Жаңа заманның саяси көзқарастары, саяси ілімдері



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жаңа заманның саяси көзқарастары
2. Жаңа замандағы саяси ілімдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Саясаттану атының өзі әйгілеп тұрғандай саясат туралы ғылым. Саясат әлемі табиғатының сан алуандығысондай, көптеген ғалымдардың өздері бүгінге дейін саясаттың не екен-дігі жайлы біржақты көзқарасқа тоқайласа қойған жоқ. Үстіміз-дегі кезеңде де мемлекет дегеніміз не, оның пайда болуының қайнар көздері қайдан шығадыдеген сауалдар төңірегінде таластар бар. Зерттеушілер заманымыздың негізгі саяси инс¬титуттарын айқындау мен олардың қоғамдағы орналасу ретін белгілеуде әр түрлі пікірлер айтуда. Қайсыбіреулер саясат¬тануды бір сәттілік міндеттерді шешуге бағытталған ғылым десе, басқалары оны философиямен қатар тұра алатын Тео¬риялық терең сипаты бар ғылымға балайды.
Тіпті саясаттың қоғамда алатын орнын айқындауда да біріз-ділік жоқ. Десек те, қазақ даласының XI ғасырдағы атақты ой-шылдарының бірі Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн өзінің саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі «Құтты білік» деген еңбегінде «ел былығы саясатпен арылар» деген идеяны дәріптей келіп, «елді саясатпентүзетудің» қажеттігіне мең¬зеген болатын. Бүгінгі таңда саясатта осы аталған тұрғыда ой¬лайтын билік басындағылардың көптеп кездесетіндігі ешкімді таңдандырмаса керек.
Алайда қоғамда билеушілердің іс-әрекеті құйтырқы саясат¬пен астасып жатады деген түсінік те жоқ емес. Міне осы жәйт¬тен бүгінгі саясатты мың құбылмалы сан қырымен талдап қараудың айқындалатыны белгілі. Саясаттың теориялық аспек¬тілерін игеруді мақсат еткендердің саясат аясынан саналы түрде өз бетімен орнын табуға алғаш қадам жасары айдай ақиқат.

Қайта өрлеу дәуіріндегі саясат пен құқық проблемалары. ХYI - ғасырда феодализмге қатты соққы жасалды. Капиалистік қатынастар ене бастады, буржуазия мен пролетариат пайда болды. Шаруалар қозғалысы өршіді. Әлеуметтік, саяси рефолюциялар дәуірі басталды. Католик шіркеуінің о дүниелік игілік теориясына қарсы адамның ақыл-ой, тәжірибесі, жасампаздық күші күреске шықты. Жаңа заманның саяси ілімдерінде адам, жеке адам мен мемлекеттің қарым-қатынасы туралы проблемалар маңызды орын ала бастады. Бұл «гуманизм» немесе Қайта өрлеу идеологиясы деп аталды. Антикалық мұраттарды пайдалану арқылы жаңа, буржуазиялық идеология жасалына бастады. Шіркеу мекемелерін сынауды алдыңғы қатарлы күштер «реформация» туы астында жүргізді. Шіркеуді демократияландыру ежелгі христианствоның талаптарына сай болды. Алайда сенімсіздік те бар еді. Езілген халықтың идеологиясы утопиялық социализм теоретиктері Т.Мюнцер, Т.Кампанелла, Т.Мор шығармаларында көрініс тапты. Утопист-социалистер мүлік ортақтастығын, жеке адамды қорғайтын ұжымдық құрылысты, мемлекетті жақтады.
1. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану негіздері. – Алматы: Жеті Жарғы, 1999
2. Кенжебаев М., Бұлықтаев Ю. Саясаттану негіздері. – Алматы, 1999
3. Ермұқанов Б. Қазақстан: тарихи-публицистикалық көз¬қарас. – Алматы: Ғылым, 2000.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жаңа заманның саяси көзқарастары
2. Жаңа замандағы саяси ілімдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Саясаттану атының өзі әйгілеп тұрғандай саясат  туралы  ғылым. 
Саясат әлемі табиғатының сан алуандығысондай, көптеген ғалымдардың өздері
бүгінге дейін саясаттың не екендігі жайлы біржақты көзқарасқа тоқайласа
қойған жоқ. Үстіміздегі кезеңде де мемлекет дег еніміз не,
оның пайда болуының қайнар көздері қайдан шығадыдеген сауалдар 
төңірегінде 
таластар бар. Зерттеушілер заманымы здың негізгі саяси институттарын ай қындау
мен олардың қоғамдағы  орналасу  ретін  белгілеуде әр түрлі 
пікірлер айтуда. Қайсыбіреулер саясаттануды  бір сәттілік міндеттерді
 шешуге бағытталған ғылым десе, басқалары оны философиямен  қатар
тұра алатын Теориялық терең сипаты бар ғылымға балайды.
Тіпті саясаттың қоғамда алатын орнын айқындауда да бірізділік жоқ.
 Десек те, қазақ даласының XI ғасырдағы атақты ойшылдарының  бірі Жүсіп
 Хас Хажыб Баласағұн өзінің саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі
Құтты білік деген еңбегінде ел былығы  саясатпен арылар  деген  идеяны
 дәріптей келіп, елді саясатпентүзетудің қажеттігіне меңзеген болатын.
Бүгінгі таңда саясатта осы аталған тұрғыда ойлайтын  билік басындағылардың
көптеп кездесетіндігі  ешкімді  таңдандырмаса керек.
Алайда қоғамда билеушілердің іс-әрекеті құйтырқы саясатпен  астасып
жатады деген түсінік те жоқ емес. Міне осы жәйттен бүгінгі  саясатты  мың
құбылмалы сан қырымен талдап қараудың айқындалатыны  белгілі. Саясаттың
теориялық аспектілерін игеруді мақс ат еткендердің  саясат  аясынан
саналы түрде өз бетімен орнын табуға алғаш қадам  жасары  айдай ақиқат.

Жаңа заманның саяси көзқарастары
Қайта өрлеу дәуіріндегі саясат пен құқық проблемалары. ХYI - ғасырда
феодализмге қатты соққы жасалды. Капиалистік қатынастар ене бастады,
буржуазия мен пролетариат пайда болды. Шаруалар қозғалысы өршіді.
Әлеуметтік, саяси рефолюциялар дәуірі басталды. Католик шіркеуінің о
дүниелік игілік теориясына қарсы адамның ақыл-ой, тәжірибесі, жасампаздық
күші күреске шықты. Жаңа заманның саяси ілімдерінде адам, жеке адам мен
мемлекеттің қарым-қатынасы туралы проблемалар маңызды орын ала бастады.
Бұл гуманизм немесе Қайта өрлеу идеологиясы деп аталды. Антикалық
мұраттарды пайдалану арқылы жаңа, буржуазиялық идеология жасалына
бастады. Шіркеу мекемелерін сынауды алдыңғы қатарлы күштер реформация туы
астында жүргізді. Шіркеуді демократияландыру ежелгі христианствоның
талаптарына сай болды. Алайда сенімсіздік те бар еді. Езілген халықтың
идеологиясы утопиялық социализм теоретиктері Т.Мюнцер, Т.Кампанелла, Т.Мор
шығармаларында көрініс тапты. Утопист-социалистер мүлік ортақтастығын, жеке
адамды қорғайтын ұжымдық құрылысты, мемлекетті жақтады.
Италияндық Никколо Макиавелли (1469-1527) заманының көрнекті
ойшылы болды. Государь, История Флоренции деген еңбектерімен діни
көзқарастан қол үзіп, саясат туралы теологиялық пікірге қарсы болды.
Ортағасырлық құдайлық тұжырымдаманы тарихи объективтік қажеттілік және
заңдылық идеялармен немесе өзі атағандай тағдырмен байланыстырды.
Адамдардың күшіне сеніп, оларды саясатпен белсенді, шығармашылықпен
айналысуды нұсқайды. Дінді бұқараны идеологиялық тұрғыдан тәрбиелеу
жолында пайдалану керек дейді. Сондықтан жалпы діннен қол үзе отырып,
саясатты тәжірибелік ғылым ретінде негіздейді. Схоластиканы жоққа
шығарады. Нақты саяси өмірдің христиан моралінің уағыздарымен еш
байланысы жоқ, дейді. Саясатты тәжірибелі ғылым деп негіздеуі теология
мен схлоастикаға берген соққысы еді. Ол сонымен қатар антикалық және
буржуазиялық саяси ғылымды байланыстырушы буын болды. Макиавелли жаңа
заман үшін саяси ғылымның негізгі теримндерінің бірі стато (мемлекет)
деген сөзді енгізді. Мемлекет пен саясатты адамның көзі деп қарап,
оның өзгеріп отыратындығын көрсетеді, халық пен аристократтардың
арасындағы күрес деп қарастырады. Мемлекеттің түрінің өзгеруіне әсер
ететін факторларды қарастырады.
Мемлекеттің формалары әртүрлі болады: жеке адамның билігі, аздаған
адамдардың, бүкіл халықтың билігі. Аздаған адамдардың билігінде монархия,
аристократия және демкоратия болып келеді. Әр түрдің орнауы күштердің
арасалмағына байланысты дейді. Диалектикалық тұрғыдан түсіндіреді. Ең
басты түрлері: монархия мен республика деп көрсетеді. Монарх болса да,
адал болуы керектігін айтады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, князьдер
берген сертін орындау арқылы емес, алдаумен, айламен әрекет жасау жолымен
орасан зор істер тындырған дейді. Макиавелли монархияны тиранияға қарсы
қойғанда абсолютизмді ақтау үшін жасайды. Қайткен күнде мемлекетті
нығайтуды көздеген. Бөлшектенген Италияны күшейті үшін бір адамның
диктатурасы, қантөгіс сөзсіз болады, уақытша өтпелі шара қажет, тек
ерікті мемлекет қуатты бола алады, егер ол ортақ игілікке қызмет
ететін болса дейді. Республиканы негіздеу үшін дворяндарды құрту керек
дейді. Бұл оның ілімінің буржуазиялық бағытын көрсетеді. Буржуазияның
мемлекеттің демократиялық формасын қалайтыны белгілі.
Бірақ Макиавеллидің демократиясы дәйекті емес. Демократиялық,
аристократиялық, монархиялық элементтерді қарастырады. Ежелгі Рим осындай
аралас билік түрлерін қолдану арқылы қуатты болған дейді. Макиавеллидің
аралас мемлекет формалары тұжырымдамасын кейін Дж.Локк, Ш.Монтескье және
басқа саясат ойшылдары қабылдады. Макиавелли – ең алдымен патриот болды.
Италияны қуатты, тұтас мемлекет түрінде көруді аңсады. Бұл жолда ол елін
феодализм мен шіркеудің тежеуінен алып шығып, прогресс, революциялық
өзгерістер мүмкіндіктерін таба білді. Оның ілімі іс-қимылға,
шығармашылыққа, бостандыққа, қайта жаңартуға шақырады. Мұның өзі саяси
ойлаудағы орта ғасырлардан жаңа заманға жол салған рефолюция еді.
Реформация. ХYI-ғасырдың бірінші жартысында Батыс және Орталық
Еуропада католицизмге қарсы діни қозғалыс басталды. Орталығы Алмания
болды. Реформациялық қозғалысқа әртүрлі қоғамдық күштер қатысты. Мемлекет,
заң, құқық туралы саяси бағдарламалары да әркелкі болды. Олардың барлығы
шіркеу құрылымын радикалды, қарапайым ету, демократияландыру болды.
Реформацияның бастаушысы Мартин Лютер (1483-1546) әрбір құдайға
сенуші асқан сенім арқылы өзін-өзі құтарады деп дәріптеді. Христиан дінін
уағыздады. Адамның еркі, нанымы, жаны, ішкі дүниесі мемлекеттің
қыпалынан, заңынан тысқары тұрады деді. Мемлекет туралы тұжырымдамасыда ол
князь-монарх билікті сонда ғана ақылмен пайдаланады, егер ол билікті
кеңшілік деп түсінбей, оны құдай жүктеген міндет деп қараса дейді.
Христиандық билеуші халықтың қызметшісі болуы керек. Лютер Алманияда
демократиялық өзгерістер жсаудан аулақ, бірақ монархқа бағыну керек,
үкіметке қарсы шықпау керек дейді. Көзқарастары қайшылықтарға толы.
Аймақтық князь абсалютизмнің орнығуының кепілі дейді. Діни фанатизм де
орын алды, реформацияға кедергі де жасады.
Томас Мюнцердің (1490-1525) шаруалық-плебейлік көзқарасы реформациялық
қозғалысты қандай болмасын қанаушы тәртіпке, әлеуметтік теңсіздікке,
княздер билігіне, шіркеулер қыспағына бітіспес ашық күреске айналдырды.
Соның нәтижесінде Алманияда 1524-26 жылдары шаруалар соғысы болмай қоймады.
Мюнцердің шығармалары: 12 статья, Статьялық хат. Шығармаларында билікті
қарапайым халыққа беру керек деді. Республикалық идеяны жақтады. Белсенді
революциялық қимыл жасайтын адам болды, өз ғасырынан озып кетті. Таптық
айырмашылық жоқ, жекеменшік жоқ, қоғамның мүшелеріне кедергі тудыратын
мемлекеттік билігі жоқ қоғамдық құрылысты қалады.
ХYI-ХYII ғасырлардағы утопиялық социализм. Көрнекті өкілі Томас
Мор (1478-1585) Утопия деген еңбек жазған. Англиядағы қоғамдық құрылысты
сынады. Мемлекеттің қанаушылық рөлін жақсы түсіндірді. Ол жекеменшікке
негізделген әлеуметтік-саяси құрылысқа қарсы. Жекеменшік жойылғанда ғана
теңдік, әділдік болады дейді. Еңбек міндетті болу керек. Мемлекет пен
лауазымды адамдардың басты міндеттері өндірісті және игіліктерді бөлуді
ұйымдастыру дейді. Лауазымды адамдар халық қызметшісі болуы қажет.
Мемлекет басында сайланып қойылатын князь болуы шарт және ол
президенттің рөлін атқаруы қажет. Демократия элементтері өкілдік
басшылықтың араласуымен қатар қойылған. Т.Мордың социалистік идеалы
феодалдық және капиталистік қатынастарға қарсылық еді. Ол басқыншылық
соғыстарды да айыптады. Құлдық еңбекті мойындайды, социализмі қияли,
себебі ондай қоғамға әлі алғышарттар жоқ болатын.
Италияндық Т.Кампанелла (1568-1639) – утопист-социалист, елін шетел
басқыншыларынан құтқару жолындағы күрескер. Күн қаласы деген еңбегінде
зұлымдық атаулының баршасы жекеменшіктен дейді. Ең қажетті қоғамдық-
саяси құрылыс қоғамдық меншікке негізделуі тиіс. Барлығы еңбек етуге
міндетті. Оқу өндірістік еңбекпен ұштастырылуы қажет. Ғылым мен
техниканың дамуына үлкен мән береді. әйел мен еркектің теңдігін жақтап,
демократиялық мемлекеттің болуын қолдайды. Мемлкеттің басында ақылды,
діни адам тұру қажет. Ол адам күн немесе метафизик деп аталуға тиіс.
20 жасқа толған азаматтардың барлығы үлкен кеңес дегенді құруы қажет.
Үлгілі мемлекет құруды армандады. Ондай мемлекетті құдай бермейді. Маркс
Кампанелланы мемлекетке адам көзімен қараған ойшыл деп бағалады.
Мемлекеттің табиғи заңдарын теологиядан емес, ақыл-ойдан, тәжірибеден
шығарды. Бірақ Кампанелла адамгершілікті құқықпен шатастырды, діни
идеологиядан толығымен қол үзе алмады.
Голландық заң қызметкері Гуго Гроций (1583-1645) Соғыс пен
бейбітшіліктің құқық туралы үш томдық еңбек жазған. Онда жаратылыс
құқығы, бұқаралық құқық, халықтар құқығының принциптері туралы айтылады. Ол
сонымен қатар мемлекет, құқық, соғыс, халықаралық құқықтар туралы да
ілімдерді қалыптастырушы. Адам құқығы, құдай құқығы деген жіктеулерді де
бөлген. Құқықты күшпен ұстап тұру туралы сөз еткенде ол мемлекет жайлы
мәселені шығарады. Азаматтық билік мемлекет ішіндегі заңды құқықты
жасаушы дейді. Адамдар меншіктенуді қандай жолмен алатын болса
мемлекеттің билікті де сондай жолмен алуға болады дейді. Соғыстан
құтылуға болмайды деп тұжырымдайды. Соғыстардың әділетті, әділетсіз
сипаттарын көрсете келіп, олардың қасыретін азайтуға шақырады. Қоғам
дамуын артқа тартатын феодалдық соғыстар туралы ой толғайды.
Голландық материалистік–философ Бенедикт Спинозаның (1632-1677) Діни-
саяси трактат, Этика, Саяси трактат деген еңбектері бар. Мемлекет пен
құқық жайлы мәселені табиғаттың құрамдас бөлігі деп қарастырады.
Табиғаттың ең жоғарғы заңы - өзін-өзі сақтауға ұмтылу заңы. Адамдар
табиғаттың бөлшегі. Адамның күші мен қуаты оның құқығын айқындайды.
Сондықтан Спиноза адамның жаратылыс құқығының негізі ақылынан, ойынан
деушілермен келіспейді. Құқық адамның талпынысынан, ұмтылысынан дейді.
Көзқарасы жағынан монархияға қарсы, республикалық басқаруды жақтайды.
Құдай мен табиғатты біртұтас субстанция деп Спиноза диалектиканың
өздігінен дамуы принципін пантеистік-материалистік тұрғыда негіздеген.
Адам жөніндегі ілімінде осы қағидаларға сүйеніп, адамның өте күрделі
психикалық өмірін ақылға, құштарлық пен ынтазарлыққа, аффектіге балады.
Атеизм мен ғылыми ойдың дамуында Спинозаның ықпалы зор.
Ағылшынның материалист, ойшылы Томас Гоббстың (1588-1679) Левиафан,
Философияның негіздері, Адам жөнінде, Азамат жөнінде деген еңбектері
бар. Ол тұңғыш рет сол кездегі жаратылыстануға сәйкес механистік
материализмнің толық жүйесін жасады. Гоббс мемлекет жөніндегі ілімінде
мемлекет шығуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVII - ғасырдағы Голландияның саяси және құқықтық ілімдері
Философия,саясат ,казіргі заман
Ежелгі Грекиядағы саяси және құқықтық ілімдер
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ СИПАТЫ
XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ СИПАТЫ
Қазақ педагогикасының тарихы
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Әлемдік саяси ой тарихы
Көне үнді философиясының ерекшелгі
Пәндер