Жеке адамға қарсы қылмыстар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қылмыстық-құқықтық

пәндер кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:Жеке адамға қарсы қылмыстар

Орындаған:күндізгі бөлімнің

4-курс, ЗҚТ-417 тобының

студенті Алибекова. Э. Т

Жетекші: з. ғ. к. Мергенбаев Е.

Рецензент:

Қорғауға жіберілді

«»2008ж .

Түркістан- 2008 ж.

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ 3

1. Жеке адамға және өмірге қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы, түрлері мен ерекшеліктері 7

1. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы 7

1. 2 Өмірге қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы 12

1. 3 Адам өлтіру; негізгі құрам және ауырлататын түрлері 17

1. 4 Адам өлтірудің жеңілдетілген түрлері 41

1. 5 Абайсызда кісі өлтіру 54

1. 6 Адамды өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу 55

2. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

және түрлері 58

2. 1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы 58

2. 2 Денсаулыққа қасақана зиян келтіру 63

2. 3 Азаптау 73

2. 4 Денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру 74

2. 5 Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде және қылмыс

жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру 75

2. 6 Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру және қорқыту 75

2. 7 Соз ауруын жұқтыру 77

2. 8 Заңсыз аборт жасау 78

2. 9 Науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда

қалдыру 80

3. Жыныстық қылмыстар 84

ҚОРЫТЫНДЫ 90

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 93

КІРІСПЕ

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде орнықтырған елімізде адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылады. Осы тұрғыда тұлғаның мәртебесі адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы, олардың заңсыз шектелмеуі, абсолютті деп танылуы, әркімге тумысынан тиісті болып, олардан ешкім айыра алмайтындығына негізделеді.

Жаңа уақыт адамның құқығы мен бостандығы дүниеге өзімен бірге келетінін негіздейтін табиғи құқық идеяларының пайда болуымен сипатталады. Әртүрлі теориялық құрылымдар тұлға мен мемлекет қайшылығын еңсеру қажеттігін негіздеді. Адам құқықтары мен бостандықтарына артықшылық беру қағидаттарын жария ету “адам-мемлекет” мәселесіне құрсаулық жүйе тұрғысынан түсінік беруден үзілді-кесілді бас тартуды білдіреді. Тоталитарлық жүйе кезінде адам орасан зор мемлекеттік машинаның титімдей бір бөлігіне айналды (бұл әсіресе Сталиннің жеке басына табыну жылдары айрықша байқалады) . Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін жаратылған, олардың қатынастарының ендігі басты қағидасы осындай. “Қымбат қазына” ұғымы конституциялық мәтінге енгеннен кейін іс жүзінде адамгершілік санат бола отырып, құқықтық санатқа да айналады және қоғам мүшелерінің баршасы үшін- мемлекет билігі қолында барларға да, жоқтарға да міндетті ереже болып табылады.

Мемлекет пен тұлғаның өзара қарым-қатынасының қағидалары, яғни олардың адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олардың абсолюттігін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің бірлгін білдіреді.

Адам құқығы кепілдігінің бірден-бір бастауы, қайнар көзі- ҚР Конституциясы. Ата заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. ҚР Конституциясының ІІ-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай ҚР барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары; бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. ҚР барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әруақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған.

Соңғы жылдары елімізде қылмыстылықтың, оның ішінде жеке адамға қарсы жасалатын қылмыстардың өсуі байқалады. Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстар түрлері орын алуда.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек Қазақстан Республикасының ІІМ статистикалық мәліметтері бойынша Республикада 1997 жылы 148053 қылмыс тіркелсе, ал 1998 жылы - 173858; 1999 жылы - 200873; 2000 жылы - 206006; 2001 - жылы 201796; 2002 - жылы 183913; 2003 жылы - 183977; 2004 жылы -165401; 2005 ж - 142100; 2006 ж - 139431; 2007 ж - 150790 қылмыс тіркелген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының мәліметтері бойынша, бүкіл Республика көлемінде соңғы 6 жылда 2002 ж-18928; 2003 ж-22185; 2004 ж-24712; 2005 ж-20641; 2006 ж-20518; 2007 ж-17066 жеке адамға қарсы қылмыстар тіркелген.

Бұл мәліметтер бойынша жалпы қылмыстылықтың динамикасы 2004 жылғы дейін өсіп, кейінгі жылдары қарқыны сәл төмендеген. Ал жеке адамға қарсы қылмыстар 2005 жылға дейін өсіп, одан кейінгі жылдары азайыңқыраған. Профессор Е. І. Каиржанов “Социалистік қағидадан аяқ астынан бас тарту және елде нарықтық экономиканы жариялау сөзсіз, қалыптасып қалған құқықтық жүйені түпкілікті реформалауды талап етеді” деген. Соның бір көрінісі ретінде қылмыстық заң да 1997 жылдан бастап үнемі қазіргі әлеуметтік-қоғамдық, экономикалық жағдайларға сәйкестікке келтіруде. Елімізде қылмыстылықпен күресуді күшейту, оның бағдарламасын жасау, құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында соңғы жылдарда Республика Президентінің бірнеше Жарлықтары мен ҚР Жоғарғы сотының Нормативтік қаулылары шықты. Мемлекет басшысының осындай Жарлықтарының ішінен атап айтар болсақ: “Коррупциямен және ұйымдасқан түрдегі қылмыстылықпен күресуді күшейтудің шаралары жөніндегі” 1992 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, “Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Кеңес құру туралы” 1994 жылғы 11 ақпандағы Президенттің Жарлығы, “Қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы” 1994 ж. 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, “Заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы” 1994 ж. 9 маусымындағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, “Сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Республикалық комиссия құру туралы” 1994 ж. 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, “Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндегі шұғыл шаралар туралы” 1995 ж. 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының “Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы”2007 жылғы 11 мамырдағы №1 Нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының “Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы”2007 жылғы 11 мамырдағы №4 Нормативтік қаулысы. Осы аталған Нормативтік құқықтық актілермен қатар және басқа да авторлардың еңбектерінің ғылыми және практикалық маңызы зор екендігі күмәнсіз. Бұларда берілген шешімдер мен бағыттар, қоғам үшін қауіпті құбылыс болып табылатын жеке адамға қарсы қылмыстарға қылмыстық-құқықтық тұрғыдан талдау, күресті дұрыс әрі ұтымды ұйымдастыруға бағытталған.

Жұмыстың мақсаты, қылмыстық құқықтық заңдылықты және оны қолдану тәжірибесін жетілдіру үшін осы тақырыпқа байланысты пайда болған теориялық мәселелерді толығымен зерттеу және ол үшін ұтымды әрі дұрыс бағытта шешім көрсету болып табылады. Қойылған мақсаттар жұмыстың міндеттерін де білдіреді және олардың қатарына мыналар жатады:

  1. жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасын бере отырып нақты мазмұнын ашып көрсету.
  2. жеке адамға қарсы қылмыстардың түрлерін және қылмыстық іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау.
  3. жеке адамға қарсы қылмыстарды дұрыс саралау.
  4. Адам өлтіруге арнайы түсінік беру.
  5. жеке адамға қарсы қылмыстардың түрлеріне түсінік беріп және объективтік, субъективтік тұрғыдағы ерекшеліктерін көрсете отырып сипаттама жасау.

Осы мақсаттарды орындау үшін жеке адамға қарсы қылмыстардың түрлерін қарастыратын өткен және бүгінгі уақыттардағы заңдылықтардың құрылысы және осы бағыттағы қылмыстылықпен күресу бойынша жүргізілген сот - тергеу тәжірибесі материалдары, сонымен қатар осы мәселе бойынша бұрын жүргізілген теориялық ойлар, пікірлердің құндылығы мен кемшіліктері бағаланды және жұмыстың жазылуы барысында құнды пікірлер еленіп, кей пікірлердің күмәнділігі ескерілді.

Осы жұмыстың теориялық негізі ретінде осы тақырыпқа тікелей қатысты жазылған ғылыми еңбектермен, оқулық әдебиеттер алынды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулылары қолданылды.

1. Жеке адамға және өмірге қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы, түрлері мен ерекшеліктері

1. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең басты құндылық ретіндегі идеяларды жүзеге асырудың маңызды шарттарының бірі - табиғи құқық тұжырымдамасы мен оны Конституцияда бекітудің сәйкес келуі. Бұл тұжырымның мағынасы құқықтар мен бостандықтар мемлекеттің тарапынан берілмейді, ол адамзаттың қасиеті ретінде оған туған кезінен тән. [1. 18 б . ] .

Табиғи құқықты түсіну - адам құқығымен салыстырғанда мемлекеттің екінші орында екенін білдіреді, осыған орай мемлекеттің және оның барлық ұйымдары мен мекемелері адамдардың бас бостандығын қамтамасыз етуі керек. [ 2. 52 б. ] . 1995 ж. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы: “адам құқықтар мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған” - деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес табиғи құқықтарға әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және т. б. белгілеріне қарамастан беріледі. Бұл құқықтар мен бостандықтарға ешқандай мемлекеттік шекаралар, ұлттық, нәсілдік, таптық бөлулер кедергі жасай алмайды.

Сондықтан табиғи құқықтар жалпы адамзаттық болып қарастырылады. Осыдан Қазақстан Республикасы Конституциясында тек азаматтардың құқықтары емес, адамның құқықтары мен бостандықтары туралы айтылады, әр адам азаматтан жоғары тұрады.

Табиғи құқық теориясынан адамның құндылығы табиғаттың өзімен анықталған және оның танылмауы немесе адамнан алынып қойылуы мүмкін еместігі шығар. Яғни құқықтар мен бостандықтарды мемлекет немесе т. б. берген емес, ол адамға тумысынан берілген және одан ажырамайды, адамзат болғандығы үшін тән екендігін білдіреді. Сондықтан Конституцияда құқықтар мен бостандықтар ешкім айыра алмайтындығы бекітілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқының негіздеріне оларды нығайтатын және олардың құқықтық мәртебесінің жүзеге асырылуына ықпал ететіндей негіз боларлық принциптерді жинақтайды. Мұндай принциптердің қатарына мыналар жатады:

1. Адам құқық мен бостандығының айнымастығы. Табиғи танылған құқық мемлекеттің сыйы емес. Ол оны таниды, атайды және олардың жүзеге асырылуына, сақталуына кепілдік жасайды. Не мемлекеттің, не органдарының, не лауазымды адамдарының заңымен көзделгенінен өзгерген жағдайда оны айыруына, шектеуіне құқық жоқ.

2. Конституция құқықтары мен бостандықтары теріс пайдалануға тыйым салады. Адамның және азаматтың бірінің құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы екіншісінің құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы, Конституциялық құрылысқа және қоғамдық ізгілікке нұқсан келтірмеуі тиіс екендігі Конституцияда нық жазылған. Әр адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының теңдiгi бұған олардың бәрiнiңде иелiгiн бiлдiредi. Әрине адам құқығы мен бостандығын екiншi бiреу бұзған жағдайда заңды қорғау, яғни басқа адамдардың ар-намысымен мен қадір-қасиетін құрметтеу жөніндегі міндеттеме бұзылғандықтан, заң кепілдігі күшіне енеді.

3. Конституциялық құқық пен бостандықтың заңсыз шектелуіне тыйым салынады. Сонымен бірге Конституция шектеудің шегі мен негізінде көрсетеді. Біріншіден, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын тек заң ғана шектеуі мүмкін. Бұл заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілер арқылы (Президенттің нормативтік жарлықтармен, Үкіметтің қаулысымен, Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, жергілікті өкілетті және атқару органдарының нормативтік актілерімен) адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын шектеуге болмайтындығын білдіреді. Екіншіден, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары Конституциялық құрылысты сақтау, қоғамдық тәртіпті, адам құқығы мен бостандығын, халықтардың денсаулығы мен ізеттілігін қорғау үшін қажеттілік деңгейде шектеуі мүмкін. Бұл арада әңгіме, шын мәнінде адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын шектеуден гөрі, мемлекет пен адамның мүддесін жекелеген адамдар тарапынан болуы мүмкін қол сұғушылықтан қорғау туралы болып отыр.

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. ҚР Конституциясының ІІ-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. [ 3. 4 б. ] . Осыған орай ҚР барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары; бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. [ 4. 3 б. ] . ҚР барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әруақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру; жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру; абайсызда кісі өлтіру; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.

Денсаулыққа қарсы қылмыстар: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру; денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру; денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру; қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру; денсаулыққа абайсызда зиян келтіру; ұрып-соғу; азаптау; қорқыту; ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету; соз ауруларын жұқтыру; адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыру; медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттері тиісінше орындамауы; заңсыз аборт жасау; науқасқа көмек көрсетпеу; қауіпті жағдайда қалдыру.

Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар: Адамды ұрлау; бас бостандығынан заңсыз айыру; психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру; адамдарды пайдалану үшін азғырып - көндіру.

Жеке адамның ар - намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар: Жала жабу; қорлау.

Жыныстық қылмыстар: Зорлау; нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану; он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс - әрекеттер; жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс - әрекеттерге мәжбүр ету; жас балаларды азғындату.

Қоғамдық ортада адамның жеке басына қарсы қылмыстар кең тарауда Қазіргі таңда, бұрынғы жылдарға қарағанда жеке басқа қол сұғушылық, соған байланысты адам өлтіру, адам өлтіру, соз ауруын жұқтыру, ұрып - соғу, науқасқа көмек көрсетпеу, заңсыз аборт жасау, зорлау сияқты, адамның өмірімен денсаулығана төнетін қауіп - қатерлер саны көбейіп кетті. Осы орайда Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығына сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 1998 жылдың 1 - қантарынан бастап заңды күшіне енді.

Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айра алмайды. Сондықтанда заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы оның жасаған қылмысына қарай анықталады.

Әркімнің өмір сүруге құқығы бар және адамның құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда заңды түрде қорғалады. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ.

Осындай әрекеттердің көбею себебінен „Адамның жеке басына қарсы қылмыстар ” қоғамда ерекше орын алып отыр. Бір адамның қылмыс жасауы арқылы бірнеше адамның құқықтары бұзылады. Ал, бұл жалғыз адамның басына байланысты мәселе болғанымен мемлекеттің болашақ ұрпағына үлкен әсерін тигізетіні рас.

Қазіргі таңда ақпараттық-бұқаралық техналогияның дамуына байланысты әртүрлі бейне фильмдердің көрсетілуіне байланысты кәмелетке толмаған жасөспірімдердің де қылмысы үлкен орын алуда. Сонымен қатар бұрын біздің елімізде болмаған түрлі аурулар қатары күннен күнге өршіп, тіпті өлімге дейін апарып жатыр.

Адамның және азаматтың құқықтарымен бостандықтары конституциялық құрлысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтарымен бостандықтарын, халықтың денсаулығымен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заң актілерімен шектеледі.

Қазақстан республикасы конституциясының 1 - бабы адам, оның өмірі құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылықтар деп жариялайды. Бұрынғы Қаз ССР Қылмыстық Кодексіне қарағанда бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Жеке адамға қарсы қылмыстар Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі содан басталады.

Адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына, ар намысы мен қадір қасиетіне қастандық жасауға бағытталған қауіпті іс - әректтер жеке адамға қарсы қылмыстар деп танылады. Бұл текті қылмыстар жасалынғанда адамға елеулі зиян келеді не оның өміріне, денсаулығына, заңды құқықтарымен бостандығына қауіп төнеді . Осындай қылмыстардың топтық обьектісі-адамның жеке басы, ал тікелей обьектісі - оның өмірі, денсаулығы, ар - намысы қадыр қасиеті.

Сонымен жеке адамға қарсы қылмыстарға заң шығарушы жеке адамға қарсы қылмыстары үшін жауаптылық көзделген жаңа құрамдар енгізілген, оларда қоғамға қауіпті мұндай іс әрекеттердің қылмыстық - құқықтық нышандарға нақтыланған, сот практикасына сүйене отырып нақты қылмыстық сот әрекет үшін қылмыстық жаза түрі қарастырылған.

1. 2 Өмірге қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Адамның ең маңызды табиғи құқығы - өмір сүру құқығы. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 бабында көрініс табады. Адамның өмірі - ең қымбат құндылық. Ешкімнің де адамды өмірінен айыруға хақысы жоқ.

Өмір сүру құқығы - бұл адамдардың табиғи және ажырамас құқығы болып табылады. Бұл құқықты қамтамасыз етпей басқа құқықтар мен бостандықтар туралы сөз қозғау бекер.

Адам құқықтары мен бостандықтарын жария ететін алғашқы құжаттар Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы және Азаматтық, саяси, экономикалық-әлеуметтік Пактілерде бұл құқықты ең жоғары бағалап бекіткен. Өмір сүру құқығы қоғамдық салада қалыптасқан барлық басқа құқықтар мен бостандықтардың бастапқы негізі болып саналады.

Адамның өмір сүру құқығы - әлемдік өркениеттің шексіз құндылығы, егер адам өлген жағдайда оның басқа құқықтары өзінің мән-мағынасын жояды. [5. 408 б. ] . Өмір сүру құқығы. Бұл әр адамды оның өміріне жасаған қаскөйліктен қорғауға кепілдік беру міндетін мемелекет өз мойнына алады дегенді білдіреді. Оның үстіне ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Жеке адамға қарсы қылжыстардың жалпы сипаттамасы
Кісі өлтіру қылмыстарының жалпы сипаттамасы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық құқығының ерекше бөлімінің жүйесі
Ауыр және аса ауыр қылмыстар
Мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы
Қылмыс ұғымы және қылмысқа жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz