Дүниежүзілік табиғат байлықтары географиясы



І Кіріспе
Дүниежүзілік табиғат байлықтары географиясы.
ІІ Негізгі бөлім
1. Қоғам мен табиғаттың өзара әрекетін оқып үйренейік.
2. Дүниежүзілік табиғат байлықтарына баға берейік.
3. Айналадағы ортаның ластануын қарастырайық.
ІІІ Қорытынды.
Географиялық (айналадағы) орта туралы ұғым. "Табиғат" және "геогафиялық орта" деген ұғымдар — мейлінше ұқсас ұғымдар. Дегенмен, олар Біріншісінің мағынасы кең. Географиялық орта географиялық қабықтың Антропогендік ықпалдың әсерімен ұзақ эволюциялық дамуы, "жасанды табиғат дейтініміздің, яғни қалалардың, зауыттардың, каналдардың, жолдардың. т.б. жасалуы нәтижесінде пайда болды.
Адамзат қоғамы тарихи дамудың белгілі кезеңіндегі өз тіршілігі мен өндірістік іс-қимылы барысында тікелей әрекеттесетін жер табиғатының бір географиялық орта деп атайды.
Соңғы кезде ғылыми айналымға географиялық орта туралы ұғыммен қатар айналадағы табиғи орта (немесе қысқаша — айналадағы орта) туралы ұғым да кірді.
Гографиялық ортаның қоғам өміріндегі маңызын бағалауда оның әскерінін Мәнін асыра бағалау немесе жете бағаламау сияқты екі қателік болуы мүмкін. Бұл қателіктерінің екеуі де ғасырлар бойы ғылым мен практикада кең тарап келді және көптеген сорақылықтарға апарып соқтырды. Әсіресе, адамдарды табиғатты «бағындыруға» бағыттайтын екінші қате көп зиян келтірді.географиямлық орта — қоғам өмірі мен іс-әрекетінің қажетті шарты болып табылады. Ол адамға тіршілік ортасы, аса маңызды байлық көзі ретінде қызмет етеді, адамдардың жан дүниесіне, олардың денсаулығы мен көңіл-үлкен әсерін тигізеді.
Қоғам мен табигат арасындағы "зат алмасуы": сапалық жаңа кезең. Адамзат қогамының букіл тарихы — оның табигатпен, географиялық ортамен өзара әрекетінің тарихы. Осы өзара әрекет барысында қоғам әр қашан белсенді күш болып табылады. К. Маркстің айтуынша, қоғам мен табиғат арасында ұдайы "зат алмасуы" өтіп отырады, ол көбіне күрделі әрі қарама-қайшы сипатта болады.
XX ғасырда қоғам мен табиғаттың өзара әрекетінде сапа жағынан жаңа кезең басталды. Қоғамның табиғатқа "қысымы" күрт өсті. Табиғи ландшафтының антропогендік ландшафтыға, яғни қала, кен өнеркөсібі, ауылшаруашылық, орман шаруашылығы, рекреациялық ландшафтыға айналуы тетенше жеделдеп, барған сайын жаңа кеңістіктерді қамтыды.
Мәскеу университеті географ-ғалымдарының есептеуі бойынша, қазіргі кезде антропогендік ландшафт құрлық жердің 60%-інен артығын қамтиды. Соның ішінде ол территорияның шамамен 20%-тейінде ландшафт түбегейлі өзгерген; олар қалалар мен ауылдық қоныстар, егістіктер мен бақтар, жолдар мен кен орындары, қолдан егілген ормандар мен демалыс аймақтары.
1. География 10 В.П. Максаковский. Алматы Рауан 1996 ж.
2. Дүние жүзілік экономикалық және әлеуметтік гиография. Алматы. Рауан 1998 ж.
3. Дүние жүзілік экономикалық және әлеуметтік гиография. Алматы. Просвещение- Казахстан 2006 ж.
4. Дүние жүзілік экономикалық және әлеуметтік гиография. Алматы. Рауан 2000 ж.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАБИҒАТ БАЙЛЫҚТАРЫ ГЕОГРАФИЯСЫ

Айналадағы ортаның ластануы
Сендер табиғат байлықтарымен және экологиялық проблемалармен
географияның бұған дейінгі курстарында-ақ таныса бастағансыңдар. Біз
оларды үйренуді одан әрі жалғастырамыз. Мұның ерекше маңыздылығы мынада:
бұл проблема — қазіргі география ғылымындағы аса маңызды,
жетекші мәселе. Ол географияны бәрінен гөрі практикамен, болжаумен көбірек
байланыстырады. Соңғы ондаған жылдар ішінде география ғылымында табиғат
байлықтары географиясы, геоэкология, медициналық, демалыс географиясы және
т. б. Сол сияқты жаңа ғылыми бағыттар қалыптасты.
Қоғам мен табиғаттың өзара әрекетін оқып үйренейік
Географиялық (айналадағы) орта туралы ұғым. "Табиғат" және
"геогафиялық орта" деген ұғымдар — мейлінше ұқсас ұғымдар. Дегенмен, олар
Біріншісінің мағынасы кең. Географиялық орта географиялық қабықтың
Антропогендік ықпалдың әсерімен ұзақ эволюциялық дамуы, "жасанды
табиғат дейтініміздің, яғни қалалардың, зауыттардың, каналдардың,
жолдардың. т.б. жасалуы нәтижесінде пайда болды.
Адамзат қоғамы тарихи дамудың белгілі кезеңіндегі өз тіршілігі мен
өндірістік іс-қимылы барысында тікелей әрекеттесетін жер табиғатының бір
географиялық орта деп атайды.
Соңғы кезде ғылыми айналымға географиялық орта туралы ұғыммен қатар
айналадағы табиғи орта (немесе қысқаша — айналадағы орта) туралы ұғым да
кірді.
Гографиялық ортаның қоғам өміріндегі маңызын бағалауда оның әскерінін
Мәнін асыра бағалау немесе жете бағаламау сияқты екі қателік болуы мүмкін.
Бұл қателіктерінің екеуі де ғасырлар бойы ғылым мен практикада кең тарап
келді және көптеген сорақылықтарға апарып соқтырды. Әсіресе, адамдарды
табиғатты бағындыруға бағыттайтын екінші қате көп зиян
келтірді.географиямлық орта — қоғам өмірі мен іс-әрекетінің қажетті шарты
болып табылады. Ол адамға тіршілік ортасы, аса маңызды байлық
көзі ретінде қызмет етеді, адамдардың жан дүниесіне, олардың
денсаулығы мен көңіл-үлкен әсерін тигізеді.
Қоғам мен табигат арасындағы "зат алмасуы": сапалық жаңа кезең.
Адамзат қогамының букіл тарихы — оның табигатпен, географиялық ортамен
өзара әрекетінің тарихы. Осы өзара әрекет барысында қоғам әр
қашан белсенді күш болып табылады. К. Маркстің айтуынша, қоғам
мен табиғат арасында ұдайы "зат алмасуы" өтіп отырады, ол көбіне күрделі
әрі қарама-қайшы сипатта болады.
XX ғасырда қоғам мен табиғаттың өзара әрекетінде сапа жағынан жаңа
кезең басталды. Қоғамның табиғатқа "қысымы" күрт өсті. Табиғи ландшафтының
антропогендік ландшафтыға, яғни қала, кен өнеркөсібі, ауылшаруашылық, орман
шаруашылығы, рекреациялық ландшафтыға айналуы тетенше жеделдеп, барған
сайын жаңа кеңістіктерді қамтыды.
Мәскеу университеті географ-ғалымдарының есептеуі бойынша, қазіргі
кезде антропогендік ландшафт құрлық жердің 60%-інен артығын қамтиды. Соның
ішінде ол территорияның шамамен 20%-тейінде ландшафт түбегейлі өзгерген;
олар қалалар мен ауылдық қоныстар, егістіктер мен бақтар, жолдар мен кен
орындары, қолдан егілген ормандар мен демалыс аймақтары.
Қоғам табиғаттан оның байлықтарын барған сайын көбірек алып, сонымен
бірге табиғатқа өз іс-әрекетінің қалдықтарын барған сайын кебірек
қайтаруда. Осылайша бір-бірімен өзара байланысты екі проблема:
1) табигат бай-лықтарын үтымды пайдалану және
2) айналадағы ортаны ластанудан қоргау проблемалары туды.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАБИҒАТ БАЙЛЫҚТАРЫНА БАҒА БЕРЕЙІК

Байлықтардың бар-жоқтығы туралы ұғым. Жердің географиялық қабығында
орасан зор және сан алуан табиғат байлықтары бар. Бірақ олардың түр-түрінің
қоры мүлде бірдей емес, оның үстіне әркелкі таралған. Сайып келгенде, жеке
аудандардың, еддердің, аймақтардың, тіпті материктердің байлығы әркелкі
болады.
Байлықтардың бар-жоқтығы дегеніміз — табиғат байлықтарының шамасы мен
оларды пайдалану мөлшерінің арақатынасы. Ол не осы байлық жететін жыл
санымен немесе оның жан басына келетін қорымен есептеледі.
Әрине, байлықтардың бар-жоқтығы көрсеткішіне, ең алдымен,
территорияның табиғат байлықтарына бай немесе кедей болуы әсерін тигізеді.
Бірақ байлықтардың бар-жоқтығы керсеткіші сондай-ақ оны ендіру (т9тыну)
келеміне де байланысты болатындықтан, бұл табиғи емес, әлеуметтік-
экономикалық ұғым болып табылады.
Ғалымдардың есебі бойынша минералдық отынның дүниежүзілік жалпы
геологиялық қоры 12,5 трлн. т-дан асады. Бұл қазіргі өндіру деңгейінде 1000
жылдан астам уақытқа жетеді деген сез! Бірақ өндіруге мүмкін болатын қорын,
сонымен бірге пайдаланудың үнемі есіп отыратынын (оның ішінде оларды
орналастыру жағдайын) ескерсек, бұлайша қамтамасыз ету бірнеше есе
қысқарады. Болашақта қамтамасыз ету деңгейі табиғат байлықтарының жеке
түрінің қай класқа — сарқылатын (қалпына келетін және қалпына келмейтін)
немесе сарқылмайтын байлыққа — жататынына байланысты екені түсінікті.
Минералдық байлықтар: олар жеткілікті ме? Адамдар бұл байлықтардың
кейбіреуін пайдалануды ежелгі кезден-ақ үйренген. Ол адам өркениеті
дамуының "тас ғасыры", "қола ғасыры", "темір ғасыры" сияқты тарихи
дәуірлерінің аттарынан көрінеді. Қазіргі кезде минералдық байлықтардың 200-
ден артық түрі пайдаланылады. Академик А. Е. Ферсманның — 1945) бейнелеп
айтқанындай, бұл күндері Менделеевтің бүкіл периодтық жүйесі адамзаттың
аяғында жатыр
Дегенмен, жер қыртысын адамдардың еркіне қарай оларға жер уының
қазынасын кез келген мөлшерде жайып салатын сиқырлы дастархан деп қарауға
болмайды.
Біріншіден, минералдық байлықтар тугелдей : қалпына келмейтіндердің
қатарына жатады.
Екіншіден, олардың ) түрлерінің дүниежүзілік қоры өте әркелкі.
Сендер пайдалы қазбалардың жер қыртысында таралуы геологиялық
(тектоникалық) заңдылықтарға байланысты екенін білесіңдер. Отын пайдалы
қазбалары шөгіндімен байланысты және әдетте ежелгі платформалардың
жамылғысында, сонымен бірге ішкі және шеткі индеріңде кездеседі.
Жер шарында 3,6 мыңнан астам көмір алаптары мен кен орыңдары белгілі.
Олардың бәрі жиналып, құрлық территориясының 15%-ін қамтиды. геологиялық
жастағы көмір алаптары көбнесе мыңдаған километрге созылып көмір
белдеулерін құрайды. Көмір байлықтарының негізгі бөлігі Азия-Солтүстік
Америка мен Еуропаның үлесіне тиеді және аса ірі 10 алапқа шоғырланған.
Мұнайлы-газды алаптардың 600-ден астамы барланған, олардың 450-і
Өндірісте, ал мұнай кен орындарының жалпы саны 35 мыңға жетеді. Негізгі
қорлары солтүстік жарты шарда және негізінен мезозой шөгінділеріне
жинақталған. Бұл қорлардың да басты бөлігі санаулы ірі алаптарға
шоғырланған.
Кенді пайдалы қазбалар әдетте ежелгі платформалардық іргелері мен
дөңдеріне (қалқандарға), сонымен бірге қатпарлы аймақтарға жиналған.
Көбінесе, олар мұндай аймақтарда шығу тегі жер қабығыңдағы терең
жарықтармен байланысты аса ұзын кенді (металлогеңдік) белдеулер құрайды.
Мұндай белдеулердің (Альп-Гималай, Тынық мұхит) территориялары тау-кен және
металлургия өнеркәсібінің шикізат базасы болады да, кеп жағдайда жеке
аудаңдардың, тіпті тұтас елдердің шаруашылық мамандануын анықтайды.
Кенсіз пайдалы қазбалар да кең таралған, олардың кен орындары
платформалық және қатпарлы аймақтарда кезеседі. Шаруашылыққа игеруге
пайдалы қазбалардың территория бойынша шоғырлануы барынша қолайлы. Бұлайша
шоғырлану шикізатты кешенді өңдеуді, ірі территориялық-өңдірістік кешендер
құруды жеңілдетеді. Мұндай шоғырланудың ғылым-географтар зерттеп дайындаған
ғылыми түжырымдамасының үлкен практикалық маңызы бар.
Жер байлықтары: қарама-қарсы екі процесс. Жер — табиғаттың басты
байлықтарының, тіршілік көзінің бірі. "Еңбек — байлықтың атасы, ол бекер
айтылмаған. Жер байлықтары адамның тіршілігіне және шаруашылықтың барлық
салаларына қажет.
Адамзаттың жер байлықтарымен қамтамасыз етілуі дүниежүзілік жер қорына
байланысты, ол 13,4 млрд. га болады. Сендердің көріп тұрғандарыңдай, оның
құрылымы онша қолайлы емес. Сондықтан да адамзатқа қажетті тамақ
өнімдерінің 88%-ін беретін өңделетін жерлер аса құнды болып табылады.
Өңделетін (бәрінен бұрын жыртылатын) жерлер планетамыздың негізінен орман,
орманды дала және дала зоналарында шоғырланған. Шабындықтар мен ж а й ы л
ым жерлердің де маңызы зор, олар адамзат пайдаланатын тамақтың 10%-ін
қамтамасыз етеді.
Алайда планетадағы жер қорының қурылымы өзгермей тұрмайды. Оған бір-
біріне қарама-қарсы сипаттағы екі процесс ұдайы ықпал жасайды.
Бір жағынан, адамзат мыңдаған жылдар бойы мекендейтін және ауыл
шаруашылығына пайдалануға жарамды жерді кеңейту үшін табанды күрес жүргізіп
келеді. Тек XX ғасырдың ішінде құрлық жердің жыртылу мөлшері екі есе артты.
Мүнда Ресей, Қазақстан, АҚПІ, Канада, Қытай, Бразилия тың жерлерді кең
көлемде игерген елдер болды. Ал жері аз, бірақ халық жиі қоныстанған
Нидерланды, Жапония секілді елдер теңіз жағалауындағы жер-лерге шабуылды
күшейтті.
Екінші жағьшан, жер барған сайын азып-тозып, нашарлай берді. Эрозиянын
салдарынан жылма-жыл 6—7 млн. га жердің ауылшаруашылық айналымынан шығып
қалатыны есептеп шығарылған. Батпаққа, сортанға айналу :алдарынан тағы 1,5
млн. га жер пайдалануға жарамсыз болып қалады. К,алалардың өсуіне қарай
тұрғын үй, өнеркәсіп және жол-көлік құрылысы да ауылшаруашылық жерлеріне
шабуылын удете түсуде. Дуние жузінің құрғақшылық аймақтарында жердің аса
ірі ' жалмауызы" шөл болып отыр.
Шөл қазірдің өзіңде 900 млн. гектардан астам жерді қамтыған және
бірнеше ондаған, әсіресе дамушы елдердің әлі де 3 млрд. га территориясына
қауіп төңдіруде. Сахара, Атакама, Тар, Намиб , және басқа шөлдердің
шекарасы кеңеюде. Ғалымдар шөлге айналудың қазіргі қарқыны осы күйінде
сақталатын болса, мұнан кейінгі 30 жылда ол, бұған қоса, Батыс Еуропаның
жартысындай территорияны қамтитынын есептеп шығарған.
Осындай процестердің нәтижесінде жерге түсетін ауыртпалық барған
сайын артып, оның байлықтары азайып барады. Сендер SOS saye ouz souls деген
қатер белгісін білесіңдер. Ол ағылшын тілінен аударғанда "Шы-іын жанымызды
қүтқара көріңдер" дегенді білдіреді. Қазіргі кезде дүние күзінің топырақ
зерттеуші ғалымдары да SOS saye ouz souls — "топырақты құтқара көріңдер"
деген ұранды басшылыққа алған бағдарламаны жүзеге асыуда. БҰҰ органдарының
басшылық етуімен жердің шөлге айналуына қарсы бағытталған келемді жұмыстар
жүргізілуде. Оларға географтар да белсене қатысуда.
Құрлықтың су байлықтары: тұщы су проблемасы. Таяу уақытқа дейін су да
ауа секілді табиғаттың тегін тартуларының бірі деп есептелінетін. Ол жерді
қолдан суаратын аудаңцарда ғана жоғары бағаланатын. Соңғы кезде құрлықтың
су байлықтарына деген көзқарас өзгерді. Оның себебі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Швеция. Мемлекеттің тарихы
Дүниежүзілік саяси картасы
География курсын оқыту барысында оқушылардың iзденiс iс-әрекетiн ұйымдастыру
Түсті металдар металлургиясы
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
Солтүстік Американың табиғат жағдайы мен табиғат ресурсы, халқы
Экономикалық және әлеуметтік география дәрістік кешен
Тұран жазығы
Экономикалық дамыған елдер
Пәндер