Банк табыстарының жіктемесі


БАНК ТАБЫСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ
Банк табыстары есептеу әдісі бойынша теңгемен есептеледі және мыналардан тұрады:
- төмендегілер бойынша сыйақы (мүдце) алумен байланысты:
- Ұлттық және басқа банктердегі корреспонденттік шоттар;
- Ұлттық және басқа банктерде орналастырылған депозиттер;
- Ұлттық банк қайта қаржыландыруы үшін жарамды қазынашылық міндеттемелер мен басқа да өтімділігі жоғары бағалы қағаздар;
- сатуға арналған бағалы қағаздар;
- басқа да бағалы қағаздар;
- басқа банктерге орналастырылған салымдар; басқа банктер ұсынған қарыздар;
клиенттерге берілген қарыздар;
капиталға және бағынышты борышқа инвестиция;
• банктің келесі қызметтері бойынша комиссиялық табыстары:
аударым операциялары;
бағалы қағаздарды сату-сатып алу;
шетел валюталарын сату-сатып алу;
сақтандыру операциялары;
сенімгерлік операциялары;
берілген кепілдіктер;
шоттарды және клиенттердің салымдарын жүргізу;
басқалары;
пай, акция және басқа да бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
клиенттердің банкке есеп айырысу және кассалық қызмет
көрсеткені үшін төлемдері, клиенттердің телеграфтық (пошталық) және тағы басқа шығындардың орнын жабуы;
шетел валютасын, бағалы қағаздарды сату-сатып алудан түсім;
шетел валютасын, бағалы металдарды және бағалы қағаздарды қайта бағалаудан түскен табыс;
кәсіпорындарға, ұйымдарға, банктерге халыққа көрсетілген басқа да қызметтер үшін, соның ішінде инкассация үшін төлем;
банк активін сатудан түскен түсім;
банк шығындарының орнын жабу сомалары;
есепті кезенде шыққан өткен кезендер табыстары (өткен жылдар қателерін анықтау нәтижесінде) : өткен жылдарда алынған алдын ала есептелінген пайыздар және комиссия, өткен жылдары банктің клиенттерге артық төленген талап етуге дейінгі сыйақы және комиссиялық ақы, алдында үмітсіз деп есептен Іпығарылған қарыздардың келіп түсуі, егер олар күмәнді қарыздар бойынша резервті көбейтуге бағытталмаса;
банк қызметкерлерінің олардың кінәсі есебінен банктің төленген айыппұлдарының орнын жабуға түсімдердің түсуі;
алынған айыппұлдар, өсімггүл, тұрақсыздық төлемі және басқа да экономикалық санкциялар, соның ішінде есеп айырысу операцияларын орывдау ережелерін бұзғаны үшін клиенттерден алынатын айыппұлдар, сонымен қатар, мерзімінде жеткізбеу, корреспонденцияны жоғалтқаны үшін байланыс кәсіпорынынан алынған айыппұлдар; банк меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін табыс, сонымен қатар мәмілеге сәйкес факторингтік және форф-ейтингтік операцияларды жүзеге асырудан түсетін түсім; банк алатын басқа да түсімдер: сатылған макулатура, металл сынығы, өнделген Ішомба, банк көлігін пайдалану, істен шыққан материалдарды қалдық заттар ретівде өткізуден түскен табыс, негізгі қорларды жоюдан түсімдер, жұмысшыларға еңбек кітапшасын және оларға қосымша бет (вкладыш) беруден алынатын сомалар, түгевдеу кезінде анықталған артық негізгі қорлар, баланстан балансқа ауыстыру тәртібі бойынша қабылданған инвентарь қүны (сыйға тарту) және т. с. с. күтілмеген жағдайлар салдарынан туындаған басқа да күтіл-меген табыстар.
БАНК ШЫРЫСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ
Ақша айналысы саласында атқаратын қызметі және негізгі шаруашылық қызметімен байланысты банк қаражат жұмсайды. Олар екі бөлікке бөлінеді: операциялық және әр түрлі шығындар және басқару аппаратының шығындары.
Операциялық және әр түрлі шығындар қүрамында ең үлкен үлес салмағы банкаралық несие бойынша, мерзімді және талап етуге дейінгі салымдар бойынша есептелінген және төленген пайыз-дар алады.
Басқару аппаратына кететін шығындар барлық қызметкерлердің, соның ішінде басқару аппаратының жұмысшыларын қоса алғанда, еңбекақысын және әлеуметтік қамтамасыз ету шығывдарын қамтиды.
Банк шығыстары есептеу әдісі бойынша теңгемен есептеледі және мыналардан тұрады:
- алынған несиелер, депозиттер, бағалы қағаздар мен форвард-тық, лизингтік операциялар бойынша сыйақы төлеумен жәнекомиссиялық төлемдермен байланысты, соның ішінде:
- клиенттердің есеп айырысу, ағымдағы және басқа да шот-тары бойынша;
- кәслпорындардың, үйымдардың, кооперативтердің депозиттеріжәне салымдары бойынша, азаматтардың және әскери қызметкерлердің салымдары бойынша;
шетел корреспонденттерінің, фирмалардың, басқа да ұйым-дар мен шетел азаматтарының шетел валютасындағы шотта-ры бойынша;
- азаматтардың, ұйымдардың, ортақ меншіктегі кәсіпорындардың ағымдағы шоттары және салымдары бойынша;
басқа банктерден уақытша пайдалануға алынған несиелік ресурстары үшін;
- шетел валютасын және бағалы қағаздарды қайта бағалаудан;
- басқа тұлғалар көрсеткен әр түрлі кызмет көрсетулерден;
- банктің есеп айырысу-кассалык операциялары қызмет көрсет-уі бойынша басқа да қызметтеріне төлемдер;
банктің есеп айырысу-кассальщ операциялары қызмет көрсетуі бойынша қызметтеріне комиссиялық ақы;
клиент операциялары бойынша нақты пошталық және телеграфтық шығындар;
шетел валютасын, бағалы қағаздарды сату-сатып алу жоғалтулары;
банк активтерін сату кезіндегі жоғалтулар;
банк активтерін сатудан шеккен шығындары;
басқа тұлғалардың шығывдарының орнын жабу шығындары;
есепті кезеңде анықталған өткен кезең шығындары (кеткен қатені табу нәтижесінде), соның ішінде:
өткен жылдары клиенттерден артығымен алынған, қайтарылған сыйақы мен комиссиялық ақылар;
өткен жылдар операциялары бойынша алдын ала есептелінген сыйақы мен комиссиялық ақылар;
банк қызметін қамтамасыз етумен байланысты әр түрлі шығындардан, мыналарды қоса:
әр түрлі қосымша төлемдерді қоса алғандағы банк қызмет-керлерінің еңбекақысы;
жыл сайынғы және қосымша демалысты (пайдаланылмаған демалыс айына өтемақы) заңға сәйкес төлеу; банк жұмысшыларына оның қайта қүрылуы, жұмысшылар санын қысқартуына байланысты босатылатын қызметкерле-ріне төленетін төлемдері;
қызметкерлерге заңға сәйкес берілетін оқу мақсатында босату төлемдері;
кадрларды даярлау;
белгіленген нормалар шегіндегі іссапар шығындарының ор-нын жабу;
- банк штабында тіркелмеген жүмысшылардың келісілген аза-маттық-құқықтық сипаттағы мәмілелері бойынша орындағанжүмыстары үшін (егер жұмысшымен есеп айырысудытікелей банк өзі жүзеге асырса) ;
- мәжбүрлі бос жүрген уақытына ақы төлеу;
- негізгі қорлар бойынша амортизациялық аударымдар, материалдық емес активтердің тозуы, негізгі қорлардың жалға берілген бөлек объектілері бойынша амортизациялық аударымдар (негізгі қорлардың материалдық емес активтердіжоспарлы қолдану мерзіміне байланысты), егер мәміле шарттарына сәйкес амортизациялық аударымдарды жалға беруші жүзеге асыратын болса, онда негізгі қорлардың жекеобъектілерінің жалына есептелген сома жалға берушіге тиесілі;
- қызмет ғимараттарының, құрал-жабдықтың барлық жөндеутүріне кеткен шығындарды қосқандағы банк құрал-сайман-дарының істен шығуы;
- жылуға, жарыққа, өрттен қорғау және күзетті қамтамасызету төлемдері;
- активтердің жіктелуіне және банктің баланстық емес мінде-ттемелеріне сәйкес мәжбүрлі шығындар құру;
- бланкілерді дайындау, сатып алу және аударып жіберушығындары, соның ішінде магниттік ленталардың қатаңесептілік бланкілері, есептеу техникаларына , қағаздар, қораптау материалдары;
- құжаттарды және құндылықтарды тасымалдау және сақтауүшін қолданылатын сөмкелерді, қаптарды сатып алу, жөндеужәне жаңарту шығындары;
- ақша қаражаттарын, құндылықтарды, банк құжаттарынтасымалдау және сақтаумен, сонымен қатар басқа да банктіңнегізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындары;
- жұмысшылар жинауды ұйымдастыру бойынша көтермешығындары;
- кепілдік жөндеу жұмыстарын жүргізу және банктің жарғы-лық қызметін жүзеге асыру үшін қолданылатын негізгіқорларға қызмет көрсетулер, байланыс қызметтеріне жәнеесептеу орталықтарының қызметтеріне ақы төлеу;
- жарнамаға кететін;
- өндірістік қызмет пен кеңсе пошталық-телеграфтық, опера-циялық, іссапар шығындары;
- кеңес беру, ақпараттық және аудиторлық қызметтерге акытөлеу;
- банк қызметімен байланысты өкілеттілік шығындары:
- шетел банктерін, ұйымдарын қоса алғандағы басқа банктермен ұйымдарды ресми қабылдауды жүргізу шығындары;
- банк штабында тіркелмеген аудармашылар қызметіне ақытөлеу;
- мәдени, ойын-сауық іс шараларға бару және жұмыс бабынабайланысты болған:
- қызмет автокөлігін ұстау шығындары және қызмет бабынабайланысты іссапарларға өз көлігін пайдаланғаны үшінөтемақылық төлемдер;
- акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалықағаздарды шығарумен және орналастырумен байланыстышығындар (бағалы қағаздардың бланкілерін сатып алу, баспаханалық шығындар, бағалы қағаздарды орналастырғаныүшін басқа банктерге комиссиялық сыйақы төлеу, т. б. ) ;
- салықтардан, алымдардан және қолданыстағы заңға сәйкесбекітілген басқа да міндетті төлемдер;
- тауар, қор, валюта биржалар қызметінің құнынан, брокерлік, дилерлік, маркетингтік қызметтерді, кеден баждарын қосаесептегенде;
- мүлікті, несиелерді және басқа да сақтандыру төлемдерінсақтандыру, егер сақтандыру төлемдері сақтандыру мерзіміаяқталғаннан кейін міндетті түрде қайтарылуға жатпаса;
- айыппүлдар, өсімпұлдар, түрақсыздық айыбы және басқа датөленуі тиісті экономикалық санкциялар;
- күтілмеген жағдайлардан туындаған басқа да күтілмегеншығындар.
Алайда акционерлердің салымдары мен өндіріп алулары шығыс және табыс болып танылмайды.
Банктің таза пайдасы табыстар мен шығыстар арасындағы айырма ретінде анықталады және акционерлердің жалпы жин-алысының шешімі бойынша үлестірілуге жатады.
Банк шығындарының маңызды үлесін есеп айырысу, ағымдағы, корреспонденттік шоттар және кәсіпорындар мен азаматтардың мерзімдік салымдары бойынша есептелген пайыздар құрайды.
Салық салу мақсаты үшін нормаға келтірілген шығыстардың (өкілдік, банк қызметімен байланысты іссапар шығындары, жарнама шығындары, оқыту мекемелерімен келісім бойынша қызметкерлерді оқыту шығындары) асып кеткен бөлігі банк жұмсауында қалған табысқа жатқызылады немесе арнайы қорлар арқылы жабылады.
ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ ЕСЕПТЕ КӨРІНІС ТАБУЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕНІ АНЫҚТАУ
Соңғы қаржылық нәтиже - пайда немесе шығын - есепті кезең аралығында банк алған шығыстар мен табыстарды салыстыру арқылы анықталады. Осыған байланысты табыстардың азаюы салық салынатын табыстың, орталықтандырылған қорларға және резерв-терге аударымдардың төмендеуіне, дивидендтердің азаюына негіз болатынын ескере отырып, олардың толықтығын, дұрыстығын, мерзімділігін және бухгалтерлік есепте көрініс табуын тексеру қажет. Керісінше, есептегі қателіктер салдарынан және басқа да себептермен табысты асырып көрсету кері нәтиже туындатады, қайтарылуы ете қиынға түсетін табыстан негізсіз төлемдер жүр-гізуге алып келеді.
Банктің табыстары мен шығыстары есептіліктің, сақтық және сәйкестіліктің негізгі халықаралық принциптерін негізге ала отырып танылады.
Әдетте есепті кезең аралығында танылған табыстар мен шығыс-тардың барлық баптары таза пайданы немесе шығынды анықтауда қолданылады. Осылармен бірге таза пайданы (шығынды) анықтау-ға төтенше баптар және есепті бағалардағы езгерістер нәтижелері қолданылады. Осындай екі жағдай бар: маңызды қателерді түзету және есептеу саясатындағы өзгерістер нәтижелері.
Іс жүзінде есепті кезеңдегі таза табысты немесе шығынды анықтауда қолданылатын барлық кіріс және шығыс баптары банк-тің күнделікті қызметі барысында пайда болады. Сондықтан тек кейбір жағдайларда ғана шаруашылық қызмет немесе операция төтенше баптың пайда болуына әкеледі.
Төтенше баптар - кәсіпорынның күнделікті қызметінен айқын ерекшеленетің шаруашылық қызмет немесе операциялардың жүзеге асуы нәтижесінде пайда болатын табыстар немесе шыгьшдар, сондықтан олар жиі және ылги да пайда болады деп күтілмейді.
Шаруашылық қызмет немесе операциялардың төтенше баптар-дың пайда болуына негіз болатын жағдайлары активтердің экспроприациясы немесе жер сілкінісі, басқа да дүлей апаттар.
Төтенше баптардың сипатын және сомасын ашу табыстар және шығындар есебі кұрамында немесе қаржылық есеп ескертулерінде жасалған кезде табыстар және шығындар есебінде жасалынуы мүмкін.
Үзілген операциялар нәтижелері әдетте күнделікті кызметтен түсетін пайдаға немесе шығынға енгізіледі. Алайда кейбір жағдайларда үзу шаруашылық қызметінің немесе қалыпты емес операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде пайда болса және олар-дың үнемі қайталанып отырылуы қарастырылмаса, үзу нәтижесінде пайда болған табыс немесе шығын төтенше баптар ретінде қарастырылады.
Экономикалық қызметке тән белгісіздік салдарынан қаржылық есептің бірнеше баптары нақты өлшене алмайды. Бұл жағдайда соңғы мәліметтерді қоса есептегендегі пікірталастарды енгізетін бағалау үдерісі жүргізіледі. Мысалы, үмітсіз қарыздар, тауарлы-материалдық қалдықтардың ескіруі, пайдалы қызмет ету мерзімі немесе амортизацияланылатын активтердің экономикалық пайдасын тұтынудың күтілетін үлгісінің бағасы талап етілуі мүмкін. Тиімді бағаларды пайдалану қаржылық есептерді қүрудың маңызды бөлігі болып табылады және олардың нақтылығының дәрежесін төмен-детпейді.
Әр түрлі кезеңдердегі қаржылық есептердің сәйкестілігін қамта-масыз ету мақсатында, есептік бағалардағы өзгерістердің бұрын кәдуілігі кәсіпкерліктен түскен табыс немесе шығындар есебіне қосылған бағаларға әсері таза пайда немесе шығын құрамына енгізіледі.
Қаржылық есептерді толтыру кезінде қате математикалық дү-рыс есептемеулер нәтижесінде, есеп саясатын қолдануда, фактілерді дұрыс талқыламау, жалған мәліметтер алу немесе абайсыздық нәтижесінде туындауы мүмкін. Түзетулер, соның ішінде кезекті кезевдегі әдетте ағымдағы жылдағы таза табыс немесе шығынды анықтауға негізделеді.
Болашақ кезеңдерге қатысты маңызды қатенің түзетілуі сома-лары есеп беруде бөлінбеген пайданың бастапқа сальдосын түзету жолымен жүргізіледі.
Кезекті кезеңнің салыстырмалы мәліметтерін қоса есептегендегі қаржылық есеп беруде маңызы зор қателер сол қате жіберілген есепті кезевде түзетілгендей етіп ұсынылады. Сондықтан әр ұсынылған есепті кезеңге жататын түзету сомасы оның таза
табысын немесе шығынын қамтиды. ¥сынылған кезендердің ең алғашқысының бөлінбеген пайдасының алғашқы сальдосы қаржы-лық есеп берудегі салыстырмалы мәліметтерге енгізілген кезеңнің алдындағы кезеңге жататын түзету сомаларына түзетіледі. Өткен жылдардағы қаржылық мәліметтерді баяндау сияқты кезекті кезең-дерге көрсетілген кез келген басқа мәліметтер де басылымдарға қайта шығарылады.
Табысқа кірістірілген қаражатты алу мүмкіндігіне қатысты белгісіздік туындаған жағдайда, алынбаған немесе алынуы мүмкін емес сома алғашқы мәліметтерді түзету ретінде танылады.
Банк өз активтерін жіктейді және соларға қарсы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі анықтаған шарттарына сәйкес қажетті мәжбүрлі шығындарды анықтайды. Мәжбүрлі шығындарды құру банктің шығысы ретінде танылады.
Егер шығынға қосылған соманы банктің төлемеуіне немесе пайдаланбауына қатысты сенімділік пайда болса, онда олар басында мойындалған шығындарды түзету ретінде танылады.
Алғашында есептен шығарылған активтердің сомасын қайтару осы есептен шығару жүзеге асырылған баптардың орнын толтырады.
Банк пайдасын макрореттеу оны төмендету үшін қызмет етеді және баланстық пайда мен таза пайдаға қатысты болып келеді. Сонымен қатар жиынтық сомаларына толығымен тәуелді болатын және солармен қатар өсіп отыратын міндетті төлемдер түрі бар. Яғни табыс өскен жағдайда, оған осы үрдіспен өсуіне жол бермей, сәйкесінше шығыстар да өседі. Жәрдемақыға, жарнамаға, амор-тизацияға, резервтерге, негізгі құралдарды, техниканы және құрал-жабдықтарды сатып алу шығындарының Іпектен тыс көп болуы банктің таза табысын азайтады.
Микрореттеу мақсаты баланстық және әр уақытта максималдау кезіндегі салық салынатын табыстың азаюы болып табылады. Баланстық табыстың көбеюі таза имидждік ауыртпалықты көтереді: банк балансын баспаға шығару, баспаға шыққан банктердің кезекті рейтингіде алатын орнының жоғарылау мүмкіндігі - банктің нақтылы жағдайымен тікелей байланысты және оның болашақтағы даму мүмкіндіктерін анықтайтын, экономикалық маңызы зор және өмір сүруін қамтамасыз етуші мәселе.
Табысты макрореттеу әдістері: несие бойынша пайыздарды төмендету, депозиттер бойынша пайыздарды есептеу жолымен
қызметкерлердің еңбекақысын төлеу, несиелеу әдісі бойынша құрал-жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды сатып алу және т. б. Сонымен қатар пайданы микрореттеу көп дәрежеде табысты банк операцияларын кеңейтіп және шығынды операция-ларын қысқарту жолымен жүзеге асырылады. Оның үстіне әр кезеңдерде бұл операциялар әр түрлі болып келеді. Осылайша, соңғы жылдары Қазақстан Республикасында банктер валюталық операциялар, банкаралық несиелеу, корреспонденттік қатынастар айырбастау орындары, бағалы қағаздар бойынша, жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды алғашында ұлғайтып, кейіннен қысқартты. Табыстар бөлімінде осындай ұлғайту-қысқарту «толқындары» банктердің филиалды дамуының, құрылыс және жаңа бөлімшелер ашу саясаты мысалында байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz