Жас отбасы жайлы
1 Жас отбасы
2 Студенттік отбасылар
3 Жас отбасылардың мемлекет тарапынан қолдауы
4 ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМҒА БАРАР ЖОЛДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
5 Пайдаланған әдебиеттер

Қазақстанда жасы 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар жұбы жас отбасы болып саналады. Сонымен қатар 29 жасқа толмаған оның ішінде айырылысқан не жесір қалған баланы ата-аналардың біреуі жалғыз тәрбиелейтін толық емес отбасы болып саналады.
Әдетте берік материалдық іргетассыз отбасын құрайын деп жатқан жас адамдарға көп дәйекті ескертулерді тыңдауға тура келеді. Бірақ бұған қарамастан, жас жұбайлардың материалдық жағынан қамтамасыз етілгендігін міндетті деп санайтындарға қарағанда, жас отбасын құруда рационалды дәйектер басым болады. Мұндай мақұлдаудың дәлелі ретінде жастардың бір-біріне деген махаббаты мен шын, адал сезімдерін келтіруге болады.
Тұрмыс құруға мотивациялық даярлық дегенге мыналар: отбасын құрудың басты себебі ретінде махаббат, дербестікке даярлық, құрылайын деп жатқан отбасына жауапкершілік сезімі және баланы тууға және тәрбиелеуге даярлық кіреді.
Көптеген отбасылар махаббат негізінде құрылатынын естен шығармауымыз тиіс. Социологтардың мәліметтеріне сүйенсек мұндай отбасылардың саны шамамен 70-75% құрайды. Шын, құштарлық сезімсіз «ақыл бойынша» 15-20% отбасылар жастар арасында құрылады. Шамамен 5-10% отбасылар әл-ауқатты құндылықтар бойынша құрылады. (яғни болашақ ерлі-зайыптылардың біреуі әл-ауқатты – жақсы жабдықталған пәтер, жоғары еңбек ақы, автомобиль және т.б. ие болғанда ).
Студенттік отбасылар
Студенттік отбасы деп ерлі-зайыптылардың екеуі де студент болып табылатын отбасын айтамыз. Мұндай жас отбасында ерлі-зайыптылардың жасы 25- тен, ал отбасылық стажы 5 жылдан аспайды.
Жастардың жалпы көзқарастарының байланыстылығына, қызығушылықтарына, жалпы мақсаттары мен дүниеге деген көзқарастарына қарамастан, олардың көпшілігі отбасылық өмірдің алғашқы сәттерінен бастап ажырасуға әкеп соқтыратын мәселелерімен қақтығысады. Әл-ауқаттың жағдайсыздығы, тұрақсыз табыс, бөлек баспананың болмауы - мұның бәрі жас отбасылардың ішінде арақатынастардың бұзылуын тудыратын себептер. Бірақ жас студенттік отбасылардағы ең маңызды мәселе - баланың тууы болып табылады. Себебі оқуды баланы тәрбиелеу, тұрмыс және отбасын құру мәселелерін шешумен бірге қиыстыру үлкен өмірлік тәжірибе мен шыдамдылықты қажет етеді. Жас отбасының барлық қиындықтарды жеңудегі жетістігі мен бұдан былайғы тіршілігі негізінен мемлекеттің демеуі мен ықыласына байланысты болады.
Жас отбасылардың мемлекет тарапынан қолдауы
Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау аймақтық және салааралық бағдарламалармен айналысатын жерлердегі меморгандары арқылы жүзеге асады.
Қолдаудың шаралары жас отбасылардың әлеуметтік мұқтаждықтарына сараптама жасау негізінде белгіленеді.

1. Жаназарова З.Ж. Социология семьи. Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 192с.
2. Айқын – 2009, 13 маусым.
3. Назарбаев Н. Дағдарыстан – жаңару мен дамуға. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы. – Егемен Қазақстан, 2009. 12 наурыз.

Жас отбасы
Қазақстанда жасы 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар жұбы жас отбасы болып
саналады. Сонымен қатар 29 жасқа толмаған оның ішінде айырылысқан не жесір
қалған баланы ата-аналардың біреуі жалғыз тәрбиелейтін толық емес отбасы
болып саналады.
Әдетте берік материалдық іргетассыз отбасын құрайын деп жатқан жас
адамдарға көп дәйекті ескертулерді тыңдауға тура келеді. Бірақ бұған
қарамастан, жас жұбайлардың материалдық жағынан қамтамасыз етілгендігін
міндетті деп санайтындарға қарағанда, жас отбасын құруда рационалды
дәйектер басым болады. Мұндай мақұлдаудың дәлелі ретінде жастардың бір-
біріне деген махаббаты мен шын, адал сезімдерін келтіруге болады.
Тұрмыс құруға мотивациялық даярлық дегенге мыналар: отбасын құрудың басты
себебі ретінде махаббат, дербестікке даярлық, құрылайын деп жатқан отбасына
жауапкершілік сезімі және баланы тууға және тәрбиелеуге даярлық кіреді.
Көптеген отбасылар махаббат негізінде құрылатынын естен шығармауымыз тиіс.
Социологтардың мәліметтеріне сүйенсек мұндай отбасылардың саны шамамен 70-
75% құрайды. Шын, құштарлық сезімсіз ақыл бойынша 15-20% отбасылар
жастар арасында құрылады. Шамамен 5-10% отбасылар әл-ауқатты құндылықтар
бойынша құрылады. (яғни болашақ ерлі-зайыптылардың біреуі әл-ауқатты –
жақсы жабдықталған пәтер, жоғары еңбек ақы, автомобиль және т.б. ие
болғанда ).
Студенттік отбасылар
Студенттік отбасы деп ерлі-зайыптылардың екеуі де студент болып табылатын
отбасын айтамыз. Мұндай жас отбасында ерлі-зайыптылардың жасы 25- тен, ал
отбасылық стажы 5 жылдан аспайды.
Жастардың жалпы көзқарастарының байланыстылығына, қызығушылықтарына, жалпы
мақсаттары мен дүниеге деген көзқарастарына қарамастан, олардың көпшілігі
отбасылық өмірдің алғашқы сәттерінен бастап ажырасуға әкеп соқтыратын
мәселелерімен қақтығысады. Әл-ауқаттың жағдайсыздығы, тұрақсыз табыс,
бөлек баспананың болмауы - мұның бәрі жас отбасылардың ішінде
арақатынастардың бұзылуын тудыратын себептер. Бірақ жас студенттік
отбасылардағы ең маңызды мәселе - баланың тууы болып табылады. Себебі
оқуды баланы тәрбиелеу, тұрмыс және отбасын құру мәселелерін шешумен
бірге қиыстыру үлкен өмірлік тәжірибе мен шыдамдылықты қажет етеді. Жас
отбасының барлық қиындықтарды жеңудегі жетістігі мен бұдан былайғы
тіршілігі негізінен мемлекеттің демеуі мен ықыласына байланысты болады.
Жас отбасылардың мемлекет тарапынан қолдауы
Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау аймақтық және салааралық
бағдарламалармен айналысатын жерлердегі меморгандары арқылы жүзеге асады.
Қолдаудың шаралары жас отбасылардың әлеуметтік мұқтаждықтарына сараптама
жасау негізінде белгіленеді.
Қазіргі кезде жас отбасыларының қолдауын қамтамасыз етуде, сонымен қатар
жастардың арасында некелерін сақтау үшін қолайлы жағдайлар туғызу
мақсатында мемлекет тарапынан келесі іс-шараларды өткізу жоспарлануда:
Жас отбасыларына жеңілдік несиелерін беру;
Студент не оқушы болып табылатын ата-аналарға оқу орны әкімшілігінің
келісімі бойынша жаттықпа сабақтарына еркін қатысуға, бала бір жарым
жасқа толу мерзіміне дейін академиялық демалыс алуына құқық беру.
Отбасы өмірінің мәселелері бойынша, жас отбасылардың психологиялық,
педагогикалық және құқықытық мәселелері бойынша тегін кеңес беру көмегінің
тәжірибесі;
Жас отбасылардың мәселелерімен айналысатын және оларға әлеуметтік қызмет
және қолдау көрсететін коммерциялық емес ұйымдар жүйесін жетілдіру (НПО);
Жастар мен балалардың сауығу мен ұйымдастырылған жазғы демалыс жүйесін
дамыту және сақтау;
әл-ауқаты төмен жас студенттік отбасыларына оқу орындарына қатысты
жатақханалардан баспана беру;
мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту.
2ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМҒА БАРАР ЖОЛДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
МӘСЕЛЕЛЕРІ Оразбек Нұсқабаев, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті, социология ғылымдарының докторы, профессор. Ізденуші: Скакова
А.Ж.
Авторы: admin , 20-Тамыз, 2010 308 рет қаралған
Отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды
тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес
жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты, әрі отбасы қатынастарын нығайту
мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.
Бүгінгі таңда бір қоғамдық-экономикалық формациядан екіншісіне
секіру, яғни, нарықтық қоғамға өту қиыншылықтары бүкіл ТМД кеңістігіндегі
сияқты, Қазақстанда да аз балалы отбасылардың көбейіп кетуіне кәдімгідей
әсер етіп отыр. Айталық, бұрындары қазақ отбасында 9-11 баланың дүниеге
келуі үйреншікті қалып ретінде қабылданатын. Бертін келе, бұл көрсеткіш
таяздана түсті. Егер, өткен ғасырдың 60-шы жылдары қазақ отбасында, орта
есеппен алғанда, 5-7 баланың дүниеге келуі қалыпты жағдай саналса,
Қазақстан егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдары әрбір шаңырақта, кем
дегенде, 3-4 баланың болуы ондай отбасын көп балалы отбасы деп анықтауға
мұрындық болды. Ал, бүгінгі таңда отбасында, кем дегенде, 2-3 бала болса,
ондай отбасын орташа, 1-2 баласы бар отбасын “нуклеарлы”, яғни, ата-анасыз,
туыс-бауырластарсыз өз алдына жеке (автономно), тек “ері-әйелі – балалары”
ғана тұратын отбасы деп белгілейді.
Жоғарыда нақтыланған мәліметтерді одан әрі тарқата өзектеген
жағдайда, қазақстандық отбасыларын өзіндік өзгеше бір сипаттамалық
белгілеріне қарай ажыратып, төмендегіше де типтеуге болады:
1. бала санына қарай: көп балалы отбасы, аз балалы отбасы, бір балалы
отбасы, баласыз отбасы;
2. құрылымына қарай: ірі, бірнеше ұрпақ бір шаңырақтың аясына біріктірілген
отбасы, толық емес отбасы, нуклеарлы отбасы, ерісіз аналы-балалы отбасы,
екіншілей некелескен отбасы, ерлі-зайыпты балалы-шағалы, ата-анасымен және
бауырлас туыстарымен бірге тұратын отбасы, ата-анасы, ері-әйелі, баласы-
келіні, немере-шөбересі бірге тұратын отбасы.
3. ерлі-зайыптылардың бірінің отбасындағы үстем өкілеттігіне қарай:
эгалитарлы (тепе-теңдік сақталған) отбасы немесе авторитарлы отбасы деп те
бөлуге болады.
4. өмір сүру салтына қарай отбасыларын көңілдері жарқын отбасы, балаларына
қамқоршыл отбасы, қонақжайлы отбасы, үй тұрғындары денсаулығына тым қатты
көңіл аударатын отбасы, тәртіптілікті қатаң бағалайтын отбасы, үйде жайлы,
ыңғайлы жағдай жасап алуды қалайтын отбасы деп те бөледі.
5. әлеуметтік құрамының біртектілігіне қарай гомогенді (біртектілі) отбасы
немесе гетерогенді (әртектілі) отбасы делінеді.
6. бірге тұрған мерзіміне қарай: жаңадан үйленгендер (үйлі болғандар), жас
отбасы, бала күтуші отбасы, орта жастағы ерлі-зайыптылар, орта жастан асқан
ерлі-зайыптылар, кексе тартқан ерлі-зайыптылар қосағы деп бөледі.
7. Отбасында орныққан әлеуметтік-психологиялық қалыпқа қарай отбасын жайлы
немесе жайсыз отбасы деп бөле білген жөн.
8. тұрғылықты ортасына қарай отбасыларын: қалалық немесе ауылдық отбасылар
деп бөлуге болады.
9. отбасылық өмірдің өзгеше бір жағдайларына қарап отбасыларын студенттік
отбасы, некесіз отбасы, кітапқұмар отбасы, ой қызметімен айналысатын
отбасы, өз қажеттіліктерін өтеуге бейімделген отбасы, бос уақыттарын
дұрыс ұйымдастырып, қызықты өткізуге бейім отбасы, т.т. деп те бөле білген
жөн.
10. әлеуметтік мобильділігіне[1][*] қарай отбасын реактивті (ұшқыр, уақыт
талабына тез бейімделетін) отбасы, орта ағымды отбасы, белсенді отбасы деп
бөлуге болады.
11. отбасын, сонымен бірге, әдет-ғұрыпты, үлгілі-өнегелі, ауызбірлігі
мығым, ерлі-зайыптылардың бірін-бірі құрметтеуі жоғары, кездескен
қиындықтарды бірлесіп жеңе білетін қадірменді отбасы деп те атауға болады.
Әрине, әрбір қазақстандық отбасының өмір сүру салты әртүрлі. Осыған орай,
олардың өмір сүру салттарын сипаттауға негіз қалайтын жағдаяттар да сан
алуан. Дегенмен, отбасының белгілі бір типінің белгілі бір отбасыларында
берік қалыптасуы сол отбасылардың өмір сүру салттарына, тұрмыстық және әл-
ауқаттық деңгейлеріне тікелей байланысты. Сондай-ақ, белгілі бір отбасында
өмір сүрудің белгілі бір типінің қалыптасуы көптеген сыртқы, мысалы,
белгілі бір қоғамның саяси құрылысына, әлеуметтік-экономикалық, рухани,
мәдени, моральдық және құқықтық жағдайларына, әрі ішкі, яғни, некеге тұрып,
отбасын құрған ерлі-зайыптылардың адамшыл бітім-болмыстарына, қадір-
қасиеттеріне, білім деңгейлеріне, мәдениетіне, бұрыннан қалыптасқан өмір
сүру қалыптарына, құндылықтық ұстанымдарына байланысты болып келеді.
Дегенмен, ақиқатын айтқан жөн, еліміздің нарықтық қоғамға тән қоғамдық
қатынастарға өту кезеңінде орын алған дағдарыс зардаптары бұрыннан-ақ
тұрмысы төмен отбасыларына ғана емес, кешегі кеңестік кезеңде де бақуатты
өмір сүрген отбасыларының өздеріне де үлкен ауыртпалықтар түсірді. Әсіресе,
ауылдық отбасылардың басына түскен ауыртпалықтардың зардабының әсері жойқын
болды. Жоқшылыққа ұшыраған көптеген ауыл тұрғындары жұмыс іздеп, қалаларға
босты. Ауыл мұғалімдері мен дәрігерлерінің біраз бөлігі, ауыл
интеллигенциясының ұйтқысы саналатын ауыл шаруашылығы (ветеринар – мал
дәрігерлері, зоотехниктер, инженерлер, техниктер, құрылыс прорабтары,
бухгалтерлер, т.т.) мамандықтарының керексіз болып қалуына қарай лауазымы
төмен, еңбек ақысы аз қызмет іздеп, кеңсе жағалап кетті. Жұмыс табылмаған
жағдайда, басқа аймақтарға үдере көшті. Жұмыссыздықтан туындаған жоқшылық
қайсы бір отбасыларын шарасыздықтан, ішімдікке бой алдырды. Ауылдық
жерлерде өзіне-өзі қол салушылар (суицид) көбейді. Өзіне өзі қол салушылық
көбіне-көп отбасындағы келеңсіздіктерден, әлеуметтік әділетсіздіктен,
жетіспеушіліктен туындайтын тұрмыстық жанжалдардан, шарасыздықтан
туындайды. Ең қасіреттісі сол, осындай өлімге мойынұсынатындар жасының
жасарып бара жатқандығы. Өрімдей жас адамдардың көптігі. Мысалы, Оңтүстік
Қазақстан облысында 2006-2008 жылдар аралығында 132 жас азамат өзіне өзі
қол жұмсаса, оның 117-сі қайтыс болған [2].
Сондай-ақ, отбасы бюджетінің жетімсіздігі, сонымен қатар, қайсы бір
отбасыларында қордаланып қалған жағымсыз факторлар көптеген ерлі-
зайыптылардың ажырасып кетулеріне де септігін тигізуде. Әрбір үшінші, қайсы
бір аймақтарда тіптен әрбір екінші ерлі-зайыптылар ажырасып кетуде. Зерттеу
нәтижелеріне қарағанда, Қазақстан Республикасында отбасылардың 25 пайызы
заңды түрде ажырасқандар. Ең сорақылығы сол, ажырасып кеткендердің 60
пайызы астамы нағыз репродуктивтік (бала табу) жасындағылар. Ерлі-
зайыптылардың ең көп ажырасушылығы бірлесіп өмір сүре бастағандарына небәрі
3-10 жыл толмағандар (68,4 пайыз) арасында көп. Ал, мұндай отбасылардың
балалары әлі жас, ата-ана сүйіспеншілігі мен қамқорлығына зәру. Демек, ерлі-
зайыптылардың ажырасуларынан ең көп зардап шегетіндер көбіне көп балалар
[3. 131б.].
Ерлі-зайыптылардың ажырасып кетулеріне себепші болатын бүлдіруші факторлар
көп-ақ. Солардың алдыңғы қатарында отбасы бюджетінің жетіспеушілігін, ерлі-
зайыптылардың бірінің ішімдікке салынып кетуін, үй шаруасын бөліп
жүргізудегі өзара келісімсіздікті, ерінің жұбайына күш көрсетуін, ұрып-
соғуын, жезөкшелікке салынып кетушілікті, мәдени және рухани
жетіспеушіліктерге байланысты, өзара түсініспеушіліктерді, жыныстық немесе
психологиялық үйлесімсіздікті, ақпарат құралдарының жыныстық және
қатыгездік ықпалын, азғындық көріністерді атауға болады.
Ерлі-зайыптылардың ажырасып кетушілігінің көбейгені соншалық, бұл құбылыс
тек отбасыларына ғана емес, қоғамға да салмақ түсіруде, берекесіздік
әкелуде. Ресми дерек көздеріне қарағанда, жасөспірімдер арасында қылмыс
жасаушылық жылдан жылға өрши түсуде. Айталық, 2007 жылы жасөспірімдердің
жасаған қылмыстарының жалпы үлесі 24 пайыз болса, 2008 жылы бұл көрсеткіш
32,6 пайыз көрсеткен. Аса ауыр қылмыстар талдамасы жасөспірімдер қылмысының
өсіп келе жатқандығын көрсетіп отыр. Мысалы, 2007-2008 жылдары 14-15
жастағылар жасаған қылмыстардың өсу қарқыны 16-17 жастағылар жасаған
қылмыстарға қарағанда 5,7 пайызға жоғары болған. Криминологиялық
зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, 14-15 және 16-17 жастағылардың
қылмыстық үлесінің өсуіне олардың адам өмірі мен денсаулығын құндылық деп
санамайтындығы, басқаларға зорлық жасағанда, қатыгездікке барып, қасақана
адам өлтіруді, қасақана дене жарақатын салуды, әйел зорлауды, тонауды,
қарақшылықты, ұрлықты, бұзақылықты өштестікпен жасайтындықтары анықталған
[4].
Мұның – себебі балалар тәрбиесінің нашарлауы, жетімдіктен, жоқшылықтан
туындаған ызақорлық, ашыныс, дөрекілік, өштестік, көпшілік мойындаған
тәртіп нормаларын әдейілеп бұзып, көшеде балағат сөздер айтып жүру,
біреулермен ілінісу, қоғамдық мүлікті бүлдіру, ішімдікке, есірткіге үйір
болу, құмар ойындар ойнау, ұрлық жасау, тонау, зорлау, т.т.
Демек, отбасына материалдық, мәдени, педагогикалық, психологиялық көмек
көрсету, сондай-ақ, әке мен ананың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін
арттыруға жағдай тудыру – аса маңызды мемлекеттік іс. Сондықтан да,
Қазақстанда ана мен баланы қорғау, отбасы туралы қабылданған заңдар одан
әрі жетілдіріле түсуі тиіс. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауларында жан-жақты
тоқталып, оны шешу жолдарын нақты көрсетіп беруде.
Себебі ана мен баланы қорғау, отбасының әл-ауқатын барынша көтеру, бала
тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігін күшейту қажеттілігі туралы осы
уақытқа дейін қабылданған әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, моральдық
бағдарламалар мен заңнамалардың бұл бағытта қордаланған өткір мәселелерді
шешудегі қауқарсыздығы, тетіктік механизмдерінің жетімсіздігі байқалып жүр.
Демек, мемлекеттік отбасылық саясатты негіздеуде, оның мәні мен мазмұнын
анықтауда Қазақстан халықтарының этностық өзгешеліктерін, үй шаруашылығын
жүргізудегі өзіндік қолтаңбаларын, бала тәрбиелеудегі ерекшеліктерін, әдет-
ғұрыптары мен жөн-жоралғыларын, салт-дәстүрлерін, рухани ұстанымдарын,
мәдени артықшылықтарын, т.с.с. қатаң ескере білу қажет.
Отбасының нақты тұтыну бюджетін де есепке ала білу керек. Айталық,
отбасының нақты кірісі мен шығысының көлемі мен құрылымы, түрлі отбасылық
топтардың тұрмыс деңгейлерінің айырмашылықты өзгешеліктері, кірістердің
толық көлемі, жалақы мен басқада кіріс көздері, еңбек ақы нысандары,
кәсіпкерлік қызметтен, фермерлік шаруашылықтан, өзіндік қосалқы
шаруашылықтан түскен табыстар, меншіктен түскен табыс (үйді жалға беруден
алынған), сыйақы, қарыз бен несие, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, алимент,
жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін төленетін жәрдемақы, демалу немесе емделу
үшін жолдамалар алуға берілетін жеңілдіктер, т.с.с.
Отбасының шығысы – баспана салығы, коммуникациялық төлемдер, ішіп-жем азық-
түлігі, киім-кешек, басқалай төлемдер, ерікті жарналар төлеуге шығарылатын
шығындар, кітап, газет-журнал, т.т. сатып алулар, немесе баспасөзге жазылу
төлемдері, салықтардың төленуі, несие төлемдері, т.т.
Жалпы отбасылық деректер – экономикалық есептерде, сондай-ақ, әлеуметтік
саясатты негіздегенде, қамсыздандыру бағдарламаларын түзгенде пайдалануы
тиіс. Отбасылық экономикалық есептік факторларға қоса, демографиялық
факторлар да есепке алынуы (отбасы саны – ата-ана, әке-шеше, балалар,
бауырлас туыстар, күйеу, келін, немере-шөбере, т.т.) тиіс. Мұндай есептер
балалы отбасыларға әртүрлі жәрдемақылар тағайындау, зейнетақының ең төменгі
мөлшерін көтеру шараларын белгілеу үшін негіз қалайды.
Ана мен баланың денсаулығын қорғау – мемлекеттің, денсаулық сақтау
мекемелерінің, жұртшылықтың тікелей назарында болуы тиіс. Елбасы айқындап
бергендей, қаржы дағдарысы өтіп, қазынаға кіріс кіргесін, ең алдымен,
үкімет аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуді одан әрі арттыра
түсуге тиісті. Біздің мемлекетіміз бұрыннан да қандай қиындықтарға
қарамастан аналар мен балаларға айтарлықтай көмек көрсетіп келді. Алдағы
уақытта да көмек көрсете береді. Мен балалы болғысы келмейтіндерге салық
енгізу туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламын. Одан түскен қаржыны
көпбалалы отбасыларды қолдауға жұмсаған орынды.
Бізге жергілікті деңгейлерде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды
тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын мұқият талдау, жалғыз бастылар
проблемасын шешу керек. Егер, біз адамгершілігі жоғары қоғам орнатқымыз
келсе, алдымен, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдындағы жауапкершілігін
күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал, балалары қартайған ата-
аналарына қамқор болса, олардың барлығы да қоғамда үлкен құрметке ие
болады. Мұндай ұсыныстар Қазақстан халқына қашан да жақын, сондықтан менің
осы ұсыныстарымның отбасы туралы заңда бейнеленуін қалаймын...[5].
...Осылай дей келіп, Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан әйелдерінің 5-форумында
сөйлеген сөзінде еліміздегі отбасылардың тұрмыс деңгейін одан әрі жақсарту
шараларын белгілеп, оның іске асырылуының бес бағытын айқындап берді.
Жасыратындығы жоқ, базарлы қоғамға өту кезеңінде, ол аз дегендей, одан бері
дүниежүзілік қаржы дағдарысынан пайда болған уақытша қиындықтарға
байланысты, туындаған жетіспеушілікке, сондай-ақ жүкті әйелдерге
көрсетілетін медициналық көмектің төмендігіне қарай, Қазақстанда туылым,
дүниеге жаңа ұрпақтың келуі көп төмендеп кетті. Айталық, нағыз туым
жасындағы әйелдердің арасында дүниеге жаңа ұрпақты әкелу үрдісі жалпылама
алғанда бар-жоғы 37-39% құраса, 20-25 жас аралығындағылар арасында бұл
көрсеткіш 53-55% асып жығылады.
Біз жүргізген нақты – социологиялық зерттеулер сауалнамасындағы
Отбасыңызда қанша бала болғандығын қалайсыз? деген сұраққа жауап
қайтарған респонденттердің 27% - 1 балалы, 37% - 2 балалы, 19% - 3 балалы,
13% - төрт және оданда көп болғаны жақсы деп есептесе, ал қалған 4% - тіпті
болмағандығын қалайтындығын белгілеген.
Пайдаланған әдебиеттер
Оңтүстік Қазақстан 2009, 13 маусым.
Жаназарова З.Ж. Социология семьи. Учебное пособие. – Алматы: Қазақ
университеті, 2006. – 192с.
Айқын – 2009, 13 маусым.
Назарбаев Н. Дағдарыстан – жаңару мен дамуға. Қазақстан Республикасының
президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы. – Егемен Қазақстан, 2009. 12
наурыз.
інің тұжырымдамасы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Преамбула
Жастар – бұл кез келген заманауи мемлекеттің стратегиялық әлеуеті.
Еліміздің қазіргі жастары жаңа жағдайда – тәуелсіздік алып, өсіп
өркендеген, демократиялық реформалар мен нарықтық түрленуден соң
тәрбиеленіп, ер жетті. Сондықтан да жастар саясатына қатысты мәселелерді
шешуде мазмұны жағынан принципті түрде алғанда жаңартылған, қазіргі
заманауи тәсілдерге сәйкестікті талап етеді. Мемлекеттік жастар саясаты –
әрбір жастың Қазақстан Республикасының аумағында жарамды Ата Заңмен, өзге
де нормативті құқықтық актілермен бекітілген, әлеуметтік-экономикалық,
саяси, жеке бас еркіндігі мен құқығын мойындауға негізделеді.
Жас ұрпаққа Қазақстанның мемлекеттік дамуының негізгі идеялары және
Конституцияны, өзге де заңдарды сақтап, құрметтеуге үйрету және жастар
құқығы мен мүдделерін қорғау қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға
үндейді. Жас азаматтың тұлға болып қалыптасуы үшін жағдай туғызып, білім
саласында, еңбекте, жұмыспен қамтуда, әлеуметтік қорғауда кепілдіктерді
қамтамасыз ету үшін мемлекетіміз барлық күш-жігерін бағыттайды.
Сонымен қатар, отбасы, оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік
емес сектор – Қазақстанымызды гүлдендірудің кепілі болып табылатын жас
ұрпақта отаншылдық, кәсібилік, ұқыптылық, жауапкершілік сынды қасиеттердің
болуы жолында ұштасуы қажет.
Жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігінің артуы, саналы құқықтық және саяси
мәдениетін қалыптастыруы, олардың өмірлік көзқарастарын қайта қарауы
кезінде, өмірлік қағидасы күшті, рухты болып бекітілуі мемлекеттік жастар
саясатының алға қойған жұмысы – мемлекеттік үкіметтік органдардың және
азаматтық қоғамның өзге де институттарының басым бағыттарының бірі
саналады.
Жастар ортасының қазіргі жағдайы
Алматы – әлеуметтік-демографиялық жағынан көбінесе дәстүрлі түрде жастар
қаласы болып табылады. 14-29 жас аралығындағы жастар мегаполис
тұрғындарының 30% немесе үштен бір бөлігін құрайды.
Қаламыздағы орта, арнайы орта және жоғары оқу орындары жүйесі, аймақтағы
ірі көтерме және жеке сауда нысандары, өндірістік және көлік мекемелері,
салалы қызмет көрсету құрылымдары, алып-сату орталықтары, ірі медициналық
орталықтар мен мемлекеттік мекемелер еліміздің түрлі аймақтарынан
келушілерді қызықтыратыны сөзсіз. Көптеген жастардың осы ірі шаһардан
кеткілері келмей осында біржола тұрақтап қалуға тырысады.
Сондықтан да, Алматы қаласындағы жастардың үлес салмағы үнемі артып
отырады.
Дегенмен, қаламыздың қоғамдық-саяси жағдайы кейбір әлеуметтік жағдайларға
қарамастан, бір қалыпты болып табылады. Аталмыш мәселе бойынша жастар
ортасында оң бағыттағы бағалау орын алады.
Алматы қаласы тұрғындарының көңілінен шыққан әлеуметтік тұрғын-үйлердің
қарқынды салынуы, жол магистральдарының жақсаруы, қалалық және аула
аумақтарының көгалдандырылуы, мектептерді жөндеу, дағдарысқа қарсы
мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру және тағы басқа сынды қала тұрмыс-
тіршілігінде жүріп жатқан оң бағыттағы өзгерістермен қатар, жас
алматылықтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер ететін кейбір кемшіліктер бар.
Факторлық талдау жас азаматтардың материалдық тұрмысы төмендеуінің
себептерін анықтауға мүмкіндік берді. Олардың қатарында: жалақы мен ең
қажетті тауарлар бағасының арасындағы сәйкессіздік, жастардың ойы бойынша
жоғары және орта арнайы оқу орындарындағы оқу төлемақысының жоғары болуы;
бюджеттік мекемелер жұмыскерлерінің жалақысы мен мемлекеттік төлемдердің
төмен болуы; мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің толып
кетуі; экология мәселесі, жемқорлық, жастардың жұмыссыздығы, қылмыстық
оқиғаларының өсуі.
Тұрғын үй мәселесі
Урбанизация мен мегаполистің қарқынды дамуы, сонымен қатар әр аймақтан
қоныстанушылардың көбеюі салдарынан бұл жағдай аса қиындық туғызады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында жастардың тұрғын үй мәселесі жеке
қарастырылмаған.
Бүгінгі таңда жас отбасылырының 40% астамы тұрғын үй жағдайларының
жақсаруын қажет етеді, сонымен қатар, олардың 35% мемлекеттің көмегінсіз өз
күштерімен оған қол жеткізе алмайтындығын мойындады.
Сарапшылардың бағаларына сүйенетін болсақ, 21-29 жас аралығындағы
жастардың, олардың ішінде жас отбасылардың да 85%-ы тұрғылықты жер қажет
ететіні анықталды. Болжамдарға қарағанда жыл сайын некеге тұратын жастардың
көрсеткіштеріне сүйенетін тұрғын үй қорының жылдық барынша қажеттілігі 4,5
млн. шаршы м. құрайды.
Мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің көпшілігі тұрғын үй қажет ететін
азаматтардың санағын жүргізбейді. 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасындағы тұрғын үй салу мемлекеттік бағдарламасы аясында
жергілікті атқарушы органдардың бірінші міндеті Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкестендіру мақсатымен әлеуметтік жағынан қорғалатын
тұрғындар тізімінің инвентаризациясын жасау анықталды. Аталмыш жұмыс
аясында жастардың, солардың ішінде неке қиған жастардың тұрғын үй
қажеттілігін анықтау қажет. Бірақ, қазіргі таңда жас отбасылардың тұрғын үй
жағдайларының жақсару қажеттілігі туралы дәл ақпарат жоқ.
Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңға сәйкес, жоғары оқу орындары мен
орта кәсіптік білім беру мекемелерінде оқитын жас отбасылыларға
жатақханаларда бөлмелер берілуі тиіс. Тұрғын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz