Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі


ХХ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ- ПІКІРЛЕР
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі
(1873-1937)
Ахмет Байтұрсынов - қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Оның тарихи тағлымы мол тәрбие туралы өзіне тән рогрессивтік ой - пікірі бар ұлы - ғалым. Қазақ философиясының (тіл білімі және әдебиет таным) негізін салушы педагог - ағартушы, мәдениет және қоғам қайраткері.
А. Байтұрсынов - алғашқы қазақ тілінің авторы. (1912) Сол кездің өзінде ол жүзеге асырған қазақ жазуы «Жаңа емле жазуы»айнала ортадан тиісті бағасын алды. Оған прогрессивтік зиалы қауым ерекше назар аударады. Ал, 1924жылы, ол жаңа қазақ графикасы ретінде қабылданып, ғалымның құрметіне - Байтұрсынов аты берілді. Ол өз заманында барлық түпкі тілдес халықтардың ең жақсы үлгісі ретінде қабылданды. Сондай - ақ, біздің шетелдік отандастар күні бүгінге дейін Байтұрсынов графикасын пайдаланады. Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектері қазіргі кездің өзінде үлкен беделмен қолданылады. Оның қазақтың тіл білімі және қазақ тілін оқыту әдісі өзінің сапалылығымен және ана тіліміздің ерекшелігін жинақтайтын оқулық негізі ретінде үлкен табыспен мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып, қолданылмалы қазақ тілінің қолтума оқулығына айналып отыр.
Ол өмірінің алғашқы жылдарын бала оқытудан бастайды. Ол жөнінде былай деп жырлайды.
Адамнық диқаншысы - қырға шықтым,
Көңілі жоқ, көгалы жоқ - құрға шықтым.
Тұқымын, адамдықтың шашатым, ектім,
Көңілін көтеруге бұл халықтың-деп бейқам жатқан халқын сауттандырып, өнер-білімге, мәдениетке жетектеді.
Бұл тұста 1890жылдар үстінде А. Байтұрсынов тәрізді оқыған, білім алған, мектеп бітірген, орысша сауат ашқан өзге де қазақ азаматтарының алғаш көріне бастаған кезі еді. 1896 жылы Байтұрсынов Омбыда жұмыс істеп отырып Ақмола, Семей оқу жүйесін басқарды. Сол жылдары ол Қазақ даласында бала оқыту жайы оны қатты толғандырады. Осы кезде қазақтарды оқыту Ахметтің ой түюінше өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың халық алдындағы парызы деп түсінеді. Байтұрсыновтың осындай мақсаттарды көздеп, саяси көзқарастарын шыңдай түсуі Қарқаралыда өмір сүрген 1896-1907жылдар кезеңімен байланысты. Осы жылдары оның айналасына қазақ зиялылары топтала бастайды.
Байтұрсынов 1907-1917жылдары арасында Орынборға жер аударылып сонда тұрған жылдаррында ғалым білімге бұрынғыданда терең үңіліп, қазақ балаларын оқытудың әдістерін, қазақ тілі мен әдебиеті, өнері, тарихы, мәдениеті туралы өрен ойлар айтып, бастауыш мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын жаза бастайды. Халық мұраларын, ауыз әдебиетін - эпос, ертегі, жұмбақтар жинап бастыру ісімен айналысады, ғылымиь-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.
А. Байтұрсыновтың қазақ елінің жоғын жоқтап, санасына сәуле құюға байланысты жасап жүрген еңбектері елге тарай бастайды 1913-18 жылдар арасында бейресми газет «Қазақ»газетінің редакторы болып жұмыс істеген жылдарында - халықты оқуға, білімге, өнерге, бостандыққа, теңдікке шақырған ойларын газет бетіне ашық жариялады.
Қазақтарды надандық шырмауынан шығарудың бірден-бір жолы ғылым-білімге ұмтылу, оқу-ағарту жұмысымен айналысу деп түсінген Байтұрсынов бұл пікірін «Қазақ» газетін жариялауға ұдайы ұмтылыс жасаған. 1911 жылы Орынборда басылған «Маса» атты жинағы, халықты өз тағдыры үшін күреске шақырып, жұртшылықты шырт ұйқысынан оятқан дабылды еңбек-топтама туынды болған. Ахмет қалғыған халқын ең болмаса маса болып шағып оятйын, ойландырайын деген ьақсат көздейді.
Сары маса болып ызыңдаған өзі екенін, Ахмет Байтұрсынов, 1909жылы Петербургте басылған «Қырық мысал» атты еңбегінде «Малшы мен Мысал» туындысында жасырмай ашық айтады. Онда мынадай шумақ-өлеңдер болған:
Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пәле дедеікаңдып жатқан
Пәленің түрін көрген мен Сары маса,
Халықты оянсын деп сөзбен шыққан.
«Айқап журналы» мен «Қазақ» газеті бетінде көптен көтеріп жүрген, елдің санасын көтеруден бұрын, сауат ашар «Әліп-би» тіл құралын жазу үшін графика және қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жасаумен Байтұрсынов 20 жылдар еркін айналысады. Ол әуелі баста араб графикасына бейіл береді. Дәл осындай құралдың ересектер үшін де аса қажет екенін ескеріп «Әліпбиді» жазады, бұл оқулық 1924 жылы Орынборда, 1926жылы Семейде басылып шыққан. Ал, «Тіл құралы» 1914 жылдан бастап жариялана бастады.
А. Байтұрсыновтың ағартушылық, ғалымдық, қайраткерлік, ақындық қасиеттерін сараласаңыз - өзінен бұрынғы үш ғұламаның Абайдың ақындығынғ Ыбырайдың ағартушылығын, Шоқанның ғалымдығын, оны бар өзі таңдап алғандай. Байтұрсыновтың ойынан осы үш қасиет бірдей табылған. Өлеңнің ақындық шеберлігін Ахмет Абайша түрлеп, адам бойындағы надандықты шеңейді, саналыққа ел болып біруігуге шақырады.
Бұл неткен жұрт ұйқышыл,
Болсын кедей, болсын бай,
Жатыр бейқам жым - жырт жай - десе, енді бірде
Адалдық, алтыбақан, дертпен кірдік,
Жан - жақты жаратқанға күзеттіріп,
Жақынмен ырылдасып, иттей үрдік, - деп сол кездегі шындықты жырлайды.
Абайдың бірден - бір өлеңін өткен уақыттың жайын ғана жырлайтын, кезеңдік дүние деп қарай алмайтынымыз сияқты, Байтұрсынов туындыларыныңда шеңберіауқымы уақытпен шектеліп қалған емес.
Байтұрсынов өмір шындығын, тәрбие тағылымын мынадай етіп келтіреді:
Тықылдап, құр пысықтап сөйлетін көп,
Екіндеп ұшқыр атта қарқындаған.
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп.
Киіздей шала басып қарпылмаған, - деп сол екі шумақ өлеңде - бүгінгі біздерге, жастарымызға арналып айтып тұрғандай емес пе? А. Байтұрсынов еңбек тәрбиесін жырлаған, еңбек тағылымының туын көтерген дана адам.
А. Байтұрсынов еңбексіз, арзан істерді надандықты, мешеулікті, білімсіздікті өткір сынға алған.
« . . . Жаны ашып, жахан үшін қайғырма?»
Жаны мол, жақыны мол, малдың құны . . . десе, ол «Жұртыма» деген өлеңінде -
Келгенде өзді - өзіңе мықтысыңдар
Қайтейін өзге дес көнгішсіңдер,
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді.
Ахмет үлкен аудармашы. Ол Крыловты аударған. «Арыстан, киік, hәм түлкі»деген мысал өлеңін былай тұжырымдайды. «Кісіге таза жолдас табу қиын»,
Көбіне - ақ дос етеді мал мен бұйым,
Досыңнан дұшпаныңнан бірдей сақтан
Басыңда сірә «Ахмет болса миың» - деп, өзіне арнаған. Енді бірде:
Ойлама шын достарым мол екен деп,
Сөзіне ере берме жол екен деп
Досыңды қиын іске қайрап тұрған
Білгейсің шын дұшпаның сол екен деп, немесе ол «Жұртыма», «Қара бұлтта»деген өлеңдерінде қаңсып жатқан далаға жпаудың орнына қарабұлттың жауыны теңізге жауын орынды сынайды. Жаңбырсыз «даланы» бейқам жатқан қазақ дейді. Ахиет өлеңі, аудармасы болсын бәрі қазақ өміріне әкеліп тірейді. Ойанарма екен, сабақ алар ма екен, серпілер ме екен деумен болады.
Қазақ АССР - і құрылғаннан кейін А. Байтұрсынов 2 жыл бойы Республиканың Халық ағарту комиссияры Бүкілресейлік Орталық Ағарту Коммитетінің, Қазақ Орталық Атқару Комитетінің газетінің мүшесі болып жұмыс істеді, одан соң Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің газеті Ақ жолда, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы Қазақстан академиялық орталығында еңбек етті.
А. Байтұрсыновтың ғылыми - творчестволық мұрасын негізінен үлкен үш салаға бөліп қарауға болады. Олар: автордың ағартушы, ғалым, тіл тану, әдебиеттанудың алғашқы ірге тасын қалаушы ретіндегі еңбегі ақындық және аудармашылық творчествосы.
А. Байтұсынов өзінің саналы өмірін қазақ қоғамында білім - ғылымның жоғары бағаланып, ағартушылық бағыт әбден қалыптасқан кезде бастады. Ол ауыл мектептерінде, семинарияларда халыққа білім беру, оны жетілдіру саласында көп ізденді, коптеген мақалалар еңбектер жазды. «Әліп - би», «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» атты кітаптар, қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфабитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың методикасы туралы көптеген мақалалар жазуы 1926 жылы Бакуда болған тюркологтың Бүкілодақтық I съезіне қатысуы (Қазақстаннан А. Батұрсынов, Е. Омаров, А. Байсейітов, Б. Сүлеев, Н. Төреқұлов делегат болып қатысқан. Ахмет осы съезд президиумына және бірнеше комиссия құрамына сайланған), Қазақстанның оқу - ағарту комиссариатындағы жұмысы - осының бәрі оның қоғамдық мәдени, ағартушылық, ғалымдық қызметінің қомақтылығын аңғартады.
Белгілі Совет тюркологы акдемик А. Н Кононовтың А. Байтұрсыновты көрнекі тюркологтардың қатарында еске алып, оның қазақ алфавитін жүйелі оқу құралдарын жасмау фонетика мен грамматика саласындағы қазақ мәдениеті мен әдебиеті туралы зерттеулерінің маңызы туралы жазуыда тектен - тек емес.
Әдебиеттану ісіне А. Байтұсыновтың қосқан үлесі аса мол. Қазақ тілімен көркем сөзі, сана салты, дүние танымы А. Байтұрсыновтвы семинарияда оқып жүрген кезінен бастап қатты қызықтырғанға ұқсайды өйткені ол Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын семинарияны бітірген 1895 жылдың өзінде Тургайская газетінің 39- санында Казахские приметы и пословицы деген мақала жариялаған: Бұл оның баспа бетін көрген алғашқа еңбегі. Оның үстіне мақаланың осы газет бетіне басылуының өзі көңіл аударалық нәрсе.
Саналы өмірін қоғамдық ағартушылық қызметке іштей бастаған дайындалып бастаған А. Байтұрсыновтың халықтық көркем мұраның мән-маңызына, эстетикалық қадір-қасиеттеріне бойлап, оны жинап бастыруға ұмтылысын байқату. Ол өзі де шығармалар жазып, басқа халықтар қазынасының үлгілерін туған халқына жеткізу мақсатында аудармалар жасады. Көп ұзамай «Қырық мысал», «Маса» жарияланды. Осы жылдары А. Байтұрсынов ідебиет тарихын зерттеумен шұғылданды. Оның Қазақ газетінің 1913 жығы 3 санында шыққан Қазақың бас ақыны деген көлемді мақаласы әдебиеттану саласындағы алғашқы зерттеуі. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені өмірбаяны шығармаларының мазмұн тереңдігі мен ақындық шеберлігі поэтикасы орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айттылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Осы мақалада Абайдың өлеңдерінің тексі келтіріліп, ақынның поэзияға деген көзқарасы эстетикасы поэзияның адам өміріндегі рөлі байсалды талданған. Мақалада айтылғын пікір-тұжырымдардың негізделген концепцияны бірсыпырасы кейін ғылым тарапынан қолдау тауып, бұл жүйедегі зерттеулерде дәлелденіп, орнығып, жалғасымын тапты.
Кейінгі қоғамдық және басшылық қызыметтер атқарған кездерінде де Ахмет ғыялым саласындағы жұмыстарын тоқтатпақан ол 1923 жылы Москвада қазақтың эпостық жыры Ер Сайынды алғы сөзбен ғылыми түсініктемелерімен бастырып шығарған.
А. Байтұрсынов бастырған Ер Сайын негізінен ел қорғаушы батырлардың жорықтарын ерлігін баяндайтын белгілі эпостық жыр нұсқасы. Ео арасында көбіне ауызша айтылып, сақталып келлген көлемді, шамасы 3000 тармақ, тіл шұрайлы осы жырды 1870 жылы В. Радлов Солтүстік түрік тектес халықтардың ауыз әдебиет үлгілері жинағына енгізгені белгілі. Орынбор архив комиссиясының ғылыми еңбектерінде бұл жыр Бозманай деген атпен басылған. 1922 жылы Ташкентте жарық көрген, ал А. Байтұрсынов Ер Сайын жырын Москвада бастырып астана басылымы арқылы еліміздің басқада халықтарының назарына ұсынды. Ер Сайын жырының баспа бетін көрген және Қазақ ССР Ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы нұсқаларын салыстыра зерттеу негізінде А. Байтұрсынов нұсқасының идеялық - көркемдік деңгейін мән - мазмұнын анықтау да алдағы күндердің міндеті болмақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz