Адам құқығы туралы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Адам құқығы өзінің әлеуметтік, ұлттық және азаматтық құрамына қарамастан көптеген мемлекеттердің қазіргі кезеңдегі конституцияларының ірге тасын қалады, яғни бекітіліп, кепілдік алып, мемлекет тарапынан қорғалатын жағдайларға ие болды. Мемлекеттердің басым көпшілігінің адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойынауы қазіргі қоғамдық қозғалыс (социоцентристіктен антроцентристікке) бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Адам құқығы қазіргі кезеңдегі жаһандық мәселелердің бел ортасында тұр, кез келген жаһандық мәселе адам құқығы нысанында болады немесе адам құқығы оның мақсаты және әрекет ету объектісіне айналады.

Сондықтан адам құқығы жалпы алғанда мемлекеттен жоғары тұратын институт сипатында бекітілді. Бұған әлемдік қауымдастықтың қалыптасуы және көптеген мемлекеттердің БҰҰ шеңберінде қабылданған адам құқығының халықаралық стандарттарын мойындаулары куә болып отыр.

Адам құқығы мен бостандықтары әлеуметтік практика мен саяси ойлаудағы көзқарастар мен бағыттардың маңызды басымдылығының бірі болып табылуы қажет.

Әлемдік көлемде таралып жатқан саяси процесстер («әлемдік социалистік жүйенің» құлдырауы, ядролық соғыс қаупі, жаңа әлемдік тәртіптің орнауы, жаһандану) әлемдік саясаттың жаһандық сипатын, оның жекелеген адам тағдырына, өміріне, құқығы мен бостандығына әсерінің зор екенін көрсетіп отыр. Әлемдік жаңа саяси нақты жағдайларға сәйкес адам құқығы мен бостандығын барынша толығырақ жүзеге асыру мәселесі өзекті мәселелердің біріне айналуда. Күштеу мен наша сату, халықаралық терроризм, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстар және т. б. қауіптер жекелеген

адамның саяси мәртебесіне нұқсан келтіру жағдайларына орын берді, яғни әлемдік саясат көлемінде адам құқығына қатысты немқұрайлы қатынастарға жиі жол берілді.

Қоғамдық өмірдегі жаңа құбылыстар мен ағымдардың пайда болуы адам құқықтары мен бостандықтарының үздіксіз дамуына, адам құқықтары мен бостандықтарының мазмұнын кеңейтуге ықпал етеді. Ғылыми - техникалық прогресс нәтижесінде пайда болған мәселелер, соның ішінде биология мен генетика, жаһандық ақпараттану, экология және биоресурстар жекелеген адамның мүддесін білдіретін саяси шешімдер қабылдауды талап етеді. Адам құқықтары мен бостандықтар аясының, мазмұнының, жүзеге асырылу мүмкіндіктерінің кеңеюі осы бағыттағы мемлекеттік сяасаттың жүзеге асырылуын қажет етеді. Сондықтан адам құқығы көзқарастары, әлемдік саясаттың және халықаралық әрекеттер мен әлемдегі көптеген мемлекеттердің сыртқы саясатының басты бір реттеуші күші бола отыра әлемдегі құқықтық, саяси, адамгершілік және әлеуметтік жаңа көзқарасын қалыптастыруды талап етеді. Адам құқығы мен бостандығы мәселесі аталмыш саладағы ахуалдардың щиеленісуіне байланысты ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде әлеуметтік практиканың барлығында ерекше маңызға ие болады.

Адам құқығы мен бостандығы көпқырлы, күрделі құбылыс ретінде қоғамдық санада жан - жақты жоспарлы түрде бейнеленеді. Әр түрлі әлемдік көзқарастарға, әдістемелік тәсілдер мен саяси ұстанымдарға негізделген адам құқығы мен бостандығын елестету қоғамдағы адам құқығы туралы ұғымдар нысандарының жиынтығын береді. Адам бостандықтары, оның құқықтары мен міндеттері әрбір тарихи кезеңге сәйкес өзіндік сипатқа ие болып отырды. Қазіргі кезеңдегі адам құқығы біртіндеп қалыптасты: алдыменен құқықтар мен бостандықтар, содан кейін пайда болған жаңа құқықтар (эволюциялық және революциялық жолдармен) қоғам тарапынан танылды.

АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ

Адам құқығы - адам дамуының барлық кезеңдерінде ең маңызды, адамзатты толғандырған басты мәселелердің бірі болып келді. Саяси, құқықтық, философиялық, діни және этикалық ойлардың барлығы адам құқығының мәселесіне келіп тіреледі. Өмір сүру құқығы, жеке басқа, қадір қасиетке қол сұғылмаушылық, ар намыс және сенім еркіндігі адам өмірінің маңызды шарттары болып табылғандықтан адам құқығының мәселесі әр түрлі соғыстардың, көтерілістердің және қозғалыстардың себепкері болды. .

Адамзат тарихының әр дәуірі адам құқығы мен бостандығын өз дәуіріне сәйкес анықтап, оның мәні мен мағынасына өзіндік ерекшеліктерін енгізді.

Жаңа дәуір азаматтары өз құқықтары үшін күресіп, құқықтары мен бостандықтарын кеңейте түсті. Мысалы, антикалық құл алғашқы қоғам адамдарына қарағанда еркінірек болса, ортағасырлық шаруа антикалық құлға қарағанда еркінірек болды, т. с. с.

Еңбектің бөлінуі, өндірістің ұлғаюы, жеке меншіктің пайда болуы жеке меншікті қорғауға бағытталған нормалардың пайда болуына әсерін тигізді. Аталмыш құқықтық нормалар бостандықтағы адамдарға бағытталған төменгі деңгейдегі нормаларды қамтыды, ал құлдар бұл қатардан шығарылып тасталды. Осы дәуірде (б. з. д. ХХІVғ) «бостандық» ұғымы қалыптасты, бірақ бұл бостандық монарх Шумердің жесірлер, жетімдер, қызметшілерінің билікке таласу барысындағы әділетсіз әрекеттеріне санкция тағайындау арқылы келді.

АНТИКАЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Адам құқығы туралы ой - пікірлер құл иеленушілік қоғамда қалыптасты. Б. з. д V - ІVғ. ғ Афинада азаматтық принцип пайда болды, яғни полисте құқықты иелену талабының бірі азаматтық болды. Азамат деп - Афина азаматы немесе азаматшасынан туылған адам танылды. Кәмелетке толған (20 жас) афиналық еркек афины мемлекетінің жоғары органы Халық жиналысының жұмысына белсенді қатысуға құқылы болды. Азаматтардың құқығын ежелгі грек демократиясы Халық жиналысында еркін сөз алу, сот ісіне араласу құқығы (азамат жеребе арқылы азаматтық және қылмыстық істерге қатыса алды), басқару шеніне құқығы (30 жастан бастап), жеке меншік құқығы, келісім шартқа отыру, жеке басын қорғау және қол сұқпаушылық және т. б. танылды. Азаматтардың құқығы мен бостандық институты және оны қолдану нәтижелері аталмыш пікірлерден алшақ болды.

Құлдардың қаналуы, азаматтығы жоқтар құқықтарының аяққа тапталуы күнделікті дағдыға айналды. Жалпы алғанда, Афинада қалыптасқан

азаматтардың құқығы адам құқығының әлемдік құндылығына енді.

Ерікті адам құқығын дамыту эстафетасын жаңашылдық пен алдыға қарай даму барысында ерекшелігімен көзге түскен ежелгі рим республикасы жалғастырды. Рим азаматының мәртебесі оның қоғамдық қатынастың барлық жүйесінде толық құқылығымен көзге түсті. Өзінің саласына меншік құқығы, некеге тұру құқығы, сөз бостандығы, еркін жүріп тұру құқығы және лауазымды тұлғаларға шағымдану құқығы т. б. құқықтарды қамтуымен сипатталатын Рим азаматының жеке құқығы өз аясының кеңдігімен ерекшеленді.

ФЕОДАЛИЗМ ДӘУІРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Еуропада феодализм жеке тұлғалар топтарын қамти отыра әлеуметтік - экономикалық жүйе ретінде дамыды.

Топтар (патрицилер, феодалдық сеньор, дворян өкілдері) құқықтарының көлемі қоғамдық жағдайға байланысты анықталды. Аталмыш кезеңде адамдар кез келген топтың өкілі ретінде қалыптасып, дамыды.

Адамдардың құқықтары мен міндеттері көбінесе өзі жататын топтың құқықтары мен міндеттеріне сәйкес келеді. Құқық белгілі бір топқа тән пайда болып, қалыптасқан еркіндік пен күш ретінде қарастырылды. Жеке адамдардың құқықтары аз болды. Қоғамның әрі қарай дамуы еркін тұлғалардың қалыптасуын талап етті.

Сауданың дамуы, қалалардың кеңеюі, ұлт - мемлекеттердің қалыптасуы, кітап шығару кәсіпорындарының пайда болуы, жаңа кезең, осылардың барлығы қайта өрлеу кезеңінің пайда болғанын көрсетті. Аталмыш кезең адам өмірінің зияткерлік жағдайының қайта өрлеуін білдірді. Адамдардың қай топта дүниеге келгеніне қарамастан тұлғаның сапалық жағдайы бағалана бастады.

Бұл прорцесс ең алғаш Англияда байқалды. Монарх пен барондардың қарсылық көрсетуі себебінен туындаған жағдай Ұлы Хартияға 1215 жылы қол қойылуымен аяқталды. Құқық пен еркіндіктің субъектісі ретінде «еркін адам» санаты қалыптасты. Хартия барондарының дәстүрлі құқықтарына кепілдік берілді. Бұл жерде мемлекеттік биліктің заңға сүйену керектігі айтылды, негізгі заңдар мемлекеттің күшімен алынып тасталынбайтын болды, керісінше мемлекеттік билік пен бағынушылар арасындағы келісім шарт негізінде жүзеге асырылатын болды.

Ұлы Хартия корольдік билікті әлсіретіп, бағынушылар жасаған құқық принципін жүзеге асырды. Бірақ, Хартия басқа топ өкілдерінің феодалдық жоғарғы тап өкілдеріне жатуы сияқты кейбір құқықтарына кепілдік берді.

Хартия адамдардың құқықтары мен еркіндіктерін шектейтін белгілі бір нормалардың бастамасын жасады, яғни король шенеуліктері билігін, судьялардың, шерифтердің және т. б. құқықтарын шектейтін баптар енгізілді.

ФРАНЦУЗ АҒАРТУШЫЛАРЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ

Адам құқығының қазіргі кезеңде даму идеясының негізін құрайтын қағидаттар мен талаптар ХVІІІ ғасырда француз ағартушылары Монтеське, Дидро, Вольтер, Гольбах, Гельвеция, Руссо еңбектерінен жарқын көрініс тапты. Оларға бостандық, тең құқылық, жеке меншік, биліктің қауіпсіздігі ұғымдары, «заңмен тиым салынбағанның бәріне рұқсат ету», биліктің бөліну қағидаты, кінәсіздік презумпциясы жатады.

ХVІІІ ғасырда француз ағартушыларының пікірінше, либерализм теориясымен қамтылған, қабылданған заңдар бәрінен бұрын адам құқығын бекітілуіне сай келуі тиіс болды. Бұл жаңа бостандық түрі - саяси бостандықтың қалыптасқанын білдіреді. Ағартушылар саяси бостандықты алдыменен меншік құқығы, жеке бостандық тобы - баспасөз бостандығы идеясы, ұждан бостандығы деп есептеді. Саяси бостандық либеральды- демократиялық көзқарастың жақтаушысы Ш. Монтескьенің пікірінше, заң рұқсат еткен әрекетті жасау бостандығы болды. Саяси бостандық идеясы азаматтық қауіпсіздігін бекітетін азаматтық бостандық идеясымен тығыз байланыста дамиды. Саяси бостандық мемлекеттік құрылым және жеке тұлғаға қатысты екі жағдайда шынайы болады. Саяси бостандықтың мемлекеттік құрылымға қатынасы биліктің бөліну қағидатының құқықтық бекітілуі мен азаматтық құқық пен бостандықты институционалды - ұжымдық қамтамасыз ету нысаны және тұлға қауіпсіздігі сипатында көрінеді. Азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып Монтеськенің пікірінше, сапалы қылмыстық заң мен сот өндірісі (әділ соттылық) табылады.

Француз ағартушылары мемлекеттілікке дейінгі табиғи идеяны толықтырып, адам құқығын қорғау мақсатында қоғамдық келісімді мемлекеттің құрылу әдісі ретінде алып қарастырады. Адам құқығының басымдылығы мемлекет және оның шығарған заңдар басымдылығының алдында бекітілді.

Француз ағартушыларының еңбектеріндегі маңызды табысқа жетуі биліктің үш тармаққа бөліну қағидаты: заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін конституциялық мемлекеттің міндетті шарты деп тануынан көрінді. Ш. Л. Монтеське 1748 жылы «О духе законов» еңбегінде биліктің бөліну қағидатын: заң шығару, атқару және сот билігі тармақтарының өзара құзыреттерін анық түсіндірген.

Адам және азамат құқығының ажырамастығы идеясының даму қажеттілігі туралы қоғамдық пікірдің бекітілуі мен нығаюы ағартушылық кезеңнің басты жетістігі болып табылады. Ағартушылар өз уақытында адам мен азамат құқықтары туралы көзқарастарды қалыптастырды. Ағартушылар идеясы 1789 жылы атақты Азамат және адам құқықтары Декларациясын құрастырудың қайнар көзіне айналды. Декларация мәтініне сәйкес азаматтардың барлық табиғи құқықтары, құқықтарды пайдалануды қамтамасыз ету аясы тек заң арқылы ғана анықталатын болды. Декларацияда сондай - ақ маңызды сөз бостандығы мен қорғанушыға деген құқық, жеке қауіпсіздік құқығы, кінәсіздік презумпциясы, меншік құқығы адамның табиғи құқықтары ретінде көрініс тапты және олар жалпы адам құқықтары Декларациясы және басқа да адам құқықтары туралы маңызды актілердің мазмұнына айналды.

АҚШ ҚҰРЫЛУЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

Америкалықтар алғашында «адам құқығы туралы» сөз қозғаған жоқ, бірақ өздері жоғары бағалаған бостандық туралы айтты. Көптеген отаршылдар жаңа әлемге, дінге бостандық іздеу үшін аттанды. ХVІІ ғасырда Еуропада сөз бостандығы, өзін - өзі басқару болмады. Бірақ америкалық отаршылдар Ұлыбританиямен байланыстырып тұрған саяси байланысты үзу уақыты келгенде оларда дәстүр мен заңдылық жүйесінің құрылып, діни сенім бостандығын тану, сөз бостандығы, жиналыс бостандығы, сотқа қатысу құқығы қалыптасқанда жүзеге асады деп тұжырымдайды. Дәл осы бостандықты шектеу Америкада Ұлыбританиядан тәуелсіздікті алу үшін Америкада бой көтерген революциялық қозғалысқа әкеп соқты.

1776 жылы алғаш рет адам құқығына мемлекеттік анықтама берген Вирджиния құқықтары Декларациясы құрастырылды, онда «Барлық адамдар табиғаты бойынша тең дәрежеде еркін және тәуелсіз, сондай - ақ туғаннан белгілі құқықтарға ие . . . , нақты: өмір сүру құқығы және меншікке билік ету, бақытқа ұмтылу құқығы және қауіпсіздікпен отанға ие болу» деп көрсетілді.

Вирджиния құқығы Декларациясының даму идеясы 1776 жылы Тәуелсіздік Декларациясынан бастау алды, бұл отаршылдардың британ құдіреттілігіне қарсы күрестің соңғы сатысын бейнеледі. Отарлардың егемендігі, олардың британ тағынан тәуелсіздігі жарияланды. Басқару нысанына қарамастан әрбір мемлекетте танылған мемлекеттің егемендігін білдіретін билік болуы тиіс болды.

1775 жылыдың мамыр айында Филадельфияда екінші құрылықтық конгресс ашылды. 1776 жылы 4-шілдеде Конгресс тәуелсіздік Декларациясын қабылдады, декларация отарлық езгіге қарсы тұрып, «адамның ажырамас құқықтары» - өмір, бостандық, бақытқа ұмтылу және Америка Құрама Штаттарының біріктірілуі, «еркін және тәуелсіз мемлекет» деп жариялады. 1776 жылы Вирджиния құқығы туралы Декларация конституциялық сипаттағы тұңғыш құжат ретінде адам құқығына мемлекеттік анықтама берді. Құжатта «барлық адамдар тең және анықталған ажырағысыз құқықтарға ие, ол адамдар құқығын қамтамасыз етуді мемлекет басқару құзыретімен келісе отырып бекітеді» деп жазылды. Декларация авторы Томас Джефферсон (1743 - 1826 ж. ж) болды. Джефферсонның пікірінше мемлекет ішкі қауіпсіздікті және елдің ішкі бейбітшілігін қамтамасыз ету үшін «күшті» болуы керек, сонымен бірге тұлға бостандығы, жеке бастаманы шектеу және еркін бәсекелестікке «әлсіздікке» қатысты болады. Халықтың үстемдігі және теңдігі қағидатының пайда болуына әсерін тигізген Джефферсон көзқарасы Декларациядан кең орын алды. Өмір сүру, бостандық және бақытқа ұмтылу құқықтары ажырамас құқықтар ретінде

саналды. Бұл құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін билікті қолына алған үкімет құрылды. Бірақ бұл құқық құлдар мен «жабайылар» арасында таралған жоқ.

Халық құқығын қорғау үшін билікті құру құқығын бекіту, соттың тәуелсіздігін талап ету, ағылшын отарларына қарсылық көрсету Декларацияның жаңа қалыптасып, бекітілген мемлекеттің конституциялық бастамасының құрамдас бір бөлігі болып табылатынын көрсетті.

ХVІІІ - ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЛИБЕРАЛДЫ -

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫ

ХVІІІ - ХІХ ғасырлар адам құқығы туралы либеральді - демократиялық көзқарастардың (Д. Юм, Б. Констан, И. Кант, Т. Джеферсон, Б. Франклин және т. б. ) дамуына маңызды әсер етті. Француз либерализмінің теориялық негізін қалаушы Б. Констанның ұғымы бойынша, бостандық индивидтің мемлекеттік биліктен азат болуынан тұрады. Көне және жаңа халықтың бостандықты елестетудегі айырмашылығын Б. Констант көне халықтың бостандығын мемлекеттік билікті іске асыруда әркімнің қатысуға құқысы бар саяси бостандық, ал жаңа халықтың бостандығын - анықталған мемлекеттік тәуелсіздік деп ұғындырылатын жеке, азаматтық бостандық ретінде қарастырады.

Адамның тәртібі туралы жалпы әмбебап ережесін Кант («категорический императив») былай болжамдайды; сенің жүріс- тұрысыңның шегі, сен бағынатын норманың мөлшері жалпыға бірдей заңның қағидатымен бірге болса, осындай заңның күшіне ие бола алатын еді. Канттың категориялық императиві адам құқығына байланысты «сырттай осылай жаса, сенің бостандығыңның көрінісі әркімнің жалпыға бірдей заңға негізделген бостандығымен сәйкес болуы қажет» екендігін көрсетеді. Кант азаматтық қоғамдағы индивидтің дәрежесін оның адам ретіндегі бостандығы арқылы анықтаған, берілген теңдікті, азаматтық белсенділікті, осыған байланысты 3 қажетті қағидатты анықтады: 1) адамның бостандығы оның тәуелсіздігін, жеке бостандығын таңдау, адамның жеке өміріне мемлекеттің араласпауын (status libetatus) қамтамасыз етеді; 2) теңдік адамның азаматтық мәртебесін (status sibitatus) қамтамасыз етеді, адамның құқығы заңды және ол құқықтарын қорғауда мемлекетті өзіне қаратады, яғни заң алдындағы барлығының теңдігі; 3) азаматтың белсенділігі оның саяси мәртебесін (status polititus) қамтамасыз етеді, демократиялық нормаларды жүзеге асыруға болатын «әркім өз келісімін берген заңға ғана бағынышты болуы керек».

Либералдық ағымның көрнекті өкілі Дж. Милля үшін жеке бостандық - бұл адамның жеке өзіне тікелей қатысты істерінің шексіз егемендігі. Саяси құрылымдарға қарағанда индивидтің бостандығы және олардың әрекет етуі адамдардың өркениетті қарым - қатынастарды құру қабілеті мен еркіне мемлекетті тәуелді етеді. Сондықтан адамдардың өзін - өзі дамытуы, қоғам мүшелерінің жоғары сапалығы - бұл өмір сүруге лайықты мемлекеттің аса қажетті шарттары болып табылады.

Адамның ажыратуға болмайтын құқықтары мен бостандықтары ресей философтарының, тарихшыларының, құқықтанушыларының (В. Соловьев, Н. Бердяев, П. Новгородцев, П. Сорокин, Б. Чичерин, И. Покровский, Б. Кистяковский) көзқарастарымен байланысты болды.

Сондықтан табиғи құқық және либеральдық көқарастардың негізгі идеялары болып автономды тұлға ретіндегі ажырамайтын адам құқығы табылады. Адам құқығына барлық әлеуметтік нормалар мен құқықтық, моральдық, саяси, философиялық қағидаттар жинақталған. Табиғи құқық және либерализм ағымын таратушылар, біріншіден, адамзат тарихының негізгі мазмұны индивидтің келешектік құқықтарын негіздеді (эмансипация) ; екіншіден, құқыққа құнды қадам жасау негізінде және автономды өзіндік шындалатын тұлғаларды қабылдау арқылы адам құқығы туралы көзқарасты қалыптастырды. Адам құқығы деп - алдыменен жеке бостандық, заң алдындағы теңдік, жеке өмірге және меншікке қол сұғұлмаушылық танылды.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ТАРИХЫ

Қазақстандағы адам құқықтары мен бостандығы мәселесін бұрынғы тарихи өткен кезеңдерді, ұлттық мәдениет жетістіктерін есепке ала отырып әртүрлі қоғамдық құбылыстармен, қатынастармен және институттармен өзара тығыз байланыста қарастыру керек.

Бектер (тайпа ақсүйектері) ішінен қағандар соғыс жағдайында әскери бөлім басшыларының, ал бейбіт жағдайда - «халық соты» қызметін атқаратын бүріктер мен салық жинаушылар қызметін атқаратын тархандарды тағайындады.

Түрік қоғамында мынадай қылмыс түрлері болды: кісі өлтіру, қанды кек, малды айдап әкету (барымта), ұрлық. Жекелеген қылмыс түрлеріне буындыру, бас кесу сияқты өлім жазалары қарастырылды. Кейбір әрекеттерге, мысалы, мал ұрлау тайпалар арасында жанжалдасу немесе дұшпандық сипатта болса, онда ол әрекеттер қылмыс болып саналмады.

IX - X ғасырларда Түрік қағанатында қанды кек жазасы кең таратылмады. Ал, кісі өлтіргені үшін көпшілік жағдайда ақшалай немесе мүліктік төлем нысанында «құн» төленді. «Құн» төлеу жазаның бір түрі ретінде XX ғасырға дейін қолданылды.

Қазақтардың әлеуметтік-саяси және жеке құқықтық жағдайлары Қазақстанның көптеген аумақтарындағы көшпелі өмірге қарағанда мейлінше кең бостандықтарымен ерекшеленді.

XIII ғасырда Қазақстан территорясын мекендеген тайпалар Шыңғысхан басшылығымен құрылған әскери қуатты машина - мемлекет Монғол мемлекетінің қол астына түсті. Тұтқындалған халықтың халі өте ауыр болды, олар халықты салықтардың көптеген түрлерін төлеуге міндеттеді.

Бостандық пен өзін-өзі басқару нысандары Қасым, Есім, Тәуке және т. б. хандардың тұсынан басталды. Қасым ханның тұсында бірінші реет қазақтың қарапайым құқығын жүйелеуге талпыныс жасалды. Оның тұсында шамамен ХУІ ғасырдың бірінші тоқсанында «Қасым ханның ақиқатты ережелері» деп аталатын нормалар жинағы шықты. Халық бұқарасы Қасымның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы - жарғыны жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап

кетті. ХУІІ ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығының күшейіп тұрған

кезінде бұдан да жаңартылып, дамытылған нормативті акт - Есім ханның ережелері шықты.

КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ БҰЗЫЛУ ТАРИХЫ

Қазақ автономиялы республикасының шын мәніндегі алғашқы конституциялық актісі 1920 жылдың қазан айында ҚАСРО Кеңесінің Құрылтай съезімен қабылданған «Қырғыз (Қазақ) АСРО еңбекшілері құқығының Декларациясы» болды. Онда: «ҚАСРО РФКРО- на біріккен Кеңестік Федеративті Республикалар Одағына ерікті автономиялы құрылым ретінде енеді » деп айтылған. Қазақ автономиялы мемлекеттілігінің құқықтық жағдайының ерекшелігі оның органдарының, билік институттарының РФКРО суверенитетіне тәуелдігінде. Билік толығымен нысаналы құқықтық түрде кеңестердің қолында болды, яғни кеңестік өкімет бір мезгілде заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің тізгінін ұстап отырды. Мемлекеттік биліктің бірыңғайлылық принципі кеңестік кезеңнің барлық ағымында сақталды. Шын мәнісінде билік кеңестердің қолына емес, большевиктер партиясының, содан кейін Коммунистік партияның, дәлірек кәсіби партиялық жұмысшылардың қолына шоғырланды. Кеңестік құқық осы жылдары құқықтық қорғау емес, керісінше жаппай идеологиялық мәжбүрлеу қызметін атқарды, сондықтан ол репрессиялық сипатына ие болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы адам және адамзат құқығының қалыптасу тарихы
Адам құқығының тарихы
Омбудсмен әрекетінің басты міндеті - азамат құқықтарын қорғау
Адам құқығы
Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғаудың формалары
Азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын ашу
Жеке адамның (азаматтың) құқықтары мен бостаңдықтары
АДАМ ҚҰҚЫҒЫ. Адам құқығы білім саласы ретінде
Құқықтық мәртебенің негізгі түрлері
Жеке тұлғаның құқықтары және оларды қорғау механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz