Тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Белгілердің тұқым қуалауының негізгі типтері.
2. Тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары
3. Мендельдің бірінші және екінші ережесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары алғаш рет Г. Мендель XIX ғасырдың ортасында ашты, одан соң XX ғасырдың басында бұл заңдылықты голландиялық Г. де Фриз, германиялық Корренс және австриялық Г.Чермак қайта ашты.
Мендель заңы бойынша тұқым қуалайтын белгілерді – мендельденуші белгілер деп айтады. Олар қалыпты және адамда тұқым қуалайтын ауруды тудыратын патологиялық белгілер болуы мүмкін (моногендік аурулар). Қазіргі кезде адамның 10000 астам мендельденуші белгілері сипатталған, олардың көбісі тұқым қуалайтын аурулар түрінде көрініс береді.
Қазіргі кездегі медицинаның алдына қойған мақсаты, барлық мамандықтағы дәрігерлердің тұқым қуалайтын аурулардың сипатын тани біліп және дер кезінде аурулар мен олардың жанұядағы мүшелерін медико-генетикалық кеңеске бағыттау.
Генетика - тұқым қуалаушылықтың және өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік барлық ағзаларға тән тірі материяның негізгі қасиеті.
Тұқым қуалаушылық дегеніміз ағзалардағы ұқсас белгілердің бірқатар ұрпақ бойы қайталануы және белгілі бір қоршаған ортада жеке даму ерекшеліктерімен қамтамасыз ету қасиеті. Тұқым-қуалаушылықтың арқасында ата-аналары мен ұрпақтарының биосинтез типтері ұқсас болады, ол ұлпалардағы химиялық құрамның, зат алмасу сипатының, физиологиялық процестердің, морфологиялық белгілер мен басқа ерекшеліктердің ұқсастығын анықтайды. Соның нәтижесінде ағзалар әр түрі өздеріне тән белгілерді ұрпақтан ұрпаққа беріп отырады. Өзгергіштік–тұқым қуалаушылыққа қарсы құбылыс. Өзгергіштік тұқым қуалау бастамасының өзгеруімен, сонымен қатар ағзаның даму процесі барысында сыртқы ортамен әрекеттесуі барысында олардың көрініс беруінің әр түрлі болуымен сипатталады.
Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын зерттеу кезінде бір-бірінен қарама-қарсы альтернативті белгілері бойынша ажыратылатын ағзаларды шағылыстырады.
Бір ғана белгінің дамуын анықтайтын және гомологтық хромосомалардың бірдей локусында орналасқан гендерді аллельді гендер деп атайды.
Егер гомологтық хромосомаларда орналасқан аллельді гендер бірдей белгінің дамуын анықтаса, ондай агзаны гомозиготалы деп атайды.
Егер аллельді гендер қарама-қарсы белгілердің дамуын анықтаса, ондай ағза гетерозиготалы деп аталады.
Ағзадағы барлық тұқым қуалайтын факторлар мен ядродағы хромосомалардың диплоидтық жиынтығын генотип деп атайды, ал ағзаның барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығын фенотип дейді.
1. Е.Ө. Қуандықовтың редакциясында, Аламты 2004. «Медициналық биология және генетика»
2. Биология под,ред Ярыгина книга, М. Высш лек, 1996 с
3. Қазымбет П.Қ Аманжолова Л.Е. Нұртаева Қ.С. Медициналық биология Алматы - 2000
4. С.А. Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» оқулық Шымкент – «Асқаралы баспасы 2008 ж.
5. К. Вилли. Биология. Москва «Мир»-1966г.
6. Е.Ө.Қуандықов, С.А.Әбілаев, «Медициналық биология және генетика» Алматы – 2006ж.
7. Алтынбек Сартаев, Адам генетикасы, Алматы – 2006

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Белгілердің тұқым қуалауының негізгі типтері.
2. Тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары
3. Мендельдің бірінші және екінші ережесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары алғаш рет Г. Мендель XIX ғасырдың
ортасында ашты, одан соң XX ғасырдың басында бұл заңдылықты голландиялық Г.
де Фриз, германиялық Корренс және австриялық Г.Чермак қайта ашты.
Мендель заңы бойынша тұқым қуалайтын белгілерді – мендельденуші
белгілер деп айтады. Олар қалыпты және адамда тұқым қуалайтын ауруды
тудыратын патологиялық белгілер болуы мүмкін (моногендік аурулар). Қазіргі
кезде адамның 10000 астам мендельденуші белгілері сипатталған, олардың
көбісі тұқым қуалайтын аурулар түрінде көрініс береді.
Қазіргі кездегі медицинаның алдына қойған мақсаты, барлық мамандықтағы
дәрігерлердің тұқым қуалайтын аурулардың сипатын тани біліп және дер
кезінде аурулар мен олардың жанұядағы мүшелерін медико-генетикалық кеңеске
бағыттау.

Белгілердің тұқым қуалауының негізгі типтері.
Генетика - тұқым қуалаушылықтың және өзгергіштіктің заңдылықтарын
зерттейтін ғылым. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік барлық ағзаларға тән
тірі материяның негізгі қасиеті.
Тұқым қуалаушылық дегеніміз ағзалардағы ұқсас белгілердің бірқатар
ұрпақ бойы қайталануы және белгілі бір қоршаған ортада жеке даму
ерекшеліктерімен қамтамасыз ету қасиеті. Тұқым-қуалаушылықтың арқасында ата-
аналары мен ұрпақтарының биосинтез типтері ұқсас болады, ол ұлпалардағы
химиялық құрамның, зат алмасу сипатының, физиологиялық процестердің,
морфологиялық белгілер мен басқа ерекшеліктердің ұқсастығын анықтайды.
Соның нәтижесінде ағзалар әр түрі өздеріне тән белгілерді ұрпақтан ұрпаққа
беріп отырады. Өзгергіштік–тұқым қуалаушылыққа қарсы құбылыс. Өзгергіштік
тұқым қуалау бастамасының өзгеруімен, сонымен қатар ағзаның даму процесі
барысында сыртқы ортамен әрекеттесуі барысында олардың көрініс беруінің әр
түрлі болуымен сипатталады.
Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын зерттеу кезінде бір-бірінен қарама-
қарсы альтернативті белгілері бойынша ажыратылатын ағзаларды шағылыстырады.
Бір ғана белгінің дамуын анықтайтын және гомологтық хромосомалардың
бірдей локусында орналасқан гендерді аллельді гендер деп атайды.
Егер гомологтық хромосомаларда орналасқан аллельді гендер бірдей
белгінің дамуын анықтаса, ондай агзаны гомозиготалы деп атайды.
Егер аллельді гендер қарама-қарсы белгілердің дамуын анықтаса, ондай
ағза гетерозиготалы деп аталады.
Ағзадағы барлық тұқым қуалайтын факторлар мен ядродағы хромосомалардың
диплоидтық жиынтығын генотип деп атайды, ал ағзаның барлық белгілері мен
қасиеттерінің жиынтығын фенотип дейді.
Тұқым куалайтын ақпараттарды бір ұрпақтан басқа ұрпақтарға беру
процессін тұқым қуалау дейді. М.Е.Лобашов "тұқым қуалаушылық" пен "тұқым
қуалау" терминдерінің мағанасы бірдей емес екенін және оларды нақты ажырата
білу керек екенін көрсетті.
Тұқым қуалаушылық - тұқым қуалау ақпаратын сақтайтын, екі еселейтін
және ұрпақтар ұрпаққа берілуін камтамасыз ететін барлық ағзаларға тән жалпы
қасиет.
Тұқым қуалау - көбею түрлеріне байланысты әр түрлі болатын ұрпақтан
ұрпаққа тұқым куалау ақпаратының берілу әдісі. Жыныссыз көбею кезінде
вегетативті жасушалармен немесе споралар арқылы тұқым қуалау іс жүзіне
асырылады, сол арқылы ата-аналары мен ұрпақтар арасындағы жоғары дәрежедегі
ұқсастық қамтамасыз етіледі. Жынысты көбею кезінде тұқым қуалау жыныс
жасушалары арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ата-аналары мен ұрпақтар
арасындағы ұқсастық алдынғыдан төмен болады, бірақ көптеген өзгергіштік
байқалады, соның нәтижесінде эволюция процесі мен сұрыптауға көп материал
жиналады. Соныменен, тұқым қуалау ата-аналық ағзалардың тұқым қуалайтын
ақпараттарын бірқатар ұрпақ бойы беліп беру әдісі.
Тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары
Тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтарын Г. Мендель ашқан. Г. Мендель
зерттеулерінің жетістікке жетуі гибридологиялық талдауға байланысты болды.
Бұл әдістің мынандай ерекшеліктері бар:
1) Замандастарымен салыстырғанда Мендель ата-аналары мен олардың
ұрпақтарындағы барлық белгілерді санамай жеке альтернативті белгіні бөліп
алып, соның тұқым қуалауын талдады;
2) Бірқатар ұрпақ бойы әрбір альтернативті белгілердің тұқым қуалауына
нақты сандық есеп жүргізіп отырды;
3) Шағылыстырудан алынған бірінші ұрпақ ғана қадағаланып қоймай, әрбір
будандардың өздігінен тозаңдану кезіндегі алынған ұрпақтары да сипатталып
отырды.
Мендель зерттеу объектісі үшін альтернативті белгілерімен ажыратылатын,
көптеген түрі бар ас бұршақты таңдап алды. Бір жұп альтернативті белгі
бойынша талданатын дараларды шағылыстыру моногибридті, екі жұп бойынша -
дигибридті, көп жұп альтернативті белгі бойынша болса полигибридті
шағылыстыру деп аталады.

Мендельдің бірінші және екінші ережесі
Мендель тәжірибелерінде сары және жасыл түсті тұқымдары бар ас
бұршақтар түрлерін шағылыстырды, барлық ұрпақтарында (бірінші ұрпақ
будандарында) тұқымдары сары түсті болып жарыққа шықты. Байқалған заңдылық
бірінші ұрпақтағы будандардың біркелкілік ережесі деп аталды. Бірінші
ұрпақта керініс берген белгіні доминантты, көрініс бермей, жасырын қалған
белгіні - рецессивті деп атады.
Белгілердің (гендердің) "тұқым қуалайтын факторларын" Мендель латын
алфавитіндегі әріптермен белгілеуді ұсынды. Бір жұпқа жататын гендерді
бірдей әріппен белгілеу енгізілді, бірақ белгінің доминантты жағдайдағы
аллелін - үлкен, ал рецессивтісін - кіші әріптермен белгілейді. Доминантты
аллель бойынша гомозиготалы дараны - АА, рецессивтіні - аа, гетерозиготаны
Аа деп жазып көрсетеді. Рецессивті аллель тек ғана гомозиготалы жағдайда,
ал доминантты - гомозиготалы және гетерозиготалы жағдайда да жарыққа
шығатынын тәжірибе көрсетті.
Гендер хромосомада орналасқан. Мейоз нәтижесінде гомологтық
хромосомалар әртүрлі гаметаларға ажырайды. Бірақ, гомозиготаларда аллельдер
бірдей болғандықтан, барлық гаметалары бір ғана генді алып жүреді. Соған
байланысты, гомозиготалы даралардың гаметалары бір тип түзеді.
Шағылыстыруды тәжірибе бойынша сызба түрінде жазу ұсынылды. Ата-
аналарын Р (лат. parentes - ата-ана) әріпімен атау, бірінші ұрпақтағы
дараларды - Ғ (лат. filii - балалар), екінші ұрпақтағы дараларды - Ғ2 және
т.с. ұсынылған. Шағылыстыруды көбейту (х) белгісімен көрсетеді, аналық
дараның генотиптік формуласын бірінші, ал аталық тікін - екінші жазады.
Бірінші қатарға ата-анасының генотиптік формуласын, екінші қатарға -
олардың гаметалар типін, үшіншіге - бірінші ұрпақтардың генотипін жазады.
Бірінші ұрпақтағы будандардың біркелкілік ережесі былай деп
кұрастырылған: бір-бірінен бір жұп альтернативті белгі бойынша ажыратылатын
гомозиготалы дараларды шағылыстырғанда, бірінші буынның барлық ұрпақтарының
генотипі және фенотипі біркелкі болады.
Р АА X аа
Гаметлар Г А а
Ғ1 Аа
Бірінші ұрпақтағы біркелкі будандарды өзара шағылыстырса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хромосомадан тыс тұқым қуалау заңдылықтары
Оқыту әдістерінің жүйесі
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
Ғылым ретіндегі генетика. Тұқым қуалаушылық заңдары
Биологияны оқыту әдісінің ғылымдармен байланысы
Хромосомалық емес тұқым қуалаудың шығу тарихы
Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы
Генетика және оның жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы
Генетика негіздері
Пәндер