Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы

1.1.Мердігерлік шарт нысаны туралы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Мердігерлік шарт бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері ... ..13
1.3. Мердігерлік шарт жасасудың кезеңдері және элементтері ... ... ... ... ... .21

ІI. Мердігерлік шартының түрлері және элементтерi

2.1.Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны, субъектілері мен объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.2. Құрылыс мердігерлік шарт заты (нысанасы) туралы
келiсiмнің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.3. Жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік
шартқа қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
2.4.Ғылыми.зерттеу, тәжірибе.конструкторлық және
технологиялық жұмыстардың мердігерлік шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
Қазіргі Қазақстанда шарттық құқық қоғамдық қатынастардың барған сайын кең ауқымын реттеп, күн асқан сайын кеңуде. Ептеп болса да маңыздылығы бар барлық қоғамдық институттардың өзгеруіне алып келген нарықтық экономикаға өту жаңа міндеттемелер тудыруда, бұрынғыларды өзгеріске ұшыратуда.
Азаматтық құқыққа бұрыннан белгілі екі не көпжақты мәміленің түрі – шарт – қазіргі кезде мүлде өзге сипатқа ие болды, мемлекеттік меншікті жекешелендіргенде, жылжымайтын мүліктің ипотекасында, мемлекеттік тапсырыстар алғанда, банкроттықта қолданыс тауып ұдайы дамып келеді. Сатып алу-сату (кәсіпорындарды, жерді, жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану құқығы сияқты мүліктік құқықтарды сатып алу-сату және т.б.), кепілге салу (ипотека, жер учаскесін, жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу, т.б.) сияқты міндеттемелер едәуір өзгеріске ұшырады.
Шарттардың жаңа түрлері шығуда (рента, факторинг, франчайзинг, форфейтинг, сенімгерлікпен басқару, т.б.). Бұл процесс жалғасуда. Шарттық қатынастардың өтпелі кезеңде экономиканы құқықтық реттеудің ең бір тиімді де сенімді аспабы болатындығы сөзсіз. Қазіргі адамзат үшін ең маңызды болып табылатын мәселе – күн сайын күрделіленіп отырған процесстер әлеуметтік болмыс жағдайында болсын, нарықтық қатынастар саласында болсын, шарттық қатынастарды құқықтық реттеу проблемасы болып отыр. Ендеше құқықтық реформа қадамдарының алғашқы көріністерінің бірі шарттық қатынастарды құқықтық реттеудiң нарықтық экономикаға ықпалы ұшан-теңіз екен. Осыған байланысты жеке және заңды тұлғалардың сондай-ақ уәкілетті лауазымды адамдармен жасалатын шарттардың ерекше маңызы бар. Еліміздің нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерліктің еркін енуі азаматтық құқықтық мәмілелердің көптеп жасалуына әкелді. Азаматтық айналымда көптеп жасалынатын әртүрлі мәмілелердің бірі ауызша жасалынса, енді бірі жай жазбаша түрде жасалынады. Осылармен қатар заң жүзінде кейбір мәмілелер міндетті түрде нотариалдық куәландырылып, өз формасын сақтамаса жарамсыздыққа әкеп соғады.
Солардың ішінде Мердігерлік шарттар біркелкі сипат ұстанады. Бұл жағдайда Мердігерлік бойынша қатынастарды реттеудің алдыңғы тәртібіне қандай да бір өзгертулер және қосымшалар еңгізетін жаңа заң оны әрекетке еңгізуден соң туындайтын сол құқықтарға және міндеттерге қолданылады.
Қазақ ұлттық заңнамаларының жалпы ережелеріне құқықтық шолу жасар болсақ ата заңымыз Конститутцияда азаматтық шарттық қатынастарға түсуге кепілдік берілетіндігі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің алтыншы бөлімінің 57, 58, 59, 60 тараулары толығымен осы үлкен және күрделі институттардың бірі Мердігерлікке арналған. Бұл тараулар көлемінде Мердігерлік туралы жалпы ережелер, Тұрмыстық мердігерлік, құрылыс мердігерлігі және мердігерлік шарттың өзге түрлерінің ерекшеліктері реттеліп заң нормаларымен бекітілген.
1. Басин Ю.Г. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Уч.пос. – Алматы, Әділет Пресс. 1997 ж.
2. Вещные права в Республике Казахстан / Отв. Редактор член корреспондент Академии наук РК, доктор юридических наук М.К. Сулейменов – Алматы: Жеті жарғы. 1999.
3. Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть). Комментарий /Отв. Ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы: Жеті жарғы, 2000.
4. Гражданское право. Учебник. частьII, А.П. Сергеев, Ю.К. Толстой редакциясымен. – М.: Проспект, 1997. 6 бет.
5. Диденко А.Г., Иоффе О.С. ж.б. Гражданское право. Оқу құралы – Алматы. Казгюу АПО/24 1999/ 126 бет.
6. Жайлин Ғ.А. ҚР Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім. І том. – Алматы. Заң әдебиеті, 2003 ж.
7. Жайлин Г. А. Обязательства в гражданском праве. Казахстан 2030 -проблемы совершенствования деятельности правоохранительных органов (Материалы научно-практической конференции). Алматы 2001.
8. Марш П.Д. Англия, Франция және Германияның салыстырмалы келiсiм шарт құқығы. – Алм., Дәнекер, 1999 ж. 107-108 беттер.
9. Марш П.Д. Англия, Франция және Германияның салыстырмалы келісім шарт құқығы – Алматы: Дәнекер, 1999-277 бет.
10. Сүлейменов М.К. Договор в гражданском праве РК: проблемы теории и практики // Мир закона – 2000 -№6 3-4 бет.
11. Тархов В.А. Граждансоке право(общая часть) Чебоксары: Чув.Кiтап баспасы, 1997 ж. -99 бет.
12. Гражданское право Том 1. Учебник для вузов (академический курс). Отв. Ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин – Алматы, 2000. – 270 б.
13. Ащеулов А.Г., Жайлин Г.А. Гражданско-правовая ответственность за вред, причиненный преступлением против личности. – Алматы: ИПУ КазГЮА, 2000 – 93, 94 б.
14. Отечественные законодателтсво ХІ-ХХ веков: Пособие для семинаров. Часть ІІ (ХХ в.). Под ред. Проф. О.И. Чистякова. – М.: Юристъ, 1999. – 1999. – 179-181, 212-215 б.б.
15. Гражданский кодекс Республики Казахстан. (Общая часть.) Комментарий. Книга 2. / Под ред. М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басин. -Алматы: Жетi жарғы, 1998.
16. Предпринимательское право. Курс лекций. Учебник под ред. Клеин.- М.: Юр.лит., 1993.
17. Договор в народном хозяйстве /вопросы общей теории/ : Учебное пособие. /Под ред. Сулейменова Н.K.-Алматы.:Наука,1987.
18. 19. Крашенников Е.А. Понимание гражданско-правовой ответственности. /Юрид. ответственность. Проблемы и перспективы.- Тарту: изд. ТУ.1989.
19. Зенин И.А. Гражданское и торговое право капиталистических стран. - М.: Изд.МГУ, 1992
20. Грибанов А. Ответственность за исполнение договорных обязательств о праве Англии и США / Хозяйство и право. 1996. -N97.;
21. Новицкий И.Б. Римское право. -М: Теис, 1998.
22. 23.Гражданское право. / Под ред.М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. - А., изд.КазГЮА - 2000.
23. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право: Общие положения - М.: изд. "Статут", 1998.
24. Романкова И.В. Проблемы правового регулирования предпринимательства граждан в Республике Казахстан.-А.1997.
25. Варул П. Методологические проблемы исследования гражданско-правовой ответственности. - Таллин: 1986.
26. Е.Годэмэ. Общая теория обязательств.-М.1948.
27. Грибанов В.П. Пределы осұществления и защиты гражданских прав. М.: Издательство Московского Университета, 1972.
28. Русиашвили А.В. Категория противоправности в гражданском праве. /Гражданско-правовая норма и формы её применения. Тбилиси: Мецниереба,1982.
29. Малеин Н.С. Понятие и основания имущественной ответственности. /Советское государство и право. - 1970-N9 2

Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы

1.1.Мердігерлік шарт нысаны туралы
ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Мердігерлік шарт бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері ... ..13
1.3. Мердігерлік шарт жасасудың кезеңдері және
элементтері ... ... ... ... ... .21

ІI. Мердігерлік шартының түрлері және элементтерi

2.1.Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны, субъектілері мен
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.2. Құрылыс мердігерлік шарт заты (нысанасы) туралы
келiсiмнің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 34
2.3. Жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік
шартқа қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..42
2.4.Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және
технологиялық жұмыстардың мердігерлік
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .58

Кіріспе

Қазіргі Қазақстанда шарттық құқық қоғамдық қатынастардың барған сайын
кең ауқымын реттеп, күн асқан сайын кеңуде. Ептеп болса да маңыздылығы бар
барлық қоғамдық институттардың өзгеруіне алып келген нарықтық экономикаға
өту жаңа міндеттемелер тудыруда, бұрынғыларды өзгеріске ұшыратуда.
Азаматтық құқыққа бұрыннан белгілі екі не көпжақты мәміленің түрі –
шарт – қазіргі кезде мүлде өзге сипатқа ие болды, мемлекеттік меншікті
жекешелендіргенде, жылжымайтын мүліктің ипотекасында, мемлекеттік
тапсырыстар алғанда, банкроттықта қолданыс тауып ұдайы дамып келеді. Сатып
алу-сату (кәсіпорындарды, жерді, жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану
құқығы сияқты мүліктік құқықтарды сатып алу-сату және т.б.), кепілге салу
(ипотека, жер учаскесін, жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығын
кепілге салу, т.б.) сияқты міндеттемелер едәуір өзгеріске ұшырады.
Шарттардың жаңа түрлері шығуда (рента, факторинг, франчайзинг,
форфейтинг, сенімгерлікпен басқару, т.б.). Бұл процесс жалғасуда. Шарттық
қатынастардың өтпелі кезеңде экономиканы құқықтық реттеудің ең бір тиімді
де сенімді аспабы болатындығы сөзсіз. Қазіргі адамзат үшін ең маңызды болып
табылатын мәселе – күн сайын күрделіленіп отырған процесстер әлеуметтік
болмыс жағдайында болсын, нарықтық қатынастар саласында болсын, шарттық
қатынастарды құқықтық реттеу проблемасы болып отыр. Ендеше құқықтық реформа
қадамдарының алғашқы көріністерінің бірі шарттық қатынастарды құқықтық
реттеудiң нарықтық экономикаға ықпалы ұшан-теңіз екен. Осыған байланысты
жеке және заңды тұлғалардың сондай-ақ уәкілетті лауазымды адамдармен
жасалатын шарттардың ерекше маңызы бар. Еліміздің нарықтық қатынастарға
көшуі, кәсіпкерліктің еркін енуі азаматтық құқықтық мәмілелердің көптеп
жасалуына әкелді. Азаматтық айналымда көптеп жасалынатын әртүрлі
мәмілелердің бірі ауызша жасалынса, енді бірі жай жазбаша түрде жасалынады.
Осылармен қатар заң жүзінде кейбір мәмілелер міндетті түрде нотариалдық
куәландырылып, өз формасын сақтамаса жарамсыздыққа әкеп соғады.
Солардың ішінде Мердігерлік шарттар біркелкі сипат ұстанады. Бұл
жағдайда Мердігерлік бойынша қатынастарды реттеудің алдыңғы тәртібіне
қандай да бір өзгертулер және қосымшалар еңгізетін жаңа заң оны әрекетке
еңгізуден соң туындайтын сол құқықтарға және міндеттерге қолданылады.
Қазақ ұлттық заңнамаларының жалпы ережелеріне құқықтық шолу жасар
болсақ ата заңымыз Конститутцияда азаматтық шарттық қатынастарға түсуге
кепілдік берілетіндігі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің алтыншы бөлімінің 57,
58, 59, 60 тараулары толығымен осы үлкен және күрделі институттардың бірі
Мердігерлікке арналған. Бұл тараулар көлемінде Мердігерлік туралы жалпы
ережелер, Тұрмыстық мердігерлік, құрылыс мердігерлігі және мердігерлік
шарттың өзге түрлерінің ерекшеліктері реттеліп заң нормаларымен
бекітілген.
Нақтылай түссек 1038 – 1045 баптары Мердігерлік құқығының жалпы
ережелері мен оның азаматтық құқықтық қатынастарындағы ролімен
ерекшеліктерін анықтайды, ал 1046 – 1059 баптар көлемінде Тұрмыстық
Мердігерліктің жалпы ережелері, шарт мазмұнына қойылатын талаптар, оның
заңды күшін бекіту ерекшелігі мен бас тарту реттері және шарттың орындалу
ережелері көзделген, 1060 – 1071 баптары Құрылыс Мердігерліктің
ерекшелігімен және оны қорғау қарастырылған, соңғы 1072 –1083 баптар
көлемінде жобалау іздестіру, ғылыми технологиялық мердігерлік және оның
тараптарының құқықтары айқындалған.
Көрсетілген түсініктің мазмұнын аша, азаматтық құқық жүйелерінің бір
бөлімшесі болып Мердігерлік құқық табылатындығынан шығу керек. Бұл уақытта
Мердігерлік туралы заңдылықтың әрекеті тек сәтінде туындайтын қатынастарға
ғана емес, сонымен қатар оларды туындататын қатынастарға тарайды. Мердігер
мен тапсырыс беруші шартқа отырып, оны рәсімдегенде, ол Мердігерлік туралы
заңдылықтың әрекетіне түседі, бірақ Мердігерлік құқықтық қатынастың
туындауына дейін әлі алыс, ал өзі барлық жағдайда оның субъектісі
болмайды. Басқа жағынан, мұраны қабылдаған мұрагер мұраға құқық туралы
куәлікті алуға бажды не мұраға салынатын салықты төлесе, ол Мердігерлік
туралы заңдылықтың әрекет өрісінде болады.
Мердігерлік туралы заңдылық тарайтын қатынастардың шеңбері өте кең. Ал
бұл көрсетілген түсінікті анықтауға әсер етеді. Мердігерлік туралы
заңдылықты құқықтық актілердің жүйесі ретінде және осы актілерге қосылған,
Мердігерлік бойынша қатынастарды, Мердігерлік құқықтарды қорғаумен, жүзеге
асырумен және ресімдеумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін
нормалар және өзге құқықтық ережелер сияқты анықтауға болады.[1]
Мердігерлік туралы заңдылық кешенді сипат ұстанады. Бұл заңдылықта
азаматтық құқық нормаларының үлесті салмаға жоғары. Бірақ ондағы өзге
салалық болушылықтың нормалары болуын есептеп алып тастауға болмайды. Жер,
қаржы, іс жүргізу және заңдылықтың және құқықтың басқа салаларының
нормалары осындай.
Заңның алға қарай өркендеуіне қарамастан Мердігерлік институт өмірдегі
бүкіл жаңалықтарды жүзеге асыруға мүмкіндігі әлі де қиындау. Тәжірибедегі
мысалдарды көрсете келе мен мынандай тұжырым жасадым. ҚР заңында
мердігерлік шарт міндетті түрде нысанға сай жасалу керек. Азаматтар бірі
мердігер енді бірі тапсырыс беруші ретінде шартқа отырғанда тұрғын
жерлеріне қарамастан кез келген объекті орналасқан жерде жасауға құқылы. ҚР
Азаматтық кодексіне сәйкес мердігер мен тапсырыс берушінің мердігерлік
шартты жүзеге асырған кездегі құқықтары, міндеттері тең болады. Олар
рәсімдеген құжаттардың бірдей заң күші болады. Сот практикасының анализі
Мердігерлікке байланысты жұмыстардың көбеюін көрсетіп, әлі де болса шартты
заңсыз жолмен жасағандарын дәлелдейді. Осы айтылғандардың барлығы заң әрі
қарай өркендеу керек ететіні талап етеді.

Жұмысымның соңында айтарым, бұл еңбегіме жинаған бүкіл істерім
(материалдарым ) кірген жоқ, бүкіл сұрақтарды қарауға мүмкіндік болмады,
себебі Мердігерлік шарт өте кең таралған шарт, жұмысымды қорыта келе
айтарым жәй азаматқа Мердігерлік шарттың барлық тәртіптерін білмей
мердігерліктің және бүкіл заңның талаптарына сай дұрыс жасау мүмкін емес
және өте қиын дер едім. Осының бәрі осы тақырыпты дұрыстап, зер салып оқу
керек екенін көрсетті.

Дипломдық бітіру жұмысы Кіріспеден және үлкен екі тараудан тұрады. І тарау
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы
деп аталады да, онда Мердігерлік шарт нысаны туралы ережелер, Мердігерлік
шарт бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері, Мердігерлік шарт
жасасудың кезеңдері және элементтері қарастырылған.
ІI тарау Мердігерлік шартының түрлері және элементтерi деп аталады.
Онда Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны , субъектілері мен объектілері,
Құрылыс мердігерлік шарт заты (нысанасы) туралы келiсiмнің ерекшеліктері,
Жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік шартқа қойылатын талаптар,
Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың
мердігерлік шарты кеңінен қамтылады.. Диплом жұмысы корытындыланып,
Қолданылған әдебиеттермен бітеді.

Осы дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттермен қатар
мердігерлікке байланысты нормативтік актілермен, заңдармен таныстым. Менің
пайымдауымша бұл заңдылықтар әлі де жетілмеген. Ол қазіргі нарықтық
экономиканың, қоғамнаң қарқынды даму барысында заманына сай емес деп
ойлаймын. Олар мәселен кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға
біршама қиыншылықтар тудырады. Ал, олар нарықтық процесстің дамуын тежейді.
Президентіміздің, заң шығарушы органдардың және лауазымды тұлғалардың шағын
және орта кәсіпкерлікті қолдауғажағдайлар жасау керек деген талаптарына,
бағдарламаларына қарамастан нарық заңдылықтарыында айтарлықтай өзгерістер
байқалмауда. Дегенмен өзгерістер тіпті жоқ деуге болмайды. Бұл бағыттарда
өте үлкен жұмыстар жасалуда. Көптеген заңдар, жарлықтар, қаулылар шығарылып
жатқанмен әлі де көп өзгерістерді талап етеді. Айтарым ол заң шығарушы
органдар мен лауазымды тұлғалардың заң шығаруға байланысты көп жағдайларда
заң көшірмешілікпен айналысуы. Мұны дұрыс емес деуге болмайды. Әрине біз
дамыған мемлекеттердің заңдарын қарастырып, олардың тәжірибесін қолдану
керек. Айта кетерлік жай жоғарыдағы шараларды жүзеге асыру барысында
еліміздің тек өзіне сәйкес қоғамдық, саяси, әлеуметтік, экономикалық
ерекшеліктерін ескерген жөн.
Дәл қазіргі уақытта мердігерлік қатынастарға нақты ұсыныстар беру
қиындыққа соқтырады. Себебі экономика мен қоғамда қарқынды өзгерістердің
болуына байлынысты заң шығарушылықта тұрақсыздық орын алады. Сол себептен
заңдылықтар үнемі өзгертіліп, толықтырылып тұрады. Осылардың барлығы елеулі
қиыншылықтар туғызады. Әлі бұл салада көп жұмыс жасау керек. Алдымен
заңдылықтарды толықтырып, оларға өзгерістер енгізіп, жетілдіріп тұру қажет.
Осындай мәселелерді шешуде республика экономикасының жан-жақты дамуының
тұрақтылығы көрсету болашақ біздің қолымызда.

І. Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шарттының ұғымы,
мазмұны және формасы

1.1. Мердігерлік шарт нысаны туралы ережелер

Кез-келген ғылымның өз саласы бойынша объективті ақиқатқа жетуге,
заңдылықтарды бейнелеуге байланысты жүйелі түрде құрылған мәселелері
болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып ғылымның
пәніне айналады. Жалпы алғанда мердігерлік шарт азаматтық құқық саласының
негізгі бөлімдерінің қатарына кіреді. Қоғамның өмірі адамдардың,
азаматтардың бір-бірімен қатысуынсыз, одақтарсыз бір-бірлерінің күштерін
біріктірмесе еш жетістіктерге жетпес еді. Мердігерлік азаматтық айналымның
көптеген қатынастарына қатысады. Азаматтар күнделікті өмірде қандай қарым-
қатынастарға түссе сол қатынастар негізінен көбінесе заңды тұлғалармен
байланысты болады. Ол қатынастарға еңбек, саяси, нарықтық, экономикалық,
әлеуметтік, қаржылық және т.б. көптеген қатынастарды жатқызуға болады. Сол
себепті мердігерлік шартқа қатысты мәселелер қай уақытта болмаса да
өзектілігін жоғалтпайды және олар үнемі зерттеліп тұруы қажет.
Қоғамның кез-келген аясы үнемі дамып отырады. Осыған байланысты
азаматтық қатынастар да үнемі міндетті түрде дамып, күрделене береді.
Әрине, қоғамның сұраныстарын қамтамасыз ету үшін заңдылықтар да жаңартылып,
жетілдіріліп тұрады. Бұған дәлел ол мердігерлік институты туралы ең
алғашқы сөз еткен б.з.д. I-II ғ-да Рим заңгерлері болып табылады.
Негізінен мердігерлік институты өте көп зерттелген: құрылымына, оның
түсінігіне, белгілеріне, оның пайда болу, даму, қалыптасу тарихына,
өзгертілуі және тоқтатылуының құқықтық ерекшеліктері, оларға ортақ белгілер
қандай және қандай түрлері бар, оларды мемлекеттік тіркеудің маңызының
ұғымын, түсінігін беру, оның жекелеген түрлерінің құқықтық мәртебесіне
арналған ғылыми теориялық және оқыту-қолданбалық, кешендік әрі арнайы
жұмыстар жетіп артылады.
Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау
бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның
(тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай
мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын
жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл
мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол
жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды
болып келеді. Осы кызметті негізінен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп
мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге
қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол
тұлға мердігерлік шартының жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына
жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта
болса, тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де
қамтиды. Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан
көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерекшеленсе де,
жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда
мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу-
сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық
әдебиеттер еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады.
Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу-сату және еңбек
қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының
қатысушыларының құқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың
мазмұнынан айқын көрінеді.
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың
(тапсырысшының) мердігерліксы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және
белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал
тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың
бағасын төлеуге) міндетті.[2]
Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау
үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу
кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға
тәуелділікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді.
Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта болуы
мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары "тез" фотосуреттер дайындаумен
байланысты мердігерліктің осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша
қысқалығы болады, және осы мердігерлік жасайтын шартын тапсырысшының
себептенуші негізінде болуы мүмкін.
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде (616-683-6) ұстанылып келеді. Одан басқа Қазақстан
Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік комитетінің 22.09.1996ж. №97-қаулысымен бекітілген, құнды және
антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін
құрылыс аясында мердігерлік қатынастарда бұрын қолданған, Қазакстан
Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5-өкіммен
бекітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста мердігерлік
шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс
Министрлігінің 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекітілген, бас мердігерлердің
ұйымдарының қосалқы мердігерлік катынастарымен өзара қатынастарының
ережелері күшін жойды.
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызды
және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі
симаттамасына мыналар кіреді:
1) тұрмыстық мердігерлік;
2) құрылыс мердігерлігі;
3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік:
4) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық
жұмыстарға мердігерлік. Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік
қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған.
Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне егер Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе
мердігерлік туралы жалпы ережелер де (нормалар) қолданылады.
Шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісімі, екі немесе бірнеше
адамның келісіп ерік білдіруі. Әр мердігерлік шартта көптеген ережелер
болуы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе мердігерлік шарты жасалады
деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл – мердігерлік шарттың елеулі
ережесі. Тараптар арасына мердігерлік шартытың барлық елеулі ережелері
бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін формада келісімге қол жеткен
кезде мердігерлік шарты жасалынды деп есептелінеді.
Ережелердің елеулі болып табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:
1) мердігерлік шарты нысаны туралы ережелер. Мердігерлік шарты нысаны
анықталмайынша бірде бір мердігерлік шарты жасалған болып саналмайды;
2) заңнамада елеулі деп танылған ережелер. Мысалы, брокер-диллер мен
оның клиенті арасында жасалған брокерлік мердігерлік шартта мыналар болуға
тиіс:
а) мердігерлік шарты нысаны: номиналдық ұстаушы ретіндегі клиенттің
тапсырмасы бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;
б) тараптарды, оның ішінде брокер-диллердің, клиенттің есепшоты туралы
коммерциялық құпияны сақтау міндеттемесін қоса алғандағы, құқықтары мен
міндеттері;
в) брокер-диллердің қызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі;
г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен
кезеңділігі;
д) тараптардың мердігерлік шарты ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы;
е) бағалы қағаздар бойынша табыс алудың, және оны клиенттің есепшотына
аударудың, сондай-ақ ақша қаражатын клиенттің бұйрығы бойынша төлеудің
мердігерлік шарттары мен тәртібі;
3) мердігерлік шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, мысалы,
мысалы, мүлікті жалдау мердігерлік шартындағы жалдау ақысының мөлшері;
4) тараптардың біреуінің арызы бойынша оған қатысты келісім болуға тиіс
ереже. Мысалы, жүк алушы мердігерлік шартта жүкті темір жолмен емес су
көлігімен жеткізу туралы ереже болуын талап етеді.
Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ережелер бойынша
келісімге келмегендіктен мердігерлік шартытың заңсыз деп танылуы мәмілені
заңсыз деп танығандағыдай салдарларға әкеледі.
Елеуліден басқа мердігерлік шартытың дағдылы және кездейсоқ ережелерін
бөліп алуға болады. Олардың ерекшелігі сонда, бұл ережелердің болған-
болмағандығы мердігерлік шартытың заңды күшіне әсер етпейді. Дағдылы
ережелер заңнамада мердігерлік шарттардың осы түрі үшін дағдылы деп
көзделгендіктен қолданылады, және олар мердігерлік шартта бар-жоғын
қарамастан қолданылады. Мысалы, баға туралы ереже. Егер тараптар
мердігерлік шартта мердігерлік шарты бағасын келіспесе, онда заң
актілерінде көзделген жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдар
белгілейтін немесе реттейтін бағалар (тарифтер, бағалау, ставка және т.б.)
қолданылады. Ал, ақылы мердігерлік шартта баға қарастырылмаған болса және
оны мердігерлік шарты ережелеріне сүйене отырып анықтау мүмкін болмаса,
мердігерлік шартты орындау мердігерлік шарты жасасқан кезде осыған ұқсас
жағдайларда, әдетте, осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшін алынатын
баға бойынша жүргізілуі тиіс деп есептеледі.
Дағдылы ережелер, негізінен, диспозитивтік нормаларда көзделеді және ол
мердігерлік шартқа ондағы бұл ережелер қандай да бір себептермен шешілмей
қалғанда қолданылады.
Кездейсоқ ережелер мердігерлік шарттың бұл түріне тән емес және
мердігерлік шартқа тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді (мысалы,
құрылыс мердігерлік шартының нысанын тапсырысшыға беру тәртібі туралы
ереже, мердігерге жұмысты мерзімінен бұрын орындағаны және оның айрықша
сапасы үшін қосымша сыйақы беру туралы ереже және т.б.). Бұл ережелердің
бар-жоғы мердігерлік шартты жасалған деп тануға еш ықпал етпейді.
Үлгі ережелерді тараптардың біреуі дайындаған мердігерлік шарттардың
үлгілерінен бөліп қарау керек. өнім өндіретіндер, жұмыс, қызмет
орындайтындар, әдетте, өз клиенттеріне мердігерлік шарты жобасын ұсынады.
үлгі ережелер, әдетте Үкімет бекітетін және өзінде міндеттеу күші болатын
типтік шарттардың ережелерінен де басқа.
Үлгі ережелерінің мысалы ретінде Мұнай туралы заңның 26-бабында және
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың 1-бабында
көзделген Модельдік контрактыны алуға болады. Модельдік контракт Үкімет
бекітетін үлгі контракт ретінде анықталған, онда контрактылардың кейбір
түрлерінің ерекшеліктері немесе жер қойнауын пайдаланудың кейбір
операцияларын жүргізудің ерекшеліктері көрініс табады және ол контрактылар
жасаудың үлгісі ретінде пайдаланылады.
Үлгі ережелері қолданылуы үшін олар мердігерлік шартта көрсетілуі тиіс.
егер оның сілтеме болмаса, үлгі ережелері іскерлік айналым дағдысы ретінде
ғана қолданылады. Бұл ретте, мұндай дағдылар заңнамаға қайшы келе алмайды.
Олар тараптар арасындағы қатынастарға да қолданатындай болуға тиіс.
"Мердігерлік шарты" термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде
қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын заңды факты: сол мердігерлік
шарттық міндеттеменің өзі; мердігерлік шарттық міндеттемені ресімделген
құжат.
Мердігерлік шарты – құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе
тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, мердігерлік шарты
азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып
саналады.
148-баптың 1-тармағынасәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп
жақты (мердігерлік шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, мердігерлік шарты
мәміле болып табылады және мердігерлік шартықа екі және көп жақты мәмілелер
туралы, атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені
заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп
жақты мәмілелер" ұғымын "бәр жақты және өзара мердігерлік шарттар" ұғымынан
ажырату керек. Бір жақты мәміле мердігерлік шартына жатпайды, себебі
мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік
білдіруі жеткілікті. Мердігерлік шарттың басқа мәмілелерден және басқа
заңдық фактылардан айырмашылығы сол, мердігерлік шарты дегеніміз
тараптардың келісімі. Сондықтан заңға сәйкес, мердігерлік шарты жасасу үшін
екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп
жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Мердігерлік шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады,
себебі мердігерлік шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары
туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек:
біреуінде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде – сол құқыққа
икемделген міндет (борышкер) болады.
Бірлескен қзмет туралы мердігерлік шарты көп жақты мәмілеге мысал бола
алады.
Бұл мердігерлік шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ
шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және
осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. көп жақты мердігерлік
шартытарға, әдетте, мердігерлік шарты туралы жалпы ережені қолдануға
болады. дегенмен, көп жақты мердігерлік шартытардың жоғарыда айтылған
ерекшеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап
айтқанда, жария мердігерлік шарты туралы, үшінші жақтың пайдасына
мердігерлік шарты туралы, ережелерді көп жақты мердігерлік шартқа қолдануға
бола қояр ма екен, мердігерлік шартын жасасу туралы нормаларды қолдануда да
қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
Азаматтар мен заңды тұлғалар мердігерлік шарты жасасуда еркіндік
берілген. Заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылданған міндеттемеде,
мердігерлік шартын жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда,
мердігерлік шартын жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
Мердігерлік шарты еркіндігі туралы норма азаматтар мен заңды тұлғалар
өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайлаланды деген
ережесіне негізделген.
Мердігерлік шарты еркіндігі заңда бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет
еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер
пайдалануға мердігерлік шарты жасасу еркіндігіне құқығымен үйлестікте
болады.
Жаңа ережеде жоспарлы-бөлу экономикасында мердігерлік шарты еркіндігі
болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады, соларға сәйкес
мердігерлік шарттар жасалынды. Мердігерлік шарттарда формальдық сипат
болды, ең басты маңыздылық жоспарлық актілерге берілді. Мұның барлығы
заңнамада, оның ішінде Азаматтық кодексте мұқият реттеледі.
Қазір мердігерлік шарты жасауға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана
болады.
Мердігерлік шарты жасасу міндеті заңда, егер мұндай мердігерлік шарты
жария мердігерлік шарты болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген.
Құрылыс мердігерлік шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы
жарлықтың 14-бабының 6-тармағында және Мемлекеттік мүлікті сатушы мен
мемлекеттік сатып алу туралы заңында бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті
сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы
осындай мердігерлік шартын жасасуға міндетті.
Мердігерлік шартын жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден
туындайтын жағдайларға алдын ала мердігерлік шарты жасасу жатады.
Заңға сәйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған
мүлікті сақтандыру міндеті мердігерлік шартымен немесе заң актілерімен
жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін
сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.
Жоғарыда айтқандай мердігерлік шарты дегеніміз: екі немесе одан да көп
адамдар арасында азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуі, өзгертуі
немесе тоқтатуы туралы келісім.
Ал мердігерлік дегенге бір тарап (мердігер) мүлікті екінші тарапқа
(тапсырыс берушінің) меншігіне, шаруашылық жүргізуге және жекелік басқару
құқығына береді, ал тапсырыс беруші бұл мүлікті қабылдап ол үшін белгілі
бір ақша сомасын төлейді. Осы арада екі тарап арасында мердігерлік шарты
жасалады ал мердігерлік шарты құрылыс мердігерлік шарты деп аталады.

1.2. Мердігерлік шарт бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері

Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып
табылады.
Тапсырысшы — екінші тарапқа - мердігерге шарт бойынша келісілген
белгілі-бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.
Тапсырысшы ретінде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы
бола алады. Мердігерлік шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жеке заң
актілерімен белгіленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникация министрлігінің 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекітілген, жол
жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйымдастыру және
өткізу тәртібінің ережелері.
Мердігер - шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға,
көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке
кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде
мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара
алады. Кейбір жағдайларда, "Лицензиялау туралы" 17.04.1995ж. Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және
толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-
іздестіру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет.
Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа
тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де
тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа
тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 619-6. 1-тармағы). Тартылған тұлға
(тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында
тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға
тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшысының
алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға
үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс
орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап
етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе
жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға
тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борышкерлер болып
келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына)
жұмыстың ақырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине,
олар бөлек, бір-біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың
субъектілері, өйткені олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердігерлік
шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасасуы мүмкін, осы
жағдайда тұлғалардың көптілігі орын алған бір міндеттемелік құқықтық
қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір
айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып
міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін (ҚР АК 287 бабының 1 тармағы),
сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себебінен
бірнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе
алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 287 бабы, 2
тармағы).
Бірнеше мердігерлер өзара қосымша (акцессорлық) келісімдер жасауы
мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орындау
тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан,
акцессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге
көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына
әкелуі мүмкін. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтіреді: Төрелік сот тәжірибесінде
үш жеке орындаушы тапсырысшы үшін ортақ төлем ақыны алып бір жұмысты
орындауға келіскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негізгі) шартты
жасасқан соң мердігерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келісім
жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы мердігерлердің біреуінің
қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа мердігерлерден соманың 35
пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы
мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған және шарт бойынша
төлемақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге қатысты тоқтатудың
салдары қарастырылмағанға сілтенген.
Келтірген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу
туралы акцессорлық келісімге негізделген сол негізгі шарт тиісті бөлігінде
тоқтатылғасын негізді деп тануға болады.[3] Қосымша мердігерлер өзара
келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы
қорытынды жасай аламыз.
Мердігерлік шартының нысанасы - бұл мердігер мен орындаған жұмыстың
нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін
белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін
табады.
Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың тиісті
халін қалпына келтіретін ағымды жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты кейбір өзге
жұмыстар да мысалы, көгал аландарды қию, киімдерді химиялық тазалау,
мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға бағытталған.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де реттелінеді.
Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстарды өзі орындауға
міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады, демек оларды
орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердігер
жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды арзанға
ауыстыруы мүмкін және т.б. бұзушылықтарға жол беруі мумкін. Мердігер
бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға қатысты
наразылық ұсыну мерзімдерінің шегінде анықталмауы мүмкін. Мердігердің
қызметінің өзі реттелетінін растайтын келтіргеннен өзге де мысалдарды
келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың соңғы
нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.
Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуі керек. Баға әр
кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ төлеудің нысандары әртүрлі болуы
мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау
тәсілдері көрсетіледі. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға
туралы келісімге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға
қолданылатын бағаларды негізге алу арқылы сот белгілейді. Бағаны есептеу
үшін тараптарға келтірілген шығындар еске алынуы қажет. Егер, шарт
негізінде орындалатын жұмыстың күрделі құрамы болса, яғни сол жұмыстың өзі
бірнеше олардың түрінен құрылса, бірнеше кезеңдерді қамтыса және т.б.
жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін. Смета бұл
мердігерлік шарты бойынша орындалатын барлық жұмыстың құнын жұмсалатын
материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.
Мердігер жұмыстың және материалдардың құндары жөнінде біліктілеу болған
соң смета көбінесе онымен дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының өзінің
де сметаны жасауына шек қойылмайды. Мердігермен жасаған смета,
тапсырысшымен бекітіледі және шарттың ажырамас бөлігіне айналады. Өз
кезегінде тапсырысшы дайындаған смета мердігердің келісімін талап етеді.
Жалпы смета жөнінде келісуде оны шартты жасасу тәртібімен салыстырғанда
ешқандай жаңалық жоқ.
Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкін. Мердігер тұрақты сметаны
көбейтуді талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете
алмайды. Тұрақты сметаны бір жақты өзгертуге құқық шартты жасау кезінде
орындалуға тиіс жұмыстардың толық көлемін немесе бұл үшін қажетті
шығындарды анықтау мүмкін болмаса да пайда болмайды. Шарт жасасқаннан кейін
мердігер беруге тиісті материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшінші
тұлғалар көрсететін қызметтердің құны едәуір өскен кезде мердігердің
белгіленген бағаны (сметаны) көбейтуді талап ету құқығына иеленеді. Егер
тапсырысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда
мердігердің шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.
Шамалас сметаның ерекшелігі, оны қарастырған жағдайда мердігер өзі
шығындарының көлемін оларды аздап көбейту жағына өзгерте алады. Жұмыстың
шамамен белгіленген бағасын (шамалас сметаны) елеулі өсіру қажет бола
қалса, мердігер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты
тоқтата тұруға міндетті. Қандай болса да қосымша жұмыстарды орындау
керектігі анықталғасын немесе материалдарға, үшінші тұлғалардың
қызметтерінің бағалары өссе, осындай қажеттілік болуы мүмкін. Бағаны елеулі
өсіруге көбейтуге келіспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай
жағдайда мердігер өзіне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлігінің бағасын
төлеуді талап ете алады. Шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру
қажеттігі туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердігер жұмысқа шартта
белгіленген алғашқы баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты
орындауға міндетті.
Мердігерлік шарттың мерзімдері мердігердің және тапсырысшының олардың
шарт бойынша міндеттерін атқаруға байланысты қызметінің (іс әрекеттерінің)
уақыттық өлшемдерін анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгілі мерзімге
мердігерге материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті. Ең жоғары мән
жұмыстың орындалуының мерзімдерінде болады, себебі мердігерлік
шарттарының ақырында орындалуы сол мерзімдерге тікелей тәуелді болады. Оның
аралығында жұмыс толығынан (аяқты түрде) жасалып бітуі тиіс уақыт кезеңі
мердігерлік шартының жалпы мерзімін құрайды. Онымен қатар шартта жұмыстар
орындалуы үшін қарастырылған ақырғы мерзімдер де бекітіледі (ҚР АК 628 бабы
1 тармақ). Жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері — аралық
мерзімдер де көзделуі мүмкін.
Аралық мерзімдер екі жақты қызмет атқарады. Бірінші жағынан жұмыстың
орындалуына байланысты мердігердің қызметінің бірдей етіп бөлінуін
қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын
бақылауын қамтамасыз етеді. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және
оны белгіленген мерзімінде аяқтау мумкін еместігі айқын болса тапсырысшы
шарттан бас тартуға және келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.
Егер мердігерлік шартта мердігер бастапқы мерзімін бұзса, оны орындауға
уақытылы кіріспесе де осы нәтиже орын алады.
Тараптардың құқықтары және міндеттері. Мердігер шартта келісілген
жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға міндетті. Яғни мердігердің мойнында ол
кәсіби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты
қолайсыз салдар болып келеді. Мердігердің осы міндетінің мазмұны
тапсырысшының орын алған заңсыз мінез құлығы ескеріліп тиісті дәрежеде
өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны
үшін мердігерді жауапкершіліктен босататын жағдайлар да әсер етеді.
Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен
орындауға міндетті. Егер материал онымен берілсе, ол тапсырысшының алдында
материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиісті сапасы үшін
жауапты болады. Жұмыстың өзі тапсырысшының мердігерліксы бойынша орындалады
және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек.
Мердігерлік шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға
жатқызылмайды, сондықтан оның тиісті орындауының негізгі белгісі ретінде
тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердігер мемлекеттік
стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртіптерін сақтауға және
нормативті-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға міндетті.
Осындай талаптар бірінші кезекте кәсіпкер ретінде жұмыс жасайтын
мердігерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
632-6. 2-тармақ), бірақ кәсіпкер емес мердігердің де жұмыс орындау кезінде
міндетті қойылған талаптарынан шегінуіне құқығы жоқ, егер міндетті
талаптарды орындамаса оның қызметіне тиым салынуы тиіс. Бұл жаңа заттарды
жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгіленбесе немесе
толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар
негіз ретінде алынады. Мердігер белгіленген міндетті талаптармен
салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін
жұмысты орындау міндетін шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.[4]
Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде (түзеу) болуын
қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының
оның күнделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта
өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ
материалдар мен құралдарды беруге міндетті.
Кейбір жағдайларда, мердігер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де
орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен
пайдалануына міндетті. Сонымен қатар, мердігер оларды дұрыс пайдалану үшін
жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейін мердігер тапсырысшыға жұмсалған
материалдар туралы есеп беруге міндетті. Егер материалдардың қалдықтары
болса, мердігер оларды тапсырысшыға беруге міндетті. Мердігер тапсырысшының
келісімімен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың
бағасын кемітіп сол материалды өзінде қалдыруға құқылы.[5]
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердігер сол материалдарды
сапасына қарай қабылдап алуға міндетті. Мердігер тапсырысшы берген
жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берілген заттың өзінде
қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды
және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінің кәсіби
тәжірибесіне байланысты бағалайды.
Мердігер:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық
құжаттаманың немесе өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе
сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы
үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне
қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге
қатысты емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу
ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті.
Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап
ату үшін қисынды мерзімнің аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру
туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған
мердігердің тапсырысшы оған тиісті талаптар қойған кезде аталған мән-
жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628 бабы 2 тармағы)- Осы
норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердігердің хабарлауына байланысты
жауапты қисынды мерзімінің ішінде беруі тиіс.
Егер мердігер белгіленген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының
берген сапасыз материалдардан орындаса, ол тек материалдардың кемшіліктерін
тиісті қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған ретте ғана жауапкершіліктен
босатылуы мүмкін. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиісті
бағаламауда мердігердің кінәсі болуы керек. Осыған байланысты, жұмыс
мердігердің материалынан орындалса, мердігерлік шартында тапсырысшының
кепілдігі көбірек болады, себебі материалдарды қамтамасыз еткен мердігер
олардың сапасы үшін кінәсі барлығы немесе жоқтығына қарамастан жауапты
болады.
Мердігер тапсырысшы берген мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті
және мердігерлік шартты орындауға байланысты мердігердің иелігіне өткен
заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүліктің жабдықтардың
сақталмағаны үшін мердігер жауапты болады. Бұл жауапкершілік мердігерлік
шартының орындауына арналған мүлікке ғана емес мердігердің иелігіне түскен
басқа да мүлікке де қатысты болады. Мысал қылып мердігерге (оның
жұмысшыларына) тынығу үшін бөлініп берілген бөлмелерді, жөндеу кезінде оны
алып кету қажеттілігі болмаған жиһазды және т.б. осындай мүлікті айтуға
болады. Осындай мүліктің сақталуын қамтамасыз етудің өлшемі болып, әдетте
орын алатын меншік иесінің өзінің шаруашылық ұқыптылығы келеді, бірақ
жұмыстарды орындау үшін арналған жабдықтар мен материалдар туралы айтатын
болсақ, онда бұл жағдайда мердігердің кәсіби субъект ретінде қараушылық
дәрежесі жоғары болуы керек екенін танимыз. Кез-келген жағдайда, егер мүлік
сақтауды қамтамасыз ететін барлық шараларды қолданбаса, мердігер кінәлі
болып табылады.
Мердігерде үнемдеуге құқығы бар (ҚР АК 622-б). Бұған қатысты норма
заңнамада және бұрын ҚКСР АК-сында ол болмаған еді. Оны кірістіру
мердігердің тиімды шаруашылық жүргізуін қолдайды, себебі онда оның
қолданылуына байланысты үнемдеуге тікелей мүліктік мүддесі пайда болады.
Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзінің құнын
азайтуда болып келеді. Үнемдеу әдеттегіге қарағанда шығындарды азайтатын,
жаңа технологияларды енгізетін мердігердің жоғары дәрежелі кәсіпқойлығының
салдарынан болады. Мердігердің нақты шығыны бағаны белгілеу (сметаны жасау)
кезінде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердігер
алған үнем орындалған жұмыстың сапасына теріс әсер еткенін дәлелдей алмаса,
мердігер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын
сақтайды.
Мердігерлік шартта мердігер алған үнемді тараптар арасында бөлу
көзделуі мүмкін (ҚР АК 622-6. 2-тармақ). Осы жағдайда, тапсырысшымен шарт
бойынша төленетін баға азаяды.
Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуі орын алмаса бұл норманы
қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келеді. Басқа жағынан, нарықтық
экономика жағдайында мердігердің қызметін пайдалану үшін, оның тұрақты
іскерлік атағы пайда болу үшін, үнемдеу туралы норманы қолдану қосымша
ынталандыру болуы мүмкін.
Мердігер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесімен бірге, шарттың нысанасын
пайдалану немесе өзгеше іске асыру үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.
Осы міндетті қарастыратын нормада Азаматтық кодексте жаңа болып келеді.
Мердігердің осы міндеті тағы шартты да көрсетілуі тиіс. Кейбір жағдайларда,
осы жұмыстың нәтижелерін шартта көрсетілген мақсаттарда пайдалану тиісті
ақпаратсыз мүмкін болмаса, онда сондай сипаттағы ақпарат мердігердің осы
жөніндегі міндеті шартта бекітілмей-ақ берілуге тиіс болады.
Осындай ақпараттарда белгілі технологиялық схемалар, нұсқаулар,
түсініктемелер және т.б. жатады. Жалпы мердігердің ақпарат беру бойынша
міндеті мердігерлік нәтижесінің ерекшелігіне, жасалған бұйым арнайы күтімді
талап ететініне және т.б. себептерге байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс 638-бабы әрбір тарапқа қарсы
тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүліктік объектісімен[6]
сияқты иеленуіне байланысты мүдделердің (құқықтарын) қамтамасыз ету міндеті
жүктеледі. Бір тарап шарт бойынша өзінің міндеттемесін атқарудың арқасында
басқа тараптан жаңа техникалық шешімдер мен білімдер туралы ақпарат алса,
сол ақпаратты үшінші тұлғаларға өзге (қарсы) тараптың келісімінсіз бере
алмайды (бұл ақпараттың құрамына ноу-хауды қосқанда өнеркәсіптік меншіктін
барлық түрлері туралы ақпарат кіре алады).
Мердігерлік шарты бойынша жалпы тәртібіне құқықтық қорғауы болмайтын
ақпарат және де тараптардын біреуінің коммерциялық құпиясы болып келетін
ақпарат та қорғалады. Осындай ақпаратты (барлық түрлерін) жарияламау
міндеті тараптар оны шартта бекіткеніне, бекітпегеніне байланысты болып
келеді, бірақ ақпараттарды пайдалану тараптары мен тәртібі тараптардың
келісімімен анықталады. Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртібі мен талаптары
тараптардың келісімімен белгіленеді.
Мердігер жұмысты атқарған соң, оған тапсырысшы шартты орындау үшін
берген құралдарды қайтаруға міндетті. Сол сияқты тапсырысшы мердігер
жұмысты орындауға кіріспегені немесе тым баяу орындағанына немесе
орындалған жұмыста елеулі және жойылуы мүмкін емес кемшіліктері болғаны
себебінен шартты бұзса (одан бас тартса), онда мердігер тапсырысшымен
берілген материалдарды, жабдықтарды өндеу үшін берілген затты немесс өзге
мүлікті қайтаруға міндетті. Мүлік тапсырысшы көрсеткен тұлғасына қайтарылуы
мүмкін.
Егер мүлікті қайтарып беру мүмкіндігі жоқ болса, мердігер
материалдардың құрал-жабдықтарды және тапсырысшыдан алынған басқа мүліктің
бағасын қайтаруға міндетті.
Тапсырысшыға мердігерге жәрдемдесу міндеттері жүктеледі. Бұл тапсырысшы
мердігермен бірге белгілі бір жұмыстың бөлігін істеу керектігін
білдірмейді. Жұмыс мердігердің қамқорлығымен орындалса, онда тапсырысшының
материалдарды беру міндеті болмайды.

1.3. Мердігерлік шарт жасасудың кезеңдері және элементтері

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 629 бабының мағынасы
бойынша, тапсырысшы мердігердің міндетін тиісті орындауға қажетті
ұйымдастыру шараларын жүзеге асыруы керек, егер осы шаралар тапсырысшының
әрекеттеріне байланысты болса. Мысалы тапсырысшы салынып жатқан объектіге
жолды тазалауға, тиісті мерзімде,егер бұл шартта қарастырылса, жабдықтарды,
бөлмелерді (жайларды) беруге міндетті. Мердігерге көмектесу міндеті
тапсырысшы оған жұмыстарды орындаудың бұдан бұрын бекітілген тәртібін қайта
құруды талап етпеу керек екенін, оған жұмыстың орындалуында өзге кедергі
жасамау керек екенін, керісінше онымен ынтымақтастықта болу керек екенін
білдіреді. Тапсырысшы осы міндеттерін орындамаған жағдайда, мердігер
зиянды, соның ішінде жұмыстың тоқтап қалуына, жұмысты орындаудың
мерзімдерінің өзгеруіне немесе жұмыс бағасы көбеюіне байланысты келтірілген
шығындарды (қосымша шығындарды) өтеуді талап етуге толық құқылы. Егер
мердігерлік шарты бойынша жұмысты орындау тапсырысшының әрекеттерінің
(қателіктерінің) мүмкін болмай қалса, мердігер жұмыстың орындалған көлеміне
сәйкес келетін мөлшерде жұмыс үшін ақыны алу құқығын сақтап қалады.
Тапсырысшы мердігер жасаған жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабында жұмысты қабылдау
тәртібі реттелген және ол шартта да көрсетілуі мүмкін. Жасалған жұмысты
қабылдау шартта көрсетілген мерзімде егер сол мерзімдер шартта
қарастырылмаса, онда қабылдау қисынды мерзімдерде жүргізіледі. Қабылдауға
жұмыс нәтижелерін тексеру кіреді. Егер жаңа зат жасалынса немесе бар затты
жөндеу, оны жақсарту жүргізілсе қабылдау міндеті затын иелікке алу бойынша
іс жүзіндегі әрекеттерді де өз құрамына енгізеді. Орындалған жұмысты
қабылдаудын мерзімін өткізіп алу меншік құқығы жаңадан жасалған (қайта
өңделген) затқа тапсырысшыға затты беру орын алғанда өтетініне әкеледі.
Сілтеме жасалған норманың мәтінінде біздің ойымызша қателік бар, себебі
жұмыс нәтижесін қабылдап алу мерзімін өткізіп алу тапсырысшыға меншік
құқығы өту сәтін анықтауға байланысты болуы тиіс емес (меншік құқығы онсыз
да жалпы тәртіп бойынша тапсырысшыға оған зат берілгенін өтеді), мерзімді
өткізіп алған несие берушіде (тапсырысшыда) осының салдарынан болған барлық
қолайсыз нәтижелер (тәуекелдер) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарт: сақтау шарты, мердігерлік шарт
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шарты
Шарт жасасудың кезеңдері
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Жалға алу шарты
Шарт ұғымы және оның түрлері
Кәсіпкерлік шарттар
Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Мердігерлік шартының жауапкершілігі
Пәндер