Әуелбек Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім:
2.1.Әуелбек Қоңыратбаев . әдебиет тарихшысы
2.2.Әуелбек Қоңыратбаев зерттеулеріндегі қазақ сөз өнері поэтикасының мәселелері
2.3.Әуелбек Қоңыратбаев . шығыстанушы ғұлама
2.4.Әуелбек Қоңыратбаев зерттеулеріндегі айтыс поэзиясы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымын зәулім биік сарайға теңесек, оның қазығын қағып, іргетасын құйғандар Ш. Уәлиханов, А,Байтұрсыновтар еді де, қабырғасын қалап, биікке көтерген М. Әуезов, Х. Досмұхамедов, С, Сейфуллин, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Х. Жұмалиев сынды көрінді. Қазақ әдебиетінің барлық саласында дерлік қалам тартқан Ә. Қоңыратбаев қытымыр заманда өмір сүріп,тағдыр қыспағына көп ұшырағанына қарамастан артына мол мұра қалдырды. Оның қаламынан шыққан поэзиялық, прозалық, аудармалық, сыни- зерттеушілік, ғылыми, ғылыми- әдістемелік еңбектер кеңестік кезеңде жазылғанымен де күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Керісінше, халқына адал еңбек еткен абзал азаматтың бүкіл шығармашылық қызметінен ұлттық мүддеге қызмет етудің асқан бір үлгісі көрінеді. Ұлттық мәдениет атаулыға қырындау қарайтын кездің өзінде де халқының рухани мұрасын игеруде ерен еңбек сіңірген ұлтжанды азаматтың қайтпас қайсар тұлғасы көз алдыңызға келеді.
Қоңыратбаев 1905 жылы 10 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі ауданының Керделі ауылында туып өскен. Ауыл мектебінде кейінірек Ташкент қаласындағы №5 балалар үйінде тәрбиеленген ол 1918 жылы қаладағы педучилищеге түсіп, оқиды. Осында жүргенде С. Қожанов, М. Жұмабаев, Ж, Аймауытов, Х. Досмұхаметов сияқты алаш азаматтары аралас -құралас болады. Училищені бітірген соң мектептерде мұғалім бола жүріп, « Шолпан», « Ақ жол» сияқты газет- журналдардың жұмыстарына араласады. 1922- 1924 жж. Ташкенттегі алғашқы жастар газеті «Жас қайратты» шығарысады.
Қызылорда округтық аудкомының жауапты хатшысы(1925), « Сыр бойы» газетінде партия бөлімінің меңгерушісі (1929), Арал аудандық «Екпінді балықшы» газетінің, республикалық «Колхоз» газетінің редакторы (1930) болады. 1932- 1934 жж. Мәскеудегі Бүкілодақтық журналистика институтында оқиды. 1938 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология фокультетіне оқуға түсіп, бітіріп шығады.
Әуелбектің бүкіл саналы ғұмыры билік тарапынан саяси қуғын көрумен өткен. 1934жылы Ленинградта Киров атып өлтірілген соң Сталиннің тікелей нұсқауымен ішкі «жауларды» әшкерелеу науқаны басталғанда осындағы журналистика институтында оқып жүрген Ә. Қоңыратбаев та «оппортунист» ретінде айыпталып. Партия қатарынан шығарылады. Осы кезден бастап, Ә. Қоңыратбаев саяси жағынан сенімсіз адам ретінде ылғи да аңдуда, қуғын- сүргінде жүрді.
Әуелбек ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыстар атқарып, болашақ филолог ұстаздарды тәрбиеледі. Оның алдынан кейіннен елімізге танымал болған филолог ғалымдар білім алып шықты. Ол бір жағынан шәкірттерге дәріс оқи жүріп, екінші жағынан қазақ филологиясына елеулі үлес болып қосылған әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістерін жалғастырды. Ғылым саласында ұзақ жылдар бойы төгілген тер Ә.Қоңыратбаевты қазақ әдебиеттану ғылымының аса көрнекті өкілдерінің қатарына қосты.
1 .Ә. Қоңыратбаев. Шеберлік сырлары. -Алматы: Жазушы, 1979.164-б.
2.Ә.Қоңыратбаев.Көп томдық шығармалар жинағы.-Алматы:”МерСал” баспа үйі,2005.1-10-томдар.
3.Т.Қоңыратбаев.Әуелбек Қоңыратбаев – түркітанушы.-Алматы:”Білім”,1996.120-б
4.Қазақстан тарихы.Төрт томдық,бірінші том. Алматы: Атамұра,1996.
5.Аманжолов А.Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы: Санат,1996
6.Ә.Қоңыратбаев.Қазақ эпосы және түркология.Алматы:Ғылым,2002.
7.Шапай Т. Ой түбінде жатқан сөз. –Алматы:Жазушы,1989. – 192-б.
8.Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары.А.1991,146-б.
9.Қоңыратбаев Ә.Қазақ фольклорының тарихы. –Алматы,Ана тілі,1991. 288–б.
10.Кенжеахметұлы С.Жеті қазына (екінші кітап).-Алматы,Ана тілі,2005, -136-б.
11.Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы.-Алматы:Санат,1994,-312-б.
12.Байтұрсынұлы А.Ақ жол. –Алматы:Жалын,1989.- 403-б.
13.А.Қыраубаева. Шығыстық қисса-дастандар. – Алматы:Рауан.1997.87-б.
14.Т.Қоңыратбаев.Әуелбек Қоңыратбаев – қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші.-Алматы:Шежіре.1995.173-210.
15.Зияддин Нахшаби. Тотынама.-А.,Жазушы.1991.2005..

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім:

2.1.Әуелбек Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы

2.2.Әуелбек Қоңыратбаев зерттеулеріндегі қазақ сөз өнері поэтикасының
мәселелері

2.3.Әуелбек Қоңыратбаев – шығыстанушы ғұлама

2.4.Әуелбек Қоңыратбаев зерттеулеріндегі айтыс поэзиясы

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе:

Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымын зәулім биік сарайға теңесек, оның
қазығын қағып, іргетасын құйғандар Ш. Уәлиханов, А,Байтұрсыновтар еді де,
қабырғасын қалап, биікке көтерген М. Әуезов, Х. Досмұхамедов, С, Сейфуллин,
С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Х. Жұмалиев сынды көрінді. Қазақ
әдебиетінің барлық саласында дерлік қалам тартқан Ә. Қоңыратбаев қытымыр
заманда өмір сүріп,тағдыр қыспағына көп ұшырағанына қарамастан артына мол
мұра қалдырды. Оның қаламынан шыққан поэзиялық, прозалық, аудармалық, сыни-
зерттеушілік, ғылыми, ғылыми- әдістемелік еңбектер кеңестік кезеңде
жазылғанымен де күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Керісінше,
халқына адал еңбек еткен абзал азаматтың бүкіл шығармашылық қызметінен
ұлттық мүддеге қызмет етудің асқан бір үлгісі көрінеді. Ұлттық мәдениет
атаулыға қырындау қарайтын кездің өзінде де халқының рухани мұрасын игеруде
ерен еңбек сіңірген ұлтжанды азаматтың қайтпас қайсар тұлғасы көз алдыңызға
келеді.

Қоңыратбаев 1905 жылы 10 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі
ауданының Керделі ауылында туып өскен. Ауыл мектебінде кейінірек Ташкент
қаласындағы №5 балалар үйінде тәрбиеленген ол 1918 жылы қаладағы
педучилищеге түсіп, оқиды. Осында жүргенде С. Қожанов, М. Жұмабаев, Ж,
Аймауытов, Х. Досмұхаметов сияқты алаш азаматтары аралас -құралас болады.
Училищені бітірген соң мектептерде мұғалім бола жүріп, Шолпан, Ақ жол
сияқты газет- журналдардың жұмыстарына араласады. 1922- 1924 жж.
Ташкенттегі алғашқы жастар газеті Жас қайратты шығарысады.

Қызылорда округтық аудкомының жауапты хатшысы(1925), Сыр бойы
газетінде партия бөлімінің меңгерушісі (1929), Арал аудандық Екпінді
балықшы газетінің, республикалық Колхоз газетінің редакторы (1930)
болады. 1932- 1934 жж. Мәскеудегі Бүкілодақтық журналистика институтында
оқиды. 1938 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология
фокультетіне оқуға түсіп, бітіріп шығады.

Әуелбектің бүкіл саналы ғұмыры билік тарапынан саяси қуғын көрумен
өткен. 1934жылы Ленинградта Киров атып өлтірілген соң Сталиннің тікелей
нұсқауымен ішкі жауларды әшкерелеу науқаны басталғанда осындағы
журналистика институтында оқып жүрген Ә. Қоңыратбаев та оппортунист
ретінде айыпталып. Партия қатарынан шығарылады. Осы кезден бастап, Ә.
Қоңыратбаев саяси жағынан сенімсіз адам ретінде ылғи да аңдуда, қуғын-
сүргінде жүрді.

Әуелбек ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыстар атқарып, болашақ филолог
ұстаздарды тәрбиеледі. Оның алдынан кейіннен елімізге танымал болған
филолог ғалымдар білім алып шықты. Ол бір жағынан шәкірттерге дәріс оқи
жүріп, екінші жағынан қазақ филологиясына елеулі үлес болып қосылған
әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістерін жалғастырды. Ғылым саласында
ұзақ жылдар бойы төгілген тер Ә.Қоңыратбаевты қазақ әдебиеттану ғылымының
аса көрнекті өкілдерінің қатарына қосты.

Қоңыратбаевтың Шолпанның ақындығы(1956), Жеті алып(1959) ,
Әдебиетті оқыту методикасының очерктері(1962),Сұр көжек(1963), Эпос
және оның айтушылары(1975), Шеберлік сырлары(1979) т.б еңбектері көзі
тірісінде жарық көрген. Ал Қазақ эпосы және туркология (1987), Керуен
(1989)т.б еңбектері кейіннен басылып шықты.

Ғалымның еңбектері негізінен қамтылып, Ә. Қоңыратбаевтың 100
жылдығына орай шыққан он томдық шығармалар жинағы қазақ әдебиеттану
ғылымында елеулі оқиға болды. Бірінші том ауыз әдебиеті, екінші түркітану
және шығыстану, үшінші әдебиеттің тарихы, төртінші әдеби сын, бесінші
Шолпан, Абай, Мұхтар жайлы, алтыншы педогогика саласындағы еңбектерге,
жетінші көркем шығармаларға, сегізінші аудармаларға, тоғызыншы түрлі ғылыми
мақалаларға, оныншы эпистолярлық жанрларға арналған.Осыдан-ақ сан-салалы
ғалым шығармашылығының қазақ әдебиеттану ғылымында алатын биік орны мен мән-
маңызы анық көрінеді. Ә. Қоңыратбаев қалдырған мол мұра туған халқының
рухани игілігіне айналуда.

Қоңыратбаев еңбектерінің салмақты жағы қазақтың әдеби және
фольклорлық мұрасын зерттеуінде жатыр. Ол ғасырлар қойнауында шашылып
қалған рухани мұрағаттарды тірнектеп жинап, халқына қайта табыстыру
істерінде ұлан-ғайыр еңбек сіңірді. Шығармашылық жолын жиырмасыншы жылдары
әдеби сыннан бастаған ол қырқыншы жылдардан бастап әдебиет тарихын
зерттеуге қарай ойыса бастады. 1945жылы Абайдың жүз жылдығына орай бірнеше
мақаласын жариялаған оны туған әдебиеттің түпсіз тарихы өзінің тереңіне
қарай тарта берді. Қазақтың ұлы кемеңгері Шоқанның өлгеніне 80 жыл (
Сталиншіл, 30. X. 1945), Шәді төре- қазақтың үлкен ақыны (Ленин жолы,
19. 09. 1945), Сүлеймен бақырғани ( Алтай большевигі, 25. 11. 1945)
т.б көптеген мақалаларында қазақ әдебиеті тарихының өзекті өңірлеріне батыл
бара білді. Мақала тақырыптарының өзінен- ақ зерттеуші көтерген
мәселелердің сол кез үшін қаншалықты зәру болғандығы көрініп тұр.
Негізгі
бөлім: Ә.Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы

Қоңыратбаев қазақ әдебиетінің тарихын ескі замандардан
бастайды. Ол көне түркі жазбаларын мына ізде ұсынады: 1. Ертедегі аңыздар.
2. Аңыздық- генеологиялық эпос. 3. Түрік қағанаты кезіндегі жазба
ескерткіштер. 4. Оғыз – қыпшақ дәуірінің жырлары. 5. Қарахандар мемлекеті
тұсындағы жазбалар. 6 . Сопылық әдебиет. 7. Қыпшақ тіліндегі әдебиет.

Ежелгі әдебиетті зерттеп жүрген басқа да ғалымдардың жүйелеуіне
қарағанда Әуелбекте мәселені кеңінен қамтығандығы, тарихтың тереңіне
барыңқырағандығы көрінеді. Ескі әдеби мұраны тек өзбектікі, не болмаса,
ұйғырдікі дей келген пікірге қосылмайтын ол бұлардың барлығын түркі
халықтарына ортақ санайды; қазақ әдебиетінің де қайнар- бұлақтары деп
біледі. Ғалым түркі тілінің және көне жазбалардың тілі, түркі поэзиясындағы
аллитерация мен ұйқас, шөкли және түрік сөзінің тегі туралы қызғылықты
байқаулар жасай алған. Мысалы, ол түрік сөзінің төркіні төрдегі ел деген
А. Кононовтың пікірімен келіспей, түрік - төрдегі көшпелі ел емес,
отрак, отырықшы деген сөзден туған сияқты- деген өз ойын ұсынады.

Ол ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетін алғаш зерттеушілердің бірі болды.
Әбунасыр әл – Фарабидің есімі елге белгісіз кезде оны қазақ мәдениетінің
аса ірі қайраткері ретінде мақала жазып, жұртшылыққа таныстырды.

Әуелбектің Қорқыттануға қосқан үлесі айтарлықтай. Қорқыт туралы
бірнеше мақала жазған ол кейіннен Қорқыт ата кітабын тұңғыш рет қазақша
сөйлетті. Сондай –ақ , Сүлеймен Бақырғани, Қожа Ахмет Иассауи, Мәшһүр Жүсіп
туралы зерттеулері де тың жерге түрен салғандай еді. Ол кезде Қожа Ахмет
пен Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы жайында мақала жазбақ түгілі, аттарын
атаудың өзі қиын шаруа – тұғын. Дін- апиын саналып келген заманда діни
бағыттағы әдебиет өкілдерінің барлығы да реакцияшыл, зиянды деп жарияланып,
атеизмнің суық желі соғып тұрған ... Тіпті Мәшһүр Жүсіп Көпеев
шығармаларының зияндылығы жайлы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті
арнайы қаулы да шығарған болатын. Соған қарамастан діншіл бағыттағы
әдебиеттің аса ірі өкілінің шығармашылығы жайлы мақала жазуы Ә.
Қоңыратбаевтың ғалымдық тұлғасын айқындай түседі. Жалпы өткендегі әдеби
мұралар жайлы жазған еңбектері арқылы Әуелбек Б.Кенжебаев жазған
қазақ әдебиетінің тарихы тереңде жатыр, оны зерттеп, халықтың рухани
қажетіне жарату азаматтық парыз деп білген ғалымдар тобында көрінеді.

Қазақ әдебиетінің тарихын Бұқар жыраудан бастап жүргенде ғалым Көне
түркі дәуірінен саға тартып, Шығыстың классикалық дәстүрінен нәр алған
қазақ халқының төл әдеби мұрасы ХV- XVI ғасырларда қалыптаса бастаған еді
(Ә. Қоңыратбаев. Көп томдық шығармалар. III том. Алматы, 2005, 12- бет)-
деп жазды. Әуелбек қазақ әдебиетінің тарихына арналған оқулығын XV- XVI
ғасырлардағы қазақ, өзбек ұлысының тарихын білдіретін, Шайбанинамадан
бастаған. Алтын Орда ыдыраған соңғы XV- XVI ғасырлардағы әдебиетті Ноғайлы
дәуірі атап, оның өкілдері ретінде Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет,
Шалгез жырауларға тоқталған. XVII- XVIII ғасырлардағы жыраулық поэзиядан
Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей жыраулардың шығармаларына
сипаттама беріледі. Осы кездің аса көрнекті өкілі – Бұқар жыраудың
жырларында бір тарихи дәуірдің көрінісі берілген деп жоғары бағалайды.

Қоңыратбаевтың қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеуі ары қарай
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, XIX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ әдебиеті, XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті болып
жалғасады. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетке Махамбет
Өтемісұлын,. Кенесары – Наурызбай қозғалысына қатысты туған жырларды
жатқызған. Кенесары туралы жырлардың үздік үлгісі ретінде Наурызбай -
Қаншайым Әуелбектің елуінші жылдарда қуғынға ұшырауына бірден- бір
себепкер болғандығын да айта кеткен жөн.

Қоңыратбаетың еңбектерінде Шортанбай, Мұрат, Дулат сияқты отаршылдыққа
қарсы ашық күрескен әдебиет арыстары сөз болмайды.Өйткені бұлар кеңестік
кезеңдегі қазақ әдебиеттануындағы жабық тақырырыптар еді.Ал діни бағыттағы
Нұржан Наушабаев,Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәді Жәңгірұлы сияқты ақындарды
ағартушылық бағыттағы әдебиетке жатқызып,олардың шығармашылықтарына талдау
берілуі сол кездегі қазақ әдебиетінің ғылымы үшін айтарлықтай табыс
болатын.

Әуелбек ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетін ағартушылық
бағыттағы (Нұржан,Мәшһүр Жүсіп,Шәді,Тұрмағамбет) және сыншыл реализм
әдебиеті (Спандияр,Мұхамеджан,Сұлтанмахмұт,С әбит Дөнентаев), 1916 жылғы
көтеріліске байланысты туған халық поэзиясы деп жіктеген.Мұның қазіргі діни
– ағартушылық, ағартушы-демократиялық және ұлт-азаттық бағыттарға бөліп
қарастырып жүргенімізден өзгешелігі көрініп тұр. Мұның басты себебі –
кеңестік кезеңдегі қоғамдық ғылымдарда үстемдік құрған таптық теорияда
жатқан болатын.

Ә.Қоңыратбаев негізінен ауыз әдебиетін зерттеуші ретінде
танылып,кандидаттық (“Қазақтың лиро-эпосы”,1945), докторлық (“Көне түркі
поэзиясы және қазақ фольклоры”,1971) диссертацияларын фольклортану
ғылымынан қорғаған.Ол қазақ фольклорынан орта мектепке арналған оқулық
жазған (1968). Оқулықтың қолжазбасы республикалық бәйгеде екінші орын
алғанына қарамастан , басылып шықпай, арада жиырма жылдан астам уақыт өткен
соң барып “Қазақ фольклорының тарихы”(1991) деген атпен жарық көрді.

“Қазақ фольклорының тарихы” негізінен бүгінгі қазақ фольклортануында
қолданылып жүрген жүйеге құрылған. Азын-аулақ өзгешеліктері де жоқ емес.
Мысалы,біздің қазіргі қиял-ғажайып ертегілері деп жүргенімізді автор
“мифтік ертегілер” дейді.Қазақ эпосына батырлық, лиро-эпостық жырлармен
бірге тарихи жырларды да жатқызған.

Ары қарай қазақ эпосын тегі мен жанры жағынан он салаға бөлген:

1) Ертегілік эпос (“Ер Төстік”,”Құламерген”)

2) Түрік қағанаты дәуірінде туған жылнамалық эпос (“Орхон ”
жазулары,”Күлтегін” жыры).

3) Оғыз эпосы(“Қорқыт ата кітабы”, ”Оғызнама”).

4) Тайпалық эпос (“Алпамыс”, ”Қобыланды”).

5) Лиро-эпос (“Қозы-Көрпеш”, ”Қыз Жібек”).

6) Ноғайлы эпосы (“Орақ-Мамай”, ”Қарасай Қази”).

7) Тарихи эпос (“Досан батыр”, ”Бекет ”, 1961 жыл поэзиясы).

8) Шығыс дастандары (“Рүстем-дастан”,т.б.).

9) Авторлық эпос (“Еспембет”, ”Өтеген батыр ” т.б.).

10) Кеңес дәуіріндегі эпос (Амангелді, Төлеген туралы жырлар).
Бұлайша жіктеудің өзіндік
ерекшеліктері көрініп тұр.
Тұрмыс - салт жырларын бақташылық, діни, үйлену, ұлыс, бөбек,
жаназалау жырларын жіктеген. Жаназа жырларының естірту, көңіл айту,
қоштасу, жоқтау сияқты түрлерін көрсеткен.Қорқыт пен Асан қайғы, Жиренше
шешен мен Алдар көсе аңыз ретінде талданады.Батырлық жырының бірі ретінде
“Көрұғлына” талдаулар жасайды.Лиро-эпостық жырда ”Мақпал қыз”, ”Құл мен
қыз” сияқты дастандарға да тоқталады. Ғалымның ауыз әдебиеті жайлы
зерттеулерінің ішінде қазақ фольклорының тарихи негіздері хақындағы
еңбектерінің шоқтығы биік.”Көне түркі поэзиясы және қазақ фольклоры”
тақырыбынан докторлық диссертация қорғаған Әуелбек тек әдебиет қана емес,
ертедегі қазақ тарихына келгенде де кең құлаш сермеп, еркін жүзеді. Жалпы
, ғалым еңбектерінің басты ерекшеліктерінің бірі ретінде әдеби үлгілердің
тарихи негіздерімен тығыз байланыста қарастырылуын атап айтар едік.
Кеңестік кезеңнің Қазақстан тарихын зерттеуге онша құлық таныта қоймағаны
аян.Зерттелінбегендіктен де қазақ тарихының қазан төңкерісіне дейінгі
жолдары алыстан ақтаңданып жататын. Ол “ақтаңдақтарға ” баруға рұхсат та
етілмейтін.Сондықтан да кез-келген адам ол жаққа бара бермейтін.Барғанымен
онша абырой ала бермейтін. Міне, осындай жағдайларға қарамастан,
Ә.Қоңыратбаев түрлі тарихи деректерге, шетел ғалымдарының түркілер
хақындағы зерттеулеріне сүйене отырып, қазақ эпосының тарихи түп-
тамырларына тереңдеп бара білді. Сөйтіп, фольклорлық мұраны халық өмірімен,
тарихи оқиғалармен тығыз байланысты зерттеудің үлгісін көрсетті.

Сақ тайпаларының салт – санасы және оның қазақ фольклорына тигізген
әсері, Қазақ эпосының табиғаты, Қазақтың ертегілік эпосы,
Қобыланды жырының тегі, Фольклортану ғылымындағы соллярность
теориясы, Ежелгі аңыздар сабақтастығы, Қазақ фольклорының
тарихилығы деген тақырып атауларының өзінен- ақ зерттеуші көтерген ғылыми
мәселелердің қаншалықты кең ауқымдылығы, салмақтылығы айқын көрінеді.
Мұндай ғылыми проблемалар алпысыншы, жетпісінші жылдардағы қазақ
фольклортану ғылымында енді – енді ғана қолға алына бастаған болатын.

Қоңыратбаев тек қазақ әдебиетінің білгірі ғана емес, шығыс- батыс
мәдениетінен мағлұматы мол энциклопедиялық білім иесі болды. Шығармашылық
ізденістерінің бастапқы кезеңінде ол орыс әдебиетіне назарды көбірек
аударса, кейіннен классикалық түркі, араб, парсы әдебиеттеріне қарай
ойысқаны байқалады. Крылов и казахская литература, М. Горький –
социалистік реализмнің атасы, Гоголь и казахская литература, Орыс
халқының ұлы жазушысы, Жауынгер, жазушы, ұстаз т.б. мақалаларында орыс
әдебиеті, оның қазақ әдебиетімен байланыстары сөз болды. Шаһнама және
оның аудармасы туралы, Рүстем-Дастан, Заһирриддин Бабур , Әл-
Бируни еңбектері, Рабиндрант Тагор, Индия және қазақ
мифологиясындағы ұқсастық т.б. баспасөз бетінде жарияланған
материялдарында қазақ әдебиетінің шығыс мәдениетімен өзара әсерлері
қарастырыла бастады. Кейіннен ғалымның ауыз әдебиеті, әдебиеттің тарихы
хақындағы көлемді зерттеулерінде біртұтас ғылыми концепцияға айналды, яғни
қазақ әдебиетінің өткенін шығыс мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде
алынды.

Әдебиет және искусство журналының 1946 жылғы бірнеше
нөмірлерінде Әдебиет классиктері айдарымен Ә.
Қоңыратбаевтың Әбілқасым Фердауси, Әбу Райхан Бируни, Омар Хайям,
Низами Ганжеби, Муслехеддин Сағди, Әлшер Науаи, Мирза Абдулқадыр Бедил
жайлы шоғыр мақалалары жарық көрді. Бұларда парсы және түркі жұртының
әйгілі ақындары жайлы мол мағлұматтар бар. Бар білім мен өнердің,
өркениеттің бастауы батыста деп тұмсығын көкке көтеретін Еуроцентристік
көзқарасқа қарсы Әуелбек Шығыста да дамыған мәдениеттің, әдебиеттің
болғандығын алға тартты. Шығыс та бір кездерде ренессанстық дәуірлерді
басынан өткеріп, әлемдік өркениетте ұлы ілгерілеулер жасағанын Фараби
фактісімен – ақ дәлелдеп берді. Фараби және Шығыс ренессанысы атты
еңбегінде оның заманы, еңбектері, оның грек философиясымен байланысы ,
Науаиға және Абайға әсері жан- жақты қарастырылып, әлемдік ауқымдағы ұлы
ғалымның биік тұлғасы сомдалды.

Шығыс және қазақ әдеби байланыстары Алтын топчы жылнамасы,
Шайбанинама қандай жазба?, Тотынама -
ортақ мұра еңбектерінде нақтылы түрде әңгімеледі. Автор монғол, араб,
парсы әдебиеттеріндегі үздік үлгілерден қазаққа тікелей қатысы бар көптеген
тарихи, әдеби, тілдік деректер табады. Алтай мен Қазақстан тайпаларының
мәдени қарым- қатынасы ерте замандарда болса, этникалық, тарих, фольклор,
этнография мәселелерін ендігі жерде кең көлемде алып, тарихи – салыстыру
негізінде жүргізген жөн (Ә. Қоңыратбаев. Көп томдық шығармалары. 2 том,
А., 2005, 359- бет)- деген сөздері күні бүгінге дейін өзінің ғылыми
зәрулігін жойған жоқ.

Ұлттың жақсы жақтарына қуанып, кемшіліктеріне күйіне білген Ә. Қоңыратбеав
XX ғасырдағы қазақ қауымының мәдени өмірінің барлық
саласында дерлік қалам тартты. Қазақтың ою - кесте өнері, Қазақтың
музыкалық мәдениеті, Сыр бойындағы ескі қалалар, Сунақ және
Сунақ ата дегендер не?, Көне тарихымыз терең зерттелсе, Мәдениет
тарихы тереңде, Әдет – әдет емес, жөн – әдет секілді мақалаларды да
жазған Әуелбек. Ұлтын сүйген азамат мәдени өмірімізде болып жатқан елеулі
оқиғалардан қалыс қала алмай, болашақ ұрпақтың рухани қазынасын жасау
істерінде белсенділік танытты. Қоңыратбаев- жарты ғасырдан астам білім
беру саласында қызмет етіп, мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз. Ол
- қазақ әдебиетін зерттеумен бірге оны оқыту, насихаттау істерін тікелей
атқарып, әдіс – тәсілдерін зерттеу, жетілдіру мәселелерімен арнайы
айналысқан кәнігі әдіскер де. Ғалымның бұл тараптағы ізденістері қырқыншы
жылдарда – ақ басталыпты. 2- сыныпқа арналған Оқу кітабы (Қ. Төлебаев,
Ғ. Айдаровпен бірге)1945 жылы басылып щығып, жеті рет басылым көрген. Әр
кездері Мектепте Абайдың мысал өлеңдерін оқыту туралы, Орта мектепте
шығарма жазуды үйрету, Қазақ мектептерінде Крылов мысалдарын оқыту,
Әдебиет пәні ғылыми негізде өтілсін, Қазақ әдебиетін оқытуды жақсарту
жөнінде бірер сөз т.б. мақалалары жарияланып тұрған. Ұзақ жылғы ұстаздық
қызметінің , әдістемелік ізденістерінің барысында Әдебиетті оқыту
методикасының очерктері (1962), Әдебиетті оқыту методикасы (1966), атты
кітаптары жарияланып тұрған.

Ғалым бұдан басқа Көркем әдебиеттің ерекшеліктері, Оқыту
теориясы және мұғалім сапасы, Қазақ ідебиеті пәнінің бағдарламасы т.б.
еңбектер жазды. Бұлардың кейбіреуі кезінде жарық көрмеген , кейін (2005)
ғалымның он томдық шығамалар жинағының 7- томына енді. Әлемдік педагогика
алыптарын таныстыру мақсатымен В. Г. Белинскийдің, В. И.
Водолазовтың, В. Я. Стоюниннің, Н. Кошанскийдің, Я. А.
Коменскийдің т.б. әдістемелік еңбектерімен таныстырып мақалалар жазды;
олардың бірсыпыра еңбектерін қазақ тіліне аударды. Солардың ішінде чех
халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменскийдің классикалық мұрасы - Ұлы
дидактикасыда бар . Ә. Қоңыратбаевтың әдістемелік
еңбектерінен күнделікті оқыту жұмысын жетілдіріп , жақсарта түсуге
көмектесетін көптеген пайдалы нәрселер табатыны анық.

Қаламы жүйрік ақын, прозашы , аудармашы, сындарлы сыншы, қазақ, шығыс,
батыс әдебиеттерін жетік меңгерген зерделі зерттеуші, мыңдаған
шәкірттерінің санасына әдебиет арқылы адамгершіліктің асыл қасиеттерін құя
білген ұлағатты ұстаз Ә. Қоңыратбаев
тоталитарлық қоғамда өмір сүріп, қуғын- сүргінді көп көргеніне қарамастан
адалдықтың ақ жолынан таймай ұлтына адал қызмет етті. Халқының жарқын
болашағы үшін мәдениет, әдебиетті зерттеу, ұлттық сана – сезімі жоғары
жастарды тәрбиелеу саласында аянбай тер төгіп, артына қазақ руханиятының
қазынасына мол үлес болып қосылған қыруар еңбек қалдырды. Әр азамат ұлтына
қаншалықты қызмет еткеніне қарай бағаланады десек, Ә. Қоңыратбаевтың да
бүкіл саналы ғұмырын халқының еңселі ертеңі үшін күреске арнаған ғылым-
білім, мәдениет қайраткері болғандығы талас тудырмайды.

Кеңестік кезеңде еткен қиыншылығы мол, күреске толы. Сексен жылдық
саналы ғұмырында елдің ертеңіне сенген Әуекең қарапайым ғана ғұмыр кешті.
Етілген еңбек еш уақытта ұмытылмақ емес; қазір Ә. Қоңыратбаевтың ғылыми,
педагогикалық мұрасы өзіне лайықты жоғары бағасын алып жатыр. Ол- қазақ
әдебиеттану ғылымының қалыптасып, дамуына үлес қосқан аса көрнекті ғалым;
қазақ әдебиетін оқытудың әдістемелік негіздерін жасаған әдіскер педагог,
мыңдаған шәкіртті ұлттық рухта тәрбиелеген ұлағатты ұстаз. Ең бастысы
халқына абыроймен қызмет еткен ұлтжанды азамат. Сондықтан да туған халқы
Ә. Қоңыратбаевтай асыл туған ұлдарын ұмытпайды, барынша аялап қадірлейді.

Құнарлы ой, қисынды сөз иесі

Қалың оқырманның қолына Ә. Қоңыратбаев зерттеулерінің көп томдығы
тигеніне аз уақыт өткен жоқ,оған зиялы қауымның қызығушылығы арта
түскеніне куә болып отырмыз. Қазақтың қарт әдебиетшісі жаңа буын жас
ұрпақпен жүздесіп отырғандай. Халқының жан- жүйесі, абырой - намысы, асыл
сөзі туралы сыр айтпақ , ой толғамақ. Ғалымдықты ұстаздықпен ұштастырып,
бар ғұмырын туған әдебиетіне арнаған адамның мұрасын зерттеп, зерделеуге
арналған шаралардың ғұмыры ұзақ болатынына сенімі мол. Ғалымның сан-
салалы ғылыми еңбектері түркітану, эпостану, қазақ әдебиетінің тарихы
төңірегінде біршама жүйеленген , орнықты бағасын алып келеді. Әдебиет
теориясы , көркем мәтін поэтикасы, аударматану саласындағы зерттеулерде
арнайы қарастыруға әбден лайық. Оларда қазақ ғылымының игілігіне жарайтын
нәтижелер, құнды ғылыми тұжырымдар баршылық.

Ә. Қоңыратбаев – академиялық үлгідегі ғалым. Оның зерттеулеріндегі
мұрағаттық қорлардан, кітапханалардың сирек қолжазбаларынан, жеке
адамдардан алынған деректер мен дәйектер зерттеуші санасында кешенді
талдаудан, жүйелі талқылаудан өткен. Әдебиеттанудың дәстүрлі үлгісі,
классикалық филология негізінде зерделенген . Тарих пен әдебиет
диалектикалық бірлікте , органикалық тұтастықта, гуманитарлық сәйкестікте
алынған. Ғалым көне мәтіндердегі аса құнды материалдарды талмай іздеп
тауып, ғылыми айналымға қосты, олар түркітану мен эпостанудың өзекті
мәселелерін саралауға күні бүгінге дейін қызмет етіп келеді. Бүгінгі білім
мен ғылым кеңістігінде бұл еңбектер – фольклортану мен әдебиет
тарихындағы тиянақты, беделді сұранысқа ие басылымдар.

Ғалым мұрасын сараптауда, жүйелеуде оның тағы бір ғылыми ерекшелігін еске
салудың артықтығы жоқ. Заман ыңғайына қарай әр кезде, қилы жиындарда
ұсыныс , пікір ретінде айтқан ойларының көбін ғалым кейін тұтастырып, жеке
зерттеуге айналдырған, кейбірін кітаптарында дамытып, тереңдетіп отырғаны –
үнемі өсу мен даму үстіндегі нағыз ғалымға тән қасиет.

Ұзақ жылдар ауыз әдебиеті мен ежелгі жазба нұсқаларды зерттеу
үдерісінде бауырлас халықтардың көркем тәжірибесіне сүйеніп бақты,
нәтижесінде салыстырмалы әдебиеттану мәселелеріне қанықты. Бұл жаңа ғылыми
саланы дамытуға Ә. Қоңыратбаевтың мол
үлес қосқанын атап өтетін кез келген болар. Ал ғалымның әдебиет теориясы
мен методологиясының, мәтінтану мәселелерін қарастырған еңбектерінің
көпшілікке танылмай келгені өкінішті. Оларды белсенді түрде ғылыми
айналымға кеңінен қосудың зәрулігі жетерлік.

Ә.Қоңыратбаев-әлем өркениетінің көрнекті
тұлғасы

Әуелбек Қоңыратбаев –адамзат тарихындағы энциклопедиялық білім
иелері дәстүрі аясында бағаланатын тұлға. Ол – фольклортанушы,
түркітанушы, әдебиеттанушы, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің теориялық
және практикалық негізін қалыптастырушы, дамытушы, көркем шығармалар мен
әдеби- мәдени жәдігерлікті қазақша сөйлеткен аудармашы. Бұларға қосымша ол
– қазақ журналистикасының қалыптасуы мен дамуына ұйымдастырушылық, басшылық
тұрғыдан да үлес қосқан қайраткер.

Қоңыратбаевтың сан салалы қоғамдық – әлеуметтік, ғылыми- зерттеушілік,
жазушылық, журналистік, аудармашылық, ұстаздық қызметтерін тұтастырып
тұрған қасиеті-қажымас қайраткерлігі, әлем мәдениетінің қазыналарын,
көрнекті туындыларды, іргелі зерттеулерді жан- жақты оқып меңгергендігі .

Әуелбек Қоңыратбаевтың энциклопедиялық кешенді білімдарлығы барлық
салаларды да қамтыған теориялық-методологиялық ұстанымдары – қазақ ұлттық
рухани мәдениетін әлем өркениеті биіктіктерімен деңгейлестірген
көрсеткіштер.Ә.Қоңыратбаев еңбектерінің теориялық-методологиялық
негізділігі оның әлемдік әдебиеттанудағы теориялық қисындарды өзіндік
байыптаулармен , тұжырымдарымен дамытқандығымен танылады.

Әдебиет теориясын қамтитын 3 мәселені зерттеушілердің барлығы да
ұстанады:1.Ақын-жазушылардың өмір шындығын образды түрде бейнелеу
ерекшелігі; 2.Туындының әдеби-көркемдік құрылымы; 3.Әдеби процесс.

Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулеріндегі әдебиет теориясына қатысты осы
аталған 3 циклді мәселелердің аясында көркем әдебиеттің табиғаты, әдеби
туындылардағы Көркем образ,образдылық , типтендіру түрлері, көркем
туындылардың мазмұны мен пішінінің бірлігі сюжет пен фабула, композиция,
сюжет пен тартыс, әдеби тек түрлері; эпикалық жанрлар, лирикалық жанрлар,
драмалық жанрлар,аралас жанрлар ерекшеліктері қамтылған.Профессор
Ә.Қоңыратбаев еңбектерінде көркемдік әдістер, әдеби бағыт, ағымдар, әдеби
мектеп және т.б. мәселелер де сөз болады.Бұл аталған теориялық қисындар
Ә.Қоңыратбаев еңбектеріндегі әр алуан талдаулар барысында зерттеулердің
поэтикалық мақсаты мен міндеттеріне орай үйлесімділікпен, дәйектілікпен
айтылады.

Ә.Қоңыратбаев теориялық талдауларын, байыптауларын үнемі әлем
халықтары және қазақ әдебиеті шығармаларының сабақтастығы жағдайында
жасады.Анықтамаларының барлығы да әдебиеттің ілемге ортақ қисындарымен
үндес.Мысалы, “Даралау мен психологиялық талдау ” мақаласында маңызды
теориялық тұжырымдар жасаған.Зерттеуші әлем әдебиеттері үлгілерін
(Л.Н.Толстой”Соғыс және бейбітшілік”, Н.В.Гоголь “Ревизор”,Мұхтар Әуезов
”Абай жолы”, С.Көбеев ”Қалың мал” т.б.) салыстыра сабақтастыра қарастырып,
көркем шығармалардағы образ, характер сомдаудағы жинақтау, даралау
тәсілдеріне олардың психологиялық , мінездемелік талдауларына, сыртқы және
ішкі монолог ерекшеліктеріне анықтамалар жасайды.

Зерттеуші әлем әдебиеті үлгілеріне ортақ, көркемдік үрдістегі
типтендіру қолданыстарын теориялық тұрғыда тұжырымдайды:

“Типтендірудің басты үш сипаты бар; 1)Типтендірудің ұйытқысы, төтенше
факторы-болмыс өмір; 2)Типтендіру –көркем сөздің негізгі заңдарының бірі;
3)Ең аяғында типтендіру – реализмнің басты белгісі”.

Ғылыми теориялық байыптауларының желісінде автор әлем әдебиетіндегі
Гомердің “Иллиадасын”, ” Одиссеясын”, Шекспирдің трагедияларын, Э.Сюдің
”Париж сырлары”, М. Гаркнестің ” Қала қызы” жанрларын алады. Ал, басқа
елдердің әдеби мұраларымен сабақтастыра Б. Майлиннің ” Раушан - коммунист”,
” Шұғаның белгісі”, С. Сейфулиннің ” Көкшетау”, ” Жер қазғандар” атты
туындыларын талдаған.Ұлттық және әлемдік әдебиет дамуы тұтастығы аясына
кіретін қазақ сөз өнеріндегі жетістіктерге баға береді:”Келелі туындылардың
көбеюі типтендіру заңдарын сол шығармаларымыздың тәжірибесіне негіздеп,
шолу стиліне емес, нағыз әдеби-эстетикалық стильде әңгімелеуге жағдай
туды”.

Ә. Қоңыратбаев зерттеулеріндегі қазақ сөз өнерінің поэтикасы мәселелері

Қазақ фольклортануы мен әдебиеттануы ғылымдары салаларында іргелі
зерттеулер жазған әлем өркениеті ғалымдарының қатарында Әуелбек
Қоңыратбаевтың да көрнекті орны даралана көрінеді. Ғалым зерттеулерінің
құндылығы талдау нысанына алынған фольклор мұралары мен әдебиет
туындыларының тарихи деректі негіздерін саралап көрсетуімен айқындалады.
Фольклор мен әдебиет жанрларына арқау болған тарихи кезеңдерді,тұлғаларды
деректер аясында қарастыра отырып, өмір шындығына негізделген мұралардың
халық тарихымен сабақтас болмысын дәлелдейді.

Ғалымның Қазақ фольклорының тарихи негіздері тақырыбы аясына
топтастырылған зерттеулері классикалық фольклортану ғылымына қосылған
бағалылығымен құнды. Фольклордың тарихи негіздерін дәлелдеуге арналған осы
саладағы еңбектері ғылыми- теориялық тереңдігімен, қазіргі және болашақтағы
зерттеулерге методологиялық бағдарлы тұғырымен маңызды: Сақ тайпаларының
салт-санасы және оның қазақ фольклорына тигізген әсері, Қазақ эпосының
табиғаты, Қазақ ертегілік эпосы, Қорқыт жырлары, Қорқыт жырының тегі
туралы (кейбір қортындылар), Қобыланды жырының тегі, Ноғайлы жыры
туралы, Ежелгі аңыздар сабақтастығы, Қазақ фольклорының тарихилығы,
т.б.
Ғалымның бұдан басқа
фольклор жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, аңыздар, ертегілер, батырлық
жырлар (Қөрұғлы жыры, Қобыланды жыры, Алпамыс жыры, Қамбар жыры,
Ертарғын жыры), лиро-эпостық жырлыр (Қозы-Көрпеш-Баян сұлу жыры, Қыз
Жібек жыры, Айман-Шолпан жыры, Мақпал қыз, Құл мен қыз, Күлше қыз
бен Назымбек, Есім сері-Зылиқа), Тарихи жырлар, Айтыс поэзиясы,
Біржан-Сара айтысы, Жамбыл мен Құлмамбет айтысы туралы зерттеулерінде
де тарихи негізділік басты ұстаным болғандығымен ерекшеленеді. [ 1, 125-551-
бб].

Ахмет Байтұрсынов Әдебиет танытқыш кітабында құндылықтар
жүйесіндегі тарихи маңызын атап көрсеткен еді: Тарихты қазақша ұлы дерек
деуге әуезе табына жатқызғанмен айғақты әуезе болады. Сөздің ең ұлысы, ең
сипаттысы-тарих. Тарихтың қызметі-бүтін адам баласының яки бүтін бір
жұрттың я бір таптың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту. Тарихтың
мақсаты-бүтін адам баласының өмірі нендей табиғат заңымен өзгеретінін білу.

... Тарих беретін дерегінің түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір шеккенін сөйлейтін тарих Жалпы
тарих деп аталады. Адам мәдениет жүзінде жүрген жолдарын баяндайтын тарих
Мәдениет тарихы деп аталады. Мәселен,шаруа тарихы, өнер тарихы, дін
тарихы, даналық тарихы, ғылым тарихы, әдебиет тарихы, тағысын тағы сондай
тарихтар[2, 93-94-бб].

Зерттеуші Ә. Қоңыратбаев фольклортану мен әдебиеттану қисындары
сабақтасқан ғылыми тұжырымдарымен ежелгі сақ, скиф, ғұн, түркі қағанаттары
дәуірлерінен бергі мұралардың белгілі тарихи даму жолдарымен
байланыстылығын басты назарға алып зерделеген. Ал, Тарихи жырлар" атты
зерттеуінде XVIII-XIX ғасырларда туған Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр,
Шақшақұлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сопылық әдебиет
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы
Ә. Қоңыратбаев зерттеулеріндегі қазақ сөз өнерінің поэтикасы мәселелері
Ә.Қоңыртабаев зертгеулеріндегі қазақ және шығыс әдебиетінің сабақтастығы
Ә.Қоңыратбаев - фольклортанушы
Әуелбек Қоңыратбаев
Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Адам құқықтарын шектеуге бағытталған қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі
Пәндер