Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Антропогенездің қозғаушы күштері
2.2. Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны.
2.3. Приматтар эволюциясы
2.4. Адам эволюциясының сатылары
2.5. Адамның шығу тегі мен эволюциялық дамуының негізгі кезеңдері

ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.
Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зерттейтін кешенді ғылым антропология деп аталады.
Антропология ғылымының негізгі бір саласы - антропогенез. Ол адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейді.
Бұл мұра адамның дене құрлысының, сондай-ақ оның мінез-құлығының биологиялық тамырларынан құралады. Олардың негізінде қоршаған орта адамның болмысын қалыптастырады. Тек өткен тарихымызға үңіле отырып, біз өзіміздің кім болғанымызды және қазіргі кездегі күйімізге қалай жеткенімізді түсіне аламын.
Адамның шығу тегі туралы алғашқы эволюциялық көзқарастар көне заман ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. ΧҮΠΙ-ғасырда К.Линней адамды лемур және маймылмен бірге приматтар отрядына жатқызады. Ламарк адам ағаштарға өрмелеуден жер бетімен жүруге көшкен маймыл тәрізді ата-тектерден шықты деп жорамалдайды.
Адамның шығу тегі мен эволюциясың, оның жануар ата-тектеріңің тіршілігі қандай биологиялық заңдылықтарға тәуелді болғанын, биологиялық заңдылықтардан әлеуметтік заңдылықтарға көшу процесін зерттеумен жаратылыстанудың саласы-антропология. Ең алдымен адамның жануарлар дүниесінде алатын орнын қарастырайық.
Ағылшын ғалымы Ч.Дарвин де өзінің эволюциялық ілімі бойынша адам тектес маймылдардың пайда болған деген пікірді қолдады. 1871 жылы оның «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде жалпы тіршіліктің тарихи даму кезеңінде адам ең соңында пайда болғаның әрі жоғары сатыда тұратындығын атап өтті. Ч. Дарвин адам тектес маймылдар мен адамның арғы тегі бір тармақтан таралған деген қорытындыға келді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Антропогенездің қозғаушы күштері
2.2. Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны.
2.3. Приматтар эволюциясы
2.4. Адам эволюциясының сатылары
2.5. Адамның шығу тегі мен эволюциялық дамуының негізгі кезеңдері

ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік
ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зерттейтін кешенді
ғылым антропология деп аталады.
Антропология ғылымының негізгі бір саласы - антропогенез. Ол адамның
шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейді.
Бұл мұра адамның дене құрлысының, сондай-ақ оның мінез-құлығының
биологиялық тамырларынан құралады. Олардың негізінде қоршаған орта адамның
болмысын қалыптастырады. Тек өткен тарихымызға үңіле отырып, біз өзіміздің
кім болғанымызды және қазіргі кездегі күйімізге қалай жеткенімізді түсіне
аламын.
Адамның шығу тегі туралы алғашқы эволюциялық көзқарастар көне заман
ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. ΧҮΠΙ-ғасырда К.Линней адамды лемур
және маймылмен бірге приматтар отрядына жатқызады. Ламарк адам ағаштарға
өрмелеуден жер бетімен жүруге көшкен маймыл тәрізді ата-тектерден шықты деп
жорамалдайды.
Адамның шығу тегі мен эволюциясың, оның жануар ата-тектеріңің
тіршілігі қандай биологиялық заңдылықтарға тәуелді болғанын, биологиялық
заңдылықтардан әлеуметтік заңдылықтарға көшу процесін зерттеумен
жаратылыстанудың саласы-антропология. Ең алдымен адамның жануарлар
дүниесінде алатын орнын қарастырайық.
Ағылшын ғалымы Ч.Дарвин де өзінің эволюциялық ілімі бойынша адам
тектес маймылдардың пайда болған деген пікірді қолдады. 1871 жылы оның
Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу деген еңбегі жарық көрді. Бұл
еңбегінде жалпы тіршіліктің тарихи даму кезеңінде адам ең соңында пайда
болғаның әрі жоғары сатыда тұратындығын атап өтті. Ч. Дарвин адам тектес
маймылдар мен адамның арғы тегі бір тармақтан таралған деген қорытындыға
келді. Сонымен бірге ол адамның тарихи даму кезеңінде әлеуметтік
факторлардың маңызды орын алатындығын ерекше атап көрсетті. Кез келген
еңбек құралдарын жасау үшін адам еңбек етуі керек. Еңбек құралдарын
дайындау үшін қол қажет. Ф. Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін
жоғары бағалады. Ол еңбек - адамзат өмірінің бірінші жоғары шарты, адамды
адам еткен -еңбек деген дэрежеде аитуға тиістші, - деп жазды.
Адамның шыққан тегі жөніндегі мәселе ерте кездерден бастап-ақ жұрттың
назарын аударып келді. Ол туралы көптеген болжам, ой-пікірлер айтылды.
Жаратылыстану ғылымының дамуына сәйкес және қоғамның өркендеуіне байланысты
адамның арғы ата тегі жайлы түрліше тұжырым қорытындылар жасалды. XVII
ғасырдың бас кезінде жиһанкездер, саяхатшылар адам тәрізді маймылдардың
тіршілік ететіні жөнінде хабарлар таратты және олар жайлы деректер
жинақтала түсті. К.Линней 1735 жылы шыкқан Табиғат жүйесі деген еңбегінде
адамды сүтқоректілер класының приматтар отрядына шала маймылдар және
маймылдармен бір топқа жатқызды. Бұл ғылыми тұрғыдан әрі дұрыс, әрі орынды
жүйе болатын. Ал Ж.Б.Ламарк алғаш рет адамның ағашқа өрмелеп тіршілік
ететін маймылдардан емес, керісінше жерде жүруге ауысқан маймыл тәрізді ата
тектен шығып, маймылдар мен адам арасында өтпелі аралық форма болуы мүмкін
деген батыл болжам айтты. Денені тік ұстап жүруге қолдың босап, оның еңбек
құралдарын жасауына ықпалын тигізді. Топтанып тіршілік ету салдарынан бірте-
бірте сөздің дамуына жағдай жасалды.
Ч. Дарвин 1871 жылы шыққан Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу
деген еңбегінде адамның тіршіліктін, тарихи даму тізбегінде ең соңғы, өрі
жоғары сатыдағы буын екенін және адам тәрізді маймылдармен арғы ата тегінің
бір тармақтан таралғанын мойындады. Ол сонымен бірге адамның тарихи
дамуында әлеуметтік әсердің маңызды орны бар екенін де атап көрсетті. Бұл
мәселені Ф.Энгельс Маймылдың адамға айналу барысындағы еңбектің рөлі
(1896) еңбегінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Ол адамды адам еткен
еңбек деген қорытынды жасады. Бірақ ол кезеңде адамның ата тегінің сүйек
қалдықтары және олардың пайдаланған еңбек кұралдары туралы деректер аз
болды. Ал кейіннен ғылымның дамуы Энгельс ілімінің дұрыс екенін дәлелдеді.
Қазіргі кезде адамның шығу тегін, дамуын және қазіргі кезге дейінгі
қалыптасуын зерттейтін антропология (грекше антропос—адам) ғылымында
көптеген ғылыми құнды мәліметгер жинақталды.

2.1. Антропогенездің қозғаушы күштері.
Биологиялық факторлар. Адам - органикалық дүние эволюциясында ең
соңында пайда болған биологиялық. тұр. Органикалық дүниеде болатын тұқым
қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам
эволюциясында да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи
заңдылықтарды Ч.Дарвин нақты мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай табиғи
әсерлердің, нәтижесінде ертеде тіршілік еткен адам тектес маймылдардың
денесінде елеулі анатомиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды.
Адам тектес маймылдар бірте-бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі
бір-бірінен бөліне бастады. Қол еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті.
Бірақ антропогенді тек қана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге
болмайды.
- Ағаш арасында өмір сүруі (стереоскоптық және түрді көру) көру
анализаторының дамуына жағдай жасады.
- Тамақ пен ауыз аппаратында өзгеріс болды.
- Бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүріп өмір сүруіне жағдай жасады.
- Адамның екі аяғымен тік жүруі маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды
(Ф. Энгельс).
- Бас миының көлемі ұлғайды, үлкен ми сыңарлары күшті дамыды.
Барлық осы өзгерістер (прогрессивті) тұқым қуалаушылық, тіршілік үшін күрес
және табиғи сұрыпталу негізінде жүрді. Әлеуметтік факторлар
- Адам дамуының тарихи факторы - еңбек.
- Адамды адам қылған - еңбек.
- Қол - еңбек мүшесі ғана емес, оның қорегі.
Қоғамдық еңбек әрекеті процесінде ақыл және сөз пайда болды. Биологиялық
эволюция орнына әлеуметтік эволюция келді.
- Еңбек және қоғамда тіршілік ету адамға нақты күресте жеңіп шығуға
мәртебелі болды.
- Еңбек іскерлігі, сөз және сана тұқым қуаламайды, олар адамды тәрбиелеу
барысында дамиды.
2.2. Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны.
Адамның эмбриональдық дамуы кезінде Хордалылар типінің барлық
өкілдеріне тән белгілерді көруге болады. Олар: хорда, ұрықтың арқа
жағындағы жүйке түтігі, тамағындағы желбезек саңылаулары. Омыртқа жотасынын
дамуы, аяқ-қолдарының екі жұбының болуы, жүректің дененің құрсақ бөлігінде
орналасуы адамды омыртқалылар тип тармағына жатқызуға мүмкіндік береді.
Терт камералы жүрек, күшті дамыған ми қыртысы, жылықандылық, сүт бездері,
дененің беткі жағындағы түктер, тістердің үш түрі (азу тіс, ит тіс, күрек
тіс) адамның сүтқоректілер класына жататындығын көрсетеді.
Ұрықтың ана денесінде дамуы және оның қағанақ арқылы қоректенуі,
қағанақты жануарлар класс тармағына тән. Ұстағыш типті қол-аяқтары (бірінші
бармақ қалғандарына бұрыш жасап орналасқан), аяқтарындағы тырнақтар сүт
бездер емшектернің бір жұбы, жақсы дамыған бұғана сүйектері, октогенез
процесінде сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуы, әдетте бір ғана төлдің
(баланың) туылуы адамның Приматтар отрядтарындағы орнын анықтайды.
Аталған белгілерге қарағанда адамның ерекше жеке белгілері-омыртқа
жотасындағы құйрық бөлімінің редукциясы, аппендикстің болуы, ми
сыңарларында иірімдердің көп болуы, қанның негізгі төрт тобы (А, В, О, АВ),
мимикалық бұлшық еттердің дамуы және т.б. бірқатар белгілер - адамды адам
тәрізді маймылдар отряд тармағына жатқызуға мүмкіндік береді. Адамның
жануарлардан шығуы бірқатар қасиеттердің болуымен дәлелденеді. Олар адам
омыртқалалардың ұзақ эволюциясының нәтижесі екендігін көрсетеді. Адам
ұрығында эмбриональдық даму кезеңінде екі камералы жүрек, желбезек
доғаларының алты жұбы, құйрық артериясы-балық тәрізді ата-тектерінің
белгілері дамиды. Қосмекенділерден адам саусақтар арасындағы жүзу
жарғақтарын алды, бұл жарғақтар оның ұрығында ғана болады.
Жаңа туылған нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың жылу
реттелуінің әлсіз болуы адамның дене температурасы- тұрақсыз жануарлардан
шыққандығын көрсетеді. Ұрықтың бас миы мезозой эрасының төменгі
сатыдағы сүтқорекгілердікі сияқты тегіс, оның иірімдері болмайды.
Алты апталық ұрықта сүт бездерінің бірнеше жұптары болады. Сонымен қатар
омыртқа жотасының құйрық бөлімі дамиды, бұл бөлім одан кейінгі
уақытта редукцияланып құйымшаққа айналады. Сонымен құрылысының
және эмбриональдық дамуының негізгі белгілері саналы адам түрінің
сүткоректілер класында, Приматтар отрядтарында, адам тәрізді маймылдар
отряд тармағындағы алатын орнын нақты анықтайды. Сонымен бірге адам
тек өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие: тік жүру, төменгі аяқ-
қолдар (аяқтар) бұлшық еттерінің күшті жетілуі, бірініші бармағы мықты
дамыған күмбез пішінді табан, қозғалмалы қолдың басы, төрт жерден иілген
омыртқа жотасы, жамбастың горизонтал жазықтыққа 60° бұрыш жасап
орналасуы, өте үлкен көлемді ми, ми сауытының ірі болуы және бет
сүйектерінің кішілеу болуы, бинокулярлы көз, өсімталдық (ұрпақ
бергіштік) қасиеттерінің шектеулі болуы,) 80°-қа дейін қозғалысты
жасауға мүмкіндік беретін иық буыны және т.б. Адам құрылысы
мен физиологиясының бұл ерекшеліктері - оның жануар ата-тектерінің
эволюциялық нәтижесі. Түйіндеп айтатын болсақ: Адамның
эмбриональдық дамуын зерттеу оның алғашқы хордалы жануарлар,
балықтар, қосмекенділермен туыстығының бар екендігін көрсетеді.
Салыстырмалы-анатомиялық зерттеулер адамның көптеген белгілерінің
сүтқоректілер класының өзге өкілдеріне ұқсас екендігін көрсетеді.

2.3.Приматтар эволюциясы
Қағанақты сүтқоректілер мезозой эрасының ең соңында пайда болды.
Қарапайым насеком қоректі сүтқоректілерден кайнозой эрасында приматтар
отряды бөлініп шықты. Палеоген дәуірінің ормандарында лемурлар мен ұзын
өкшелілер -құйрықтары бар кішкене жануарлар мекендеген. Жуық шамамен 30млн.
Жыл бұрын ағаштың үстінде тіршілік етіп, өсімдіктер және
насекомдармен қоректенген кішкене жануарлар пайда болғаи. Олардың жақ
сүйектері ментістері адамтәрізді маймылдардікіндей болды. Олардан
гиббондар, орангутандар және одан кейінгі уақытта жойылып кеткен ағаш
маймылдары-дриопитектер тарады. Дриопитектер үш тармақ береді, олар
шимпанзенің, горилланың және адамның пайда болуына алып келді.
Адамның ағаш үстінде тіршілік ететін маймылдардан шығуы, оның
құрылысының ерекшеліктерін алдын-ала анықталды, ал бұл өз ретінде оның
еңбекке қабілеттілігі мен одан кейінгі әлеуметтік эволюциясының анатомиялық
негізі болды. Ағаш бұтақтарында мекендейтін, ұстайтын қолдары арқылы
өрмелейтін және секіретін жануарлар үшін мүшелердің тиісті құрылысы қажет:
қол басының бірінші бармағы қалғандарына қарсы етіп орналастырылған, 180°С-
қа дейін қозғалыс жасауға мүмкіндік беретін иық буыны дамиды. Көкірек қуысы
кеңейеді және арқа мен құрсақ бағытында жазықтанып дамыды. Атап өтетін
жағдай құрлық жануарларының көкірек қуысы бүйір жақтарынан жазықтанған,
олардың аяқ-қолдары тек алдыңғы және артқы бағытта қозғалады, ал жанына
қарай өте аз қозғалады. Бұғана сүйегі тек приматтар мен қолқанаттыларда
(жарқанаттарда) сақталған, бірақ тез жүгіретін құрлық жануарларында
дамымайды.
Ағаштардың үстінде алуан түрлі бағыттарда өзгермелі жылдамдықпен,
үнемі қайталанатын ара қашықтыққа қозғалу, секірердің алдыала өзін-өзі
жаңадан бағдарлауы және жаңа нысанаға қарай қозғалуы бас миының қимыл
бөлімдерінің өте жоғары дамуына алып келді. Сонымен қатар ағаш үстіндегі
тіршілік өсімталдықтың шектелуіне себепші болды. Ұрпақ санының азаюы,
оларға деген қамқорлықпен толықтырылды, ал топтасып тіршілік ету жауларынан
қорғануды қамтамасыз етті.
Палеогеннің екінші жартысында басталған тау түзілу процестеріне
байланысты климат салқындай бастады.
Тропикалық пен субтропикалык ормандар онтүстікке қарай шегінді, кең-
байтақ ашық кеңістіктер пайда болды. Палеогеннің соңында Скандинавия
тауларының мұз айдындары сырғып, оңтүстікке қарай ішкерілеп ене бастады.
Экваторға қарай тропикалық ормандармен бірге шегінбей қалып қойған,
жер бетінде тіршілік етуге көшкен маймылдар ортаның қатаң жағдайларына
бейімделуге, тіршілік үшін ауыр күресті жүргізуге мәжбүр болды.
Жыртқыштар алдында қорғансыз, тез жүгіре алмайтын, сондықтан жемтігіне
де жете алмайтын және жауларынан қашып құтыла алмайтын, дене жылуын
сақтауға көмектесетін жүні болмаған маймылдар тек үйір-үйір болып тіршілік
етіп және қозғалыстан босаған қолдарды тиімді пайдалану арқылы ғана
тіршілігін сақтай алды. Маймылдан адамға өтудегі шешуші қадам тік жүру
болды. 10-12млн жыл бұрын мекендеген маймылдардың бір тобы адамға келіп
тірелетін бір тармақ берлі.
Оңтүстік Африкадан табылған қазба қалдықтары дәлел болатын бұл
жануарлар австралопитектер (латьш тілінен australis- оңтүстік) деп аталды,
олар тотасып тіршілік етеді, денелерінің салмағы 20-50кг, ал бойлары 120-
150см құрады. Олар денені тік ұстап, екі аяқпен жүрді. Маймылдардікіне
қарағанда олардың тістер жүйесі адамдыкіне көбірек ұқсады. Ми салмағы
550грамды құрады, қолдары жүруге қатыспай, бос күйде болды. Қорғану және
қорегін табу үшін австролопитектер тастарды, жануарлар сүйектерін
пайдаланды, яғни жақсы қимыл координациясына ие болды.
Жуық шамамен 2-3млн жыл бұрын австралопитектермен салыстырғанда адамға
жақынырақ тіршілік иелері өмір сүрді. Олардың ми салмағы 650грамға дейін
жетеді, құралдарды жасау мақсатыңда ұсақ жұмыр тасты өндей алды. Бұл адам
тәрізді маймылдар Епті Адам (Homo habilis) деген атауға ие болды.
Австралопитектердің эволюциясы тік жүрудің еңбекке деген қабілеттіліктің
прогрессивті дамуы мен бас миының күшті жеңілуі бағыттында жүрді. Шамасы
осы уақыттан бастап адамдар отты пайдалана бастаған. Табиғи сұрыпталу
айталық тіршіліктің дамуына қолайлы белгілерді сақтады, яғни қоректі
іздестіру мен жыртқыш аңдардан қорғаңудың қоғамдық сипаттағы белгілерді
сақтады, бұл өз ретінде екі қолдың жетілуі мен орталық жүйке жұйесінің
(қандай да бір нәрсені үйрену қабілетгілігінің) дамуына әсер етті. Міне
осындай ерекшеліктердің барлығы "маймыл-адамдардың" тіршілік үшін күресте
жеңіске жетуін қамтамасыз етті және 1,5-2 млн жыл бұрын Африкада, Жерорта
тенізінің аумағында, Онтүстік Орталық және Оңтүстік-шығыс Азиада кең
таралуына алып келді Енбек етуге, аң аулауға және қорғану мақсатыңда
құралдарды пайдалану, топтасып тіршілік ету мидың одан әрі дамуына және
сөздің пайда болуына септігін тигізді.
Тәнтанымдык құрылысы және физиологиялық ерекшеліктері жөнінен адамға
басқа жануарлардан гөрі адам тәрізді маймылдар: шимпанзе, горилла,
орангутан және гиббондар өте ұқсас келеді.
Адам тәрізді маймылдарда жоғары дәрежелі жүйке қызметі жақсы дамыған.
Маймылдарда адамға ұқсас қуану, ызалану, қайғыру ұрпақтарына мейірімділік
көрсетіп, қамқорлық жасау немесе жазалау сезімдері болады.
Олар қолына іліккен қарапайым құралдарды пайдалана алады, әрі сыртқы
ортаның тітіркендірулерін сезім мүшелері арқылы қабылдап, оған жауап
береді, бірақ тікелей көрмеген заттары туралы нақты ой түйе алмайды. Кейде
олар қолдарымен жер тіреп, артқы аяқтарымен жүре алады, адамға ұқсас
саусақтарында тырнақтары болады. Қабырғаларының саны да 12—15 жұп, 5—6
омыртқаның бірігуінен сегізкөз пайда болған, тістері де адамның тістеріне
ұқсас кұректіс, сойдактіс, азутіс деп жіктеледі.
Адамтәрізді маймылдар мен адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны
Адамның табиғатсыз күні жоқ
Оқушыларға Жер ғарыш денесі туралы жалпы түсінік беру
Адамның шығу тегі
Оқушылардың экологиялық тәрбиесінің өзекті мәселесі
Классикалық философия
Атмосфера, гидросфера және литосфераның ластануы
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы
Білім социологиясы
Пәндер