еш айырмашылығы жоқ.
Қарақшылықтың объективтік жағының ерекшелігі болып заң шығарушының
қылмыскердің мүлікті иемденген-иемденбегеніне қарамастан, бұл қылмысты
жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш қолданумен ұштасқан
шабуыл жасау сәтінен аяқталды деп танитындығы табылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъектісі болып есі дұрыс, қылмыс
жасалған кезде қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толған жеке тұлға
танылады. Сонымен қатар,заң әдебиетінде қылмыстың арнайы субъектісі ұғымы
да бар, ол есі дұрыстық пен белгілі жаспен қатар, қылмыстық заңнамада
белгіленген өзге де факультативтік белгілерге ие болады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қарақшылық үшін жауаптылыққа 14 жасқа
толған тұлғалар тартылуы мүмкін(ҚР ҚК 15-бабы)
Қылмыстық жауаптылық пен жазалауға қылмыс жасау кезінде заңмен
белгіленген жасқа толған және өз әрекеттеріне есеп беріп, жүріс-тұрысын
басқара алатан тұлға жатады.
Заң шығарушы қарақшылық жасаған тұлғалардың қылмыстық жауаптылыққа
тарту жасын азайта отырып, қылмыстың осы түрінің қоғамға қауіптілігі мен
кең таралғандығын ғана емес, сонымен қатар жасөспірімдерге қарақшылық
қылмысының мәні түсінікті екендігін де басшылыққа алды.
Ақыл-ойы қалыпты дамыған әрбір жасөспірім үшін қарақшылықтың қоғамға
қауіптілігі түсінікті,өйткені ол бөтен мүлікті ұрлап алудың,тіпті оны
біреуден тартып алудың қылмыс екенін жақсы түсінеді. Себебі, мұндай
қылмысты жасау кезңнде кінәлі тұлға белгіоі бір құндылықтарға қол сұғады.
Дәл осы жайт қарақшылық жасаған 14жастағы тұлғалардың өз әрекеттерінің
қауіптілігін түсінетіндігіне негіз бола алады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының құрамында пайдакүнемдік
қылмыстар,солардың ішінде қарақшылық басыңқы орынды иеленді. 14жастан
бастап қылмыстық жауаптылықты туындататын қылмыстарды анықтау барысында заң
шығарушы осы жағдайды да ескереді.
Қарақшылық субъектісінің екінші заңды белгісі – есі дұрыстыққа
тоқталатын болсақ, қылмыстық жауаптылыққа тартылып,жазалануы үшін қылмыс
жасаған тұлғаның есі дұрыс болуы тиіс.
ҚР ҚК 16-бабында есі дұрыстықтың белгісі,яғни тұлғаның өз
әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігін және іс жүзіндегі
сипатын ұғыну және оларды қылмыс жасау кезінде басқару, осыған орай
қылмыстық жауаптылыққа тартылу қабілеттілігі анықталған.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын алғаш рет ҚР 17-бабында
есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы бұзылған тұлғалардың
қылмыстық жауаптылығын көздеді. Осы баптың 1-бөлігіне сәйкес:Қылмыс
жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігін толық
көлемінде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық
жауапқа тартылуға тиіс. Ал 2-бөлікте былай делінген: Есінің дұрыстығы
жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезінде
жеңілдетуші мән-жай ретінде ескеріледі және ол осы Кодексте көзделген
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз бола
алады.
Қарақшылықтың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен және
пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.
Қарақшылықтың субъективтік жағын талдай келіп, түпкі мақсат пен
қылмысты жасаудың таңдалған тәсіліне қарай қарақшылықтың тек қасақана
болатынын, ал орын алуы мүмкін салдарға (әртүрлі дәрежедегі дене зақымдары,
солардың ішінде адамды өлтіру) қатысты кінә жанама қасақаналық және тіпті
абайсыздық нысанында орын алатынын атап көрсеткен ғалымдардың көзқарасы
дұрыс сияқты. Бұл көзқараспен келісуге болады,алайда мынадай елеулі
жағдайда да айтып өтуге болады. Қарақшылық құрамы үшін күш қолданудың өзі
тек қасақана сипатта болады. Күш қолданудың сипаты кінәлінің жәбірленушіні
өлтіргісі келмегенін,алайда әрекеттердің тиімділігін бағалауда қателескенін
көрсетуі мүмкін.Мұндай жағдайда кінәнің түрлі нысандары көрініс табады.
Заң әдебиетінде жалпымен мойындалған көзқарасқа сәйкес, егер адам өз
іс-әрекетінің (әрекетінің)қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық
қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын
ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе,қылмыс тікелей ниетпен
жасалған қылмыс деп танылады. Ал егер адам өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып,оның қоғамдық қауіпті
зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын
тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса,қылмыс
жанама ниетпен жасалған деп танылады.
Қарақшылықта жасау кезінде кінәлі тұлға мүлікті ұрлау фактісіне
қатысты қасақаналықпен ғана емес, сонымен қатар мүлікті иемдену құралы
ретінде жәбірленушіге күш қолдану ниетімен де әрекет етеді.
Субъективтік жақ күрделі сипатқа ие. Сондықтан да, қарақшылық тек
тікелей қасақаналықпен жасалады деп қылмыскердің кінәсінің мазмұны мен
нысанын біржақты шешуге болмайды. Кінәлі тұлғаның күш қолдануға және оның
салдарына қатысты психикалық қатынасына жәбірленушінің қарсыласуын басу
мақсатымен сипатталады. Кінәлі тұлғаға барлық жағдайларда адам өлтіру
мақсатын жүктеуге болмайды. Қасақанылықтың мазмұнынан қолданылатын
құралдардың зияндылығын ұғынуды, нақты салдарды болжауды және оған
қылмыскердің қатынасын көрсетіп өту қажет. Бұл кезде тікелей қасақаналықтың
әртүрлі түрлері (баламалы, нақтыланған, анықталмаған ) орын алуы мүмкін.
Бірінші бөлімнің екінші бөлімшесі Қарақшылық қылмысының сараланған
құрамдары деп аталады. Бұл бөлімшеде автор қарақшылық қылмысның сараланған
құрамдарын көрсете білді. Сонымен қатар, сарланған құрамдардың әрқайсысының
мазмұнын ашты.
Қарақшылықты ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату атты келесі бөлімшеде
қарақшылық пен басқа ұқсас қылмыстардың ерекшеліктері қарастырылады.
Құрамдарының кейбiр элементтерi сәйкес келсе қылмыс сабақтас құрам
болып келедi. Мұндай қылмыстардың құрамдарын дұрыс ажырату сот төрелiгiнің
мiндетiн орындауда маңызды болып келедi. Ол жазаны дәл және заңға сәйкес
қолдануының кепiлi.
Қарақшылық өзінің табиғаты бойынша бандитизм, тонау, қорқытып
алушылық, бұзақылық және т.б. қылмыстармен ортақ белгiлерге ие. Сот
тәжiрибесi көрсетiп отырғандай кінәлiмен жасалатын қарақшылық әрекеттер
саралау барысында қорқытып алушылық, бандитизм, тонау және т.б. қылмыстар
ретiнде танылады. Немесе керiсiнше құрамында қарақшылылықтың белгiлерi жоқ
әрекеттер де қарақшылықпен сараланып жатады. Мұндай қателіктердің кездесуi
аталған қылмыстардың сипатындағы арнайы белгiлердің терең және талдап
зерттемеуiнің салдары. Сонымен қатар, шын мәнiсiнде жасалған қылмыстың
құрамын заңның бабына сәйкес саралау сабақтас қылмыстардың арасындағы
айырмашылықтарды нақты бiлудi қажет етедi. Б.А. Қуриновтың пiкiрiнше
қылмысты дұрыс саралау үшін оны ұксас қылмыстардан және сабақтас
құрамдардан ажырата бiлу қажет. Сол әрекетке ғана тән белгiлердi анықтау
арқылы және қажет емес белгiлерiн алып тастаудың негiзiнде нақты iстi
сипаттайтын құқықтық және нақты белгiлердің бiрден бiр шынайы жиынтығына
жетемiз.
Қарақшылықта әлдеқайда сабақтас қылмыс құрамы болып ҚР ҚК-нің 178-
бабында көзделген тонау табылады.
Қарақшылық сияқты, тонау да екi объектiге — меншiк пен тұлғаға қол
сұғушылықты бiлдiредi.
Қарақшылық пен тонаудың ұқсастығы оларды жәбірленушiге қатысты күш
қолдануынан көрiнiс табатын жүзеге асыру тәсiлiнде. Ал олардың арасындағы
айырмашылық, ең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz