Білімді жастар жарқын болашағымыздың кепілі



Егемен еліміздің болашағы жастар еншісінде. Сондықтан да Елбасы Н. Назарбаев жастар саясатының тиімділігін арттыруға баса көңіл бөліп келеді. Республика күні мейрамына орай Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылында жастар саясатын іске асырудың тәсілдерін жаңғырту, олардың қоғамдық ұйымдарының қоғамдағы рөлі, жұмыспен қамту және жастар арасында ауылдық жердегі жұмыстың беделін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатындағы өзекті мәселелер төңірегінде Алматы облысы ішкі саясат басқармасы мен аудан әкімдігінің бірлескен «Қазақстан – Республикам менің» атты жастар форумы өткізілді.
Селолық округі алдындағы мерекелік шеру алаңы бұл күні айрықша безендірілген, жиналғандар жүзі жадыраңқы. Ынтымақ, бірліктің жылы лебі сезіледі. Ақниетпен құшақ жая кеуде қағыстырғандарға қарап, халықтың бір-біріне деген ыстық ықыласы мен дарқан достығының арта түскенін аңғарасың. Алаңда адам көп. Тек қана осы ірі елді мекеннен емес, Республика күні мейрамын бірге қарсы алуға, аудан жастарының форумын көруге облыс орталығынан, көрші аудандардан да қонақтар жете қабыл келгені байқалады. «Адай», «Көңіл толқыны», «Өз елім» күйі күмбірлі, ән әуендері аспанда қалықтауда ұлы думан әскери оркестр маршымен Шелек ауылы мемлекеттік және бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындар ұжымы, қоғамдық ұйымдар, ауылдағы 7 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары Көк байрақтарды көкке көтере желбіретіп өткен мерекелік шерумен басталды. Әнұранымыз әуеде қалықтап көп ұлтты жастар тобы жарты алаңды төңкерген Көк туыңызды енгізді. Ұлы той, бірлік мерекесі салтанатын ашқан аудан әкімі Әлихан Тойбаев былайша ой өрбітті.
– Ауданымызда Республика күнімен тұспа-тұс жастар форумын өткізіп отырмыз. Елбасы Н. Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында жастар саясатын жүзеге асыруға арналған кешенді бағдарламалар жасап, оның орындалуын тікелей өзі қадағалап келеді. Жастар форумын өткізудегі негізгі мақсатымыз – жастар бойындағы елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін арттыру және әрбір жас азаматтың көкейінде жүрген мәселелерді зерделеп, сол проблемаларды біріге отырып шешудің жолын қарастыру болып табылады. Бүгін ауданымыздың белсенді жастары бас қосып, туған Отанымыздың болашағына деген салиқалы көзқарастарын ортаға салуға жиналып отыр.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Білімді жастар жарқын болашағымыздың кепілі

Егемен еліміздің болашағы жастар еншісінде. Сондықтан да Елбасы Н.
Назарбаев жастар саясатының тиімділігін арттыруға баса көңіл бөліп келеді.
Республика күні мейрамына орай Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылында
жастар саясатын іске асырудың тәсілдерін жаңғырту, олардың қоғамдық
ұйымдарының қоғамдағы рөлі, жұмыспен қамту және жастар арасында ауылдық
жердегі жұмыстың беделін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру,
патриоттыққа тәрбиелеу мақсатындағы өзекті мәселелер төңірегінде Алматы
облысы ішкі саясат басқармасы мен аудан әкімдігінің бірлескен Қазақстан –
Республикам менің атты жастар форумы өткізілді.
Селолық округі алдындағы мерекелік шеру алаңы бұл күні айрықша
безендірілген, жиналғандар жүзі жадыраңқы. Ынтымақ, бірліктің жылы лебі
сезіледі. Ақниетпен құшақ жая кеуде қағыстырғандарға қарап, халықтың бір-
біріне деген ыстық ықыласы мен дарқан достығының арта түскенін аңғарасың.
Алаңда адам көп. Тек қана осы ірі елді мекеннен емес, Республика күні
мейрамын бірге қарсы алуға, аудан жастарының форумын көруге облыс
орталығынан, көрші аудандардан да қонақтар жете қабыл келгені байқалады.
Адай, Көңіл толқыны, Өз елім күйі күмбірлі, ән әуендері аспанда
қалықтауда ұлы думан әскери оркестр маршымен Шелек ауылы мемлекеттік және
бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындар ұжымы, қоғамдық ұйымдар, ауылдағы 7
орта мектептің оқушылары мен ұстаздары Көк байрақтарды көкке көтере
желбіретіп өткен мерекелік шерумен басталды. Әнұранымыз әуеде қалықтап көп
ұлтты жастар тобы жарты алаңды төңкерген Көк туыңызды енгізді. Ұлы той,
бірлік мерекесі салтанатын ашқан аудан әкімі Әлихан Тойбаев былайша ой
өрбітті.
– Ауданымызда Республика күнімен тұспа-тұс жастар форумын өткізіп отырмыз.
Елбасы Н. Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында жастар саясатын жүзеге
асыруға арналған кешенді бағдарламалар жасап, оның орындалуын тікелей өзі
қадағалап келеді. Жастар форумын өткізудегі негізгі мақсатымыз – жастар
бойындағы елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін арттыру және
әрбір жас азаматтың көкейінде жүрген мәселелерді зерделеп, сол
проблемаларды біріге отырып шешудің жолын қарастыру болып табылады. Бүгін
ауданымыздың белсенді жастары бас қосып, туған Отанымыздың болашағына деген
салиқалы көзқарастарын ортаға салуға жиналып отыр.
– Жалпы, ауыл жастарының мәселелеріне, оның ауылдық жерден қалаларға қоныс
аударуына және бұдан кейінгі бейімделуіне, жұмысқа орналасуына қатысты
түйінді мәселелер аз емес. Жастардың кейбір бөлігі өздерінің күш- қуаты мен
білімін қайда жұмсарын білмейді. Жастар проблемаларының бүгінгі жағдайы бұл
жұмыста жаңа басымдықтармен тетіктерді әзірлеуді талап етеді.
– Мемлекет үлкен өмірге қадам басқан әрбір жігіт немесе бойжеткен өзінің
еңбегімен және ықыласымен 4 негізгі құқықтарымен міндеттерін, яғни жақсы
кәсіби білім алуды, лайықты деңгейде ақы төленетін тұрақты жұмыс болуын,
отбасын құру үшін өз баспанасының болуын, салауатты өмір салтын жүргізу
мүмкіндігінің болуын іске асыру үшін барлық жағдайды туғызуы тиіс, – деді
Елбасы. Республикалық жастар съезінде сөйлеген сөзінде ол міндеттерді шешу
үшін таяудағы жылдары ауданымызда кешенді шаралар іске асырылатын болады.
Бүгінгі өткізіліп отырған форумға қатысушылар мен қонақтарды Республика
күні мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, Еңбекшіқазақ ауданының
бірінші жастар форумының жұмысына табыстармен жетістіктер тілеймін. Егемен
еліміздің еңсесі қашанда биіктей берсін, – деп ыстық ықыласын білдірді.
Ерен еңбегі, өнегелі ісімен танылған бір топ жастарды, Құрмет
грамоталарымен ескерткіш сыйлықтармен марапаттады.

Кезекті құттықтауға шыққан Алматы облысының ішкі саясат басқармасының
бастығы Гүлжиян Сүлейменова былай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар арасында салауатты өмір салты
Балаларды салауатылыққа тәрбиелеу жолдары
Денсаулық тәрбиесі - ортақ мәселе
Адам денсаулығына және организмге жүгірудің әсері
Жаһандану туралы мәлімет
Салуатты өмір салты
Жастар - болашағымыздың алтын тірегі
Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері
Салауатты өмір – барыс тектес халықымыздың болашағы
Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
Пәндер