Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың заңдық тәртібі



1. Ата.анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
орналастырудың заңдық тәртібі
2. Ата.анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу
нысаны
Деректер мен дәлелдемелерге сүйенетін болсақ, елімізде әр жыл сайын 30 (отыз) мыңдай отбасы ажырасады екен. Соның салдарынан 100 (жүз) мыңның үстінде бейкүнә сәби тірі жетімдердің қатарына қосылуда.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру «Неке және отбасы» туралы Заңының 13-тарауында, 100-бабында: «Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау», 101-бабы: «Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу», 102-бабы: «Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру» құқықтық қатынастарымен реттеледі.
Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы» туралы Заңының 101-бабына сәйкес «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алуды» білім беру, жалпы білім беру, емдеу және басқа да мекемелердің лауазымды жауапты тұлғалары және өзге де азаматтар осындай балалар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерін хабарлауға міндетті [6].
Сонымен қатар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердің басшылары баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін екендігі белгілі болған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде бұл туралы мекеменің орналасқан жері бойынша қорғаншы немесе қамқоршы органына хабарласуға міндетті.
Ал, өз кезегінде қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәліметтер алған күннен бастап үш күн ішінде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жасап, ата-аналарының немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендігі фактісі анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
1. Қасымбеков Е. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандардың құқықтықтарының қорғалуының мақсаттары //Заң газеті, №132 (1754) қыркүйек 2010, (4-б).
2. Омар Т. Балаға қамқоршы болуға кім лайық? //Заң газеті, № 184 (1806), 10 желтоқсан, 2010.
3. Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы» туралы Заңы. - Алматы: Заң әдебиеті, 17.12.1998.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
орналастырудың заңдық тәртібі
2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу
нысаны

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу нысаны
Деректер мен дәлелдемелерге сүйенетін болсақ, елімізде әр жыл сайын 30
(отыз) мыңдай отбасы ажырасады екен. Соның салдарынан 100 (жүз) мыңның
үстінде бейкүнә сәби тірі жетімдердің қатарына қосылуда.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру
Неке және отбасы туралы Заңының 13-тарауында, 100-бабында: Ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін
қорғау, 101-бабы: Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау
және есепке алу, 102-бабы: Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды
орналастыру құқықтық қатынастарымен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы Заңының 101-бабына
сәйкес Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке
алуды білім беру, жалпы білім беру, емдеу және басқа да мекемелердің
лауазымды жауапты тұлғалары және өзге де азаматтар осындай балалар туралы
қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерін хабарлауға
міндетті [6].
Сонымен қатар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын
тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердің басшылары баланы отбасы тәрбиесіне
беру мүмкін екендігі белгілі болған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде
бұл туралы мекеменің орналасқан жері бойынша қорғаншы немесе қамқоршы
органына хабарласуға міндетті.
Ал, өз кезегінде қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәліметтер алған
күннен бастап үш күн ішінде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жасап, ата-
аналарының немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендігі фактісі
анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның
құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Қорғаншы және қамқоршы органы осындай мәліметтер келіп түскен кезден
бастап, бір ай мерзім ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Егер, баланы отбасы тәрбиесіне беруге мүмкіндік болмаған кезде,
орталықтандырылған есепке алу үшін және кейінгі жағдайында баланы ҚР
аумағында тұрақты тұратын отбасының тәрбиесіне беру үшін ақпаратты
әкімшілік-аумақтық бөліністің білім беру басқармасының органына жібереді.
Осындай балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру тәртібін
Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеп отырады.
Кәмелетке толмаған балалардың түрлі себептерге байланысты ата-анасының
қамқорлығынсыз қалуы мүмкін:
1. Ата-анасының баладан бас тартуының;
2. Өзінің ата-аналық жауапкершілігін орындамауының;
3. Ауыр науқастануына немесе ұзақ уақыт бойы ата-анасының баламен бірге
болмауынан;
4. Ата-анасының бас бостандығынан шектелуіне байланысты соттылығы;
5. Ата-аналық құқығынан айырылуы;
6. Ата-анасының қайтыс болуынан;
7. Перзентханадан және сол сияқты заңды мекемелерден балаларын алудан бас
тартуына себеп болып жатады.
Елдегі тұрақсыздықтар, атап айтқанда: Аппакриттердің (ешқандай тұрақты
тұратын, тіркелген жері, азаматтығы жоқ адамдар) салдарынан, жастар
арасында қылмыстың өсуінен, ата-аналардың құқықтары мен міндеттеріне ат
үсті қарауынан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тағдыры қатты
алаңдатып отыр. Сонымен бірге, дер кезінде мұндай жағдайдың алдын-алу, ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау қазіргі кездің өзекті
мәселе болып тұр.
Осы орайда, айта кететін жәйт, Ресей Федерациясы отбасы кодексіне еліміздің
Неке және отбасы туралы Заңы сәйкестендіріліп заңдастырылғанын атап өтуге
болады. Яғни, балалардың ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандығы
расталғаннан кейінгі, оларды орналастыру процедурасының (тәртібінің)
біркелкілігін салыстырмалы түрде айтуға болады. Оған, Ресей Федерациясының
отбасы кодексінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәліметі
Мемлекеттік банк базасы бойынша, Қорғаншылық және қамқоршылық
Федеральды заңдарымен реттеліп отыратынын атап өту қажет. Осындай балаларды
анықтау және орналастыру қорғаншы және қамқоршы органдарына жүктеледі.
Оларға атқарушы органдарын жатқызамыз. Ал, қорғаншы және қамқоршы
органдарына Ресейдің жергілікті өзін-өзі басқарушы органдары жатады.
Балаларды отбасына орналастырудың принциптеріне, ата-ананың, отбасының
қамқорлығы жатады. Сонымен қатар балаларды орналастыруда, тәрбиелеуде,
оларды асырап алуға беруді жүзеге асырушы тек ғана қорғаншы, қамқоршы
органдары болып табылады. Мұндай іс-әрекеттерді тек қорғаншы, қамқоршы
органдары жүзеге асырады, басқадай құқық қорғау органдарына заңмен жол
берілмейді.
Заңдылықта арнайы әкімшілік процедурасы бойынша ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтаудың, орналастырудың негізгі жолы
қарастырылады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арнайы тіркеуге
алынуды талап етеді. Атап айтқанда, Ресей Федерациясындағы ата-анасының
қамқорлығынан айырылған балалардың банк базасын мысалға келтіруімізге
болады. Оның мақсаты - балаға ең қолайлы әрі үлгілі отбасына орналастыру
мақсатына қарай, бала жайында толық мәліметтер жинақталады. Сонымен бірге,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бірнеше сатылардан
тұрады.
Бірінші сатыда, қорғаншылық және қамқоршылық органдарына ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар жөнінде хабардың келіп түсуімен анықталады.
Ресей Федерациясы Отбасы кодексінің 122-бабында (емдеу, жалпы білім беру,
мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесіндегі қызметкер мамандардың дер
кезінде хабарласуы) лауазымды қызметкерлердің уақтысында хабарлама жасауын
айтамыз. Көбінесе осындай жағдайда ата-анасының қамқорлығынан мүлдем
айырылғандарды дер кезінде анықтау, орналастыру жүргізіледі. Сонымен бірге,
алдын ала анықтау және медициналық көмек көрсету мекемелерінде
жасөспірімдерге психологиялық жәрдем беру кезінде кездесіп отырады. Айта
кететін жайт қамқоршы және қорғаншы органдарының ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар жайында тек мәлімет беруімен шектеліп
отырады. Сондықтан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтаған
кезде оларды ең алдымен уақытша болса да қауіпсіз жерге орналастыру қажет
деп санаймын.
Ресей Федерациясының қорғаншы және қамқоршы органдарының ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудағы мерзіміне тоқтала кетсек.
Олар да үш күннің ішінде қорғансыз қалған балалар жөнінде хабар алған
сәттен, балаларды уақытша тиісті туыстарына орналастыруды қамтамасыз етеді.
Яғни, осылай орналастыру баланың психологиясына кері әсер етпеуіне оңтайлы
әсер етеді. Егер, туыстары табылмаған немесе жоқ болған жағдайда баланы
балалар үйіне, сол сияқты құзырлы атқарушылық мекемелерге орналастыруды
қамтамасыз етеді.
Тиісті құзырлы мекеменің басшылары, медициналық, әлеуметтік, сол
секілді еншілес мекемелердің қызметкерлері жеті күндік мерзім ішінде
қамқоршы, қорғаншы органдарына ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
белгілі бір отбасының тәрбиесіне беріп жатқандығын хабарлауы міндетті. Ата-
анасының қарауынсыз қалған балалар жөнінде ең алғашқы мәліметтерді жинақтау
немесе ақпарат беріп отыру, балаларды емдеу, тәрбиелеу мекемелерінің
басшыларына жүктеледі. Олар да тәртіпке сай жүреді, баланың қандай
жағдайларда басқа отбасына берілетіндігі белгілі болады. Мысалы, ата-
анасының қайтыс болуы, баладан бас тартуы не ата-аналық құқықтан айырылуы
және тағы сол сияқты жағдайлар бойынша қарастырамыз. Осындай балалар
жөнінде жеті күн мерзімде қамқоршы, қорғаншы органдарына, тиісті балалар
үйінің басшылары тарапынан баланы басқа отбасының тәрбиесіне берілуі
жөнінде хабар жеткізілуі тиіс. Анықтау шарасына қысқа мерзімнің берілуі,
баланы балалар үйінің басшылары жалған отбасын жасап, өз қызметкерлері
арқылы бала (қыз) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудің құқықтық мәселелері
Ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың орналастыру институтын құқықтық реттеу
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу
Бала асырап алудың құқықтық сипаты
Баланың туу туралы куәлігі
“Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау аясындағы заңнамалардың орындалуы туралы”
«Жетім балалар туралы» арнайы заң керек
Отбасы құқығы пәні
Баланы қамқорлыққа алудың маңызы
Қазақстанда баланы асырап алудың құқықтық жолдары
Пәндер