ҚР ауыл шаруашылығы экономикасының қазіргі жағдайы


Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
2. 1. ҚР ауыл шаруашылығы экономикасының қазіргі жағдайы және оны талдау.
2. 2. Ауыл шаруашылығындағы менеджмент және оның тиімділігі.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы нарықтық бағытқа қарай реформалау өнеркәсіптегі секілді жан-жақты жүйелі қайта құруларды жүргізумен абйланысты. Оның бастапқы мәресі жаңа әлеуметтік-экономикалық негізде ауыл шаруашылығын дамыту жолдарын негіздеу болып табылады. Ол - дамыған нарықтық экономиканың көп уақыты тиімді жүйесі құрылуының алғышарты. Мемлекеттік меншікті жеке және ұжымдық меншіктерге айналдыру жолымен жаңа құрылымды жасау аграрлық секторда өзінің ерекшеліктеріне ме. Бұл жағдайды республикада 1991-2003 жылдар аралығында жүзеге асырылған іс-шаралар нәтижесі дәлелдейді. Ауыл шаруашылығы экономикасында қызмет ететін агроқұрылымдар нарықтық қатынастарға көшу барысында елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазақстанда басталған жекешелендіру процесі ауыл шаруашылығы саласын айналып өтпеді. Мемлекеттік кэсіпорындар саны едәуір азайып, фермерлік шаруашылықтары саны едәуір ұлғайды. Ауыл шаруашылығы құрылымының саны негізінен шаруа қожалыктарының санына байланысты өсіп отыр. Мәселен, шаруа қожалығының саны 1991 жылы 3 333 бірлік болса, 2003 жылы олардың саны 121722-ге жетті, немесе 36 есеге ұлғайды. Қазақстандағы барлығы 2 120 кеңшардар жэне 430 ұжымшарлардың иелігіндегі жерлер мен материалдық базаны мемлекет иелігінен алу нәтижесінде салада қызмет жасайтын субъекітлер ұсақталып, егістік көлемі едэуір азайып кетті. Бұл ауыл шаруашылығында нарықтық типтегі жүйенің қалыптасып, жеке меншік сектордың ұлғаюына алып келді. Ауыл шаруашылығына мемлекеттік кәсіпорындары жекешелендіруді 2-ші кезеңінде жүргізілген реформалардың нәтижесінде жеке меншікке беріліп, едәуір қысқарып қалды. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өндірісінде айналысатын субъектілердің 99%-ке жуығы мемлекеттік емес субъектілер болып табылады.
ҚР ауыл шаруашылығы экономикасының қазіргі
жағдайы және оны талдау
Ауыл шаруашылығы құрылымдарын әдетте үшке бөліп қарастырады: 1) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары; 2) Шаруа қожалықтары; 3) Жеке қосалқы шаруашылықтар. Ауыл шаруашылығы құрылымындағы елеулі өзгерістер ауыл шаруашылығы өнімі өндірісне әсерін тигізеді. Соңғы жылдары ауыл шаруашылық өндірісінің тұрақтану тенденциясын байқаймыз. 2000 жылы жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылық үлесі 8, 1%, ал 2001 жылы - 8, 7% болды. Ел тарихында алғашқы рет 1999 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі алдыңғы жылмен салыстырғанда 28%-ке өскен (Қосымша 1) . 2000 жылы бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 4, 2%-ке төмендеп ағымдағы бағаларда 402 млрд. теңгені құрады, содан соң 2001 жылы - 17, 3%, 2002 жылы -2, 7-ке өсті. 2003 жылдағы ауыл шаруашылығының жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 1, 4%-ке артық болды. Бұл ретте еліміздің аграрлық реформалары дұрыс жүргізіліп және негізінен қолайлы табиғи-климаттық жағдайлардың нәтижесінен оңды көрсеткіштерге жетіп отырғандығымызды айта кеткен жөн. ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәлімдемесі бойынша 2004 жылдың жалпы өнім көлемі 2003 жылдың мәліметтерімен салыстырганда 1, 4%-ке артып отыр. Еліміз халқының 43%-і ауылда тұратындығы баршамызға белгілі. Сондықтан біздің ел аграрлы-индустриалды ел ретінде танылады. Статистикалық комитетін мәліметіне сәйкес халықтың 35%-і ауыл шаруашылығы, аңшылық жэне орман шаруашылығында жұмыспен қамтылған. 1999 жылы барлық 6 105, 4 мың жұмыспен қамтылған халықтың 1335, 4 мың адамы немесе 21, 9%-і ауыл шаруашылығы салаларында жұмысқа қамтылған екен. Бірте-бірте бұл салада қызмет ететін халықтың саны ұлғайып, 2003 жылы 6985, 2 мың жұмыспен қамтылғандардың 2446, 8 мыңы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс атқарып келеді. Мәселен, өнеркәсіпте халықтың - 123, 2%-і, құрылыста - 4, 7%-і, саудада-14, 5%-і жұмыспен қамтылған. Бұл мәліметтер ауыл шаруашылығының елімізде үлкен маңызы бар сала екендігін тағы бір рет дәлелдегендей. Кесте 1Жұмыспен қамтылған халықты экономикалық қызмет түрлері бойынша бөлу.
Соңан қарамастан ауыл шаруашылыңы саласы рентабельділігінің төмендігіне: оңан мемлекеттік қоладудың жетіспеушілігіне байланысты онда қызмет ететін жұмыскерлердің орташа айлық атаулы жалақысы басқа салалармен салыстырғанда өте төмен. Мәселен, 1999 жылы барлық қызмет түрлері бойынша орташа жалақы республика бойынша 11864 теңгені құраса, ауыл шаруашылығы қызметкерлері 4600 теңге жалақы алды. Ол орташа республикалық жалақы 23128 теңге көлемінде болса, ауыл шаруашылығы қызметкері 9567 теңге, яғни 41, 4%-ті құрады. Ауыл шаруашылығы саласын экономиканың басқа салаларында жұмыс істейтін жұмысшыларымен салыстырсақ. Өнеркэсіп кызметкерлері ауыл шаруашылығы қызметкерлерінен 3 есе артық жалақы алады, оның көлемі 2003 жылы 29 585 теңгені құрады. Кен өндірудегі қызметкерлер 4, 8 есе артық жалақы алады. Құрылыс саласында 2003 жылы орташа жалақы 34473 теңгені құраса, ол ауыл шаруашылығымен салыстырғанда 3, 6 есеге артық. (ауыл шаруашылығымен салыстырғанда 5, 8 есеге артық, білім берумен - 1, 5 есе төмен.
Соған қарамастан ауыл шаруашылығындағы орташа айлық атаулы жалақы индекстері көңілді қуантады. Мэселен, 2003 жылы барлық қызмет түрлері бойынша орташа жалақының индексі - 113, 8% болса, ауыл шаруашылығы бойынша орташа жалақының индексі - 117, 2%-ті құрады. Бұл көрсеткіш бойынша ауыл шаруашылығы саласы тек саудадағы индекстен ғана төмен болды, (6-сурет) . Экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық атаулы жалақының индекстері Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру құрылысы да өзгерісе ұшырады. 7-суретте бейнелегендей, шаруашылық санаттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің құрылымы біршама өзгерістерге ұшырады. Егер 1991 жылы жалпы өнімнің 67, 5%-ін ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өндірсе, 2000 жылы ауыл шаруашылығы кэсіпорындарының үлес-салмағы 2, 5 есеге кысқарып, тек 24, 6%-ті құрады.
Шаруашылык санаттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің құрылымы
Бұл үрдіс қазіргі таңда да орын алып отыр, 2003 жылы бұл көрсеткіш 22, 6%-ті құрады. Шаруа қожалықтары 1991 жылы жалпы өнімнің тек 0, 4%-ін өндірсе, олардың санының көбеюіне байданысты өнімді өндіру үлесі 2000 жылға қарай 21, 8%-ке жетіп, олардың 54, 5 есеге өскендігін көреміз. 2003 жылы шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы өнімінің 27%-ін өндірді. Малды мемлекетітк меншіктен жеке, яғни қосалқы шаруашылықтарға, жеке тұлғалардың пайдаланылуына берілуі тұрғындар шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде елеулі үлес алуына түрткі болды. Мәселен, 1991 жылы түрғындар, яғни жеке қосалқы шаруашылықтар ауыл шаруашылығы өнімінің 32, 1%-ін өндірсе, 2000 жылы бұл көрсеткіш 53, 6%-ті құрады. Бұл өсу ауыл шаруашылығындағы жерлерді пайлар негізінде тұрғындарға бөліп берудің нәтижесі болды. Ал 2003 жылы жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесі 2000 жылмен салыстырғанда 53, 6%-тен 50, 4%-ке төмендеді. Бүл өзгеріс жеке шаруашылықтардың серіктестіктерге, шаруа қожалықтарына бірігуіне немесе айналуының нәтижесі болды. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің жыл сайынғы нақты көлемінің индекстері ауыл шаруашылығы саласының едэуір құлдырауға, артынан салалық дағдарысқа душар болғандығын дәлелдейді. Қазақстан экономикасыныңбарлық салаларында орын алған дағдарыс, гипперинфляцияның өрістеуі, өнеркәсіптегі құлдыраулар нәтижесінде ауыл шаруашылығында 1994-1995 жылдары терең дағдарыс орын алды. Нарықтық экономикаға өту кезінде тиімді ауыл шаруашылығы өндірісін құру - реформалау мерзімі мен сапасы, шаруашылық етуші жаңа қүрылымдармен қамтылуы, еңбекке қабілетті ауыл халқын тұрақты жұмыспен қамтылуы, өндірісті жүргізудің жаңа шарттарына сай шаруашылық және экономикалық механизмдерді пайдалану сияқты факторларға тэуелді болады. Жоғарыда аталған өсу себептерінің пайда болуы және тәжірибеде қолданылуы уақыт бойынша белгілі бір реттілік жасады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы табиғи жағдайларға қатты тәуелді. Саланың дамуын шектейтін негізгі проблемалардың бірі өсімдік шаруашылығында өнім шығымдылығының төмендігі және мал шаруашылығының өнімділігі болды. Себептері: топырақ құнарлығының нашарлауы, зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің таралуы, ветеринарлық қызмет көрсетудің және профилактиканың нашарлауы, табынның, тұқым қорының, саланың материалдық-техникалык базасы жай-күйінің сапалық нашарлауы, ауыл шаруашылығы өндірісінің индустриялық технологияларының бұзылуы. Шұғыл континенталдық климат және шектен тыс құрғақшылық, сумен қамтамасыз етудің нашарлығы, әсіресе оңтүстік аймақтарда аграрлық өндірістің тәуекелділігін күшейте түседі. Өткен жылдарда аграрлық секторды реформалау тереңдей түскен жүйелік дағдарыс кезеңінде өтті. Осындай жағдайда еркін нарық тұжырымдамасы елдің аграрлық секторын дамытуда бірқатар проблемаларды шеше алмады. Басты мақсатқа-тиімділікке және тиісінше, діттей отырып, реформалар жүргізілген ауыл шаруашылығы өндірісінің түсімділігін арттыруға объективті түрде қол жетпеді. Шаруашылықтарды бөлшектеу нәтижесінде қалыптасқан жер үлесі мен мүліктік құқықтар мөлшері, көп жағдайда, жоғары тауарлы өндіріс жүргізуге, техниканы тиімді пайдалануға мүмкіндік бермеді. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне және материалдық-техникалық ресурстарғаазық-түлікті сатып алу және түпкілікті бағаларына бағаның қалыптасқан теңсіздігі рентабельділікті төмендетіп, аграрлык өндірістің шығындылығына алып келді. Өтімді капиталдың болмауы және өндірістің тиімсіздігі банк кредиттерін қол жетімді етпеді және сектордың ауыр қаржылық жағдайын одан сайын ұшықтырып жіберді. Аграрлық секторда өндірілген қосымша өнімнен орасан үлес алатын делдалдық құрылымдар, жергілікті монополистер өткізу мен жабдықтау жүйесінде барған сайын көбірек орын ала бастады. Осы жылдары объективті тұрғыда шектеулі болған аграрлық секторды мемлекетітк қоладудың колданылған