Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттың құқықтық жағдайы


МАЗМҰНЫ

Кіріспе ……… . . . 3

1 Адвокатура және соттағы өкілділіктің мәні мен маңызы . . . 6

1. 1 Адвокатура түсінігі, мәні мен маңызы … . . . 6

1. 2 Соттағы өкілділік және соттағы өкілдің түсінігі, негіздері, түрлері… . . . 8

1. 3 Адвокатура қызметінің негізгі бағыттары және даму болашағы . . . 14

2 Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттың құқықтық жағдайы . . . 33

2. 1 Азаматтық істі қозғау және істі сот талқылауына әзірлеу сатыларына адвокаттың қатысуы . . . 33

2. 2 Адвокаттың бірінші саты сотында істі талқылауға қатысу тәртібі . . . 49

2. 3 Сот актілерін қайта қарау сатыларына адвокаттың қатысу ерекшеліктері . . . 54

2. 4 Адвокаттың сот актілерін атқару сатысына қатысуы . . . 57

Қорытынды . . . 66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 68

КІРІСПЕ

Бұл дипломдық жұмыста адвокатура және соттағы өкілділіктің мәні мен маңызы, адвокатура қызметінің негізгі бағыттары және даму болашағы, азаматтық іс жүргізудегі адвокаттың құқықтық жағдайы, азаматтық істі қозғау және істі сот талқылауына әзірлеу сатыларына адвокаттың қатысуы, адвокаттың бірінші саты сотында істі талқылауға қатысу тәртібі, сот актілерін қайта қарау сатыларына адвокаттың қатысу ерекшеліктері, адвокаттың сот актілерін атқару сатысына қатысуы жазылған. Адвокаттық қызметтің ұйымдастырылуының құқықтық негіздері мен қағидалары, адвокаттардың құқықтық мәртебесі, олар көрсететін заң қызметінің түрлері және де қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызметтің өзекті мәселелері, сондай-ақ адвокаттардың құқықтық жағдайы қарастырылады.

Адвокат (гр, advocatus - шақырылған) адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және арнаулы заңда көзделген шеңберде кәсіби құқықтық көмек көрсететін заңгер; кең мағынада алғанда - қорғаушы. Заңды көмек көрсете отырып, адвокат: заң мәселелері бойынша түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды, соттарда, азаматтық қарым - қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілі ретінде қатысады, оларды қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың статусы, адвокаттық қызметпен айналысу тәртібі, кәсіби құқылары мен міндеттері, мінез - құлық нормалары, Азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Адвокатураның негізгі ұйымдық - құқықтық нысаны - адаокаттар алқасы - білікті заңгерлердің кәсіби ұйымы. Оның міндеті жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету, құқықтар мен заңды мүдделерді, заңдылықты сақтау мен нығайтуға, заңдарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жәрдемдесу болып табылады

Адвокаттар алқасының мүшесі, жоғары заң білімі, екі жылдан кем емес заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқына лицензия алған адам.

Адвокат құпиясын: адвокатқа жүгіну фактісі көмек сұрап өтініш жасаған адаммен және басқа адамдармен жасалған ауысша және жазбаша келіссөздердің мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған адамның мүдделерінде жасалатын әрекеттердің сипаты мен нәтижелері туралы мәліметтер, сондай - ақ, заң көмегін көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды. Адвокат құпиясына жататын мәліметтерді көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.

Адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған ұйым. Адвокатура азаматтық, қылмыстық істер бойынша қорғау, өкілдік ету, сондай - ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай - ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заңды көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Заң тұрғысынан көмек алу - әрбір адам мен азаматтың конституциялық құқығы.

Адам мен азаматтың құқығына кепілдік беретін Негізгі заңның конституциялық ережелерінің арасында маңызды конституциялық принцип ретінде, қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында әрбір адамның білікті заң көмегін алуға құқығының бар екендігі тікелей көрсетілген. Ал заңда көзделген жағдайда мұндай көмек тегін көрсетіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда адам мен азаматтың құқығын қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдар бар. Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары құқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық құқықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбір жерде құқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде құқық қорғау қызметі міндетін атқарады. Әдетте құқық қорғау қызметі ретінде біз азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғауды мақсат ететін және заңға сәйкес заңдық әсер ету шараларын қолдану жолымен арнайы мемлекеттік органдар жүргізетін және олар белгілеген тәртіп мүлтіксіз сақталатын қызметті түсінеміз.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері, олардың өзін-өзі қаржыландыратын коммерциялық емес ұйымы, яғни адвокаттар алқасына бірігетіні және жекеше адвокаттардың да болуы. Адвокатураның қызметі көмек сұраған ұйымдарды білікті заң көмегін көрсету жолымен құқықтық қорғауды қорғауды қамтамасыз етуге тиіс, ондай көмек, мысалы сотта азаматтық істер бойынша олардың мүдделерін білдіру.

Дипломдық жұмысты зерттеудің мақсаты - адвокаттың құқықтық жағдайы -адвокатура, адвокаттық қызмет және адвокат ұғымдары нені білдіреді және Қазақстан Республикасындағы адвокаттардың ұйымдық және құқықтық негізі ретінде адвокаттар алқасының құрылу тәртібі, заң консультациялары мен адвокаттардың қызметтері қандай, осыларды жете зерттеуге ден қойылды. Адвокаттардың әділ шешім шығаруда азаматтық істерде сотта мәні бойынша қарап талдауының құқық қорғау үшін азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін, бостандықтарын, құқықтарын қалпына келтіру-кәсіби қорғаушылық ісі. Адвокаттардың азаматтық істерге басынан қалай қатысатынын қазақстандық авторлармен қоса шетелдік авторлардың еңбектерін пайдалана отырып, кеңінен зерттелді.

Іс жүзіндегі осы қатынастарды реттейтін заңнамаға және адвокатура органдарының адвокаттық қызметті қолдану практикасына талдау жасау, сонымен қатар осы негізде туындаған мәселелерді анықтау мен оларға баға беру және адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жолдарын айқындау болып табылады.

Дипломдық жұмысты зерттеудің міндеттері : Адвокаттардың әділ шешімін шығаруда азаматтық істерде, сотта мәні бойынша қарап талдауының құқық қорғау үшін азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін, бостандықтарын, құқықтарын қалпына келтіруінің негізгі көзі, қызметі, кәсіби қорғаушылық ісі болып саналады. Азаматтық істерде өкіл ретіндегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.

Адвокаттың қызметі қолданыстағы заңнаманың теориясы мен тәжірибесін терең білуге негізделуге тиіс. Осыған байланысты кәсіби адвокаттық қызмет азаматтық іс жүргізу мен соттағы дәлелдеу теориясын жетік игеруді талап етеді.

Дипломдық жұмысты зерттеудің объектісі ретінде адвокатура және адвокаттың құқықтық жағдайы, азаматтық істердегі сот тәжірбиесінің қазіргі кездегі даму жағдайы және тенденциясы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізі. Жұмыста 20-ғасырдың басындағы ресейлік ғалымдар У. Бернам, А. Д. Бойков, Е. В. Васьковский, Д. П. Ватман, Н. И. Капинус, И. В. Решетникова, Ю. И. Стецовский, т. б., қазақстандық ғалымдар З. Х. Баймолдина, Қ. Балабиев, Э. О. Дуйсенова, Г. А. Ильясова, Ү. Нұрмашев, Ф. Нұрмашева, Е. Тойганбаев, С. Т. Тыныбеков, Ж. Утенов, т. б. еңбектері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі. Адвокаттың құқықтық жағдайын зерттеу диалектика заңдарының негізінде жүргізіледі. Зерттеу жүргізу барысында ғылыми танымның жалпы әдістері және салыстырмалы-құқықтық, логикалық, тарихи, жүйелік-құрылымдық, кешендік, статистикалық жеке ғылыми әдістер қолданылады.

Жұмыстың тәжірибелік базасы. Дипломдық жұмыстың жазудың тәжірибелік базасына Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі, Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығына адвокаттың қатысуын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер, адвокаттық қызмет туралы заңнамалар құрайды

1 АДВОКАТУРА ЖӘНЕ СОТТАҒЫ ӨКІЛДІЛІКТІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

1. 1 Адвокатура түсінігі, мәні мен маңызы

Адвокат сөзі латынның Advocatus, advoco сөздерінен аударғанда «шақырамын», «көмекке шақырылған» деген сөздерді білдіреді.

Адвокатура тарихта ежелгі дәуірден бастап заңгерлік кеңесші ретінде белгілі болған [1, 13 б. ] .

Алғашқы адвокаттар Ежелгі Римде пайда болған. Бұл жөнінде поляктың құқықтанушы - тарихшы ғалымы Е. В. Васьковский « . . . Римде алғашқы заңгерлер патрондар болған, олардың тұлғасында екі кәсіп біріктірілді: заңгер - кеңесшілер және адвокаттар»-деп жазады. Адвокатура Ежелгі Римнің республикалық кезеңінде тәуелсіз кәсіп ретінде жұмыс атқарған және ешқандай ұжымдық ұйымдастырылуы болмаған [2] .

Русьте алғаш рет соттардағы кәсіпқой сенімділер туралы 15 ғасырдың заң ескерткіштерінде жазылған. Псков соттық грамотасында (1397-1467 жж. ) сенімділерді пайдалану құқығы барлығына емес, тек қана әйелдерге, балаларға, дін қызметкерлеріне (монахтарға), қарт адамдарға және саңырауларға заң қызметін пайдалану тәжірибесі жүргізілді.

Адвокаттық қызмет шеңберінде адвокаттар көрсететін заң көмегі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.

Азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны - адвокаттар алқасы - білікті заңгерлердің кәсіби ұйымы. Оның міндеті жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету, құқықтар мен заңды мүдделерді, заңдылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ заңдарда көзделген кейбір өзге міндеттерді [1, 14 б. ] атқаруға жәрдемдесу болып табылады. Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын адвокаттардың кәсіби шеберлігін, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі [1, 15 б. ] .

Шетел терминдерінің қазіргі сөздігінде «Адвокатура» термині ұйымды адвокаттар алқасын немесе адвокат қызметін білдіреді [3, 15 б. ] .

Адвокаттар алқасы заңды және жеке тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңында белгіленген өзге де міндеттерді орындау үшін құрылған адвокаттардың коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйымы болып табылады.

Заңда адвокаттар алқасы қоғамдық ұйым ретінде аталмаған. Алайда оның нақ осы қоғамдық ұйымға тән белгілері бар. Бұл: кәсіби ұйымды құрған тұлғалардың теңдігіне негізделген, тиісті ретпен рәсімделген мүшеліктің болуы. Адвокаттар алқасы жоғары заң білімі, біліктілік емтиханын тапсырған және адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан құрылады. Алқа мүшелігіне қабылдау және одан шығаруды сайланбалы алқа органы - адвокаттар алқасының төралқасы жүргізеді. Әрбір адвокат - алқаның толық мүшесі [1, 16 б. ] және «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының 14, 15, 28 және 29-баптарында қарастырылған құқықтар мен міндеттемелердің жиынтығына ие болады.

Қоғамдық ұйым мүшелерінің оның мүліктік негізін жасауға материалдық қатысуы тек кіру және мүшелік жарна түрінде ғана жүргізілмейді.

Адвокатурада ұйымның мүліктік негізін құруға арналған қаражат, сондай-ақ өз қорларынан заң консультациялары аударған сома және адвокат кеңселері азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсеткен үшін алған төлемнен құралады.

Мүлік, сонымен қатар ерікті мүліктік жарналар мен садақалардан, демеушілік және қайырымдылық көмектен заңда тыйым салынбаған өзге түсімдерден құралады.

Адвокаттар алқасы мүшелерінің өз ұйымының ісін басқаруға, адвокаттар алқасының бас органдарын сайлауға, оның басшы органдарының қызметін бақылауға қатысуы - осының барлығы өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйым ретінде осы құқықтық институттың ерекшелігін көрсетеді.

Жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсете, анықтау, алдын ала тергеу, сот, мемлекеттік және басқа органдар мен ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынаста өкілдік пен қорғауды жүзеге асыра, сот төрелігін жүзеге асыру процесінде сайысушы тараптардың бірі ретінде қатыса отыра адвокаттар ақы алады. Оның бір бөлігін алқа қызметін қолдауға жұмсайды. Яғни, олар атқарған қызмет - коммерциялық әрекет емес. Бұның өзі «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңының 1-бабының 2-тармағында адвокаттар көрсететін заң көмегі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды деген ережеде бекітілген.

Сөйтіп, адвокаттар алқасы құрылу және жұмыс істеу әдісі бойынша мемлекеттік органдарға тәуелсіз өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіби бірлестікке жатады. Алайда олардың қызметінде кәсіби бірлестікке тән емес мынадай белгілер де бар. Бұл ең алдымен олардың әділет органдары мен қарым қатынас сипатына қатысты, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің жанындағы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде азаматтар мен заңды тұлғаларға, оның ішінде адвокаттар алқасына қызмет көрсетуге байланысты, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық және азаматтық істерді қарау кезінде өкіл немесе қорғаушы ретіндегі адвокаттың жағдайы, адвокатты тәртіптік жауапкершілікке тартуды және т. б. Ұйымдастыру [1, 17 б. ] . үшін өзара байланыс және жағдай жасау жөніндегі құрылымдық бөлімшенің болуы үшін өзара байланыс және жағдай жасау жөніндегі құрылымдық бөлімшенің болуы. Сонымен қатар, әділет органдары адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия береді. Алайда бұл адвокаттардың тиісті лауазымдық міндеттемесін атқаратын қызметшілер екендігін білдірмейді. Біріншіден, адвокаттар мемлекеттік органдарда қызмет атқармайды, (сайлау немесе конкурс бойынша), яғни мемлекеттік қызметте жоқ. Олар адвокаттар алқасымен шарт жасамайды. Екіншіден, мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттемені орындайды. Мемлекеттік немесе органның атынан және тапсырмасы бойынша әрекет етеді. Олардың көпшілігі мемлекеттік-биліктік өкілеттіктерді атқарады. Бұл қағида ешбір жағдайда адвокаттарға қолданылмайды. Олар азаматтар мен ұйымдарғазаң көмегін көрсетеді, өз атына сөз сөйлейді және азаматтар мен мемлекеттік органдарға қатысты мемлекеттік-биліктік өкілеттіктер жүктелмеген. Үшіншіден, адвокаттар өз еңбегі үшін мемлекеттік қызметшілер сияқты мемлекеттен сыйақы алмайды. Көрсеткен заң көмегі үшін төлем ретінде азаматтар мен ұйымдардан адвокаттар кеңсесіне және заң консультациясына түскен қаражаттан еңбек ақы алады [4. ] . Заңнамада азаматтарға тегін көмек көрсетілетін жағдайдың өзінде адвокат еңбегі заң консультациясы немесе адвокат кеңсесінің қаражатынан, ал егер адвокат клиенті процесті жүргізген орган немесе сот қаулысы негізінде төлемнен босатылса, онда республикалық бюджет қаражатынан төленеді. Заң консультацияларында меңгерушінің келісімді жалақы алуында, мұнда да жалақы сол көздерден төленгендіктен істің мәнін өзгерте алмайды [4. ] .

1. 2 Соттағы өкілділік және соттағы өкілдің түсінігі, негіздері, түрлері

Сот өкілі - сенімхат негізінде, соттың тапсыру бойынша немесе іске қатысушының, азаматтың немесе мекеменің ұсынған мүддесі атынан өз мәртебесінің күшімен іс жүргізу әрекеттерін жүргізетін тұлға. Осыдан барып өкілде іс жүргізу құқықтары мен міндеттері туындайды [5, 68 б. ] .

Азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.

Азаматтық іс жүргізуде өкіл өкілдік берушінің атынан заңды іс-әрекеттер жүзеге асырады.

Соттағы өкілдіктің қажеттілігі әртүрлі себептерге байланысты болады. Іске қатысушылардың барлығы бірдей азаматтық процессуалдық әрекет қабілеттілігіне ие бола бермейді (мысалы, кәмелетке толмаған жас балалар, сотпен әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылғандар) . Бұл тұлғалардың мүдделерін сотта қорғайтын заңды өкілдері қорғайды.

Алқалы органмен басқарылатын заңды тұлға да тікелей сотта істі қарауға қатыса алмайды. Сондықтан сотта өкілі ретінде оның мүддесін заң кеңесшісі немесе лауазымды тұлғасы қорғайды. Сонымен бірге, өкілдің көмегіне қажеттілік, мүдделі тұлғаның өзі сотта оның мүддесін білдіретін кәсіби заңды көмек алуды қажетсінгенде туындайды.

Өкілдік - басқа тұлғаның (өкілдік берушінің) атынан бір жеке тұлғаның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады [6, 62 б. ] .

Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куаландыратын құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады.

Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады [7] .

Соттағы өкілдік - өкілдік берушінің мүддесін қорғап және соның атынан өзіне берілген өкілеттік шеңберінде тұлғаның процессуалдық әрекетті жүзеге асыруына байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды реттеуші құқықтық институт [6, 63 б. ] .

Өкілдер мен өкілділікті ұсынушылар арасындағы қарым-қатынастар материалдар (азаматтық, отбасылық, еңбек) нормалармен реттеледі. Өкіл мен сот арасындағы қарым-қатынас болады. Соттағы өкілдік азаматтың сотта қорғалуын және заңды мамандандырылған көмек алуын қамтамасыз етуге арналған. Соттағы өкілдіктің мақсаты - қажет ететіндердің бәріне құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ іске қатысты барлық мән-жайларды түсіндіруге және соттың негізді, кәсіби шешім қабылдауына жағдайлар тудыру. Кәмелетке жасы толмағандар мен іс-әрекетке қабілетсіздердің және заңды тұлғалардың жалпы құқықтық білімі мен сот істерінде тәжірбиесі жоқтардың мүдделерін қорғау үшін оның маңызы зор.

Азаматтың өзінің сотқа қатысуы оны іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды. Өкілдің мүддесін қорғағалы отырған азаматпен бірге сотқа қатысуы әдебиетте құқылы атап көрсетілген [5, 69 б. ] .

Соттағы өкілдік азаматтық істердің кез келген санаттары бойынша және процестің кез келген сатысында рұқсат етіледі. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сондай-ақ сотта өзгелердің құқықтарын қорғаушы өзге тұлғаларға қарағанда сот өкілі әрқашанда өкілдік ұсынған тұлғаның атынан сөйлейді. Оның іс әрекеттері біріншіден сол тұлғаның өкілеттігі мен әрдайым шектелген, ал екіншіден, осы іс-әрекеттердің заңды нәтижесі өкіл үшін емес, өкілдік ұсынған тұлғаға туындайды. Сот өкілдігінің азаматтық құқыққа белгілі өкілдік институтынан айырмасы бар [8] . Оларды бір-бірінен тек, қолдану аясы ғана емес, сонымен бірге мақсаты, құқықтар мен міндеттерінің мазмұны, субъективті құрамы, құқықтық себеп-салдардың туындау негізі ажыратады [5, 69 б. ] .

Соттағы өкіл дегеніміз - өкілдік берушінің атынан және соның мүддесін қорғап, өзіне берілген өкілеттік шеңберінде процессуалдық іс-әрекетті жүзеге асырушы, әрекет қабілеттігі бар тұлға [9, 85 б. ] .

Өкіл арқылы іс жүргізу құқығына тараптар мен дауға өзіндік тараптар қоюшы үшінші тұлғалар, мемлекеттік органдар және ҚР АІЖК-нің 58-бабында қарастырылған негіздер бойынша процеске қатысушы өзге тұлғалар, ерекше сот істері мен бұқаралық-құқықтық қарым-қатынастардан туындаған істер бойынша арызданушылар мен мүдделі азаматтар ие. Аты аталған органдар өздерінің өкілдері арқылы іске қатысушы [5, 69 б. ] тұлғалардың ҚР АІЖК-ң 78-бабында қарастырылған барлық құқықтарын пайдаланады.

Сотта аталмыш процессуалдық іс-әрекеттер жасайтын тұлғаны сотта өкілдік етуші деп атайды. Процессте соттағы өкілдің қатысуы өкіл берушіні істен шығарып тастамайды.

Соттағы өкілдіктің азаматтық құқықтағы өкілдіктен айырмашылығы: екі түрлі құқық нормаларымен реттеледі - соттағы өкілдік іс жүргізу құқығының нормаларымен, ал азаматтық құқықта материалдық құқықпен реттеледі; мақсаты мен сипатына байланысты айырмашылықтары болады [6, 63 б. ] . Сотта басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан өкілдік етуге өкілдің құқығын куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз болып табылады.

Сотта өкілдік етуші - өкілдік берушінің мүддесі бойынша және соның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға. Сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен барлық азаматтық істер бойынша соттарда және азаматтық процестің барлық сатыларында жүзеге асырылады [6, 63 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокаттың азаматтық істерді жүргізудегі соттың 1- ші сатысына қатысуы
Адвокаттың сот процесіне қатысуы
Адвокаттың азаматтық-құқықтық дауларға қатысуы
Азаматтық іс жүргізудегі адвокат қызметінің құқықтық мәселелері
Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
Өкіл мен сот
Азаматтық іс жүргізудегі адвокатура ролі және адвокаттық қызмет
Адвокаттың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысу мәселелері
Азаматтық істерді жүргізудегі өкілдік етуде адвокатураның атқаратын қызметі
Азаматтардың сотқа шағымдану және сотта өкілеттік ету құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz