Мәліметтер базасы



Жоспары:

1. Мәліметтер базасы
2. Мәліметтер базасымен жұмыс режимі
3. MS Access 2000 МББЖ.мен жұмыс істеу
4. Мәліметтер базасы объектілері

Пайдаланған әдебиеттер
Мәліметтер базасының негізгі ұғымы

ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі – ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуреттер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.
Мәліметтер базасы (МБ) – белгілі бір арқаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.
Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.
Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.
Электронды МБ-сының басты қасиеті – ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.
Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда ХХ ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.
Объект деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Алексеев А.П. Информатика 2001 ж.
2. Қазақстан Республикасының “Ақпараттандыру туралы” заңы. – Астана, 8 мамыр 2003 ж.
3. Қазақстан Республикасының “Электрондық құжаттар мен электронды-цифрлы қолтаңба туралы” заңы. – Астана, 7 қаңтар 2003 ж.
4. Берлинер Э.М., Глазырина И.Б., Глазырин Б.Э. Office 2000.
5. Ахметов К. Жалпы информатика. Астана, 2001 ж.
6. Габбасов Ю. Internet 2000.
7. Гаевский А.Ю. Microsoft Office: Word 97/2000. Excel 97/2000.
8. Долженков В., Колесников Ю.Р. Microsoft Excel 2000.
9. Симонович С., Евсеев Г. Практикалық информатика. 1998 ж.
10. Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. Жалпы информатика. 1998 ж.

Жоспары:

1. Мәліметтер базасы
2. Мәліметтер базасымен жұмыс режимі
3. MS Access 2000 МББЖ-мен жұмыс істеу
4. Мәліметтер базасы объектілері
Пайдаланған әдебиеттер

Мәліметтер базасының негізгі ұғымы

ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі
– ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және
графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуреттер, географиялық
карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері
де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.
Мәліметтер базасы (МБ) – белгілі бір арқаулы ауқымға қатысты
мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы
принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған
мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен
өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.
Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің
бөлігі түсініледі.
Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысы
кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия
тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.
Электронды МБ-сының басты қасиеті – ақпаратты тез іздестіру мен
сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым
түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмерлері
бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-
жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.
Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда
ХХ ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде
белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты. Олардың бірқатарын
келтірейік.
Объект деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық
жүйенің элементтері аталады.
Атрибут – объектінің қасиеттерін ақпараттық бейнелеу. Әрбір объект
атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады.
Мәліметтердің басты элементі деп мәліметтердің басқа элементтерінің
мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.
Алғашқы кілт – объектінің (жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде
ұқсастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы).
Екінші реттегі кілт – бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні
қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Ең алдымен, екінші реттегі
кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады.
Мәліметтер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы
тығыз (МББЖ) байланысты.
МББЖ – жаңа база құрылымын құруға арналған программалық құралдар
кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және ақпаратпен
көрсетушілік (визуализация).
База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес
бейнеленетін мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу, сосын шығаратын құрылғыға
беру немесе байланыс арналары бойынша беру.
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға
мүмкіндік береді:
1. Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
2. Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
3. Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді
жаңарту;
4. Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды
табу.
МББЖ-ның тағы бір функциясы – мәліметтерді басқару. Мәліметтерді
басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау,
мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің
тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.
Мәліметтер базасын жіктеу. Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату
әдістері бойынша ажыратылады: Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ.
Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және
әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас
(relation) термині сәйкес келеді және ол МБ-ға осы атты берген. Ол үшін
дамыған математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен
реляциялық алгебра.
Осы типтегі МБ жасауға американдық ғалым Е.Кодд елеулі үлес қосты.
Реляциялық МБ-ның жақсы қасиеті – оны қолдаудың аспаптық құралдарының
салыстырмалы қарапайымдылығы, кемшілігі – мәліметтер құрылымының қатаңдығы
(ерікті ұзындық кестесінің жолдарын берудің мүмкін еместігі) және оның
жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі. Мұндай МБ-ға
белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МБ қарау қажетті болуы мүмкін.
Иерархиялық және желілік МБ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер
арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық МБ-да мұндай
байланыстар ағаш-сызық жол (графа) түрінде бейнеленуі мүмкін, мұнда биік
шар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана болуы
ықтимал. Егер барлық ықтимал сұрақтар ағаш құрылымында бейнеленсе ғана, бұл
қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді. Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау
салулары қанағаттандырмайды.
Аты айтылған кемшілік желілік МБ-дан алып тасталды, онда (тым
болмағанда, теориялық жағынан) “бәрімен барлық жағынан” байланыс болуы
ықтимал еді. Іс-тәжірибе жүзінде мұны іске асыру мүмкін болмағандықтан,
кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді.
Мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің
сілтемесі болуы тиіс. Сол себептен ЭЕМ (электронды есептегіш машинаның)
оперативті және дискілік жадындағы едәуір ресурстар талап етіледі.

Кейбір МББЖ туралы мәліметтер келесі кестеде келтірілген.

МБ жіктеу
МББЖ атауы МБ типі
MS Access Реляциялық
Clipper Реляциялық
DBase Реляциялық
FoxBase+ Желілік
FoxPro Желілік
IMSVS Иерархиялық
Oracle Реляциялық
Paradox Реляциялық

Мәліметтер базасымен жұмыс режимі. Мәліметтер базасын басқару
жүйесінің екі жұмыс режимі бар: жобалаушылық және пайдаланушылық. Бір інші
режим база құрылымын құру немесе баяндауға және оның объектілерін жасауға
арналған. Екінші режимде базаны толтыру немесе одан мәліметтер алу үшін
бұрын дайындалған объектілер пайдаланылады.
Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс
берушімен бірге келісіп, бір қорытындыға келеді.
Базаны құрушылар базаны нақты мәліметтермен толтырмайды (тапсырыс
беруші оларды құпия деп санауына болады және бөгде адамдарға ұсынбайды).
База объектілерін қалау кезеңін де үлгілік мәліметтер мен эксперименттік
толтыру бұған қосылмайды.
Базаны пайдаланушы – формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады,
мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытынды нәтижелік
кестелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер базасының құрылымы
Microsoft Access 2000
Мәліметтер қорын басқару жүйесін пайдалану салалары
Мәліліметтер базасын басқару жүйелері, оларды пайдаланушылар және пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар туралы
Модельдер және мәліметтер құрылысы
Мәліметтер базасын басқару жүйесі
MS Access деректер қорында кесте құру
Delphi программалау ортасы. Мәліметтер базасы
Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі
Мәліметтер базасы объектілері. Мәліметтер базасының объектілері
Пәндер