Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Ибрагимова С
Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В030100- «Құқықтану»
Түркістан 2014 ж
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Азаматтық құқық және іс
жүргізу кафедрасының
меңгерушісі м. а., аға оқытушы
Қ. А. Тұрлыбеков
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері
5В030100 - мамандығы бойынша- «Құқықтану»
Орындаған Ибрагимова С
Ғылыми жетекшісі
магистр оқытушы Көшербаева Г
Түркістан 2014 ж
Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері
1. 1 Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі, есептелуі және түрлері . . . 5
1. 2. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық міндеттерді орындау мерзімдері . . . 9
2 Азаматтық құқықтағы мерзімдерді құқықтық реттеудегі ерекшеліктер
2. 1 Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттігі туындауы кезіндегі уақыттың маңызы . . . 12
2. 2 Талап қою мерзімі . . . 40
2. 3 Азаматтық істерді қараудағы мерзімдер . . . 45
Қорытынды . . . 49
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 51
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы қоғамдық өмірдің барлық салаларында жалпы құқықтық және экономикалық, әлеуметтік даму кезеңін басынан кешіруде. Қазақстанның егеменді ел ретінде орнығу және даму стратегиясы, экономикалық салада екі маңызды мәсілердің тоқырау жағдайынан шығу және экономикалық тұрақтандырудың қамтамасыз ету және реттелініп жатқан шаруашылық ету нарықтың механизмінің орнығуы және тиімді әрекет ету сияқты мәселердің шешуін көздесе құқықтық тұрғыдан азаматтық айналымдағы қатынастарды мейілінше заңды шешуді көздеп отыр.
Қазақстан Республикасының Азаматық кодексінде алғаш рет енгізілген азаматтық құқықтардың объектілері деген арнайы тарау бекітілген бәрімізге мәлім. Соған орай азаматтық құқықтың объектілер қатарына мүліктік және мүліктік емес игіліктерді жатқызуға болады. Мүліктік игіліктерге заттар, ақша соның ішінде шетел валютасын, құнды қағаздар, шығарашылық интеллектуадық қызметтің объектіге айналған нәтижелері жатады. Материалдық емес игіліктерге жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, есім алу құқықтары жатады. Осы объектілерді кез-келген азаматтар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес иеленуге, пайдануға және билік етуге құқықтары бар.
Құқықтық қарым-қатынастарға қатысушылардың жүріс-тұрысы әрқашан қоғамдық маңыздылыққа ие. Ол қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның әртүрлі заңды мүдделерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады. Құқықтық қарым-қатынастарға қатыса отырып, субъектілер өздерінің белгілі бір материалдық, рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандырады (тұтыну тауарларын сатып алады, авторлық құқықтарды иеленеді және т. б. ) .
Мүліктік емес қарым-қатынастарға қатысушылардың жүріс-тұрысына әсер ете отырып, құқықтар мен міндеттер құқықтық реттеу мақсатына жетеді. Мысалы, еңбек қарым-қатынастарының объектісі болып кәсіпорын не мекеме әкімшілігінің жұмысқа қызметкерлерді қабылдау, олардың еңбегіне ақша төлеу бойынша әрекеттері табылады. Әкімшіліктің осы әрекеттері еңбек ету құқығын, жалақы алу құқығын қанағаттандыруға бағытталады.
Диплом жұмысы азаматтық құқықтағы азаматтық құқықтағы мерзімдер ұғымы мен түрлеріне, азаматтық құқық мерзімдердің ерекшелейтін белгілерге арналған. Сонымен қатар ерекше ретте талап қою мерзімінің Жан-жақты мәселеллрін қарастырған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Азаматтық құқық қатынастарды реттеуде мерзімдердің түсініг мен түрлері туралы, оның маңыздылығы туралы қалыптасу қағидалары туралы жазу және Қазақстан Респубикасының Азаматтық Кодекстегі нормаларды талдап анықтау болып табылады. Осы мақсатқа байланысты диплом жұмысының жоспары құрылған.
Тақырыптың міндеті
-Азаматтық құқықтық мерзімдердің түсінігін, мазмұнын және түрлерін, оларды ерекшелейтін белгілерді ашып көрсету;
-Азаматтық құқықтық қатынастардың негізгі түрлері заттар, ақша (оның ішінде шетел валютасы), бағалы қағаздар, мүліктік емес өзіндік құқықтар және шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелерін байланысты мерзімдерді толық ашып көрсету;
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, бірнеше бөлімшелерден, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері
1. 1 Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі, есептелуі және түрлері
Азаматтық құқықтарды және түрлері қорғау уақыт факторымен тығыз байланысты. Бұзылған құқықты және тағы басқа мәжбүрлі жүзеге асыру әрекет мүмкіндігі заңмен немесе шартпен көрсетілгендей жасалуы қажетті құқық қатынастарының пайда болуын, өзгерлуін, тоқтатылуын азаматтық заң белгілі уақыт кезеңімен немесе сәттермен байланыстырады.
Мерзімді шектеу, тәртібі. Азаматтық заңдылық мерзімді есептеуге арналған ережелерді кезінен қарастырады. (АК 6т) АК 172б сәйкес, мерзім күнтізбелік күнмен, уақыт кезеңінің өтуімен, және де оқиғаға сілтеме отырып анықталады. Күнтізбелік сілтеме, көбінесе, азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау нақты уақытпен байланысты шарттарда кездеседі, мысалы, 2003 ж. 31 жетоқсанда сот шешімінде де, сонымен қатар, заңның өзімен анықталуы мүмкін, мысалы, коммуналдық қызметтерге, салықтық төлемдерге міндетті сақтандыру үшін кезеңде төлемдар өткізілуі міндетті айдың белгілі бір күнінде сілтеме жасау жолымен.
Уақты кезеңі болып табылатын мерзімдер, олардың ұзақтығына сілтеме жасай отырып, жылдармен, ойлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен (АК 172 б) ал кейде, одан қысқа кезеңдермен анықталады.
Оқиғағ сілтеме жасай отырып мерзімді анықтаудың ерекшелігі, азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары, оның пайда болуының нақты күнін алдын ала білмейді. Мысалы, өмірлік асырауында болу шартының аяқтауын заң, қашан қайтыс болатын белгісіз, сатушының өмірмен байланыстырады.
Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталуымен аяқталуын нақты анықтау маңызды болып табылады. АК 173б. сәйкес, мерзімнің өтуі, күнтізбелік күннен кейін немесе оқиға болғаннан кейінгі күні бастамады. Мысалы, мұра қалдырушы 14 қыркуйекте қайтыс болса, мұрагерлікті қабылдау немесе одан бас тарту белгіленген мерзімнен кейінгі күні, яғни 15 қыркуйектен басталады. Тура осылай, сағатты және минутты есептеу мәселесі шешіледі: мерзім келесі уақыт бірлігіннен бастап есептеледі.
Мерзімнің өтуінің аяқталуы пайдаланып жатқан уақыт бірлігіне байланысты ажыратылады. Жылдармен есептелетін мерзім, мерзімнің соңғы жылының күніне және айына сәйкес өтеді. (АК 174 б. 1 тарт) мысалы, 2001ж. 1 сәуірде басталған үш жылдық талаптың ескіру мерзімі 2004 ж. 1 сәуірде аяқталған болып саналады. Кварталдармен, айлармен және апталармен есептелетін мерзімнің соңғы күні тура осылай шешіледі. Егер де мерзімнің аяқталуы солайда жоқ сәйкес келсе, онда мерзім сол айдың соңғы күнінде аяқталған болып еспетеледі. Екі жақпен келісілген 2 айлық міндеттерді атқару мерзімі 1 қантарлдан бастап есептелсе, бұл мерзімнің аяқталуы 28 немесе 29 ақпанға түседі. Жарты аймен есептелетін мерзім, күнмен саналатынмерзім ретінде сол айдың кунінінң санына байланыссыз 15 күнге тең болып табылар. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, одан кейінгі жақын жұмыс күні, мерзім аяқталған болып саналады. (АК 175б)
Егер мерзім қандай да бір әрекеттерді бекітуі үшін жасалса, ол мерзімнің соңғы күнінің 24 сағатына дейін орындалуына мүмкін. Бірақта, бұл әрекеттер ұйымда орындалу керек болған жағдайда, ұйымсыз бекітілген ережелеріне бойынша сәйкес операциялар тоқтатылғанда, мерзім сол сағатта тоқтатылады. Мысалы, жұмыс күні аяқталады, қойманың жабылуы т. с. с. Мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейін почтаға, телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесіне тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде жасалған болып саналады.
Мерзімнің түрлері. Азаматтық құқықта кездесетін көптеген мерзімдер нақты негіздер бойынша жіктелуі мүмкін. Мерзімнің кіммен бекітілген байланысты заңдық, шарттық, соттық мерзімдер ажыратылады. Заңдық мерзімдер заңдарда немесе нормативтік актілерде белгіленген. Мысалы, заңмен мұрагерлікті қабылдау немесе одан бас тартудың алты айлық мерзімі бекітілген, толық азаматтық әрекет қабілеттігінің пайда болуы (АК 17 б), талаптың ескіру мерзімі (АК 178б) және т. б. Жақтардың келісімімен бекітілген мерзім-шартты деп аталады. Соттық мерзімдер - бұл сотпен бекітілген мерзімдер. Құқықтық салдарлар бойынша мерзімдер құқық қалыптастырушы, құқық өзгертуші, құқық тоқтатушы болып бөлінеді. Жалпы ереже бойынша, атты беру кезі, меншік құқығының пайда болу кезін анықтайды. Құқық өзгерту мерзімінің басталуы мен өтуі азаматтық құқықтармен міндеттердің өзгеруіне алып келеді.
Құқық тоқтатушы мерзімдер міндеттер мен құқықтардың тоқтатылуына әкеп соғады. Егер де мұрагершінің несие берушілері мұрагерліктің ашылған күнінен бастап алты ай, ішінде өз талабын айтпаса, ол талаптар күшін жояды.
Мерзімдер сипатына байланысты императивтікжәне диспозитивтік, абсолюттік анықталған, қатысты анықталған, анықталмаған, жапы және арнайы және т. б. болып ажыратылады. Императивтік мерзімдер заңмен нақты анықталған және олар тараптардың келісімімен өзгертілмейді. Оларға, көбінесе, талаптың қабылдаудың ескіру мерзімі, азаматтық құқықтардың болу мерзімі жатады. Диспозитивтік мерзімдер, заңдармен қарастырылған, дегенмен тараптардың келісімімен өзгертуге болатын мерзімдер.
Абсолютті анықталған заңды салдарлармен байланысты уақыт кезеңі. Оларға, мысалы, күнтізбелік күнмен немесе уақыттың нақты бір бөлігімен белгіленген мерзімдер. Қатысты анықталған мерзімдер нақты кезеңмен немесе уақыт сәтімен байланысты, бірақ нақтылықтың аз болуымен сипатталады.
Анықталмаған мерзімдер - заңмен немесе шартпен уақыты бекітілмеген, бірақ бұл құқық қатынастарында уақыт шегінің бар болуын болжайды. Осылайша мүлік уақытша өтеусіз пайдалануға немесе белгісіз мерзімге жалға берлуі мүмкін.
Жалпы мерзімдер деп азаматтық құқықтың кез-келген субъектісіне қатысты жалпы мағыналы мерзімдер. Мысалы, сенімхаттың әрекет етуінің жалпы мерзімі үш жыл (АК 168б) . Арнайы мерзімдер - заңда тікелей көрсетілген жағдайларда әрекет етеді және жалпы мерзімдердің ережелері шектелген.
Мерзімдерді олардың тағайындалуына байланысты, азаматтық құқықтарда жүзеге асыру мерзімі, азаматтық міндеттерді атқару мерзімі және азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері, маңызды орын алады.
1. 2. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық міндеттерді орындау мерзімдері.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі деп - субъективтік құқықтарды иеленушінің субъективтік құқықтарын жүзеге асыру. Көбінесе ол - заңмен немесе нормативтік актілермен бекітіледі, бірақ жақтардың келісімен де қарастырылуы мүмкін. Бұл мерзімдер, өз кезегінде, азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі, талаптық, кепілдік мерзімдер, пайдалану, қызмет, жүзеге асыру, сақтау, көлік мерзімдері болып бөлінеді.
Азаматтық құқықтардың болу мерзімдері - бұл субъективтік құқықтардың уақытта әрекет ету мерзімі. Оларды ерекше топқа бөлу, мерзімсіз құқықтармен, мысалы, меншік құқығы, авторлық құқық, тұрғын үйді жалдау құқығы т. б. және белгісіз мерзімге әрекет ету құқықтары, мысалы, белгісіз мерзімге бекітілген жалдау шарты бойынша мүлікті пайдалану құқығы әрекет ету шектеру уақытпен шектелген субъективтік құқықтардың бар болуымен байланысты.
Осылай, сенімхат 3 жылдан артық емес мерзімге берлуі мүмкін, шығармаға патент әрекетінің мерзімі жиырма жылмен шектелген, авторлық құқық автордың барлық өмірі және оның өлімінен кейін (мерзімсіз қорғалатын авторлық құқылықтан басқа) әрекет етеді және т. б.
Субъективтік құқықтардың уақытша әрекетін шектеуді еңгізудің себептері әртүрлі сипатталады, дегенмен, бұл көбінесе тұлғаның мүдделерінің тұтастай қоғам мүдделерімен сәйкес келуінің қажеттілігімен қамтамасыз етіледі.
Субъективтік құқықтардың болу мерзімінен мерзімдері ажырату қажет. Олар, сонымен өкілетті тұлғаға қатаң анықталған ұйымдастыру үшін өкілетті тұлғаға қатаң анықталған уақыт береді. Дегенмен, егер құқықтардың мерзімдері осу құқықтардың қалыпты жалғасуын анқтаса, онда мерзімдер орындалмауы немесе орындалуы қажетті емесе жағдайларда субъективтік құқықтардың алдын ала тоқтатылуын тағайындайды. Осылай, тұрғын үйде жалға алушының ұзақ уақыт болмауы, егер де ол жалға алу шартында көзделген болса, жалға алу шартын тоқтатудың негізі болып табылады.
Субъективтік құқықтардың болу мерзімінен мерзімдердің айырмашылығы, өкілетті тұлғамен жүзеге асырылуы қажетті шарттар негізінде болуы мүмкін субъективтік құқықтарды ғана қарастырады.
Азаматтық құқықта мерзімдерге қатысты пікірлер көп емес. Талаптық мерзім - өкілетті тұлғаның міндетті тұлғаға олардың арасындағы болған түсініспеушілікті реттеу мақсатында өзінің бұзылған құқықтарын сотқа дейін қорғауға құқылы, ол кейінде міндетті мерзім аралығы. . Бұл ережені ерікті түрде шешілуі мүмкін, бұзылған құқықты қорғау туралы мәселелержәне тараптар арасында дау болмаған, істің мән жайы анық болған жағдайларда бұзылған азаматтық құқықтарын қалпына келтіруді және өндірістік емес процессуалдық шығындарды азайтумен, заң шығарушының соттық істердің санын қысқартуға тырысуы негізделеді.
Тауарларды ауыстыру туралы немесе кемшіліктерін жою туралы претензиялық талаптарын жеткізушіге кредитормен кемшіліктерді бекіту үшін, ұзақ пайдаланушыға немесе сақтауға арналған таруарларға қатысты заңмен, сонымен қатар, стандарттармен, техникалық жағдайлармен немесе шартпен одан да ұзақ мерзімдер қарастырылуы мүмкін. Былайша айтқанда, кепілдік болып табылатын көрсетілген мерзім ішінде бұйымды ауыстыру және барлық кемшіліктерді өз есебінен жоюға міндеттенеді және бұйымдық қызметті қарсылықсық орындағаны үшін борышкер кепілденеді.
Заң бойынша, кепілдік мерзімдер бұйымды қабылдау кезенде байқалмайтын, бірақ оны пайдалану сақтау, өндеу, эксплуатациялау және т. б. үрдістер кезінде кемшіліктерден қорғау үшін бекітіледі.
Кей жағдайда кепілдік күнтізбелік мерзімге емес, басқа да тәсілдермен, мысалы, кепіл машинаның километр жүргізуімен беріледі.
Кепілдік - заңмен қарастырылғандай басқа да сипаттағы мерзімдер, мысалы, пайдалану, сақтау, өндеу, транспорт. Осыған байланысты олар негізінен жеке топтарға бөлінбейді және әдебиеттерде кепілдік мерзімдердің түрлері ретінде қарастырылады.
Осыған байланысты, олар ерекшеліктерге ие бола отырып, ерекше құқықтың салдарларға әкеліп соғады. Солай, уақыт өте келе пайдалану қасиетін жоғалтатын тауарларға, химияның тұрмыстық бұйымдарға, медикаменттерге, иіс су - косметикалық тауарларға, азық-түліктерге қатысты пайдалану мерзімі бекітіледі. Пайдалану мерзімі өтп кеткен тауарларды сату тыйым салынады. Тауарлардың пайдалану мерзімі оны жасаған күннен бастап есептелеу және тауарды пайдаланудың жарамдылығы уақыт кезеңі мен, немесе күнмен анықталады.
Пайдалану мерзіммен дайындаушы тұтынушыға тауарды мақсатқа сай пайдалануын қамтамасыз етуге немесе оның кесірінен болған кемшіліктері үшін жауапкершілікке тартылуға міндетті - тауардың қызмет мерзімімен ұқсас. Дегенмен, егер де мерзім нормативтік-техникалық құжаттармен анықталады, онда қызмет мерзімі дайындаушылардың өздерімен немесе тұтынушылард мен келісе отырып бекітіледі. Тауардың қызмет мерзімі оны тұтынушыларға сатан күннен бастап есептеледі, ал егер де оны бекіту мүмкін болмаса, дайынлған күннен бастап.
Әрекеттегі заңдылық бойынша кепілдік мерзімге мағынасы жағынан сәйкес келмейтін ерекше мағыналы мерзімдер - сақтау, өндеу, санау, т. б. мерзімдер.
Міндеттерді орындау мерзімдері. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімдерімен азаматтық міндеттерді орындау мерзімдері тығыз байланысты. Міндеттерді атқару мерзімі, яғни заңдармен, әкімшілік актілермен немесе шартпен қарастырылуы мүмкін борышкер белгілі бір әрекеттерді жасауға міндетті немесе, керісінше орындалуыныңбас тарту мерзімі.
Міндеттерді орындауды жалпы және жеке мерзім деп бөлеміз. Жалпы мерзім - міндеттерді орындаудың барлық кезеңін қамтиды. Ондай жалпы мерзімдер жақтардың келісімімен жеткізу мерзімі болады, мысалы, 2003 ж. жалпы мерзім шегінде азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары міндетті орындаудың жеке мерзімі туралы келісіуне болады. Осылай, жеткізу кестелерінде тауардың нақтыланатын жеке партияларын жеткізудің мерзімдері жеткізу шартында жиі ескертіледі. Шартта жұмыстық және т. б. жеке этаптарын аяқтау мерзімдері қарастырылуы мүмкін. Борышкер жақтан міндеттерді орындау жалпы мерзімді ғана орындау емес, сонымен қатар, жақтармен бекітілген аралық мерзімдерді орындау жатады. Заң міндеттерді алдын ала орындаудың мүмкінділігіне қатысты жауапкершілігі мерзімінен арнайы ережелерді қамтиды.
2 Азаматтық құқықтағы мерзімдерді құқықтық реттеудегі ерекшеліктер
2. 1 Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттігі туындауы кезіндегі уақыттың маңызы
Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық кодекстің 1-бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құкық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары. Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Азаматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Көсіпкерлік қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режимі бар нормалар мыналар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау (Азаматтық кодекстін 279-бабы), бірлескен міндеттемені орындау (Азаматтық кодекстін 287-бабы), қосылу шарты (Азаматтық кодекстің 389-бабы) және басқалар келтірілген. Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады. Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 18 маусымдағы заң күші бар Жарлығымен белгіленген. Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар шетелдік азаматтар деп танылады (Жарлықтың 2-бабы) . Мәселен, Қазақстанда шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік студенттер және т. б. бар. «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғағы жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп саналады. (Жарлықтың 2-бабының 2-тармағы) [2] .
Шетелдіктердің инвестицияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі жақты халықаралық шарттармен және капитал салымдарын өзара көтермелеу мен өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы ұлт режимін немесе ұлттың режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге асыруға байланысты телемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және басқалар енгізіледі.
Заңды тұлғалар туралы Азаматтық кодекстін 33-бабында айтылған заңды тұлға анықтамасыңан әрбір ұйымның бәрі бірдей азаматтық құқық субъектісі болмайтыны, демек, әрбір ұйымның азаматтык құқық қатынастарына қатысуының бола алмайтыны көрінеді. Республика аумағында жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы заңмен (кейінгі өзгерістерімен қоса) реттеледі. Алайда Қазақстан Республикасында жекелеген салаларда шетелдік заңды тұлғалардың қызметіне шектеулер қойылғанын атап еткен жөн. Атап айтканда, сақтандыру саласында шектеу қойылған. Мәселен, шетелдік сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы тікелей сақтандырушы ретіндегі қызметіне тыйым салынады. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқык қатынастарына қатысуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарда сол қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет ететіні болып табылады. Азаматтық кодекстің 112-бабының 1-тармағында әкімшілік-аумақтық бөліністер жөнінде сондай ережелер белгіленген.
Азаматтық құқықтың жоғарыда келтірілген субъектілері азаматтың құқық қатынастарына құқықтың осы саласының субъектісі ретінде қатысады. Азаматтық кодексте субъектілердің әрбір түрінің ерекшеліктері ескеріледі. Бұл орайда жалпы (субъектілердің барлық санаттарына қолданылатын) нормалармен қатар, субъектілердің белгілі бір түріне ғана қатысты бірқатар арнаулы нұсқаулар белгіленеді. Мысалы, Азаматтық кодекстің 159-бабының 9-тармағында ауыр жағдайлардың тоғысуы салдарынан жасалған мәміленің (Кіріптарлық мәміле) шын екеніне дау туғызуға азаматтар ғана құқылы болатыны көзделген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz