Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі (алгебраны оқыту мысалында)
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Негізгі бөлім
Қорытынды
Жиырма бірінші ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.
1997 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №3645 жарлығымен орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама негізінде елімізде кешенді және нақты жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиялармен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып, енді ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында жұмыстар жүргізілуде.
Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі – мектепте компьютерлерді оқыту құралы ретінде қолдану болып табылады. Бірақ, көптеген отандық, ресейлік және шетелдік мамандар компьютерлерді және басқа да техникалық оқыту құралдарын енгізу, қазіргі заманғы оқыту теориясының жетістіктерін өз деңгейінде пайдаланбай, эмпирикалық түрде жүргендігін, сол себепті де оқытуда компьютерлерді пайдалану ойдағыдай нәтиже бермегендігін атап көрсетті. Оның себебін олар оқытуды компьютерлендірудің теориялық негіздерінің жеткілікті мөлшерде жасалмағандығы деп біледі. Ғылыми түрде негізделген және әдістемелік түрде сауатты бағдарламалық құралдардың болмауынан, оқу-тәрбиелеу процесінде компьютерлер өз мәнінде пайдаланылмайды. Сондықтан, бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Оқу процесіне компьютерлік технологияларды енгізу ісі математиканы оқытумен де тығыз байланысты. Математикалық білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқу процесіне жаңа ақпараттық-қатынастық технологияларды енгізу арқылы оқушыларда ойлаудың сапалы жаңа түрін қалыптастыру болып табылады.
Компьютерлерді математиканы оқыту процесінде пайдалануға арналған көптеген диссертациялық зерттеулер бар.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
ӘОЖ 371.315.7:004.4:512
Қолжазба құқығында
АЛДАБЕРГЕНОВА АЙГҮЛ ОҢАЛБЕКҚЫЗЫ
Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік
бағдарламаларын жасаудың әдістемесі
(алгебраны оқыту мысалында)
13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта
және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Ұлттық ақпараттандыру орталығында орындалған
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор
Баймұханов Б.Б.
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор
Үсенов С.С.
Педагогика
ғылымдарының кандидаты
Бекболғанова
А.Қ.
Жетекші ұйым: С.Торайғыров атындағы
Павлодар
мемлекеттік
университеті
Диссертация 2010 жылы 01 наурызда сағат 1500 -де Абылай хан атындағы
Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (050022,
Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі 200, мәжіліс залы – 208) педагогика
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД-14.08.04.
диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Диссертациямен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және
әлем тілдері университетінің ғылыми оқу залында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы 29 қаңтарда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
А.Қ.Қозыбай
мыс ҚР БҒМ ҒК Жер туралы ғылым, металлКіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Жиырма бірінші ғасырдың басталуы
жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника,
ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін
тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі
белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді.
Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының
дамуының негізгі алғышарты.
1997 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың №3645 жарлығымен орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама негізінде елімізде
кешенді және нақты жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда республика мектептерін
жаңа компьютерлік технологиялармен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге
асырылып, енді ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу
саласында жұмыстар жүргізілуде.
Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі – мектепте компьютерлерді
оқыту құралы ретінде қолдану болып табылады. Бірақ, көптеген отандық,
ресейлік және шетелдік мамандар компьютерлерді және басқа да техникалық
оқыту құралдарын енгізу, қазіргі заманғы оқыту теориясының жетістіктерін
өз деңгейінде пайдаланбай, эмпирикалық түрде жүргендігін, сол себепті де
оқытуда компьютерлерді пайдалану ойдағыдай нәтиже бермегендігін атап
көрсетті. Оның себебін олар оқытуды компьютерлендірудің теориялық
негіздерінің жеткілікті мөлшерде жасалмағандығы деп біледі. Ғылыми түрде
негізделген және әдістемелік түрде сауатты бағдарламалық құралдардың
болмауынан, оқу-тәрбиелеу процесінде компьютерлер өз мәнінде
пайдаланылмайды. Сондықтан, бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер
көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең
басты орын алады. Оқу процесіне компьютерлік технологияларды енгізу ісі
математиканы оқытумен де тығыз байланысты. Математикалық білім беруді
ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқу процесіне жаңа ақпараттық-
қатынастық технологияларды енгізу арқылы оқушыларда ойлаудың сапалы жаңа
түрін қалыптастыру болып табылады.
Компьютерлерді математиканы оқыту процесінде пайдалануға арналған
көптеген диссертациялық зерттеулер бар.
Айталық, Ю.С.Брановскийдің жұмысында дербес компьютерді мектеп
курсындағы алгебра және анализ бастамаларының белгілі бір бөлімдерін
оқытуға арналған құрал ретінде тиімді пайдалану үшін бағдарламалық-
әдістемелік жабдық жасалған. Онда компьютерлерді пайдалануға болатын
математиканың оқу материалдарын таңдау критериилері де анықталған.
Компьютерлерді инструменттік құрал ретінде пайдаланудың әдістемелік
мәселелері мен оқытудағы компьютерлік модельдеу мәселелері де
қарастырылған.
Л.И.Долинер оқушыларды компьютерлерді пайдаланып математикаға оқытудың
педагогикалық тиімділігінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеген және
компьютерді қолдану жағдайларындағы оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін
ұйымдастырудың тиімді әдістерін негіздеген.
Төменгі сынып оқушыларын компьютерді қолданып математикаға оқытуда оқу
іс-әрекеттерін қалыптастыру ерекшеліктері Ю.А.Иванованың жұмысында
негізделген. Онда төменгі сынып оқушыларын компьютерлерді пайдаланып
математикаға оқытудың, оқушының оқу іс-әрекетіндегі субъект ретінде
қалыптасуына бағытталған әдістемесінің негізі айқындалған.
А.Ю.Колягиннің диссертациясында автоматтандырылған бақылаушы оқу
курстарының жүйесіне қойылатын жалпы талаптар анықталып, оларды құру мен
іске асырудың принциптері қалыптастырылған. Оқушының білімін бақылау
тиімділігін арттыруға арналған автоматтандырылған оқу курстарының (АОК)
құрастырылуының әдістемесі жасалған.
Дербес компьютерді математиканы оқыту процесінде оқушылардың білімін
жүйелеу және жинақтауда оқу құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі
А.В.Якубовтың жұмысында сипатталған. Ол 9-сыныптар үшін математика пәні
бойынша компьютерлік бағдарламалар жасаған.
Л.Л.Якобсонның жұмысында көпжақтардың графикалық бейнелерін жасау
процесіне арналған психологиялық-педагогикалық талаптары баяндалып, осы
процестің әртүрлі кезеңдеріндегі оларды пайдалану нұсқаулары жасалып,
көпжақтардың графикалық бейнелерін жасау процесіндегі педагогикалық
бағдарламалық құралдардың рөлі мен орны анықталған және олардың басқа оқыту
құралдарымен байланысы көрсетілген.
Е.В.Баранованың диссертациялық зерттеуінде компьютерлік оқыту
бағдарламаларын жасауға арналған материалдарды (Бүтін алгебралық
өрнектерді теңбе-тең түрлендіру тақырыбының материалдары бойынша) оқыту
бағдарламаларын жасауға және пайдалануға қатысатын математика мұғалімдеріне
оларды қолдану арқылы әртүрлі оқыту әдістерін іске асыруға болатындай түрде
нақты нұсқаулар берілген.
Л.П.Миронованың жұмысында практикалық және дербес сабақтарда
оқушылардың қызметтерін ажыратуға, сонымен бірге қолданбалы бағдарламаларды
институттарда жоғары математикадан дербес сабақтар өткізуге пайдалану
туралы жаңа әдіс ұсынылған.
Р.С.Шуақбаеваның диссертациялық жұмысы компьютердің мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, жоғары сынып оқушыларына көпжақтарға берілген есептерді
шығаруды үйрету әдістемесін жасауға арналған.
Л.А.Баймаханованың ғылыми еңбектерінде компьютерлік технологияны
қолданып бастауыш мектеп оқушыларына математика есептерін шығаруды үйрету
әдістері қарастырылған.
А.Қ.Бекболғанованың диссертациялық жұмысы ақпараттық-қатынастық
технологияны қолдану негізінде колледжде математиканы оқыту қолданбалылығын
арттыру жолдарына арналған.
І.Ж.Есенғабыловтың ғылыми еңбектерінде орта мектептің 5-6-сыныптарында
компьютерлік технологияны қолданып математиканы оқытудың тиімділігін
арттыру мәселелері қарастырылған.
Жоғарыда қарастырылған жұмыстарда компьютерді мектепте және
педагогикалық жоғары оқу орындарында математиканы оқыту процесінде қолдану
мәселелерінің жекелеген аспектілері, атап айтқанда, бағдарламалау
тілдерінің көмегімен жасалған педагогикалық бағдарламалық құралдар
қарастырылған.
Бірақ, компьютерлерді математиканы оқытуда қолдану жөніндегі
зерттеулерге талдау жасау кезінде 7-9-сыныптардың алгебра курсында ашық
компьютерлік бағдарламалық құралдарды қолдану әдістемесі іс жүзінде
қарастырылмағанын көрсетіп отыр. Сонымен қатар компьютерлік бағдарламаларды
жасау процесі көп еңбекті қажет етеді және бағдарлама құра алмайтын
мұғалімдерге қиын тиеді. Бұл инструменталдық құралдарды пайдалана отырып,
бағдарлама құра алмайтын қолданушыға бағытталған педагогикалық компьютерлік
бағдарламалық құралдарды жасау проблемасын зерттеу және оны математиканы
оқытуда қолдану әдістемесін жасау қажеттілігін тудырады.
Сонымен, қазіргі кезде негізгі мектептегі алгебраны оқытуда ашық
интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын қолданудың
қажеттілігі мен оның әдістемесінің жасалмауының арасында қарама-қайшылық
туындап отыр.
Анықталған қарама-қайшылық зерттеу тақырыбын Ашық интерактивті
тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі (алгебраны
оқыту мысалында) деп алуға негіз болды және бұл зерттеу тақырыбының
көкейкестілігін анықтайды.
Осыған орай зерттеу проблемасы былай деп анықталды: ашық интерактивті
тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасауды теориялық-әдістемелік
тұрғыдан негіздеп, оның әдістемесін жасау.
Зерттеу мақсаты – компьютерлік оқыту бағдарламаларын жасаудың
дидактикалық негіздерін және оларға қойылатын талаптар мен типтік
ерекшеліктерін анықтау негізінде ашық интерактивті тапсырмалардың
компьютерлік бағдарламаларын жасауды негіздеп, оны қолданудың әдістемесін
жасау және жасалған әдістеменің оқытудың тиімділігін арттыруға әсерін
тәжірибелік-эксперименттік түрде тексеру.
Зерттеу нысаны – алгебрадан білім беруді ақпараттандыру.
Зерттеу пәні – негізгі мектепте алгебрадан ашық интерактивті
тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасау әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер сабақтарды ұйымдастыру үшін ашық
интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламалары және оны қолданудың
әдістемесі жасалса, онда оқушылардың білімді меңгеру сапасы артады, өйткені
бұл жағдайда жүйелі, жеке іс-әрекеттік және дербестік тәсілдер жүзеге асып,
оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен саналылығы артады.
Зерттеудің мақсаты, пәні және болжамы негізінде зерттеудің келесі
міндеттері анықталды:
1. Мектептегі алгебра курсы бойынша ашық интерактивті тапсырмалардың
компьютерлік бағдарламаларының дидактикалық мүмкіндіктерін ашу;
2. Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын
жасаудың педагогикалық талаптарын анықтау;
3. Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын
негізгі мектепте алгебрада қолдану әдістемесін жасау және оның
тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: компьютерлік бағдарламалардың дидактикалық
мүмкіндіктерін анықтау негізінде оларды оқыту процесінде тиімді түрде
пайдаланса, негізгі мектепте алгебраны оқыту нәтижелері жоғары болады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: дидактикадағы озық ғалымдардың
[С.И.Архангельский, Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, П.И.Пидкасистый,
Н.Ф.Талызина т.б.] іргелі еңбектері, білім беруді компьютерлендіру
саласындағы [А.А.Андреев, Б.С.Гершунский, В.В.Гузеев, А.П.Ершов,
Е.И.Машбиц, В.М.Монахов, С.Пейперт, Б.Баймұханов, Г.Қ.Нұрғалиева,
С.Е.Чакликова, Ж.А.Қараев т.б.] теориялық негіздер, бағдарламалап оқыту
жүйесі бойынша еңбектер [В.П.Беспалько, Н.Ф.Талызина, Ж.Қ.Нұрбекова және
т.б.], компьютерлік технологиялардың оқытуды қарқындатудағы
артықшылықтарына арналған зерттеулер [М.М.Буняев, Я.А.Ваграменко,
Д.М.Жүсібалиева, А.Қ.Қозыбай, Г.А.Козлова, И.И.Мархель, М.В.Меламуд,
Ю.О.Овакимян, М.Ф.Поснова, А.Я.Савельев, С.С.Үсенов, А.І.Тәжіғұлова және
т.б.].
Зерттеудің теориялық негіздері: компьютерлік технологияларды қолдану
жағдайларындағы оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді
әдістері, оқу процесінде ақпараттық-қатынастық технологияларды қолдану
жөніндегі зерттеулер, білімді ақпараттандыру тұжырымдамасы, компьютерлік
бағдарламаларды жасаудағы және қолданудағы жетістіктер, математиканы
оқытудағы компьютерлік технологияның анықталған мүмкіндіктері.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы,
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттары, орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
мемлекеттік бағдарламасы, орта мектептің пәндік оқу бағдарламалары, педагог
және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері.
Зерттеу әдістері: қарастырылып отырған зерттеудің теориялық-әдіснамалық
негізін айқындау мақсатында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік
әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жасау; оқулықтарға, есептер
жинақтарына, әдістемелік құралдарға, ғылыми-әдістемелік негізде талдау
жасау; оқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларының жайын
зерттеу; пән мұғалімдерімен әңгімелесу; тәжірибелік-эксперимент жүргізу,
компьютерді қолданып жүргізілетін практикалық жұмыстарды зерделеу;
сауалнамалар жүргізу; эксперимент нәтижелерін математикалық статистика
көмегімен өңдеу және қорытындылау.
Зерттеудің тәжірибелік-экперименттік базасы: І.Жансүгіров атындағы
Жетісу мемлекеттік университеті (ЖМУ), Талдықорған қаласындағы № 9, 11, 14,
Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептері.
Зерттеу кезеңдері: зерттеу үш кезеңде жүргізілді.
Оның бірінші кезеңінде (2004-2005 жылдар) зерттеудің негізгі бағыттары
мен бастапқы түсініктері анықталды; зерттеу проблемасы бойынша жинақталған
материалдар талданды және жүйеге келтірілді; зерттеудің ұғымдық және ғылыми
аппараты анықталды; мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетте ақпараттық-қатынастық
технологияларды пайдалануға дайындау жүйесінің мазмұны мен кезеңдері
анықталды: зерттеудің мақсатына, міндеттеріне және болжамына сәйкес
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар ұйымдастырылды. Компьютерлік
бағдарламаларды орта мектепте алгебраны оқыту процесінде пайдаланудың
бастапқы деңгейін анықтауға арналған айқындау эксперименті жүргізілді.
Екінші кезеңде (2005-2007 жылдар) психологиялық-педагогикалық, арнайы
әдебиеттерді оқып-үйрену мен теориялық талдау процесінде және функционалдық
негіздеу арқылы алгебраны негізгі мектепте компьютерлік бағдарламаларды
пайдаланып оқытудың дидактикалық негіздері айқындалды. Алгебра курсының
мазмұнды-әдістемелік бағыттарын компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып
оқытудың мүмкіндіктері теориялық тұрғыда негізделді. Алгебраны компьютерлік
бағдарламаларды пайдаланып оқыту процесіне талдау жасалды және компьютерлік
оқыту жүйесін пайдаланып оқыту бағдарламаларын құруға арналған іздену
эксперименті жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2007-2009 жылдар) анықталған дидактикалық шарттарға
сәйкес оқыту эксперименті жүргізілді, оны жүргізу барысында екінші кезеңде
жасалған компьютерлік бағдарламалар сынақтан өткізілді; алынған нәтижелер
талданды, нәтижелерді статистикалық түрде өңдеу жүргізілді, зерттеу
нәтижелерін енгізуге арналған негізгі қорытындылар мен нұсқаулар
тұжырымдалды; жұмысты рәсімдеу аяқталды. Зерттеу тақырыбы бойынша
әдістемелік нұсқаулар жасалып, олар эксперименттік мектептердің іс-
тәжірибесіне енгізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
– ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын
пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктері айқындалды;
– негізгі мектепте алгебраны оқытуда компьютерлік бағдарламаларды
қолданудың қажетті шарттары анықталды;
– негізгі мектепте алгебраны оқыту процесінде ашық интерактивті
тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын қолдану әдістемесі жасалды және
оларды оқушылардың сыныптағы және өз бетінше орындайтын жұмыстарына қолдану
шарттары айқындалып, олардың тиімділігі эксперимент жұмыстары арқылы
тексерілді.
Алынған ғылыми нәтижелердің теориялық маңыздылығы оқытуда қолданылатын
бағдарламалық құралдарды жіктеуді толықтыру және жинақтаудан, негізгі
мектепте алгебралық материалдарды оқытуда қолданылатын компьютерлік
технологиялардың аппараттық қамсыздандырылуының жіктемесін жасаудан,
компьютерлік технологияларды пайдаланып оқу бағдарламаларын құру және
Квадрат теңдеулер тақырыбын компьютерлік бағдарламаларды қолданып оқытуға
арналған әдістемесін жасау кезіндегі математика пәні мұғалімінің жұмысын
анықтаудан тұрады. Бұл білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен
әдістемесіне қосылған қомақты үлес болып табылады.
Жүргізілген зерттеудің практикалық маңыздылығы зерттеу барысында
жасалған материалдарды негізгі мектептің математика мұғалімдерінің өз
жұмыстарында пайдалана алатындығында, сол сияқты студенттерді, яғни келешек
мұғалімдерді алгебра курсын компьютерді қолданып оқытуға дайындауда
қолдануға болатындығында. Осындай материалдардың қатарына Macromedia Flash
бағдарламасында жасалған және бір модульге біріктірілген Квадрат
теңдеулер тақырыбы бойынша жасалған жаттықтырушы-бағдарламаларды, тест
бағдарламасын, Квадраттық функцияның графиктері атты демонстрациялық
бағдарламаны және Delphi ортасында осы бағдарламаларға ашық интерактивті
тапсырмалар мен тест сұрақтарын енгізуге мүмкіндік беретін бағдарламалауды
білмейтін мұғалімдерге арналған сұрақнамалар пакетін, сонымен қатар осы
бағдарламаларды қолдану жөніндегі мұғалімдерге және оқушыларға арналған
әдістемелік нұсқауларды жатқызуға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1.Негізгі мектепте алгебрадан алған білімдерін жинақтау мен
жүйелейтін, танымға деген қызығушылықты арттыратын, оқыту процесін
қарқындататын оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру процесінде
компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктері;
2.Оқушылардың сыныптағы сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарында
оқыту процесін жетілдіру үшін оқыту процесінде компьютерлік бағдарламаларды
пайдаланудың әдістемелік шарттары;
3.Негізгі мектепте алгебраны оқыту процесінде ашық интерактивті
тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын қолдану әдістемесі және
Квадрат теңдеулер тақырыбындағы материал негізінде жасалған әдістемені іс-
жүзінде қолдануға арналған қолданбалы бағдарламалар пакеті.
Алынған нәтижелердің дәлелдігі мен негізділігі ғылыми аппараттың және
әдістердің зерттеу пәніне, нысанына және міндеттеріне; бастапқы
позициялардың теориялық және әдіснамалық негіздемелеріне; нәтижелерді
сандық және сапалық түрде талдау жасауға мүмкіндік беретін статистикалық
өңдеулер әдістемесін пайдалануға, сол сияқты автордың орта мектепте
математика және информатика пәнінің мұғалімі ретіндегі, І.Жансүгіров
атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Ақпараттық технологиялар және
информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы ретіндегі жұмыс
тәжірибесіне негізделді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибеге енгізу
эксперименттік жұмыстарды орындау кезінде жүзеге асырылды, жұмыстың
нәтижелері төменде көрсетілген Халықаралық және Республикалық ғылыми-
практикалық конференцияларда баяндалды:
1. Использование персональных компьютеров при обучении учащихся 5-6
классов решению математических задач, ІҮ Международный форум
Информатизация образования Казахстана и стран СНГ, Алматы, 2006.
2. Ақпараттық-компьютерлік технологияларды алгебра сабағында оқыту
құралы ретінде қолдану Кредиттік жүйе аясында білім беруді басқару атты
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Талдықорған, 2009.
3. Білім берудегі компьютерлік-ақпараттық технологиялар, Білім
берудегі қашықтан оқыту технологиялары-2009 атты Халықаралық ғылыми-
практикалық конференция, Қарағанды, 2009.
4. Организация процесса обучения алгебре с использованием
компьютерных технологий, Международная научно-практическая конференция
Использование технологий дистанционного обучения в высшей школе,
Қарағанды, 2009.
5. Возможности использования компьютера при изучении основных
содержательно-методических линий курса алгебры основной школы,
Международная научно-практическая конференция Педагогическое образование
как интеллектуальный и инновационный ресурс Казахстана, Семей, 2009.
Зерттеудің негізгі мәселелері мен нәтижелері Ұлттық ақпараттандыру
орталығының проблемалық семинарында, І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университетінің математика және математиканы оқыту әдістемесі,
информатика, ақпараттық технологиялар және информатиканы оқыту әдістемесі
кафедраларының отырыстарында бірнеше рет талқыланды, зерттеу нәтижелері
Талдықорған қаласындағы № 9, 11, 14-ші және Алматы облысының Кербұлақ
ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептерінің оқу процесіне
енгізілді.
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, кестелер мен суреттер
қамтылған екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі мен маңыздылығы
негізделген, зерттеу жұмысының мақсаты, оның нысаны мен пәні, болжамы мен
міндеттері анықталып, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу
әдістері, оның кезеңдері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық
маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі
мен негізділігі баяндалған.
Оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолданудың дидактикалық
негіздері деп аталатын бірінші бөлімде компьютерлерді оқыту құралы ретінде
пайдаланудың теориясы мен практикасы талданды, оқытуда қолданылатын
компьютерлік бағдарламалық жүйелердің рөлі баяндалды және оның негізгі
компоненттері ашып көрсетілді. Сондай-ақ, бұл бөлімде адам-компьютер
жүйесіндегі сұхбаттық өзара әсерлеcуді ұйымдастырудың әдістері сипатталған
және компьютерлік бағдарламаларды жасауға қойылатын талаптар айқындалған,
сонымен қатар, компьютерлік оқыту бағдарламаларының кейбір типтерінің
ерекшеліктері мен оларды іс жүзінде қолдану әдістері баяндалған.
Негізгі мектепте ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік
бағдарламаларын қолданып алгебраны оқыту әдістемесі деп аталатын екінші
бөлімде компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану мүмкіндіктері мен
ерекшеліктері қарастырылған, негізгі мектептің алгебра курсындағы негізгі
мазмұндық-әдістемені оқып-үйренуде компьютерлік бағдарламаларды қолданудың
негізгі тенденциялары қарастырылған; оқытудың кезеңдерінде: жаңа білімдерді
түсіндіргенде, оқып-үйренген материалды бекіткенде және оқушылардың білімін
бағалағанда компьютерлік және дәстүрлі оқытудың салыстырмалы талдауы
жүргізілді. Сонымен қатар, бұл бөлімде мұғалімнің ашық сұрақнамалар пакетін
пайдаланып бағдарламалар сценарийін құру жұмысы қарастырылды, қолданбалы
бағдарламалар пакетін қолданып алгебралық материалдарды оқып-үйрену
әдістемесі (Квадрат теңдеулер бөліміндегі материалдар) және педагогикалық
эксперимент пен зерттеу нәтижелеріне талдау сипатталды.
Қорытындыда диссертациялық зерттеудің ұсыныстары мен негізгі
қорытындылары тұжырымдалған, проблеманы ары қарай зерттеудің
перспективалары анықталған.
Қосымша ретінде Квадрат теңдеулер тақырыбы бойынша жасалған оқу
бағдарламаларының пакетімен жұмыс істеу үшін мұғалімдерге арналған
әдістемелік нұсқаулар, сауалнамалар келтірілген.
Негізгі бөлім
Қазіргі ақпараттандыру заманында жалпы білім беретін мектептердің
алдына оқушыларды компьютерлерді пайдалануға арналған білімдер және
біліктіліктермен қаруландыру мәселесі қойылып отыр. Бұл – компьютерлерді
мектептің негізгі пәндерін оқытуға қолдану мәселелерін зерттеуді талап
етеді. Бүгінгі таңда мектепте компьютер екі түрлі рөл атқарады, біріншісі –
оқып-үйрену объектісі, екіншісі – оқыту құралы. Оқып-үйрену объектісі
ретінде компьютер информатика сабақтарында қарастырылады. Компьютерлерді
қолданудың отандық, ресейлік және шетелдік мектептердегі тәжірибесі
көрсетіп отырғандай, компьютер оқыту құралы ретінде информатиканы оқытуда
ғана артықшылықпен қолданылады, ал басқа пәндерді оқытуда тек эпизодтық
сипатқа ие болуда. Сондықтан, оқытуды ақпараттандыру мектептегі әрбір пәнді
оқыту әдістемесін өзгертуді ұсынады.
Ақпараттық-қатынастық технологияларды (АҚТ) білім беру процесіне ендіру
мәселелерін қазақстандық ғалымдар Б.Баймұханов, Г.Қ.Нұрғалиева,
С.Е.Чакликова, Е.Ы.Бидайбеков, Д.М.Жүсібалиева, Ж.А.Қараев,
Ш.Х.Құрманалина, Е.А.Набиев, Ж.К.Нұрбекова, С.С.Үсенов, А.І.Тәжіғұлова,
және т.б., ресейлік ғалымдар И.Е.Вострогнутов, Л.Герих, Б.С.Гершунский,
А.П.Ершов,А.А.Кузнецов, В.В.Лукин, Е.С.Полат, И.В.Роберт, И.И.Трубина және
т.б. зерттеген.
Еліміздің ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып-
үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған бағдарламалық
құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын
қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін
бағдарламалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары,
электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар [Г.Қ.Нұрғалиева].
Біздің зерттеуіміз алгебраны оқытуда компьютерлік бағдарламаларды жасау
және қолдану ісімен байланысты болғандықтан, біз Т.Ж.Байдильдиновтың,
Л.А.Баймаханованың, Е.В.Баранованың, А.К.Бекболғанованың,
Ю.С.Брановскийдің, І.Ж.Есенғабыловтың, А.Ю.Колягиннің, Р.С.Шуақбаеваның
Л.Л.Якобсонның, А.В.Якубовтың және т.б. зерттеу жұмыстарын қарастырдық. Бұл
жұмыстарда математиканы оқып-үйренуде белгілі бір дағдылар мен
біліктіліктерді қалыптастыру үшін ақпараттық-қатынастық технологияларды
пайдалану тиімділігі көрсетілген.
Компьютерлік бағдарламалар негізінде оқыту – динамикалық процесс. Оның
дамуындағы негізгі тенденциялар компьютерлерді оқу процесінде пайдалану
аясын кеңейтуге байланысты. Мұнда дайын шешімдерді бермеу керек, себебі,
компьютердің негізгі міндеті – есептердің шешімдерін табуға итермелеу,
оқушылардың алған нәтижелерін тексеріп, қайта қарауына жағдай жасау.
Зерттеу нәтижелерін талдау қазіргі таңда математика пәні бойынша
әртүрлі фирмалар және жеке қолданушылар өздерінің шығарған өнімдерін ұсынып
отырғанындығын көрсетті. Олар: Ресейде Математика 5-11 классы. Практикум
(1С), Все задачи школьной математики (Просвещение-Медиа), Математика
абитуриенту (Новый диск), Математика 5-11. Новые возможности для
усвоения курса математики (Дрофа), Интерактивная математика. 5-9
классы (Дрофа), Курс математики базовый. Для школьников и абитуриентов
(Медиа Хаус), Алгебра. 7-11 класс (КУДИЦ, Кордис & Медиа),
Зеленоград мектебінің математика пәнінің оқытушысы Ю.М.Астратовтың
бағдарламалары: Теорема Виета (8-9 сыныптар үшін), Решение линейных
уравнений (5-7 сыныптар үшін) Решение линейных неравенств (8-9 сыныптар
үшін) т.с.с., Қазақстанда электрондық оқулықтарды шығарудағы көшбасшы –
Ұлттық ақпараттандыру орталығы болып табылады. Математика (1-10 сыныптар
үшін) электрондық оқулықтары көптеп жасалып қолданыс табуда. Осындай
бағдарламалардың көпшілігі: 1) оқыту, 2) жаттығу, 3) бақылау деп аталатын
алгоритм бойынша жасалған. Өздерінің қарапайымдылығына қарамастан бұндай
бағдарламалар мұғалім мен оқушыларға жақсы көмекші ретінде қызмет етуде.
Аталған бағдарламалық құралдардың артықшылықтарымен бірге кемшіліктері
де бар. Сондықтан нақты бір құралды таңдағанда оларды сабақтың мақсатына,
міндеттеріне, формасына, сабақ түріне және оқушылардың жас ерекшелігіне
сәйкес ескеру қажет.
Әлдеқайда қызықты және мазмұны жағынан толық бағдарламалық құралдарға
келесілерді жатқызуға болады: Математика 5-11 классы. Практикум, Все
задачи школьной математики, Математика 5-11. Новые возможности для
усвоения курса математики, Ұлттық ақпараттандыру орталығының Математика
(1-10 сыныптар үшін) электрондық оқулықтары.
Қарастырылған бағдарламалық құралдарды алгебраны оқытуда пайдалану:
– оқушылардың мотивациялық негізін арттыруға; шығармашылық қабілетін
дамытуға;
– математикалық ойлауын қалыптастыруға;
– оқушыларды зерттеу жұмыстарына жұмылдыруға;
– өзін-өзі басқаруға;
– есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.
Арнайы өңделген компьютерлік бағдарламалар қазіргі заманғы компьютерлік
технологиялардың жетістіктерін, атап айтқанда, жоғары сапалы графиканы,
анимацияны, дыбыстық қолдауды, бейнероликтерді және мультимедияның басқа да
құралдарын пайдалануы тиіс.
Оқытудың тиімді жүйелерін жасағанда компьютерлік жүйе мен оқушының
өзара қатынасындағы дидактикалық және психологиялық талаптар мен
принциптерді ескеру керек. Өзін-өзі оқытуға арналған компьютерлік
бағдарламалардың айрықша ерекшелігі мұғалім мен оқушы арасындағы тікелей
немесе қандай да бір техникалық құралдар бойынша сұхбаттық өзара әсердің
болуында. Сондықтан дербес және өзін-өзі оқытуға арналған бағдарламаларды
жасағанда сұхбаттың жалпы құрылымын ғана емес, оның тұжырымдарын,
тапсырмалардың, мәселелердің толықтығы мен дәлдігін, сұхбаттың басқа да
элементтерін өте тиянақты түрде құрастыру керек. Сол сияқты, басқа
техникалық оқыту құралдарына қарағанда компьютерлік оқыту бағдарламаларының
интерактивтілігі, яғни оқушының сұрақтары мен іс-әрекетіне дереу жауап беру
мүмкіндігі бар екенін, оның үстіне мәселені анықтай түсуге, мәліметтерді
беруге, оқушыға ақпаратты ұсына алатындағын да ескеру керек.
Егер оқушы мен компьютер арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, бұндай
оқытуды интерактивті деп атайды. Әдетте, мұндай қарым-қатынас оқушылар
қандай да бір тапсырманың шешімін табуға тырысқан кезде байқалады.
Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше тапсырманың
жауабын табуға үйрету. Оқушыларға дайын жауаптарды берген кезде олардың
ақыл-ой белсенділігі өспей қалады. Ал әлдебір мәселені өздері шешіп
үйренген кезде ақыл-ой белсенділігі артады.
Өзіміздің зерттеуімізде біз интерактивті тапсырмалардың компьютерлік
бағдарламасын жасау міндетін қойдық. Интерактивтіліктің түрін анықтау
негізінде О.Г.Смолянинованың еңбегіне сүйендік. Ол интерактивтіліктің үш
түрін қарастырады:
1. Реактивті интерактивтілік: оқушылар бағдарлама ұсынған
сұрақтарға жауап береді. Тапсырмалар реті белгілі бір ережеге
сүйеніп, өте қатаң түрде анықталады (оқытудың сызықтық моделі);
2. Іс-әрекетті интерактивтілік: оқушылар бағдарламаның жұмыс
істеуін өздері басқарады. Олар тапсырмаларды ұсынылған ретпен
орындауды не бағдарлама көлемінде өз бетінше іс-әрекет етуді
өздері шешеді (оқытудың сызықтық емес моделі). Сызықтық емес
модель қашықтан оқытуда тиімді болады;
3. Өзара интерактивтілік: оқушы мен бағдарлама бір-біріне
бейімделуге қабілетті (Басқарылатын ашықтық модель). Бұл
модель оқып-үйренушіге кездесетін әртүрлі кедергілерді жеңе
отырып зерттеу жүргізуге, жеке есептерді шешуге мүмкіндік
береді. Бұндай түрдегі бағдарламаларға жаттықтыратын және
практикумдық оқыту бағдарламалары және т.б. мысал бола алады.
Бұл модельдердің үшеуінде де оқушы және бағдарлама тарапынан бақылау
деңгейі әртүрлі. Реактивті деңгейде оқып-үйренушінің іс-әрекеті
бағдарламамен анықталады. Ал іс-әрекеттік, әсіресе, өзара деңгейлерде
басқару және қимыл-әрекет қолданушының өз еркінде.
Курсқа және ақпараттың мазмұнына әсер ету үшін интерактивтіліктің кең
мүмкіндіктері бар екендігі анықталды, олар: экрандағы объектілерді
тінтуірдің көмегімен басқару, айналдыру жолағының көмегімен экранда жылжу,
анықтамалықтың сұхбаттық қызметі, кері байланыс, құрылымдық өзара әрекет,
рефлексивті өзара әрекеттер.
Интерактивті компьютерлік бағдарламаларды жасағанда біз дидактикалық
принциптерді, сонымен қатар түрлі оқыту мақсатындағы бағдарламалық
құралдарды жасау проблемаларымен айналысып жүрген көптеген ғалымдардың
[Ш.Х.Құрманалина, А.І.Тәжіғұлова, Ю.А.Винницкийдің т.б] еңбектерінде
қарастырылған принциптерді басшылыққа алдық. Атап айтсақ, олар:
– Қажетті мақсатқа лайықтылық принципі. Жасалатын компьютерлік
бағдарлама оқу процесінің тиімділігін арттыруы тиіс. Нақты оқу
курсында компьютерлік технологияларды әлдеқайда тиімді қолдануға
болатын аймақты анықтауға көп көңіл бөлу керек.
– Модульді пайдалану принципі. Жобалау кезеңінің өзінде
қолданылатын модульдерді анықтап, олардың сыныптық-сабақ
жүйесінде орындалу мүмкіндігін ескеріп компьютерлік
бағдарламалардың модульдігін қамтамасыз ету қажет. Мұғалім
педагогикалық сценарийді құрастыра отырып, оқу модульдарын
тапсырмалармен толтыра алуы керек. Бұндай мүмкіндік ашық
модульдік архитектура негізінде жүйелерді жобалау кезінде пайда
болады.
– Оқу сәйкестігі принципі. Оқытуға арналған компьютерлік
бағдарламаларды жасауда қолданылып жүрген оқулықтар мен оқу
бағдарламалары және оқушыларға қойылатын талаптар деңгейі
ескерілуі керек.
– Ұйымдастырылған эргономикалық принцип. Бұл принцип компьютерлік
бағдарламаларды қолданып өтетін сабақты ұйымдастыруға және жұмыс
барысында алынған нәтижелерді талдауға мұғалімнің аз уақыт
жұмсауы керектігін ұсынады;
– Ашықтық принципі. Қолданушы өзінің әдістемелік тәжірибесіне
байланысты толықтыра және өзгерте алатын ақпараттар,
тапсырмалар, жаттығулар және тест жүйесі болуы керектігін
білдіреді.
Зерттеу барысында аталған принциптермен қатар компьютерлік
бағдарламаларды жасауға қойылатын жалпы талаптар:
– компьютерлік бағдарламалардың мазмұнының жалпы орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі;
– компьютерлік бағдарламалардың мазмұны ұлттық дәстүр мен
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп жасалуы және оқушылардың оқу
материалын интерактивті режімде өз бетімен меңгеруіне бағытталған
болуы;
– оқу материалын бергенде ғылыми терминдерді оқушылардың жас
ерекшелігіне сәйкес пайдалану және оқу материалының түсінікті, дәл,
әрі толық болуы;
– интерактивтіліктің кері байланыс арқылы жүзеге асуы ескерілуі
қажеттігі анықталды.
Сонымен қатар біз Г.Қ.Нұрғалиеваның, Е.Ы.Бидайбековтың, Б.Бөрібаевтың
және т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі компьютерлік оқу құралдарына қойылған
талаптарға сүйендік, олар:
– берілген оқыту әдістемесін толықтыру немесе жаңа оқу әдістемесін
жасау, яғни оқу процесіне сай компьютердің функционалдық
ерекшеліктерін ескере отырып, бұрыңғы дидактикалық тәсілдерді
жетілдіретіндей мүмкіндіктер болуы қажет;
– оқу құралының жалпы сценарийін және пәннің әрбір тақырыбының,
сабақтың және сабақ ішіндегі белгілі бір кезеңдердің жеке
сценарийін жасайтындай мүмкіндіктер болуы қажет;
– даярланған бағдарламаның ашықтық деңгейін анықтау, яғни оны
пайдаланушылар оқу құралының белгілі бір функционалдық блогын оқу
жүйесінің соңғы талаптарына сәйкес өзгерте алатындай мүмкіндігі
болуы керек. Мысалы, оқу құралының тексеру блогына жаңа есептер
қосу немесе оқу процесін басқару бөлігін жетілдіру, т.с.с.
Оқу процесінде қолданылатын ашық интерактивті тапсырмалардың
компьютерлік бағдарламасын жасау – көп еңбекті және компьютерлік технология
аймағындағы қажетті білімді талап ететін ұзақ процесс болғандықтан, біз оны
жасаудың бірнеше кезеңдерін анықтадық (1-сурет).
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, компьютерлік бағдарламаларды
білім беру процесінде пайдалану тиімділігі оның әдістемелік тұрғыдан дұрыс
анықталғандығымен сипатталады деп айтуға болады.
Компьютерді алгебраны оқыту процесінде қолдану, алгебраның оқу пәні
ретіндегі ерекшелігімен сипатталады. Алгебраны оқыту үшін мұғалімнің
алдында тұрған міндет – оқушылардың курстың ұғымдық аппаратын меңгеруі және
есеп шығарудың практикалық біліктілігі мен дағдысын және тепе-тең
түрлендірулер жасау дағдысын, функция графиктерін сала білу, теңдеулер мен
теңсіздіктерді шеше білуді қалыптастыру.
Оқушылардың білім, білік дағдысына қойылатын критерийге сүйене отырып
алгебра курсының бүкіл мазмұнын мазмұнды-әдістемелік төрт бағытқа бөлуге
болады: теориялық-сандық, тепе-тең түрлендірулер, теңдеулер мен
теңсіздіктер, элементар функциялар.
1 сурет – Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын
жасау кезеңдерінің моделі
Қазіргі кезде оқу іс-әрекетін компьютер арқылы басқаратын бағдарламалар
кең тарағандықтан, алгебраны компьютер көмегімен оқытуды екіге бөлуге
болады: жаңа білімді игеру міндетті түрде мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге
асуы керек, ал оқып үйренгенді бекіту, жүйелеу және бақылауда компьютерлік
бағдарламаны қолданған дұрыс.
Мектеп алгебра курсын оқытуда оқу процесін ұйымдастырудың жаңа білім
беру, бекіту және игерген білімді бақылау кезеңдерінде қарастырайық. Оқыту
процесінің бұл кезеңдері оқушылардың өзіндік зерттеу іс-әрекеттерінің
деңгейлерімен ерекшеленеді. Біздің жүргізген зерттеуіміз компьютерлік
бағдарламаларды сабақтың барлық кезеңдеріне қолдануға болатындығын және
әрбір кезеңде айтарлықтай оң нәтижеге қол жеткізуге болатындығын көрсетті.
1-кестеде компьютерді қолдану оқу процесін өзгертпейтіндігі, яғни
компьютер мұғалімнің қызметін жоққа шығармайтындығы, ол тек мұғалімге
көмектесетіндігі көрсетілген.
1 кесте –Дәстүрлі және компьютерлік оқытудың салыстырмалы талдауы
Оқыту процесінің Дәстүрлі оқыту Компьютерлік оқыту
кезеңдері
Жаңа білімдерді беру Мұғалім негізгі тұлға: Оқыту мотивациясы
және оларды қабылдау оқушылардың танымдық күшейеді. Бұл оқытудың
іс-әрекетін басқарып, жаңа түріне
мотивацияны жүзеге қызығушылықтан туады.
асырады. Оқуға
ынталандыруда мұғалімнің
рөлі ерекше.
Білімді түсіну, бекітуІшкі кері байланыс жүзеге Мұғалім көмекші рөл
және қолдану аса бастайды. Мұғалім атқарады, оқушыларға оқу
көмегі азаяды. Сыртқы керіесептерін орындауға
байланыс та жүзеге асып, көмектеседі. Оқушылардың
мұғалім кеңесші рөлінде өз бетімен жұмыс істеуі
болады. артады.
Игерген білімді Ішкі және сыртқы кері Оқушылардың іс-әрекетін
бақылау және тексеру байланыстар жүзеге асады әділ бағалау мен
(білімді бақылау мен өзін-өзі бағалау
бағалаудағы субъективизм).қажеттілігін
қанағаттандыру.
Оқу пәні ретінде 8-сыныптың алгебра курсы таңдалынды, мысал ретінде
компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып алгебра сабақтарын өткізу
әдістемесі қарастырылды. Бұл біріншіден, алгебра іс-әрекеттің әдістері
болып есептелетін жетекші компоненті бар оқу пәндеріне жататындығымен,
екіншіден, сегізінші сыныпта оқушыларда алгебраны пән ретінде қарастыратын
түсінік толық қалыптасатындығымен, үшіншіден, бұл курстың алгоритмдік
құраушысы негізгі болып есептелетіндігімен түсіндіріледі.
Біздің елімізде жеткілікті бағдарламалық біліктілігі жоқ
пайдаланушыларға (мұғалімдерге, әдіскерлерге т.с.с.) бағытталған арнайы
жасалған бағдарламалық құралдар жоқтың қасы. Сондықтан біз диссертацияда
математика мұғаліміне оқыту әдістемесін практика жүзінде іске асыруға
болатын бағдарлама сценарийін өз бетінше жасауға мүмкіндік беретін
әдістерді қарастырдық. Нақты мысалдар арқылы оқушыға берілетін ашық
интерактивті тапсырмаларды орындауына қатысты іс-әрекеттерге талдау жасау
негізінде жауаптардың нұсқаларын жасауға арналған жұмыс көрсетілген, сол
сияқты компьютер көмегімен белгілі бір біліктілікті қалыптастыруға арналған
ашық интерактивті тапсырмаларды таңдау принципі сипатталған.
Ұсынылып отырған әдістеменің маңызы төмендегі екі режім бойынша
педагогикалық сценарий құрастыруда, олар: ұсынылған жауап нұсқаларының
ішінен бірнешеуін таңдау режімі (1-режім) және оқушының жауапты еркін түрде
жазу режімі (2-режім).
Алдымен ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларының
эксперименттік пакетін жасауда пайдаланылған өзіміз құрған
автоматтандырылған оқыту жүйесінің (АОЖ) негізгі сипаттамаларын
қарастырайық. АОЖ – бағдарламалауды білмейтін мұғалім оның көмегімен оқыту
курстарын, оларды кейінгі уақытта оқыту процесіне пайдалана алатындай етіп
жасауға арналған құрал. Аталған жүйе сұрақнамалар пакетінен тұрады.
Сұрақнама файлын іске қосқаннан кейін рұқсатсыз өзгертуден қорғау
мақсатында қолданушыдан құпия сөз талап етіледі. Құпия сөзді енгізу туралы
нұсқау мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықта берілген. Егер құпия сөз
дұрыс енгізілсе, Сұрақнама пакеті терезесі ашылады. Сұрақнама пакеті үш
сұрақнама редакторынан тұрады. Әр редактордың өзіндік ерекшелігі бар.
Сұрақнама редакторлары ашық интерактивті тапсырмалар мен ашық тест
сұрақтарын енгізуге арналған компьютерлік бағдарлама.
Редакторларда мұғалім келесі әрекеттерді орындайды: сұрақтың мәтінін,
дұрыс жауапты, жауаптар нұсқаларын және жауапқа деген әрекетті, яғни
көмекті енгізу, дұрыс жауап нөмірін немесе көрсеткішін енгізу (2 а, ә-
суреттер).
2а сурет – 2-режімнің
2 ә сурет – 2-режімнің
Сұрақ бөлімін толтыру
Кеңестер бөлімін толтыру
Сұрақнамамен жұмыстың толық сипаттамасы диссертацияда көрсетілген.
Мұғалімнің Квадрат теңдеу тақырыбы бойынша жаттықтырушы-бағдарлама
сценарийінің үзіндісін құру кезіндегі жұмысын қарастырайық.
Қазіргі кезде мектептерде қолданылып жүрген оқулықтағы Квадрат
теңдеудің дискриминанты (КТД) деген пункттегі материалды бекіту үшін
төмендегі типті интерактивті тапсырмаларды орындауды ұсынуға болады:
1. ax+bx+c=0 квадрат теңдеуінің а0 болғанда, екі шешімі
болады егер...
2. 5х-2х-3=0 теңдеуін шешпей-ақ, оның түбірлерінің санын
көрсетіңдер
3. р-нің қандай мәндерінде х+2х+р=0 теңдеуінің түбірлері болмайды?
4. 2х+7х-11=0 квадрат теңдеуінің дискриминантын есептеңдер.
Бірінші типтегі тапсырмалар төмендегідей жалпы ережені меңгеруді
көздейді: D0 болғанда теңдеудің екі түбірі болады, D=0 болғанда теңдеудің
бір түбірі болады, D0 болғанда теңдеудің шешімі болмайды.
Екінші типтегі тапсырмалар нақтылы жағдайда дискриминанттың таңбасын
анықтау арқылы, түбірлер санын анықтауды іздеуге меңзейді. Квадрат
теңдеудің түбірлерінің санын дискриминантты есептемей тұрып-ақ табуға
болады, сондықтан берілген пункттің материалын бекіту үшін осы типтегі
тапсырмаларды беруге болады.
Үшінші типтегі тапсырма зерттеу сипатына ие.
Төртінші типтегі тапсырмалар квадрат теңдеудің дискриминантын есептеуді
талап етеді.
Дискриминанттың таңбасы бойынша квадрат теңдеудің түбірлер санын
зерттеуге арналған бірінші және екінші типтегі тапсырмаларды орындағанда,
оқушылар дискриминанттың таңбасын көп жағдайда дұрыс анықтай алмайды.
Үшіншіге ұқсас тапсырмаларды орындағанда кең тараған қателердің бірі –
дұрыс құрастырылмаған теңсіздік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz