Берел қорғаны


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

берел қорғаны

Автор: http://www. khabar. kz 16. 06. 2010 10:20

Шығыс Қазақстандағы құнды мәдени мұра - Берел қорғаны археологиялық туризм орталығына айналады. Оған мемлекет тарапынан қосымша қаражат қарастырылды. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында іске асып жатқан жобаға сай өңірде замануи кешенді мұражай мен қазба павильондары бой көтереді. 2004 жылдан жүзеге асырылып келетін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани-мәдени және қоғамдық өмірде елеулі серпіліс тудырды. Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінен бастап ескерткіштерді қалпына келтіру, археологиялық ғылыми-зерттеу жемісін беріп, тарихымызға қатысты көптеген жәдігерлер елге қайтарылды. Ал 2008 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңіндегі атқарылатын жобалармен таныстырып, басты алты бағытты айқындап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Барымызды жарқыратып басқаларға көрсету жағы терең тамырлы ел екенімізді насихаттау мәселесі бізде шынында да жеткіліксіз. Дегенімен, Есік қорғандары, Түркістан мен Отырар және өзге де тарихи мекендеріміз жайында халықаралық талаптарға сай терең мазмұнды, жоғары сапалы деректі фильмдер жасауымыз керек. Олардың ББС, Дискавери сияқты әлемдік телеарналардан көрсетуін қолға алатын кез келді. Біздің алдымызда осы жылдары табылған мұраларды кешенді түрде жан-жақты зерттеп, зерделеу міндеті тұр. «Мәдени мұра» шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сараптап, жүйеленген мәліметтерді орта және жоғары мектептің оқулықтары мен оқу бағдарламаларына енгізу қажет. Зерттеу, зерделеу объектілері ретінде тек ұлттық символикамызды жаңағы мен айтқан айшықтай алатын мемлекеттік маңызға ие аса ауқымды жобаларды ғана қалдыруды ұсынамын.

Елбасы атаған мәдени құндылықтарды қалпына келтіріп, әлемге таныту - ерте темір ғасырымен белгіленген Берел қорғанынан басталып отыр. Онда таспен көмілген 31 қорған бар. Сақ тайпаларының көсемдері жерленгендіктен «Патшалар алқабы» аталған. Археологиялық зерттеулер анықтағандай, қорған Бұқтырма өзенінің оң жағындағы биік таулы аймағында орналасқан. Табиғаты әсем даланы мұндағылар нағыз жұмаққа теңепті. Айналасын мәңгі мұз басып жатқандықтан тері, ағаш және сүйек жәдігерлер бүгінге жеткен. Ең негізгі зерттеулерді халықаралық археологиялық экспедиция 1998 жылы жүргізді. Қойны құнды қазыналарға толы өңірде тағы 70-ке жуық қорғандар мен мыңдаған бағалы әшекей бұйымдар табылған.

Ғарифолла Есім, сенатор:

- Жұрт ескі қорғандардан адамның саудыраған сүйегін тауып алып отырса, мұнда сонау біздің эрамыздан бұрынғы 2-3 ғасырларда адамдарды бальзамдату, оны белгілі бір температурада салқында ұстап денесін бүлдірмеудің әдісін тапқан.

«Патша алқабы» әлі де болса құпияларға толы, нысанды толық зерттеу үшін қосымша қаражат қажет. Бұдан бұрын «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 100 млн. тенге бөлінгенмен, бұл ақша жәдігерлерді сақтап қалуға ғана жетіп отыр.

Қойшығара Салғарин, тарихшы:

- Ең алдымен мына территорияның барлығын қоршау керек. Әйтпесе, мына қоршалмаған ашық алаң оның берекесі болмайды. Екіншіден, мына қазылған объектілердің барлығын қалпына келтіріп, солардың барлығын қазылғанға дейін қандай жағдайда болды, сондай жағдайға қалпына келтіріп, әрбір қорғанның астында кісілер жатты, жылқылар жатты, солардың ат әбзелдерін түгел қалпына келтіреміз.

Егер нысан тиісінше жөнделсе, мұражайға келушілер жер қойнауында не жатқанын анық көре алады. Шыны күмбез астында сәнді патша қабірлерін көруге болады. Осыны жүзеге асыруға қажет қаржы бөлуді мемлекет мойнына алып отыр.

Мәулен Әшімбаев, Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары:

- Қазір «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр ғой. Осы екінші кезеңде елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық символдарымызды қалыптастыру керектігін жеткізіп отырды. Сондай мақсатты біздің алдымызға қойып отыр. Ұлттық символдар дегеніміз не дегенде, біріншіден - ол Отырар, Түркістан, Есік, Берел дегендер біздің ұлттық, тарихи мұраларымыз ғой. Сондықтан осы жерде көп символдарымыз ұлттық сананы қалыптастыратын дүниелер.

Дүниені дүр сілкіндіріп, тарихымызды талай ғасырға ары жылжытқан Берел қорғаны археологиялық туризм орталығына айналмақ. Ежелгі сақтардың мәдениеті тұтастай осы жерде сақталғандықтан, көрер көз мұражайдан азиялықтар мен еуропалықтардың генотипін, көне дәуір тұрмыс-тіршілігі мен көздің жауын алар зерлі бұйымдар өнерімен таныса алады. Бұл - тарихи шежіремізде ойып орын алып отырған сақтардың өміріне саяхат. Сондықтан құпиясы әлі де толық ашылмаған халықтан қалған жәдігерлер әлем туристерін қызықтырары сөзсіз.

КГП "Шығыс Ақпарат"

Областная газета "Рудный Алтай"

Шығыс Қазақстан Облыстық «Дидар» газеті

Мұқаба бет › 2009 жыл › Тамыз 2009 жыл › №135-136 (16221) 19 тамыз 2009 жыл

НӨМІР МАЗМҰН

Қазан 2009 жыл

Қыркүйек 2009 жыл

Тамыз 2009 жыл

№144 (16229) 31 тамыз 2009 жыл

№142-143 (16228) 28 тамыз 2009 жыл

№140-141 (16226) 26 тамыз 2009 жыл

№139 (16224) 24 тамыз 2009 жыл

№137-138 (16223) 21 тамыз 2009 жыл

№135-136 (16221) 19 тамыз 2009 жыл

ШОҚЫРАҚ ЖОЛ ЖӘНЕ САУДАҒА ТҮСКЕН ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ

ЖАЛҚАУ СЫЛТАУЫН АЙТЫП, КӨЗІМЕН ЖЕР ШҰҚИДЫ . . .

БІР ТОННА КӨМІРДІҢ БАҒАСЫ - ӘЗІРГЕ 5500 ТЕҢГЕ

ГЛУБОКОЕ АУДАНЫНДА ОРТА БИЗНЕС ЖАНДАНБАЙ ОТЫР

СЕННОЕДАҒЫ ЖАҢА ҮЙЛЕР КӨЗДІҢ ЖАУЫН АЛАДЫ

ТҮЙЕМОЙНАҚ - ӘМІРЕНІҢ ӘНІ ТАЛАЙ ӘУЕЛЕГЕН АРАЛ . . .

ҒҰН ДӘУІРІНІҢ ҚОРҒАНЫ МҰРАЖАЙҒА АЙНАЛМАҚ

“АЙНАЛАЙЫН” ФРАНЦИЯҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ

№134 (16219) 17 тамыз 2009 жыл

№132-133 (16218) 14 тамыз 2009 жыл

№130-131 (16216) 12 тамыз 2009 жыл

№129 (16214) 10 тамыз 2009 жыл

№127-128 (16213) 7 тамыз 2009 жыл

№125-126 (16211) 5 тамыз 2009 жыл

№124 (16209) 3 тамыз 2009 жыл

Шілде 2009 жыл

Маусым 2009 жыл

Мамыр 2009 жыл

Сәуір 2009 жыл

Наурыз 2009 жыл

Ақпан 2009 жыл

МАЗМҰНЫ

Ресми бөлім

Замана

Билік

Экономика

Саясат

Құқық

Тіршілік

Әлеумет

Мирас

Білім

Жеткіншек

Медицина

Мәдениет

Тұлға

Экология

Руханият

Ақпарат

Спорт

Мұрағат

2010 жыл

2009 жыл

INTERNET LINK

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты

Электронды қызмет орталығы

Өскемен

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

Егемен Қазақстан

ҒҰН ДӘУІРІНІҢ ҚОРҒАНЫ МҰРАЖАЙҒА АЙНАЛМАҚ

Әлеумет

Археологтар Берел қорғандарын қазып, олардың құпияларын ашып, мұнан 25 ғасыр бұрын ата-бабаларымыз күнделікті тұрмыста қолданған заттарды бүгінгі замандастарына таныстырып жатыр.

Өткен жылдары Берел қорғанында ашық аспан астында мұражай салу туралы атқарушы билікке Елбасы тапсырма берді. Осы жәйттен құлағдар болған азаматтардың ойында «Берелде ашық аспан астында мұражай салына ма? Аты әлемге мәшћүр болған қорғанның жағдайы қалай?» деген сауалдардың жүргені күмәнсіз.

Берел қорғаны мұражайының директоры Ерен Қадөшұлы ел көңіліндегі сауалдарға жауап ретінде төменгі жағдаяттарды әңгімелейді.

- Берел қорғандары 186 гектар аумақты алып жатыр. Бұл аумақтың 174 гектары шаруа қожалықтарының жерлері болатын. 12 гектар жер Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің иелігінде еді. Үкімет қаулысымен 2008 жылы жоғарыда көрсетілген жер (186 гектар) Берел мұражайына берілді.

Өткен жылы мұражайдың құрылыс жұмыстары басталды. Мұражай құрылысына 111 миллион теңге бөлініп, қаражат толық игерілді. Әкімшілік және ғылыми қызметкерлер жұмыс істейтін ғимараттар салынды. Автокөлік тұратын ғимарат тұрғызылды. Жергілікті құрылысшылар және Өскемендегі «Пост экс кум» ЖШС-нің мамандары ғимараттарды салумен айналысты.

Е. Жұмағұловтың айтуынша, ғимараттардың қабырғалары ағаштан көтерілген. Құрылыстық қарағайларды ұлттық парк босатқан. Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты биыл Берел мұражайының құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Бірақ басталған шаруа мүлдем үзіліп қалмақ емес. Мәдениет министрлігі 2010 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін 90 миллион теңге қаражат қарастырып жатқан көрінеді.

- Берел мұражайының кешенінде екі қабатты мұражай нысаны, елу орындық меймандар үйі, асхана және монша салынбақшы. Мұражай жыл бойы жұмыс істейтіндіктен мұнда телефон байланысы орнатылады, автономды электр станса жұмыс істейді, су құбыры іске қосылатын болады. Көліктер тоқтайтын орындар әзірленеді, - дейді Ерен Қадөшұлы.

Директордың мәлімдеуінше, Берел мұражайының аумағы толық қоршалады. Осылайша қорған малдың таптауынан, бөгде адамдардың оған рұқсатсыз кіруінен сақталады.

- Қорғандағы әр қазбаға шынылы шатыр салынады. Қазбадан шыққан заттардың көшірмелері шатыр астында сақталады. Мұражайға келушілер соларды көреді.

Әр қазбаға жеке жолдар салынады. Өте құнды деп бағаланған заттар Елбасы мұражайына тапсырылады. Бізде олардың көшірмесі қалады.

Берел мұражайының құрылысы толық аяқталып, онымен танысуды мақсат еткен туристерді қабылдау үшін әлі көп жұмыстар істелуі тиіс.

Берел мұражайына Жамбыл ауылы бағытындағы жолмен баруға болады. Бұл жол шетелдік көліктердің еркін жүруіне қолайсыз. Сондықтан жолды жөндеу жұмысын ертерек қолға алған көңілге қонымды.

Рахман қайнары санаторийіне барып, қайтушыларды Берел мұражайының қызықтыруы ықтимал. Осы мәселе есте ұсталып, Өрел ауылынан санаторийге беттейтін жолдың Берел мұражайы тұсынан Бұқтырма өзенінен өтетін көпір салынса, өте ұтымды болар еді, - дейді директор.

Әзірге Берел мұражайына келушілер жоққа тән. Келешекте мұнда келушілер легі жыл бойы толастамайды деп күтілуде.

Қыдырбек Әміре

Катонқарағай ауданы

‹ ТҮЙЕМОЙНАҚ - ӘМІРЕНІҢ ӘНІ ТАЛАЙ ӘУЕЛЕГЕН АРАЛ . . .

Вверх

“АЙНАЛАЙЫН” ФРАНЦИЯҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ ›

версия для печати

пікір жоқ

Газет тарихы

"Дидар" газетінің тарихыұқаба бет ›

2009 жыл › Тамыз 2009 жыл › №135-136 (16221) 19 тамыз 2009 жыл

ХАТ ЖАЗУ

Хат жазу

Газет тарихы

АҚПАРАТТЫҚ БАННЕР

Республика Казахстан, ВКО, 070003, г. Усть-Каменогорск,

ул. Космическая, д. 6/3

Мәліметтер. org - танымдық және энциклопедиялық сайт

Басты бет

Сайт туралы

Рефераттар

Ашық сабақтар

Ағылшын тілі сабақтары

Басты бет » Тарих

Берел қорғаны туралы

Автор: Moderator1 25 Қараша 2010 Пікір жоқ

Берел қорғандарының жасы

Ең алғашқы қорғандар 2400 - 2300 жж., яғни, біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларға тиесілі болған. Соңғылары түрік заманына тиесілі, біздің заманымыздың XII-XIII ғасырлары.

Берел. №13 қорған

Берел қорғаны ерте тас дәуіріне жататын таспен қаланған 31 қорғаннын тұрады. Қорғандарда Сақ тайпасының билеушілері жерленген. Сондықтан оны “Патшалар алқабы” деп те атайды. Қорғандардың құрылысы мен табылған бұйымдардың бағалылығына қарай оларды “Патша қорған” және “Князь қорған” деп, екіге бөледі.

Берел қорғаны Шығыс Қазақстан Облысы Қатон-Қарағай ауданындағы Бұқтарма өзенінің оң жағасында теңіз деңгейінен 1 100 метр биіктікте орналасқан. Қорғанның орналасқан жері таулы аймақ болып келеді. Қорғанды қайың, балқарағай, самырсын, шырша ағаштарынан тұратын орманды тау жоталары қоршап тұр. Берел қорғаны өзі аттас ауылдан оңтүстік батысқа қарай 7 шақырым қашықтықта орын тепкен.

Археологиялық қазаба жұмыстарының нәтижесінде көне көшпелілердің өміріндегі жерлеу рәсімі мен мәдениеті анықталды. Зерттей қортындысы сол кездегі көпшенді халықтың дүниеден өткен беделді адамдардың мәйіттерін бальзамдап, жерлегенше ұзақ уақыт сол қалпында сақтап отырудың сырына қанық болғандығын анықтады.

Берел қорғанын зерттеу жұмыстары 1997 Жылдан бастап қолға алынды. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған құнды тарихи деректердің маңыздылығы Есік қорғанынан табылған тарихи жәдігерлерден кем емес. Қорғаннын табылған заттар Берел қорғанын әлемге танытып үлгерді. Алғаш зерттелген қорғандардың диаметрі 30 метрге, ал биіктігі 2 метрге дейін жеткен.

Берел қорғанын алғаш болып Ә. Марғұлан атындағы археология институтының қызметкері, археолог Зейнолла Самашев ашты.

malimetter. org/

Зейнолла Самашев

Ұқсас мақалалар

Шымкент қаласы қашан пайда болған және атауы қандай мағына береді?

Жармахан Тұяқбай

Шалкиіз жырау (1465-1560)

Теңге - ұлттық валютамыз. Теңге туралы

Мақаланы достармен бөлісу.

Сайт материалдарын көшіріп жариялағанда гипер-сілтеме жасау міндетті.

Пікіріңізді осында жазыңыз.

Өз пікіріңіз мен басқа да қосып-аларыңызды төмендегі орыннан жазып жібере аласыз. Сондай-ақ, пікірлерге RSS арқылы жазыла аласыз .

Аты (міндетті)

E-Mail (жасырын) (міндетті)

Егер мақалада қате кеткен жерлерді байқасаңыз, пікір жазып, қатені көрсетулеріңізді сұраймыз.

Жаңа пікірлер жайлы e-mail-ге хабар бер.

Ашық сабақтар сайты

Түрік тілі сабақтары

Атаулы күндер

Қараша айындағы атаулы күндер

1 2 3 4 5 6 7

8 9 10 11 12 13 14

15 16 17 18 19 20 21

22 23 24 25 26 27 28

29 30

Мәліметтер сайтында ағылшын тілі

Соңғы жазылғандар

What is the difference between “How do you do?” and “How are you?”

Түрік тілін үйрену. Түрік тілі грамматикасы: Буындар

6-желтоқсан - Әбіш Кекілбайдың туған күні

5-желтоқсан - Халықаралық еріктілер күні

Құрлықтық Хоккей Лигасы (Континентальная Хоккейная Лига)

Prepositions of Place (2) : by, beside, next to, close to, near, in front of, behind

Ағылшынша мақал-мәтелдер (English proverbs and sayings)

2018 жылы футболдан әлем чемпионаты Ресейде өтеді

МӘСЕЛЕ ЕСЕПТЕР, ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР

Түрік тілін үйрену. Түрік тілі грамматикасы: Алфавит

Хат жазу үшін

Соңғы пікірлер

Дурыс on Мақаш Тәтімов: Бойдақтарға салық салу керек

admin on «Бармысың, бауырым?» бағдарламасы

Рамазан Ержан on «Бармысың, бауырым?» бағдарламасы

Гульнур on ҰБТ-2010: 2009 жылғы физикадан тест сұрақтары мен жауаптары

admin on Түрік тілін (түрікше) үйрену

admin on Ағылшын тілін үйрену, ағылшынша үйрену

admin on Түрік тілін үйрену. Түрік тілі грамматикасы: Алфавит

Бөлімдер

Featured

Headline

Авиация/Ғарыш әлемі

Асхана

Білім мен ғылым

Ашық сабақтар

Биология

Жануарлар

Жеміс-жидек

География

Оқушыға

Рефераттар

Студентке

Сөздік Терминдер

Тіл үйрену

Түрік тілі (Türkçe)

Университет

Физика

Хабарландыру

Химия

Ғарыш әлемі

ҰБТ (ЕНТ) 2011

Бала күтімі Сәби күтімі

Діни

Денсаулық

Ауру түрлері

Жүктілік

Пайдалы кеңес

Психология

Тәнтану

Жаңалықтар

Спорт

Футбол

Тарих

Жалпы дүние тарихы

Тұлғалар/Батырлар

Қалалар мен мекендер

Техника-технология

Жаңа техникалар

Жаңа технология

Интернет

Қалалар ауылдар

Әдебиет саласы

Ақындар

Жазушылар

Жұмбақтар

Мақал-мәтел

Қазақша ертегілер

Әңгімелер

Өлеңдер

Әр түрлі тақырып

Атаулы күндер

Гүлдер әлемі

Салт-дәстүр

Экология

Экономика

Қорықтар Саябақтар

Әлем

Әлеумет

www. uagyz. kz

Беріктің блогы

otyrar tv

SMS жіберу

Kcell және Activ номерлеріне тегін СМС жіберу

Ақынның блогы

Санақ-статистика

Негізгі сөздер

English grammar Абайдың қара сөздері Астана қаласы Атаулы күндер Ауру түрлері Ағылшын тілінің грамматикасы Аңсар журналы Бауыржан Момышұлы Гүлдер Денсаулық ЕНТ Жерорта теңізі Ислам діні Кеңес Одағының Батыры Пайдалы кеңес Талапкер - 2010 Тарих Химия ата-аналар ағылшын тілі ағылшын тілін үйрену ағылшынша үйрену ақуыз балалар биология жазушы жүктілік зат алмасу казахские пословицы и поговорки кітапхана мақал-мател мұсылмандар осы күні тарихта пайдалы кеңестер реферат фашистік Германия Ғарыш әлемі Қазақстан тарихы қазақша рефераттар қазақ әдебиеті ҰБТ ҰБТ 2010 Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) Әлем Чемпионаты 2010 әңгіме

Ұсыныстар мен хабарламалар

Жарнама орналастыру

РЕСЕЙ 2018 СТАДИОНДАРЫ

Ең көп түсірілген файлдар

ҰБТ-2010: 2009 жылғы математикадан тест сұрақтары мен жауаптары (3. 8 MiB, 4, 748 hits)

физикадан ҰБТ сұрақтары (unknown, 2, 592 hits)

БАЙҚАУ СЫНАҒЫ 7001-НҰСҚА (552. 5 KiB, 2, 386 hits)

2010 жылғы мемлекеттік гранттар саны мен мамандықтар (240. 0 KiB, 2, 346 hits)

Екінші дүниежүзілік соғыс, Ұлы Отан Соғысы туралы Ашық Сабақ (49. 5 KiB, 1, 970 hits)

Көп талқыланған

2010 жылғы мемлекеттік гранттар саны мен мамандықтар

Ағылшын тілін үйрену, ағылшынша үйрену

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

2011 жылы ҰБТ (Ұлттық Бірыңғай Тест) бола ма?

Ағылшынша үйрену. 1-сабақ (Сәлемдесу, танысу) .

ҰБТ-2010: 2009 жылғы математикадан тест сұрақтары мен жауаптары

Мемлекеттік гранттардың толық тізімі

Пікірлер

Дурыс on Мақаш Тәтімов: Бойдақтарға салық салу керек

admin on «Бармысың, бауырым?» бағдарламасы

Рамазан Ержан on «Бармысың, бауырым?» бағдарламасы

Гульнур on ҰБТ-2010: 2009 жылғы физикадан тест сұрақтары мен жауаптары

admin on Түрік тілін (түрікше) үйрену

Wordpress snowstorm powered by nksnow

Powered by WordPress Log in Entries (RSS) Comments (RSS) Arthemia theme by Michael Hutagalung

KZ RU EN

Бас парақ Портал туралы Форум Блогтар Кері байланыс Портал картасы

Мемлекеттік бағдарлама

Нормативтік құқықтық актілер

Қоғамдық кеңес

Бағдарламаның қорытындылары

Тарих және мәдениет ескерткіштері

Археологиялық зерттеу

Ғылыми жобалар

Кітаптар

Шетелдік жобалар

Асыл мұра

Мәдени саяхат

Суреттер жинағы

Аудиоматериалдар

Бейнематериалдар

Баспасөз шолу

Археологиялық зерттеу

Археологиялық зерттеулер

Мектеп қабырғасынан біз мысырлықтардың адам денесін мумиялау, бальзамдау және әлемнің жетінші кереметі болып табылатын пирамидаларды салуда жеткен жетістіктерімен таныс болған едік. Бірақ, біз олардың ішіндегі адам денелерінің сақталуы жағынан біршама артып түскен өзіміздің пирамидаларымыздың тарихын біле бермейміз.

Бұл Шығыс Қазақстандағы Берел қорғандары және олардың ішіндегі мүрделердің мүлтіксіз сақталуы - бірегей және бірден - бір құбылыс. Берел қорғанында жерленіп, мәңгі тоң жағдайында сақталған жылқылардың жасы 2500 жылдан асады. Қорған құрылысының өзіндік конструкциялық ерекшеліктерінің арқасында, аттар ғана емес, сонымен қатар декоративтік-қолдаңбалы өнердің бағалы материалдары да сақталған. Археологиялық ескерткіштерге қазба жұмыстары, әсіресе ірі ортағасырлық қалашықтардағы қазба жұмыстары және оларды консервациялау мен мұражайландыру ондаған жылдарды қажет ететіндіктен, археологиялық зерттеулерді бірінші кезеңде таңдап алынған Бұзоқ, Қойлық, Талғар Сауран, Отырар, Сарайшық қалашықтары сияқты еліміздің белгілі ескерткіштерінде жалғастыру арқылы тереңдету қажет. Сонымен қатар, іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың ортағасырлық Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарған тарихи қала орталықтарына археологиялық-этнографиялық зерттеулер жүргізілуі қажет.

«Мәдени мұра» бағдарлама бойынша археологиялық зерттеу

Барлық аймақтар

Сілтемелер:

ҚР Ғылым және білім министрлігінің Марғұлан атындағы археология институты

Көшпенділердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты ЖШС

Региондар бойынша материалдар

Ғасырлар бойынша материалдар

Керамикалық қосарланған ыдыс. XI-XII ғғ

Қазақ Алтайының ежелгі халқының ескерткіштерінің бірі - Берел

Иесі: ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі

Астана қ-сы, Министрліктер үйі, тел. : 8 7172 74 04 57

Жасау және сүйемелдеу: "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ

Астана қ-сы, Министрліктер үйі, тел. : 8 7172 74 10 24

KZ RU EN

Бас парақ Портал туралы Форум Блогтар Кері байланыс Портал картасы

Бас парақ > Тарих және мәдениет ескерткіштері

Мемлекеттік бағдарлама

Нормативтік құқықтық актілер

Қоғамдық кеңес

Бағдарламаның қорытындылары

Тарих және мәдениет ескерткіштері

Археологиялық зерттеу

Ғылыми жобалар

Кітаптар

Шетелдік жобалар

Асыл мұра

Мәдени саяхат

Суреттер жинағы

Аудиоматериалдар

Бейнематериалдар

Баспасөз шолу

Шығыс-Қазақстан облысы: Берел бейіті (алтын археологиялық бұйымдарды өңдеу), б. з. д V-IV ғасырлар

Берел обасы Берел ауылының оңтүстік батысында жеті шақырым жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 1120 биіктікте. Бұқтырма жазығы ұзындығы Ақ Берел (Ак бұлан), Бұланты (Қандысу-Сахатуки) тау өзендерімен шектеседі.

Зират төрт параллель әр түрлі қорғандармен салынған. Үлкен Берел қорғаны 1865ж В. В. Родлов ашқан және С. С. Сорокин терең зерттеген (1969), және оған жақын нысандар кішкене болсада жеке топ құрап тұр. Бұндағы әрбір қатар осында жерленген адамдардың әр түрлі топтарға бөлінгендігін көрсетуі әбден мүмкін. Қорғандардың әр түрлі болып орналасуы, олардың ақсүйектер, орташа және төменгі топтарға бөлініп, көшпенділер қоғамының әр түрлі болғандығын көрсетеді.

Иесі: ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі

Астана қ-сы, Министрліктер үйі, тел. : 8 7172 74 04 57

Жасау және сүйемелдеу: "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ

Астана қ-сы, Министрліктер үйі, тел. : 8 7172 74 10 24 http://www. madenimura. kz/monuments/DocLib1/Шығыс-Қазақстан%20облысы-%20Берел%20бейіті%20(алтын%20археологиялық%20бұйымдарды%20өңдеу), %20б. з. д%20V-IV%20ғасырлар. aspx

Дүйсенбі, 06-желтоқсан, 2010

№ 48(377)

Негізгі бет

Біз туралы

БайланысБөлімдер

Жаңалықтар

168 сағат

Жаңа Қазақстан

Үш тоғыс

Мен - Нұротаннанмын!

Аймақ

Экономика

Мезгіл

Айбын

Әкім және әлеумет

Әуезе

Бәйтерек

Спорт

Ақшам

Ел мен Елбасы

Дөңгелек үстел

Reporter

OSCE

КИНО & ТЕАТР

Ұлы жеңіске - 65 жыл

NATIONAL BRAND

Ғаламшар

Қоғамдық қабылдау

Халық қалаулысы

Қазақ әйелі

Наурызнама

ФАН-Клуб

Төр

Әлеумет

Журналистiк зерттеу

Жолдау және жұртшылық

Ғұмырдария

Руханият

Отандастар

Отарба

Өрімтал

National Brend

Тәуелсіздікке - 18 жыл

Низам

EURECA

Арнайы репортаж

Мәдениет

Құралай

Қызыл кітап

Қоғам

Ғылым

Экология

Ырғақ

Ынтымақ

Фракция

Тарих-Таным

Сұхбаттар

Сатира

НұрОтан

Мәжіліс

Көкжиек

Иман

Жандәру

Біртуар

Бiтеу жара

Бiздiң сайт

Айна

CONSENSUS

Көкейтесті

Хабарландыру

Мұрағат

Қыркүйек 2010

Қараша 2010

Қазан 2010

Қыркүйек 2010

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлкетану сабақтарына Берел ескерткіштерін енгізу
Алтайдағы сақ мәдениеті
Қазақ Алтайының ежелгі халқының ескерткіштерінің бірі - Берел
Түркі әлемінің алтын бесігі
Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулер (ХХ ғасырдың екінші жартысы)
Ертіс өзені мен Зайсан көлі
Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері
Ежелгі сақтар (скиф) мен байырғы түрік этномәдениетінің сабақтастығы (мәселенің қойылуы)
Шу дастаны
Қазақстан мен Орта Азиядағы сақтардың мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz