Ас қорыту механизмі



1 АС ҚОРЫТУ МЕХАНИЗМІ
2 Ас қорыту жүйесінің қызметі (функциялары):
3 Ас қорытуды зерттеу әдістері
4 Ауыздағы ас қорытылу
5 Сілекейдің құрамы және оның мәні
6 Сілекейдің шығуы және оның реттелуі
7 Шайнау
8 Жұту
9 Қарындағы ас қорытылу
10 Қарын сөлінің құрамы мен мәні
Ас құрамындағы қоректік заттар (белок, көмірсу, май) адам денесіндегі тканьдердің жаңарып жаңғырылуын, клетка түзілуін, адамның өсіп - өнуін, дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек қоректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып, клеткалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді: Адам өзіне қажет қоректік заттарды әдетте сырттан алады. Бұл — экзогендік тамақтану.
Сырттан қоректік заттар келіп түспесе де, адам біразға дейін тіршілік ете береді. Ол өз клеткаларындағы органикалық қоректік заттарды пайдаланып, құрамындағы ағзалар, тканьдердің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етіп отырады, яғни эндогендік тамақтану басталады. Мұндай жағдайда энергия қоры біртіндеп таусылады да адам әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады. Демек, эндогендік тамақтану тән тірлігін қамтамасыз ете алмайды. Ас қорыту — өте күрделі процесс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді соңынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей – шырынмен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек – қарын ферменттері қатысады. Ас қорыту ферменттері сусыз жерде әсер ете алмайтын ашытқы гидролазалар тобына жатады. Бұлардың әсерінен күрделі органикалық қоректік заттар ыдырап, қан мен лимфаға өтетіндей, денедегі клеткалар пайдалана алатындай қарапайым қосынды — мономерлерге айналады.
Су, минерал тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық заттар ішек – қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді. Гидралаза ферменттері түзілу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Аутолитикалық ферменттер — тағамдық заттар, мәселен, ана сүті құрамындағы ферменттер, симбионттық гидролазалар — бактериялар мен бір клеткалы жәндіктердің қатысуымен гидролиздік процестерді іске асыратын, айталық, күйіс қайыратын малда клетчатканы ыдырататын ферменттер. Адамда симбионттық гидролиз тоқ ішекте ғана кездеседі. Меншікті гидролазалар — жан – жануар, адам денесінде ас қорытуға қатысатын ішек – қарын сөлінде негізгі ферменттер.
Гидролиз процесінің орналасуына қарай клетка ішіндегі және клеткадан тысқары жердегі ас қорыту болып екіге бөлінеді.
Клетка ішіндегі ас қорытуда фагоцитоз, пиноцитоз арқылы клеткаға өтетін қоректік заттар лизосомалық ферменттердің қатысуымен гидролизге ұшырайды. Мәселен, лейкоциттер мен лимфоциттерде ретикулациттер және гистиоциттер жүйесінде ас осылай қорытылады.
Клеткадан тыс жерде ас қорыту дистанттық ( қуыстық ) және контакттық ( мембраналық ) ас қорыту болып екіге бөлінеді. Дистанттық ас қорыту ферменттер түзілетін клеткалардан оқшау жерде, ішек – қарын түтігінде өтеді, ал контакттық ас қорыту дегеніміз ішек түтігінің ішкі бетінде, онымен жанасқан эпителий клеткаларында гликокаликстегі ферменттердің әсерінен болатын гидролиз. Қуыстық гидролиз кезінде пайда болған өнімдер гликокаликс қабатынан өтіп, мембрана бетінде бірнеше мономерлерге айналады да, ішек эпителиі бетіндегі микротүктер арасында орналасқан микроканалдар арқылы ішек клеткаларына өтеді. Сөйтіп сіңу процесі басталады.
Ас қорыту жүйесі ауыз қуысындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан тұрады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ас қорыту механизмі

Қабылдаған: Ильясова. Г.
Дайындаған: Адырбеков. Д.
Тобы: СДШ – 816.

