Жер құқығының жалпы түсінігі



1. Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі.
2. Жер құқығының әдістері мен қағидалары.
3. Жер құқығының қайнар көздері.
4. Жер құқық қатынастары.
Жер құқығы - жер құқықтық қатынастардың айнасы болып табылады. Мемлекет жер қатынастарын реттеуге оны құрал ретінде пайдаланады, оған бағыт береді, сондай-ақ оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп беріп отырады. Соған қарай жер құқығы табиғат обьектісі ретінде жердің меншік түрін анықтап, жер құқық қатынастарын реттей отырып, жерді пайдалану құқығы мен жерді қорғау міндеті алдында барлық субьектілердің ынта-жігерін, қызығушылығын тең қарайды.
Жердің тіршіліктегі экономикалық маңызы мен әлеуметтік мәні ерекше қасиетке ие. Сондықтан да жер құқығының реттеуші тенденциялы нормалары құқық салаларының ішінде басты қоғамдық қатынас қатарындағы шаруашылық мәселелеріне үстемдік құрап отырады. Жер құқығының нормаларымен реттелетін жүйелі қоғамдық қатынастар жер құқығының өз кезегінде пәнін құрайды. Олардың негізінде жерге меншік қатынастары жатыр. Сондықтан жер құқық қатынастары - меншіктің ерекше обьектісі ретінде жерді халықтың пайдалану саласында экономикалық қатынастардың сипаты мен баяндылығының заңдық нысаны және иделогиялық ерікті қоғамдық қатынастардың ерекше түрі.
Сонымен жер - заттық құқық обьектісі болғанымен, оның құқықтық қатынастарын таза азаматтық құқықтық қатнастармен бірдей деуге болмайды. Жер мүліктік қатынастардың азаматтық құқықтық қатынастарға жатпайтын өзіне тән құқықтық қатынастар жүйесі бар. Яғни мұнда Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге деген құқықтарын қорғау, жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту, жер қатынастары саласында жариялылықты, заңдылықты нығайту болып отырғандығын ұмытпаған жөн.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жер ќ±ќыѓының жалпы түсінігі

Жоспар

1. Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі.
2. Жер құқығының әдістері мен қағидалары.
3. Жер құқығының қайнар көздері.
4. Жер құқық қатынастары.

Жер құқығы - жер құқықтық қатынастардың айнасы болып табылады. Мемлекет
жер қатынастарын реттеуге оны құрал ретінде пайдаланады, оған бағыт береді,
сондай-ақ оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп беріп отырады. Соған
қарай жер құқығы табиғат обьектісі ретінде жердің меншік түрін анықтап, жер
құқық қатынастарын реттей отырып, жерді пайдалану құқығы мен жерді қорғау
міндеті алдында барлық субьектілердің ынта-жігерін, қызығушылығын тең
қарайды.
Жердің тіршіліктегі экономикалық маңызы мен әлеуметтік мәні ерекше
қасиетке ие. Сондықтан да жер құқығының реттеуші тенденциялы нормалары
құқық салаларының ішінде басты қоғамдық қатынас қатарындағы шаруашылық
мәселелеріне үстемдік құрап отырады. Жер құқығының нормаларымен реттелетін
жүйелі қоғамдық қатынастар жер құқығының өз кезегінде пәнін құрайды.
Олардың негізінде жерге меншік қатынастары жатыр. Сондықтан жер құқық
қатынастары - меншіктің ерекше обьектісі ретінде жерді халықтың пайдалану
саласында экономикалық қатынастардың сипаты мен баяндылығының заңдық нысаны
және иделогиялық ерікті қоғамдық қатынастардың ерекше түрі.
Сонымен жер - заттық құқық обьектісі болғанымен, оның құқықтық
қатынастарын таза азаматтық құқықтық қатнастармен бірдей деуге болмайды.
Жер мүліктік қатынастардың азаматтық құқықтық қатынастарға жатпайтын өзіне
тән құқықтық қатынастар жүйесі бар. Яғни мұнда Қазақстан Республикасы жер
заңдарының міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану
құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен
шектерін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың
құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу, жерді ұтымды
пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп
отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер
қатынастарын реттеу, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен
дамыту үшін жағдайлар жасау, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге
деген құқықтарын қорғау, жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту, жер
қатынастары саласында жариялылықты, заңдылықты нығайту болып отырғандығын
ұмытпаған жөн.
Жер құқығы құрылымына қарай, оның өзіндік жүйесі жалпы және ерекше
бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімі жер құқығының салалық құрылымды жалпы
ережелерді, құқықтық нормалардың мазмұнды түсініктерін, ал ерекше бөлімі
жекеленген жер қатынастарының реттелу нормаларын қамтиды.
Жер құқығының реттеу әдістері - жер қатынастарын реттеп отыратын
құқықтық нормаларды жүзеге асыру қызметін атқарады. Қазірге дейін жер құқық
қатынастарында жердің тек мемлекеттік меншікті болып келуі императивтік
(өтем) әдістің қолдану аясын басым бағытта қарастырғаны белгілі.
Бұл дегеніңіз мемлекеттің мүддесін көздейтін міндеттеу, шек қою, тиым
салу және жер құқықтық жауапкершілікті негізге алатын тәсілдер жиынтығын
басты назарға алуды көрсетеді. Жер құқықтық қатынастардың нарықтық
экономикалы жағдайы бүгінгі күнде жерге жеке меншік институтын да
қалыптастырды. (ҚР Жер кодексінің 3, 20-баптары).
Соған орай жер қатынастарын дизпозитивтік әдіспен реттеу мүмкіншілігі де
бүгінгі таңда өз жемісін беруде. Мұның мәні жер реформасының жүргізілу
бағыты халықтың жерге деген қызығушылығы мен конституциялық мүмкіндікті
құқықтарын тең қорғауға кепілдік беруді көздейді. Сонымен қатар
диспозитивтік (келісім) әдісінің жүзеге асырылу аясы тек жерге деген
пайдалану, иелену және билік етуді қамтамасыз етудегі шарттарда ғана маңызы
айқындалып қалмайды, ол жер құқықтық процессуалдық нормаларда да жер
дауларын шешуде нақты пайдаға асады. Яғни, бұрындары кеңестік режимді
кезеңде жер дамуының көпшілігі әкімшілік-әміршілдік әдіспен реттеліп
отырса, бүгінгі күнде қандай да бір болмасын жер дауы соттың қарауына
жатады.
Жер құқығының қағидаларына тоқталсақ, олар барлық жер қатынастары
түрлерін бастамашы реттегіш қабілеттегі негіздемелер. Және олар жер заңдары
нормаларын жүзеге асыру қызметінде өз маңыздылығын айқындап береді. Сонымен
жер құқығының қағидаларын төмендегіше жіктеп көрсете аламыз:
- Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және
бөлінбейтіндігі;
- Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен
қызметінің негізі ретінде сақтау;
- Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
- Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- Жерді нысаналы пайдалану;
- Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің басымдығы;
- Жердің жай-күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз
ету;
- Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шараларды мемлекеттік қолдау;
- Жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
- Жерді ақылы пайдалану.
Жер құқығының қайнар көздері дегеніміз - қоғамдық жер қатынастарын
реттеуге қабілеті бар нормалар жиынтығынан тұратын құқықтық актілер.
Олар өз құрылымында әртүрлі үлгіде жасалуы мүмкін. Мәселен, заңдар,
Президент жарлығы немесе кодекс ретінде. Бұған қоса жер қатынастарын
реттейтін заң асты құқықтық актілер де, яғни үкімет қаулылары мен
ережелері, инструкциялар, жергілікті жер қатынастарына шыққан шешімдер мен
жасалған келісім-шарттар да жер құқығының қайнар көздері болып табылады. Ең
басты қайнар көз ретінде жер құқықтық қатынастарын реттеуші мүмкіндікте
Қазақстан Республикасы Конституциясын танимыз (1995 ж. 30 тамыз). Одан
кейінгі негізгі қайнар көз болып Қазақстан Республикасының Жер кодексі
(2003 ж. 20 маусым) танылады. Жер кодексіміз 5 бөлім, 21-тарау 170-бапты
мазмұннан тұрады.
Бұл Жер кодексінің өз алдында қолданыста болып, бүгінде күшін жойған жер
заңдарынан ең басты ерекшелігі, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер санатын
нарықтық айналымға түсіруде. Яғни, жерге жеке меншік институтының
қалыптасуында деп білеміз.
Жер құқық қатынастары деп - Қазақстан Республикасының табиғи байлығы -
жерге мемлекеттік меншік құқығының және заңдарда белгіленген шарттармен
шектерде жеке меншікте болу негізінде жер заңдарының нормаларымен реттелген
немесе жер құқық нормаларының іс жүзіндегі көрнісін беретін қоғамдық
қатынастарды айтамыз.
Мұнда жер учаскелерінің азаматтық айналымда болғанымен, оның табиғи
объектілік қасиеттері жоғалмайды. Сонымен бірге оның табиғи қасиеттері
бүгінгі нарықтық қатынастар жағдайында жерді пайдаланудың азаматтық
айналымда болуына тікелей әсер етеді.
Жер құқық қатынастарының түрлері мыналар болып табылады:
- жерге меншік және мүліктік қатынастар;
- жер қорын басқару органдарының қызметтері;
- жерге меншік және пайдалану құқығы иелерінің құқықтары мен міндеттері;
- жер қоры және оның санаттары;
- жерді пайдалануды және қорғауды бақылау;
- жерге орналастыру, жер мониторингісі және жер кадастры;
- жер нарығы;
- жерге меншік және пайдалану құқығын қорғау.
Аталып өткен жер құқық қатынастары түсінігінің құрамында құқық нормалары
мен жер құқық қатынастары, адамның ерікті қадамы, жер пайдалану, жерге
мемлекеттік меншік бар.
Бірақ бұл ұғымдар жер құқық қатынастарының түсінігінде бәрі бірдей орын
алмайды. Орын алғанның өзінде жер құқық қатынастарының түсінігін толық бере
алмайды. Оның себебі жерді мемлекеттік меншікте, заңдарда көзделген
шкетерде жеке меншікте болуы мүмкін деп қарауда жатыр. Бұл жерде жердің ең
алдымен табиғат объектісі екендігін ескерген жөн. Қазақстан Республикасында
жер құқық қатынастарының ерекшелігі жердің әлеуметтік-экономикалық маңызы
және табиғи қасиеті жер заңдарымен ғана реттелетіндігімен айқындалуы керек.
Сондықтан жер құқық қатынастарын жіктеудің нақтылы түпнұсқасы бола алмайды.
Оның мынадай себептері бар:
1) Жер құқық қатынастарында кездесетін құқықтар мен міндеттер субъективтік
құқықтардың мазмұны. Жер құқық қатынастарының субъектілері - мемлекеттік
басқару органдары, жер пайдаланушылар және басқа жер құқық қатынастарына
қатысушылардың заңда бекітілген құқықтар мен міндеттері бар.
2) Жер құқық қатынастарына қатысушы субъектілер әртүрлі, соған орай олардың
құқықтары мен міндеттері әртүрлі болады.
3) Жер құқық қатынастарының негізгі объектісі жер. Оның құқықтық жағдайы
заңда белгіленген пайдалану мақсатына қарай белгіленеді. Осыған орай
жердің субъектілерге мақсатты бөлініп берілуіне қарай да арнаулы
құқықтар мен міндеттер пайда болуы мүмкін.

Жерге деген меншік құқығы және жерді пайдалану құқығы

Жерді өмір бойына мұраға қалдырып иелену құқығының енгізілуі Қазаќстан
Республикасы Президентінің 1994 жылы 24 қаңтарда “Жер қатынастарының кейбір
мәселелерін реттеу туралы”, сол жылы 5 сәуірде “Жер қатынастарын одан әрі
жетілдіру туралы” заң күші бар Жарлықтармен өмірге келді.
Осы аталған маңызды құжатты орындау мақсатында қабылданған “Қазаќстан
Республикасыныњ азаматтары мен заңды тұлғалардың жер учаскелерін өмір бойы
мұраға қалдырып иелену құқығын, пайдалану құқығын немесе жалпы жалға алу
құқығын, сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы” Министрлер Кабинетінің 1994
жылғы 14 маусымдағы №625 қаулысы мемлекет өмірінде жерге заттық құқыѓын
бекітті. Яѓни, сол кезден бастап жерге деген заттыќ ќ±ќыќ мазм±нын - меншік
құқығы, жер пайдалану құқығы, жеке меншіктегі жер учаскесін уаќытша
пайдалану ќ±ќыѓы, міндеттілік (сервитут) және µзге де заттыќ ќ±ќыќтар
ќ±рады.
Алайда жердіњ зат немесе м‰лік емес екендігіне барѓан сайын, зањ
нормаларымен бекітілген әртүрлі жерге қатысты заттық құқықтар көз
жеткізеді. Әйтсе де осы мәселеге қатысты шамада меншікті конститутциялық
норма тұрғысынан қарастырып көрсек, “Меншік міндет жүктейтінін, оны
пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиістігін” (ҚР
Констутциясы 6-бап, 2-тармақ) көреміз.
Ал меншік - заттық құқық. Демек, жерге аймақтық меншік иесі ретіндегі
мемлекет алдында жерге заттық құқықтарға жерді нысаналы түрде дұрыс
пайдалану, жерді эрозияға, басқа да экологиялық апатқа келтіретін келеңсіз
іс-әрекеттерден қорғау, мемлекеттік, қоғамдық сұраныстарға байланысты жер
учаскесін қайтару, заңға сәйкес басқа да өздерімен теңдес жерге заттыќ
құқықтар алдында “қоғам иелігіне де қызмет етуге тиіс” міндеттер
жүктелінген сайын “меншік өзінің заттық құқық” мәртебесін анықтап, дәлелдей
түседі.
Ал үстеме қарапайым салмақты дәлел келтірсек; “Жер” ұғымының астарын
белгілі бір кеңістіктегі алаң ретінде (географиялық ұғым) және өнім беруші
аймақ (өндірістік ұғым) ретінде түсінуіміз тиіс. Ал меншік -иемдену
(иелену) нәтижесі ретінде екінші анықтамаға қатысты - өндірістік ұғым. Осы
өндірістік ұғым арқылы жерге заттық құқықтар ғана заңдастырылуы керек.
Сондықтан да жер зат немесе мүлік емес, тек қана жер учаскелеріне белгілі
заң нормаларымен бекітілген азаматтық айналымға түсетін заттық құқықтар
ғана бар.
Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Респуликасында жерге мемлекеттік меншік
танылады. Осы заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер
учаскелері жеке меншікте болуы м‰мкін. Жерге, жер учаскелеріне Қазақстан
Республикасында басқа меншік иелері жоқ. Мемлекетіміздің аумағында жерге
мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы. Ал жеке
меншік жер учаскелерініњ субъектілері - жеке т±лѓалар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Экология құқығының дәрістері
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
Жерге меншік құқығы
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Пәндер