ІХ. Ғылым -әлеуметтік өмір системасында


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ІХ. Ғылым -әлеуметтік өмір системасында .

Ғылым - адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі. үш саланың әркайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және олардың даму зандылыктары бар.

Қазіргі заманғы ғылым - жаңа білім өндіру және максатқа сай оны беріп отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінін бірі әрі ерекше кызмет бола отырып, ғылым, К. Маркс айтқандай, коғамның идеалдық және практикалық байлығын білдіреді.

Ғылым социологиясы - социология саласы, сондай-ақ ғылым философилсын, ғылымның методологиясы мен логикасын, ғылыми шығармашылықтың психологиясын, ғылымның тарихы мен экономикасын енгізетін ғылымдарды танытатын пәндердің аса маңызды компоненті (құрамдас бөлігі) .

Өз зерттеулерінде ол факті жинау мен талдаудың социологиялық методтарын қолданады.

Ғылым социологиясы ғылым мен қоғамның, ғылым мен басқа да аллардын; өндірістің, білімнің, салсаттың, баскарудын т. б. өзара әрекетін, ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі кызмет ету, даму зандылықтарын, ғалымдар мен ғылыми ұжымдардың әлеуметтік топ ретіндегі қатынастарын, олардын баска еңбек ұжымдарымен өзара байланыстарын; ғылыми қызметтін тиімділігін арттырудың, ғылым нәтижелерін қоғамдык практикада қолдану процесін басқаруды жетілдірудің әлеуметтік факторлары мен т. б. механизмдерін зерттейді.

Ғылыми еңбектің сапасы мен нәтижелілігін одан әрі арттыру жолдарын іздестіруге белсене қатыса отырып, ғылым социологиясы ғылыми қызметтің ғалымның өзіне, оның санасы мен мінез-кұлкына тигізетін кері әсерін: еңбекке жауапкершілікпен қарауын, мамандығын көтеруге тырысуын, творчестволық белсенділігін қалыптастыруын, ғылым мен қоғам мүдделеріне қайшы келетін эгоизмін (өзімшілдігін), жеке басының пайдасына тырысуын болдырмау мәселелерін ғылым социологиясы зерттейді. Мұнда ғылым саласындағы ынталандыру жүйесіне ерекше орын беріледі.

Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр. Социологиялық зерттеулер ғылыми-зерттеу жұмыстардың төмен нәтижелілігі ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен, жеке салалар мен қызметкерлердің, ең алдымен жастардың жұмысына ғылыми жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді зерттеулер бағдарламаларында арта түседі.

Ғылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми қызметті интенсив төндірудің басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттық камғуды жақсарту, ғылыми коммуниикация жұйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы, сондай-ақ ғылыми және өндірістік ұжымдар арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық дамуды алға бастыру ғылым дамуының, оның практикамен байланысының әлеуметтік механизмін жасауды талап етеді, өйткені ол ғылыми жетістіктердің практикада қолданылуын объективті тұрде қолаудың тиімді құралы болар еді.

Ғылымды интенсивтендіру проблемалары күн тәртібінен түспей келеді. Демек, ғылымды интенсивті жолға қоюдын тиісті мсханизмін қалыптастыру проблемасы ерекше маңыз алады. Ол ғылым социологиясы тұрғысынан келгенде басқару органдары тарапынан ғылыми қоғамдастыққа және оның әлеуметтік белсенді мінез-құлқына ықпал етудің әлеуметтік факторлары мен : әдістері жүйесі қызметін атқарып, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және олардың практикамен байланысын нығайту : мақсатын көздейді.

Мұндай механизмге мыналар жатады.

Біріншіден, ұйымдастыру ықпалы - ғылыми ұжымдардың. әрбір ғылыми қызметкердің мінез-құлкын ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларында және мамандықты арттыру жолымен бағыттау, мақсаттардың интенсивтөндірілуіне әлеуметтік бағдар беру т. б. көп салалы ғылыми ұжымдардың бағдарламаларын интенсивтөндіруді көздейді. Соның ішінде жалпы ортақ және қолданбалы және сондай міндеттерді шешу үшін жекелеген шетелдік ғалымдардың, халықаралық ғылыми ұжымдар бағдарламаларының қатыстырылуы да маңызды.

Екіншіден, себепті ықпал - ғылыми кызметкерлерде ғылыми қызметтің сапалық көрсеткіштерін жетілдіруге, өз творчествосының потенциалын (пәрменділігін) жұзеге асыруға себептіліктерін қалыптастыру, кәсіби шеберлігін, практикамен байланысын нығайту.

Үшіншіден, нормативтік-бағалаушылык ыкпал жасау: ол ғылыми қоғамдастықтағы ғалымның жеке тұлғалық дербес мінездемелерінін шешуші манызын, онын талантын, жоғары мамандығын, ерік-жігер сапасын, идеялық шындалуын, ғылыми кызметке кабілеттілігін және баска қасиеттерін сақтаумен бірге ұжымдық еңбектің және жеке тұлғалар арасындағы өзара механизмнін ескелен рөлін есептей отырып практикада жана, ғылыми қызметті интенсивтөндіру (күшейту) көзеніне сәйкес нормалар мен бағалаушылықтарды жасап шығару мен қолдануды көздейді.

Төртіншіден. ақпараттық ықпал ғылыми қызметкерлерде ғылымды интенсивтөндіру көзінде оларға қойылатын" талаптар туралы қажетті білімдерді қалыптастыруды көздейді.

Ғылымды интенсивтөндіру процесін басқару проблемасы зерттеулерді, эксперименттерді қолдануды, ғылыми қызмет пен оны интенсивтөндірудің әлеумеггік факторлары арасындағы көпжақты байланыстарды ашуды қажет етеді. Бұл ретте ғылым социологиясына ерекше роль жұктеледі.

Қазіргі жағдайда ғылымның маңызды проблемаларын, оның гуманистік, дүниеге көзқарастық, методологиялық негіздерін, оның алуан түрлі әлеуметтік жұйелерде дамуы мен кызмет етуі жолдарын, қоғам өміріне және адамзат тағдырына терен де жан-жақты әсер ету сипатын зерттеу аса зор теориялық, әсіресе практикалык маңыз алып отыр.

Бұрын адамзат ешқашан өз болашағы үшін, үшінші мыңжылдық табалдырығындағыдай, соншалықты жауапты да маңызды көзеңді басынан өткізіп көрген емес. Бұл тарихи белес адам даналығының бұрын-сонды болмаған шарықтауымен, микро және макро дүниелер кеңістігіне, табиғат пен адам өмірінің негіздеріне терен енуімен сипатталады. Ғылым мен техника барған сайын осы заманғы өркениеттің іргетасына айналуда, ғылым прогресі мен адамзат болашағының прогресі коғамдык санада ажырамастай үштасуда. Алайда ғылымның көптеген табыстары мен техникалық жаңалықтары қәзіргі адамды тандандырумен қатар оның болашағы үшін қауіпті құбылыстарды датудырып отыр. Осы күнгі ғылыми-техникалық прогресс өмірге бірқатар жағымдылықтарды ғана емес, сондай-ақ жағымсыз құбылыстарды да әкелді. Демек, үшінші мыңжылдықтың үрдісі алдында адамзат ғылымды қоғам өміріндегі адамгершілік, имандылық бағалауға байланысты терең ойланыс пен толғанысқа, тіпті абыржушылыққа да түсуде. Ғылым оның болмысының әлеуметтік жағдайларынан тыс адам мүдделері мен қажеттіліктеріне кызмет ететін күш пе, немесе бұл адам бақылауынан шығып кететін және оны құртуға кабілетті арбаушы ма? - дейтін мәселелер жалпылама талкылау мәселесіне айналды.

Ғылымтану мәселесі теңірегінде казіргі заманғы ғылымның логикалық-гносеологиялык, әлеуметтік, экономикалық, кұқықтык және басқа кептеген зерттеулер топтасуда. Ғылыми білім мен ғылыми қызмет дамуының. Нақтылы процестері мен бағыттары туралы маңызды эмпирикалык (тәжірибелік) мәліметтер қорланды және қорлануда. Қазіргі ғылымтануда социологиялық проблематика неғұрлым ұлкен орын алып келеді. Ғылымтану алдымен ғылымды зерттеудің алуан түрлі бағыттарының, типтерінің жалпы атауы, олардың ішінен негізгі алтауын бөліп көрсетуге болады.

Біріншіден, ғылымды логикалық-гносеологиялық зерттеу, оның пәні ғылыми білімнің озі, онын құрылымы, оның дамуынын логикасы мен диалектикасы болып алады.

Екіншіден, тұтасынан алғанда ғылым дамуынын нақтылы тарихи процесіне және оның жеке көріністеріне көніл бөлетін тарихи-ғылыми зерттеулер.

Үшіншіден, ғылымды социологиялық зерттеулер.

Төртіншіден, ғылым дамуының экономикалық проблемаларын зерттеулер.

Бесіншіден, ғылыми творчествоның психологиясын зерттеулер.

Алтыншыдан, ғылымды сан тұрғысынан түсіндіру методы ретіндегі ғылым өлшеу зерттеулері.

Сонымен, ғылым - кұрделі көп өлшемді әлеуметтік құбылыс әрі білімнің түрлі салалары, алуан түрлі нақтылы тарихи жағдайларда оны алуан түрлі жақтарынан зерттейді. Ғылым социяологиясының ерекшелігі сол, ол ғылыми білімнің мазмұнын, оның құрылымы мен дамуы логикасынан аулақтай отырып ғылымды әлеуметтік институт ретінде, қызметтіңөзіндік түрі және алсы ретінде қарастырады.

Ғылыми кызмет барысында білімді үйлестіру жолындағы жауапты адамдардың өзара әрекеті жұзеге асырылады, ал өзара әрекеттің типтері нактылы әлеуметтік-мәдени жағдайларға тәуелді, Әлеуметтік институт ретінде, белгілі бір қоғам келеміндегі нормалар мен құндылықтардың жүйесі ретінде ғылымның кызмет атқаруы ғылым социологиясының пәні болып шығады, басқаша айтқанда, ғылым социологиясы ғылыми білім өндіру жөніндегі қызметті әлеуметтік аспек тілерін, қырлары мен сырларын, жаңа ғылымның тууынан оның практикаға енгізілуіне дейінгі козғалысы процесінде пайда болған әлеуметтік қатынастар жүйесін, алуан түрлі әлеуметтік жұйелердегі ғалымдар мінез-құлқының типтерін, олардың күндылық бағдарлары мен артықшылықтарын, сондай-ақғылым мен қоғамнын, ғылым мен басқа да қоғамдық құбылыстардың өзара әрекетінің нақтылы формаларын зерттейді.

Қоғамдық өндіріс алсында айтулы өзгерістер тудырып отырған қазіргі заманғы ғылым экономикалық, әлеуметтік, рухани кайта құрулардың, қоғам мен жеке адамнын мәдениетін, білімнің сапасын жаңартудың шешуші факторларының бірі болып алды. Ғылым адамның өзін, оның творчестволық кабілетін жетілдіруге көмектесетін куатты кызмет аткаруда. Солай бола тұрса да Батыста миллионға тарта адам сауатсыз деуге сенгін келмейді. Кебінесе ғылыми білімдер толык көлемде пайдаланылған кекейтесті проблемаларды шешуден сырт калды. 90-шы жылдары әлемде 50 миллион адам аштан өлгені осынын мысалы, ал тіпті көптеген адамдар өмірі үшін ғылымның ешбір маңызы болмайды. Білімдер өсуіне көмектесе келе, ғылым адамды едәуір жатсынуғада келтіреді, өйткені адамның өскелең акпарат таскынының бәрін игеруге, жаңадан ашылған ғылым жаңалыктарын қалыптаскан елшемдермен салыстыруға мүмкіндігі жетпейді. Ал тіпті бұкаралық ғылыми өңдірістің өзі де жекелеген өнеркәсіп қызметшісін тудырады.

Әлеуметтік жұйенің кемеліне келмеген, қайшылықты жағдайларында ғылым мен техника табыстарын енгізу адам белсенділігін жұзеге асырудың жаңа бағыттары мен келешектерін ашып қана қоймайды, сондай-ақ көптеген кұрделі әлеуметтік проблемаларды да тудырады, адам мен адамзат болашағы туралы мәселені де еткір алға тартады. Мәселенің көлемді де кұрделі екендігі адам мен ғылым арасындағы өзара қатынастылықта, демек, ғылым адамға не береді және одан болашақта нені талап етеді дегенді естен шығармау керек. Мұндай проблеманы кою мен ойластыру, оны шешудің жолдарын іздестіру ғылым социологиясының аса манызды міндеттерінің бірі және оның әлеуметтік мәнін айқындайды.

Ғылымды социологиялық зерттеулердің теориялық және іс жұзінде қолданылатын маңызы бар.

Ғылым социологиясынын теориялық маңызы ғылымды әлеуметтік құбылыс ретінде ойластыруда, ғылыми кызметтің өзгешелігін ашып кәрсетуге көмектесетіндігінде, мұнда орнығып қалған қатынастарды зерттеу, ғылыми алның қоғам өмірінің басқа да аллдарымен өзара байланысын ашу, ғылымның кекейтесті де пәрменді маңыздылығын ұғыну құнды болып табылады. Мұнын бәрі ғылыми қызметті басқару мен ұйымдастыру, оның реттілігі мен үйлесімдігі үшін, онын әлеуметтік-эконмикалық өнімділігі мен тиімділігі үшін, мемлекеттің ғылыми негізделген ұлттық және халықаралық салсат жасауы үшін, демек, ғылымның өзінің дамуы үшін және оны қоғам тарапынан басқару үшін қажет.

Ғылым социологиясының іс жұзінде қолданылатын маңызы зерттеу нәтижелерімен байлпанысты. Ондай нәтижелер нақтылы практикалык міндеттер мен проблемаларды шешу үшін кеңінен пайдаланылады. Әсіресе ғылымды нақтылы социологиялық зерттеулердің практикалық маңызы зор. Олар ғылымның қоғаммен өзара байланыста дамуы бағытына нақты көрсеткіштерді ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметшілер саны қозғалысын өлшемдеуге, жарияланған жұмыстар санының есуі жай-кұйін, қаражаттар мен каржылар белуді, ғылымды қолданудың жалпы өндірістік тиімділігін және сондайлар сияқты басқа да көрсеткіштерді қадағалауға болады. Жалпы мәдени, адамгершілік - кызмет ғылым социологиясынан ерекше орын алады. Қазіргі жағдайда ғылым адамды коршаған ортаның барған сайын маңызды да мәнді кұрамды бөлігі болып отырғанда онда қалай да өмір сұріп, әрекет етуге дұрыс бағдар ұстауға тура келеді. Ғылымның қоғамдық өмірге әсері қайшылықты. Сондықтан ғылым мүмкіндіктерін адамгершілік, гуманистік тұрғыдан бағалау, оның адамдық өлшемін, ғылымнын қоғаммен өзара байланыстылыкта дамуының ерекшеліктері туралы жалпы түсініктер бар болуын ашып көрсету маңызды.

Бұл біріншіден, адам мен өркениет дамуының перспективалары мен мүмкіндіктерін ғылымнын жаңадан ашылған жаңалықтары мен олардың әлеуметтік-экономикалык, кекейтесті ортақ нәтижелері тұрғысынан түсіну үшін, ғылымды қоғамдық пікірде дұрыс бағалау үшін қажет;

екіншіден, адамныңдүниегеғылыми көзқарасы қалыптасуы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігі мен дайындығы болмайынша мүмкін емес;

үшіншіден, оқу ментәрбие процесінде дұрыс бағдар ұстау үшін адамға ғылыми-техникалык прогресс қандай талаптар қолтынын білу керек.

Сайып келгенде ғылым социологиясы қайдағы бір абстрактілі ілім емес, қайта ғылым мен қоғам дамуын ынталандырып отыратын әлеуметтік-экономикалықөмірге жанама әсерететін, коғамдық психология мен идеологияға ықпал жасайтын, мемлекеттің ұлттық және халықаралык салсатына аса тиімді алғы шарт болатын маңыз алады, ал бұл адамгершілік қызмет атқару үшін аса кажетті.

Әлеуметтік Институт ретінде ғылым әлеуметтік-экономикалық ерлеудің аса маңызды тұтқасы болып табылады. Ол коғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды. Сондықтан ғылым саласындағы салсат әлеуметтік басқарудың жетекші салаларының біріне айналып, айрықша маңызға ие болды. Жуырда ғана алкталған ХХ-ғасырдаың алғына қарай әрбір 5 жыл сайын ғылыми білімнің келемі екі есе артты. 90-шы жылдардың басында ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің саны ғылымның бүкіл тарихы бойындағы ғалымдардың жалпы санынан 90 процент артты.

Ұстіміздегі ғасырдағылым өз дамуының жаңа көзеңін бастан кешуде. Бұл ғылым келбетін де, қоғам өмірін де түбегейлі өзгерткен ғылыми-техникалық революциямен байланысты. Ғылыми-техникалык революциянын (ҒТР) мазмұны мен кұрылымында ғылыми және техникалык өзгерістердің органикалык бірігуі дамыған техникалык базасыз ғылыми прогресс мүмкін болмайтынын, ал техника куатты ғылыми-техникалык негізге арқа сұйемейінше өркендей алмайтынын көрсетті.

ҒТР пайда болуының тікелей алғышарты, біріншіден, XIX-және ХХ-ғасырлар койнауында жаратылыстануда революция тереңдеуінен еді. Бұл революция электронның, радийдің ашылуынан, химиллық элементтердің айналуынан, относительдік (салыстырмалы) теория мен квант теориясының жасалуынан басталды, микродүние мен жоғары жылдамдыктар алларына ету жұзеге асырылды. Мұның бәрі материлға көзқарастардағы түбегейлі төңкеріске және дүниенің жаңа ғылыми бейнесі қалыптасуына келтірді.

Екіншіден, өндірісте және көлікте электрді пайдаланудың ықпалымен техникада революция жасалды. Радионы ойлап табу, авиацилның пайда болуы ұлкен маңызалды. Атом ядросының ыдырауы мен атом куатын меңгеру, кибернетиканың дамуы, ғылымның, өнеркәсіптің, мемлекеттің ірі ұлттык ғылыми-техникалық жобалаулар шеңберлеріндегі күшін біріктіруге мәжбұр етті.

Үшіншіден, ғылыми-техникалық прогрестің қаулай дамуына сәйкес әлеуметтік алғы шарттарға байланысты жаңа қоғамдық қажеттілік пайда болды. Ол дүниежұзілік колемде әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси жетекшілік жасаудың маңызды факторына айналды. Ғылымды қаржыландыру, зерттеу мекемелерінің саны қауырт өседі. Ғылыми қызмет бұқаралық-кәсіптік сипат алады.

Ғылыми-техникалық революцияның өрістеуі ХХ-ғасырдың ортасында өндіріске ең жаңа идеялар мен жаңалықтарды жиі де кең көлемді жұзеге асырумен: есептегіш тениканы, радио электрониканы, ядролық энергияны, жаңа конструкциялық (құрастырушылық) материалдарды, басқарудың автоматты жұйелерін, ғарышкерлік табыстарын өмірге келтірген қоғамның өндіргіш күштеріндегі түбегейлі өзгерістермен айқындалады. Микроэлектроника, техникалық процестерді биологияландыру, алуан түрлі өндіріс түрлерін ғарыштандыру, алдын ала берілген қасиеттері бар материалдар жасап шығару, приборлар жасау, ядролық энергетика, генетикалық инженерил және басқалар қазіргі заманғы ғылым мен техника дамуынын жетекші негізгі бағыттары болып алуда. Техника-адам (инженерлік психология, өнеркәсіптік эстетика және т. б. ) жүйесінің, техника-ғылым, өндіріс-табиғат (экология) жүйесінің алуан түрлі қырларын зерттейтін, қоғам өмірінің барлық салаларын басқару (басқарудың жалпы және арнаулы теориялары) проблемаларын шешумен байланысты ғылымдардың маңызы арта түсуде. Ғылымда, техникада, өндірісте революция өрістеуі коғам өмірінің кұллі алларына оның неғұрлым ықпалы күшейіп отырғанын көрсетеді. Ғылым екі жақты сипат алып отыр, демек, әрбір ғылыми жаңалық өз бойында жағымды да, жағымсыз да куатты күштер ұстайды. Сондықтан белгілі бір ғылыми жаңалықтар нәтижесі адамның, коғамның өзінедетәуелді.

Ғылыми-техникалык революцияның негізгі әлеуметтік салдарлары мынадай.

Біріншіден, ғылым тікелей коғамның өндіргіш күшіне айналады. Ғылым-техника-өндіріс - экономикалық өсудің негізгі үш тұтқасы.

Екіншіден, ғылымның қоғамдық дамудың жетекші алсына айналуымен байланысты жаңа қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болады. Адам барған сайын материалдық өндіріс алсынан босай береді. Бір жағынан, адам дамуы үшін қолайлы бағыт қалыптасады: адам ауыртпалықты механикалық еңбектен босайды. Екінші жағынан, өндіріс процесінде тікелей қатысушы адамдарға деген қажеттіліктің төмендеуі жұмыссыздық денгейі артуына, жұмыс орындарының шектен тыс тұрақсыздануына келтіреді, бұқараның кайыршылануы туындайды.

Үшіншіден, өндіргіш күштердің бүкіл элементтері: еңбек заты, өндіріс кұралы, қызметшінің өзі сапалық тұрғыдан кайта құрылады. Еңбектің интенсивтөндірілуі, оның материалдык кұрделі еңбекті қамтуы арта түседі. Ғылыми-техникалық жұмыстардың өз шығынын ақтауы артады, ғылыми-техникалық жұмыс табыстарын өнеркәсіпке енгізудің мерзімі кыскарады. Өндіріс пен қоғам дамуының серпінділігі ұлғалды. Бірак ғылыми-техникалық өзгерістердің ілгерілемелі карқындары кұрделі әлеуметтік проблема туғызады: меңгерілген мамандық пен өндірістің жаңа талаптары арасындағы алшактық өседі.

Төртіншіден, еңбектің сипаты мен мазмұнындағы өзгеріс ондағы творчестволық элементтердің рөлінің артуына, жалпы орта және арнаулы білімнің, жоғары білімнің деңгейінің өсуі адамның жалпы мәдениетінің дамуын тудырады.

Бесіншіден, ғылыми-техникалық революция өндіріс пен қоғам дамуын ғылыми ұйымдастыруды, бақылау мен басқаруды қамтамасыз етудің құралы ретінде ақпараттық қызметтің жаңа мүмкіндіктерін ашады да әлеуметтік-экономикалық маңызын көтереді, бұкаралық коммуникацил (қатынас-байланыс) кұралдары дамуын ынталандырады. Алайда, жетістіктер адамға зилн келтіругеде - индивидтіңөмірлік кызметіне, оныңсанасына жаппай тұтқиыл бақылау орнататын, айлалы әрекет атқаратын жұйе жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революция бағыттарының бірі -. энергияның жана көздері мен алдын ала ойластырылған қасйеттері баржасанды материалдар жасау. ҒТР ғылыми-өндірістік және қоғамдық өмірдің шұғыл интернационалдануын туғызады. Көптеген халыкаралык ғылыми бірлестіктер мен ұйымдар пайда болады, адамның шаруашылық кызметі барған сайын планетарлык сипат алады. Ғылыми оймен еркін алмасу үшін қалыпты мемлекетаралық қатынастар кажет, ал онсыз қазіргі заманғы ғылымның тиімді дамуы мүмкін емес. Көптеген ғылыми-техникалық жаңалықтар әскери мақсаттарга пайдаланылады, ол апатты экологиялық зардаптарға келтіреді. Коғамның салауатты күштері мен ғалымдар тарапынан ғылыми-техникалык дамуға бакылау орнату, ғылыми-техникалык жаңалыктардың жағымсыз салаларын болжау меп залалсыздандыру кажеттігі туып отыр.

Ғалымдар казіргі заманғы каруды енгізу, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, урбанизацил дамуы, оларды пайдаланудың ресурстары мен балама мүмкіндіктері төңірегіндегі жай-кұйдің салдарлары туралы шын ақпараттаратуға міндетті. Білімсіздікті, надандықты, түсініспеушілікті, жактырмаушылықты жою үшін, сейтіп, халықтар арасындағы бейбітшілікті сактау мен нығайту үшін ғалымдардың әлеуметтік-саяси белсенділігі кажет. Ғылыми-техникалык революцияға ғылым дамуынын көзені ретінде жалпылама тұрғыда болса да көңіл кою ғылымның көптегеи практикалык, әлеуметтік-саяси және мәдени мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасайды.

Коғам өмірінің ынталандырушы пәрменді, құдіретті факторы болып отырған ғылым және ғылыми жаналықтар адамға кұрделі табиғат күштерін меңгеру жолында көмектесумен келеді. Алуантүрлі дәуірлердедүниетуралы жасалған ғылыми түсініктер дүниеге көзкарастағы мифологиялык, діни калдықтармен күрестің куатты қаруы болды. Ғылым ұнемі танымның барынша жаңа шептерін, олармен бірге адам, адамзат дамуының жаңа перспективаларын ашып отырады,

Әртүрлі тарихи дәуірлерде ғылым мен коғам дамуының өзара байланысы әлбетте түрліше болады. Ғылыми жаңалықтар мен оларды практикаға енгізу және калың халык бұкарасы арасына тарату аралығында көбінесе ғасырлар өтіп отырады, ғылымнын материалдык өндіріске ықпалы жетімсіз болады. Казіргі жағдайлармен салыстырғанда ғылымның әлеуметтік маңыздылығы, әрдайым жоғары бағалана тұрса да, басқаша түсініледі. Мысалы, антик (көне) дөуірі түсында білім ізгіліктің кұрамды белігі әрі қажетті шарты деп қарастырылды, ол даналык-ғаламдык пайымдаушылык кызмет қызметтің жоғары түрі деп есептелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке адамның даму психикасының анталогиялық сипаттамасы
Антропонимика мен лингвомәдениеттанудың сабақтастығы
Адам дамуындағы биологиялықтың түрлік спецификасы
ФИЗИКАДАН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Демократиялық өкімет билігі
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
Физиканың механика саласы бойынша түрлі есептерді шығару жолдары
Саяси конфликт
Нерв системасының вегетативті бөлігі
Сұйықтықтың физикалық қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz