Әмір Темір— Орталық Азия жаһангері



1 Әмір Темір
2 Темірдің жастық шағы
3 Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшы . Ақсақ Темір
3 Темірдің Қазақстан мен Қырғызстан аумағына жорықтары
Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎‎ — Тимур-е Ләнг,Ақсақ Темір, Темірлан) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл Өзбекстанның[[Қашғария облысының Шахрисабыз қаласы. [Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар [[Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір. Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатайұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.Әмір Темір Тоқтамысханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді.
Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саїиб Қыран Ағзам Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістанда өмірге келген — 18. 2. 1405, Самарқанқаласында дүние салды) — қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды.Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372-88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370 — 90 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады.
1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011ж.
2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998ж
3. Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005
4. Гийассадин Али. Дневник похода Тимура в Индию. М., 1968.
5. Е. Ноянов. Әмір Темір түркі халықтарын орыстар мен еуропалықтарға жығып берді. // Аңыз адам.
6. Тамерлан. Эпоха. Личность. Деяния. М., 1992.
7. З. Қинаятұлы. Шыңғыс хан және Қазақ мемлекеті. – Алматы. 2010.
8. Рашид ад-дин. Сборник летописей. М.-Л. 1952. Т.І. кн. ІІ
9. К.Д.’Оссон. Шыңғыс ханнан Әмір Темірге дейін. Аударған К. Сегізбай Астана, 2003.
10. Герасимов М.М. Портрет Тамерлана // Краткие сообщения Института истории материальной культуры. М., 1947. Вып. ХҮІІ.
11. Әмір Темір аманаты. Өзбекшеден ауд. И. Сапарбай А., 2008.
12. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. – Алматы, 2003.
13. Темір жазбалары. – Ташкент, 1968.
14. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан а середине ХІҮ-ХҮІ веков. - Алматы, 1983.
15. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы /Ежелгі және ортағасырлық кезең/.-Астана, 2007.
16. Тынышбаев М. «История казахского народа». – Алматы, 1993.
17. Материалы по истории казахских ханств ХҮ-ХҮІІІ вв. Алма-Ата 1969.
18. Материалы по истории киргизов и Киргизии. Вып.1, М., 1973.
19. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, Т. 6 Aлматы, 1999.
20. Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч. Т. 2, Алматы, 1985.
21. Қазақ ССР тарихы. Т. ІІ. Алматы. – 1983.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Әмір Темір
Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎‎ — Тимур-е
Ләнг,Ақсақ Темір, Темірлан) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір
Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан,
Кеште туған. Қазір бұл Өзбекстанның[[Қашғария облысының Шахрисабыз қаласы.
[Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының
ішіне кіреді. Барластар [[Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия
жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді,
оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел
бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір. Темір
барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін
қаратты, Шағатайұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне
қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері
керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді.
Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған.
Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан"
емес, "әмір" еді.Әмір Темір Тоқтамысханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді.

Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саїиб Қыран Ағзам Жанат Макан (9.
4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістанда өмірге келген — 18. 2.
1405, Самарқанқаласында дүние салды) — қолбасшы, мемлекет қайраткері.
Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында
Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап
ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа
және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы
Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір
шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық
дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен
Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ Темір), ирандықтарға
Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды.Әмір Темірдің
әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372-
88), Шығыс Түркістан (1376),  Герат (1381),  Хорасан (1381), 
Қандағар (1383), Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан, 1384), 
Тебриз (1384), Иран және  Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін
жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370 — 90 жылдары
Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана
отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс
жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік
алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, 
Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак  Әмір Темір мемлекетінінің құрамына
енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды.Сирия мен Лубнан (Палестина)
мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір
Темірдің билігін мойындады. 1402 жылы жазда Әмір Темір Анкара шайқасында
Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым
Баязидті (Баязид) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының
нәтижесінде алып империя — Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14
млн км²-ге жетті. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолай
Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі
Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темірдің 4 ұлы болды:
Жиїангер (1356 — 1376), Әмір Шейї (1356 — 1394), Мираншах (1366 — 1408),
Шаїрух (1377 — 1447). Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394 —
1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 — 1530) сынды атақты адамдар
шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір
мемлекеті ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді
саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың
пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру
құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен
тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі,
парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары Әмір Темірдің
тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды.[2] Әмір Темір қазақ жерінде
мәңгілік өшпес ескерткіш — қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып
қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Әмір Темірдің шектен тыс
қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.
Әмір Темір есімі біздің ұғымымызда айтулы жаулап алушы, әйгілі жаһангер
есебінде Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғыс хан, Батый ханмен бірге аталатыны
белгілі. Кезінде 27 мемлекетті қол астына бағындырған әлем жаулаушысының
ғұмыры, жорық жолдары мен оның салдары әрқашан өзекті болып келді. Темірдің
балалық кезі мен жастық шағы туралы мәліметтер дерек көздерінде өте аз
жазылған.
Әмір Темір 1336 жылы 8 сәуірде Маураннахрдағы Кеш қаласында, қазіргі
Шахрисабзда, Самарқанның оңтүстігінде орналасқан жерде дүниеге келген десе,
кейбір зерттеулерде Темір 1333 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Ал Грановский
өз еңбегінде Темір Самарқанда 1336 жылы 9 сәуірде Шыңғыс ханның ұлының,
Шағатайдың иелігінде дүниеге келген деп келіп, ол қолына қан уыстап, шашы
ақ болып туылған деп көрсетеді. Оның анасы Шыңғыс хан тұқымынан шыққан, ал
әкесі шағатай тұқымындағы әміршілердің бірі болған, бірақ оған үлкен мұра
қалдырмаған.
Темірдің туған жылы туралы монғол, қытай деректерінде 1333, араб, парсы
деректерінде 1336, ал еуропалық қайсыбір деректерде 1337 жыл деп жазылған.
Дегенмен, 1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Өзбекстанда Әмір Темірдің 660
жылдық мерекесі болғанын ескеретін болсақ, оның дүниеге келуі туралы
деректердегі түрлі мәліметтер мен зерттеулер денінің негізінде Темірді 1336
жылы 9 сәуірде Шахрисябздың оңтүстік-батысында Қожа-Илғыр ауылында дүниеге
келген деген қорытынды жасауға болады. Темір кезеңіндегі тарихшылар оны
Шыңғыс хан тұқымына жақын тұлға ретінде көрсеткісі келді, яғни оны
Шыңғысхан әулетімен туыстық байланысты қалыптастыруға тырысты. Клавихоның
Күнделігінде де Темірдің әкесі шағатай тұқымынан шыққан орташа топтағы
танымал кісі болғанын айтады. Ал Бартольд Темірдің әкесі Барлас руынан
шыққан, мұсылман дінін ұстанған Тарағай ноян немесе әмір болса, анасы
Текене-катын болған деп көрсеткенімен, оның 1360 жылға дейінгі өмірін ашып
көрсетпейді.
Әмір Темірге байланысты дерек көздерінде Темірдің маңғолдық Барлас
тайпасынан деп көрсетеді. Моңғолдың Құпия шежіресінің желісіне жүгінсек,
Темірдің шыққан тегі төмендегіше суреттеледі: Барластар Боданчардың
некесіз әйелінен туған Хачи Хүлэгтен тарайды. Хачи Хүлэгтің ұлы Барулудай
деген болыпты. Өзі мығым денелі, тойымсыз мешкей болғандықтан Барулас
атанады. Хачуланның бір ұлы алдына қойған асын түгесіп жеп қоятындықтан оны
үлкен Барулас, енді бірі алдындағы асын тауысып жей алмайтындықтан кіші
Барулас деп атаған. Кейін олардың арасынан білімді Барулас, Тодойлық
Барулас дегендер шығып, барлығы Барулас атанады делінген. Рашид ад-Диннің
шежірелер жинағында Баруластарды Тумбинай шешеннің үшінші ұрпағы Хачуланның
ұлы деп көрсетеді. Зерттеушілер барластарды маңғол тайпаларының Нирундық
тобына жатқызады. Шыңғыс хан 1206 жылы Ұлы моғол мемлекетін құрғанда
барластарды еліне ерен еңбек сіңірген осы тайпадан шыққан түлегі Хубылайға
ел етіп берген. Шыңғыс ханның 1219-1224 жылдары Орталық Азияға жасаған
шабуылы кезінде барластың еркек кіндіктері моңғол әскерінің қатарына тай-
тұяғымен аттанып, Шағатай ұлысы билігінде Мауреннахрға келіп орын тепті.
Орыс жылнамаларында Темірдің жас кезі туралы жан-жақты жазылмаған. Тек
онда: Темир, сын старейшины некоего от заяикских Татар, иже бе железными
вратами; ремеством же бе кузнец железный... Иже прежде бысть он раб у
некоего господина; злонравиа же его ради отверже его от себе господин его;
он же. Не имея чем питатися и одеваится и пребывая крадый и разбивая, и сам
питаяся. Еще б ему тогда младу сущу, и некогда украде у некоего человека
овца, иже и постижен быть и много бьен, и переломиша ему ногу и бедру
наполы, и повергоша его, мняще мертва, псом на снеды. Он же по времени
мнозе едва исцеле, и ногу свою перебитую жезлом перекова, и того ради
прозван бысть Темир-Аксак; Темир бо зовется Татарским языком железо, Аксак
же – хромец, и тако толкуется Железеный хромец, яко от вещи и от дел имя
принять. И тако по исцелении от ран не токмо не лишился злого своего
обычая, но паче горшее неистовствуя, бысть лют разбойник; и совокупишася к
нему юноши жестоцы и немилостивы, всегда и взят овца их, проливающе. И шед,
порази некыя пастыря и взят овца их, идеже и устрелен бысть в ногу и
храмяще; и от сего приобрете имение. И егда бысть их числом яко сто и
нарекоша его старейшину разбойником; егда же стяжа тысячу мужей, и тогда
уже князем зваху его .
Темірдің жастық шағы туралы келтірілген мәліметтер Клавихоның
мәліметтерімен ұқсас келеді, тек темір ұстасы мен кәсіпшілікпен
айналысқандығы туралы тың жайттар айтылды. Ал Ибн Арабшахтың дерегінде
Темірдің әкесі кедей ұсташы болып, оның қой ұрлап жатқан сәтте оған
садақтың жебесі тиіп жараланғандығы туралы айтылады. Сонымен қатар Ибн
Арабшах кез-келген тонаушылық әрекетке оның соңынан еретін нөкерлердің
санының ұлғайғандығы туралы да баяндайды.
Деректерде келтірілген мәліметтерде Темір туралы аңыз әңгімелер көп
болғандықтан, ал жылнамалар асыра сілтеушілікпен жазылғандықтан деректердің
нақты шынайылығын ажырату қиындық тудырады. Дегенмен зерттеушілердің ғылыми
мәліметтері бойынша Темір 1336 жылы Бұқара аймағының батысындағы Кеш
(қазіргі Шахрисябз қаласы) маңайындағы Қожа Ылғыр ауылында Тарағай бектің
отбасында дүниеге келген. Әкесі – бек лауазымы бар барлас ақсүйектерінің
бірі. Ол ХІҮ ғ. басында Қашқандария аймағына келіп, қоныс тебеді. Темір осы
қыстақта барлас ұлдарының арасында әскери ойындарға жаттығып балалық шағын
өткізеді.
М.М. Герасимовтың Темір мәйітін зерттеу қорытындысы бойынша оның бойы
бойы шамамен 172 см. құрағанын және физикалық жетілген өте мықты тұлға
болғанын көрсеті. Оның шашы өз қатарларына қарағанда әлдеқайда ақшыл болған
[7]. Герасимов қалпына келтірген бет-пішініне және терісінің ақ түстілігіне
қарап, кейбір ресейлік зерттеушілер: Ақсақ Темірдің тегі еуропалық болған
дегілері келеді. Олардың мұнысы Темірдің Ресейді Алтын Орданың езгісінен
құтқарғанына да байланысты болар.
Темір түрік, тәжік тілінен өзге парсы тілін де жақсы меңгерген,
ғалымдардың тарихи шығармаларын тыңдап, сөйлесуді ұнататын және өзінің
әңгімелерімен мұсылман тарихшыларын таң қалдыратын. Бұл туралы Академик
В.В. Бартольд Темірдің өзі түркі тілінен өзге парсы, тәжік тілдерін еркін
меңгерген. Али Йездидің хабарлауынша ғалымдар түркі және тәжік тілдерінде
жазған және кеңес өткізген. Ол көшпелілікпен қатар сол кезде билік барлас
бегі Қажы Барластың қолында болған Шахрисябзға жиі барып тұруының арқасында
қала өмірін де жақсы білді. 
Әмір Темірдің Әмір Темір аманаты кітабында оның жастық шағы туралы
мәліметтер айтылады: Жеті жасқа толғанымда, мені медресеге тапсырды және
қолыма сөздер кестесін ұстатты. Оқи бастадым, жетістіктерге кереметтей
сүйіндім. Тоғыз жасқа толғанымда, бес уақыт намазды үйрендім және
мектептегі барлық оқушыларға бастық болып алдым. Өзім қатысқан барлық
жиындарда ғұламалардың жанына отыруға ұмтылдым. Тіземен шөкелеп
отыратынмын. Үлкендерді құрметтеуді әдетке айналдырдым. Көшеде балалармен
ұрыс-ұрыс ойынын ойнап, өзімді әмір етіп тағайындадым, ойынды басқаратынмын
және бір топты екінші топпен ұрысуға машықтандыратынмын.
1348 жылы 12 жасында Балық әмірі Қазағанның әскерилерінің қатарына алынды.
Ол қарапайым әскери міндетін атқара жүріп-ақ барластарды өз айналасына
топтастыра бастайды.
Атақты тарихшы Арабшах Темірді тиран және жауыз ретінде атаған оның
қарсыласы ол туралы былай айтады: Темір мығым денелі, ұзын бойлы, кең
маңдайлы, кең кеуделі, зор дауысты және оның күшіне жететін жан
болмағандығын айтады. Оның ұзын сақалы болды, оң аяғы мен оң қолы мертік
болған. Ол 80 жасқа жетпей қайтыс болғанымен, ол өлген шағында өзінің
қаталдығы мен ақылынан еш айырылмаған. Ол өтіріктің жауы болған, әзілдер
оны қызықтырмаған, шындық ащы болса да, оны жаны сүйен. Өзі тұрған жерде
қарақшылық, өлтіру мен әйелдерге деген зорлық-зомбылық туралы айтқызбаған.
Сәтсіздіктер немесе жеңістер оның еңсесінің түсуіне еш әсер етпеген. Ол
өзін сыйлата білетін және әскеріне жолдас болған.
Өз замандастарының арасында беделін көрсетіп, қолбасшылық өнерін ерте
байқатады. Сондықтан да Темірдің жас кезінде өзі секілді жас барластар оның
нөкері болуға ұмтылған. Оның жас кезінде өзінің әкесі секілді үш-төрт нөкер
ғана болған. Клавихоның жазуы бойынша: ол өзінің төрт бес қолшоқпары арқылы
көршілерінің малдарын тартып ала бастаған. Біртіндеп жас Темір жақсы
қаруланған, шағын атты әскер жинақтайды және оларды саудагерлердің
керуендері мен көршілерінің жеріне олжа алуға жіберіп тұрған. Жорық сәтті
болған кезде ол өз адамдарымен тойлаған; ол мықты әрі қайрымды
болғандықтан олжаның бір бөлігін өз адамдарына үлестірген, сондықтан да
оның айналасына 300-ге жуық салт атты әскері жасақталды. Осы кезден бастап
ол өзі және айналасындағылар үшін жер-жерлерді аралап, ұрлау мен тонаумен
айналысқан. Темірдің батырлығы, мәрттігі, адамдарды тани білуі мен өзіне
көмекшілерді таңдауы мен қолбасшылық ерекше қабылеті барластар мен көшпелі
әскери жастардың арасында асқан беделдік әкелді.
Оқырмандар мен тарихшылар үшін де Ақсақ Темір тұлғасы толық ашылмаған
жұмбақ, тарихи дүниеде қарама-қайшылыққа толы тарихи тұлға болып келеді.
Оның өмірі туралы жан-жақты баяндаулар Тоғылық Темірдің жорығынан
басталады. Бірақ Ибн Арабшахта, орыс жылнамасы мен Рюи Гонзалес де
Клавихода 1360 жылға дейінгі Темірдің биографиясын айқындайтын кейбір
жайттар келтірілген. Темірдің үстемдікке деген ұмтылысы 1360-1370
жылдардағы шапқыншылықтар сол кезеңде салтанат құрған әлі де болса
құдіретті Алтын Ордаға қарсы бағытталды. Бірақ оны күйретпестен бұрын Темір
семсерін өзінің ең жақын көршілері – Ақ Орда мен Моғолстанға сілтеп, олар
Темірдің Орта Азиядан тыс жерлердегі агрессиясының алғашқы нысандарына
айналды. Ақ Орда мен Моғолстанның шаруашылық және саяси тәуелсіздігінің
нығаюына кедергі жасап бақты. Темір 1370-90 жылдарда бұл мемлекеттердің
аумағына оннан астам шапқыншылық жорықтар жасады.
Төл тарихымызды таразылап, ұлтымыздың бастан өткерген осы кезеңде
өткерген дерек көздеріне тоқталып өтетін болсақ, Темірдің өмірбаяны қиян-
кескі тартыстарға толы аса күрделі тұлға. Оның жалпы алғанда тарихи-саяси
өмірбаянын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Алғашқысы 1370 жылы ол
Мауреннахр билігін басып алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде Темір
қатардағы барлас ақсүйектерінің ұлы Темір билік, мансапқа ұмтылған жанкешті
күресімен айшықталады. Бұл жерде Темір билікке тікелей Қазақстан аумағында
салтанат құрған Ордалармен күрес жүргізуі мен олардың арасына іріткі салып
жеткендігін байқауға болады.
Моғолстанның құрылуы өзі пайда болғаннан былай саяси және экономикалық
жағынан алғанда біртұтас бола алмаған. Оның территориясы тұрақты болмады,
Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Моңғол ханы
Тоғылық Темір алғашқы жорыққа Жетісуда 1360 жылы аттанды. Тоғылық-Темірдің
түрік әмірлерінің оған қарсылық көрсетпейді деген болжамы жүзеге асты.
Шахрисябтың әміршісі әмір Хаджи Хорасанға қашты, ал қалған әмірлер өз
еркімен Моғолстан ханына бағынды. Олардың ішінде барлас руынан әмір Темір
Тоғылық-Темірге өздерінің берілгендігін білдірді, сол үшін Кеш қаласын
басқару соған берілді. Моғол ханы жауланған аймақты басқаруға беру
барысында өзін Шағатай әулетінің мирасқоры құқында жүзеге асырды.
Моғол әскерінің одан былайғы жорықтарына халықтың қарсылығымен қатар
моғол әскерлерінің түскен олжаны бөлісе алмаулары да өзінің кері ықпалын
тигізіп, олар хан ордасына қайта оралды. Мұхаммер Хайдар Дулати мен Шараф
ад-Дин Али Йазди Тоғылық-Темірдің Моғолстанға қайта оралу себебін
көрсетпейді. Темір жазбаларында Тоғылық-Темірдің қайта оралу себебін
Жоғарыда аталған әмірлердің өзара келіспеушілігімен қатар, оларды ханға
қарсы шықты деп көрсетеді. Бүліктің сыртқы себебі әмірлерді бұрынғы
қолбасшы лауазымынан алып тастауымен, және Мәуреннахр тұрғындарынан
шамадан тыс заттай және ақшалай сыйлық талап етулері. Сонымен қатар бүлік
ұйымдастырған әмірлер Моғолстанға барып, онда ханға қарсы әрекеттерін
жалғастырған. Бүлікті басу үшін моғол ханы Мәуреннахрды бағындыруға
бағытталған алдағы әрекеттерін доғара тұруға мәжбүр болды. Келесі жылы
Тоғылық Темір өзінің Мәуреннахрға жорығын жалғастырды. 1361 жылдың
көктемінде ол Моғолстаннан шықты, Барлас әмір Хаджи қайтадан Хорасанға
қашты. Әмір Темір өзінің берілгендігін айтады, осылайша оған Кеш қаласы
беріледі. Осылайша Темір 25 жасында Хаджи Барластың орнына үлкен болмаса да
бай елді мекеннің түмені болады. Осы тұста мұсылманшыл Темір пұтқа табынушы
Тоқылық Темірді түбегейлі қолдамайды. 
1361 жылы Темір Казаганның немересі әмір Хусейнмен қарым-қатынасын
нығайта түседі. Олардың одағы туыстық қатынаспен жақындаса түседі:
Хусейннің әпкесі Улджай Туркан-аганы Темір өзінің жары етіп алады. Бұл
кезеңде екі әмір де Мәуреннахрдағы беделді тұлғалар болады. Бірақ бұл
одақты екі жақта жеке мүдделері үшін пайдаланып, үлкен олжаларды жаулап
алуда күш біріктіреді. Бірақ бұл кезеңде олардың жорықтары сәттілікпен
аяқтала бермеді, мәселен, 1362 жылы олар 62 күнді Махан өңірінде (қазіргі
Мары) түрімен Али-бекте тұтқында өткізеді. Біршама уақыттан кейін олар
Сеистанға барады және осы аймақта олар өлім аузынан калады. Жоғарыда
аталғандай Темір оң аяғы мен қолынан қатты жараланып, өмір бойы оң аяғы
ақсап калады.
Темір моңғол ханында ұзақ қызметте болмайды. Моғолстанға қайта оралған
Тоғылық Темір хан Мәуреннахрда өзінің билеушісі ретінде ұлы Ілияс-Қожаны
қалдырды. Бірақ моғол әскербасылары оның көмекші басқарушысы (соправитель)
әмір Темірге қарсы бүлік шығарады Осы жағдайды пайдаланған әмір Темір сол
сәтте-ақ Тоғылық Темірдің ұлының қасынан кетіп, әмір Хұсайынмен бірге
Моғолстан билігін түсіруді көздейді. Темір Балық қаласының әмірі Хусейнмен
ымыраласып Тоғылық Темірге қарсы бас көтеріп, жеңіліске ұшырап хорезмдік
Тахир батыр әскерінің қоршауында қалып, 10 адамымен қоршаудан әрең
құтылады. Сөйтіп ол Түркістан арқылы Хорасанға келгенде адамының саны 200-
ге жетеді. Бұқараға өтер жолында оның басқаруындағы адам саны 2000-ға
жетіп, Балыққа 4000 қол болып оралады. Темірді қолдағандардың дені өзінің
барластары еді. Бірақ ол алғаш Мауреннахрдан қуылғанда Темір атымен кетіп
Балыққа қайтып оралғанда Ақсақ Темір атанып оралады.
Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшы - Ақсақ Темірдің есімі атақпен бірге
аңыздар да ілесіп жүретінін ескерсек, Темір туралы түрлі аңыздар жетерлік.
Солардың бірі Темірдің Ақсақ Темір аталуы. Біреулер оның ақсақтығын іштен
біте туған кемістікпен байланыстырса, екіншілер кезінде қарақшылар басшысы
болған жігіттің аяғана барымта кезінде жебе қадалған дейді.
Клавихо Темірдің жас кезі туралы мәліметтерді Орталық Азиядағы даңқты
әмірдің айналасындағы жайттардың барлығынан хабардар болған тұлғалардан
жазған. Темірдің ары қарайғы ғұмыры туралы баяндай келе Клавихо Сеистанда
болған жайттарды келтіреді. Бірде түнде Темір бір отар қойға шабуыл жасап,
сол кезде сеистандықтар келіп қалып, оған және оның адамдарына шап береді,
көпшілігін өлтіріп, оны аттан құлатып, оң аяғын жаралайды, соның салдарынан
ол ақсап, екі оң саусағынан айрылады. Осы кезден бастап Темірді Ақсақ
Темір, ал европалықтарда Темірлан деген лақап атқа ие болады.
Оқиға З. Қинаятұлының еңбегінде төмендегіше баяндалады: Темір
Мауреннахрдан аз адамымен қашып шығып Парсының Сеистан өлкесіне өтер
жолында болған бір шайқаста садақ оғынан оң қол, оң аяғынан жарақат алады.
Осы оқиғадан кейін оны парсылар Тимурленг немесе Ақсақ Темір
атандырады. Оның бұл лақап аты жер жүзіне тарап, орыстар – Хромой Тимур
немесе Тимур десе қазақтар – Ақсақ Темір, Өзбектер – Әмір Темір деп
атандырды.
Тоғылық Темірдің 1362-1363 жылы қайтыс болуына байланысты Хан тағына
отырған Ілияс-Қожа 1365 жылдан бастап Шағатай иеліктерін біріктіру үшін
жаңа әрекетке көше бастайды. Тоғлық-Темірдің өлімінен кейін Мәуреннахрдан
қуылған Ілияс Қожа өз жағдайына көндікпей, Мәуреннахрға жорыққа дайындалды.
1365 жылы Хусейн мен Әмір Темір мұны біліп, Ілияс Қожаға қарсы әскер
жинады. Темір өз әскерімен оны Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның
жағасында 1365 жылдың 22 мамырында қарсы алады. Шайқас тарихта Батпайқы
шайқас (Джанг-и лой) деген атаумен белгілі, себебі шайқас күні қатты
жауын жауған және де ол әскердің жағдайын қиындатып, аттар тайғанап құлай
бастаған, алайда шайқаста жеңіліс тапты. Әмір Темірдің соғыс барысында
жеңіліс табуының басты себебі Хұсайынның сенімсіздігі мен соғыс кезінде
батыл әрекеттерге бармағандығы салдарынан болса керек. Моғолдардың соғыста
жеңіске жетуі әскердің Моғолстанға жолын ашты, Муин ад-Дин Натанзидің
Моғолдардың Самарқандқа бара жатқан жолындағы тонаушылық әрекеттерін
төмендегідей баяндайды: Жеңістен кейін моғолдар елде тонаушылық, зорлық
әрекеттермен айналысып, өлтіріп қарақшылық әрекеттермен айналысты. Темір
мен Хұсайын Самарқандты тастап, Амударияға қарай кетті. Бірақ моғол ханы
қаланы ала алмады, сербедарлар басқарған қала халқы қатты қарсылық
көрсетті. Ұзақ қоршауға алу моғол әскерін қатты әлсіретті. Моғолстан
аттарына індет кеселі тиіп, бұдан аттарының көбі қырылып, әрбір төрт
жауынгердің арасында әзер ғана бір аттан қалды. Моғолдар қаладан шегінуге
мәжбүр болды. Моғолдардың шегінуінің басты себебі қала халқынының
қаһармандық күресі болған еді.
Ақсақ Темір 1366 жылдың көктемінде 30 жасында Балықтың әмірі Хусейнмен
бірлесіп, Кан-Гиль аумағында болады. Екі әмірдің арасында сербедарларға
қатысты түсінбестік туындайды, онда Хусейн Темірдің сыбайластарының біріне
оған қарыз деген желеумен ақша талап етеді. Олар батпақты шайқас
кезінде өз мүліктерінен айрылып, қиын жағдайда болады, ал Темір оларға
көмек көрсету мақсатында өзі келеді. Бұл Самарқан мен Мауреннахрды азат
етіп, ондағы Моғолстан билеушілерін қуып шыққан және бас билік Хусейннің
қолына өтіп, Темір Кеш пен Қарши билеушісі болып тағайындалады. Осы кезеңде
Темір мен Хусейннің бір-біріне бөгет болғандықтары байқала бастайды.
Екеуінің арасында Кебек хан мен көшпелі шағатай бектері арасындағы секілді
ашық теке-тірестер болмағанымен, Темір Хусейнге қарағанда қала халқы мен
діндарлар арасындағы талапты жақсы түсінді.
60-жылдардың соңында Хусейн Балық қаласын нығайтуға кіріседі. Ол
Хиндуван – цитаделді қайта салып, қабырғаларын қалпына келтіреді. Темір бұл
әрекеттердің барлығы оған қарсы бағытталғанын жақсы түсінеді. Ол Хусейнге
Балықта жаңа қамалдарды салмауды сұрайды, бірақ Хусейн оның сөзіне құлақ
аспайды. Сонымен қатар Темірдің жұбайы Улджай Туркан-аганың өлімінен кейін
екеуінің арасы мүлдем үзілді. Осы кезеңде Темір Хусейнге қарсы шығуға бел
буады. Темір 1370 жылы Балыққа қарулы қолмен шабуыл жасап, қаланы алады. Ал
бойын қорқыныш билеген Хусейн цитадельде жасырынып қалады. Өзінің тығырыққа
тірелгенін сезген Хусейн өзі берілген жағдайда Темір оған қандай кепілдік
беретінін сұрайды. Темір оған тек өмірін сақтайтындығын айтады. Сондан
кейін Хусейн бірнеше нөкерімен кеш батқанда Балықтың қақпасынан шығуға бет
алады, бірақ ол қайта бұрылып, тығылып қалады. Бірақ оны Темірдің
адамдарының бірі көріп қалып өлтіреді, Темір өз сөзінде тұрмайды, ол өз
одақтасы Хутталянның иесі, Кейқұсрауға – Хусейнді өлтіруіне бөгет болмайды.
Темір мен Хусейннің арасындағы соңғы кездесу зерттеулердің бірінде
былай баяндалады: Билікке көңілі толмаған Темір өз барластарын соңынан
ертіп 1370 жылы Самарқанда төңкеріс жасап, Хусейнді өлтіріп, өзін
Мауреннахр елінің билеушісі деп жариялайды. Осы кезден бастап Мауреннахр
Темір мемлекеті атанады.
Темір Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болмағандықтан хан сайлануға құқы жоқ
еді. Сондықтан ол Шыңғыс ханның ұрпағы Қазан ханның қызы, Хусейннің
жесіріне үйленгендігін пайдаланып, өзін Құтбуд-дин Темір гурген Саһиб
қыран Ағзам Жаннат Макан деп лауазымдайды. Бұл іс жүзінде елінің бас
әміршісі, бас билік иесі деген мағына береді, солай болды да. Бірақ ол ел-
жұртын өз қолынан тағайындалған хан ұрпақтары атынан басқарды. Алғаш
Сурғатмышты (1370-1388), одан соң оның ұлы Султан-Махмудты (1388-1402)
хандыққа тағайындады. Бірақ ресми деректерде ханның қолы Темірден кейінгі
қатарда тұрды.
1370 жылы Темір осылайша Мәуреннахрдағы билікті басып алады, Темірдің
жеке дара билік құрған 35 жылы (1370-1405 жж.) көрші аймақтар мен елді-
мекендерге басқыншылық жорықтарға толы болады. Ол дүниежүзілік империя
құруға осы кезеңнен бастап кірісті. Темір бұл соғыстарды Мәуреннахрдың
билік етуші үстем тобының арасында өз билігін нығайту үшін көшпелі
ақсүйектерге жаулап алынған елдердің халқын талап-тонау есебінен баюға
мүмкіндік беріп, оларды бүлік шығару мен өзара қырқыстан тыю үшін жүргізді.
Ақ Орданың әскери-саяси күшінің әлсіреуін зерттеушілер Ақсақ Темірдің
жорықтарымен байланыстырады. Бұл тарихи шындық және де осы кезеңде билікке
ұмтылған Тоқтамыс пен Едігенің өзара тартыстары да Ақ Орданың құлдырауына
елеулі ықпал еткені сөзсіз. Тоқтамыстың 1382 жылғы Мәскеуге жорығынан соң
Куликово шайқасы ұмытылды. Орыс княздіктерінің Алтын Ордаға бұрынғыдай
салық төлеп тұруына тура келді, ал орыс тарихында аты аңызға айналған,
атақты Дмитрий Донской болса 1384 жылы өзінің ізбасары, баласы князь ІІ
Василийді  Тоқтамысқа кепілдікке берді. Мұнымен ғана шектелмей, Алтын Орда
ханы 8 мың сом алтын ақша алып, оны да кепілдік ретінде ұстап отырды.
Осылай болып ұзақ кете беруі әбден мүмкін еді, Ақсақ Темірдің Алтын Ордаға
қарсы жүргізілген жорықтары бұған бөгесін жасады. Бұл жөнінде Ю.В. Мизун:
Казалось, что русские обречены на вечное рабство. Но им помог Бог руками
(мечами) Тамерлана. Тамерлан разгромил Орду, и Россия получила передышку,
поскольку Орда была занята своими внутренними проблемами. В такой ситуации
московский князь в 1405 г. отказался платить дань Орде, – деп жазады. Тар
кезеңде халқын тастап, әйелін алып қашқан Дмитрий князь орыс халқының
мақтанышы болып қала берді. Әлі де ұлттық мақтанышы. Сол князьді тізе
бүктіріп, баласын кепілдікке алып кіріптар қылған, Алтын Орданың айбарын
қайта асырған Тоқтамыс өз елінде, өз жерінде қазір жаман аталады.
ХІҮ ғасырдың 90-шы жылдарының соңына қарай Темір орасан зор мемлекет құрды.
Оған Мәуреннахр, Хорезм, Каспий өңірі ғана емес, сонымен бірге
Ауғаныстанның, Иранның территориялары, Үндістанның, Ирактың, Закавказьенің
және басқа елдердің бір бөлігі енді. Қазақстан жерлері, Сырдария өңірі және
Батыс Жетісуды қоспағанда, формальды түрде Темір мемлекетіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмір Темірдің саяси қызметі
ӘМІР ТЕМІР ұстанған қағидалары
Ахмет Ясауи кесенесі
Әмір Темірдің өмірі
Әмір Темір жорықтары
Әмір темір
Әмір Темір туралы тарихнама
Әмір Темірдің жаулап алу соғыстары мен саяси дипломатиясы
Әмір-Темір - ірі мемлекет қайраткері
Темір империясы, оның Азиядағы саясаты
Пәндер