Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм



1. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы
идеологиялық механизм.
2. Толеранттық» — кәдімгі төзімділік дегеннің баламасы.
3. Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі.
4. Папа Иоан Павел ІІ.нің Қазақстанға сапары.
Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады. Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді. Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі. Құрбандық не мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз.
1.http://yandex.kz.
2.http://www.astana.kz
3. http://.islam.com.kz.
4.http://www.aorda.kz
5. http://www.minjust.kz.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы
идеологиялық механизм.
2. Толеранттық — кәдімгі төзімділік дегеннің баламасы.
3. Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі.
4. Папа Иоан Павел ІІ-нің Қазақстанға сапары.

Дін және адамзаттық қоғам: толеранттық мәселесі.
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер
болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып
жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол
қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі
болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы
соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын
халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді
сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның
әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде
болса керек. Өйткені тіпті религия, сөзінің этимологиялық бастапқы
мәнінің өзі де біріктіру, байланыстыру, қатынасты қалыптастыру
дегенді білдіреді.
Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы
идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі
құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір
мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады. Дін — қоғамдық
құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар
ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми
еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні
ел көзінен тасада қалып қойды. Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-
бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған
бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу
өте қиын. Егер религия — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен
дәлме-дәл аударғанда байлау, екінші қайта оралу дегенді білдіретін
көрінеді. Цицерон шығармаларында религия сөзі халықтың тұрпайы соқыр
сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-
бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті,
мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады.
Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-
қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. Мен құдайға сенемін
деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл
жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк
етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да
болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған
дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық
шалу рәсімі. Құрбандық не мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы
басқалары деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы
қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке
белгілі, қалыптасып қалган көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-
сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа
сөзбен айтар болсақ, ол көзқарас діннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін
анықтағысы келетіндігі айғақ. Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында
өмірден тұрақтылық, өзгерместік, мәңгілік пен қасиетті іздеп келеді.
Әртүрлі діндер осы ізденістердің жауабы деп түсінсек те болғандай. Дін адам
Жанынан туындайтын дүние, ол өзінің мазмұнын көп түрлі нәрседен жинақтайтын
болғандықтан өз ретінде адам өмірінің көптеген салаларын тәртіптеуші
нормативті құрылым болып табылады. Дін адам жан-дүниесінің талап-
талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам
өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол
жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық
механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның
әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет
пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар
арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.
Дамыған діндердің ортақ мүддесі — қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір
құдайға табынушы діндердің алғашқысы — иудаизмнің өзінде қауымдастар
арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл
алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік
етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің кепілдііі бола алатын
дәрежеде көрсетілген. Дін — бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы
көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды Жалпы қандай
да болмасын қауымның тұрақты әрі үзіліссіз, ұдайы дамуының және қызмет
етуінің түпкі себебі сол қауым мүшелерінің әлеуметке лайық, мақсат-мүделлі
іс-әрекетіне көп байланысты екендігі кімге де болса түсінікті нәрсе.
Адамның жалған өмірінің шеңберінен тысқары орналасқан қандай да бір
түпнегіздер табу — діннің болмыс етуінің алғы шарты. Қоғамдағы адамның
алдында көптеген өмірлік маңызы бар сұрақтар туары рас, ал енді оның
шешімін құдайға деген сенімсіз, дінсіз табу қиынға соғады, әлде тіпті де
мүмкін емес деуге болады. Ол мәселелер мәңгілік мәселелер және де ол адам
болмыс-бітімінің айрықша ерекшелігін құрастырады да. Сондықтан да діннің
қай кезеңінде болмасын, қандай қоғам типінде болмасын алар рөлі ерекше.
Бастапқыда дін өкіметпен, мемлекетпен тығыз байланыста өмір сүрді. Мысалы,
қола дәуіріндегі көптеген мәдениеттерде саяси және рәсімдік немесе діни
қызметтерді бөліп жару өте қиын болатын. Көне шығыс өркениеттерінде діни
ұйымдар мемлекеттік басқару ісіне тікелей араласатын еді. Бұндай күйді біз
орта ғасырлық Еуропа тарихынан да кездестіреміз. Еуропада тек Жаңа
Дәуірдегі ірі рухани төңкерілістен кейін ғана жағдай мүлдем басқаша болып
өзгереді. Қайта Өрлеу кезеңінен басталған өзгерістер нәтижесінде еуропалық
қоғамдық-мәдени өмір шіркеу қарамағынан, оның қатал бақылауынан бірте-бірте
босана бастайды. Бұл процесс реформация нәтижесінде жылдамдап, қарқын
алады. Мәдениеттің зайырлылық принципіне өтуі саяси-қоғамдық және
экономикалық құндылықтардың пайдалану аясының кеңеюімен, ғылыми зерттеулер
мен техникалық шығармашылықтың қарқынды дамуымен етене байланысты жүріп
отырды. Қоғамның, жеке адамның дін ықпалынан айырылуы шіркеудің өкіметтен,
мемлекеттен шеттеуіне, соның нәтижесінде оның саяси құрылымдар қатарынан
жеке бастың еншілігіне қарай ығысуына, яғни мемлекеттен азаматтық қоғам
аясына ауысуына әкеліп соқты. Батыс адамзаты өкімет билігінің заңға
негізделген легалды түріне көшкен сәтте Шығыста әлі де болса сакралды
(қасиетті) және профанды (қарапайым күнделікті), діни және зайырлы
бастамалардың біте қайнасып жатуы көзге ұрады. Соның айғағы ретінде
исламдық әлем мен қытайдың ұлы мәдениеттерін мысал ете кетуге болады.
Христиан және буддизм дінімен салыстырғанда дүние жүзілік діндердің
тағы бірі — ислам адамдардың күнделікті тіршілігіне көп араласады.
Сондықтан болар исламда дін мен саясаттың, діни ұйымдар мен мемлекеттік
органдардың байланысы тамырын тереңге жайған. Ислам мен оның өкімет билігі
құрылымдарымен ара қатынасын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам
мәселесін қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы —
Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда
аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-
біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының
қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар-ождан еріктілігі Қазақстан
Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, Қазақстан
Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы Заңдарына
негізделеді. Қазақстан Республикасында заң жүзінде бекітілген
шіркеумешіттің мемлекеттен бөлінуі діннің мемлекетке ешбір етер ықпалы жоқ
дегенді білдірмесе керек. Қандай да болмасын мемлекет азаматтардан тұрады,
ал олардың өзіндік наным-сенімдері, соның ішінде діни наным-сенімдері бар
болатын болса, онда мемлекет те өзін толығымен діннің ыкдалынан тысқарымьш
деп сезіне алмайды. Діни факторды ескермей маңызды әлеуметтік процестерді
қарастыру және олардың мәселелі тұстарын шешу мүмкін емес екендігін бүгінде
елдің бәрі мойындайды. Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат
тарихының мәні мен ерекшелігі туралы сұрақ қояды, адамшылық идеясын алға
тартады, адамгершілікті тұлға, ар-ождан, ұят туралы көзқарастарды
қалыптастырады. Ол тек адамның сыртқы қылығы мен іс-әрекетін ғана реттеп,
бағыттап қоймайды, сонымен қатар ішкі дүниесін жасайды, адамның
Мейірімділік, Махаббат және Шындыққа деген сенімі мен үмітін
қалыптастырады. Қазіргі таңца әлемде бар діндердің қайсысымен болсын әлсіз
байланысқан адам бүгінгі таңда әбіржу үстінде — ол не өзінің заң беруші
ақыл-ойына, не ұлы пайғамбарлар мен адамзаттың ұлы ұстаздарына сенуі керек.
Біздің замандас жоғарыда аталғандардың қайсысын таңдап алғанына қарамастан
діни қажеггіліктің өзектілігі азаймайды, кемімейді. Діни қажеттіліктер
әсіресе қоғамдық қарым-қатынастардың күрт өзгеріске ұшыраған, түбегейлі
жаңашыл бағыт ұстанған қиын-қыстау өтпелі кезеңдерінде өте маңызды болары
сөзсіз, өйткені дәл сондай шақтарда жеке тұлғаның өзінің болашағына деген
үміті жоғалып, өзіне деген сенімінің азаятындығы белгілі. Сондықтан болар,
КСРО-ның ьщырауы, яғни алғы шептегі қоғамдық мұрат — коммунистік бақытты
болашақтың жүзеге аспай қалуының нәтижесінде адамдардың көпшілігі эр түрлі
діни конфессияларға, бірлестіктерге бет бұрды. Қазірде Батыста болсын,
Шығыстың көптеген зайырлы мемлекеттерінде болсын, солардың арасында бізде
де дін азаматтық қоғамның біріктіруші-бақылаушы механизмі ретінде
қарастырылады. Азаматтық қоғамдағы діннің негізгі қызметі оның мәдени-
әлеуметтік жүйенің бірлігін сақтап қалушы күш болып табылатындығында.
Көптеген діни бірлестіктер өздерінің діни насихатын шаруашылық қызметімен
қоса ала жүреді, нәтижесінде республика территориясында кіші жекеменшік
ұжымдар мен фирмалар пайда болып, экономиканың дамуына және жаңа жұмыс
орындарының пайда болуына әсерін тигізеді. Шіркеулер мен мешіттер
қаражаттан тапшылық көретін кемтарларға, кәрі-құртаңдарға,
жалғызіліктілерге және т.е.с. қайырымдылық көрсетуді де ұмытпайды. Діни
ұйымдардың бүкіл қаржы-қайрат, іс-әрекеттері бейбітшілік, төзімділік және
сүйіспеншілік мұраттарын өмірге енгізу үшін бағышталған. Дін арқылы бүкіл
әлемге нұр шапағатын шашып тұрған бірлесу және келісім, азаматтық бейбіт
өмір сүру мағынада өзінің шыңына діни бірлестіктерде қол жеткізеді Өзін
өзі реттеуші қоғамда, яғни азаматтық қоғамда адам тікелей өзімен және
басқалармен тұрақты келісімде өмір сүруі және бүкіл қоғаммен әмбебапты
конвенцияға жетуі қажет. Осы тұста адамға көмекке дін келеді. Э. Дюркгейм
дінді ұжымдық бейсаналық, индивид пен қоғам, әлеуметтік топтар мен
тұлғалардың арасында байланыс орнататын және қоғамды біріктіретін
түсініктердің жиынтығы деп қарастырады. Осы сипатта қарастырғанда, дін
белгілі бір дәрежеде қоғам мүшелерінің көпшілігі қолдайтын және осы арқылы
оның тұтастығын сақтайтын институционалдырылған нормалардың, сенімдердің
және құндылықтардың жүйесі болып табылады. Дін жеке тұлғаның әлеуметтік
жағдайларға үйлесімді және тиімді бейімделуге бағытталған бағдарлары мен іс-
әрекеттік стереотиптерінен тұрады. Мысалы, христиандық құндылықтар (жақынға
деген махаббат, рухани қасиетінің маңызы, пайғамбар уағыздарын орындау,
жанды құтқару жылытағы басқалары) мен исламдық қағидалар (нәсіпқұмарлықты
тежеу арқылы құдайға жақындау, қауым мүшелерінің ынтымақтастығының маңызы,
мұсылмандық бес парызды өтеу, т.т.) қоғамның рухани деңгейін көтеруге
бағытталып, ізгілікке шақырады. Дүниежүзілік діндер таза этникалық
құндылықтар аумағынан шығуға мүмкіндік беретін іс-әрекеттер императивтерін
қалыптастырады. Конфессионалдық бірлік деңгейінде тұлғааралық және
топаралық қатынастарда қақтығыстар мен ауытқушылықты кемітетін принциптер
негізделді. Әлеуметтік тұрақтылық мәдени бөліктердің бірін-бірі қолдап
отырғандығын талап етеді. Дін мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде орнықты
құндылықтарды нығайтып, статус-квоны сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан
дін қазіргі адам үшін де тартымды болып табылады. Өйткені, од,
бұқараландырылған, өткен құндылықтарын жоғалта бастаған, постиндустриалдық
өркениеттің шамадан тыс ағынымен қамтылған, маргинал тұлғаға жатады.
Болмыстың тым жылдам ырғағына ілесе алмаған адам үшін ол батып бара
жатқанда қармап қалатын қамыс сияқты және дін арқылы ол уақыттың үзілген
сәттерін қалпына келтіргісі келеді. Ал айда дін, әзірге, біз және біз
емес оппозициясынан жоғары тұра алмайды, айырылған әлем әлі толық қосылған
жоқ, эр түрлі конфессиялар өзара келісімге келе алмай тұр. Басқа жағынан
алғанда, барған сайын тереңдеп келе жатқан модернизация мен әмбебаптану
этномәдени және діни құндылықтардың бірегейленуі мен стандарттануына әкеліп
соғады, осы арқылы діни топтардың мүшелеріне тигізетін әсері мен маңызын
азайта түседі қазірге. Әмбебапты, жалпы, біріккен дін құру керек екендігі
туралы пікірлер де пайда бола бастады. Діннің өзі де эволюциялық
өзгерістерге ұшырап, азаматтық қоғамдағы тұлғааралық қатынастарды реттеу
тетіктеріне жаңаша эсер еткісі келеді. Оның негізі де бар. Өйткені
құндылықтық нормалар адамдық қылықтардың сыртқы көріністерін ретке
келтіріп, дін көмекке келетін адам үміттеріне, қайғысы мен тәубеге келуіне
араласа алмайды. Бұл күндері бұрынғы дәстүрлі діндермен қатар
мәдениәлеуметтік өмір ерекшеліктерін білдіретін жаңа, модернделген діни
конфессиялар мен қозғалыстар қалыптасып келеді. Бұрынғылары да, жаңалары да
әлеуметтің жаңа талаптарына бейімделіп, өз қолдаушыларын табуға. ұмтылады.
Діни қозғалыстардың мазмұны да өзгеріп кетті. Оған мысал ретінде діни
ұйымдардың бейбітшілікті және адам құқықтарын қорғауға бағытталған,
әрекеттерін, қайырымдылық акцияларын (айталық, Тереза Ананың), білім беруге
арналған діни жаңа ұжымдардың қалыптасуын (мысалы, ислам университеттері),
адасқан жандарды құтқару арнасындағы қызметтерді (түрмелер мен
колониялардағы діни уағызшылар), қатыгездікке қарсы әрекеттерді (әскердегі
дін өкілдері) атап өтуге болады. Адамдық қатынастарды мәдени-әлеуметтік
реттеудің маңызды тетігі болып табылатын дін өз қызметінде өмір мен өлімнің
түбегейлі, болмыстық, экзистенциалдық мынадай мәселелерін қояды және өзінше
шешім ұсынады: тіршіліктің мәні мен мағынасы, оның шектері, нәпсіқұмарлық
және тәубеге келу, өлімнің мағынасы, қорқыныш және үміт т.т. Адам өмірінің
тәндік шектілігінен туындайтын тұңілу, қайғы және болмыстық мағынасыздықты
жеңуге ұмтылған дін, адамдық ізденісті рухани жетілуге, адамда
адамгершілікті сақтап қалуға, күнделіктіден қасиеттіні көруге шақырады.
Азаматтық қоғамдағы діни құндылық бағдарларының жарасымды жақтарын
айта отырып, сонымен бірге дінді, адамзат тіршілігінің барлық мәселелерін
шешетін, абсолютті, әмбебапты тетік дегеннің де қисыны жоқ. Еркін қоғамда
өмір сүру құқығына тек діни сенім ғана емес, оған қоса діни қағидаларға
күмәндану, секуляризм және, тіпті атеизм де. Постиндустриалдық қоғамдағы
дінге де қатынасты қазіргі постмодернизм өзінше құрастырады.
Постмодернистік дискурс бойынша, дінді идеологиялық қатардағы құбылыс
ретінде алмау керек. Кез келген идеология жақсылыққажатпайды, өйткені ол
адамдарға сырттан күшпен танылады. Әсіресе, ғылымға ұқсатылып қалыптасқан
идеология мәдениетке жағымсыз болып шығады, себебі идеологтар өз
құрылымдарында адам жанын белгілі бір саяси мақсаттарға пайдалану үшін
ұрлап алады. Постмодернизм жеке адамдардың дауыстарын естуге мүмкіндік
беретін мәдени терапияны ұсынғысы келеді. Дін туралы пайымдағанда, ғалым
сыртта тұрып, адамдарға дінді немесе ғалымның өзін сынауға мүмкіндік беруі
керек. Діни идеялар бұл жерде, әсіре рационалдандырылған адами рухани
дүниемен риза болмаудан өз әрекеттеріне негіз таба алады делінеді. Дін осы
сипатта қасиетті мәтін, құтқарушы шеңбер қызметін атқаратын, адамдарға
түсінікті әрі қарапайым құралдарды жеке тұлғалық болмыстың тым тар
шектерінен шығу үшін пайымдалануға мүмкіндік береді. Дәстүрлі шығыстық
(Таяу Шығыс, ислам, конфуцийшілдік, буддалық т.т.) мәдениеттер діни —
әдептік критерийлерді алға жетілдіріп, батыстық рационалдық проективизм мен
экспериментатор лықты күмәнға алып, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді
сақтауға шақырады. Өткен бітімдерді либералдық сынауға шектеу қоятын бұл
ұстанымда тарихқа ізеттілікпен қарау тұғырнамасы қолданылады, заман
талаптарына сай жауап беру, өзгелердің дайын рецептерін сол күйінде
қабылдай бермей, өз мәдениетінің ішкі, әлі ашылмаған потенциалын жаңа
шындыққа сай қолдану қажеттігі айтылады. Сонымен, даму және инновациялар
бұл ұстанымда бекерге шығарылмайды, бірақ о л ар бұрынғы консервативті және
қорғаушы бастауларға ұяланады. Алайда, қазіргі күні дін мен мәдениеттің
дәстүрлі формалары түбегейлі өзгерістерге бәрібір ұшырап отырады. Бүкіл
әлемде біртіндеп, бірақ тоқтаусыз жүретін секуляризация процесі қамтиды, ол
азаматтық және қасиетті салаларды адамның рухани өмірінде бір-бірін бөліп
алып, сакральды-қасиетті ұғымдардың экономика және саясат аймақтарына
араласпауын қалайды. Дін өркениетарлық қатынастарды (С. Хантингтон)
реттеуде маңызды рөл атқарганымен, өзінің жалпы көрінісінде адамның жеке
тылсымдық өміріне қарай көбірек ығысады. Әрине, С. Хантингтон болжаған діни-
конфессиялық қайшылықтардан туындайтын суперөркениеттер қақтығысының болу
мүмкіндігін абсолютті түрде бекерге шығара алмаймыз. Алайда, әлем дамуының
әмбебапты тенденциялары әлем мәдениетіндегі тұтастану процесінің терендеп
бара жатқанын көрсетеді. Элем барған сайын ашық, бірегей, толерантты болып
келеді. Мамандар, белгілі бір мәдени тұтастылықтың ажырамас бөлігі болып
табылатын халықтық діндерді (диффузиялық діндер) және тікелей бір
этномәдениетпен шектелмеген әмбебапты конфессияларды бір-бірінен айырады.
Халықтық діндер, әдетте, нақтылы мемлекеттік биліктің қасиетті негізі
болуға ұмтылады. Осындай діндер көмегімен харизматикалық басшылар өз
билігін нығайтқысы келеді. Алайда, осындай тұтастану көптеген жағдайларда
мемлекет азаматтарының жеке құқықтарын шектеуге бағытталуы мүмкін.
Әмбебапты діндер де (христиандық, ислам, буддизм) саяси биліктің
легитимациясын қолдануға ұмтылып, жалпы саяси-әлеуметтік жағдайға бейімделе
әрекет етуге тырысады. Олар нақтылы қоғамның басты құндылықтарын негіздеу
қызметін атқарады.
Дін, әрбір жеке тұлғаның өзіндік ісі деп жарияланған азаматтық
қоғамда да тұлғалардың саяси-әлеуметтік өміріне тигізетін ықпалын
жоғалтқысы келмейді, тіпті, бір діннің өзі эр түрлі саяси бағыттарға қолдау
бере алады, себебі діни ағым өзімен-өзі емес, керісінше, белгілі бір
зайырлы идеология немесе ұстанымдармен қосылып, адамдардың саяси
бағдарларының құндылықтар жүйесін құрастырады. Дін қызметі қазіргі күні де
толастар емес. Миллиондаған мұсылмандар Меккеге қажылыққа ағылады, Рим
папасының уағыздары жүздеген мыңдар тобының аудиториясын жинайды, буддалық
мейрам халық агынын әкеледі. Тек әмбебапты діндер ғана нығайып келе жатқан
жоқ. Дәстүрлі емес секталарға модалы сұраныс қалыптасып, магия мен
астрология, шығыстық медитация техникалары қаулап өсіп келеді. Осының
барлығын зерделеу және мәдени әрекетте орынды қолдану қажет. Азаматтық
қоғамдағы діни институттардың қызметі тек теориялық қызығушылық тудырмай
отыр. Бұл, әсіресе, өзінің геосаяси және тарихи жағдайларымен ерекшеленетін
Қазақстан үшін маңызды. Біздің еліміз үш өркениеттің (исламдық,
православиялық, конфуцийлік) тоғысқан жерінде тұр және жоғарыда аталып
өткен С. Хантингтон концепциясы бойынша, қақтығыстар шығуы мүмкін жолайырық
болып табылады. Бірақ, басқа жағынан алғанда, Қазақстан территориясында
ғасырлар бойы эр түрлі этностар, діндер, мәдениеттер бейбіт, келісімді өмір
сүріп келген. Қазіргі кездеде Қазақстанда 1300-дей діни бірлестіктер, 30
конфессиялар әрекет етеді. Алматьшың бір өзінде 100 діни ұйымдар бар: 18
мұсылмандық, 4 православиялық, 2 католиктік, 7 баптистік қауым, 2
лютерандық қауым, 10 Иегова куәгерлерінің жиналысы, 20 протестанттық және
пресвитер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін түсінігі
Діннің мәні, түрлері
Дін және мәдениет, қоғам
Мәдениет тілі
Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күделісі
Дін туралы мәлімет
Мұсылман діні
Исламдық мәдениет әлемінің қалыптасу ерекшеліктері
Діннің таралуы
Дiн философиясы мен теологиясы
Пәндер