Араб халифаты және мұсылман құқығы



1. Мұсылман құқығының қазіргі қоғамға икемделуі
2. Алаб халифатының пайда болуы
3. Араб халифатының қоғамдық құрылысы
4. Омеядтар кезеңіндегі мемлекеттік құрылыс (661.750 жж.)
5. Абассидтер кезеңіндегі мұсылман құқының өзгешеліктері
6. Шығыс елдеріндегі мұсылман құқының өзгешеліктері
Мұсылман құқығының қайнар көздері:
а) Құран.ислам дінінің бас кітабы
б) Сунна.құдайға байланысты дәстүрлер
в) Иджма.мұсылман қоғамының біртұтас келісімі
г) Қияс.аналогиялық пікірлер
7. Отбасылық және мұрагерлік құқығының ерекшеліктері
а) Отбасылық құқық
б) Некенің түрлері
в) Талақ
г) Мұрагерлік құқық
д) Мұрагерлік құқын жоғалтатындар
Араб халифаты мемлекеті және оның құқығының тарихын оқып үйрену маңызды. Мұсылман құқығының принциптері бүгінгі саяси өмірде кеңінен қолданылады. Кейде ислам қағидалары догмаға да айналып кетуі мүмкін. Мұсылман құқығы кеңінен тарап, тұрақтап қалған мұндай елдерге: Марокко, Тунис, Сирия, Мавритания, Иран, Пәкістан, Ирак т. б. жатады.
Қоғамдық өмірдегі жалғыз ғана реттеуші заң ретінде шариғатты ұзақ мерзімге орнықтыруға бірнеше себептер ықпал жасады. Шығыс елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға көптеген ғасырлар бойы ислам діні жетекшілік етті және оның батыс діңдерден елеулі айырмашылығы болды. Феодализм дәуірінен бері қарай ислам діні мындаған жылдар бойы қоғамдық қозғалысқа мұрындық болды.
Айтарлықтай маңызды орын алатын жағдайдың бірі - мешіт ұзақ уақыт бойы діни орын ретінде қызмет етті. Онымен қатар шариғаттың тірегін әрқашанда адатпен байланыстырған жөн, халықтың күнделікті тұтынатын ислам қағидалары діни құқық болып қалыптасқан.
Арабтар жаулап алу кезіндегі шариғат шарттары құқық ретінде Египет, Сирия, Месопотамия, Кавказ бен Орта Азия елдеріңде қабылданған. Адат шариғаттың, шариғат адаттың сақталуына мүмкіндік туғызып отырған.
Ұзақ уақыт бойы ақсүйектер мен діни үкімет бір адамның (халифтың, сұлтанның, әмірдің) қолында болып келді.
Бұл жағдай сапасы жағынан алғанда шариғат қолданыстағы бірден-бір заң ретінде мұсылмандардың қоғамдық өмірдегі құқына байсалды түрде әсер етіп отырды. Ол тіпті капиталистік қарым-қатынас пен тәртіптің орнауына айтулы ықпал етті. Бірақ буржуазиялық қарым-қатынастардың дамуы шариғат монополиясын бұзды.
Осы күндері мұсылман елдерінің көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер ұйымдары құрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды. Шариғат сотының сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең жол ашты. Бұндай жағдай қоғамдық-философиялық ойдың дамуына, өмірге материалистік тұрғыдан қарауға кедергі жасады. Көзқарастары демократиялық тұрғыда қалыптасқан адамдар да дін иелерінің қудалауына түспес үшін өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап отыруларына тура келді. Ислам мен шариғат осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда елдердің дамуына кері әсерін де тигізді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Араб халифаты және мұсылман құқығы

Жоспар

Мұсылман құқығының қазіргі қоғамға икемделуі
Алаб халифатының пайда болуы
Араб халифатының қоғамдық құрылысы
Омеядтар кезеңіндегі мемлекеттік құрылыс (661-750 жж.)
Абассидтер кезеңіндегі мұсылман құқының өзгешеліктері
Шығыс елдеріндегі мұсылман құқының өзгешеліктері
Мұсылман құқығының қайнар көздері:
а) Құран-ислам дінінің бас кітабы
б) Сунна-құдайға байланысты дәстүрлер
в) Иджма-мұсылман қоғамының біртұтас келісімі
г) Қияс-аналогиялық пікірлер
7. Отбасылық және мұрагерлік құқығының ерекшеліктері
а) Отбасылық құқық
б) Некенің түрлері
в) Талақ
г) Мұрагерлік құқық
д) Мұрагерлік құқын жоғалтатындар

АРАБ ХАЛИФАТЫ

Араб халифаты мемлекеті және оның құқығының тарихын оқып үйрену маңызды. Мұсылман құқығының принциптері бүгінгі саяси өмірде кеңінен қолданылады. Кейде ислам қағидалары догмаға да айналып кетуі мүмкін. Мұсылман құқығы кеңінен тарап, тұрақтап қалған мұндай елдерге: Марокко, Тунис, Сирия, Мавритания, Иран, Пәкістан, Ирак т. б. жатады.
Қоғамдық өмірдегі жалғыз ғана реттеуші заң ретінде шариғатты ұзақ мерзімге орнықтыруға бірнеше себептер ықпал жасады. Шығыс елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға көптеген ғасырлар бойы ислам діні жетекшілік етті және оның батыс діңдерден елеулі айырмашылығы болды. Феодализм дәуірінен бері қарай ислам діні мындаған жылдар бойы қоғамдық қозғалысқа мұрындық болды.
Айтарлықтай маңызды орын алатын жағдайдың бірі - мешіт ұзақ уақыт бойы діни орын ретінде қызмет етті. Онымен қатар шариғаттың тірегін әрқашанда адатпен байланыстырған жөн, халықтың күнделікті тұтынатын ислам қағидалары діни құқық болып қалыптасқан.
Арабтар жаулап алу кезіндегі шариғат шарттары құқық ретінде Египет, Сирия, Месопотамия, Кавказ бен Орта Азия елдеріңде қабылданған. Адат шариғаттың, шариғат адаттың сақталуына мүмкіндік туғызып отырған.
Ұзақ уақыт бойы ақсүйектер мен діни үкімет бір адамның (халифтың, сұлтанның, әмірдің) қолында болып келді.
Бұл жағдай сапасы жағынан алғанда шариғат қолданыстағы бірден-бір заң ретінде мұсылмандардың қоғамдық өмірдегі құқына байсалды түрде әсер етіп отырды. Ол тіпті капиталистік қарым-қатынас пен тәртіптің орнауына айтулы ықпал етті. Бірақ буржуазиялық қарым-қатынастардың дамуы шариғат монополиясын бұзды.
Осы күндері мұсылман елдерінің көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер ұйымдары құрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды. Шариғат сотының сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең жол ашты. Бұндай жағдай қоғамдық-философиялық ойдың дамуына, өмірге материалистік тұрғыдан қарауға кедергі жасады. Көзқарастары демократиялық тұрғыда қалыптасқан адамдар да дін иелерінің қудалауына түспес үшін өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап отыруларына тура келді. Ислам мен шариғат осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда елдердің дамуына кері әсерін де тигізді.
Көбіне ислам дінінің прогрессивті рөлі де болатынын ескеру керек. Мысалы, 1978-1979 жылғы Иран төңкерісіңде Иран дін иелері төңкерісті басқарды. Шах өзінің мемлекетті басқарған соңғы жылдарында дін иелерінің үстінен бақылау қоюға тырысты. Бұл, әрине, дінге сенуші халықтың қобалжуын, наразылығын туғызды. Бұл кездерде мешіт бұқара халыққа әсерін тигізе алатын және Иранда қалың жұртшылықта ежелден келе жатқан байланысы бар ұйымдасқан ресми күш еді.

Мұсылман құқығынын қазіргі қоғамға икемделуі. Мұсылман құқығы осы күнге дейін әлемдегі ықпалды жүйелердің бірі болып отыр және ол миллиардқа жақын мұсылманның өзара қатынастарын реттейді. Мұсылман халқы қоныстанған көптеген мемлекеттер ислам дінінің принциптеріне адал екендігін жариялайды. Бұл жариялық Марокко, Египет, Индонезия мемлекеттерінің конституцияларында бекітілген.
Мұсылман құқығы өзгеріссіз. Бірақ оның қолданылу мүмкіндігі өте кең. Себебі, ол өмір талаптарына байланысты икемделе алады. Құқықты өзгертпей, қарама-қарсы жақтардың келісуі арқылы, әдет ғұрыптың жаңғыруына, қоғамның дамуына әсер ететін жағдайларды кіргізуге мүмкіндіктер табылады.
Қазіргі кезде діни факторлардың әсер етуі едәуір күшейіп, ол ислам дінінің әр елдерінде қоғамдық дамудың дәстүрлі кезеңі ретінде қалай таралса, әлемдік саясатта да сондай жағдайда. Ислам факторы Иран төңкерісінің бірінші кезеңінде шахқа қарсы және империализмге қарсы бағыттың күшеюіне мүмкіңдік туғызды.
1979 жылдың басында Зия-уль-Хактың жар салуымен Пәкістандағы қоғамдық-саяси және экономикалық құрылысты исламдық негізде ұйымдастыру - буржуазиялық саяси билеуші одақтың мақсатына қызмет етті. Исламды президент А. Садат қолданды, исламды социализм жүйесіне де қарсы қолданғаны мәлім. Ислам дінінің қолдануы қазіргі заманда жан-жақты.
Бүгінгі таңда мұсылмандар жер жүзі бойынша бір миллиардқа жақын адамға жуық деп есептеледі. 35 елдің негізгі тұрғындары мұсылмандар, ал 18 елде олардың ықпалы аз. Ислам бірсыпыра елде мемлекеттік дін ретінде жарияланған.
Ислам төңірегіне он үш ғасыр бойы белсенді түрде үздіксіз әсер етіп келе жатыр. Ислам жай діни жүйе ғана емес, ол "өмірдің бейнесі".
Араб мәдениеті философия ғылымына, әдебиет пен көркем өнерге зор үлес қосты. Буржуазиялық оқымыстылар ІХ-Х ғасырларда мұсылман дәуірінің өркендегенін айтады. Араб медицинасы, астрономиясы, математикасы, музыкасы, сәулет өнері жан-жақты дамыды. (Ибн-Сина, Хорезми, Бируни, Ферғани, Әл-Фараби).
Араб халифатының пайда болуы. VI-VII ғғ. Аравиядағы әлеуметтік қатынастар Мұхаммед нанымының қарсаңында өте күрделі жағдайда болды. Рулық қарым-қатынастардың арасында (отбасы мүшелерімен рулық байланыс, кек алу салты, жерді иелену) ру ақсақалдарының бөлініп шығу кезеңі жүріп жатты. Сауда және өсім алушылық, ірі қалаларға тән тұрмыс сипаттары кең таралды.
Өзара әлеуметтік теңдік жағдайында шаруалар қауым болып өмір сүрді. Аса бай сауда қалалары үнемі тәуелсіздікке ұмтылып отырды.
Мұндай жағдайда оқудың кең таралуы табиғи нәрсе. Дін әділетсіз ру ақсақалдарының қолына шоғырланғанын жариялап, бостандықтағы азаматтардың теңдігін формальды түрде мойындады. Жаңа дінге байланысты (тайпаларға қарайтыннан тәуелсіз) және әлеуметтік кезеңнен жаулап алу жолы да ақталды, сейтіп дін жалауы астында соғысты іске асырғысы келді. Аравияның бірігуі және жалпы Араб мемлекетінің құрылуы таптық қоғамның қалыптасуынан туындады. Осы кезеңдегі бірігуге ислам діні ұйытқы болды.
Исламның дамуы кезеңінде Аравияның қоғамдық құрылысы өзінің белгілі бір дағдарысты жағдайын бастан кешіріп жатқан еді. Мұндағы құл иленушілік қоғам әлі жетекші билікке ие болған жоқ. Ол кезде Египет, Сирия, Месопотамия сияқты елдерді арабтың жаулап алу кезеңі ислам дінінің дамыған феодалдық қоғамда таралуына әсер етті. Аяқталған жүйе сапасында исламның пайда болуы, феодалдық қатынастың басшылығымен және бұл басшылықты тікелей қайталауы, қоғамдық қарым-қатынаста қолданатын жағдай туғызды. Бірақ, құл иеленушілік тәртіп те, тайпалардың қауымдық қатынастары да ұзақ уақыт сақталды. Айтарлықтай маңыздылығы, шариғаттың жалғау заң ретіңде бекітілуі, мынаған дәлел береді: ұзақ уақыт бойы мешіт діни және аксүйектер жұмыстарын, оның ішінде сот істерін де шешетін орын ретінде қызмет етті. Орта ғасырдағы мұсылман елдерінде заң шығарушылар болып тек құдай сөзін айтатын адамдар ғана танылды. Діни нанымнын кезеңінің қаншалықты ықпалды екенін араб тайпаларының орталықтану кезеңі көрсетті.
Зарен күрейіш тайпалары басымырақ шоғырланған Мекке аймағында ол ерекше көрінді, олар керуен саудасын жақсы жүргізіп, көрші тайпаларды бағындырып алу барысында нәтижелерге жеткен.
Алдынғы қатарлы жағдайды олар құдай Алла атымен иемденді және қалайда ірі пұтпен Хұбалаға қосылып кетті.
Арабияның географиялық жағдайы, оның саудаға ежелгі уақыттан араласуы Шығыс пен Батыстағы басқа мемлекеттер мен саяси және мәдени байланыстарды дамытуға ықпал жасағаны сөзсіз. Сол сияқты араб ортасын монотеизмге тартуға икемдегені айқын. Ескіден келе жатқан библия аңыздары мен інжілдік атқару, ежелгі грек философиясы мен рим юриспруденциясы, зороастризм және буддизм, шығыс деспотизмнің өткен кезеңі мен ежелгі патшалықтардың орталықтандырылған бюрократиялық нормалары, сондай-ақ арабтарда исламның пайда болуы да белгілі бір рөл ойнады. Исламды тікелей уағыздаушылар қозғалысының "шындықты іздеушілері" ханафизм болды. Олар рулық дінге қарсы шықты және жалғыз рахман құдайына ғана бағынды.
Ислам Мұхаммедтің атымен байланысты және оған дейінгі жергілікті пайғамбардың атынан, құдайдың атынан қатысқандар "уақыттың" келгенін білдірді, осылардан кейін барлық бақытсыздық тоқтатылады. Тек бір ғана Мұхаммедтің таратуы табысқа жеткізді. Оның өмірбаяны сегізінші ғасырда жазылған. Ол Банухашим деген рудан шықты, тайпасы күрейіш, жастайынан жетім қалып, ағасының малын баққан. 25 жасында 40 жасар Меккелік Хадиша деген әйелге үйленген.
Тұрмысын түзеп алғаннан кейін сауданы тастап діни, тәртіп жұмысына тереңірек кірісті. Оның кезіне түрлі құбылыстар көрініп, біреулердің дауыстарын естіді. Рамазаңның бір түнінде, күнтізбенің тоғызыншы айында түріктің оразасының 30 күнінің бірінде (ранда-рузе, фаттарда-саум.) оған жаналғыш әзірейіл келіп, аспандағы Алланың тағының астына жасырылған Ифиннің мазмұнын ашып береді.
Мұхаммедтің дін уағыздау жұмысының табысы былай келесумен болды, жаңа дін оқу қарапайым халықты феодалдық дәуірдегі тайпа басшыларына және көпестік өсім алушылықтың қабатталуына қарсы күрестің бір түрі болды. Ал тендік және туысқандық идеясы бұл оқуды ұстап тұрып, ең кедей аймақтарының талаптарына, ұмтылыстарына жауап беру езушілердің ретінде қатысты. Оның уағыз жұмыстары Меккенің ірі басшыларын және Қаабаның әулие қызметкерлерінің наразылығын туғызды. Әйелі мен ағасы қайтыс болғаннан кейін Мұхаммед қауымды құрған және жергілікті араб, үнді тайпаларын біріктіріп тұрған көрші Ясрибке (Медине) кетуге мәжбүр болды. Бұл 622 жыл-мұсылмандардың жыл санауының бірінші жылы.
Арабтардың атақты адамдары бір құдайға бағыну идеясының артықшылығын түсінді, оның көмегімен көпшілік бұқараны өзара татуластыруға, бағындыруға болатын еді. Ал шындап келгенде, "діни төңкерісті аяқтап", Мұхаммед қоғамның бейнесіне өзгеріс жасады және дін жасағы қызмет етті, саяси жағынан жаулап алып, тәртіпке келтірді. Ислам діні мемлекеттік дін ретінде осындай маңызға ие болды. Оның әсерімен көп ұзамай Оңтүстік және Батыс Арабиядағы қарсылық басылды.
Мединелік пайғамбар жағындағылар бейбіт түрде қалаға кірді, ал күрейші басшылары исламды қабылдап, пайғамбардың серіктерінің ортасылан орын алды.
Меккенің басшы топтары Мұхамедті билеуші ретінде қабылдады. 632 жылы Меккені мұсылмандардың әулие астанасы деп жариялады. Мұхаммед ол жаққа қажылық жасады және бірінші қожа болды. Мединеде бейіті аса құрметті Қаабаның артында жерленген. Оның қайтыс болуынан кейін Халифтікке Әбу-Бекірді сайлады (632-634), одан кейін Омар (634-644), Осман (644-656) болды. Мұхамедтің ізбасары кезінде "пайғамбар туы астында" көрші мемлекеттерді жаулап алу кезеңі өтті. Жер орта теңізін және Орта Азияны, Сирияны, Палестинаны, Египетті, Иранды, Закавказьені, Солтүстік Африканы, Ауғанстанды, Орта Азияны, Испанияны жаулап алу нәтижесінде үлкен жерді алыл жатқан мұсылман империясы - халифат пайда болды. XI ғасырда ислам діні Солтүстік Үндістанға тарайды. XIV ғасырда оны Алтын-Ордалықтар қабылдады, кейін Солтүстік Кавказ бен Батыс Сібір қабылдады. Ислам дінін тарату әскери әрекеттің нәтижесінде болып өтті. Бейбіт түрде ол Индонезияға енді. (Араб және үнді саудагерлерінің насихатымен бұл елден индуизм және буддизм біртіндеп ығыстырылды).
Жаулап алу соғысының негізгі оңай баюға ынталандыру болды. Жаулап алуды көпқұдайлық, феодалдар арасындағы үзіліссіз араздық және жаулап алынған халықтардың саяси бытыраңқылығы жеңілдетті. Исламдандыру мен экономикалық ынталандыру Месопотамияда, Сирияда, Палестинада, Египетте, Ливияда арабтар қоныстанған және басқа жерлерде оңай жеңіске жетті.
Ислам діні қабылданған аймақтарда арабтандыру жұмысы жүргізіліп, жергілікті тіл мен мәдениет арабтардікімен араласып, ассимиляцияға түсе бастады.
Иранда, Закавказьеде, Орта Азияда және Ауғанстаңда арабтардың эко-номикалық саясаты басым түсе бастады: жер мемлекеттікі деп жария-ланды, мұсылмандар үшін салықтар қысқартылды, шаруалардың айып-тары жеңілдеді.
Феодалдардың үздіксіз қанауынан шаршаған аймақтарда бейбіт тұрғындар исламның көпшілігінде мүддесіне жауап екенін тез түсінді. Оның қол жетерлік парыздары мен әдет ғұрыптарын қабылдау оңай еді, олар ешқандай арнайы дайындықты талап етпеді. Шариғаттың ережелері жаңа заманның дәстүр-салттарымен астасып жатты. Қарапайым адамдар ислам дінін тез қабылдады. Олар, өз тайпаларының бәле-жаладан қорғамаған бұрынғы құдіретті құдайларына деген сенімдерін жоғалтты.
Исламның шарттары өмірдің ең керекті нәрселеріне әсер ететіні байқалды.
Араб халифатының қоғамдық құрылысы. Араб халифатының ерекшеліктері феодалдық қоғамда белгілі бір орын алды. Феодализмнің дамуы тарихи-географиялық жағдайда біркелкі болған жоқ: Сирияда, Иранда, Египетте феодалдық қатынастар белең алды, ал Арабияда рулық қоғам өмір сүрді.
Жер иелену қатынастарында жерді мемлекеттің меншіктеуі басым орын алды. Халиф пен басшылар оны шаруаларға пайдалануға таратты және жер иесінің қайтыс болған жағдайында жердің тағдырын анықтап отырды.
Бірігіп пайдалануды қажет ететін суармалы егін шаруашылығы кеңінен қолданылды. Жерді пайдаланудың негізгі түрлері икта, мульк және вакф деп аталды. Икта-шарт қойылып алынған дүние, мульк-толық жеке меншіктегі жер және вакф-нақты бір мақсатпен шартты түрде сыйға берілген жер, жер иеленуші басқару құқығын сақтап қалады. Таптық құрылымы: феодалдар-басқарушы қанаушы тап, жаулап алынған елдерден келген байлықтың ең көбін адды; негізгі орында мұсылман дін басылары тұрды; шаруалар-этникалық топтың ең көпшілігі; қала адамдары-көпестер, қолөнершілер; құлдар-тұтқындар және еріксіздер, шет елдерден сатып әкелінгендер.
Омеядтар кезеңіндегі мемлекеттік құрылыс (661-750). Пайғамбар артында еркек жынысынан мұрагер қалдырған жоқ. Мұхаммед қайтыс болғаннан кейін төрт халифтың ізбасарлары: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли басқарды. Әли қайтыс болғаннан кейін өкіметті араб атақтылары жаулап алды, халифтікке Муавид шақырылды. Халифтің орталығы Сирия, астанасы Дамаск қаласы болды. Омеядтар мемлекеттік аппарат қызметіне тек арабтарды ғана алды, барлық іс араб тілінде жүргізілді. Сонымен қатар ақша шығара бастады. Алғашқыда халифтікке араб атақтыларын сайлады. Ақсүйектік және діни үкіметті мұрагерлікке қалдырған халиф біріктіріп отырды. Жергілікті басқарулардың өзіндік құрылымы болды. Билік басында әмірлер тұрды. Олар әскери, әкімшілік және діншілік үкіметті жүзеге асырды.
Әмірлерде екі орынбасар болды, оның біріншісі қаржы істері жағынан, ал екіншісі қади-халифтің діни үкіметтік шаруаларын жүргізушілері болды.
Әскерді тұтқындар толықтырып отырды. Атқару билігі төрт диван қолында: Аль Харади-қаржы министрлігінің жұмыстарын орындады; Аль-Хатим-халифтің хатшысы; Аль-Расил-пошта және байланыс мекемелері; Аль Мугтакиллят-өскерді басқаруды қамтамасыз ететін және әскер қызметкерлерінің санағын қамтамасыз ететін орган.
Уәзір кеңесшінің және халифтің орынбасарының ролін орындады. Осындай мемлекетік құрылымнан байқалғандай, араб мемлекеті-теократиялық монархиялық сипатта дамып, барлық билік халифтің қолына шоғырланып отырды.

Абассидтер кезеңіндегі Халифат (750-1258). Абассидтер руынан шыққан Халифтер үкімет басына Иран ірі жер иеленушілерінің және дихандардың көмегі арқасында келді. Халифаттың жоғарғы билеушілері біртіндеп жартылай ирандық кейіпке түсе бастады. Абассидтердің астанасы Бағдад қаласы болды. Абассидтер жаулап алу саясатын тыңғылықты жүргізген жоқ. (Мағриб аймағы мен Испаниядан айырылып қалды) Жоғарғы үкімет жерді бұрынғыдай мемлекеттің меншігіне жатқызды.
Абассидтар тұсында халифат бюрократиялық аппаратпен дамыған бір орталықтағы мемлекетке айналды. Уәзірлердің саны өсті, олар мемлекеттік істерді өздері шешті, әскерді басқарды. Халифтің негізгі көмекшісі ұлы уәзір болды.
Қади-ағарту жұмыстарының және мешіт істерінің басты көмекшісі. Абассидтер дәуірінде әкімшілік құқықты меңгерген бастықтардан кісі өліміне қатысты іздестіру істерін атқаратын ерекше полиция-шурта құрылды. Ол сот тергеушілерін және сот үкімін орындайтын жергілікті қызметкерлерді құрады.
Сот жүйесі соттың қади қызметі мен әрекеті арқылы көрініп, ерекше сипатқа ие болды. Алғашқыда бұл жұмысты соттың міндетті қызметі тапсырылған кішігірім қызметшілер атқарды. Ол міндетті түрде діни әдет-құрыпты орындай алатын мұсылман, дін басы жіберуге беделді, саяси ықпал шеңберіндегі адам болуы керек. Мұсылман қадиы жан-жақты, өзі қади, нотариус, заңды талқылаушы ретінде сот саласындағы сұрақтарға сенімді болды.
Әскер мынадай араб тайпаларының жасағынан: жалдамалы әскерлерден; гулямдардан (түркияның құлдарынан, африқалықтардан, славяндардан) құралды. Халифтің қарауындағы күрейіш тайпасынан, шексіз үкім жүргізушілерден. Пайғамбардың найыптары мен шариғаттың қорғаушыларынан тұратын араб халифаты теократиялық монархиялық ел болды.

Шығыс елдріндегі мұсылман құқығының өзгешеліктері

Орта ғасырлардағы шығыс үшін Араб халифатыңда пайда болып, ең қолайлы бағытта дамыған құқықтық жүйе - Мұсылман құқығы - Шариғат болып табылады. Шариғат жолы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб халифаты туралы ақпарат
Араб халифаты
Араб халифатынын пайда болуы, құқығы
Мұсылман мәдениетінің қалыптасуы, халифаттық кезең орнауы
Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері
Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар
Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі
Араб халифаты мемлекеті
Алғашқы төрт тақуа халифаттарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар
Ибн - Сина философиясы
Пәндер