Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы



1 Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдерінің әртүрлілігі
2 Алдын ала ойластырылып және жоспарланып жасалған адам өлтіру
3 Адам өлтіру тәсілі мен мәйіттің денесіндегі жарақаттардың сипаты
4 Қылмыс жасауға себеп болатын жағдайлар
Адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыстың ішінде ең ауыры адам өлтіру қылмысы болып табылады. Бұл қылмысты ашуда кездесетін қиыншылықтар айтарлықтай үлкен жұмыс көлемін талап етеді, сондықтан адам өлтіру жөніндегі істі жоғары санаттағы күрделі қылмыс қатарына жатқызады.
Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдерінің әртүрлілігі, олардың себептері және мақсаттары, қылмыскердің пайдаланылатын қарулары және амалдардың ерекшеліктері, қылмыстарды жасаудың орны және уақыты-ның ерекшеліктері оларды тергеудің жалпы әдістемесінде кісі өлтірудің әртүрлі түрлерін тергеудің ерекшелігін көрсететін бірқатар жеке әдістеменің бар болуымен байланыстырылған. Соңғыларына қылмыстың типтік ситуациясына байланысты: атыс-қаруларын, жарылғыш заттарды, кесіп-жаншитын заттарды пайдаланып жасалған кісі өлтірулер, мәйітті бөлшектеумен, бүркемеленген (инсценировка) кісі өлтірулер; пайдақорлық, бұзақылық ниетпен және т.б. көлікте, төбелесте жасалған кісі өлтірулер жатқызылуы мүмкін.
Қылмыстық істі қозғау кезіндегі тергеушінің қолындағы алғашқы мәліметтердің сипаты мен көлеміне байланысты қылмыстарды шартты түрде мынандай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) кісі өлтіру анық жағдайда жасалған; 2) кісі өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.
Бірінші топқа, тергеудің басында-ақ адам өлтіруші тұлға белгілі болған айқын деректерді жатқызамыз.
Мұндай қылмыстар әдетте «тұрмыс-тіршіліктік» қатарына жатады, олар көбіне, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі болатын отбасындағы, сондай-ақ көршілердің, болмаса туысқандардың тағы басқа да жақын танитын адамдардың бір-бірімен ұрыс-керістері, өзара келісе алмаушылықтарынан туындаған жанжалдар мен жеке бастық араздар. Бұл қылмыстарды жасау кезінде қылмыскерлер қылмысты жасауға байланысты алдын ала айла әдістерді таңдап, оның ізін жасыруға алдын ала дайындалмайды. Керісінше күтпеген жерден туындаған жанжалдың нәтижесінде қолына түскен тұрмыс-тіршілікте қолданылатын заттарды, атыс қаруын т.б. қылмыс құралы ретінде пайдаланады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы

Адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыстың ішінде ең ауыры адам өлтіру
қылмысы болып табылады. Бұл қылмысты ашуда кездесетін қиыншылықтар
айтарлықтай үлкен жұмыс көлемін талап етеді, сондықтан адам өлтіру
жөніндегі істі жоғары санаттағы күрделі қылмыс қатарына жатқызады.
Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдерінің әртүрлілігі,
олардың себептері және мақсаттары, қылмыскердің пайдаланылатын қарулары
және амалдардың ерекшеліктері, қылмыстарды жасаудың орны және уақыты-ның
ерекшеліктері оларды тергеудің жалпы әдістемесінде кісі өлтірудің әртүрлі
түрлерін тергеудің ерекшелігін көрсететін бірқатар жеке әдістеменің бар
болуымен байланыстырылған. Соңғыларына қылмыстың типтік ситуациясына
байланысты: атыс-қаруларын, жарылғыш заттарды, кесіп-жаншитын заттарды
пайдаланып жасалған кісі өлтірулер, мәйітті бөлшектеумен, бүркемеленген
(инсценировка) кісі өлтірулер; пайдақорлық, бұзақылық ниетпен және т.б.
көлікте, төбелесте жасалған кісі өлтірулер жатқызылуы мүмкін.
Қылмыстық істі қозғау кезіндегі тергеушінің қолындағы алғашқы
мәліметтердің сипаты мен көлеміне байланысты қылмыстарды шартты түрде
мынандай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) кісі өлтіру анық жағдайда
жасалған; 2) кісі өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.
Бірінші топқа, тергеудің басында-ақ адам өлтіруші тұлға белгілі болған
айқын деректерді жатқызамыз.
Мұндай қылмыстар әдетте тұрмыс-тіршіліктік қатарына жатады, олар
көбіне, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі болатын отбасындағы, сондай-ақ
көршілердің, болмаса туысқандардың тағы басқа да жақын танитын адамдардың
бір-бірімен ұрыс-керістері, өзара келісе алмаушылықтарынан туындаған
жанжалдар мен жеке бастық араздар. Бұл қылмыстарды жасау кезінде
қылмыскерлер қылмысты жасауға байланысты алдын ала айла әдістерді таңдап,
оның ізін жасыруға алдын ала дайындалмайды. Керісінше күтпеген жерден
туындаған жанжалдың нәтижесінде қолына түскен тұрмыс-тіршілікте
қолданылатын заттарды, атыс қаруын т.б. қылмыс құралы ретінде пайдаланады.
Белгісіз жағдайларда жасалған адам өлтіру қылмыстарын – күш қолдану
белгілері бар мәйіттің табылуына байланысты немесе хабар-ошарсыз кеткен
адамдардың өлгендігін куәландыратын мәліметтер бойынша қылмыстық іс
қозғауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілетін қылмыстарды жатқызамыз.
Мұндай жағдайларда қылмыстық іс қозғау кезінде тергеушіде адам өлтіру
қылмысының жасалу жағдайы (қылмыскердің, көбіне жәбірленушінің жеке басы
туралы; қылмысты жасау ниеті мен мақсаты) туралы ешқандай мәліметтер
болмайды. Бұл жерде қылмыс көп жағдайларда алдын ала ойластырылып, әрекет
ету бағыты мен кезектілігі мұқият қарастырыла отырып жоспарланып, қылмыстың
ізін жасыру мақсатында қолайлы әдіс-тәсілдерді таңдап алып, арнайы адам
өлтіру немесе ол қылмысты жасауға қатысу ниеті мен мақсатында жасалады.
Адам өлтіруге байланысты қылмыс жасау тәсілдері әртүрлі болып келеді және
ол жәбірленушінің жеке өміріне қол сұғып тікелей өмірінен айырылуға
бағытталатын келесідей белсенді әрекеттерден тұрады: дене жарақатын салу,
жылжып келе жатқан поездың астына қарай итеріп жіберу т.б. Кейбір
жекеленген жағдайларда әрекетсіздік жолымен де мұндай қылмыстар (жаңа туған
нәрестелер мен өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарды тамақтандырмай қою
арқылы) жасалуы мүмкін.
Қылмыскердің адам өлтіру үшін нақты бір тәсілді таңдап алуына мынандай
факторлар әсер етеді: жәбірленуші мен айыпкердің жасы, жылы, физикалық
дамуы, қылмыстың жасалу уақыты мен жері, оның ниеті мен мақсаты, қылмыскер
мен оның құрбанының өзара байланысының болуы, оның сипаты, сондай-ақ басқа
да жағдайлар.
Адам өлтіру қылмыстарын жасауда қолданылатын тәсілдердің кеңінен тараған
түрлеріне келесілерді жатқызуға болады:
- әртүрлі құралдарды, заттарды қолдану арқылы жәбірленушіге дене
жарақатын салу;
- жәбірленушіні дәрменсіз күйде қалдыру, болмаса осы жағдайды пайдалана
отырып оған дене жарақатын салу, оны қылғындыру, т.б. Сондай-ақ
өміріне қауіп төндіретіндей (қыс мезгілінде ашық елсіз жерлерде оны
жалаңаш, киімсіз тастап кету) жағдайларға душар ету.
- жәбірленушіні өте биік жерден лақтырып жіберу;
- жәбірленушіні жылжып келе жатқан көлік құралдарынан (поезд, автокөлік,
теплоход) лақтырып жіберу;
- жәбірленушінің организміне улы заттарды жіберу және т.б.
Қылмыскер жекеленген жағдайларда өзінің кінәсіздігін нақтылайтындай
жалған дәлелдемелер құру үшін, жасалған әрекет пен жәбірленушінің өлуінің
арасындағы белгілі бір уақыт өтуін есепке ала отырып қылмысты жасау тәсілін
таңдап алады. Қылмыстарды жасаудың мұндай тәсілін – баяу әсер ететін
жарылғыш, болмаса улы заттарды қолдану арқылы тергеу барысында кездестіруге
болады.
Алдын ала ойластырылып және жоспарланып жасалған адам өлтіру қылмыстары
белгілі бір дайындықтар жасаудан тұрады: адам өлтіру үшін қылмыс құралын,
қаруын алдын ала іздейді, көздеген мақсатын жүзеге асыруға байланысты
кездесетін кедергілердің алдын алу жағдайлары жасалады, сонымен қатар
қылмыстың ізін немесе оған өзінің қатысқандығын жасыруды қамтамасыз ету
әрекеттері жасалады. Егер қылмыскердің қылмыс жасауға таңдап алған
тәсілдері қандай да бір ерекше құрылғыларды, жарылғыш, улы заттарды
дайындап жасаумен немесе басқа да арнайы таным білімдерімен байланысты
жағдайларда, қылмыскерлер – техникалық, медициналық, химиялық, физикалық
және басқа да арнайы әдебиеттерді зерттеп оқиды.
Қылмыскерлер адам өлтіру қылмыстарын жасау кезінде қылмыс құралы ретінде
тұрмыс-тіршілікте пайдаланатын (асханалық және жиналмалы пышақ, балға,
балта, т.б.) заттарды, қылмыскердің қылмыс жасау үстінде қолына түскен
оқиға болған жердегі кездейсоқ заттарды (тас, құбыр, темір кесінділері,
бөтелке, т.б.) және басқа да қолдан жасалған әртүрлі суық қаруларды
қолданады. Адам өлтіру кезінде қылмыскер атыс қаруларын қылмыс құралы
ретінде – тік оқпанды, қолдан жасалған және жартылай қолдан жасалған (шиті
мылтық, шолақ мылтық) қаруларды пайдаланады. Ал улы заттарды қылмыс құралы
ретінде пайдалану кезінде, олар көбінде жеке өндіріске қолданатын адам
жүйкесіне күшті әсер ететін дәрі-дәрмек пен уландыратын қоспаларды таңдап
алады. Адам өлтіру қылмыстарын жасау кезінде, тергеліп отырған оқиға
жөнінде күш қолдану әрекеттерін және басқа да жекеленген мән-жайларды
куәландыратын, атап айтқанда: қылмыстың механизмін, құралын, оған қолданған
тәсілдерді және қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері мен әрекет-
мақсаттарын, қылмыстың ізін жасыру әдістерін сипаттайтын әртүрлі іздер
пайда болады.
Мұндай іздерге қылмыскердің: қол саусақ іздері, тісінің, тырнағының, аяқ
киімінің іздері; көлік және бұзу құралдарының іздері; қылмыс болған
жердегі, айналадағы заттарда қалған іздер, арпалыс іздері, мәйіттегі дене
жарақат іздері, табиғи биологиялық іздер (қан, ағза, сілікей және т.б.);
адам өлтірудегі қылмыс құралын қоса алғанда, қылмыскердің ұмытып кеткен,
болмаса лақтырып тастап кеткен заттары жатады. Негізгі іздер, көбінде
мәйітке, оның киімдерімен оған тығыз жақын жатқан обьектілерге шоғырланады.
Жекеленген іздер мен заттай дәлелдемелер қылмыскер қылмыс жасап болған соң,
кеткен бағыттарындағы жерлерде қалады. Сезіктіні ұстау кезінде оның
денесінен, киімдерінен, одан алынған қылмыс құралдарынан қылмыстың іздері
табылуы мүмкін.
Қылмыскерлер адам өлтіру қылмысын жасыру тәсілдерін таңдап алуына қылмыс
жасалатын жер (орын) және қылмыскер мен жәбірленушінің өзара арақатынас
сипаты әсер етеді. Бұл жасалған әрекеттің сипаты мен кезектілігі
қылмыскердің жеке басы туралы мәліметтер мен қылмыс жасау жағдайларына
байланысты анықталады.
Жәбірленуші мен қылмыскер өзара таныс болмаған, болмаса олар кездейсоқ
танысқан жағдайларда, қылмыс болған жер айыпкерге еш қатысы жоқ болған
жағдайларда, адам өлтіру қылмысын жасап болған соң, олар оқиға болған
жерден тезірек қашып кетуге тырысады. Олар қылмыс болған жерден тезірек
кетуге мүмкіндіктер бермейтін кедергілерді алдын алу үшін өлтірген адамды,
яғни мәйітті уақытша жақын маңға тығу әрекеттерін жасайды. Егер, мысалы:
мәйіт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өміріне қарсы қылмыстардың түсінігі
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы
Адам өлтіру
Адам өміріне қарсы қылмыстардың криминалистік шаттамасы
Адам өлтіруді және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
Криминалистика пәнінен дәрістер
Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Адам өміріне қарсы қылмыстар
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының криминалистік сипаттамасы
Адам өміріне қарсы қылмыстар түсінігі
Пәндер