Каспий теңізінің экологиялық проблемалары



I. Кіріспе бөлім:
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
II. Негізгі бөлім:
Каспий теңізінің проблемалары
III. Қорытынды бөлім:
Каспий ахуалына басшылардың көз жұма қарағаны қалай?
Пайдаланылған әдебиеттер
Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасының шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек.
Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды балықшылардың тілімен айтсақ «Балық батағалары» дейтін.
1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын кеме-қайықтарын Астрахань облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы «Тұмақ» аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды.
Бұрынғы теңіз ротасындағы Белужий, Трешкин, Дементьев, Қарабөлек, Ленкоса, Комсомольск, Бесшифер, Жаркөсе, Әбу аралдары қара жерге жалғасты. Бұл аралдар соңғы 30-40 жылдар бойы Атырау облысы мал шаруашылықты колхоздарының мал азығын дайындайтын учаскелерге, малшылардың қыстақтарына айналды.
Қиғаш өзенінен Забурын елді мекеніне дейігі 200 километрге жуық жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты колхоздар тұрақты тұра алмағандықтан Қиғаш, Шарон өзендерініңбойына қоныс аударды.
1. «Атамекен», Алматы, 2004 жыл 24 маусым
2. «Атамекен», Алматы, 2001 жыл 11 мамыр
3. «Дүние», Астана, №5 2004 жыл
4. «Дүние», Астана, №1,2 2005 жыл
5. «Дүние», Астана, №8 2003 жыл
6. «Дүние», Астана, №11 2003 жыл

Семей ядролық полигоны
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ
полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың
29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден
астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде
атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті
материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын
жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан,
Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті
ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар
және тұрғын халықтар зардап шекті.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық
зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей
экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық
тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты.
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге
мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Семей ядролық сынақ
полигонын жабу туралы Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.)
Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей
ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан
болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар
жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер
ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан
аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл
шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны
аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек
көрсетуде.[1]
Аралдың экологиялық проблемасы
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы
Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей,
түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді.
Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының
көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі
су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы
тартылған бөліктің ауданы 30 мың км2 жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша,
теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң
ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай,
жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды,
сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі
жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ
тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға
арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында
аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-
шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км
болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік)
деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған
тұзды көлдін табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың
айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен
Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді
атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің
экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар
қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады.
Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға мыналарды жатызуымызға
болады:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп
жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді
пайдаланбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны
меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атауын
экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген
қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен
сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын.
Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру
шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы
тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген
улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды
шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп,
ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл
белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз
атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде
соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-
тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен
салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның біржола
жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің
тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік
экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда
географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал
мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер
қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей,
АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Экологиялық апат аймақтары
Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған
және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі
зиян келтірілген Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары болып
жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне нақтылы
қатер болып табылады.
Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы
бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлімінің, қан
айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің және
ерте қартаю көрінісінің жоғары деңгейі байқалуда.
Арал өңірі экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елді мекен)
әсіресе әйелдер және балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қан аздығы,
балалардың шетінеуі мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуда.
Елдің ішкі қауіпсіздігіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат
аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық
жағдайын кешенді талдау жөнінде іс-шаралар жүргізу, оның сапалы ауыз сумен
қамтамасыз етілуіне баға беру, экологиялық талаптарды әзірлеу және
аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де
факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерінің салдарларын
ескере отырып, сауықтыру-оңалту іс-шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға
дейін Халықтың ішкі көші-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын
шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзірленуі қажет.
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонын және Арал өңірінің проблемаларын
кешенді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө Өкімімен құрылған
ведомствоаралық жұмыс тобы жүзеге асырады.
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ
полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы 29
тамызда болды. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және
жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың
табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика
көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске
асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді
пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру) ядролық
сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және
литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек
Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен
аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және
Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның
нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап
шекті. Ядролық техниканы сынаудың салдары: рак, катаракта, туберкулез,
аллергия, глаукома, жүрек, тері және нерв-жүйке, психикалық аурулар, екі
басты, қолы жоқ, бүйрексіз балалардың өмірге келді. Мұндай аурулар әрбір
отбасын дерлік қамтыды.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық
зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей
экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық
тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты.
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге
мораторий жариялады. Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне
қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін
экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын
радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін
топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық
полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды
жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония
үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді
жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.
Дәл осыдан 20 жыл бұын – 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы
Жарлығы қабылданып, ядролық қарудан бастарту туралы бастама көтерген
болатын. Қазіргі таңда, бұл бастаманы әлемнің көптеген мемлекеттері қолдап,
халықаралық конгрестер, конференциялар мен саммиттер ұйымдастырылуда.
Солардың бірі, 2011 жылдың қыркүйек айының 21 жұлдызы күні АҚШ-та өткен БҰҰ-
ның Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясы [7, 1 б.].
Осы жоғарыда көрсетілген қазіргі Қазақстан Республикасындағы өзекті
мәселелердің шешімін табу үшін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы
Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында, Қазақстан Республикасының 2004-
2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасында, Ќазаќстан
Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған ќұќыќтыќ
саясат тұжырымдамасында, конференциялар мен саммиттерде күрделі
тақырыптардың бірі ретінде айтылып жүргені бәрімізге белгілі. Солардың бір
дәлелі 2011 жылдың қыркүйек айының 22 жұлдызы күні Астана қаласында Еуропа
үшін қоршаған орта атты 7-ші министрлер конференциясы өткен болатын. Бұл
конференцияда қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі декларация, сондай-ақ
Астананың Жасыл көпір атты бастамасы қабылданған болатын. Бұл бастаманың
негізгі мақсаты, экономикада Жасыл даму саясатын алға жылжытуда Еуропа,
Азия және Тынық мұхиты елдеріне қолдау көрсету болып табылады.

ССП РАДИАЦИЯЛЫҚ ТАРИХЫ
Семей сынақ полигонын құру туралы шешім КСРО МК және СОКП ОК Қаулысының
шешімімен қабылданды. 1947ж. 21 тамызда Таулы сейсмикалық станса құрылды
(905 нысан), ол 1948 жылы КСРО Қарулы күштер министрлігінің Оқу полигоны,
кейіннен №2 (ГОС-ЦНИИП 2) Мемлекеттік орталық ғылыми-зерттеу сынақ полигоны
болып ауыстырылды. 1948ж. 1 маусымда полигонның алғашқы бөлімшелері (52605
әскери бөлімі) шоғырлану аумағына қайта орналасуын бастады. Полигондағы
сынақтарға дайындалу бойынша жұмыстар 1949 жылдың шілдесінде аяқталды.
 1949 жылы 29 тамызда сағат таңғы 7.00-де ойдағыдай сыналған кеңестік
алғашқы ядролық бомба, 12.08.53ж. алғашқы термоядролық құрылғы, 29.11.55ж.
сутекті бомба әлемдік ауқымдағы саяси және ғылыми-техникалық жаңалық болды.
Бірқатар маңызды деген сынақтарды да айта кеткен жөн, олар: 1951 жылғы 18
қазандағы ұшақтан тасталған атом бомбасының сынағы; 1965 жылғы 15
қаңтардағы Шаған және Ащысу өзендерінің тоғысқан жерлерінде жасанды су
қоймасын жасау мақсатындағы ұңғымада жасалған алғашқы өндірістік жарылыс.
Барлығы 1949 жылдар мен 1989 жылдар арасындағы кезеңде полигонда 456
ядролық сынақ жасалды (616 ядролық жарылыс). Сынақтардың көбі 60-шы
жылдардың басында жасалды, себебі атмосфералық жарылыстан жерасты
жарылыстарына ауысу кезеңі болатын. Семей сынақ полигонындағы ядролық
қаруды сынау кезеңін 2-ге бөлуге болады: 1-ші кезең – 1949-1962жж.
аралығындағы атмосферада өткізілген ядролық жарылыстар; 2 кезең – 1961-
1989жж. аралығында өткізілген жерасты (штольнялар мен ұңғымаларда) ядролық
жарылыстары. Ядролық жарылыстан басқа полигонда жарылғыш химиялық
заттектерді қолдана отырып 175 жарылыс жасалды.
Полигонда келесі сынақ түрлері жасалды: 
- атмосфераның жербеткі қабатында ядролық зарядтар мен оқ-дәрі қорларына
сынақтар жасау;
- ядролық жарылыстың әсер етуші факторларын зерттеу үшін өткізілген,
жерасты және ауадағы ядролық жарылыстар, әскери техника мен қаруландыру
үлгілерін сынау, ядролық жарылыстың әсер етуші факторларының бионысандар
мен әскери мүліктерге, ғимараттарға, құрылыстарға, жеке құрамға әсерін
сынау;
- ядролық зарядтар мен оқ-дәрі қорларына, іріауқымды сынақтарды әрлеушілер
мен жерасты құрылғыларының тіреуіштерінің әртүрлі конструктивті шешімдері
мен олардың технологиялық жабдықтарына штольняларда және басқа да
нысандарда сынау үшін жерасты жарылыстарын жүргізу; 
- ядролық зарядтар мен оқ-дәрі қорларына, стратегиялық бағыттағы (шахталық
іске қосу қондырғылары, сонымен қатар бірығайланған командалық бекеттегі
зымырандармен) зымырандық әскерлердің нысандарына іріауқымды сынақтар
жүргізу, ядролық қару-жарақтарды және олардың технологиялық жабдықтарын
сақтаудың, мемлекеттік басқару бекеттерінің фрагменттерін сынау үшін
ұңғымаларда жерасты жарылыстарын жүргізу;
- бейбіт мақсаттағы жерасты ядролық жарылыстары. Жерасты ядролық
жарылыстарын жасанды су қоймаларын, каналдарын құруға, пайдалы жер
қабаттарын іздеу барысында жер қыртысын сейсмикалық барлау жүргізу, жанып
жатқан газдар мен мұнай бұрқақтары мен т.б. факелдарын сөндіру, жерасты
резервуарларын құруды пайдалану технологиялары әзірленді. ССП қызметінің
барысында өндірістік мақсатта 7 жерасты ядролық жарылыс іске асты. Жасанды
су қоймасын (Атом көлі) жасау үшін арнайы өткізілген, 1004 ұңғымадағы
жарылыс, оның зияны экономикалық тұрғыдан пайдасынан гөрі жерасты ядролық
сынақтардың негізінде, өндірістік ядролық технологиялар келтіретін шығын
басымдырақ болатынын көрсетті.
Жерасты және ауадағы (атмосфералық) ядролық жарылыстар Тәжірибе даласы
сынақ алаңында өткізілді. Штольнядағы сынақтар Дегелең таулы массивінің
алаңында, ұңғымалардағы сынақтар Балапан Сары-Өзен алаңдарында
өткізілді. Ақтан-Берлі алаңында толық емес тізбекті реакциямен сынақтар
жасалса, Телкем алаңында өндірістік жарылыстар технологиясы жасалды.
Полигон қызметінің аяқ кезінде Новая алаңы- ұңғымаларда жарылыстар
өткізуге қосымша сынақ алаңына құру бойынша жұмыстар жасалды, бірақ ол
жерде ядроылқ сынақтар жаслаған жоқ.
Қоршаған ортаға радиоактивті ластану тұрғысынан негізгі әсер еткен, жерүсті
және ауадағы ядролық жарылыстар, ал экскавациялық (топырақ лақтырумен
ұңғымалардағы таяз тереңдіктегі жарылыстар) жарылыстар аз дәрежеде әсер
етті. Ұңғымалар мен штольняларда апаттық жағдайларды есептемегенде,
қоршаған ортанының ластануы орын алған жоқ. 
Реакторлық сынақтар. 1958 жылдан бастап КСРО Министрлер Кеңесі ядролық
зымырандық қозғалтқыш (ЯЗҚ) және ядролық энергоқозғалтқыштық қондырғылар
(ЯЭҚҚ) құру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы бірқатар
қаулылар қабылдады. ЯЗҚ мен ЯЭҚҚ және олардың полигондағы жеке желілерін
сынау үшін 1961 жылы жылу нейтрондарындағы импульсты графитті реактор (ИГР)
іске қосылды. Басқа сынақтарды өткізу үшін 1962-1970 жылдары Байкал-1
реакторлық кешені құрылды. 1975-1988 жылдары Байкал-1 стенділік кешенінде
ИРГИТ реакторлары (ЯЗҚ реакторының жетбетіндегі прототипі) мен ИВГ.1
реакторында ядролық энерго-қозғалтқыш қондырғылары (ЭҚҚ) мен ядролық
зымырандық қозғалтқыштардың (ЯЗҚ) жылубөлуші құрастырғыштарын (ЖБҚ) сынау. 
Байкал-1 раекторлық кешенінің көрінісі
ЖБҚ газсуытқыш мен ИРГИТ реакторларын Байкал-1 стенділік кешенінде сынау,
жылу ұстағыштың атмосфераға ашылған циклмен шығарылу бойынша сынақтар
жүргізілді. Бұл сынақтарды өткізу барысындағы өнім бөлінісінің шығуының
құрамы АЭС радиоактивті шығарындыларының (олардың қалыпты жұмысы кезінде)
құрамына тең, ал Семей сынақ полигонының шекарасындағы экспозициялық доза
қуаты 15-20 мкРсағ. құрады, дәлірек айтқанда аталған жер үшін фондық
құрылымына жақын. Көрсетілген кезең ішінде реактор қуаты 4,9-дан (min) 230-
ға (max) МВТ дейін, атмосфераға шығу белсенділігіне байланысты, ИВГ.1
реакторының аталған уақытта 28 ыстық іске қосу іске асты. Барлығы 4
белсенді аймақтың құрамында 178 газсуыту ЖБҚ сыналды. 
ИГР реакторында твэлдер мен ЖБҚ әр типті ЯЗҚ мен ЯЭҚҚ реакторлары үшін және
әртүрлі газтәрізді жылу ұстаушы газодинамикалық қондырғыларды (сутегі,
азот, гелий мен ауа) пайдалана отырып әртүрлі сынақтар өткізілді.
Газтәрізді жылу ұстаушылардың жабық шығарындыларының герметикті жүйесін ИГР
стенділік кешенінде орын алуымен экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз
етіледі. Істен шыққан жылу ұстаушы жабық шығарынды жүйесінің ыдыстарында,
рауалы шекке дейін белсенділігі төмендегенге дейінгі аралықта сақталып
отырады. 
Осылай, 1970-1980 жылдар аралығында сынақтар кезінде атмосфераға
радиоактивті шығарындылар орын алған реакторлы кешендер ССП радиоактивті
ластанудың екінші маңызды көзі болып табылды.
ССП демилитаризациялау. 1994-98 жылдардың аралығында ССП демилитаризациялау
бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді, оның инфрақұрылымын жою бойынша
жұмыстар жүргізілді. 1995 жылдың 31 мамырында Дегелең сынақ алаңында 108-
К штольнясында соңғы ядролық құрылғыны жою бойынша жұмыстар жүргізілді, ол
ядролық энергобөлініссіз арнайы химиялық жарылыс заттегін пайдалану арқылы
жойылды. Құрылғының жойылу фактісі арақашықтықты бақылау әдісімен тіркелді.
Ядролық қондырғыны жойғаннан соң, бес тәулік бойы жүргізілген радиациялық
бақылау нәтижелері бойынша, штольня ішіндегі және порталындағы радиациялық
ахуал табиғи фон деңгейінен асқан жоқ.
1996-2000 жылдар аралығында АҚШ Қорғаныс министрлігі мен Ғылым және
ядролық инфрақұрылымды жою жайлы жаңа технологиялар министрлігі арасындағы
келісім шеңберінде Дегелең алаңындағы барлық 181 штольняны жабу бойынша
жұмыстар жүргізілді, ол үшін бетонды тығын құру, сырттан және іштен жару
үшін ұңғымаларды бұрғылау, салынған зарядты жару секілді әдістер
қолданылды. Жою жұмыстарын жүргізу барысында бірқатар штольняларда сағалық
алаңдарда ремедиациялық жұмыстар жүргізілді, осының есебінен Дегелеңдегі
радиациялық ахуалды біраз жақсартуға алып келді. Балапан алаңында
дайындалған, бірақ пайдаланылмаған 13 ұңғыма жойылды, сонымен қатар
құрылықаралық баллистикалық зымырандарға арналған 12 шахталық іске қосу
қондырғылары жойылды. ШІҚ жою үшін ЖЗ химиялық зарядтары пайдаланылды. 

АДАМЗАТ ҚАСІРЕТІ "МАЛЫШТАН" БАСТАЛҒАН...
Осыдан 64 жыл бұрын тамыздың 6-ы күні Жапонияның Хиросима қаласына
американдық Малыш атты бомба тасталды. Бұл қаланы манхэттэндік жобаның
зерттеуші тобы 1945 жылдың көктемінде Кокура, Нигата және Жапонияның ең
көне әрі қасиетті болып есептелетін Киото қалаларының арасынан таңдап алды.
Топқа математиктер, физик-теоретиктер, қопарушы мамандар мен метеорологтар
кірді.
Қаланың аумақтылығы, ондағы әскери қоймалар мен қаланың қыраттар арасында
орналасқандығы – Хиросиманы дүниежүзіндегі алғашқы ядролық бомбаны сынау
мәртебесіне ие етті.
26 шілдеде Индианаполис крейсері Малыш атом бомбасын Тиниан аралына
жеткізді. Тамыздың басында барлығы операцияның жүзеге асуына сақадай сай
болды, тек қолайлы ауа райын күтіп тұрды.
Экипажға барлық суреттер мен нұсқаулар таныстырылды. Бұл шараның тарихи
маңыздылығын түсінген авиаполктің командирі полковник Тибетс өз ұшағына,
анасымен аттас Энола Гей деген есім берген екен...
6 тамызда шамамен сағат 8-де Жапонияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі
бомбалаушыларды байқаған. Алайда, жақындаған ұшақтардың саны аса көп емес –
үшеу ғана екендігін байқап, әуе дабылын қоспаған.
Қаланың тұрғындары алаңсыз өз жұмыстарын істеп, енді біреулері аспандағы
ұшақтарды бақылаумен болған. Бомбалаушылар қаланың орталығына жеткенде
бірінен парашют түсіріледі де дереу ұшақтар кері кетеді.
Көзді ашып жұмғанша 8 сағат 15 минутта жер мен көкті екіге бөлгендей әсер
қалдырған күшті жарылыс болады. Бомба жарылысынан аспанға аппақ сәуле
көтерілген еді, жан-жақтан қирап жатқан үйлер мен соғылып жатқан ауыр
техниканың дауысы шығып жатты... Жарылыстан кейін Хиросима күні шаң мен
түтіннен көз аша алмады.
Қуаты 20 тонналық тротил эквивалентін құраған бұл бомба қаладан 600 метр
биіктікте жарылғандығына қарамастан, қаланың 60 пайызын жойып жіберді.
Кей ақпараттарға қарағанда үш жүз мыңнан аса тұрғыны бар қаланың 150 мыңға
жуығы сол күні-ақ мерт болған...
Тамыздың 9-ында Жапон елінің екінші қаласы - Нагасаки ядролық бомбаның
құрбаны болды. Ондағы жарылыстан 70 мың адам қайтыс болып, тұрғын үйлердің
36 пайызы қиратылды. Нагасаки бұрын бомбаланған Хиросимаға қарағанда аз
зардап шекті. Дей тұрғанмен бұл жайттар салыстыруға келмес...
Міне осылайша, әлем жұртшылығы осы жылы ядролық қарудың күш қуаты мен
қасіретін алғаш рет байқап көрген еді.

СОВЕТ ҮКІМЕТІ ҚАЗАҚСТАН АРҚЫЛЫ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУҒА ҰМТЫЛДЫ

Осыдан соң көп ұзамай-ақ  ол қаруға Совет үкіметі де қызығушылығын таныта
бастады. Ядролық қарудың мүмкіндігін байқау мақсатында сынақ
өткізуге Қазақстанның Семей аймағы таңдап алынды. 
Сөйтіп, 1949 жылдың 29 тамызында Семейде алғаш атом бомбасы жарылды. Кей
құжаттар бойынша 1949 жылдан 1991 жылға дейін Совет Одағы Қазақстан жерінде
450-ден астам ядролық сынақ өткізіпті. Семей полигонында ұзақ жылдар бойы
ядролық зымыран қозғалтқышының жеке элементтері ғана емес, жер үсті
прототипі де сыналған.
Аттан Қазақстан қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбек қазақ жерінде
өткізілген жарылыстардың Хиросимадағы жарылыстан бірнеше есе күштірек
болғандығын айтады. Семей өңірінде 40 жыл бойы сыналған ядролық зарядтардың
жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе асып
түседі екен.
Жапон қалаларындағы жарылыстардан кейін атом бомбасының әкесі саналатын
Роберт Оппенгеймер Біз шайтанның ісін істедік деген екен. Ол Американың
сол кездегі президенті Гарри Трумэнмен кездесу барысында, "жапон қалаларын
бомбалағаннан кейін әріптестерімізбен бірге қолдарымызды қанға малғандай
сезінеміз" десе, президент ештеңе етпейді, ол сумен оңай жуылады деп қоя
салған...

"ҚАЗАҚСТАНҒА ПОЛИГОН ЗАРДАБЫНЫҢ ӨТЕМІ ҚАЙТАРЫЛМАДЫ"
1991 жылы ҚР президентінің жарлығымен Семей полигоны жабылып, Қазақстан
ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет болды. Алайда Аттан-
Қазақстан қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбек: Қазақстан атом
бомбасынан бас тартуда бекерге асығыстық жасады. Ең болмағанда халық сол
тартқан зардабының есесін өндіріп ала алмады дейді:
- Қазағым атом бомбасын бекер берді. Бізді тонап кетті. Ол бомбаларды
қайтармай тұрып, мына зардабын шеккен халыққа шамалы болса да өтемақы төлеу
керек еді. Бұл жерде біздің президент үлкен қателік жасады,- дейді ол.
Тәуелсіз журналист Рысбек Сәрсенбай Қазақстанның ядролық қарудан бас
тартуының бірнеше себебі болғандығын айтады.
- Қазақстан ядролық қарудан бас тартуға мәжбүр болды. Біріншіден, кадр
мәселесі. Қазақстан тәуелсіздік алған кезде көп мамандар, әсіресе әскери
салада қызмет ететін мамандар Ресейге қоныс аударып жатты, оның үстіне
әскери адамдарда патриоттық сезім деген әрдайым жоғары тұрады.
Ендігі бір себебі, ядролық қаруды сақтап, оны бақылауда ұстау тым көп
қаражатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру
Арал, каспий және балхаш проблемалары
Арал теңізінің проблемалары
Қазақстан экологиясы туралы
Арал, Каспий көлдерінің экологиялық проблемалары
Мұнаймен ластанудың қоршаған ортаға тигізетін әсері
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы
Қазақстан Республикасының су ресурс проблемалары
Экологиялық апат
Каспий теңізінің экологиялық мәселелесі
Пәндер