Жарық туралы



Жарық дифракциясы – жарық толқындарының мөлшері сол толқындардың ұзындығымен қарайлас тосқауылды (тар саңылау, жіңішке сым, т.б.) орап өту құбылысы. Жарық дифракциясы болу үшін жарық түскен дененің айқын шекарасы болуы тиіс. Дифракцияжарыққа ғана тән емес, басқа да толқындық процестерде де байқалады (мысалы, механикалық толқындардың жолында кездескен тосқауылды орап өтуі, т.б.). Жарық дифракциясы кезінде жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы, яғни геометриялық оптиканың негізгі заңдары бұзылады. Жарық толқындарының ұзындығы өте қысқа болғандықтан, қалыпты жағдайда жарық дифракциясы байқалмайды. Жарық дифракциясы – жарықтың толқындық қасиетін дәлелдейтін негізгі құбылыстардың бірі. Бұл құбылысты 17-ғасырда италиялық физик және астроном Франческо Гримальди ашты, ал оны француз физигі Огюстен Жан Френель түсіндірді.
Жарық жылдамдығы
'Жарық жылдамдығы, с' – кез келген электрмагниттік толқындардың (оның ішінде жарықтың да) бос кеңістіктегі (вакуумдағы) таралу жылдамдығы; іргелі физикалық тұрақтылардың бірі. Жарық жылдамдығының шамасы материалдық дененің массасы мен толық энергиясын байланыстырып тұрады. Санақ жүйесі өзгерген кезде координатты, жылдамдықты және уақытты түрлендіру жарық жылдамдығы арқылы өрнектеледі. Жарық жылдамдығын алғаш рет 1676 ж. Юпитер серіктерінің тұтылулары арасындағы уақыт аралығының өзгеруі бойынша дат астрономы Оле Ремер өлшеді (бақылау нәтижесінде с=215000 км/с болды). Жарық көзі ретінде лазерлерді пайдаланып жүргізген өлшеулер нәтижесінде жарық жылдамдығын өлшеу дәлдігі жоғары көтерілді: с=299792,5•0,15 км/с. Қазіргі кезде жарық жылдамдығының вакуумдағы мәні үшін ресми түрде с=299792,458•1,2 м/с қабылданған.
Жарық интерференциясы – жарық толқындарының қабаттасуы нәтижесінде бірін-бірі күшейтуі немесе әлсіретуі. Егер екі толқынның өркештері мен өркештері, сайлары мен сайлары дәл келсе, онда олар бірін-бірі күшейтеді; ал біреуінің өркештері екіншісінің сайларына дәл келсе бірін-бірі әлсіретеді. Жарық интерференциясы кезінде қабаттасқан жарық шоғының қарқындылығы бастапқы шоқтың қарқындылығына тең болмайды. Механикалық толқындар да интерференцияланады. Жарық интерференциясына қатысты кейбір құбылыстарды Исаак Ньютон бақылаған. Бірақ ол өзінің корпускулалық теориясы тұрғысынан бұл құбылысты түсіндіре алмады. 19-ғасырдың басында ағылшын ғалымы Томас Юнг және француз физигі Огюстен Френель жарық интерференциясын толқындық құбылыс ретінде түсіндірді. Кез келген жарық толқындары қабаттасқанда интерференция құбылысы байқалмайды. Тек когерентті толқындар ғана интерференцияланады. Жарық интерференциясының көмегімен жарық толқындарының ұзындығы өлшенеді, спектр сызықтарының нәзік түзілісі зерттеледі, заттың тығыздығы мен сыну көрсеткіші тәрізді қасиеттері анықталады.
1. ↑ Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
2. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Жарық –
Корінетін жарық - барлық жарықтың бірі
1. тар мағынада – көрінетін сәуле, яғни жиілігі 7,5 •1014 – 4,0 • 1014Гц
аралығындағы адам көзі қабылдайтын электрмагниттік толқын;
2. кең мағынасында — қабылданатын сәулемен бірге спектрдің ультракүлгін
және инфрақызыл аймағындағы сәулелерді де қамтитын оптикалық сәуленің
синонимі.
Жарық дифракциясы – жарық толқындарының мөлшері сол толқындардың
ұзындығымен қарайлас тосқауылды (тар саңылау, жіңішке сым, т.б.) орап өту
құбылысы. Жарық дифракциясы болу үшін жарық түскен дененің айқын шекарасы
болуы тиіс. Дифракцияжарыққа ғана тән емес, басқа да толқындық процестерде
де байқалады (мысалы, механикалық толқындардың жолында кездескен тосқауылды
орап өтуі, т.б.). Жарық дифракциясы кезінде жарықтың түзу сызық бойымен
таралу заңы, яғни геометриялық оптиканың негізгі заңдары бұзылады. Жарық
толқындарының ұзындығы өте қысқа болғандықтан, қалыпты жағдайда жарық
дифракциясы байқалмайды. Жарық дифракциясы – жарықтың толқындық қасиетін
дәлелдейтін негізгі құбылыстардың бірі. Бұл құбылысты 17-ғасырда италиялық
физик және астроном Франческо Гримальди ашты, ал оны француз физигі Огюстен
Жан Френель түсіндірді.

Жарық жылдамдығы

'Жарық жылдамдығы, с' – кез келген электрмагниттік толқындардың (оның
ішінде жарықтың да) бос кеңістіктегі (вакуумдағы) таралу жылдамдығы; іргелі
физикалық тұрақтылардың бірі. Жарық жылдамдығының шамасы материалдық
дененің массасы мен толық энергиясын байланыстырып тұрады. Санақ жүйесі
өзгерген кезде координатты, жылдамдықты және уақытты түрлендіру жарық
жылдамдығы арқылы өрнектеледі. Жарық жылдамдығын алғаш рет 1676
ж. Юпитер серіктерінің тұтылулары арасындағы уақыт аралығының өзгеруі
бойынша дат астрономы Оле Ремер өлшеді (бақылау нәтижесінде с=215000 кмс
болды). Жарық көзі ретінде лазерлерді пайдаланып жүргізген өлшеулер
нәтижесінде жарық жылдамдығын өлшеу дәлдігі жоғары
көтерілді: с=299792,5•0,15 кмс. Қазіргі кезде жарық жылдамдығының
вакуумдағы мәні үшін ресми түрде с=299792,458•1,2 мс қабылданған.

Жарық интерференциясы – жарық толқындарының қабаттасуы нәтижесінде бірін-
бірі күшейтуі немесе әлсіретуі. Егер екі толқынның өркештері мен өркештері,
сайлары мен сайлары дәл келсе, онда олар бірін-бірі күшейтеді; ал біреуінің
өркештері екіншісінің сайларына дәл келсе бірін-бірі әлсіретеді. Жарық
интерференциясы кезінде қабаттасқан жарық шоғының қарқындылығы бастапқы
шоқтың қарқындылығына тең болмайды. Механикалық толқындар да
интерференцияланады. Жарық интерференциясына қатысты кейбір
құбылыстарды Исаак Ньютон бақылаған. Бірақ ол өзінің корпускулалық теориясы
тұрғысынан бұл құбылысты түсіндіре алмады. 19-ғасырдың басында ағылшын
ғалымы Томас Юнг және француз физигі Огюстен Френель жарық интерференциясын
толқындық құбылыс ретінде түсіндірді. Кез келген жарық толқындары
қабаттасқанда интерференция құбылысы байқалмайды. Тек когерентті толқындар
ғана интерференцияланады. Жарық интерференциясының көмегімен жарық
толқындарының ұзындығы өлшенеді, спектр сызықтарының нәзік түзілісі
зерттеледі, заттың тығыздығы мен сыну көрсеткіші тәрізді қасиеттері
анықталады.

Жарық қысымы – жарықтың шағылдыратын немесе жұтатын денеге түсіретін
қысымы. Күн маңынан ұшып өткен кезде құйрықты жұлдыздың (кометаның)
құйрығының қисаюына жарық қысымының әсері болатындығын 1619 ж. алғаш рет
неміс ғалымы Иоганн Кеплер болжаған. 1873 ж. ағылшын физигі Джеймс
Максвелл электрмагниттік теорияға сүйене отырып, жарық қысымының шамасын
анықтады. 1899 ж. орыс физигі Петр Лебедев жарықтың қатты денелерге,
кейінірек газдарға (1907 – 10) түсіретін қысымын өлшеді. Жарық қысымын
жарықтың электрмагниттік теориясы мен кванттық теориясы негізінде
түсіндіруге болады. Жарық қысымы әсерінен Жердің жасанды серіктерінің
орбиталары аз да болса толықсиды.

Жарықтың сынуы – екі ортаның шекаралық қабатына түскен сәуленің екінші
ортаға өткен бөлігінің бастапқы бағыттан ауытқуы. Жарықтың сыну заңдары
былай тұжырымдалады:

1. түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін шекаралық бетке
жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түскен сәуле мен
сынған сәуле өзара қайтымды болады;
2. түсу бұрышы синусының (α) сыну бұрышы синусына (φ) қатынасы тұрақты
шама болады: мұндағы n – ортаның сыну көрсеткіші. Берілген заттың
вакууммен салыстырғандағы сыну көрсеткіші сол заттың абсолюттік сыну
көрсеткіші деп аталады.
Жарықтың шағылуы – жарықтың екі түрлі орта шекарасына (кем дегенде біреуі
мөлдір болатын) түсуі кезінде байқалатын құбылыс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарық табиғаты ғылымының даму тарихы және оның физика пәнін оқытуда қолдану
Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Энергетикалық шамалар
Жарық интерференциясын бақылау әдістері
Голография туралы түсінік және оны фармацияда қолдану
Орта мектепте «жарық дисперсиясы» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі іс-тәжірибе бағдарламасының жоспары:
Жарық толқындарының интерференциясы
Еңбек қорғау
Физикалық құбылысты жаңғырту
Пәндер