Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг шарты)

I. Кіріспе
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шартының түсінгі
II. Негізгі бөлім
а) Шарттық факторингтің нысаны
э) Факторинг шартының элементтері
б) Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
III. Қорытынды
Факторинг шарты екі түрлі қасиетке ие, оның мазмұны цессия (талап етуді беру) сияқты міндеттемедегі адамдардың ауыстырылу нысанын еске салады. Екінші жағынан, онда агенттің арнайы сипаттағы қызметтерді көрсетуімен сипатталатын агенттік келісімнің де элементтері бар. Факторингтің мәнісі - қаржылық немесе өзге ұйымның (фактор) тауар сатушысьш сатьш алу бағасын алудан босату аркылы оның жағдайын елеулі түрде жақсартуында болып табылады. Сатушы бұл кезде оның кәсіби қәзірет аясымен қамтынатьш функцияларды ғана атқарады, ол тауарлар мен құжаттарды жөнелтуді жэне т.б. жүзеге асырады.
Факторинг экспорттык-импорттық операциялар аясында кеңінен қолданылады. Мұнда субъектілерді мемлекеттік заем қатынастарына тартудың тікелей және жанама факторларын ажыратады.
Тікелей факторинг кезінде бір ғана қаржы агенті болады: ол экспортердің (сатушының) елінде факторинг туралы келісімді экспортермен бекіткен экспорт бойынша қаржы агенті, Жанама факторинг кезінде екі қаржы агенті болады: экспорт бойынша қаржы агенті жэне импортер (сатып алушы) еліндегі импорт бойынша қаржы агенті. Жанама факторинг кезінде сатушының факторинг туралы келісімі белгілі болған шетелдік сатып алушы төлемді өз елінде жүзеге асырады. Импорт бойынша қаржы агенті экспорт бойынша қаржы агентіне төлемді сатушы елінде төлейді ол алынған соманы экспортерға береді. Экспортер мен импорт бойынша қаржы агенті арасында шарттың катынастар болмайды. Жанама факторингтің артықшылығы-қаржыны құйымдардың әрқайсысының яғни экспорт бойьшша қаржы агентінің және импорт бойынша қаржы агентінің, жергілікті клиентпен іскерлік қатынаста болуында. Сондықтан, халықаралық жеке құқықтық сипатқа ие емес факторингтің азаматтық-құқықтық қатынастары туындайды. Факторинтің құқықгық нысандары ретінде ашылған жэне ашылмаған факторинг ажыратылады.
Акшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты бойынша бір тарап, қаржы агенті (фактор) ақшаны басқа тараптың, клиенттің билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиентгің (несие берушінің) осы үшінші тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.
Факторинг шарты екі жақты ақылы шарт. Факторинг шартының екі жақтылығы кейінірек қарастырылатын, тиісті құқықтар мен міндеттердің шаттың екі тарабында да туындаытынынан көрінеді, олар келтірілген анықғамада ашылған осы шарттың негізгі мазмұнымен қамтамасыз етілген.
Факторинг шартының ақылылығы алдын ала келісілген соманы беруге жауап ретінде клиенттің факторға мүліктік құқықты беруінен көрінеді. Факторинг шарты реалды да, консенсуалды да сипатқа ие болуы мүмкін. Кейбір заем шарттарындағыдай ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының мақсатына құқықтық маңыз берілуі мүмкін. Жалпы ереже бойынша факторинг шартының мақсаты маңызды болып табылмайды, тараптар көздейтін мақсаттар айқын болады, мәселен клиент шарт бойынша төлемді өз уақытында және кепілді түрде алуды көздесе, фактор қандай да себептер бойынша берілетін мүліктік құқықтық өзіне өтуіне мүдделі болады. Негізінен фактордың қызығушьшығы жүзеге асырылатын ақшалай төлем сомасы мен өзіне өтетін талаптың іс жүзіндегі құнындағы айырмашылықтан пайда табу мүмкіндігіне негізделеді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Шарттық факторингтің нысаны. Факторинг шарты жазбаша нысанда жасалуы мумкін. Талап етуді беру нысанына қойылатын талаптар сакталуға тиіс (346-бап). Бұл талап етуді беру жүзеге асатын мэміле қандай жазбаша нысанда жасалғанына қарай факторинг шартының нысаны тиісінше болуға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік тіркеуді қажет ететін мәміле бойынша талап етуді беру осы мәмілені тіркеу үшін белгіленген тәртіпте тіркелуге тиіс. Бағалы ордерлік қағаз бойынша талап ету берілген кезде клиентпен индоссамент жүзеге асырылуға тиіс.
Факторинг шартының элементтері. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты аясында жүзеге асырылатын қызмет банкілік операциялар қатарына жатады. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасьшдағы банктер жэне банк қызметі туралы" Заңының 30-бабына сәйкес факторингтік операция: тауарлар (қызмет көрсету, жұмыс) сатьш алушысынан төлемді талап ету құқығын төлемеу қаупінен бірге алу банктермен, Қазақстан Республикасын Ұлттық Банкінің лицензиясы болған кезде, жүзеге асырылады. Аталған заңды актінің 5-бабының мағынасы бойынша факторингтік операцияларды ұлттық банктің лицензиясы негізінде банкілік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге құқылы болатын заңды тұлғалар да жүзеге асыра алады.
Жоғарыда келтірілген анықтамадан байқайтьшымыз ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты екі жакты болып табылады.
Клиент пен борышқор ретінде потенциалды түрде азаматтық-қүқықтық міндеттемелердің, жеке сипатқа иелерінен басқа, кез келген қатысушылары бола алады. Бірақ бұл азаматтық-қүқықтық институттың даму тарихы осы шарт түрін, ең алдымен, коммерциялық айналым қатысушыларының қатынастарына қолдануды қамтамасыз етті.
Қаржыландыру жүзеге асырылатын беру пәні ретінде төлем мерзімі келген ақшалай талап (мүндай талап қойылып келген талап деп аталады) та, болашақта туындайтын ақша алу (келешектегі талап) қудығы да болуы мүмкін.
Беру пәні болып табылатын ақшалай талап клиенттің қаржы агентімен жасасқан шартында қолданылып келген ақшалай талапты шарт жасалған кезде, ал келешектегі талапты—ол туындаған кезден кешіктірімей анықтауға (теңестіруге) мүмкіндік беретіндей болып бегіленуге тиіс.
Қолданылып келген ақшалай талап шарт жасалған кезден бастап, егер бұл шартпен оның қаржы агентіне өтудің өзге сәті көрсетілмесе, қаржы агентіне ауысты деп есептеледі. Егер келешектегі ақшалай талап берілетін болса, ол (талап беру пәні болып табылатын) ақшаны борышкерден алу құқығы іс жүзінде пайда болғаннан кейін қаржы агентіне ауысты деп есептеледі. Кейбір жағдайларда қаржы агентінің талап ету құқығы белгілі бір оқиғаға байланыстырылуы мүмкін. Яғни талап етуді беру сондай оқиға туындағаннан кейін күшіне енеді.
Мұндай жағдайда ақшалай талапты беруді қосымша рәсімдеу талап етілмейді.
Факторинг шарты пәнінің құрамдас бөлігі болып клиент пайдасына қаржы агентімен жүзеге асырылатын қаржыландыру табылады.
Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері. Факторинг шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 239-347-баптарымен көзделген талап етуді беру туралы жалпы ережелер қолданылады. Тараптарга тән кұқықтар мен міндеттердің ерекшеліктері факторинг қатынастарын арнайы реттейтін нормалармен белгіленуі мүмкін.
Осылайша, клиент бұл шартты оған тиесілі талап етуге қатысты борышқордың келісімінсіз бекітуге құқылы. Бұган қоса, ақшалай талапты салу немесе оны шектеу туралы келісім болғанның өзінде де жарамды деп танылады.
Клиент қаржы агентіне жарамды талапты беруге міндетті. Бірақ ол жаңа несие беруші алдында борышқор үшін кепілдеме беруші және кепіл болушы болмаса, осы талапты борышқордың орындамағаны үшін жауапты болмайды.
Егер клиент борышқормен бекітілген шарт бойынша өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акшалай талапты беріп қаржыландыру шартының жалпы ережелері
Факторингтік операциялары
Коммерциялық банктердің факторингтік қызметін талдау
Факторинг шарты
Несие және есеп айырысу қатынастары
Факторинг – корпорацияның айналым қаражаттарын несиелендіру
Несиелік-айырысу міндеттемесі
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты
Заем шарты. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг)
Банк және банкілік қызметі лекция тезистері
Пәндер