Интернеттің арқасында күнделікті дамып жатқан ғылымның арқасында


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Интернеттің арқасында күнделікті дамып жатқан ғылымның арқасында

Жаһандану қаласақ та, қаламасақ та, болатын нәрсе. Біз оған ендік. Қазір технологияның, Интернеттің арқасында күнделікті дамып жатқан ғылымның арқасында бүкіл әлем бір ауыл сияқты болды. Қандай бір жаңалық, ғылыми өзгеріс болып жатса, оны бүкіл әлем біліп отырады. Үлкен ғаламды бір ауылға айналдырдық. Сондықтан бұның ортақ тұстары табиғи түрде болатын нәрсе. Бірақ оның ықпалы екі түрлі болады. Жақсы жақтары технология, ғылым жағы мен басқару, тәлім-тәрбие берудегі құптарлық жағы жетерлік. Онымен қоса, ұлттық психологиямызға, менталитетімізге, философиямызға, табиғатымызға сай емес жат дүниелер келеді онымен бірге. Ал бұған бірден-бір қарсы тұратын күш - дін. Мысалға, ашық-шашық киіну үрдісі бізге жаһанданудың арқасында келген нәрсе. Кинолар, әр түрлі газет-журналдар, Интернет арқылы көре-көре ашық-шашық киінуді біз қазір мәдениет ретінде қабыл алдық. Қыздарымыз солай киінгенді мақтан тұтады. Бұған нені қарсы қоя аласыз? Ұлттық құндылықтар қарсы тұра алмайды. Оған қатал бір тыйым керек. Ол - адамның жүрегіндегі дін, иман. Қазір Батыста ең етек алған нәрсе - отбасылардың ажырасуы, бұған үлкен әсер етіп отырған жай дінсіздік. Сондықтан бізге де радикалдық емес, таза өзіміздің дәстүрімізбен сабақтасқан дінге мойын бұру қажет. Сонда ғана ұлт жаһандануға қарсы тұра алады.

- Дін тұтастығы ұлт тұтастығының бір өлшемі дейтін болсақ, соңғы кездерде бір қазақтың өзінің бірнеше дінге кіруі жиілеп кетті. Бұл түбі біздің мемлекеттік, ұлттық тұтастығымыздың бұзылуына әкеп соқпай ма?

- Неше адам болса, сонша пікір болуы заңдылық. Бірақ сол пікірлердің бәрі дұрыс деген ой тумауы керек. Сондықтан мемлекет қандай іс болса да өзінің саясатына қарай ыңғайлап, бағыттап отыруға тиіс. Қандай үгіт күшті болса, соның артынан еріп кету - адам психологиясына тән нәрсе. Сондықтан басқа дінге өтіп жатқандардың көпшілігі сол дінді ерекше түсінгендіктен емес, сезімге беріліп немесе қандай да бір материалдық нәрсеге қызығушылықпен кетіп жатқандар. Мемлекет ұлт, мемлекет тұтастығын сақтау үшін дін тұтастығын сақтауға күш салуы керек. Ол үшін ғылыми бағдарламалар жасалып, әсерлі, діни кинофильмдер, мультфильмдер, газет-журналдар шығарылуға тиіс. Бұған мемлекет арнайы қаржы бөліп, дінді мемлекеттің ең үлкен идеологиясына айналдырған елде ғана тұтастық болмақ. Қай ұлт діни жағынан екіге бөлінсе, ол - ұлт ретінде екіге бөлінеді. Бізді дін біріктіреді. Бұл ретте мемлекет арнайы дінге қатысты бағдарлама әзірлесе, артық болмас еді. Тіпті дінді экономикалық саяси мәселелерден де жоғары қою қажет дер едім. Осыдан шығатын тағы бір әңгіме - кадр дайындаудағы қиыншылықтар. Әрине, имамдар дайындалып жатыр. Бірақ олар мешіттердегі халықтан түсетін қаржыға қарап отыр. Ал оның көп болмайтыны белгілі. Мәселен, Түркияда, Египетте арнайы қорлар бар. Сол қорлар арқылы бүкіл имамның жағдайы жасалған. Жалақы, үй, басқа да әлеуметтік мәселелер осы қорлар арқылы шешіледі. Бізде дін мен мемлекет бөлек дегенімізбен, мүмкін, кәсіпкерлердің басын қосып болса да, қор құрып, имамдардың жағдайын жасаса, қазіргідей діни қызметкерлердің жетіспеушілігі болмайтын еді. Әрі имамдар халықтың қайыр-садақаларына мұқтаж болмас еді. Мұқтаж болмаған соң, олардың беделі жоғары болмақ. Ал беделі жоғары адамның сөзі де өтімді болары анық.
- Аллаһ Тағала - жалғыз. Дара. Солай бола тұра, Құранның көптеген жерінде неліктен «Біз» деген? Мысалы, «Қадір» сүресінде «Сөзсіз, біз Құранды Қадір түні түсірдік» деген аят бар.

- Құранда Аллаһ Тағаланың жалғыз, дара, бір екендігіне байланысты көптеген айқын аяттар бар. Мысалы, бәрімізге мәлім «Ықылас» сүресінде «Аллаһ - жалғыз» делінеді. Ал кейбір сүрелердегі Ұлы Жаратушының өзі үшін «біз» деуінің астарында араб тілінің ерекшелігі жатыр. Мысалы, орыс тілінде екінші жақтың жекеше түріне «ты» делінеді. Алайда кейде адамға деген құрметті, ізеттілікті, сыпайылықты білдіру үшін жалғыз адамның өзіне екінші жақтың көпше түріне қолданылатын «вы» сөзі қолданылады. Сол секілді араб тілінде де «біз» делінген уақытта Аллаһ Тағаланың ұлылығы мен жаббарлығын білдіру үшін қолданылады. Арабша «Муғжамул-уасит» сөздігінде былай делінеді: «нахну», яғни «біз» сөзі екі және үш адамға көпше түрінде қолданылатыны секілді кейде ұлықтау мұрат етілген кезде бір адамға да қолданылады.

- Кейбір діни сауаты төмен адамдар «менің намаз оқып, ораза тұтқаным Аллаһқа қажет» деп ойлайды. Аллаһ Тағала біздің ғибадатымызға зәру ме? Неліктен біздің ғибадат етуімізді талап етіп, орындамағандарды азаптайтынын ескертуде?

- Мысалы, кез келген атақты суретшінің табиғатты өрнектеген суретіне қарап таңғалып, тамсана таңдай қағамыз. Оның өнерін, шеберлігін, талантын мойындап, оған мақтау айтамыз. Ал енді сол суретшінің салған суретін бір сәт бағалап көрелікші!. . Өспейді, өнбейді, төрт мезгілде әр түрлі құбылысқа енбейді, ағаштары жеміс бермейді, сулары ақпайды, құстары сайрап, балықтары жүзбейді. Міне, біздер осындай жансыз, жасанды, көшірме суреттерге қарап, таңғалып, таңдай қағамыз. Бірақ сырттағы көркемдігі ғажап мына шынайы әлемге көңіл бөлмейміз. Ондағы жұпар иісі аңқыған сан алуан гүлдерді, әр түрлі жеміс-жидегін шашу еткен ағаштарды, құрлық пен теңізді мекендеген сансыз қасиетке ие жанды-жансыз атаулыны, көздің жауын алар жасампаздыққа тұнып тұрған жалпы табиғатты жаратқан негізгі Ұлы Суретшінің, шебер Жаратушының шеберлігі мен құдіретінің, шексіз білімінің алдында таң қалып, тамсанбай қалай ғана жәйбарақат жүре аламыз. Ендеше біздің барлық құлшылығымыз осы Ұлы Жаратушының теңдессіз шеберлігін мойындап бас ию. Иә, парыз етілген намазды оқудың сауабы мен оқымаудың жазасы адамға тиесілі. Адам баласы Хақ Тағаланың құзырында күніне бір сағат намаз оқуымен яки Оның берген мал-мүлкінің қырықта бірін зекет етіп мұқтаждарға таратуымен немесе Рамазан айында бір ай аш қалуы арқылы еш нәрсеге мұқтаж болмаған Аллаһ Тағалаға нендей жәрдем беріп, Оның қандай қажетін өтей алмақ? Ұлы Жаратушымыз біздің құлшылығымызға да, тіпті жаратылыстағы еш нәрсеге де мұқтаж емес. Керісінше, барлық жаратылыс атауы Оған мұқтаж.

Мейірімді дәрігер ауру жандарға жаны ашып, көмек көрсетпек ниетпен тегін емдесе, ауру адамдар: «Бұл дәрігер бізді емдеуге қаншалықты зәру?» дей ала ма?! Немесе, мейірімді дәрігер сол ауру адамның ауруларына шипа болар әр түрлі дәрілерді «іш» деп бұйырса, әлгі ауру жан: «Бұл дәрігер маған бұл дәрілерді ішкізуге зәру-ау, шамасы» демесі анық. Міне, тура осы сияқты АллаҺ Тағала біздің екі дүниеде де бақытты болуымыз үшін, рухани дертіміздің дауасы ретінде намаз, ораза, зекет сияқты ғибадаттарды біздерге парыз еткен.

Ғибадат - адамның кемелденуіне, еш нәрсеге қанағаттанбаған рухы мен жүрегінің жай тауып, шексіз рақатқа қауышуына, денесінің саулығына, сан алуан сезімдерінің жетілуіне, мінезқұлқының толысып көркемденуіне ықпал етеді.

Һәм ғибадат - «адаларам» деп ажыратпай, «жақсыжаман» деп талғамай, әр нәрсені татқысы келетін тойымсыз асау нәпсісінің тізгінделіп, тәрбиеленуіне, қоғамда тыныштықтың орнауына, зуылдап өтіп жатқан уақытымыздың есептеліп, күнделікті ісіміздің реттеліп, жүйеленуіне ықпал жасайды. Ал мұның бәрінің пайдасы Аллаһ Тағала үшін емес, біз үшін қажет.
Иә, парыз етілген намазды оқудың сауабы мен оқымаудың жазасы адамға тиесілі.
- Намаз оқу туралы сөз қозғала қалса, «Ең бастысы, жүрегім таза, ешкімге қиянатым жоқ, кейін жасымыз келгенде көрерміз . . . » деп намазды кәрілердің іші пысқанда немесе өлім күні жақындағанда шұғылданатын ісі көретіндерге не деуге болады? - Егер намазды тек қана жүрегі кір, көңілі пендешілікке толы қиянатшыл пенделер ғана оқитын болса, онда күнә атаулыдан пәк пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. у. ) әрі Оның артынан ерген қаншама ғұламалар мен тақуа жандар неліктен өле-өлгенше бес уақыт намаздарын қалт жіберместен оқыған? Егер жүрегінің тазалығы үшін намаз оқымауға рұқсат етілген бір ғана жан болар болса, ол адам - сөзсіз Аллаһ Елшісі Мұхаммед (с. а. у. ) болар еді. Алайда ол (с. а. у. ) керісінше, күллі адамзаттан артық намаз оқып, құлшылық жасайтын.
Иә, Аллаһ Елшісі (с. а. у. ) бес уақыт парыз намазды былай қойғанда, түн жарымда тұрып «тәһәжжуд» намазын егіле жылап, аяқтары талып-ісігенше оқитын. «Уа, Расулаллаһ, өзіңді неге мұнша қинайсың? Аллаһ Тағала сенің барша күнәларыңды кешірді емес пе?» - деген Айша анамыздың сұрағына: «Аллаһқа шүкір еткен құл болмайын ба?» - деп намазды тек күнәһар адамдардың оқымайтындығын білдірген. Жүрегім таза, көңілім пәк деу - күнәсізбін деген сөзге саяды. Ал өзін күнәсізбін деген адам осы сөзімен-ақ күнәһардың нағыз өзі болмақ. Өйткені күнә істеу - пайғамбарлардан тыс барша адамзатқа ортақ құбылыс. Күнәсінің бар екенін білмеген адам - күнәсін мойындаған адамнан әлдеқайда төмен тұрады. Күнәсінен бейхабар адам күнәсі мен қатесін, кемшіліктерін түзеуді мүлде ойламақ емес. Себебі оның пайымдауынша, ол - күнәсіз, қатесі жоқ адам. Ал мұндай күйдегі адам жалған дүниеде өзін қанша ақтағанымен, о дүниеге таудай-таудай күнәларын қоса ала кетпек. Сол жерде ғана өзінің кінәсін мойындап, тәубе қылмақ. Бірақ ол кезде өкініш, әттеген-ай атаулыдан иненің жасуындай да қайыр болмасы белгілі.
- Кейбір жоғары оқу орындарының ректорларының ақылы жеткен жері сол - «Орамал тағу - арабтың, түріктің әдет-ғұрпы» деп, намаз оқитын қыздардың орамалымен алысумен келеді. Осынының ара жігін ажыратып берсеңіз. - Киім киюдің бұл үлгісі ислам діні әкелген жаңалық емес. Керек десеңіз, бұл еврей мен христиан дінінде де, корей, жапон секілді көне мәдениеттерде де бар. Мысалы, еврей хахамы Менахем M. Брейер («Йешива» университетінде киелі кітап әдебиетінің профессоры) еврейлік дін құқығы бойынша әйелдерінің орамал тағуға тиісті екенін айта келе, кейбір танымал раввиндерінің мынандай сөздерін келтірген: «Еврей қыздарына орамалсыз, сыртқа шығу жараспайды», «Әйелдерінің орамалсыз жүруіне рұқсат еткен еркектерді қарғыс атсын!», «Еркектерге ұнау үшін басын ашып жүрген әйелдер жоқшылық әкеледі». Әйелдің орамалсыз, жалаңбас жүруі жалаңаш жүрумен тең саналғандықтан, иудаизм орамалсыз жүрген әйелдің жанында дұға сияқты ғибадаттарды жасауға тыйым салады. Еврей діні бойынша, орамал тағу - әйелдің абыройы мен беделін, әлеуметтік жағдайын білдіреді. Сондықтан төменгі таптағы әйелдер жоғары таптағы әйелдердің қатарында көріну үшін орамал тағуға тырысатын. Орамал тағу тектіліктің нышаны саналғандықтан, байырғы Израильде зинақор әйелдердің орамал тағуына рұқсат берілмейтін. Сондықтан зинақор әйелдер өздерін абыройлылардың санатында көрсету үшін арнайы орамал түрін тағатын. Еуропадағы еврей әйелдері сол жердің тұрақты мәдениетімен араласа бастаған ХІХ ғасырға дейін орамал тағып келген. ХІХ ғасырда Еуропа қоғамы басты ашып жүруге мәжбүр еткендіктен, кейбір еврей әйелдері орамалдың орнына парик киіп жүруді шығарды. Ал бүгінде еврей әйелдері синагогада ғана орамал тағады. Еврей дінінің «Hassіdіsm» мәзһабын ұстанушылар орамалға балама ретінде әлі күнге дейін парик тағуда.
- Ал христиан дінінде орамал тағу мәселесі қалай?
- Католик шіркеуіндегі монах әйелдердің 1000 жылдан бері орамал тағатындығы белгілі. Тертуллиян атты христиан ғалымы бойжеткендердің шашын бүркемелеуге, жабуға байланысты баяндамасында былай дейді: «Бойжеткендер көшеде жүргенде бастарыңа орамал тағыңдар, шіркеуде, бөгде адамдардың жанында және өз ер, бауырларыңыздың жанында бастарыңды ашық ұстамаңдар . . . ». Бүгінгі католик шіркеуінің ата заңдарында шіркеуде әйелдерді бастарына орамал тағуға міндеттейтін арнайы бабтар бар. Амиш және Меннонилер сияқты кейбір христиан ағымдары әлі күнге дейін әйелдердің орамал тағуын талап етуде. Алысқа бармай-ақ, орыс халқының ұлттық киіміне назар аударсақ, олар да орамал тағып, ұзын киім киген. Демек, орамал тағу ислам діні әкелген жаңалық емес.
- Қоғамда заман талабына ілесудің өлшемі «жалаңаштану» сияқты көзқарас қалыптасты. Ал орамал тағып, ұзын киім киіп жүргенді қудалау оларды замана көшіне ілесе алмай, қатардан қалып кеткен ескішіл адамдардай бағалаудан емес пе?. . - Жаһанданудың арқасында біз бүгінгі таңда Батыстың мәдениетінен барынша әсерлендік. Оған ес-түссіз, жақсы-жаманын ажыратып жатпастан, залалы мен пайдасын сараламастан, қатты еліктедік. Сондықтан қоғамымызда әйел адамның етек-жеңін қымтап жүруі, жартылай жалаңаштанудан да тұрпайы көрінуде.
Бүгінде әйел баласы бейне бір зат секілді әркімнің ойына келген арам пиғылдарына ойыншық болуы өкінішті-ақ. Мысалы, әйелдің жалаңаш тәні өзгелердің назарын тарту үшін кәсіпкерлердің тауарларын жарнамалайтын жарнама құралына айналды. Әйтпесе газет жарнамасында, көліктің дөңгелегінің жанында жалаңаш тәнімен тұрған әйелдің оған қандай қатысы бар?
Аллаһ Тағала әрбір жаратылысқа өзіндік ерекшеліктер тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы, жанұядағы орны, жалпы болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда мүлдем ерекше. Әйел адам осы ерекшеліктерін қорғай білген кезде ғана қоғамдағы биік мәртебесін сақтай алады. Әйел адам өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне деген ізеттілігімен қымбат. Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, орамал тағу, ұзын киім кию - әйел адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен адамдардың арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын бірден-бір қорған. Әрі әйел затын мейірімділік, нәзіктік, ар-ұяттылық сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен танытар нышан. Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі - Құранның тікелей бұйрығы. Жартылай жалаңаш киінген әйелдер еркектерді еліктіріп, нәпсіқұмарлығын қоздырады. Бұл жағдай бүгінде көптеген шаңырақтың шайқалуына, көпшілік бойжеткендердің абыройдан айырылуына себеп болуда. Көзі жәутеңдеген мыңдаған пәк сәбилер тастанды болып, жетімханаларға тоғытылса, жылына саналы түрде қаншама аборт жасалуда. Әйел өзінің орамалымен көрікті. Қазақтың «есті қыз етегін қымтап ұстайды» деуі де бекер емес. «Queens әйелдер бюросы» жетекшісінің мәлімдемесі бойынша, Канадада әр 6 минут сайын бір зорлау оқиғасы тіркеліп, әрбір үш әйелдің біреуі әйтеуір өмірінің бір кезеңінде зорлау оқиғасына тап болады екен. Тағы бір ірі мемлекетте 1998 жылы 49 280 зорлау оқиғасы ресми тіркелген көрінеді.
Міне, сондықтан ислам әйел адамға ашық-шашық киінбеуді оны төмен санағандықтан емес, қайта оны қорғау, абырой-беделін көтеру мақсатында бұйырған. Күнделікті өмірде біз құнды, асыл заттарды қоғамдағы бұзық ниеттілердің арам пиғылынан қорғаудың сан түрлі жолын іздейміз. Ендеше, әйел заты да құндылардың құндысы, асылдардың асылы, нәзіктердің нәзігі. Олай болса, оның да бөгделердің алдында ашық-шашық жүргені құптарлық емес.
- Орамал тағудың физиологиялық тұрғыдан да әйелдерге пайдасы бар емес пе?.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары
Қазақ тілді интернет-журналистика: бүгінгі жағдайы мен болашақ дамуы
Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы
Интернет журналистиканың пайда болу тарихы
Интернеттегі PR-технологиясы: портретке берілген ерекшелік
Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері
KZ доменіндегі қазақ кітап сайттары
Интернет журналистиканың даму сипаты және Қазақстанның ақпараттық кеңістігі
Өзінің Бақылау революциясы
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz