Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесі


ЖОСПАР
1. Жалпы ережелер
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қойылатын негізгі талаптар
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің мазмұны
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту
5 Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 13-тармақшасына және 319-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Ереже тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдауының тәртібін белгілейді.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қойылатын негізгі талаптар
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкерлердің өмірі мен мен денсаулығының басымдығын белгілеу;
2) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету;
3) қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамту;
4) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер, лауазымды тұлғалар және ұйым басшысы арасындағы құқықтар мен міндеттердің аражігін ажырату;
6) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және басқа да жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес болу.
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің мазмұны
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді.
5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер:
1) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптарын;
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
4) авариялық жағдайларындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
5) жұмыс аяғындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
6) өндірістік (технологиялық) үдерістерге қойылатын талаптарды;
7) өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптарды;
8) өндірістік алаңдарға (өндірістік үй-жайлардан тыс жерлерде атқарылатын үдерістер үшін) қойылатын талаптарды;
9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен шала өнімдерге қойылатын талаптарды;
10) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптарды;
11) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;
12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, шала өнімдерді, дайын өнімдер мен өндіріс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсілдеріне қойылатын талаптарды;
13) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету және демалу режимін;
14) қызметкерлерді кәсіптік іріктеуге және олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптарды;
15) өндірісте жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды;
16) қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды;
17) қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық үй - жайлармен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтуы тиіс.
6. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық акт қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту
7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар өздерінің құзыреттеріне сәйкес жүзеге асырады.
8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функциясын атқаратын өзінің бөлімшелерінің біріне тапсырады.
Жұмыс тобының құрамына өздерінің тағайндауына қарай мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми мекемелердің өкілдері енгізілуі мүмкін.
Мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауды өзіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсыруы немесе оны дайындауды шарттық негізде, оның ішінде конкурс бойынша мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына тапсыруы мүмкін.
9. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша бекітеді. Нормативтік құқықтық актілер «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып әзірленеді және қабылданады.
10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуге жатады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды, еңбекті қорғау туралы ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелерді орындамаған, оларды қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Қадағалау мен бақылау органдары еңбекті қорғау туралы заңның бұзылғанын анықтаған кезде кәсіпорындар өз қаржылары есебінен еңбекті қорғау қорларына заңдарда белгіленген тәртіп пен мөлшерде айыппұл төлейді. Еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін жаңа техниканы, технологияны, өндірістік объектілерді жасаушылар мен дайындаушылар әлеуметтік сақтандыру органдары мен тұтынушылардың осы тәртіп бұзушылықты жоюдан шеккен зиянын, соның ішінде жазатайым жағдай мен кәсіби аурулар нәтижесінде зардап шеккендерге төленетін өтемдік өтемдерге байланысты шығындарды өтейді. Зиян мөлшерін белгіленген тәртіппен төрелік сот белгілейді және өндіреді.
Өндіріс құралдары мен жаңа технологиялардың жобаларын еңбекті қорғау нормалары мен талаптарын бұза отырып жасаған және оларды өндіріске енгізуді талап еткен ғылыми-зерттеу ұйымдары тапсырыс берушілерге келтірілген зиянды өтеуге міндетті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау.
Осы заң мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы өзге де нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес Уәкілетті органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Мемлекеттік еңбек инспекторы қызметінің кепілі
Мемлекеттік еңбек инспекторының өз құзыретіне сәйкес қызмет міндеттерін орындауына, тексеру жүргізуге жібермеу, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі қызметі туралы қажетті құжаттар мен ақпаратты беруден бас тарту түрінде кедергі жасайтын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғаудағы қамтамасыз ету саласындағы құқықтары.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйіне тексеру жүргізу мақсатында кәсіпорындарға кедергісіз баруға;
2) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуға;
3) жұмыс берушілерден, ұйымдардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының сақталу мәселелері жөнінде қажетті ақпараттар, құжаттар, сондай-ақ түсініктемелер алуға;
4) Қазақстан Республикасының әкімшілігі құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары талаптарының бұзылуына кінәлі заңды лауазымды және жеке тұлғаларға нұсқамалар беруге және әкімшілік жазалар қолдануға;
5) Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына бұзушылық анықталған жағдайда жекелеген өндірістерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындары мен жабдықтарды пайдалануды осы бұзушылық жойылғанға дейін тоқтата тұруға (тыйым салуға) ;
6) Жұмыс орындарында Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап бермейтін арнаулы киімді, арнаулы аяқ киім мен басқа да жеке қорғану құралдарын пайдалануға тыйым салуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оқытудан, нұсқамадан және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді, нормалар мен нұсқаулықтарды білуін, тексеруден, медициналық куәләндырудан өтпеген, тиісті арнаулы киімді, арнаулы аяқ киімді пайдаланбайтын және Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарын бұзған адамдарды жұмыстан шектеуді талап етуге;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz