Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы


Жоспары
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.
2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
3. Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы
4. Бюджет баланс. Бюджет тапшылығы.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.
Құндық бөліністің артықшылықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшуланландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалану мен байлагысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған.
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар -ақша қатынастарымен тығыз тойқаласып жатады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған артықшылығымен айқындалады. Бөлгіштік функцияның іс -әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтық, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен
10 % және жалпы ішкі өнімнің 20 % бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөліудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесіне қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырады.
Ақырында мемлекеттік бюджет орындалу міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады. Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн. (1 - сурет) Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, кешенді мақсатты бюджеттік бағдамаларды қаржыландыруға, ғылыми - техникалық әулетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін қолдау, сондай -ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
АҚША ҚОРЫ
ҚОН -
ДЫРМА
БӨЛІГІ
( 1 - сурет)
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақшы қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене баланысқан.
2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын әрбір әкімшілік аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі және мемлекеттің әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрады. Ордақтың бюджетке 1970 - 1990 жж. Мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының
52-50 % тиді, оның 35 % республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15 % жергілікті бюджеттердің қарамағында болады. Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік және жергілікті бюджеттер кез -келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жұйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет - мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттің бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге тиісті әкімшіл акмақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет ҚР - ң заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы маслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тармағында қаралған. Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау, тәртібімен, сондай ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және т. б. қағидаттарына негізделеді.
3. Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар қүндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай -ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік - экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО -ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келеді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90 % құрады және негізінен екі төлемнен - айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрады. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдада алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке -дара нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көздері салық немесе оларға бара бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.
Бюджет келесідей сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады.
1) кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансференттер түсімдер;
2) шығындар:
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтек;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz