Банк жүйесінің түрлері



Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарыктық экономиканың маңызды күрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық кажегті элементтер мен кажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принципіердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесіиде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым, банктердің бірлестігі жәнет.б.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық тұрғыдан толыктырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.
Банк жүйесі құрамдык бөлік ретінде үлкен жүйе - елдің несие жүйесіне кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалык өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Бұл турасында Ақша, несие, банктер (жалпы редакциясын О.И. Лаврушин басқарған, М.: Ф және С. 2002. 285-290 бб.) тиянақты баяндалған. Бұған қысқаша тоқталамыз. Сонымен, басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері қандай:
1. Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы шебін Орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына
отырып өзара әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.
2. Банк жүйесі өзінің кұрамдық элементтерімен, олардың
өзара әрекетімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің
Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті.
Оны біртұтас ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде көрсетуге болады. Бұл оның жекелеген беліктерінің қажет болған жағдайда бір-бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ акша банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да,
банк жүйесі сақталып қалады.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа
байланыстармен толығуы мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы
институттары пайда болады.
5. Банк жүйесі «жабық» тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге ғана арналған өз
тәртібі, ережесі, нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады.
Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол сыртқы ортамен, басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі.
6. Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі ұйымдастыратын»
жүйенің сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету
саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше
саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа
саясатты жүргізеді.
7. Банк жүйесі - басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға бағынады.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Банк жүйесінің түрлері

Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарыктық экономиканың
маңызды күрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының
негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық кажегті элементтер мен кажетті пропорцияларды
қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет,
әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принципіердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез
келген елдің банк жүйесіиде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі
тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым,
банктердің бірлестігі жәнет.б.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық
тұрғыдан толыктырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.
Банк жүйесі құрамдык бөлік ретінде үлкен жүйе - елдің несие жүйесіне
кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де
банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз
байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде
бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп,
экономикалык өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп,
сабақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Бұл турасында
Ақша, несие, банктер (жалпы редакциясын О.И. Лаврушин басқарған, М.: Ф және
С. 2002. 285-290 бб.) тиянақты баяндалған. Бұған қысқаша тоқталамыз.
Сонымен, басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері
қандай:
Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы шебін Орталық
банк құрайтын нақты бірлікке бағына
отырып өзара әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.
Банк жүйесі өзінің кұрамдық элементтерімен, олардың
өзара әрекетімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің
Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана
тән тетік жұмыс істейді.
Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті.
Оны біртұтас ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде
көрсетуге болады. Бұл оның жекелеген беліктерінің қажет болған жағдайда бір-
бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ акша
банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ал
ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға
болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да,
банк жүйесі сақталып қалады.
Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс
үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа
байланыстармен толығуы мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы
институттары пайда болады.
Банк жүйесі жабық тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың тек
өздеріне ғана тән, осы жүйеге ғана арналған өз
тәртібі, ережесі, нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады.
Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол
сыртқы ортамен, басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі.
Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі ұйымдастыратын
жүйенің сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету
саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады.
Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше
саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа
саясатты жүргізеді.
Банк жүйесі - басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет етеді әрі
реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға бағынады.
Осы аталған белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне тән. ҚР
Банктер мен банк кызметі туралы заңында (3-бап) былайша жазылған:
Қазақстан Республикасы (ҚР) екі деңгейлі банк жүйесіне ие.
Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің
жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді.
ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі (статусы) бар
Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесінің
төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Шетелдік катысушылар банкісі - екінші деңгейлі банк, меншігінде және
(немесе) басқаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие:
а) ҚР бейрезиденттері;
ә) занды тұлғалар
ҚР резиденттері, ҚР бейрезиденттерінің меншігінде және
(немесе) басқаруында 50%-дан астам акциясына ие (окушылардың салым ақшасы);
ҚР резиденттері ҚР бейрезиденттерінің (сенімді тұлғалардың) қаражатына.
Мемлекетаралық банк - халықаралық келісімшарттың негізінде құрылған әрі
әрекет ететін банк.
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ, банк
инфрақұрылымын қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін
қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі
операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау
дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі
банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал
түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етгі, сондықтан
банктік тәжірибеде "тәуекелдік" деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің
шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражатгары болмаған
жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазіргі кездегі банктік нарык тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген
операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықган
банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең
төменгі деңгейге дейін жеттізу маңызды болып табылады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал
нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз
ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін
түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру
кереқ: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш
ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз.
Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан
тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту
түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту
категориясьн қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл
тәуекел теориясының дамуы үшін негіз бодып табылады.
Шығыңдар. Банктер өз қызметі барысында бегілі бір шығындар
шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық
институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп
айырысу операциядарымен, бағдлы қағаздармен байланысты шыгындар; жұмыс-
көлемді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына
қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты
белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның
жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды,
есептеулерге жасалатын талдаудың жетіліксіздігінен немесе жағдайдың
болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекедігі нашар
несиелік порхфельмен ресурстарды нашар орналастыру),
конъюктураның толық есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан
қолайсыз жағдайларга ұшырауына қауіп төндіреді. Жашш кез келген қызмет
түрі міндетгі түрде белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында
жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын сияқты банк те жоғалтулар мен банк
тәуекелдігіне ұшырауы мүмкін.
Шынында да, банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын
мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.
Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады,
оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз
болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын
болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы
ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшамды қатанасты ұстап
отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.
Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфелімен байланысты болып
келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалынған қаржылық активтермен
байланысты.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның банк жүйесі
Несие жүйесінің экономикалық мәні және маңызы
Банктік операциялардың түрлері
Банк жүйесі және банк операциялары
Қазақстан Республикасында банк қызметтерін ұйымдастыру
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
КСРО Өнеркәсіп - құрылыс банк
Несиелік мекемелердің түрлері
КСРО Жинақ банкі
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы мәлімет
Пәндер