Дарий I -дің Скифияға жорығы



1 Парсы патшасы Дарий І
2 Дарийдың Скифтерге жорығы
Парсы патшасы Дарий І (Ахеменид) б.д. дейінгі 520 жылы 700 мыңдық әскер жинап, Скифияға бет алды. Соғыстың бірнеше себептері болды. Дарийдің өзі 100 жыл бұрын скифтердің Мидияға басып кіруінің кегін қайтармаққа шешім алдым деп түсіндіреді. Шын мәнісінде тек Азияны ғана емес, сонымен бірге Еуропаны жаулап алуды ойластырған парсы патшасы Қара теңіз бойының астықты аудандарын басып алу үшін, скифтерді талқандамақ болды. Бұл жерлерден Греция да астық алып тұрған. Шын мәнінде еуропалық құрылықтың жартысын азық-түлікпен қамтамасыз ете отырып, диқан скифтер сол кездердің өзінде көршілеріне астық сатып келді. Болашақ соғыста Грецияны скифтердің экономикалық көмегінен қол үздіріп, сөйтіп, екі халықты әлсіретіп, оларды жаулап алу үшін Дарий осы бір астық пен малға бай ауданды басып алмақ болды. .

Скифтерге жорыққа аттануға дайындалған Дарий қарамағындағы халықтарға хабаршылар жіберді. Ол біреулеріне әскер шығаруды, басқаларына кеме жіберуді, үшіншілеріне Фракиялық Боспордан көпір салуға бұйырды. Көпір Калхедон облысында салынды. Көпірмен әскер өткізіле бастағанда Дарий жағалаудан, Бехистун мекенінен ақ мәрмардан екі баған орнатуды және ассириялық және эллиндік жазуларда ол өзі бастап келе жатқан барлық халықтардың атын жазуға әмір етеді. . Біздің уақытымызға дейін жеткен даңқты Бехистун жазуы деген осы. Екінші көпір Истр-Дунай өзені үстінен салынды, өйткені Скифияға дейін жету үшін, Скифияның алдында тұрған Фракияны жаулап алу қажет болды. Фракия Дарийге онша қарсылық көрсете алмады. Сонымен, Дарий әскерлері скиф жерінің шекарасынан көрінді. .

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дарий I -дің Скифияға жорығы

Парсы патшасы Дарий І (Ахеменид) б.д. дейінгі 520 жылы 700 мыңдық әскер
жинап, Скифияға бет алды. Соғыстың бірнеше себептері болды. Дарийдің өзі
100 жыл бұрын скифтердің Мидияға басып кіруінің кегін қайтармаққа шешім
алдым деп түсіндіреді. Шын мәнісінде тек Азияны ғана емес, сонымен бірге
Еуропаны жаулап алуды ойластырған парсы патшасы Қара теңіз бойының астықты
аудандарын басып алу үшін, скифтерді талқандамақ болды. Бұл жерлерден
Греция да астық алып тұрған. Шын мәнінде еуропалық құрылықтың жартысын азық-
түлікпен қамтамасыз ете отырып, диқан скифтер сол кездердің өзінде
көршілеріне астық сатып келді. Болашақ соғыста Грецияны скифтердің
экономикалық көмегінен қол үздіріп, сөйтіп, екі халықты әлсіретіп, оларды
жаулап алу үшін Дарий осы бір астық пен малға бай ауданды басып алмақ
болды. .

Скифтерге жорыққа аттануға дайындалған Дарий қарамағындағы халықтарға
хабаршылар жіберді. Ол біреулеріне әскер шығаруды, басқаларына кеме
жіберуді, үшіншілеріне Фракиялық Боспордан көпір салуға бұйырды. Көпір
Калхедон облысында салынды. Көпірмен әскер өткізіле бастағанда Дарий
жағалаудан, Бехистун мекенінен ақ мәрмардан екі баған орнатуды және
ассириялық және эллиндік жазуларда ол өзі бастап келе жатқан барлық
халықтардың атын жазуға әмір етеді. . Біздің уақытымызға дейін жеткен
даңқты Бехистун жазуы деген осы. Екінші көпір Истр-Дунай өзені үстінен
салынды, өйткені Скифияға дейін жету үшін, Скифияның алдында тұрған
Фракияны жаулап алу қажет болды. Фракия Дарийге онша қарсылық көрсете
алмады. Сонымен, Дарий әскерлері скиф жерінің шекарасынан көрінді. .

Дарий әскерлерінің келе жатқанын білген скиф көсемдері кеңеске жиналып,
сонда өздері ғана парсылардың қаптаған қолына ашық соғыста төтеп бере
алмайтынына көздері жетеді де, көрші тайпаларға елшілерін аттандырады.
Таврлардың, агафирстердің, неврлердің, андрофагтардың, меланхлендердің,
гелондердің, будиндердің және савроматтардың патшалары тағы бір кеңеске
жиналады. Бірақ кеңесте бірауыздылық болмайды. Гелондер, будиндер және
савроматтар келісімге келіп, скифтерге көмектесуге уәде береді. Агафирстер,
неврлер, андрофагтар, меланхлендер және таврлар патшалары парсылар олардың
тайпаларына емес, өздерінің өштестері - скифтерге қарсы келе жатқан жоқ
сияқты, сондықтан олар соғысқа қатыспайды дегенді айтады. . Мұндай жауап
алған скифтер парсылармен ашық шайқасқа шықпауға шешім алады, өйткені
көршілері көмекке келмейтін болды. Скифтер малдарын айдап, құдықтар мен
бұлақтарды бітеп, шөпті жойып, даланы өртеп, баяу шегіне бастайды. ¤з
әскерлерін скифтер екіге бөледі. Біріншісі Скопасис патшаның басшылығымен,
савроматтармен бірге Танаису өзеніне қарай шегінеді. Бір әскерге
біріктірілген екі басқа бөліктеріне Иданфирс пен Таксакис басшылық жасады.
Оларға гелондар мен будиндер қосылды. Бұл отряд күндік жердегі Дарий
әскерінен скифтермен әскери одақтан бас тартқан тайпалардың жерімен
шегінеді. Оларды да парсылармен соғысқа тартпақ болады.

Ақыры үздіксіз тақымдап қуудың нәтижесінде жауласқан екі әскер де Танаис
өзеніне жетеді, одан өтіп, савроматтар жері арқылы будиндер аймағына
келеді. Будиндер жеріне тереңдеп енген парсылар ағаш қабырғалармен
қоршалған қалаға тап болады. Будиндер қашады, қала қаңырап қалады, парсылар
оны өртеп жібереді. Бұдан кейін де парсылар скифтерді қууды жалғастыра
береді, будиндер елінен де өтеді, ақыры шөлге ілігеді. Шөлдің шетіне Дарий
тоқтайды және бір-бірінен бірдей қашықтықта сегіз үлкен бекініс салуға
бұйырады. Бұл бекіністерді парсылар салып жатқанда, скифтер оларды
солтүстігінен айналып өтіп, Скифияға оралады. Парсылардың алдында
скифтердің жоқ екенін білгеннен кейін, Дарий жартылай аяқталған құрылысты
тоқтатуға бұйырып, өз әскерін батысқа бұрады. Скифияға оралып, парсылар бұл
жерде енді бірлесе қимылдаған скиф әскерлерінің қос отрядына кезігеді.
Тікелей соқтығысулар болмаған соң, парсылар скифтерді табандап қуа береді
және де скифтер әрдайым олардан бір күндік жер алда жүріп отырады. . Осының
бәрі бірнеше айларға созылады. Скифтер оларға көмек беруден бас тартқан
тайпалардың иеліктері және ең алдымен меланхлендердің елі арқылы шегінеді.
Содан скифтер жауларын андрофагтар, содан кейін неврлер жеріне қарай
бастайды. Бұл тайпалардың зәре-құтын алып, оларды өздеріне қосылуға мәжбүр
етіп, скифтер агафирстерге қарай шегінеді. Бірақ агафирстер алдынан шығып,
егер скифтер олардың жерлеріне аяқ басар болса, онда скифтермен шайқасамыз
дегенді айтады. Скифтер агафирстер еліне бармай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарий I Скифияға жорығы
Тарих бастауы сақ дәуірі
Парсы шапқыншылығы
Сақтар, скифтер: алтын адам
Сақтар (скифтер)
Ертедегі түрік жазуы
Парсылар
Парсы патшасы І Дарийдің Бехистундік жазуы
Сақ тайпаларының орналасуы
Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
Пәндер