Бала есінің сапасы төмен болуы және есте қалдыруы нашар балалар


Жұмыстың мазмұны
Жоспар . . . 3
Кіріспе . . . 4
І. Негізгі бөлім
1. 1 Бала есінің сапасы төмен болуы және есте қалдыруы
нашар балалар . . . 5
1. 2 Баланың есі туғаннан бастап дамиды . . . 5
1. 3 Мұғалім оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып есін тәрбиелеу . . . 6
1. 4 Бала есінің дамуы мұғалімнің жұмыс әдісіне, әсіресе психологиялық дайындығына байланысты . . . 8
Қорытынды . . . 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 10
Жоспар
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. 1 Бала есінің сапасы төмен болуы және есте қалдыруы нашар балалар
1. 2 Баланың есі туғаннан бастап дамиды
1. 3 Мұғалім оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып есін тәрбиелеу
1. 4 Бала есінің дамуы мұғалімнің жұмыс әдісіне, әсіресе психологиялық дайындығына байланысты
Қорытынды
КІРІСПЕ
Ес дәрежесі бірдей екі адамды табу қиын. Біреу өлеңді жылдам жаттаса, екінші біреу - санды жақсы жаттайды, үшінші біреу - ұмытшақ, төртінші кісі көргенін есінде ұстағыш келеді т. б. Адамдар, сондай-ақ, есінің дәлдігі жөнінен бір - бірінен ажыратылады. Естің дәлдігі - ешбір жаңылмай, ойдың тәртібін бұзбай, мағыналы түрде айта білу қабілеті. Мәселен, орыс композиторы Балактревтің дәл осындай болған. Концертте отырғанда, ол Чайковскийдің бір симфониялық шығармасын естиді де, екі жылдан кейін осы симфонияны жаңылмай орындап береді.
Есі дәл адамдар материалды игеріп алудың жылдамдығы жөнінде де алдына қара салмайды. Жүрт бұларды зейінді, зерек адам дейді. Ал басқа біреулер, керісінше, қайта-қайта оқыса да есіне түсіре алмай, әуре болады. Адамдар еске қалдырудың ұзақ-қысқалығымен де ажыратылады. Мұны кейде естің беріктігі деп те атайды. Мәселен, бір нәрсені жаттап алса, оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болады. Екінші біреу оны тез ұмытады.
Естің жақсы сапаларының бірі - даярлығы. Естің қорынан кез-келген уақытта қажет нәрсені тауып ала білуді естің даярлығы дейді. Сондай-ақ көп нәрсені миына тоқи алатын, есінің өрісі кең адамдар да болады. Біреулер көзбен көргенді, енді біреулер құлағымен естігенді жақсы қалдырады. Жоғарыда аталған ерекшеліктер балалар арасында да жиі кездеседі. Оларды төмендегіше жіктеуге болады:
1) Есте қалдыруы шапшаң, қайта жаңғыртуы жақсы, еске қалдырғанын көпке дейін ұмытпайтын оқушылар.
2) Есте баяу қалдырғанымен, ұмытпайтын оқушылар.
3) Есінде қалдыруы тез болғанымен, тез ұмытатын оқушылар.
4) Есіне қиналып түсіретін және тез ұмытып қалатын оқушылар.
1. 1 Бала есінің сапасы төмен болуы және есте
қалдыруы нашар балалар
Бала есінің сапасы төмен болуы көптеген себептерге байланысты. Есте қалдыруы нашар балалар сабақтан көп қалады, үй тапсырмаларын жүйелі орындап отырмайды, кітапты қалай оқудың тәсілдерін білмейді. Есте қалдырудың нашарлығы баланың сабақты дұрыс тыңдамауынан, зейінсіз отыратындығынан да болады. Мұндай балалар үнемі мүғалімнің бақылауында болуға тиіс. Енді бір балалар ауру-сырқаулы (тіпті ми-жүйке ауруларымен ауыратындары да болады) болғандықтан тез шаршайды, сабақты кірбің көңілмен тындайды. Мұғалім осындай балалармен де жеке жұмыс жүргізуі тиіс. Мәселен, оларға қосымша сабақ ұйымдастыру, ол оқушылардың арнаулы режиммен жүріп-тұруын қадағалау т. б. балалардың ес қабілетін арттыруға себепші болады.
1. 2 Баланың есі туғаннан бастап дамиды
Баланың есі туғаннан былай қарай дами бастайды. Мәселен, төрт-бес айлық бала стақандағы ыстық суды біліп, оған жоламайды, өйткені оған қолын күйдіріп алған. Жарты жастағы бала өзінің шешесін бірер жеті көрмесе де тани алады. Бұл - балада тану процесінің өте ерте көрінетіндігін байқатады. Біртіндеп баланың есінде қалатын заттарының көлемі арта түседі. Бір жасар бала көрген нәрсесін бір-екі апта есінде сақтайды, үш жасар бала көргенін бір жылға дейін ұмытпайды. Бала есінің дамуына жүру, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға талпыну, ойын әрекеті елеулі орын алады. Үш-төрт жасар баланың есте қалдыруындағы негізгі ерекшелік - жаттайтын материалдың сыртқы түрлеріне көңіл бөлетіндігі, есінің нақтылы, бейнелі келетіндігі. Төрт жасқа дейін балада еріксіз ес күшті дамиды. Мәселен, бала өленді, қара сөзді, тақпақты қалай болса солай, тез жаттап алғанымен, оның мазмұнын түсінбейді. Бес жастан былай қарай балада естің жоғары түрлері (ерікті есте қалдыру, қайта жаңғырту) көрінеді.
1. 3 Мұғалім оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін
ескере отырып есін тәрбиелеу
Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мүғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін қатты ескере отырып, жүмыс жүргізеді. Төменгі сынып оқушылары оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мүғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бүл жөнінде оқулықтардың бөрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мүғалім мұны қатты ескергені жөн.
Төменгі сынып оқушылары (әсіресе, бірінші, екінші кластағылар) материалды, көбінесе, сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдырғанша оқи береді. «Оқулықтағыдай білсем болғаны ғой» дейді. Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы әрі жинақылығы себеп болады. Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, мұғалім бір жағынан, баланың сөздік қорын дамыта отырып, екінші жағынан, материалды өз бетінше айта білуге үйретуі қажет. Баланың оқыған нәрсесінің мәніы түсіне алуы - оның материалды өз сөзімен айта білуі болып табылады. Осылайша, есте қалдыру үшін оқитын материалды бірнеше мағыналы бөліктерге бөлу, оның жоспарын жасау қажет екендігі өткен параграфта айтылды. Төменгі сынып оқушылары бұл жағына өте шорқақ екенін де, психологиялық зерттеулер көрсетіп отыр. Өйткені бала мәтінге талдау жасауды білмсйді, мәтінді жеке бөліктерге бөлгенмен, оның негізгі жерін айыра алмайды. Оқушылар шығарманың жеке бөліктеріне ат беріп, басты жсрлсрін табудың орнына, мәтінді түгелдей жаттай қояды. Бұл әдіс оған оңай болып көрінеді. Егер мәтін ұсақ бөліктерге бөлінетін болса, оқушылар жеке фактілер мен сөйлемдерді оларға тақырыпша етеді де, мәтін үлкен бөліктерге бөлінсе, бұлардың тақырыпшасы шамадан тыс, шығарманың мазмұнын көрсетпейтін жағдайда болады.
Шығарманың мәніне қарай бөліктерге бөлуге төменгі сынып оқушыларының көпшілігінің қабілеті жетеді. Бірақ мұнда оқылатын мәтіннің сипаты және балалардың жас ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Шығарманың ең негізгі идеясын табу, оған өз бетінше тақырыпша беру, үшінші сынып оқушыларында жап-жақсы дамитындығы байқалады. Бұл әдісті балаларға мұғалім ғана үйрете алады. Оқушыларды жаңа шығарманы өткен шығармамен байланыстыра білуге машықтандыру, оқу материалдарын неғұрлым ұзақ мерзімге есте қалдыруға бағыт беру - мағыналы есті дамытудың басты өдістерінің бірі. Мүғалім, сондай-ақ, балалардың есте қалдыру, қайта жаңғырту мүмкіндіктерін ездері қадағалай алуына үнемі жолбасшылық көрсетіп отыруы тиіс.
1. 4 Бала есінің дамуы мұғалімнің жұмыс әдісіне, әсіресе психологиялық дайындығына байланысты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz