Еңбек құқығындағы қатынастарға түсетін субьектілерді сипаттау
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім
1.1. Еңбек құқығындағы қатынастардың субьектілері ... ... 4
1.2. Еңбек қатынастарының түсінігі ... ... ...19
1.3. Еңбек қатынастарының жіктелуі ... ... ... ... 27
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... 30
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... 31

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР Конституциясының 24-бабы). ҚР Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейтіні көрсетілген. Ал ол қатынастардың мазмұны еңбек құқығының субьектілерінің құқықтық жағдайына қарап қалыптасады және реттеледі.
Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқық, ең алдымен, әрбір адамның өзінің жұмыс күшін (немесе еңбекке қабілетін) өзі дербес жұмсауынан, мүдделеріне, кәсіби дайындығына, өзінің мүмкіндіктері мен қалауына қарай кәсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау құқығынан көрініс табады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы кез-келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс істеуге, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, мемлекеттік, әскери немесе кез келген өзге де қызметпен айналысуға, заңды тұлғаны құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе ешқандай еңбек қызметімен айналыспауға құқылы. ҚР Конституциясының және 2007 жылы қабылданған ҚР Еңбек кодексінің бұл ережелері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10-желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының және еңбек саласындағы бірқатар халықаралық- құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.

1. Абузярова Н.А. Обеспечение законности в трудовых отношениях. Алматы Жеті жарғы.1997.
2. Абузярова Н.А. Трудовое право:Учебник.-Алматы: ЮРИСТ, 2002.-264с.
3. Айымханова Н.М. Қазақстан Републикасының еңбек құқығы:Оқу құралы-Алматы: Жеті жарғы, 2002.-240б.
4. Нурбаев Д. А. Трудовое Прово Республики Казахстан-Бастау Алматы, 2004 г.
5. Уваров Л. Н. Трудовое прово Республики Казахстан Учебник,-Алматы:Каз ГЮА,2000
6. Уваров Л.Н. Трудовое законодательства Республики Казахстан: Учеб. Пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001 г.
Нормативтік құқықтық актілер
1. ҚР Конститутциясы 1995 ж 30 тамыз.
2. ҚР Еңбек құқығы 2007 ж 15 мамаыр № 251-III ҚРЗ
3. ҚР Президентінің 1995 жылғы 19-маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заңы.

ЖОСПАР
I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім
1.1. Еңбек құқығындағы қатынастардың
субьектілері ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Еңбек қатынастарының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.3. Еңбек қатынастарының
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...30
IV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..31
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің еңбек ету
бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз
еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында
ғана жол беріледі. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек
ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР Конституциясының 24-
бабы). ҚР Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек
бостандығына қатысты конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында
туындайтын еңбек қатынастарын реттейтіні көрсетілген. Ал ол қатынастардың
мазмұны еңбек құқығының субьектілерінің құқықтық жағдайына қарап
қалыптасады және реттеледі.
Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына қатысты конституциялық
құқық, ең алдымен, әрбір адамның өзінің жұмыс күшін (немесе еңбекке
қабілетін) өзі дербес жұмсауынан, мүдделеріне, кәсіби дайындығына, өзінің
мүмкіндіктері мен қалауына қарай кәсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау
құқығынан көрініс табады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы кез-
келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс істеуге, кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға, мемлекеттік, әскери немесе кез келген өзге де қызметпен
айналысуға, заңды тұлғаны құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе
ешқандай еңбек қызметімен айналыспауға құқылы. ҚР Конституциясының және
2007 жылы қабылданған ҚР Еңбек кодексінің бұл ережелері Біріккен Ұлттар
Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10-желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары
жалпы декларациясының және еңбек саласындағы бірқатар халықаралық- құқықтық
актілердің талаптарына сәйкес келеді.
Құқықтың бір саласы ретінде еңбек құқығының рөлі, міндеттері және
қызметі өзара тығыз байланысты болады. Олар қызметкердің, жұмыс берушінің,
өндірістің, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін білдіреді. Қызметкер мен
жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан жағдайда еңбек қатынастарына түседі, бұл
ретте олардың әрқайсысы өз мақсаттарын көздейді. Сондықтан, еңбек құқығының
негізгі рөлі – реттеушілік рөл. Еңбек құқығы адамдардың еңбек үрдісі
кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді, еңбек қатынастарының екі тарабы да
бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл ережелер мен нормалар өндірістің
міндеттеріне жауап береді, қызметкерлердің еңбегін, құқықтары мен
мүдделерін қорғайды, жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек құқықтары мен
міндеттерінің жүзеге асуын және олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, еңбек құқығы толығымен еңбек қатынастарының салыстырмалы түрде
қорғалмаған тарабы – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған.
Бұдан шығатын қорытынды, еңбек құқығының бір мақсаты – қорғау қызметі.
Сонымен қатар, еңбек құқығының рөлі өндірістің тиімділігіне және өсуіне,
еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға, қызметкерлердің
еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсартуға жағдай жасаудан көрініс табады.
Курстық жұмыстың мақсаты еңбек құқығындағы қатынастарға түсетін
субьектілерді сипаттап, олармен қандай қатынастар қалыптасатындығын жіктеу
болып табылады.
1.1. Еңбек құқығындағы қатынастардың субьектілері
Кез келген құқық саласы сияқты еңбек құқығындағы қатыстарға өзінің
субъектілер қатысады. Осы субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы
құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықталады. Еңбек құқығында осы құқық
саласының субъектілері ретінде қолданыстағы заңнаманың негізінде қоғамдық
еңбекті ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек
заңнамасын сақтай отырып қатысатын еңбек қатынастарының қатысушылары
танылады. Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде
1.Еңбекке қабілетті азаматтар (қызметкерлер),
2.Ұйымдар (жұмыс беруші, яғни, кез келген меншік нысанындағы жеке және
заңды тұлғалар),
3.Еңбек ұжымдары,
4.Кәсіптік одақтар
5.Мемлекеттік органдар қатысады.
Алайда, бұл бір қарағандай оңай мәселе емес. Еңбек құқығының
субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға
сәйкес арнайы қасиетке – құқықтық мәртебеге ие болуы тиіс. Бұл мәртебе
оларға қоғамдық еңбекпен байланысты нақты құқықтық қатынастарға қатысу
құқығын береді.
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мәртебесі ретінде қолданыстағы
2007 жылы мамырда қабылданған Еңбек кодексіне сәйкес оның еңбек
саласындағы негізгі құқықтық жағдайы анықталған. Ол туралы еңбек кодексінің
19-бабында көрсетілген. Яғни, еңбек қатынастарының субъектілері болып:
1. Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек қатынастарының субъектілері болып
табылады. Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы
заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және
барлық міндеттерін орындайды.
2. Жеке және заңды тұлғалар нормативтік құқықтық актілер, сот шешімдері,
сондай-ақ құрылтай құжаттары не сенімхат негізінде өздеріне берілген
өкілеттіктер шегінде қызметкерлердің немесе жұмыс берушінің мүдделерін
білдіреді.
Олардың құқықтық мәртебесінің мазмұны келесі негізгі элементтерден
тұрады:
а) еңбек құқық қабілеттігі (құқық деликт қабілеттігі):
ә) негізгі (статуттық) еңбек құқықтар және міндеттер;
б) осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы және арнайы кепілдіктері;
в) еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген жауапкершілік.
Бұл төрт элемент бірлесе отырып, еңбек құқығының әрбір субъектісінің
құқықтық мәртебесін құрайды.Енді еңбек құқық қабілеттігінен, еңбек әрекет
қабілеттігінен және еңбек деликт қабілеттігінен тұратын еңбек құқық
субъектілігін тереңірек қарастырып өтейік.
Еңбекке құқық қабілеттік – бұл еңбек заңнамасында танылған еңбек
құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеті, яғни, еңбек құқығы
қатынастарының қатысушысы болудың теориялық мүмкіндігі немесе қабілеті. Бұл
дегеніміз, белгілі бір жағдайлар болған жағдайда – азаматтар үшін белгілі
бір жасқа жету, заңды тұлғалар үшін шаруашылық немесе мүліктік және
оралымды басқару оқшаулығына жету – олар еңбек құқығы қатынастарының
субъектісі болуға және құқықтар мен міндеттерді иеленуге қабілетті болады.
Яғни, кез келген жеке немесе заңды тұлға жұмыс істеуге және жұмыс беруге
қабілетті. Еңбекке әрекет қабілеттік – бұл нақты құқықтық қатынастардың
мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді өз әрекеттері
арқылы иелену қабілеті. Басқаша айтар болсақ, еңбекке әрекет қабілеттік
азаматтың, ұйымның, еңбек ұжымының өз әрекеттері арқылы еңбек саласындағы
субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Мысалы, азамат жұмыс
іздеп, халықты жұмыспен қамту органдарымен құқықтық қатынастарға түссе, ол
өзінің жұмыс істеуге қатысты әрекеттері арқылы еңбек құқықтары мен
міндеттерін иеленеді. Жұмыс беруші – жеке немесе заңды тұлға, өзіне
қызметкерлерді таңдау және жұмыс істеуші тұлғаларға жұмыс беруі арқылы
еңбек құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Еңбек құқығы субъектілерінің
маңызды ерекшелігі – оларда еңбекке құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттік
бір мезгілде болуы тиіс. Есте сақтайтын бір жайт: еңбекке құқық әрекет
қабілеттік дегеніміз бұл тек еңбек құқығының субъектілері ғана иеленетін
ерекше қасиет. Субъективтік құқықтар мен міндеттер заңнан туындауы мүмкүн.
Оларды нақты еңбек құқығы қатынастарының мазмұнынан туындайтын субъективтік
құқықтар мен міндеттерден ажырата білу қажет. Заңдардан туындайтын
субъективтік құқықтар мен міндеттерді статуттық деп атайды. Олар еңбек
құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесінің негізін құрайды және еңбек
саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі. Еңбек құқығы
субъектісінің негізгі статуттық құқықтары мен міндеттерінің тізімі әр түрлі
сипатқа ие және олар өздерінің әлеуметтік мақсатымен, еңбек саласында
атқаратын функциялардың сипатымен ерекшеленеді. ҚР Конституциясына сәйкес
азаматтың еңбек құқығының субъектісі ретіндегі құқықтық мәртебесі барлық
азаматтар үшін тең. Алайда, оны қызметкердің құқықтық мәртебесінен ажырата
білген жөн (бұны азамат еңбек шартын бекітіп, қызмет берушімен еңбек құқығы
қатынастарына түскен кезде иеленеді). Бұл кезде қызметкердің құқықтық
мәртебесі еңбек заңдарымен анықталады. Азамат жұыс іздеп, жұмысқа
орналастыру бойынша органдармен құқықтық қатынастарға түскен кезде еңбек
құқығының субъектісіне айналады. Ал қызметкердің құқықтық мәртебесі, ол
жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан кезде туындайды. Сонымен, азаматтың
құқықтық мәртебесі ол жұмысқа орналасқан кезде қызметкердің құқықтық
мәртебесіне айналады.
Негізгі (статуттық) еңбек құқықтары мен міндеттері. Бұл құқықтар мен
міндеттер ҚР Конституциясында және ҚР еңбек кодексі, еңбек саласындағы
нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген. Оларға еңбекке құқық,
мемлекетпен кепілденген ең төменгі жалақыға құқық, демалуға құқық, еңбектің
қауіпсіз жағдайларына құқық, кәсіби дайындыққа және біліктілігін көтеруге
құқық, кәсіподақтарға бірігу құқығы, еңбек тәртібін сақтау міндеті, еңбек
нормасын орындау міндеті, сеніп тапсырылған мүлікті сақтау міндеті және
т.б. жатады. Статуттық құқықтар мен міндеттер еңбек құқығының субъектілері
болып табылатын барлық қызметкерлерге таралады. Бұл құқықтар мен міндеттер
қызметкерлердің еңбек қатынастары және еңбек үрдісіндегі жүріс-тұрысын
анықтайды. Статуттық құқықтар мен міндеттердің мазмұны әрекет ету, талап
ету, міндеттеу, құқықтар мен міндеттерді пайдалану мүмкіндіктерінен және
еңбек құқығының өзге де субъектілерінің мүдделері мен қажеттіліктерін
белгіленген шекте қанағаттандыру міндетінен көрініс табады.
Осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы және ерекше кепілдіктері
келесідей: біріншіден, олар ҚР Конституциясымен кепілденген, екіншіден,
заңдар еңбек құқығы субъектілерінің құқық бұзушылықтарының алдын-алады;
үшіншіден, міндетті тұлғалардың әрекет ету шектерін белгілейді;
төртіншіден, аталған құқықтарды бұзатын әрекеттерге шағымдануға мүмкіндік
береді және бесіншіден, кінәлі тұлғалардың құқық бұзушылықтарының
нәтижесінде келген материалдық зиянды өтетуді қамтамасыз етеді.
Қызметкерлердің еңбек құқықтары мен міндеттерін заңды тұрғыдан кепілдеудің
өзіне тән ерекшелігі болып осы кепілдіктерді жүзеге асыруға қызметкерлердің
құқықтары мен мүдделерінің заңды өкілдері болып табылатын еңбек ұжымдары
мен кәсіподақтардың қатысуы табылады.
Азаматтар еңбек құқығы субъектілерінің ішінде саны жағынан көп және ең
кең таралған тобы. Азаматтар еңбек құқықғының субъектілері ретінде
жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік
иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде,
1.жұмысшыларға,
2.инженерлік-техникалық құрамға,
3.қызметшілерге,
4.жұмыс істейтін зейнеткерлерге және т.б. бөлінеді.
Осыған сәйкес азаматтар мәртебесінің көптеген түрлерін де бөлуге болады.
Алайда, барлық азаматтарға еңбек құқық қабілеттігінің жалпы талаптары да
таралады, олар: жасына қатысты қойылатын талап, ерікті және әлеуметтік
талаптар. Азаматтардың еңбек құқығының субъектілері ретінде еңбекке қатысты
іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. әрине, бұл қабілеттер жекелеген адамның
дене және ақыл-ой ерекшеліктеріне байланысты болады. Мұндай қабілеттер
адамға туа бітпейді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, адамның еңбекке қатысты іс жүзіндегі
қабілеті ерте, шамамен төрт жасына таман пайда болады. Адам өскен сайын
еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттік те өседі. Алайда, заңнама
азаматтарда жай еңбекке қатысты емес, құқықтық санат ретіндегі еңбекке
қатысты іс жүзіндегі қабілеттік пайда болған сәттен бастап қана оларды
еңбек құқығының субъектілері ретінде таниды. Азаматтар құқық нормаларымен
жүйелі түрде реттелетін еңбекке қабілетті болған кезде ғана оларда жоғарыда
аталған қасиет бар деп танылады. Еңбек заңнамасына сәйкес 16 жасқа толған
азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген жағдайларда 15 жастағы,
кейде 14 жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі.
Мемлекеттік қызметке кіруші тұлғалардың жасы 18 жастан кем болмауы тиіс.
Жасына қатысты қойылатын талаптың құқықтық табиғатын заңнама осы жасқа
жеткенде ғана тұлғаның еңбектегі кәмелет жасына толуымен байланыстырады.
Еңбекті қорғау, жұмыс уақыты және т.б. салаларда белгілі бір жеңілдіктер
мен артықшылықтарды иеленетініне қарамастан, еңбек құқығы қатынастарында
олар азаматтық кәмелет жасына теңестіріледі. Ерікті талап азаматтардың
еңбекке және кәсіпкерлік қызметке қатысты ерікті қабілетінің жағдайын
білдіреді. Соттың шешімімен әрекет қабілеттігінен айырылған тұлғалар еңбек
құқығының субъектілері бола алмайды. Сонымен қатар, соттың шешімімен әрекет
қабілеттігі шектелген тұлғалар мемлекеттік қызметке алынбайды. Бұл ережені
мына жағдаймен түсіндіруге болады жүйке ауруының, ақыл-ой қабілетінің
нашарлауы салдарынан азамат өзінің еңбектегі міндеттерін саналы түрде
орындай алмайды, қызметтік, кәсіпкерлік және еңбек қызметін бақылай
алмайды. Азаматтардың еңбек құқық субъектілігінің іс жүзіндегі мазмұны
еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілетке, соның ішінде, денсаулық жағдайына
байланысты. Сондықтан, мүгедектің денсаулық жағдайына сәйкес көлемде және
шекте рұқсат етілген еңбек ету қабілеті оның еңбек құқық субъектілігінің
мазмұнында ескеріледі.Ал мұндай қабілеттерді бағалауды мүгедектің өзі емес,
мемлекет,жұмыс беруші және басшылық еңбек шартын бекіту кезінде жүзеге
асырады.Әлеуметтік талап Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығы үшін
тең еңбек құқық субъектілігін білдіреді, яғни, қолданыстағы заңнамада
барлық еңбекке қабілетті азаматтар үшін еңбек саласындағы тең мүмкіндіктер
белгіленген. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрбір
азаматтың еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына
құқығы бар. Жұмысқа алу кезінде жынысына, нәсіліне, ұлтына және дінге
көзқарасына байланысты құқықтарды тікелей не жанама шектеуге немесе қандай
да бір артықшылықтарды белгілеуге жол берілмейді. Тек заңда тікелей
көзделген жағдайларда ғана еңбек құқық субъектілігін шектеуге жол беріледі.
Азамат қылмыс істеген жағдайда соттың шешімінің негізінде белгіленген
мерзімге дейін белгілі бір лауазымдарды иелену немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан айырылуы мүмкүн. Еңбек құқық субъектілігінен айыру тек
ішінара және тек уақытша болады. Азаматтарды еңбек құқық субъектілігінен
толық және тұрақты түрде айыруға жол берілмейді. Алайда, соған қарамастан
еңбек заңнамасы азаматтардың жекелген санаттары үшін денсаулық жағдайына,
өндірістік қызметтің түріне, еңбекті қорғауға және т.б. мәселелерге қатысты
белгілі бір кепілдіктерді де көздейді. Заңнамада жүкті әйелдер және бір
жарым жасқа дейін балалары бар әйелдер үшін еңбек жағдайына қатысты
жеңілдіктер белгіленген.
Сонымен қатар, кәсіпкер-азаматтар (жұмыс берушілер) да еңбек құқығының
субъектісі болуы мүмкүн. Кәсіпкерлік – бұл азаматтардың және олардың
бірлестіктерінің халыққа тауар беру, қызмет көрсету, жұмыс істеу, соның
ішінде жеке меншікке негізделген жалданбалы еңбекті пайдаланудан табыс табу
мақсаттарындағы қолданыстағы заңдардыңшеңберіндегі дербес шаруашылық және
өзге де қызметі. Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы Қазақстан
Республикасының әрекет қабілеттігі шектелмеген еңбекке қабілетті барлық
азаматтарына беріледі. ҚР Азаматтық кодексінде және басқа да заң шығарушы
актілерінде өзгеше көзделмесе, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлғаны құрмастан
да жүзеге асыруға болады. Бұл қызметті кәсіпкерлер тәуекел етіп, мүліктік
жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге
асырады. Мүліктік жауапкершілік кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық
нысандарына қарай ерекшеленуі мүмкүн. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
жеке дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен басталады.
Егер кәсіпкердің айналысатын қызметі лицензиялануы қажет болса, кәсіпкер
осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алуы тиіс. Кәсіпкер мәртебесіне ие
болғаннан кейін азамат жұмыс берушінің – еңбек құқығының субъектісінің
мәртебесін иеленеді. Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі азаматтардың
үшінші санатын кәсіпкерлікті де, өз жұмысын да меншік иесі ретінде бірлесе
жүргізуші тұлғалар құрайды. Олардың құқық субъектілігінің ерекшелігі
азаматтық құқық субъектілікпен тығыз байланыста болуынан көрініс табады.
Шетелдік тұлғалар да еңбек құқығының субъектісі болуы мүмкүн. Нарықтық
экономиканың дамуымен әр түрлі бірлескен кәсіпорындар пайда болды. Бұл, өз
кезегінде, Қазақстан Республикасының аумағына елшілікпен және
консулдықтармен байланысты емес қызметтерге де шетелдік азаматтардың келу
жиілігіне әсер етті. Шетелдік азаматтарға жалақы төлеу, жұмыс уақыты және
демалыс уақытын белгілеу және т.б. мәселелері жеке еңбек шарттарында
көзделуі тиіс. Жұмысшылар мен жұмыс берушілердің – азаматтардың статуттық
құқықтары мен міндеттері Еңбек құқық субъектілімен және статтутық құқықтар
мен міндеттермен қатар құқықтық мәртебенің қажетті элементі болып
құқықтарды кепілдеу де табылады. Азаматтардың еңбек етуге қатысты
құқықтарының кепілдіктерін азаматтарды жұмысқа қабылдаудан заңсыз бас
тартуға, қызметкерді келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыруға және т.б.
қатысты тыйым салушылық сипаттағы нормалар орындайды. Сонымен қатар,
азаматтардың еңбек етуге қатысты құқықтарының кепілдіктерін еңбек даулары
туындағанда азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру
үшін тиісті органдарға шағымдану мүмкіндігін беретін нормалар да
орындайды.Қолданыстағы заңдардың маңызды ерекшелігі болып бұларда тек
жалданбалы қызметкерлердің ғана емес, сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің
және жұмыс істейтін меншік иелерінің де кепілдіктерінің көзделуі табылады.
Бұл кепілдіктер барлық кәсіпкерлерге шикізат нарығына араласу құқығын,
олардың мемлекеттік органдарда тіркелу кепілдіктерін, сонымен қатар
ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына және т.б. қарамастан барлық
кәсіпкерлерге қызмет етудің бірдей жағдайларын қамтамасыз етеді. Құқықтық
мәртебенің келесі элементі болып еңбек міндеттерін тиісінше орындамағаны
үшін жауапкершілік табылады. Барлығына белгілі бір жайт, эконмикалық даму
мүдделері еңбектің барысындағы өз құқықтары мен міндеттерін тиімді
пайдалануды ғана емес, сонымен қатар өзіне алған міндеттемелер үшін
күшейтілген жауапкершілікті де талап етеді. Ескеріп өтетін жағдай –
кепілдіктер мен жауапкершілік өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Дәл осы
байланыс құқықтық мәртебеге қажетті тұрақты және бірқалыпты сипатты тиесілі
етеді. Құқықтың кепілдіктері еңбек құқығы субъектілерін өздерінің
құқықтарын жүзеге асыруға және еңбек міндеттерін орындауға ынталандырып,
көтермелейді, ал жауапкершілік субъектінің өзінің еңбек міндеттерін
орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін санкцияларды белгілейді.
Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыс беруші ретінде
қызметкермен еңбек шартын бекіткен және оған жұмыс берген жеке немесе заңды
тұлға табылады. Яғни, азаматтарға жұмыс беретін, олардың еңбегін төлейтін
және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін орындайтын фермерлер, жеке
кәсіпкерлер, ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар, шаруашылықтар,
кооперативтер, серіктестіктер және т.б.жұмыс берушілер болып табылады.
Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі жұмыс берушілерді жеке
тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар және мемлекеттік
кәсіпорындар деп бөлуге болады.
Коммерциялық ұйымдар-мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік,
акционерлік қоғам, өндірістік кооперативтер нысанында құрылуы мүмкүн.
Коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі мақсаты болып пайда табу табылады.
Коммерциялық емес ұйымдар-мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік
қоғам, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік және заңда
көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкүн.
Бұл ұйымдарды меншік иесі қаржыландырады және олардың қызметі пайда
табуды көздемейді. Коммерциялық емес ұйымдар кәсіпкерлік қызметті өздерінің
мақсатына жету шегінде ғана жүзеге асырады. Мемлекеттік кәсіпорындардың
құқықтық мәртебесі және олардың қызметін жүзеге асыруы ҚР Президентінің
1995 жылғы 19-маусымдағы Мемлекеттік кәсіпорындар туралы заң күшіне ие
жарлығында анықталған. Бұл ұйымдардың (жұмыс берушілердің) еңбек құқық
субъектілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен және заңнамада көзделген
жағдайларда лицензия алған сәттен бастап туындайды. Барлық ұйымдардың
қызметі Жарғыға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде бұл актілер ұйымдарға барынша дербестік беріп, жедел қызметті
жүзеге асыруына жағдай жасайды. Жұмыс беруші-ұйымдар еңбек ақысын төлеу,
жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу мәселелерін дербес шешуге құқылы.
Олар өздерінің экономикалық және мүліктік жағдайының негізінде қосымша
жеңілдіктер мен сыйақыларды, жұмыс уақытының ұзақтығын белгілей алады.
Соған қарамастан, жұмыс беруші ұйым еңбекті қорғау ережелерін сақтауды,
заңнамада белгіленген мөлшерден кем емес жалақы төлеуді,еңбектің қауіпсіз
және қолайлы жағдайларын жасауды, әлеуметтік қорғау шаралар мен
қызметкердің өзге де құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен қатар, егер еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы не жұмыс
берушінің өзге де кінәсінің нәтижесінде қызметкерлердің денсаулығына және
еңбекке қабілеттігіне зиян елтірілсе, жауапкершілік жұмыс беруші-ұйымға
жүктеледі. Жұмыс беруші-ұйымның қызметі оның таратылуымен байланысты
тоқтатылады. Тарату туралы шешім ұйымның меншік иесі немесе осы ұйымды
құрған органның шешімінің немесе сот шешімінің негізінде қабылдануы мүмкүн.
Жұмыс беруші-ұйымдардың еңбек құқық субъектілігін екі өлшем мен анықтауға
болады:
1.Жедел
2.Мүліктік
Жедел өлшем мамандарды таңдауды, орналастыруды және ұйымдастыруды
жүзеге асыруды, еңбекті қорғауды және қызметкерлердің өз еңбек міндеттерін
орындауы үшін қауіпсіз және қажетті еңбек жағдайларын жасауды білдіреді.
Мүліктік талап еңбектің ақылы сипатымен байланысты және жұмыс берушінің
жалданбалы еңбекті төлеу қабілетін білдіреді. Бұл үшін жұмыс берушіде
белгілі бір материалдық (мүліктік) база болуы тиіс, алайда, шын мәнінде
еңбек құқық субъектілігі үшін жалақы қоры ғана аса зор мәнге ие.
Соңғы кезде еңбек ұжымы түсінігінің орнына қызметкерлер түсінігін
қолдану жиі белең алып жатады. Және де еңбек ұжымдары мемлекеттің саяси
ғана емес, экономикалық өмірінде де қандай да бір рөлді иеленуден
айырылғандай. Соған қарамастан, біздің ойымызша, еңбек ұжымдары еңбек
құқығының субъектілері болған және одан әрі болады да.
Еңбек ұжымы ретінде жеке еңбек шарттарының негізінде белгілі бір
ұйымның шегінде бірлескен еңбек қызметін жүзеге асыру барысындағы
адамдардың бір жұмыс берушімен еріктітүрде бірігуін атауға болады. Еңбек
ұжымы адамдардың кездейсоқ тобырынан ұйымдастырушылық біртұтастығымен,
ортақ органдарының, басшылығының болуымен, еңбек тәртібінің бірыңғай
ережелерімен және еңбек заңнамасына бағыныстылығымен ерекшеленеді. Басқаша
айтар болсақ, ұжымның белгілері болып келесі айрықша сипаттар табылады:
1. адамдардың бұл тобын белгілі бір ұйым шегіндегі ақылысипаттағы бірлескен
қызмет біріктіреді;
2. адамдардың бұл тобының еңбекке қатысты ортақ мақсаттары мен мүдделері
бар;
3. адамдардың бұл тобы жеке еңбек шарттарының негізінде бір жұмыс берушімен
құрылған, салыстырмалы түрде тұрақты құрамға, басқару органдарына ие,
тәртіпке бағынады;
4. адамдардың бұл тобы экономикалық тұрғыда дербес;
5. олар бағыныстылар және басшы болып бөлінеді және еңбек құқық
бұзушылықтары үшін өзара міндеттемелерді орындайды.
Еңбек ұжымы түсінігін әржақты түсінуге болады. Басшылық нақты бір
қызметкерге қатысты ұйымның өкілдік органы рөлін иеленеді және еңбек
құқығының субъектісі болып табылмайды. Алайда, ұйымдастырушылық-
басқарушылық қатынастарында шарт бекітіп, жалақы төлеу мәселесін, жұмыс
уақыты және демалыс уақыты жүйесін анықтаған жағдайда, олар еңбек құқығының
дербес субъектілері болып табылады. Ұжым тар мағында тек қызметкерлерді
білдіреді. Соңғы жылдары бірқатар нормативтік құқықтық актілерде ұжым
түсінігінің орнына қызметкерлер сөзінің қолданылу себебі де осыдан шығар.
Кең мағынадағы еңбек ұжымының құрамына қызметкерлермен қатар басты міндеті
еңбек үрдісін басқару мен шаруашылық қызметті қамтамасыз ету болып
табылатын лауазымды тұлғалар, яғни, басшылық қа кіреді. Басшылыққа ұйымның
бірінші басшысы, оның орынбасарлары, көмекшілері, бас мамандар, құрылымдық
бөлімшелердің (бөлімдердің, цехтардың және т.б.) басшылары және басқару
функциясын атқаратын, қарамағында жалданбалы еңбекпен айналысатын
қызметкерлері бар өзге де тұлғалар жатады. Ұйымның бірінші басшысы және
басшылық еңбек ұжымының құрамына кіреді, себебі, олар да жеке еңбек шартын
бекітеді. Сонымен, еңбек ұжымына құрамдас элементтер ретінде мыналар
кіреді:
1. осы өндірістің барлық қызметкерлері;
2. басшылық (басшыны қоса алғанда);
3. еңбек ұжымының органдары;
4.осы ұжымның қоғамдық ұйымдары және олардың органдары (кәсіптік одақ,
әйелдер, жастар одақтары және т.б.)
Еңбекті қолдану саласы бойынша еңбек ұжымдары келесі түрлерге
бөлінеді:
1.Өндірістік (кәсіпорындардағы, құрылыстардағы және т.б.) еңбек ұжымдары;
2.Халыққа қызмет көрсетуші (сауда, көлік, байланыс және т.б.салалар) еңбек
ұжымдары;
3.Ағарту, денсаулық қорғау салаларындағы еңбек ұжымдары;
4.Жобалау, жобалау-құрастыру, ғылыми-зерттеу салаларындағы еңбек ұжымдары:
5.Басқару саласындағы еңбек ұжымдары;
6.қоғамдық ұйымдардың (партиялардың, әр түрлі қорлардың және т.б.)
аппараттары.
Еңбек ұжымы өндірістің нысанына қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1. мемлекеттік өндірістердің еңбек ұжымдары;
2. өндірістік кооперативтердің еңбек ұжымдары;
3. жеке дербес меншік өндірістерінің еңбек ұжымы;
4. қоғамдық ұйым меншігі өндірістерінің еңбек ұжымы;
5. аралас меншік нысанындағы өндірістердің (шетелдік өндірістерді қоса
алғанда) еңбек ұжымдары.
Еңбек ұжымдары өз деңгейіне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1. кәсіпорынның негізгі еңбек ұжымдары;
2. бөлімшелердің (бөлімдер, цехтар) еңбек ұжымдары;
3. бастапқы еңбек ұжымдары (бригадалар, учаскелер, буындар).
Ұжымның құқықтық мәртебесі – бұл оның заңнамалық тұрғыда бекітілген
құқықтық жағдайы. Ұжымның құқықтық мәртебесін мына элементтер құрайды:
а) еңбек ұжымы құрылған сәттен бастап (адамдардың санына қарамастан)
туындайтын оның құқықсубъектілігі;
ә) оның негізгі өкілеттіктері (құқықтары мен міндеттері, қызмет ету
саласы); б) кепілдіктер мен жауапкершілік.
Еңбек ұжымының құқықтық мәртебесі өндіріс толығымен таратылған
жағдайда тоқтатылады. Өндірістің қайта ұйымдастырылуы (бірігу, бөліну),
оның меншік иесінің ауысуы қызметкерлердің еңбек қатынастарын тоқтатпайды.
Олардың келісімімен бұл қатынастар жалғасады, яғни, еңбек ұжымы да
сақталады.
Еңбек ұжымы мен ұйымның құқықтық мәртебесі тең болады. Кәсіпорынның,
ұйымның құқықтық мәртебесі азаматтық құқықпен анықталса, еңбек ұжымының
құқықтық мәртебесі еңбек құқығының ережелерімен анықталады. Еңбек ұжымының
өкілеттіктері және өзін-өзі басқаруы оның құқықтық мәртебесін құрайды.
Өкілеттіктер – бұл еңбек ұжымының құқықтарына қарағанда .лдеқайда кең
түсінікә Өкілеттіктер еңбек ұжымының құқықтарын да, міндеттерін де, оның
қызмет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz