Ақпараттық жүйелер



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
1.1 Ақпараттық жүйелер ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Ақпарат жүйесінде элементтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТОПТАСУЫ
2.1 Ақпараттық жүйелердің құрамды бірлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Ақпараттық жүйесінің декомпозиция синтезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Ғылымға, экономикаға, өндіріске ақпараттық процестерді енгізу ісін жоғары қарқынмен жүргізу үшін қазіргі ақпараттық технологияларға негізделген білім жүйесінің жаңа моделін құру қажет. Адамның өз шығармашылық әлеуметін толық аша алатыңдай, өз мүмкіндіктерін дамытып, өз білімін үздіксіз шыңдай алатындай жағдай жасалуы тиіс. Осы мәселелердің өзектілігіне байланысты біз курстық жұмыстың тақырыбын "Ақпараттық жүйелердің топтасуы мен құрылымы" деп таңдап алдық.
Курстық жұмыстың мақсаты ақпараттық жүйелердің топтасуы мен құрылымы мәселелерін зерттеу. Кез келген оқыту ісінің тиімділігі мынадай факторларға тығыз байланысты болады. Олар: оқытуды ұйымдастыру технологиясы, оның технологиялық базасы, жасалған әдістемелік материалдардың тиімділігі. Ақпараттық жұйелердің топтасуы мен құрылымы мәселесі көбінесе автоматтандырылған оқыту ісінде қолданылады. Автоматтандырылған оқыту ісіндегі теориялық бастамаларды қазіргі кездегі компьютерлік оқыту тәсілдерінде де қолдану қажет, бірақ мұнда техника мен телекоммуникациялық байланыстардың жаңа дидакгикалық мүмкіндіктерін есепке алып отыру керек. Компьютерлік оқыту программалары мен жаңа ақпараттық білім құралдарын жасау және пайдалану қазіргі оқыту технопогияларымен бірге қолданылып, біте қайнасуы шарт.
Қазіргі технологиялар ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.
Осындай кезде мамандар даярлаудағы алғашқы сатыға олардың өздігінен білім алуына бағыттал ған шараларды ұйымдастыру ісі шығады. Бұл біздің курстық жұмыстың теориялық маңыздылығын анықтайды. Курс жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты, теориялық мақсаты қарастырылған.
1-тарауда ақпараттық жүйелер жайлы мағлұмат берілген, ақпараттық жүйелерге элементтер келтірілген.
"Ақпараттық жүйелердің топтасуы мен құрылымы" деп аталатын 2-тарауда "Ақпараттық жүйелердің құрамды бірлігі" және "Ақпараттық жүйелердің декомпозиция синтезі" жайлы мағлұматтар берілген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1.П.В. Конюховеский, Колесова Д.Н. и др. Экономическая информатика. Москва, 2001.
2. В.А. Острейковский. Информатика. Москва, 2000.
3. А.П. Алексеев. Информатика-2002. Москва, 2002.
4. О.Камардинов . Есептеуіш техника және программалау. Алматы:, 1997.
5. О.Камардинов . Информатика. Бірінші бөлім. Шымкент, 2000.
6. О.Камардинов . Информатика. Екінші бөлім. Шымкент, 2000.
7. Автоматизация система управления предприятиями. Москва, І979.
8. Автоматизированные информационные технологии в экономике. Москва, 2000.
9. Н.Б. Бралиева, Қ.С Байшоланова, Н.Л. Гагарина. Экономикадағы ақпарат жүйелері. Алматы, 2001.
10. М.А. Королев, И.А. Мишенин, Э.Н. Хотяшов. Теория экономических информационных систем. Москва, 1984.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
1.1 Ақпараттық жүйелер
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Ақпарат жүйесінде
элементтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..

2-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТОПТАСУЫ
2.1 Ақпараттық жүйелердің құрамды
бірлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Ақпараттық жүйесінің декомпозиция
синтезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Ғылымға, экономикаға, өндіріске ақпараттық процестерді енгізу ісін
жоғары қарқынмен жүргізу үшін қазіргі ақпараттық технологияларға
негізделген білім жүйесінің жаңа моделін құру қажет. Адамның өз
шығармашылық әлеуметін толық аша алатыңдай, өз мүмкіндіктерін дамытып, өз
білімін үздіксіз шыңдай алатындай жағдай жасалуы тиіс. Осы мәселелердің
өзектілігіне байланысты біз курстық жұмыстың тақырыбын "Ақпараттық
жүйелердің топтасуы мен құрылымы" деп таңдап алдық.
Курстық жұмыстың мақсаты ақпараттық жүйелердің топтасуы мен
құрылымы мәселелерін зерттеу. Кез келген оқыту ісінің тиімділігі
мынадай факторларға тығыз байланысты болады. Олар: оқытуды ұйымдастыру
технологиясы, оның технологиялық базасы, жасалған әдістемелік
материалдардың тиімділігі. Ақпараттық жұйелердің топтасуы мен құрылымы
мәселесі көбінесе автоматтандырылған оқыту ісінде қолданылады.
Автоматтандырылған оқыту ісіндегі теориялық бастамаларды қазіргі кездегі
компьютерлік оқыту тәсілдерінде де қолдану қажет, бірақ мұнда техника мен
телекоммуникациялық байланыстардың жаңа дидакгикалық мүмкіндіктерін
есепке алып отыру керек. Компьютерлік оқыту программалары мен жаңа
ақпараттық білім құралдарын жасау және пайдалану қазіргі оқыту
технопогияларымен бірге қолданылып, біте қайнасуы шарт.
Қазіргі технологиялар ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың,
сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз
мүмкіндіктерін береді.
Осындай кезде мамандар даярлаудағы алғашқы сатыға олардың өздігінен
білім алуына бағыттал ған шараларды ұйымдастыру ісі шығады. Бұл біздің
курстық жұмыстың теориялық маңыздылығын анықтайды. Курс жұмысы
кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет
тізімінен тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты,
теориялық мақсаты қарастырылған.
1-тарауда ақпараттық жүйелер жайлы мағлұмат берілген,
ақпараттық жүйелерге элементтер келтірілген.
"Ақпараттық жүйелердің топтасуы мен құрылымы" деп аталатын 2-
тарауда "Ақпараттық жүйелердің құрамды бірлігі" және "Ақпараттық
жүйелердің декомпозиция синтезі" жайлы мағлұматтар берілген.

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ҰҒЫМЫ
Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту
материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып
үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Мұндағы айтып отырғанымыз - оқытуға
арналған материалдың мазмүнын таңдау ғана емес, оқытылатын материалдың
кұрылымдық жағынан ұйымдастырылуы; оқытуға автоматтаңцырылған оқыту
программаларын енгізу ғана емес, интерактивті ақпараттық орта жасау және
барлық танымдык процестердің өзара байланысып, біртұтас қызмет істеуі
және соларды басқара білу болып табылады. Басқаша айтқанда, оқыту ісінің
тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді
ұйымдастыру мен пайдаланылатын материалдардың дидактикалық сапасына
тәуелді болады.

Біздің зерттеулерімізбен - ақпарат, ақпараттандыру және соңғы ұғымнан
туындайтын басқа да түсінікгермен - тығыз байланысты терминдерді
қарастырып шығайық.
Ақпарат ( таныстыру, түсіңдіру, көрсету, түсінік) - бұл:
1) адамдар арқылы таратылатын нақгы жағдай туралы хабар, түсініктеме;
2) хабарлама алу арқылы азайатын, төмендейтін белгісіздік;
3) басқарумен тығыз байланыстағы хабарлама, синтаксистік, семантикалық
және прагматикалық сипатгамалардың біртұгас сигналдары;
4) кез келген объектілер мен процестердегі (өлі және тірі таби ғаттағы)
көп түрлілікті бейнелеу, жеткізу . [1]
Ақпаратты материя және энергия тәрізді философиялық категориялармен бір
деңгейде карастырады. Бұл түсініктің көшегі ананықтамалары бар. Төменде
көрсетілген мақалада осы көп мағыналы түсініктің белгілі ғалымдар берген
анықгамалары жинақталған, олар:
* ақпарат - сыртқы әлемге бейімделу арқылы одан алынатын мазмұнды бейнелеу
(Н.Винер);
* ақпарат - энтропияны терістеу (Бриллюэн);
* ақпарат - коммуникация мен байланыс бұларды пайдалану процесінде
белгісіздік жойылады (Шеннон);
* ақпарат - әр түрлілікті жеткізу (Эшби);
* ақпарат - кұрылымдар күрделілігінің өлшемі (Моль);
* ақпарат - таңдау ықтималдығы (Яглом). [2]
Акпараттың тағы да бірсыпыра анықтамаларын келтіріп, оның басқа да
түсініктермен байланысын және ара қатынасын көрсетуге болады, мысалы:
ақпараттың бейнелеу категориясымен байланысы; ақпарат экономикалық ресурс
ретінде; ақпарат әлеуметтік ресурс ретінде; ақпарат көп шығарылатын
жалпылама өнім ретінде; ақпарат прогресті жылдамдатушы ретінде т.б.
Біз ақпаратты бағалы заттар жүйесіндегі негізгі көрсеткіші ретінде оны
адамзаттың рухани этикалық жетістіктері тұрғысынан бағалап, жеке
тұлғаның дамуына ақпараттың тигізетін әсерін аксиологиялық тұрғыдан
қарастыруды ұсынамыз .
Ақпараттың кең мағынасы - нақты әлемді бейнелеу; ал шағын (тар)
мағынасы - сақтауға, тасымаддауға, түрлеңдіруге және басқаруға болатын
кез келген мәліметтер. Ақпараттандыру - әр түрлі ақпаратгық қорларды
(ресурстарды) қалыптастыру мен пайдалану негізіне азаматгардың,
мемлекетгік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестктердің жүзеге асырып, олардың
ақпараттық талаптарын қанағаттаңдыру үшін тиімді жағдай жасау жатында
ұйымдастырылған әлеуметгік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
Қазіргі кездегі жана ақпараттық технологаялар - қазіргі компьютерлік
техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін
қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі
техникалық құралдар жиыны. Акпараттьгқ технологиялардың жиі кездесетін
осы анықтамасын біз де пайдаланамыз.
Есептеу техникасы көптеген салалардың ішінен әсіресе, екі салада кең
қолданылады. Бірінші сала - өте ұзақ немесе қолмен есептеуге келмейтін
сандық есептеулердің орындалуы. Екінші сала - бұл ақпаратты өндеуге
арналған ақпараттық жүйе болып табылады. [3]
Акпараттық жүйе (АЖ) - ақпараттарды жіктеуге, өңдеуге және көрсетуге
колланылатын бір-бірімен байланысқан құралдардың, әдістер мен
персоналдардың жиыны. Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс
істейді және бұл ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді. Ақпараттық
жүйенің классикалық мысалы ретіңде банк жүйесін, авиация және теміржол
билетін, қонақ үйде орынды алдын-ала сатып алу және т.с.с
автоматтандырылған жүйелерді карастыруымызға болады.
Жалпы акпараттық жүйенің функциялары :
* ақпаратты сақтау;
* ақпаратты енгізу және өзгерту;
* ақпаратты көру және іздеу;
* берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеу;
* кез-келген формада есеп кұжатын алу;
• ақпараттың дұрыстығын қадағалау
АЖ-ні екі класқа бөлуге болады:
* Ақпаратты іздеу жүйесі - берілген іздеу критериі бойынша жалпы
жиыннан мәліметтерді іздеуге бағытталған. Қолданушыға мәліметтердің
өңдеу технологиясы емес, тек алынатын ақпарат ғана керек. Мысалы,
қаладағы анықтау қызметіне телефон шалғанда, қолданушыға нақты акпарат
ғана керек.
* Мәліметтерді өңдеу жүйесі - мәліметтерді өңдеуге бағытталған. Бұл жүйеде
өңдеуден шығатын ақпарат болмауы немесе жүйе өңделген ақпараттың
нәтижесін ғана беруі мүмкін. Мұндай жүйенің мысалы ретінде барлық
региондардан мәліметтер жинайтын метеорология қызметінің ақпарат жүйесін
алуға болады. Қолданушыға бастапқы мәліметтер емес, олардың нәтижесі,
яғни ауа-райы болжамы керек.
Сонымен, мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) - бұл мәліметтер қорын
құратын, оларды өзекті жағдайда үстайтын және одан керекті ақпаратты
іздеуді ұйымдастыратын программалық және тіл құралдарының кешені. [4]

АҚПАРАТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭЛЕМЕНТТЕР

Ақпарат - латынның “іnfогmаtіо” деген сөзінен шықан, яғни істің жай-
күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай
да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек
бізді қызықтыратын істердің нақты немес жақтарын азайтатын мәліметтерді
ғана қамтиды.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын,
қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік.
Ақпарат дегеніміз - оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің
қабылданды түсінікті бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді:
синтаксистік, семантикалық және синтаксистік деңгейде, ақпаратты
қандай да бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы
қатынас қарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді.
Семантикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұнын меңгеруге мүмкіндік
береді. Мәлімдеменің мазмұны - белгілі бір түрде реттелген білім болып
табылады. [5]
Прагматикалық сүзгі (бағалау механизмі) ақпаратты қабылдаушының іс
жүзіндегі қызмет барысында шешетін мәселелеріне байланысты, мәлімдемені
бағалауына мүмкіндік береді.
Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық
ретінде, сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар
арасыңдағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге - кез келген
объектінің жағдайы туралы деректер, мағлұматтар жатады.
Ақпарат жүйесінде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни
осы жүйеге қатысы бар мөліметтер мен қандай да бір оқиғалар туралы
белгілер арқылы жүзеге асады.
Ақпарат жүйесі (АЖ) - қандай да бір объектіні басқаруға қажетті
ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі
деп қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі (АЖ) ақпараттық объектілердің
бірігуін қамтитын қандай да бір ақпараттың кеңістікті бейнелейтін пәндік
саланы иемденеді.
Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:
• ақпараттық-анықтамалық жүйелер;
• ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;
• ақпаратты қадағалаушы жүйелер, ақпараттық - анықтамалық жүйелер
ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды.
Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі
туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен
пікірлерді ұсынады.
Ақпараттық қадағалаушы жүйелерде мәліметер адамның қатысуынсыз
еңдіріліп, басқарылатын обьектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.
Дегенмен, келтірілген жіктеулер шартты түрде қарастырылған. Оларды
тандау сәйкес факторлардан тәуелді. Ақпарат жүйесіне қатысты ақпарат
құрылымын қарастырсақ, оны ақпараттық бірліктерге: реквизиттер,
көрсеткіштер, құжат, массив, ақпарат ағыны және ақпарат жүйесі деп бөлуге
болады. Мұндағы ақпараттың әрі қарай бөлінуге жатпайткн ең кіші өлшем
бірлігі - реквизит десек, оның екі түрі бар екені белгілі: реквизит-негіз
және реквизит белгі.
Әрбір реквизит әріптер мен сандар жиынтығынан тұрады және мән-
мағынаның сандық қасиетін сипаттайды. Бұл жағдайда ол реквизит негіз деп
аталадды. Ал ол мән-мағынаның сапалық қасиетін білдірсе, ол - реквизит
белгі деп аталады.
Бұл ұғымдар экономикадағы ақпарат жүйелерін қарастыратын пәндерде
осылай беріледі. Ал тиіс таза ақпарат жүйесінің теориясы төңірегіндегі
пәндеріне ақпараттың атрибут және құрамды бірлігі деп саналатын екі
негізгі бірліктері қарастырылады. Атрибуттың аты және мәні (мән-
мағынасы) болады. Атрибуттың аты мәліметтерді өндеу барысындағы
шартты белгілеуді білдіреді. Атрибуттың мәні деп, нақты бір
жағдайдағы құбылыстың, жағдайдың, объектінің қандай да бір қасиеттерін
сипаттайтын шаманы түсінуге болады. Атрибуттың барлық мүмкін болатын
мәндері жиын ретінде біріктірілсе, ол осы атрибуттың домені деп
аталпады.Егер атрибутгың А деген аты болса, ол (А,d) деген жұпты белгілеп
тұрса, яғни мұндағы d=D онда D жиыны А атрибуты мәнінің домені (анықталу
облысы) деп аталады. d шамасы А атрибутының берілген уақыт мезетіндегі
мағынасы болады.
МҚБЖ-ға арнап бағдарлама жазғанда, ондағы мәтінде кездесетін атрибуттар
үшін доменнің барлық элементтерін тізіп шығу мүмкін емес жағдайлар
болады. Осындай кезде домен үшін мәннің типі мен ұзындығы көрсетіледі
Мысалы, мекеме доменін - МЕКЕМ қарастырайық. Оның мәтіндік ұзындығын
15 белгіге дейін шектейік. Оны бағдарламалық Паскаль тілінде былай жазуға
болады:
var MEKEM: string
Мұндай домендегі мәндер жиыны мүмкін болатын мәндер жиынынан
тұрады. Қажет болған жағдайда олардың жіктегіштері қалыптастырылып,
шартты белгілер қамтылады. Егер жіктегіштер қажет болмаса, мәліметтер
қоймасындағы объектілерді тек реттік нөмірімен қоюға болады. Бұл реттік
шартты белгілеу деп аталады. Егер объектілер
жиыны бір белгіге байланысты жіктелсе, онда объектілердің шартты
белгілерін осы белгінің мағынасының санына байланысты бөліктерге
(серияларға) бөлуге болады және әрбір серияға тізбектелген нөмір
қолданылады. [6]
Мысалы, мекеменің шартты белгісін атрибуты мәнінің шартты белгілеудегі
әртүрлі жүйесін қарастырайық. Мекеменің реттік нөмірі берілсін. Оны
айталық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік ақпараттық жүйелер
Ақпараттық жүйе мысалдары
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру
Ақпараттық жүйелердің құрылымы
Күрделіліктері бойынша жүйелер қалай жіктелінеді
Бағдарлы сыныптарда "ақпаратты жүйелер" тақырыбын оқыту әдістемесі
Кибернетикалық тәсілдеме тұрғысынан АЖ-ні басқару
Ақпараттық жүйелер ұғымы
Ақпараттық жүйелер басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде
Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйелердің даму сатысы
Пәндер