АС ҚОРЫТУ МЕХАНИЗМІ
Тамақ ішу, ішкен астың ішек – қарында қорытылуы денеге сіңуі аса
күрделі процестер. Ас адамның арқауы — дейді халық.
Ас құрамындағы қоректік заттар (белок, көмірсу, май) адам денесіндегі
тканьдердің жаңарып жаңғырылуын, клетка түзілуін, адамның өсіп - өнуін,
дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне
жұмсалатын энергия көзі. Демек қоректік заттар дер кезінде және қажет
мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып,
клеткалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді: Адам өзіне
қажет қоректік заттарды әдетте сырттан алады. Бұл — экзогендік тамақтану.

Сырттан қоректік заттар келіп түспесе де, адам біразға дейін тіршілік ете
береді. Ол өз клеткаларындағы органикалық қоректік заттарды пайдаланып,
құрамындағы ағзалар, тканьдердің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етіп
отырады, яғни эндогендік тамақтану басталады. Мұндай жағдайда энергия қоры
біртіндеп таусылады да адам әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады. Демек,
эндогендік тамақтану тән тірлігін қамтамасыз ете алмайды. Ас қорыту — өте
күрделі процесс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді соңынан химиялық
реакцияға түсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өңдеу
барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей – шырынмен шыланып,
жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек – қарын ферменттері қатысады. Ас қорыту
ферменттері сусыз жерде әсер ете алмайтын ашытқы гидролазалар тобына
жатады. Бұлардың әсерінен күрделі органикалық қоректік заттар ыдырап, қан
мен лимфаға өтетіндей, денедегі клеткалар пайдалана алатындай қарапайым
қосынды — мономерлерге айналады.
Су, минерал тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық заттар ішек
– қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді. Гидралаза ферменттері түзілу
ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Аутолитикалық ферменттер —
тағамдық заттар, мәселен, ана сүті құрамындағы ферменттер, симбионттық
гидролазалар — бактериялар мен бір клеткалы жәндіктердің қатысуымен
гидролиздік процестерді іске асыратын, айталық, күйіс қайыратын малда
клетчатканы ыдырататын ферменттер. Адамда симбионттық гидролиз тоқ ішекте
ғана кездеседі. Меншікті гидролазалар — жан – жануар, адам денесінде ас
қорытуға қатысатын ішек – қарын сөлінде негізгі ферменттер.
Гидролиз процесінің орналасуына қарай клетка ішіндегі және клеткадан
тысқары жердегі ас қорыту болып екіге бөлінеді.
Клетка ішіндегі ас қорытуда фагоцитоз, пиноцитоз арқылы клеткаға өтетін
қоректік заттар лизосомалық ферменттердің қатысуымен гидролизге ұшырайды.
Мәселен, лейкоциттер мен лимфоциттерде ретикулациттер және гистиоциттер
жүйесінде ас осылай қорытылады.
Клеткадан тыс жерде ас қорыту дистанттық ( қуыстық ) және контакттық (
мембраналық ) ас қорыту болып екіге бөлінеді. Дистанттық ас қорыту
ферменттер түзілетін клеткалардан оқшау жерде, ішек – қарын түтігінде
өтеді, ал контакттық ас қорыту дегеніміз ішек түтігінің ішкі бетінде,
онымен жанасқан эпителий клеткаларында гликокаликстегі ферменттердің
әсерінен болатын гидролиз. Қуыстық гидролиз кезінде пайда болған өнімдер
гликокаликс қабатынан өтіп, мембрана бетінде бірнеше мономерлерге айналады
да, ішек эпителиі бетіндегі микротүктер арасында орналасқан микроканалдар
арқылы ішек клеткаларына өтеді. Сөйтіп сіңу процесі басталады.
Ас қорыту жүйесі ауыз қуысындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он
екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан тұрады.
Ас қорыту жүйесінің қызметі (функциялары):
1. Сөл шығару (секреция) функциясы. Оны ас қорыту, сілекей, ішек – қарын
бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік
заттарды ыдырататын ферменттер (гидралазалар) болады. Олар үш топтан атап
айтқанда, протеаза карбогидролазадан тұрады.
Протеаза ферменті белоктарды пептид және амин қышқылдары сатыларына,
липаза — әрбір май түрін май қышқылдары мен глицерид, ал карбогидраза —
полисахаридтерді - ( крахмал, гликоген ) моносахаридтерге дейін
ыдыратады.
2. Қимыл ( жиырылу – жазылу ) функциясын бірыңғай салалы еттер
орындайды.
Жоғарыда аталған ас қорыту жүйесі құрамына кіретін ағзалар бірімен бірі
жалғасып (түйісіп) ұзыннан ұзын созылып, жоғарыдан төмен қарай тартылған
ішек – қарын түтігін құрады. Өңеш, қарын, ішектер қабырғасының ортаңғы
қабаты бірыңғай салалы еттерден тұрады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді
және бойлай тартылған екі түрлі талшықтан құралған. Ас қорыту жолының бір
бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде салалы ет талшықтары сақина
тәрізденіп топталып, сфинктер еттерін құрады. Өңеш, ішек – қарынның қимылы
(моторикасы) осы еттердің біресе тартылып, біресе жазылып алма – кезек
қимылға келуіне байланысты. Сақина тәрізді ет талшықтары жиырылса, өңеш,
ішек – қарын түтігі (каналы) тарылып, ұзарады, ал ұзына бойы орналасқан ет
талшықтары жиырылса түтік кеңейіп, қысқарады. Бұл қимылдар ас кесегінің
ішек – қарын сөліне шыланып, ондағы ферменттер әсерімен ыдырауға, бұдан
пайда болған өнімдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек – қарын
біресе жиырылып, біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды
(перистальтика), мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ
ішекке қарай жылжиды, қорытылмаған, бойға сіңбеген заттар ысырылып, артқы
тесікке жақындай түседі, сөйтіп қажетсіз заттар біртіндеп сыртқа
шығарылып тасталады.
3. Қоректік заттарды сіңіру функциясы. Ішек – қарын түтігінде болады.
Адамға қажет қоректік заттар әбден ыдырап қарапайым қосындыларға айналады
да, түтік қабырғасындағы биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе
лимфаға сіңеді. Сіңу ішектің әр бөлігінде әртүрлі. Аш ішекте ас қорыту
процесі аяқталады. Ас ішекте ұзақ кідіріп, сіңу сатысына жетеді, оның
шырышты қабығы сіңіруге бейімделген ағза ретінде қызмет жасайды. Жалпы
алғанда қоректік заттар (ыдырау өнімдері) негізінен ащы ішекте сіңеді.

4. Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару функциясы
(экскреция).Қорытылмай қалған ас қалдықтары, ас қорыту барысында қанға,
лимфаға сіңіп үлгірмеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен
заттар (несеп қышқылы, мочевина, дәрі -дәрмек, басы артық тұздар, су), өт
құрамындағы заттар нәжіске ілесіп сыртқа шығады. Кейбір заттар қанда
көбейіп кетсе бөлініп, ас қорыту түтігіне шығады, демек, ас қорыту жүйесі
қандағы қоректік заттар мөлшерін реттеп отырады, сөйтіп, денеде жалпы
гомеостаз деңгейін сақтауға да қатысады.

5. Эндокриндік функция. Ішек – қарынның кілегейлі қабығында әсіресе қарын
пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі.
Олар қанға енеді де, алдымен ас қорыту процесін зат алмасу, өсіп - өну,
есею процестерін реттеп, басқарып отырады. Қарын мен ішекте түзілетін
мұндай гормондар гастроинтестинальдық гормондар деп аталады. Қазіргі кезде
ішек – қарын шырышты қабығынан шамамен осындай 25 гормон бөлініп
шығатыны анықталды. Олардың көбі пептидтер, ал бір қатары (гастрин,
секретин, панкиреозимин — холецистокинин, энтерокинин, гастрон т. б. )
ежелден белгілі. Сонымен, ішек – қарын гастроинтестинальдық гормондары:
а) ас қорыту бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтіп, қоректік заттардың
қорытылуын үдетеді; ә) арэнтерин деп аталатын гормон жасөспірім
денесінде ассимиляция (түзілу) процесін күшейтеді, сөйтіп, өсу, есею
қарқынын үдетеді, адамның тәбетін жақсартады, диэнтерин гормоны зат алмасу
қарқынын реттейді; б) түрлі ағзаларда қан айналысын қалпына келтіріп,
биологиялық мембраналардың өткізгіштік дәрежесін реттеп отырады, сөйтіп
трофикалық (қоректік) әсер етеді. Осыған орай ас қорыту бездерінде
гландулоциттер саны да көбеюі мүмкін.

Кейбір ішек гормондары (гастрин, секретин, ВИП, бомбезин) орталық
жүйке жүйесінде де кездеседі, сондай – ақ онда түзілетін пептидтердің
(соматостатин, энкефалин, эндорфин, Р – заты ) көпшілігі ішек гормондары
қатарына жатады. Әзірше бұлардың қай жерде қандай роль атқаратыны толық
зерттеліп біткен жоқ. Алайда ғалымдар арасында пептидтердің көпшілігі —
медиатор деген пікір бар. Демек, ішек – қарын қабырғасында адренергиялық
және холинергиялық жүйкелермен қатар пептидергиялық жүйкелер де бар деуге
болады.

Ас қорытуды зерттеу әдістері

Физиология ғылымының дамуында түрлі функцияларды зерттеу, осыған лайық
әдістер іздеу үлкен роль атқарады. Кезінде талдау (анализдік) физиологиясы
әдістерінің бірі —вивисекция әдісі кеңінен қолданылған. Мұның нәтижесінде
қан айналысы физиологиясы тарапында құнды материалдар жиналды, бірақ бұл
әдіс ас қорыту физиологиясын зерттеуге жарамайтыны байқалды. Мәселен,
лабораториялық жануарды наркоз беріп ұйықтатып, оның ас қорыту безіне түтік
қойып бірнеше тамшы сөл алуға болады, сондай – ақ ішек – қарынды жарып
жіберіп, ас қортпаған, ішек – қарын сөлін алу да қиын емес. Бірақ мұндай
сөл таза емес, ас қорыту процесі жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік бермейді.
Ас қорыту ағзаларының аурулары өте жиі кездеседі. Көптеген зерттеушілер
адамның ішек – қарынынан таза сөл алып, оның ас қорытудағы мәнін білуді
арман етті. Мысалы, Рюмер адамның қарын сөлін зерттеу үшін бір кесек
губканы жіпке байлап зерттелетін адамға жұтқызды, біраздан кейін губканы
жіппен тартып сыртқа шығарып, оның сығындысын (алынған сөлді) зерттеді.
Канада дәрігері Боумон 8 жыл бойы ішінен жараланған мергеннің қарын қуысын
түтік (фистула) арқылы терімен жалғастырып, жиналған қарын сөлінің құрамын
зерттеп, ол туралы тұңғыш рет мәлімет алды.
1842 жылы Москва университетінің профессоры Басов итке операция жасап,
оның қарнына қойылған фистула арқылы ас қойыртпағы араласқан қарын сөлін
жинап, оны зерттеді. Бұл операцияны өте жоғары бағалаған И. П. Павлов кейін
итке эзофаготомия (өңешті кесіп, оның екі ұшын сыртқа шығару) операциясын
жасап, жалған тамақтандыру әдісін ұсынды. Таза қарын сөлін жинап, оның
құрамын анықтады, бұл сөлдің адам қарнының сөлінен айырмашылығы жоқ екенін
дәлелдеді.
Сонымен ас қорыту жүйесінің қызметін (функцияларын) зерттеуде бірден бір
тиімді әдіс — И. П. Павлов ұсынған фистула қою. Фистула қою әдісі ас қорыту
физиологиясын жаңаша дамытуға жол ашып, бұл тарапындағы әйгілі еңбектері
үшін И. П. Павловқа Нобель сыйлығы берілді.
Фистула дегеніміз белгілі бір ағзаның қуысын немесе бездің түтігін сыртқы
ортамен байланыстырып тұратын өзек. Фистула салу үшін белгілі бір жануар
түріне, (айталық, итке) наркоз беріп, антисептика және асептика талаптарына
сәйкес операция жасап, ағза қуысын немесе без түтігінің ұшын сыртқа шығарып
тігіп қояды. Осы мақсатпен кейде арнайы фистула түтігі қолданылады.
Физиологиялық тәжірибе жасау үшін, ит тек жарасы жазылған соң
пайдаланылады. Фистула қою әдісі иттің қоректеніп жатқан кезде қарын сөлін
таза күйінде жинауға, сөл құрамының тағам түріне қарай қалай және
қаншалықты өзгертетінін білуге мүмкіндік береді. Фистула қойылған итті
(жануарды) бір рет емес, ұзақ уақыт, мәселен, айлар бойы пайдалана
отырып, ас қорыту ағзаларының сөл шығару қабілетін, жиырылу – жазылу
қасиетін, ас сіңіру дәрежесін бірден бір дәл анықтауға болады.
Мәселен, И. П. Павлов лабораториясында ас қорыту жолының әрбір
бөлімін тексеру үшін әртүрлі операциялар ұсынылды. Астың ауызда қалай
қорытылатынын зерттеу үшін белгілі бір сілекей безі түтігінің бір ұшы
сыртқа шығарылды. Қарын сөлін жинап алып зерттеу үшін Басов әдісімен иттің
қарнына фистула қойылады да оның өңешінің екі ұшы сыртқа шығарылады (
эзофаготомия — жалған тамақтандыру тәжірибесі ). Иттің үлкен
қарынынан кіші қарынды бөліп алады да, Гейденгаин, Павлов әдістерімен
кіші қарын сөлін жинап алады. Үйқы безінің сөлін, сондай – ақ өт шығару
процесін зерттеу үшін сол бездің өт түтігінің 12 елі ішекке ашылған
жерінен айнала ішек қабырғасын тіліп жібереді де, 12 елі ішектің кіші
бөлігі мен түтүк аузын сыртқа шығарады. Өт түзілуін зерттеу үшін фистула
түтігін өт қабымен жалғастырады. Аш ішек қызметі Тири — Велла
фистуласы арқылы зерттеледі.

Ауыздағы ас қорытылу

Ас қорыту аузыдан басталады. Ауызға келіп түскен тағам мұнда 15 — 30
секундтей кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам ( ас кесегі) шайналып,
ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, астың дәмі физикалық қасиеттері
туралы мағлұмат алынады. Көмірсулы заттар (көмірсулар) ыдырай бастайды.
Ұсатылған ас кесегі сілекейге шыланып, шырышпен қапталып тілдің түбіріне
қарай жылжиды да жүтқыншаққа жетіп жұтылады.
Ауыз ішінде (шырышты қабығында) ас кесегінің ыстық – суықтығын, жұмсақ -
қаттылығын сезетін рецепторлармен қатар дәм рецепторлары бар. Осыған орай
ауыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Асқазанның және ішектің секреторлы, моторлы, эвакуаторлы қызметін реттеу. Балалардағы ерекшеліктері
Ішек инфекциясы
Ас қорыту
Жалпы фармакология
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Шартты рефлекстер қалыптастыру механизмінде қазіргі кездегі көзқарастар
Асқорыту жүйесінің қызметі
Асқорыту - өте күрделі үрдіс
Ащы ішектегі ас қорытылу үрдісі
Пәндер