жүйесі өндіріске ынталандырушылық әсер ете алмады-бөлінген қаражат тиімсіз пайдаланылды. Шаруашылық байланыстардың үзілуі, нарықтық инфрақұрылымның, көлік коммуникацияларының мешеулігі өнімді өткізу, соның ішінде экспортқа өткізу мүмкіндігін шектеді. Соңғы кезге дейін ішкі нарықты қорғаудың айқын жүйесінің болмауы отандық өнімді неғұрлым арзандау импорттық өнімнің ығыстыруына алып келді, мұның өзі өндірісті тұншықтырудың қосымша факторына айналды. Аграрлық өндірістің бәсекеге қабілеттілігі еңбекақы төлеудің төмен деңгейімен ғана ұсталуда. Едәуір дәрежеде мұның өзі отандық жэне шетелдік ұқсас өнімдердің арасында орын алып отырған еңбекті және материалды көп қажетсінетін айырмашылықты өтейді. Сұраныстың қысқаруына байланысты, аграрлық сектордың өндіріс қуаттары артык болып қалды. Аграрлық сектордағы жұмыспен қамтуды эволюциялық емес, түбегейлі қысқарту жұмыссыздықтың етек алуына және халықтың ауылдан кетуіне алып келді. Нәтижесінде, аграрлық сектордың экономикалық баянсыздығы үздіксіз құбылысқа айналып келеді. Ауыл қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің ошағы болып отыр. Бүл жағдайлар қайта құру басталғанда афосектордың өнеркәсіппен салыстырғанда терең дағдарыста болғандығын негіздейді. Ол келесі 2 негізгі себеппен түсіндіріледі: 1-ден, аталған өндіріс секторы жүйелі реформалардың басталуынан бұрын үлкен қарызға батты. Ол сатып алуды мемлекет үздіксіз бақылаудан ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның төмендігінен алдыңғы жылдардың шығындары есебінен жиналды. Дәл осы уақыттарда өндірістік ресурстарға бағалар ырықтандырылған болатын. Бұл саланың қайта жаңғыруына бөгет болды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары иелігде ликвидті кұралдардың болмауынан несие алуға қабілетсіз болып, өндірістік ресурстарды сатып алуға ақшасы болмай, бартерлік келісім-шарттардың кеңюіне алып келді. 2-ден, нарықтық қатынастар жағдайында өндірістің өсуіне жағдай жасайтын меншік түрлері мен тиімді басқаруды қалыптастыру мақсатында шаруашылықтарды қайта құру мен реформалау шараларының оңды нәтижелерге, бірқатар жақсы бастамаларға қарамастан олар дұрыс ұйымдастырылмады. Жүргізілген зерттеулер көреткендей, аталған сферадағы көптеген шаруашылықтар бірқатар жылдар бойы қауқарсыз, өндіріс деңгейі төмен болды. Кеңшарлар және ұжымшарларды кооперативті шаруашылық жүргізуші субъектілерге айналдыру меншікті басқару мен бақылау құрылымыда елеулі өзгерістерді әкелмеді. Осыдан да республика 1991-ден 1998 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы өндірісі 55%-ке төмендеді, ал астық өндірісі 30 млн. тоннадан жеке жылдарда 12 млн. тоннаға қысқарды. Бұл, негізінен көп агроқұрылымдардың өзін-өзі қамтамасыз ете алмағандығынан олардың болашағы күмәнді болды. 1992-1997 жылдар кезеңінде 1991 жылы өз құрамында болған 2120 кеңшар, 430 ұжымшарлардың қайта құрылудың бірнеше кезеңінен өтті. 1997 жылы сәуірде ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес өндірістік кооперативтер меншігін үлестер мен пайларға қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Осы шарамен бірге серіктестіктерді құруды нығайту тенденциясы орын алды. Бір өндірістік кооперативтертен 3-5 серіктестік құрылды. Қазіргі дейін агроқүрылымның бұл түрі санының едәуір көптігіне қарамастан өзінің тиімді қызметімен көріне алмады. Сондықтан басқару органдары нарықтық жағдайдың дамуына ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға мүдделі болатын аграрлық кәсіпорындарды қалыптастыруға жағдай жасауы қажет. Шет ел эксперттерінің пікірінше, қазіргі кезде Қазакстандағы шаруашылықтар немесе кұрылымдардың өміршеңдігіне 2 фактор кері әсерін тигізеді. 1-ден, өндірістік ресурстарды иемдену жэне өндірілген өнімді өткізудің жоғары шығындылығы. 2-ден, капитал рыногының дамымағандығы, ол өз кезегінде инвесторлардың шаруашылықтарды дамыту процесіне қатысуға маңызды дәрежеде мүмкіндігін шектейді. Сонымен қатар еліміздің ауыл шаруашылығына төнетін қатерлер де жоқ емес:
Әлемдік азық-түлік нарығындағы жоғары бәсекелесітк және протекционизм, сауда қатынастарының реттелмеуі. Шетел импорттаушыларының тарапынан жүргізілетін жосықсық бәсекелесітк және отандық өнімердің ішкі нарықтан ығыстырылуы. Әлемдегі ықтимал азық-түлік нарықтарына тиімді көлік жолдарының болмауы. Республиканың оңтүтік аймақтарының шектес мемлекеттердің су ресурстарына тәуелділігі. Ішкі нарық ауқымының шектеулілігі және шашыраңқы орналасуы, ТМД елдерінің дәстүрлі өткізу нарықтарының сатып алу қабілетінің төмендігі. Жалпы алғанда ауыл шаруашылығы дағдарысқа баяу ұшырайды, ал дағдарысқа түссе, одан шығу өте ұзақ процесті қамтитын ерекше сала болып табылады. Сондықтан да болар, 2003 жылдан басталған аграрлық реформалар, үлкен көлемдегі мемлекеттік қаржылар бірден эффект бермей отыр. Бірақ соған қарамастан 2001 жылдан бері қарай ауыл шаруашылығы жалпы өнімі алдыңғы жылмен салыстырғанда өсіп отыр. Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы жэне экономикалык дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты камтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттар туралы Қазақстан халкына жолдауында Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев: "Ауыл дегеніміз - сайып келегнде, халықтың түрмыс-салты, мәдениетіміздің, дэстүрісіздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси-моральдық және элеуметітк фактордың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді", -деп атап көрсетті. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пйадаланбағандықтан аграрлық салады терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бір-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жертелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, алдымен нарықтық қатынастарға көшу тактикасындағы орын алған қатерліктерді атап өту керек.
Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа жүргізудің стратегиялық бағатын жүзеге асыруда қолдан жасалынған қиыншылықтар тудырды. Әуелі көптеген бойы орталықтан басқару жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен еңбек ету психологиясын жеке меншік өрістеген жағдайға бейімдеу революциялық емес эволюциялық процесс екені ескерілмейді. Әсіресе, мал шаруашылығын дамытуда жеріглікті халықтың еңбек ету "философиясы ескерілмейді", эволюциялық өзгерістер нарыққа өтуге дайын емес ортаға "секіріспен ауыстырылды". Агроөнеркәсіп кешенінің 1-ші жэне 3- ші сала кәсіпорындарының монополиялық жағдайында бағаны біржақтылы босату, жекешендірудегі ұйымдық-экономикалық және құқықтық ретсіздік, жергілікті жерлердегі бетімен кетушілік ұдайы өндіріс процесінің бұзылуына, қоғамдағы дағдарыстық жағдай мен әлеуметтік шиеленісудің күшіне алып келеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығында дағдарысты жағдай қалыптасты. Алайда соңғы жылдардағы АӨК-не мемлекетітк қолдаудың елеулігі бұл салада оң өзгерістерге алып келгендігін көре аламыз. Алдағы бөлімде атап өткеніміздей, дамыған елдерде АӨК-ті субсидиялау 70%-ке жетеді, ал біздің елімізде бұл көрсеткіш, яғни мемлекет тарапынан аграрлық сфераға қолдау көрсету жылдан жылға ұлғаюда (9-сурет) . 1996-1998 жылдардағы бюджеттен бөлінген қаржылар 19, 2 млрд. құраса, казіргі кезде, яғни 2004 жылы бұл сомма 2, 5 есеге дерлік ұлғайып 48, 8 млрд. теңгені құрап отыр. 2004 жылы мемлекеттік қолдау 2003 жылмен салыстырғанда 23, 9%-ке өсіп отыр. Ауыл шаруашылығына мемлекетітк бюджеттен бөлінген қаржылар көлемі (млрд. теңге) .
Қолдау келесі жылы ағымдағы жылмен салыстырғанда 17, 8%-ке өсіп 57, 5 млрд. теңге көлемінде болуы жоспарланып отыр. Бұл көрсетілген көрсеткіштер елімізде 2002 жылы 5 маусымда Президент Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасын қаржыландыруды қамтиды. Бұл көрсеткіштер бүкіл аграрлық сфераға емес, аталған бағдарламаны іске асыруға бөлінген және бөлінуі көзделеді. Ал енді ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымына үңілсек, онда 1991 жылы өсімдік шаруашылығы 35%-ті құраса, 2003 жылға қарай ауыл шаруашылығы жалпы өнімінде өсімдік шаруашылығының үлес-салмағы 58, 1%-ті құрады. (3-кесте) .
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылмына үңілсек, 1991 жылы мал шаруашылығының үлесі 65% болса, ол 1995 жылға карай күрт төмендеп тек 44% болды. Одан соң 1998 жылы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қүны күрт төмендеп 41%-ті құрады, ал мал өнімі-59%-ті құрады. 2000 жылдан бері қарай мал шаруашылығының ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің үлес салмағында бірте-бірте төмендеу үрдісіне ие болып отыр. 2002 жылы мал шаруашылығы өнімінің үлесі-42%-ті құрады.
Барлық санаттағы шаруашылықтардың өндіріс салалары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымы.
Ең алдымен бұл өзгеріс мал шаруашылығы өнімінің күрт азайып кетуімен түсіндіріледі . Өсімдік шаруашылыгы өнімдерінің ішінде маңызы орынды алатыны - дәнді-дақылдар, соның ішінде: бидай. Бидайдың жемісті шыгымының нэтижесінде елімізідң ауыл шаруашылығы дами түседі. Құрғақшылық егінді азайтып, ауыл шаруашылығы өнімінің қысқаруына алып келеді. Ол жағдай 1998 жылы орын алған боалтын. Ал 1999 жылы қолайлы климаттың әсерінен егін шаруашылығы дақылдары жақсы жеміс берді, сөйтіп жалпы алғанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемінің индексі бұрын болмаған өсуге қол жеткізді. (128%) .
1991 жылы барлық шаруашылық санаттар бойынша негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егіс көлемі 34935 мың гектар құраған болса, оның 22752, 5 мың гектары немесе 65%-і дәнді-дақылдар, 11371, 9 мың гектары немесе 33%-і - мал азығы дақылдары құрады. Экономикалық реформа барысында егістік көлемі едәуір қысқарып, 2003 жылы егіс йөлемі 17454, 2 мың гектарды құрады немесе 1991 жылмен салыстырғанда 2 есеге қысқарды.
Тек 2002 жылы егіс көлемі 5, 8%-ке ұлғайып, ол негізінен дәнді - дақылдар, мал азығы дақылдарының есебінен болды. Бұл ретте мал азығы дақылдарының егіс көлемі 1991 жылы 11371, 9 мың гектарды құраса, ол 2003 жылы 4, 7 есеге азайып, 2399, 3 мың гектарды құрады.
2. 2. Ауыл шаруашылығындағы менеджмент және оның тиімділігі
Тиімділік проблемасы - тауар өндірушінің мүддесі үшін тұтыну құнын өндіру барысында ресурстарды барынша үнемдеу; бұл жағдайда кәсіпкер қызметін өзінің тәуекеліне жэне ұйымдық-кұқықтық нормативтік кесімдер белгілейтін шектегі мүліктік жауапкершілікке сүйене отырып жүзеге асырады. Ол, яғни тиімділік, ұлғаймалы ұдайы өндірісті ойдағыдай жүргізудің негізгі алғышарты ретінде көрінеді және ресурстарды таңдау, өндіріс резервтерін анықтау, сондай-ақ тұтастай өндірістік кұрылымдар мен жекелеген буындардың жұмыс істеуін бағалау кезінде баламалы нұсқауларды айқындау үшін кәсіпкер пайдаланатын сапалық бағалаушы көрсеткіш болып табылады. Ауыл шаруашылығының тиімділігі жерді және басқа ресурстарды пайдалану деңгейін, ұлғаймалы өңдірістің нақты болу мүмқіндігін бейнелейді. Тиімділікті қол жеткен нәтиженің ресурс өлшеміне қатынасы ретінде қабылдау ауылшаруашылық кәсіпорындары тауарлы өнімнің белгіленген көлемін өндіруге бағдарланатын реформаға дейінгі кезеңге тән болатын. Ауыл шаруашылығының агроөнеркәсіп кешенінің) тиімділігін зерттегенде оны бернелік және ұйымдық қосалкы жүйелерден тұратын күрделі, көпнысаналы, ашық жүйе деп түсінетін пайымды басшылыққа алу керек. Бернелік қосалқы жүйелер агроөнеркесіптік өндірістің мазмұнын білдірсе, ұйымдық жүйелер олардың бейнелену нысанын білдіреді. Ауыл шаруашылығының бернелік қосалқы жүйелері тиімділіктің тиісті түрлеріне ие. Технологиялык тиімділік өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуының тиімділігін бейнелейді. Технологиялык тиімділік: нормативтік жэне нақтылы деп те бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz